Ислам дінінің бастауы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Ислам діні
2. Пайғамбарымыздың дүниеге келуі
3. Хазірет Мұхаммедтің отбасы
4. Хазірет Мұхаммедтің балалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді.
Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шамдасып жатады.
Ислам дінін уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздікке ұшырауына бұл діннің әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етеді. Құлдық, кедейлік, аштық, жалаңаштық құдайдың маңдайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда болады, бұл дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмайды. Сондықтан, құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру, тайпа шонжарларына тиімді болмады.
Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне тарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді.
Қазақстанда Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде таралды.
1. «Әлемнің рахым нұры» Алматы, «Көк жиек» баспасы
2. «Адамзаттың асыл тәжісі» Алматы, «Көк жиек» баспасы
3. Молдабеков Ж., Қасабек А. Шығыс философиясы- Алматы, 2001 ж.-302 бет
4. Ж. Алтаев, Т. Ғабитов, А. Қасабек Философия және мәдениеттану:- Алматы, Жеті жарғы, 1998 – 272 бет
5. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия.- Алматы: «Білім», 2001 – 328 бет.
6. Сейiтбеков С., Нысанбаев С. Ислам Әдебi. Шымкент, 2003
7. Ислам энциклопедиясы, Алматы, 1995
8. Құран, қазакша мағынасы және түсінігі. Ауд. Алтай Х.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Ислам діні
2. Пайғамбарымыздың дүниеге келуі
3. Хазірет Мұхаммедтің отбасы
4. Хазірет Мұхаммедтің балалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін.
Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар
алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл
иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді.
Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ
тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып,
шамдасып жатады.
Ислам дінін уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздікке ұшырауына бұл
діннің әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етеді. Құлдық, кедейлік, аштық,
жалаңаштық құдайдың маңдайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда
болады, бұл дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб
қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмайды. Сондықтан,
құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру,
тайпа шонжарларына тиімді болмады.
Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне
тарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен
арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді.
Қазақстанда Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен
Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни
идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде
таралды.

1.Ислам діні

Ислам діні - Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбар салла-л-лаһу
ғалейһи уа салам арқылы жіберген ақиқат жолы, пендені құтқарар тура
жол, дүние жүзіндегі ең ықпалды, әрі кеңінен тараған дін.
Ислам діні бес қазыққа негізделген: шаһадат айту, намаз оқу, ораза
ұстау, садақа беру, қажыға бару. Мұсылманның бұл бес парызын арабтар
арқан ад-дин деп атайды.
Ал енді бес парыздың бірі – намаз оқу жайында ерекше тоқталып
өткіміз келеді. Намаз оқитын мұсылман адамды салауатты мұсылман деп
атайды.
Ислам дінінің негіздерінің бірі – намаз оқу. Алланың бар және бір
екеніне, Хз. Мұхаммедтің Оның құлы және расулы екеніне иман еткен
мұсылман Алла үшін ғибадат жасауға міндетті. Ғибадат Құран
аяттарымен тікелей Алла тарапынан парыз қылынған. Хз. Мұхаммед пен
алғашқы мұсылмандар тарапынан жасалған сүннет, ижма және қияс арқылы
тұрақты болады. Ғибадаттардың парыз қылынуында әйел мен ерлер
арасында айырмашылық болмаған.
Намаздың жауапкер мұсылмандарға парыз болғандығы Құран Кәрімде
көрсетілген: Намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды. (Ниса
сүресі, 103).
Намаз туралы жүздеген аят бар;олардың біразының мағынасы
төмендегідей: (Мұхаммед САУ) күндіздің екі жағында, (таң және екінті
намазы) Түннің күндізге таяу кезінде, (ақшам, жамыйық) намазын толық
орында. Шынында жақсылықтар, жамандықтарды жояды. Бұл түсінушілер үшін
бір насихат. (һұд сүресі, 114) Намазды толық орындаңдар да зекет
беріңдер. Әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар. Әрине мәрхаметке
бөленесіңдер (Нұр сүресі, 56). Намаздарға сондай-ақ орта намазға
сақтық істеңдер. Аллаға бой ұсынған түрде тұрыңдар (Бақара сүресі,
238)
Намаздың мүміндерге парыз ғибадат екендігі көптеген хадиспен де
түсіндірілген:
Алланың парыз қылған намазы бесеу. Кімде-кім осы намаздардың
дәреттерін,сүннеттерін орындап, нұқсансыз және оларды дәл уақытында
оқып, рукуғ және сәжделерін толығымен жасаса, Алла ол адамды
кешіретініне уәде берген. Бұларды орындамаған адамға ешқандай сөз
бермеген.
Ислам бес нәрседен құралған: Шахадат сөзін (яғни мен Алладан
басқа илаһ жоқ екеніне, Хз. Мұхаммедтің Оның құлы мен елшісі
екеніне куәлік етемін сөзін айту, намаз оқу, ораза тұту, зекет беру,
қажылыққа бару.
Намаз – мүмін мен Алла арасындағы қатынас құралы.Намаз оқыған
адам құралсыз Алламен сөйлеседі, Оның Раб екендігін танығанын, өзінің
құл екенін айтады.
Намаз оқыған мұсылман Алланың бұйрығын орындаған және бір
парызын атқарған, құлдық борышын өтеген, осы арқылы ақыретте өзіне
уәде етілген сыйлықты алған мұсылман болып табылады.
Намаз ғибадаты – Исламның Мекке дәуірінде парыз қылынған.

2. Пайғамбарымыздың дүниеге келуі

Піл жылындағы Наурыз айының он екінші күніне қараған Дүйсенбі
таңертеңі, таң жарығы жерге түсе, әлем ерекше нұрға шомды. Бүтін әлем
ұзақтан бері сағына күткен көктердің шапағатынан жаратылған, қасиетті
Мұхаммед Мұстафа дүниеге келді. Бұл кеш бөлекше кеш болды, күллі дүние
күткен Бұл кеште әлем оқыйғасы елес берді. (Яйһудилер, Христиандар,
каһіндер, Хатемй Енбианың (Соңғы Пайғамбардың) дүниеге келгенін хабарлады.
Пайғамбардың ақыны Хассан б. Сабйт былай деп жазған: "Мен сегіз жаста
болатынмын. Бір тәңертең Мединеде бір Яиуди екіншісіне айғайлап, бүгін
Ахмедтің жұлдызы туды деді. Кейін есептегенімде Мұхаммедтің туылған кешіне
тура келді."
Әмина арыстай ұл тауып, атасына шүйіншілегенде, Ғабдүлмүталіп, қуанышы
қойнына сыймай, үлкен той жасап, немересіне ат қойды. Құрайыштың
ақсақалдары, үлкен той жасатқан немереңе не деп ат қойдың дегенде атасы:
— Мұхаммед қойдым, деді.
Олар:
— Ата-тегінде бұндай ат жоқ еді, Бұл есімді не мақсатта қойдыңыз?
ден сұрағанда ақсақал:
— Оны көкте жерде халықтың қолдап, мақтаныш етуін тілеймін, деді.
Пайғамбарымыздың көркемде қасиетті аттары: Мұхаммед, Ахмед, Махмұд,
Мүстафа.
Сен Мұхаммед, Ахмед, Махмүдсың, мырза.
Алланың берген Солтаны қуатысың, мырза.
Бұл таңда адамзатқа, тың өмір басталды. Жер жүзінен лағнат пен запымдық
жойылып, көп діншілдік құрыйтын күн туды.
Бұл таң арайлы таң еді, Бұл таң нұры жаңа дәуір белгісі еді. Бұл
елеулі оқыйғалар былай жазылған: "Расұл Екрем туған күні, Кісра сарайында
он кірі діңгек құлады. Межусилердің оттары сөнді және Сауа Көлі Құрыды". Іс
жүзіпде, құлаған Кісра сарайы емес, бүтін Иранның салтанаты мен айбыны,
Бизанстың сіміріуі мен Қытайдың ұлылығы еді:
Сөнген от Межусилердің жалыны ғана емес, бүтін дүниедегі лағнат ом.і
еді. Құрыған Сауа Көлі емес, пұтқа табынушылықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы
Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда
Ұлы Жібек жолындағы діндердің таралуы
Ежелгідіни нанымдар: фетишизм, тотемизм, анимизм
Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы діни жағдай
Тафсир пәнінен лекциялар жинағы
Шаманизм
Тәрбие барысында діни мәдениетті қалыптастырудың негіздері
Ислам діні - араб мәдениетінің бастауы
Пәндер