Жеке тұлға құқықтық қатынастың құраушы элементі ретінде


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Шайев Ш.
Жеке тұлға құқықтық қатынастың құраушы элементі
ретінде
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В030100- «Құқықтану»
Түркістан 2015 ж
Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
З. ғ. к (PhD) қауымдастырылған
профессор
Қ. Т. Битемиров
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жеке тұлға құқықтық қатынастың құраушы
элементі ретінде
5В030100 - мамандығы бойынша- «Құқықтану»
Орындаған Шайев Ш.
Ғылыми жетекшісі,
З. ғ. к., менеджмент
қауымдастырылған
профессор Ерали А.
Түркістан 2015 ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Жеке тұлғаның азаматтық құқықтың субъектісі ретіндегі ролі және олардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі
1. 1 Азаматтық құқықтағы құқықтық қатынас субъектісінің жалпы
сипатамасы . . . 5
1. 2 Құқықтық қатынастардағы жеке тұлға ұғымы… . . . . . . 10
1. 3 Азаматтардың құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі. . … . . . 26
1. 4 Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық
ағдайы… . . . 42
2 Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне байланысты кейбір маңызды мән-жайлар
2. 1 Азаматтардың тұрғылықты жері . . . 50
2. 2 Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану . . . 53
2. 3 Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары . . . 55
Қорытынды . . . 58
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 60
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз еңсесін түзеп, іргелі елдермен иық тіресе бастаған және қарыштап дамуға бет бұрып, соған сәйкесінше көптеген саяси, әлеуметтік, экономикалық, ұлттық және демографиялық мәселелермен бетпе-бет келуде. Сонымен қатар әлемді жайлап жатқан экономикалық қаржы дағдарысы да өз мәніне сай әрекеттерді қажет етеді. Елдің ең қымбат қазынасы ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарына ерекше көңіл бөліп, олардың құқықтық шеңберін кеңейтіп жан-жақты дамыған елдермен қарым-қатынасы арқылы жеке тұлғаның орнын ерекше белгіленген.
Өйткені адамдар жаратылысына байланысты бірге өмір сүруге тиіс. Мұндай өмір сүруді әлеуметтік өмір сүру дейміз. Әлеуметтік өмірдің тәртіпті және бір қалыпты болуы үшін де бірқатар ережелердің болуы тиіс. Бұл ережелер болмаған жағдайда әлеуметтік өмірде дағдарыстар туындап, күш иелерінің әлсіздері езуінің алдын ешкім ала алмайды.
Әлеуметтік өмірді реттеу мақсатында құқықтың субъектісі ретіндегі азаматтарға арналған (тиісті) бірнеше қағидалар жинағы бар. Олар - діни қағидалар, моральдық қағидалар, әдет-ғұрыптық қағидалар және құқықтық қағидалар. Осы қағидалардың барлығын әлеуметтік тәртіп қағидалары деп те айтуға болады.
Осыған орай қазіргі кезеңде БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымының) келіссөзінде, нәсіл, жыныс және дін немесе тіл айырмашылығына қарамастан барлығының адамдық құқықтарына және төл тәуелсіздігіне құрмет көрсетілуі керек - деп жазылған.
Қазіргі таңдағы экономикалық және техникалық даму құқықтың субъектісі ретіндегі азаматтарға да үлкен ықпалын тигізеді. Осы дамулар нәтижесінде азаматтардың құқықтары мен міндеттерінде де өзгерістер байқалады.
Азаматтық құқық субъектісі ретіндегі азаматтардың жалпы дүниенің және Қазақстанның экономикалық және техникалық дамуына ықпал тигізері сөзсіз. Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттіктерінің осы заманға сай толықтырылып заң құжаттарымен анықталуы, олардың құқықтарының тиісінше қорғалуы болашақ ұрпақ үшін бүгінгі күннің парызы.
Қазіргі көптеген елдерде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар құқық субъектісі ретінде қарастырылады. Өйткені құқық жалпы жеке және заңды тұлғалардың өзара қарым-қатынасын реттейтін тетік болғандықтан, өзара қарым-қатынастардың барысына, қалыптасуына, дамуына және сәйкесінше дұрыс реттелуіне ерекше көңіл бөлінген.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Бүгінгі таңдағы қоғамдық қатынастардың негізгі қатысушыларына қойылатын құқықтық талаптарға саралау жүргізу, талдау, қолданыстағы заңнамалар бойынша тұжырым жасау. Осыған орай әлеуметтік орта қандай салада болмасын тиісті заңдармен қамтамасыз етілмесе, құқықтың субъектісі белгілі бір заңдылықтарға сүйенбесе, қатынастар қалыпты жағдайда дамымайды. Сөйтіп құқық субъектілерінің арасындағы қарым-қатынастар шиеленісе түседі.
Жұмыстың объектісі. Жеке тұлғаларға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар. Диплом жұмысын жазу барысында ғылымдық танымның жалпы әдістері және салыстырмалы-құқықтық талдау, функционалды-құрылымдық талдау, жүйелі және тарихи амалдар сияқты арнайы ғылыми әдістер және т. б. әдістер қолданылған.
Әлеуметтік заңдар қажеттілікке қаншалықты жауап беретіндігі құқықтың субъектісі ретіндегі азаматтардың және заңды тұлғалардың қарым-қатынастары заң негізінде жүзеге асырылуы, олардың жалпы құқықтық ерекшеліктері сонымен бірге заңдардың қоғам қажеттілігіне жауап беруі дипломдық жұмысымның негізгі бағыты болып есептелінеді.
1 Жеке тұлғаның азаматтық құқықтың субъектісі ретіндегі ролі және олардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі
1. 1 Азаматтық құқықтағы құқықтық қатынас субъектісінің жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат - қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп, атап көрсетілген [1] .
Осыған байланысты қандайда бір мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарына ерекше көңіл бөліп, олардың құқықтық шеңберін кеңейтіп жан-жақты дамыған елдермен қарым-қатынасы арқылы жеке тұлғаның орны ерекше белгіленген.
Құқықтық қатынастар түсінігі жалпы құқық теориясының ең маңызды категориялардың бірі. Өйткені, құқықтық қатынастардың өзі құқықтық тетіктің сондай бөлігі болып табылады, онда құқық өзі реттейтін объектімен қосылады - әлеуметтік аямен. Құқықтық қатынастар нәтижесінде өте қыйын құқықтық құрылым пайда болады.
Құқықтық қатынастардың белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
- Құқықтық қатынас - бұл қоғамдық қатынас, яғни адамдардың өз арасындағы қатынас. Құқықтық қатынастар адам мен заттың адам мен жануардың арасында болуы мүмкін емес (тiпті ол сол адамның меншігі болса да) . Құқықтық қатынас тек осы объектілер арқылы пайда болуы мүмкін.
- Құқықтық қатынастар заңды нормалармен тығыз байланыста өмір сүреді, олардың пайда болуындағы (соған қоса өзгертуге және тоқтатуға) нормативтік негіз (база) ретінде көрінеді. Сондықтан - құқықтық қатынастардың маңызды, бір алғы шарт есебінде болады (құқықтық субъектілерімен және заңды факторлармен қатар) .
- Құқықтық қатынастардың қатнасушылары бір-бірімен заңды құқықпен және міндеттілікпен байланыста болады және құқық субъектілерінде белгілі заңды фактылар негізінде пайда болады.
- Тұтасымен алсақ құқықтық қасиеттерге мынандай сапа тән болады: белгілілік және жекленушілік. Құқықтық қатынастарда оның қатынасушылары және олардың нақты тәртіптері белгіленген. Жекешеленушілік екіжақты болуы да мүмкін, екі жағы аттарымен белгілі болғанда (азаматтық құқықтағы міндеттілік қатынастары), сол сияқты біржақты болуы да мүмкін (меншіктік құқықтық қатынас) .
- Құқықтық қатынастар ерікті сипатта болады. Біріншіден, олар мемлекеттік ерікпен құқықта көрсетілгендей байланыста болады; екіншіден - жекешеленген ерікпен, себебі құқықтық қатынас оның қатынасушыларының санасы арқылы іске асырылады (құқықтың әрекетіндегі психологиялық тетік (механизм) . Сонымен қатар, құқықтық қатынастардың көбісі пайда болады, өзгереді және субъектілердің еркіне қарай тоқтатылады.
- Құқықтық қатынастар, құқықта көрсетілгендей мемлекеттің еркі, онымен және күзетіледі.
Айтылған сапаны есептесек, құқықтық қатынасты мемлекетпен күзетілетін ерікті жекешеленген қоғамдық қатынас ретінде анықтауға болады, олардың қатынасушылары бір-бірімен заңды құқықтар мен және міндеттілікпен байланысты.
Құқықтық қатынастың құрамына элементтер ретінде традициялық жолмен мыналарды қосады:
а) құқықтық қатынастардың субъектілерін (қатынасушыларды) ;
б) субъективтік заңды, құқық пен міндеттіліктi (оларды құқықтық қатынастардың заңды мазмұны деп атайды) ;
в) фактылар негізіндегі құқықтық тәртіп, құқықты іс жүзіне асырудағы құқық пен міндеттілік (оны құқықтық қатынастың материальдық мазмұны деп атайды) ; құқықтық қатынастың объектілері.
Құқықтық қатынастар әртүрлі негіздерге байланысты топтастырылады. Белгілі салаға жатуына байланысты, және мемлекеттік-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық және басқа салаларға бөлу арқылы айыруға болады.
Олардың функциональдық мақсатына байланысты - реттеушілікке және күзетушілікке (қорғаушылық) бөліп қарауға болады. Өз жағынан, реттеушіліктің ішінен белсенді кейіптегі құқықтық қатынасты бөліп айтады (олар міндеттеушілік пен өкілетті басқарушылықтың нормалар негізінде пайда болады және құқықтың динамикалық функциясын көрсетеді) және пассивтік кейіптегі құқықтық қатынас (тыйым салатын нормалардың негізінде пайда болып, құқықтың статистикалық, бекітушілік функциясын көрсетеді) .
Жекеленген деңгейге байланысты салыстырмалы деп бөлінеді, онда құқықтық қатынастарға қатнасушылардың бәрі аталған, және абсолютті, онда тек бiржағы ғана жекешеленген - өкілетті басқарушы (управомоченный) (мысалы, меншік туралы құқықтық қатынастар) . Сол қатарда кейбір авторлар (проф. С. С. Алексеев, проф. Н. И. Матузов) жалпылама - деп бөледі (не жалпылама реттеушілік) құқықтық қатынастар, онда субъектілер тек кейіптік белгілермен көрсетілген және жалпы субъектілердің құқықтық жағдайы, олардың құқықтық статусы, құқықтық субъектілік жанама түрде қамтылады.
Құқық жүйесінің қай жағына жақындығына (тәндігіне) байланысты құқықтық қатынастарды: материальдыққа және процессуальдыққа, жекешеленгендікке және көпшілікке бөлінеді [2] .
Сонымен бірге, жәй (простые) және қыйын (сложные) құқықтық қатынастарға бөлуге болады. Қыйын құқықтық қатынастар өзінің құрамында бірнеше комплексті субъективтік заңды құқықтары мен міндеттері бар қатынасушыларды ұстай алады. Ең элементарлы (жәй) көрінетін екі субъектісі бар қатынастар, оның біреуінiң заңды құқығы бар, ал екіншісінде - корреспондировать ететін заңды міндеттілік.
Әрбір құқық саласында арнайы нормалдар бар, олардың мақсаты - осы саладағы нормалардың әрекетіне кіретін адамдардың ортасын белгілеу. Бұл, белгілерін санаумен, сапасына қараумен шешілген, яғни сала нормаларына жатқызуға субъектілер жоғарыдағы көрсетелген белгілі талаптарға сай болуы қажет. Құқық нормаларымен белгіленген сапа жиынтығы субъектіге, яғни заңды құқығы мен міндеттері бар адамды құқықтық субъектілігі бар деп есептейді.
Құқықтық субъектілік - адамдардың қоғамдық - заңды қасиеттері: оның екі жағы бар - қоғамдық және заңдылық. Қоғамдық - құқықтық субъектілік жағы мынандан көрінеді, яғни субъектінің құқығын заң шығарушы қалай болса солай белгілей алмайды - олар өмірдің өзімен, қоғам дамуының заңдылықтарына сәйкес қажеттілікке сай талап етіледі.
Заңдылық жағы сонда, құқық субъектілерінің белгілері міндетті түрде заң нормаларында бекітілуі керек.
Құқық теориясында жеткілікті түрде негізделген көзқарастар бойынша, құқықтық субъектілікті , субъективтік заңды құқық ретінде қарауға болады - «құқық құқыққа» мемлекеттік құқық нормаларының жолындағы жалпы (жалпы-реттеушілік) құқықтық қатынастардың қалпында болады.
Шын мәнісінде, субъективтік құқықпен жалпылық құқықтық субъективтік табиғаты мұнда көрініп тұр - құқықтық субъектілікте де белгілі. Заңды мүмкіндіктің барлығын көрсетеді. Мұнда былайша айтсақ, құқық субъектілерінің тәртіптеріне реттеушілік ықпал жасалады.
Құқықтық субъектіліктің құрамынан құқықтық қаблеттілік және әрекеттілікті бөліп айтады.
Құқықтық қабілеттілік - құқықпен қамтамасыз етілген адамның субъективтік заңды құқық пен міндеттілікті қабылдау қабылеттілігі, яғни құқықтық қатнастардың қатнасушысы болу. Сонымен, бір ғана құқықтық қабілеттілік құқықтық қатнастардың бір жағы ретінде көріну қабілеттілігі. Жалпы азаматтық құқықтық қабілеттілік оның тұған кезінен пайда болады, яғни жас нәрісте де азаматтық-құқықтық қатнастардың мүшесі болады (мысалы, мұрагерлік құқықтық қатнастар) .
Әрекеттілік - бұл құқықпен қамтамасыз етілген, өзінің әрекетімен (әрекетсіздігемен) субъективтік заңды құқыққа және міндеттілікке иелену және оны іске асыру не оларды тоқтату.
Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік - құқықтық субъектілік, өзінің табиғатына қарай біртұтас құқықтық әрекеттілік. Шын мәнісіндегі құқықтық субъективтілікті - құқықтық қабілеттілікке және әрекеттілікке бөліп зерттеу негізінен азаматтық құқықта болады және ол барлық субъектілерге бірдей емес (азаматтық құқықтық субъективтік ұйымдар бірлікте) .
Әрекеттіліктің басқа бір түріне деликтоқабілеттілік жатады, ол құқықты бұзғандығы үшін (деликтіні) заңды жаупкершілікті мойындау қабілеттілігі (соған сай заңды міндеттілікті орындау) .
Құқықтық субъектілік жалпылама (жалпы құқық субъектісі болу қабілеттілігі), салалық және арнайы болуы мүмкін (мысалы, заңды адамдардың құқықтық субъективтігі) .
Субъектілердің құқықтық жағдайы (құқықтық статустың) түсінігімен сипатталады. Кәбінес, ол азаматтарда құқықтық субъектілік пен конституциялық құқық пен міндеттерден құралады. Мысалы Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке адамдардың құқықтық статусының негізі болып табылады.
Сөз «status» латын тілінен аударсақ «жағдай», «ереже» деген сөздердің мағнасын көрсетеді. Дегенмен әдебиетте сонымен қоса «құқықтық ереже» түсінігін ұсынады. Мұндай қосымша ұсынушылықтың сонда ғана мәні болады егер «құқықтық ереже» бойынша нақтылы субъектінің құқықтық жағдайын түсінсек, яғни оның құқықтық статусымен бекітілген болса, өзі тұрған нақтылы құқықтық байланыстың жиынтығына сайлылық болу қажет.
Адамда сондай қоғамдық-заңды қасиеттің болуы, құқықтық субъективтік ретінде, оған құқықтық қатнасқа түсуге заңды мүмкіндік береді, нақтылы заңды құқық пен міндетті алып жүруші болады. Сондай адамдар, заң бойынша құқықтық қатнастардың қатнасушысы болады, оларды құқықтың субъектілері деп атайды [3] .
Құқықтың әрекетінің тетігін түсіну әртүрлі түсініктерді болжайды «құқық субъектісін» және «құқықтық қатнастың субъектісін». Құқық субъектісі - бұл құқықтық қатынастардың «потенциальды» (қабылеті бар) мүшелері, бұл адамдар заңды құқық пен міндеттерді ғана алып жүруші бола алады. Құқықтық қатнастар субъектісіне - бұл құқық субъектісі өзінің құқықтық субъективтігін іске асырып нақтылы құқықтық қатынастардың қатнасушысы болғандар. Әрбір құқықтық қатнастар субъектісі - бұл әр уақытта құқық субъектісі (онсыз ол жәй ғана сондай бола алмас еді), көрінген құқық субъектісі - соның не басқа нақты құқықтық қатынастардың субъектісі бола бермейді.
Құқық субъектісі құқықтық қатынастар субъектісі болу үшін міндетті түрде белгілі заңды фактылердің пайда болуы қажет, сондықтан әрекетке, соған сай өкілетті - міндеттеушілік нормасын «жібереді» (нормаларды), және ол өз жағынан сол құқық субъектілеріне заңды міндеттер мен заңды құқық беріп, пайда болған құқықтық қатнастардың қатынасушылары жасайды.
Құқық субъектілері сонымен, құқық нормаларымен қатар және заңды фактылармен, құқықтық қатынастардың (қажетті жағдайын жасап) өмір сүруіне және пайда болуындағы алғы шарттарын жасайды.
Құқықтық қатынастар субъектілері - бұл әр уақытта құқық субъектісі, жалпы сипатын құқықтық субъективтік және құқықтық статуспен байланыстыру керек (құқықтық қабылеттілікпен, әрекеттілікпен, деликтоқаблеттілікпен) .
Құқық субъектілерінің түрлеріне қарап (құқықтық қатынастар субъектілерімен) былай бөлуге болады:
а) азаматтық тұлға;
б) ұйымдар;
в) қоғамдық құрылымдар (ұлттар, халықтар) .
Азаматтық тұлға - азаматтар, шет ел азаматтары, азаматтығы жоқтар (апатридттар), екі азаматтығы бар адамдар (бипатридтар) .
Ұйымдарға жататындар:
а) мемлекеттің өзі;
б) мемлекеттік ұйымдар;
в) мемлекеттік емес (қоғамдық, кооперативтік, коммерциялық т. б. ) үйымдар.
Мемлекеттік ұйымдардың ішінен мемлекеттік органдарды бөлуге болады - билік өкілеттілігі бар мемлекеттік ұйымдар.
Ерекше атап өтуге жататын заңды тұлға категориясы, азаматтық (заттық) айналымға қатнасуға қажетті құқықтық субъективтігі болуы міндетті. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі бойынша заңды тұлға ретінде, ұйымдар мынандай жағдайда танылады:
а) өзінің жеке мүлкі болуы міндетті және өзінің міндеттері бойынша сол мүліктері арқылы жауап беруі;
б) өз атынан заттық және жеке адамға заттық емес құқыққа ие болуға, мүмкіндігі бар және міндеттерін өтеуге;
в) сотта талапкер және жауапкер бола алады.
Көңіл аударатын жағдай, «заңды тұлға» - құқық субъектілерінің түрлілігін көрсету емес, құқықтық субъективтіктің, түрлерін көрсетумен қатар осы субъектілердің қоғамдық-заңдық қасиетін көрсету. Заңды тұлға ретінде мемлекеттің өзін айтуға болады.
1. 2 Құқықтық қатынастардағы жеке тұлға ұғымы
Ең алдымен жеке адамды қараудан бұрын, мынандай түсініктерді білуіміз қажет: адам, жеке адам және азамат. Мазмұны бойынша олардың ішіндегі көбірек кеңірек “адам” түсінігі. Адам - бұл тірі организм, адам баласының өкілі, жеке адам, әлеуметтік байланыссыз. “Адам” түсінігі адам баласының биологиялық мәні. Жеке адам - бұл тұрақты әлеуметтік мәні бар адамның жүйелі қасиеті, жеке адамды қоғамның не бірліктің мүшесі ретінде сипаттайды. Жеке адам - қоғамның жемісі. Азамат - бұл адам, жеке адам, оның мемлекетпен қатынасына байланысты көрінеді, жеке адамның белгілі құқықтық статусы бар, белгілі даму сатысындағы мемлекеттің жемісі.
Адам, жеке адам, азамат қарым-қатынастағы түсініктер. Биологиялық мән және жеке адамның негізі ретінде көрінеді, әлеуметтік құқықтық статус айналады. Биологиялық, әлеуметтік және құқықтық бастаулар арасында тікелей және кері байланыстар бар. Бір жағынан, биологиялық адамдағы, жеке адамның мүмкіндігін, оның құқықтық статусын, алдын-ала болжайды. Мысалы жас бала, психикасы дұрыс емес адам, толыққанды жеке адам бола алмайды. Құқық жеке адамдық ерекшелікті, қабілеттілік, дені дұрыстық және дені дұрыс еместік категорияларында бекітеді. Екінші жағынан, құқық және азаматтың бостандығы жеке адамның бостандық деңгейін белгілейді, өзін-өзі көрсету мүмкіндігін жасайды және соған байланысты адамға белгілі өмірлік стандартты қамтамасыз етеді [4] .
Мемлекет пен жеке адамның арасындағы қарым-қатынастың сипаты қоғам жағдайының тұтасымен, оның даму жетістіктерінің маңызды көрсеткіші. Іс жүзіндегі жеке адамның жағдайы, оның бостандық деңгейі, ең алдымен, материальдық және рухани мүмкіндіктері мен міндеттерінде көрсетіледі. Тарихи, географиялық, саяси кеңістіктердегі уақыттары, объективтік және субъективтік факторларға байланысты жеке адамның негізгі жағдайының көрсеткішін байқаймыз. Сондықтан, тіпті бір және сол бірдей құқық, адам бостандығы туралы, мысалы өмір сүру құқығы және бостандық беру құқығы Европада, Кеңес үкіметі кезіндегіден көп айырмашылығы бар.
Мемлекеттік ұйымдасқан қоғамдағы факторлар жүйесінде адамның жағдайын белгілейтін маңызды роль мемлекетке жатады. Мемлекеттің маңыздылығы оның шартты тәуелсіздігі мен адам туралы өз бетімен ықпал ететін мүмкіндігінің барлығы. Мемлекет барлық қоғамның өкілі ретінде көрінеді, сондықтан адам мен қатынасы мемлекеттік-құқықтық сипатта болады. Кез келген адам мемлекеттің аумағында болса оның юрисдикциясына кез болады, яғни мемлекеттен шыққан міндетті ұйғарымның орындаушысына айналады.
Өзінің мәніне қарай адамның құқығы әртүрлі болады. Біреулері туғаннан басталады: өмір сүруге, бостандыққа, қауіпсіздікке құқылы. Басқалары мемлекеттің шешіміне байланысты.
Адам құқығына шеттен шыққан көзқарасты заңды позитивизм өкілдері және табиғи құқық доктринасының жақтаушылары ұстайды. Екіншісі керісінше, туа болған құқықтар мемлекеттен тәуелсіз екендігін дәлелдейді. Ақылға сыйатын, екі қарама-қайшы көзқарасты компромиске келтіру, жалпылама құқықты адам құқығына және азаматтардың құқығына бөлу арқылы жетуге болады.
Мемлекет ондай бөлуді мойындаса, туғаннан бөлінбейтін адамның өмірге құқығы, бостандығы, дербестігі міндетті түрде мойындалып заң жүзінде бекітілуі керектігін көрсетеді.
Мемлекеттің мақсаты адамның табиғи құқығын әртүрлі қауіптен қорғау. Азаматтың құқығы жеке адамның және мемлекеттің аясындағы байланыстарды қамтыйды (сөз бостандығы, бірлестіктердің, еңбекке құқығы, білімге құқығы т. б. ) . Бұл құқықтар мемлекетпен белгіленіп олардың іске асырылуы үшін кепілдік талап етеді [5] .
Жеке адамды адамға және азаматқа бөлуді көптеген демократиялық мемлекеттер заңды актыларына кіргізді, мысалы Адам мен азаматтың құқығы туралы декларация 1789 г. (Франция), Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы туралы декларация 1991 (Ресей) т. б.
Жеке адам мен мемлекеттің арақатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Адалдық пен гуманизм, демократия идеалдары үстемдік ететін қоғамда жеке адамдар мен мемлекеттің арасындағы қатынасты жалғастыру (гармонизация) талабы байқалады. Мемлекет әртүрлі әлеуметтік топтардың, жеке адамның және қоғамның мүдделерін келістірудегі қажетті құрал ретінде саналады.
Жеке адамның құқықтық статусы - бұл қоғамда жеке адамдардың заңмен бекітілген жағдайлары. Құқықтық статус - комплексті категория, онда жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қатынастары көрсетіледі.
Жек адамның құқықтық статусының құрылысы төрт бөліктен тұрады:
1. Құқық және міндеттілік.
Жеке адамның құқығы - бұл формальді белгіленген, заңды кепілденген әлеуметтік игілікпен пайдалану мүмкіндігі, мемлекеттік - ұйымдасқан қоғамдағы адамның мүмкін болатын арнайы шарасы.
Жеке адамның міндеті - мемлекетпен белгіленген және кепілденген адам тәртібіне талап, болатын тәртіптің арнайы мөлшері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz