Қазіргі кезеңдегі діндегі эволюция пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
1. Лекция. Кіріспе
2. Лекция Ежелгі ғұрыптардың қазіргі заман мәдениетіндегі көрінісі.
3. Лекция Қазіргі заманғы христиандық.
4. Лекция Қазіргі заманғы буддизм.
5. Лекция. Қазіргі заманғы ислам.
6. Лекция. XX ғасыр теософиясы
7. Лекция. XX ғасыр мәдениетіндегі шығыстық дүние түсінігі
8. Лекция. Діни дүниетанымның трасформациясы
9.Лекция. Дін және саясат.
11. Лекция. Діни плюрализм және еркін ойшылдық
12 .Лекция Қазіргі заманғы теология.
13 . Лекция Дін және қазіргі заманғы ғылым.
14.15 . Лекция. ХХ ғасыр мәдениетіндегі діни идеялар.

Қазіргі заманғы діни ілімдер – бұл ХХ ғасырдың тарихи өлшеміндегі дүниенің діни суреттемесі: діни сана мен дүниетанымның спецификасы, діни идеология мен мифология, теологиялық рационализм модернизмінің ерекшеліктері, діни тәжірибе формаларының көптүрлілігі мен трансформациясы.
ХХ ғасыр – ғылым мен техника, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың, адамды ғарышты игеруінің және жаһандану процесінің ғасыры. Міне осы орайда дін тарихи кезеңдерге қарағанда күрделі жағдайларды басынан кешіріп келеді. Біріншіден, дәстүрлі діндердің (буддизм, христиан және ислам) уақыт талабымен санаса бермеуінен құндылықтарда, дүниетанымдарда дағдарыс туындаған. Екіншіден, жаңа діни сананың қарқынды процесі басталды. Әрине бұл ең алдымен Батыс мәдениетінің парадигмаларына (Еуропа, АҚШ) қатысты, аталған елдердің жастары рухани ізденістерінде Шығысқа бет түзеп, ежелгі Щығыс мәдениетінің рухани құндылықтарынан нәр алды.
Ғылыми дінтанулық әдебиеттерде пайда болған діндердің ортақ атауы жоқ. Ол турасында алайда, мынандай көзқарас кездестіруге болады: кейбірі оларды дін қатарына санамайды (сайентологиялық топтар мен бірлестітер, жаңа магия, спиритизм), ал өзгелері – бұл діндерді «дәстүрлі емес культтер», «жаңа діндер», «неодіндер», «конфессионалдықтан тыс», «канондық емес сенімдер», «жастар діндері» деп атайды.
ХХ ғсырың діни бірлестіктерінің негізгі әлеуметтік базасын жаңа сенім «апостолдарын» (Кришнамурти, Шри Чинмо, Мун, Виссарион, Баха-улла) жаңадан түсінетін жастар құрайды. Жастарды топтық тәртіп, діни қайраткерлердің авторитаризмі, психологиялық ұстанымдылыққа жету тәсілдері тартымды түрде қызықтырады. Қазіргі кезеңде пұтқа табынушылықтың, теософияның (шаманизм, ежелгі культтер, Блаватская, Рерих, Штайнер) қайта жаңғыру процесі болып жатқан тәрізді. Сонымен қатар дәстүрлі дін таным трансформациялану үстінде: шіркеусіз дінге сенушілер, қазіргі заманғы сектанды, қзіргі заманғы сотериология, эсхатология, креационизм (діни сананың компьютеризациялануы) проблемалары және т.б.
Үшінші мыңжылдықтың басында дін азамзат мәдениетінің мәнді компонентін құрайды. Діни идеялар өнердің барлық түрлері мен жанрларына еніп отыр (Эндри Лойд Уэббердің «Иисус Христос – супержұлдыз», Франко Дзеффирелийдің «Назареттік Иисус», Пьер Пазолинидің «матфейдің Эвангелиясы», Никос Кузиндзакистің «Христостың соңғы арбалуы». ХХ ғасырдың өнері ретінде кино жаңа леппен көптеген діни сюжеттерді ұсынды (Бергман, Бунюэль, Тарковский), сонымен қатар діни дүниетанымның десакрализациялануы (діни кич, діни мәденеттің бұқаралануы, бұқаралық сананың діни мифтері) жүріп жатыр.
2. Пән мақсаты мен міндеттері
Аталған пәннің мақсаты мен міндеттерінің қатарына қазіргі заманғы діни сана мәселелері, туралы пән оқушыларға мәліметер беру, сонымен қатар бүгінгі жаһандану процесінде Шығыс мәдениетінің Батыс мәдениетімен үйлесу, жаңа ғылыми жетістіктер мен түсініктер және осының нәтижесінде жаңа діни саналар мен дүниетанымдардың дүниеге келуі туралы дінтанушы студенттерге мағлұматтар беру болып табылады.

Негізгі:
1. Гараджа В.И. Религиоведение М., 1995
2. Класика мирового религиоведения. Антология М., 1996
3.Кьеркогор С. Страх и трепет М., 1993
4. Мень А. История религии. В 2-х т. М., 1997
5. Орынбеков М.С. Древние верования Казахстана. Алматы 1999
6.Орынбеков М.С. Философские воззрения Абая. А., 1995
7. Яблокова И.Н. Основы религиоведения. М., 1998
8. Арабский восток: Ислам и реформы. М., 2000
9. Мухиттин Бағчежи. Кәлам ғылымына кіріспе. – Түркістан, 2009
10. Класика мирового религиоведения. Антология М., 1996
11.Кьеркогор С. Страх и трепет М., 1993
12. Мень А. История религии. В 2-х т. М., 1997
13. Орынбеков М.С. Древние верования Казахстана. Алматы 1999
14.Орынбеков М.С. Философские воззрения Абая. А., 1995
15. Яблокова И.Н. Основы религиоведения. М., 1998
16. Арабский восток: Ислам и реформы. М., 2000
17. Абай. Книга слов. А., 1992
18. Бенсон А. Фактор сионизма: Влияние евреев на историю ХХ столетия. – М., 2001
19.Гермес Трисмегист и герметическая традиция Востока и Запада. – М., 2001
20.Ильин И.А. Аксиомы религиозного опыта. – М., 1993
21. Леви-Строс К. Структурная антропология. – М., 1993
22. Гараджа В.И. Религиоведение М., 1995
23. Құдайбергенов Б.К. Социально – философские поиски духовности: традиции и современность. М., 1995
24. Класика мирового религиоведения. Антология М., 1996
25. Радугин А.А. Введение в религиоведение: теория, история и современные религии: Курс лекций. – М., 2001
26. Мень А. История религии. В 2-х т. М., 1997
27. Орынбеков М.С. Древние верования Казахстана. Алматы 1999
28.Орынбеков М.С. Философские воззрения Абая. А., 1995
29. Яблокова И.Н. Основы религиоведения. М., 1998
30. Арабский восток: Ислам и реформы. М., 2000
31. Кьеркогор С. Страх и трепет М., 1993
32. Бенсон А. Фактор сионизма: Влияние евреев на историю ХХ столетия. – М., 2001
33.Гермес Трисмегист и герметическая традиция Востока и Запада. – М., 2001

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ДІНТАНУ ЖӘНЕ ТЕОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДІНДЕГІ ЭВОЛЮЦИЯ
пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Мамандық аты, шифры:__Дінтану 5В020600____________________
Оқу формасы: күндізгі
_____________________
Курс:
ІІІ _______________
І- сем ІІ- сем Барлығы:
Кредит саны: 2 2
Саѓат саны 90 90
Лекция: 15 15
Практикалық
Семинар: 15 15
Лабораториялық
ОБС¤Ж: 30 30
СӨЖ: 30 30
Аралық бақылау (АБ) 2 рет 2 рет
Қорытынды бақылау: Емтихан емтихан
Оқу-әдістемелік кешенді құрастырған: З.Ибадуллаева
Мекен жайы, тел және E-mail
Кафедрадағы ж±мыс уақыты: 9. 00- 17. 00
СӨЖ қабылдау күндері: кесте бойынша
Түркістан 2011
Оқу - әдістемелік кешен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
министрлігі 23 12 2005 жылғы №779 бұйрығымен Бекітілген Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары, пәннің
оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Кешен кафедраның № 6 09 қаңтар 2012 ж. мәжілісінде қаралды.
Кафедра меңгерушісі, аға оқытушы: С.Оразбай
Факультеттің оқу-әдістемелік Кеңесініњ №__ __________2011 ж. мғжілісінде
маұллданды.
Факультет оқу - әдістемелік кеңесінің төрайымы, п.ғ.к.:_____________
Ү.Мелдебекова
1- Лекция. Кіріспе
Жоспары:
1.Қазіргі кезеңдегі діндегі эволюция пәні
2.Пән мақсаты мен міндеттері
Маќсаты: қазіргі заманғы діндегі эволюция пәніне кіріспе жасалынады және
пәннің оқытулыдағы мақсаты мен діндеттері қарастырылады.
Мазмұны
1. Қазіргі кезеңдегі діндегі эволюция пәні
Қазіргі заманғы діни ілімдер – бұл ХХ ғасырдың тарихи өлшеміндегі
дүниенің діни суреттемесі: діни сана мен дүниетанымның спецификасы, діни
идеология мен мифология, теологиялық рационализм модернизмінің
ерекшеліктері, діни тәжірибе формаларының көптүрлілігі мен трансформациясы.
ХХ ғасыр – ғылым мен техника, қазіргі заманғы ақпараттық
технологиялардың, адамды ғарышты игеруінің және жаһандану процесінің
ғасыры. Міне осы орайда дін тарихи кезеңдерге қарағанда күрделі жағдайларды
басынан кешіріп келеді. Біріншіден, дәстүрлі діндердің (буддизм, христиан
және ислам) уақыт талабымен санаса бермеуінен құндылықтарда,
дүниетанымдарда дағдарыс туындаған. Екіншіден, жаңа діни сананың қарқынды
процесі басталды. Әрине бұл ең алдымен Батыс мәдениетінің парадигмаларына
(Еуропа, АҚШ) қатысты, аталған елдердің жастары рухани ізденістерінде
Шығысқа бет түзеп, ежелгі Щығыс мәдениетінің рухани құндылықтарынан нәр
алды.
Ғылыми дінтанулық әдебиеттерде пайда болған діндердің ортақ атауы жоқ. Ол
турасында алайда, мынандай көзқарас кездестіруге болады: кейбірі оларды дін
қатарына санамайды (сайентологиялық топтар мен бірлестітер, жаңа магия,
спиритизм), ал өзгелері – бұл діндерді дәстүрлі емес культтер, жаңа
діндер, неодіндер, конфессионалдықтан тыс, канондық емес сенімдер,
жастар діндері деп атайды.
ХХ ғсырың діни бірлестіктерінің негізгі әлеуметтік базасын жаңа сенім
апостолдарын (Кришнамурти, Шри Чинмо, Мун, Виссарион, Баха-улла) жаңадан
түсінетін жастар құрайды. Жастарды топтық тәртіп, діни қайраткерлердің
авторитаризмі, психологиялық ұстанымдылыққа жету тәсілдері тартымды түрде
қызықтырады. Қазіргі кезеңде пұтқа табынушылықтың, теософияның (шаманизм,
ежелгі культтер, Блаватская, Рерих, Штайнер) қайта жаңғыру процесі болып
жатқан тәрізді. Сонымен қатар дәстүрлі дін таным трансформациялану үстінде:
шіркеусіз дінге сенушілер, қазіргі заманғы сектанды, қзіргі заманғы
сотериология, эсхатология, креационизм (діни сананың компьютеризациялануы)
проблемалары және т.б.
Үшінші мыңжылдықтың басында дін азамзат мәдениетінің мәнді компонентін
құрайды. Діни идеялар өнердің барлық түрлері мен жанрларына еніп отыр
(Эндри Лойд Уэббердің Иисус Христос – супержұлдыз, Франко Дзеффирелийдің
Назареттік Иисус, Пьер Пазолинидің матфейдің Эвангелиясы, Никос
Кузиндзакистің Христостың соңғы арбалуы. ХХ ғасырдың өнері ретінде кино
жаңа леппен көптеген діни сюжеттерді ұсынды (Бергман, Бунюэль, Тарковский),
сонымен қатар діни дүниетанымның десакрализациялануы (діни кич, діни
мәденеттің бұқаралануы, бұқаралық сананың діни мифтері) жүріп жатыр.
2. Пән мақсаты мен міндеттері
Аталған пәннің мақсаты мен міндеттерінің қатарына қазіргі заманғы
діни сана мәселелері, туралы пән оқушыларға мәліметер беру, сонымен қатар
бүгінгі жаһандану процесінде Шығыс мәдениетінің Батыс мәдениетімен үйлесу,
жаңа ғылыми жетістіктер мен түсініктер және осының нәтижесінде жаңа діни
саналар мен дүниетанымдардың дүниеге келуі туралы дінтанушы студенттерге
мағлұматтар беру болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Гараджа В.И. Религиоведение М., 1995
2. Класика мирового религиоведения. Антология М., 1996
3.Кьеркогор С. Страх и трепет М., 1993
4. Мень А. История религии. В 2-х т. М., 1997
5. Орынбеков М.С. Древние верования Казахстана. Алматы 1999
6.Орынбеков М.С. Философские воззрения Абая. А., 1995
7. Яблокова И.Н. Основы религиоведения. М., 1998
8. Арабский восток: Ислам и реформы. М., 2000
2- Лекция Ежелгі ғұрыптардың қазіргі заман мәдениетіндегі көрінісі.
Жоспары:
1.ХХ ғасыр мәдениетіндегі анимизм және фетишизм.
2.Қазіргі мәдениеттегі магия.
3.Қазақтардың дәстүрлі мәденитіндегі шамандық және тәңірліктің қазіргі
көріністері
Мақсаты: Алғашқы қауымдық қарапайым сенімдердің бүгінгі күндегі діндердегі
сарқыншақтары қарастырылады және бүгінгі қазақтың дәстүрлі сенімдеріндегі
оның желементтерінен хабардар беру.
Мазмұны
Ежелгі ғұрыптардың қазіргі заманғы түрлері.
1. ХХ ғасыр мәдениетіндегі анимизм және фетишизм.
Анимизм – адамның өмірлік істеріне араласатын және адамға өз мақсатына
жетуге көмектесетін немесе кедергі келтіретін сансыз рухани мәндердің
тршілік ететініне деген сенім. Анимистік сенімдерді алғаш рет Э. Тайлор
бейнелеп берді. Анимизм ұғымы дни сенімдер мен тәжірибелерде көрінетін
белгілі бір дүниетанмның тарихи типін негіздейді. Анимистік сенім мен
культтердің көптеген элементтерінің неғұрлым күрделі және иерархиялық
діндерде сақталғаны көрінеді. Э. Тайлордың пікірінше дін – рухани мәнге
деген сенім. Тайлордың теориясы үшін негізгі ыңғайлы жан ұғымы, демондар,
құдайлар немесе басқа рухани мәндер тобының ортақ табиғаты бар. Алайда ең
лғашқысы жан ұғымы болып табылады.
Ежелгі діни намы-сенімдердің бірі – фетишизм сөзінің түбі патругал
сөзінен шыққан. Фетиштік нанымды алғаш мәрте портуғал теңізшілері Батыс
Африкадан кездестірген. Ал кейін фетишизмнің көптеген белгілері әлемнің
басқа да аймақтарынан ашылды. Фетиш ретінде адамды таң қаолдырған кезкелген
зат бола алады. Мысалы жануар тісі, зергерлік бұйым, әдемі оюланған көркем
зат, ғажайып формадағы тас, ағаш кесіндісі, Осы затарға ерекше қасиеттер
беріледі (емдеу қасиеті, аңшылықта көмектесу, жаулардан қорғау) Егер зат
арқылы адам өзінің өмір тіршілігінде табысқа жетсе, онда ол маған фетиш
көмектесті деп, затты қастерлеп өзінде қалдырған. Егер адам кейбір
сәтсіздіктерге ұшыраса, онда фетишті қажетсіз бағалап немесе баса затпен
алмастырған.
2. Қазіргі мәдениеттегі магия
Магия ұғымы негізінде матеиалдық немесе құбылысқа табиғаттан тыс
мақсатпен ықпал ету жолындағы ырымшыл адам іс-әрекеті магиялық әрекет алуан
түрлі болды. Магиялық іс-әреке күрделілік дәрежесі бойынша қарапайым
бейсаналылық ым-ишарадан көптеген адамдар қатысатын күрделі салтанатты
магиялық іс-әрекет ретінде негізделеді. Магиялық іс-әрекет – мақсаттылық
бағыты бойынша емдеу магиясы (тәуіптік), сақтаушы магия, зиянды магия,
шаруашылық магиясы, іс-әрекет механизмінің психологиялық сипаты бойынша
айырмашылықтарға ие. Магия – кезкелген діндердің мәнді, органикалық
бөлігінің бірі. Күрделі, жоғары дамыған діни жүйелерде магиялық салт-
жоралар қазір де елеулі орынды алады. Магия түрлері: зиян келтіруші магия,
әскери магия, жыныстық магия, емдеу және сақтаушы магия
3. Қазақтардың дәстүрлі мәденитіндегі шамандық және тәңірліктің қазіргі
көріністері
Қазақтың кеңiстiк пен уақытты меңгеру бiтiмiне, оның автохтондығы мен
гомогендiгiне, сұхбаттық ареалына, архетиптерi мен хронотоптарына,
шаруашылық-мәдени және әлеуметтiк типтерiне сүйене отырып, төмендегiдей
дүниетанымдық дiни типтердi атап өтуге болады: а) генотиптiк дiндер жүйесi;
ә)сырттан қабылдаған, “кiрме” дiни жүйелер; б) ислам. Олардың үлес салмағы
тарихи жағдайлар мен уақыт кезеңдерiнде әртүрлi болды.
Қазақ сахарасында көне тарихи кезеңде генотеистiк нанымдрдың басым
болғандығы байқалады. Генотеистiк дiни жүйе деп рулық-тайпалық қауымға тән
арғы ата-тектi қастерлеп, оларды жаратушы мен қоғамдық өмiрдiң барлық
салаларындағы шешушi күш ретiнде қабылдайтын сенiмдер мен нанымдардың
бiрлiгiн айтады. Генотиптiк сенiмнiң орталық бейнесi - әруақ. Әлi күнге
дейiн қазақтар әруақ пен құдайды қатар қояды: Иә әруақ, иә құдай, қолдай
гөр, пәле-жалаңнан сақта!
Ата-бабаларды пiр тұту дәстүрi көне дiни сенiмдермен тығыз байланысты.
Айталық, көшпелiлер басқа да халықтар тәрiздi жанның мәңгiлiгi мен
өлмейтiндiгi туралы анимистiк көзқарасты қолданған. Түркi тайпалары өлген
адаммен бiрге молаға оның қаруын, жеке заттарын және тұлпарын бiрге көмген.
Ә.Төлейбаевтiң пiкiрiнше, “ас” беру салты алдымен өлген адамға арналған,
кейiн бұл дәстүрлiк салт еске алу кейiпiне енген.
Көне тотемдiк нанымдар да түркi халықтарында генотиптiк сипатта
болған. Тотем-көк бөрiден басқа бұғы, қабылан, арыстан, бүркiт сияқты
көшпелiлер үшiн ерлiк пен жiгерлiктiң таңбалары болып табылатын жануарлар
да ие болған. Қазақтардың түсiнiгi бойынша әруақтар тотемдер бейнесiнде де
көрiну мүмкiн. Мысалы, Абылайхан өзiнiң әруағы ретiнде қызыл түлкiнi пiр
тұтқан. Сыпатай батырдың әруағы болып жолбарыс бейнеленген.
Генотеистiк дiни жүйенiң iздерiн қазақтың дәстүрлiк мәдениетiнен де
анық байқауға болады. Құда түсу рәсiмiндегi ант iшу, құйрық-бауыр жеу, өлi-
тiрiсiн атқару, жерлеу дәстүрiндегi “жетiсiн”, “қырқын”, “жылын” атап өту,
т.б. ата-тектiк сенiм-нанымдарға негiзделген. Әруақтың қолдау немесе
қолдамауы ұрпақтың оған қарым-қатынасына тәуелдi болды. Әруақтарды жиi еске
алу, олардың құрметiне құрбандық шалу адамдарға қолайлы жағдай тудырады деп
есептеген. Керiсiнше, ата-тектiк дәстүрдi бұзғанды “әруақ ұрсын!” деп
қарғаған.
Ислам қалыптасқанға дейiн қазақтың рухани мәдениетiнде маңызды рөл
атқарған дiни жүйелерге тәңiрлiк дiн мен шамандық жатады. Тәңiрлiк дiн
еуразиялық көшпелi шаруашылық-мәдени қажеттiлiктерiне нағыз икемдi дiни
жүйе болып табылады. Оның өрiстеген кезi түркi және монғол тайпаларының
елдiк принцип бойынша тұтасып, далалық империяларды құрған дәуiрiне сәйкес
келдi. Тәңiрлiк дiнде генотиптiк дүниетаным терең орын алғанымен, ол
монотеистiк дiни жүйе деңгейiне көтерiле алған. Кейде шаман тәңiрлiк дiннiң
абызы деген қағида келтiрiлген. Бұл пiкiрмен келiсу қиын. Себебi, Көк
тәңiрi бақсы сияқты рухтарды пайдаланбайды, дұғалап сиқырламайды, ол тек
аспан еркiн ғана хабарлайды. Тәңiрлiк дiнде демонологиядан гөрi космология
мен этика терең ұялаған.
Шамандық (бақсылық) қазақ дүнетанымына үлкен әсерiн тигiзген дiни-
мәдени жүйе болып табылады. Шаманизм ырымшылдық пен сенiм-нанымның адамның
тылсымдық дүниесiне әсер етудiң ерекше бiр дәстүрi болып табылады. Әдетте
бақсы салттық рәмiздердегi абыз, адамның рухын шақырып емдейтiн балгер,
рухты ерекше бiр деңгейге жеткiзетiн күйшi-қобызшы, әруақтармен тiл табыса
алатын медуем бейнелерiнде әрекет етедi. Шамандық – натурфилософиялық
негiздегi әсерлене желiгушiлiк практикасы. Рухтың қорғаушылығы арқасындағы
бақсы бал ашады, емдей де алады, яғни басқа рухтарды қуып, әруақтың рухын
тынышталатын орнына дейiн шығарып сала алады.
Тылсымдық-мистикалық тұлғалардың көп түрлiлiгiн қазақ
демонологиясындағы әр тектi адамға зиянды бейнелер толықтырады. Қазақ
мәдениетiнiң тарихын және мұраларын зерттеушiлер олардың мынандай түрлерiн
атап кетедi. 1) шайтан, 2) перi, 3) жын, 4) жезтырнақ, 5) сөрел, 6)
жалмауыз, 7) албасты, 8) обыр (некрофил), 9) монаты (құбылмалы жын), 10)
шимұрын (күлдiрiп өлтiрушi), 11) марту (толғатқан әйелдiң жауы), 12)
қырсық, 13) iбiлiс (ислам демонологиясынан) және т.б.
Қазақ өнерiндегi тайпалық таңбалардың да алатын орны ерекше. Ерте
кезде әр тайпаның бiр символы ретiнде таңбасы болған.
Таңбалық шығармалардың басты түрiне тiл жатады. Қазақта “өнер алды
қызыл тiл” демекшi қазақ халлқы сөз шеберлiгi мен жыр-дастандарға ерекше
мән берген. Сондықтан қазақ халқының көркем шығармашылығының архетипi де,
дәстүрлiк басты типi де – фольклор, ауыз әдебиетi. Сөз өнерiн жете бiлген
Абай қазақ фольклорын “толғауы тоқсан тоты құсқа, бiлгенге маржан iнжу-
маржанға теңейдi.
Бұл мақсатқа сәйкес келетiн жанр – поэзия. Тiптi көне адамдардың бәрi
өлеңмен сөйледi деген де пiкiр бар. Поэзия мен фольклор бiр типтес. Белгiлi
бiр ырғақпен айтылған сөз есте қалады. Кейiн жазу пайда болғаннан соң
адамның жадылық қабiлетi әлсiрейдi. Сондықтан көшпелiлер үшiн құдiреттi сөз
өмiрлiк қажеттiлiк болған.
Сұлулықтың ең керемет көрiнiсi – адам, оның сұлулығы. Адам анадан сырт
бейнесi, пiшiмi сымбатты, сұлу болып туылуы мүмкiн, бiрақ iшкi сұлулыққа
тек әдебiмен жетедi. “Адам әдебiмен көрiктi” дейдi халық мақалы. Қазақтың
ауыз және жазба әдебиетiнде “тән сұлулығы” мен “жан сұлулығы” деген
түсiнiктер бар. Халық түсiнiгi бойынша рухани сұлулық жоғары тұрады:
“Көркiн алма, мiнезiн ал”, “Сөзi райлының – жүзi шырайлы”, “Сұлу - сұлу
емес сүйген сұлу”, “Адамның жылтыраған сыртына емес, сұлу iшiне қызық”.

9. Абай. Книга слов. А., 1992
10. Құдайбергенов Б.К. Социально – философские поиски духовности: традиции
и современность. М., 1995
3- Лекция Қазіргі заманғы христиандық.
Жоспары:
1. Қазіргі заманғы христиандық ілімі
2. Проваславия мен католицизмнің антитезасы
3. Қазіргі заманғы протестантизм
Маќсаты: Бүгінгі әлемдік діндердің бірі – христиан дінінің қазіргі заман
талабына эволюциялану, реформалану процесі туралы студенттерге мәлімет
беріледі.
Семинарда талқыналатын тақырыптың мазмұны
Католик шіркеуінің отар елдерге жасаған миссионерлік әрекеті тікелей өз
билігінде болды. Алайда, ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, бүкіл әлемдік
масштабта католик шіркеуі үшін христиандықты жергілікті ұлттық мәдениетке
бейімдеу өмірлік қажеттілікке айналды. Бұл шіркеудің миссионерлік әрекеті
жайындағы декретте, шіркеудің христиан емес діндермен қатынасы жайлы
декларацияда, діни еркіндік жайындағы декларациясында қабылданған.
Осыған орай шіркеу қызметкерлерінің дамушы елдердің жергілікті мәдениетін
зерттеуге көп назар аударған. Католик миссиясы шіркеу архитектурасын, діни
киімдерін т.б. жергілікті мәдениетке жақындатуға тырысты. Африка және
Окения лашықтары, үнді, Қытай храмдары, және ислам мешіттері стильіндегі
шіркеу құрылысы тек жергілікті дәстүрлерге бейімделу, миссионелікті күшейту
ғана емес, христиан емес діндердің діни сенімдеріне жақындағандықтың куәсі
болып есептеледі.
Католик шіркеуінің ықпалы Азияға, Афикаға және Океанияға таралу барысында
сол өлкелердегі католик шіркеуіне ата-баба культі таралған. Бүгінгі католик
миссиологиясы аталар культі сол өлкенің христиандығы үшін тікелеу
теологиялық мәні зор деп қабылданған. 1935-36 ж. католик Қытай жанұяларында
аталар аты жазылған тақтаны қоюға шіркеу рұқса берген, сонымен қатар,
белгілі шарттарға қарай оның алдында иілуге де қарсы болмаған. Сонымен
қатар бүгінгі Қытай католиктері Қыайдың жаңа жыл мейрамын тойлау кезінде
шіркеу салтанатын аталар мен аспанға табынумен өткізеді.
1. Қазіргі заманғы протестантизм
Протестант миссиясы тек Азиядағы, Африкадағы және Латын Америкасындағы
жергілікті евангелия шіркеулерінің дамуын ғана емес, Еуропа елдеріндегі
тарихи протестантизмнен өзгеше, автономиялық формалардың пайда болуын
қамтамасыз етті. Азияда протестант миссиясы ХҮІІІ ғасырда басталған.
Алдымен бұл жаққа лютерандық, кейіннен баптизм енді. Индонезияға
голландықтар кальвинизмнің түрлі формаларын алып келген еді. Ал Жапонияға,
Қытайға және Филиппиндерге Америка протестантизмнің әсері мол болғаны
айтылады. Оңтүстік Үндістанда 1947 жылы құрылған протестант шіркеуі
экуменистік синтездің тәжірибесін көрсетті. Англикандар экуменистік
синтезде конгрегационалистердің, пресвитериандардың және методистердің
түрлі топтарымен біріккен.
Осы бағыттардың дін қызметкерлері епископ басшылығындағы жаңа Оңтүстік
Үндістан шіркеуіне біріккен. Діни сенім негізі ретінде Библия мен Апостол
сенім символы, қабылданған шоқыну және евхаристия кеші мойындалады. Культ
формалары англикандық жоғары шіркеуінің діни қызмет практикасына жақын
келеді.
1910 жылы Лондондағы бүкіл әлемдік миссионерлік конференция
христиандықтағы догматтық және канондық айырмашылықты жеңуді және оны
бүгінгі әлеуметтік мәселелермен байланыстыруды мақсат тұтатын экуменистік
әрекетті бастаған. 1948 жылы Амстердамдағы дүниеге келген бүкіл әлемдік
шіркеулер ассамблеясы экуменистік әрекет жетекшісі – бас резиденциясы
Женевада орналасқан бүкіл әлемдік шіркеулер кеңесін құрды. Экуменистік
әрекеттегі жағдай әлеуметтік-саяси бейбітшлікті біржақты қамтамасыз етпеді.
БӘШК мүшелері экономикасы дамыған және дамушы елдердің протестанттық,
православиелік және ежелгі шығыс шіркеулері болып табылады. Протестант
шіркеулері түрлі саяси-әлеуметтік позицияны ұстанады. Лютерант-
эвангелистік, реформаторлық теологтар Библияға негізделген, белгілі бір
қоғамдық құрылысты жақтайтын біркелкі әлеуметтік доктрина мүмкіндігін
мойындамайды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Германиядағы көптеген протестанттар
антифашистік тәубе шіркеуін қолдаған. Соғыстан соң зайырлы қозғалыстар
мен институттар байланысты өнегелік саясат талабы мен евангелия моральі
негізінде дүниелік биліктен алшақтаған жауапты қоғам концепциясы тарала
бастады. 60-шы жылдары бүгінгі қоғамды сынауды қолға алған либералдық-
модернисік концепция дүниеге келді, азаматтық теологиясы және
революциялық теология қолға алынды. Сонымен қатар көптеген протестант
идеологтары
Америкалық протестантизм Еуропа протестантизмінен ерекшеленеді.
Протестантизмнің ерекше бір типі ретінде зерттеушілер протестанттық
миссионерлік әрекеттің нәтижесінде 1980 жылғы санақ бойынша 82 миллионға
жеткен жергілікті христиандықты батыстық шықан тегіне қарағанда көптеген
ілімі мен рәсімі жағынан ерекшеленеді. Десек те қандай жағдай болмасын
өздерінің конфессионалдық атауын сақтап қалған: англикан, лютеран,
баптистер т.б
ХХ ғасырдың орталарына таман миссионерлік протестантизмнң осындай типі
басымдыққа ие болды. Христиандықтың өсу қарқыны Африкада, Азияда, Океанияда
және Оңтүстік Америкада байқалады. Тіпті Африка тәуелсіз шіркеуінің өсу
қарқыны ерекше. Бұл өлкеде пятидесятниктер мен Иегово куәгерлерінің ықпалы
айқын байқалса, кейбір Африка христиандығына тән – христиан элементері мен
дәстүрлі культтерінің бірігуі нәтижесінде синкреттелген формалары
байқалады. Оның бір мысалы ретінде Эпиопия сектасын айтуға болады. Бұл
топ методистердің ықпалымен негізі қаланса да Еуропа, Америка
протестантизмінен ерекшеленеді. Кейбір зеттеушілер жергілікті христиандықты
православие, католицизм және протестантизм сияқты христиндықтың бір үлкен
тармағы ретінде санайды. Олардың көпшілігі көрікпелдікке, айығуға, ата-
балала культіне, жаман рухтардан сақтануға көп мән береді. Африкадағы
осындай шіркеулердің көрнектілердің бірі Заирдің Кимбангист шіркеуінің
жеке теологиялық факультеті ба және бүкіләлемдік шіркеулер кеңесіне мүше
болып табылады. Африка протестантизмі тәрізді Оңтүстік Америкадағы
жергілікті халықтар арасында протестантизм (үндістер, метистер) рулық культ
пен христиандықтың синкретизмдік формасы қабылданған.

11. Леви – Строс К. Структурная антропология. М., 1993
4- Лекция Қазіргі заманғы буддизм.
Жоспары:
1. Буддизмдегі дүниетаным
2.Тибеттік қоғам
3.Буддизм және қазіргі қоғам
Маќсаты: Бүгінгі әлемдік діндердің бірі – буддим дінінің қазіргі заман
талабына эволюциялануы, Еуропа мәдениетіне икемделуі, реформалануы процесі
туралы студенттерге мәлімет беріледі.
Мазмұны
1. Буддизмдегі дүниетаным
Эзотеоиялық буддизм
Эзотеориялық буддизм ең алдымен, мистикалық ілімдерді, магиялық
формулаларды, арнайы діни рәсімдерді қамтиды. Өзге де діндердегі сияқты
буддизмде эзотерикалық секталар соңғы 10 жыл ішінде едәуір өскен, қарапйым
дінді ұстаушылар арасында таныла бастады. Олардың пікірімен айтқанда
алхимияны, медицинаны қоса, магиялық әдістер адамды тірі әрі жансыз және
табиғаттағы дүниелерді бағындыратын жоғары жетістікке алып барады.
4. Буддизм және қазіргі қоғам
Буддизм және ұлт азаттық қозғалыстар. Тхеравада буддизмін модернизациялау
Шри-Ланканың отарлануы жылдарында басталған және бұл процесс отарланған
өзге де елдерге әсер етті. Ағылшындардың Шри-Ланка аралын отырлауынан және
1815 жылы монархияның құлауынан соң, буддизм тарихында діни жетекшілікте
қарапайым дін адамдарының жетекшілік қызметі айқындала бастады. Цейлон
миряндары, кейіннен өзге де отар елдер жетекшілері буддизм ілімін ұран
етіп, бас көтеруге және біддизм ілімін заман табалына сай реформалауға
белсене ат салыса бастады. Сонымен қатар, діни қауымдық ұйымдар құрылды:
жексенбілік мектептер, жастардың, әйелдердің буддистік ұйымдары, түрлі
комтеттер.
Діни қайта өрлеу тамильдік және сингалдық түсініктің қалыптасуына көп
ықпал етті. Анагарика Дхармапада жетекшілігіндегі сингал-буддистік қозғалыс
Арумуга Навалара басшылығындағы тамиль-индуистік қозғалыспен қатар жұмыс
жасаған. Аталған екі реформатор да протестант-миссионерлік мектепте білім
алған және олар буддизм мен индуизмге өмірге тән аскетизмді енгізді.
Реформаторлар бұхара халықтың сенімі мен рәмізіне қарсы тұра отырып, заман
талабына сай діни түсінігін насихаттды..
Буддизмді реформалау кезіндегі қарапайым дінге сенушілер қозғалыстарының
өрістеуімен қатар, монахтықтың саяси өмірге араласу процесі де жүрді.
Отарлаушыларға қарсы күрес монахтардың жаңа әрекеттерін заңдастыруды талап
етті. Саяси белсенділік мемлекет басқарушыларға будда ілімінің моральдік
өсиеттеріне негізделген кеңестер беретін функция ретінде танытылды. Бұл
аргумент 1946 жылы сингал тілінде жарияланған буддизм монахы В.Рахула
кітабында келтірілген тарихи және буддистік мифология мысалодарымен
қуатталды. Көпшілік бұл еңбекті буддизмнің саяси өмірге араласуындағы
негізгі құжаттардың біоі деп атайды. Оның негізгі принципі осы дінді
ұстайтын халықтың пайдасына орай негізделген деп түсіндіріледі. Соңғы
кезеңдерде елде етек ала бастаған христиандыққа қарсы, Будда ілімін
мектептерге енгізуді жақтайтын және біддизмді саяси мақсаттарға қолдануға
тырысатын буддистік фундаментализм өріс алу үстінде.
Христиандықтағы католиктер мен протестанттар арасындағы келіспеушіліктер
сияқты Шри-Ланкада дәстүрлі сингал буддизміндегі Будда дін мамандарының
беделі түсіп, тек монахтарға ғана емес, буддизмнің жоғарғы этикалық
құндылығын насихаттауға тырысқан діни интеллигенция жаңа бағытының өсуі
байқалады.
Сангха және мемлекет, монахтықты саясиландыру. Сангха дегеніміз –
буддистік қоғам, оның мұшелерін бхиккху (монахтар) мен биккхуни (монах
әйелдер) құрайды. Сангха - әлемдегі бүкіл будда монахтары: елде,
монастырьде, храмда өмір сүретін белгілі бір сектаның мүшелері. Сангхалық
қоғам бүкіл монахтар мен монах әйелдер белгілі бір қағида – Винаимен өмі
сүруі міндетті болған. Дегенмен, монахтар шіркеу қызметкеріне жатпайды,
яғни, олар дінге сенушілер мен Будда немесе құдай арасындағы дәнекер бола
алмайды. Қарапайым дінге сенушілер өз қалауынша монах бола алады және
буддистік қоғамда қалағанынша тұра алады.
Буддизмнің бүткіл тарихы бойынша сангха мен мемлекеттің арақатынасы
әртүрлі болып келген. Жоғарғы билік буддизмді қолдаған дәуірде сангха
мемлекеттің сенімді одақтасы болған. Сангха мен мемлекет арасында бейтарап
болған кезеңдер де болған. Ал мемлекет сангханы қысчпаққа алған кезде, ол
өзін қорғап, мемлекет басындағыларға қарсы күреске шыққан. ХХ ғасырда осы
үш модель де кездеседі.
Сангха және экономикалық даму. Неміс зеттеушісі М.Вебер бастамасымен
кейбір зерттеушілер буддизмнің капитализм мен әлеуметтік-экономикалық
прогреске сәйкеспейтінін алға тартады. Ал өзге зерттеушілер бастапқы
бағыттағы зерттеушілердің пікірін теріске шығарып, буддизмнің тікелей де
қосымша түрде де модернизациялауға қабілеттігін қуаттаған. Олардың пікірі
бойынша монахтық институт буддалық құндыдылықтар мен мәдени мөлшерді ұсына
отырып, тұрмыс қалыпқа, өндіріс, тұтыну, капитал мен инвестицияның
жинақталуы жайлы шешім қабылдауға ықпал ете отырып, экономикалық системаға
әсер етеді.
Буддизмнің экономикалық концепциясы. Сангханы тұрмыстық өмірге
араластыру белсенділігін күшейту, буддизмді модернизациялау, оны
саясиландару буддизм экономикасы концепциясының қалыптасуын қамтамасыз
етті. Аталмыш концепция көнерген дәстүршілдік те бүгінгі талапқа сай жоғары
дәрежеде дамыған да емес аралық технология деп аталатын идеядан шығады.
Аралық технология негізінде болғаны сияқты буддизм экономикасы
негізінде жергілікті ресурстардан құралған және жергілікті тұтынушыларға
арналған өндіріс жтыр. Буддизм экономикасы – материалдық және табиғи
ресурстарды ессіз пайдалануға қарсы. Орнына қайтып келмейтін табиғи
байлықты ысырапшылдықпен қолдану - буддизм көзқарасы бойынша адамгершілікке
қайшы. Табиғатқа жақсы қарау тек буддизм қасиетті ктаптарында ғана емес,
ежелгі кезеңде-ақ мемлекет дәрежесінде қаралған. Оның мысалы ретінде үнді
патшасы Ашокты айтуға болады. Мұндай факттер, - деп жазды Е. Шумахер, -
бүгінгі буддистік елдердің назарын аударған.

12. Гермес Трисмегист и герметическая традиция Востока и Запада. М., 2001
5- Лекция. Қазіргі заманғы ислам.
Жоспары:
1.Исламның даму үрдісі
2.Ислам және қазіргі қоғам
Маќсаты: Бүгінгі әлемдік діндердің бірі – ислам дінінің қазіргі заман
талабына эволюциялануы, Еуропа мәдениетіне икемделуі, жаңа шарттарға сай
реформалануы процесі туралы студенттерге мәлімет беріледі.
Мазмұны
1. Исламның даму үрдісі
Исламдағы діни-философиялық және теологиялық қазқарастар
Дәстүрлі мұсылман қоғамынан түбегейлі өзгеріс буржуазиялық қатынаспен
байланысты, Еуропамен жан-жақты байланысты күшейту жаңа идеялардың дүниеге
келуін және дамуын қамтамасыз етті, қоғамық, әсіресе, діни идеялардың
қалыпасуына жағдай жасады. Оқу ағартушылықтың қалыптасу және ұлттық
идеологияның ояну процестері ислам дінінің тікелей әсерімен жүріп жатты.
Осының негізінде діни-саяси бағыттардың дүниеге келуіне біршама әсер етті.
Ислам мұсылман халықтарының Еуропа отаршылдарына қарсы күреске идеологиялық
қызмет атқарды.
Рефоматорлық қозғалыс ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары Мысырда дүниеге келіп,
мұсылман әлемінің Шығысы мен Батысына таралды. Исламның алғашқы нағыз таза
қалпын қайта жандандыру ұранымен реформаторлар консервативтік позицияны
формальді түрде ұстанды, ғасырлар бойы жинақталған бұрмалаушылық пен
хұрафалықтан сенімді тазалауға шақырды. Ал шындығында исламды тазарту және
бастапқы қалпына қайта оралту идеясн ұран етіп, исламның ортағасырлық
дәстүрлі түсінігін алып тастап, бүгінгі қоғамдық қатынастың жаңа талап
тарына бейімдеуге тырысты. Оның бастапқы қалпын жетілдірген реформаторлық
әрекеттің алғашқы маңызды қайраткері Жамал ад-Дин әл-Афғани (1839-1897)
болды. Оның жетілдірген іни-философиялық идеяларын одан ары дамытқан,
жүйелеген оның шәкірті, атақты теолог, фиқһшы мысырлық Мұхаммед Абдуһ (1849-
1905) еді. Абдуһ ислам әлемінің өзге өлкелерінен өз пікірлестері мен
қолдаушылар тапты.
Реформаторлардың шығармалырандағы ерекше орынды әлемдегі адамның орнын
Аллаһпен оның жатаратқан әлемді тану рөлін айқындау мәселелері алды. Олар
адамның қоршаған әлемді тануға, болмыстардың нақтылығын меңгеруге
қабілеттілігін алға тартты. Реформаторла Аллаһтың тағдыр мәселесіндегі
шексіздік сипатына келіспей, мутазила доктринасына сүйене отырып,
фатализмдік түсінікке қарсы шыққан. Олардың көзқарасы бойынша өз қалауы мен
әрекеті адамның өз еркінде және оған жауапты. Өз тіршілігінде адамның еркі
өзінде екендігі жайлы трактовка адам күшіне деген сенімнің жндануына
бағытталды. Абдуһ мұсылмандардың әрекетсіздіктен бас тартуға, өткен
замандардағы атқарған жұмыстардан сабақ ала отырып, осы күні мен болашағына
сенімді жол салуға шақырды.
Ислам кемелдігі мен жанжақтылығы, - олардың пікірі бойынша моральдік
басымдықты және өзге теологиялық системалармен салыстырған ерекше
прогрессивтік қасиетті алдын ала айқындаған. Осы позициямен реформаторлар
ислам өркениетінің эволюциялық даму жолын тежейтін исламды көнерген дін
және ислам әлемі мәңгілікке артта қалады деп бағалаған еуропалық
оқымыстылармен ашық күреске түскен.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде мұсылман қоғамдары барлық мұшелерінің
бірлігі мен бір ниеттестігі жайында пікірге негізделген және бір
теократиялық мемлекет шеңберінде мұсылмандардң бірігу қажеттігін қуаттайтын
панисламдық концепция қалыптаса бастады. Осы доктринаның негізінде ислам
әлемінің рухани және қоғамдық өмірінде исламның жетекші рөлі жайында тезис
жатыр. Мұсылмандардың бірігуі жайындағы идеялар – панисламизмнің негізін
қалаушылардың бірі – Жамал ад-Дин әл-Афғани еңбегінде орын алған. Ол
исламды отаршыл державаларға қарсы мұсылмандарды біріктіруге, қайта өрлеу
мүмкінігіне сендіруге қабілетті тұтас идеология ретінде бағалады. Діннің
жолын қууды жариялай отырып, әл-Афғани ұлтшылдық оянуын қолдады, егемендік
алуға олрдың маңызын мойындады. Сол уақытта көптеген мұсылман ойшылдары
панисламизмді Батыстың идеологиялық үлгісі ретінде түсіндірілген
буржуазиялық ұлтшылдыққа қарсы қойған.
1. Ислам және қазіргі қоғам
Ортағасырлық мұсылман философиясына, дәстүрлі рационализмге деген
қызығушылықтың қайта оянуы Шығыс қоғамы дәстүрлі құрылымдарының негізгі
өзгерістерін мерекелеген ХІХ ғасырдың ортасынан басталған. Араб қоғамы
ортағасырлық атақты философтары мен теологтары еңбектерінің жариялануы
арқлы танысты. Рухани мұраларын үйренуге мән бере отырып, ислам әлеміндегі
түрлі идеялық бағыттың өкілдері ислам мәдениеті, философиясы мен дінінің
маңыздылығын еуропоцентристік түсініктемесін, араб-мұсылман ойларының
өзіндік ерекшелігін терістеу әрекетін сынауға көп мән берген.
Бүгінгі күні мұсылман әлемінің рухани мұраларын түсіндіру идеялық
тартыстар мен өткір пікірталастардың негізгі тақрыбына айналды.
Дәстүрлі мән беретін теологтарға қарсы шығушылар, оның ішінд зайырлылар
өткен заманғы діннен, философиялық мұралардан қоғамдық-саяси ойлар мен адам
санасының эволюциялануына едәуір ықпалды факторды байқаған. Олр
ортағасырлық мұсылман ойшылдарынан олардың піеірі бойынша бүгінгі
күндегімен үндес рационалистік тенденцияны табуға тырысты. Осы пікірердің
түпнегізі кәламға, оның ішінде әсіресе мутазила мәзһабына барып тіреледі.
Мутазила дәстүрлерінің көрнекті жетекшісі ретінде білім процесіндегі
ақылдың шешуші рөрін мойындауы, дүниетанымдық, оның ішінде діни сұрақтарды
шешуде жоғарғы саты ретінде ақылдың бағалығын, адам қалауы ерікті екендігін
айқындаған.
Мұсылмандардың мәдени қайта оянуы мен идеяны нығайту жолын іздеу
барысында ислам әлемінің рухани мәдениеті мен қоғамдық-саяси өмірінің дамуы
үшін сопылықтың маңыздылығы жайындағы бүгінгі мұсылман қоғамының
проблемаларын шешу үшін сопылық мұраларды қолдану мүмкіндігі жайындағы
мәселелер талқылану үстінде. Өткен ғасырдағы секілді дәстүрлі мұслмандар
арасында нағз сопылықтың мистикалық иррационализмі мен аскетизмін терістеп,
ислам рухына қайшы құбылыс ретінде суфизмге қарсы көзқарас сақталған. Өзга
көзқарас сопылықтты ислам құндылықтары қосады және қоғамдық белсенділікті
жандандыру тәсілдерінің бірі ретінде ондағы сүйіспеншілік, моральдік-
өнегелік қасиеттерді жатқызады.
Мұсылман халықтарының тәуелсіздікке қол жеткізуі әлеуметік-экономикалық
және саяси даму жолын таңдаумен байланысты жаңа проблемаларға ұшырастырды.
Ислам әлемінде капиталистік және социалистік жолдадан өзге үшінші жол деп
аталатын көптеген концепциялар дүниеге келді. Алғашқы исламдық мемлекеттің
дәстүрі мен практикасына сүйене отырып, зайырлы және рухани бағыттағы қоғам
қайраткерлері ислам діні таралған елдерге ыңғайлы исламдық даму жолы
тезисін ұсынды. Оның негізінде нақты белгілі бір елдің ерекшелігіне орай
классикалық исламның саяси және әлеуметтік-экономикалық доктриналары
бүтіндей модернизацияланған ислам мемлекеті, ислам экономикасы, ислам
социализмі т.б. көптеген концепциялар дүниеге келді.
ХХ ғасыр 70 жылдары аяғында тарала бастаған ислам мемлекеті концепциясы
зайырлы және діни биліктің түрлі дәрежеде сәйкестену шеңберінде бүгінгі
шарттарға сай қоғамның саяси мекемесін ислам үлгісінде жүзеге асырды. Осы
теориялар іс жүзінде исламның мемлекеттік-хұқықтық ережелерін жүзеге
асыруды ұсынды.
Ислам мемлекеті концепциясымен қатар Құрандағы орын алған әлеуметтік
әділет принциптерін жүзеге асыру, бүтіндей жеке меншік пен мемлекеттік
қызығушылықты қамтамасыз ету, шаруашылық өмірде негізгі фактор ретінде
мемлекеттің рөлін мойындау сияқты жаңа экономикалық тәртіптің шарттары
ретінде тнытылған ислам экономикасы концепциясы дүниеге келді. Ислам
экономикасы теоретиктері әлеуметтік әділеттің жүзеге асырылуын зекет,
садақа, өсімқорлыққа тыйым сияқты ислам ережелері қамтамасыз етеді деп
санайды. Нақты осы идеялар өсімсіз банктер мен сақтандыру компанияларының
дүниеге келуін, жалпы мұсылман рыноктары, ислам валюта зоналары
бағдарламаларының пайда болуын жүзеге асырды. Ислам экономикасы теориясы
Сауд Арабстанда, Иранда, Ливияда, Пакистанда енгізілген.
Ислам әлеміндегі діни белсенділіктің бүгінгі дағдайы исдам бірлігі
қозғалысымен отарлық уақыттағы панисламистік идеяның жолын қуушы ретінде
көрініс тапқан. Мемлекеттер аралық бірлік пен діни негіз идеяларын жүзеге
асырудың едәуір икемді формасы ретінде ислам бірліг концепциясы өзін
халықаралық мұсылман ұйымдарының әрекетінде практикалық түрде көрсетті. Осы
типтес алғашқы ұйым - 1926 жылы құрылған Бүкіл әлемдік ислам конгресі.
Соынемен қатар, бүгінгі күні 1962 жылы құрылған Ислам әлемі лигасы және
1969 жылы құрылған Ислам конференциясы ұйымы т.б. едәуір ықпалы бар.
Панисламистік идеялар адам өмірінде ислам құндлықтарын қатаң сақтауды
ұсынатын фундаменталистік діни-саяси ұйымдардың дүниетанымдық қорын
қатамасыз етіп келеді. Олардың арасында 1928 жылы мысырда пайда болып,
бүкіл ислам әлеміне әсер еткен Мұсылман бауырластары ассоциациясының орны
ерекше. Ол күресудің құралы ретінде саяси жолды таңдаған ұйым болғанға
дейін қайрымдылық, ағартушылық жолдардан өткен. Мұсылман бауырластар
исламды тек дін ретінде ғана емес, бүгінгі әлеуметтік-саяси система ретінде
түсінеді. Осы ұйымның идеологтары ислам әлемін ислам рухына қайшы еуропалық
модельдегі мәдени, идеологиялық әсерлерден азат ету және Құран мен Шариғат
ережелеріне сәйкес әлеуметтік өмірді енгізу қажеттігін қуаттайды. Мұсылман
байырлар ассоциациясы идеологиясына негізделген ислам фундаменталистік
қозғалыстардың түрлі формада көріну барысы саяси мақсатқа қарай өзгеруге
және экстремистік бағыт болып қалыптасуына жол ашты.

6- Лекция. XX ғасыр теософиясы
Жоспары:
1.Теософия және теософия қоғамы
2.Антропософия.
3.Тірі этика
Маќсаты: Батыс діни философиясының шығыс философиясымен синтезделе дамуы
негізінде бірнеше діни ілім мектептері пайда болған. Жалпы бұл лекцияда
студенттерге сондай мектептердің бірі – Теософия, антропософия және Агни
Йога турасында мәліметтер беріледі.
Мазмұны
1.Теософия және теософия қоғамы
Теософия термині (грекше theos – құдай, sophos – даналық) сөзбесөз
құдай даналығы мағынасын білдіреді. Теософияның негізін қлаушылардың
пікірінше, осы терминнің шығу тегі неоплотонниктер мектебінен шыққан,
алайда теософияның ең ескі элементтері Ежелгі Үндістанда қалыптасқан, ал
теософия термині санскрит тіліндегі брахмавидьяға (діни даналық) сәйкес
келеді. Оның негізін салушылар тарапынан теософия бүкіл діндердің негізі,
белгілі бір тарихи кезеңдегі дінді дінді түсіндіру әдісіне сәйкес келетін
жаңа әдіс және адамзат тарихы бойында формасы жағынан өзгеріп отырғанмен,
мәні өзгермейтін ілім ретінде қаралған. Ерекше философиялық жүйе ретінде
теософияның қалыптасуы Е.П. Блаватская іс-әрекеті мен оның құрған
теософиялық қоғамымен байланысты. Оның идеясын жүйелеу кейінірек, А.Безант,
Р.Штайнер тарапынан жүзеге асты. Е.П.Блаватскаяның маңызды теософиялық
еңбегі – Құпия доктрина.
Ғылымның позитивтік рөлін теріске шығармай, теософия теоретиктері
оның шектеул екендігіне мән береді. Теософиялық ғылым мен әдеттегі қазіргі
ғылымнан арасындағы маңызды айырмашылық әдеттегі ғылымның бүтіннің бір
бөлігі ғана саналатын – соның және өзге әлемдердің физикалық құбылысымен,
адамның физикалық миы мен сезімі арқылы танылу мүмкіндігімен ғана
шектеледі.
Космология. Безанттың пікірі бойынша теософия салған әлем
картинасына адамзаттың рухани қорғаушысы берілген. Теософия космосты Логос
бірлігінен шығып, оның өміріне сүйеніш болатын система ретінде айқындаған.
Теософиялық еңбектердің көпшілігінде адам космосы физикалық күн – Логостың
ең томенгі көрінісі болып табылатын күн системасымен шектеледі. Логос
құдайлық сананы бейнелейтін айна ретінде түсіндіріледі, ал әлем – Логостың
айнасы. Осы әлемнің мәні Логос болғандықтан, әрбір әлемнің (әлем және
планета) өз Логосы бар. Күн системасының материясы, эволюция алаңында
дайындалатын құдай Логосының алғашқы шығармашылық әрекетінің нәтижесі болып
табылады.
Космос эволюциясы – құдайлық Логостың үш шығармашылық толқыны
әрекетінің нәтижесі. Біріншісі, Логостың өзінен шығатын, жұлдыздар арасы
материя мұхитынан ағып келетін өмірлік толқын. Өзінің бәсеңдейтін
әрекетімен екінші ұлы толқын матрияға түрлі келбет пен қасиет береді., ал
жоғарылаған әрекеті қасиетке ие материядан форма жасайды. Осы процесте
Логос жатарушы, әлемнің ұлы геометригі ретінде танытылады. Үшінші ұлы
толқын құдай тамшысы (семян) – құдайлық Логос жандау және материалдан
өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам-жануарға баяу жоғарылаған
ұзақ уақыттық эволюциямен дайындалған денені қолдану үшін материяға
жолдаған адам жанының енуімен байланысты. Теософия материяның әрбір бөлшегі
– рухани-материалдық деген әлемнің пантеистік картинасын жасаған. Жан мен
материя бөлінбес жұпты құрайды, оның бірінсіз келесісі өмір сүре алмайды.
Антропогенез. Жер шары жетілік циклдан тұратын планетарлық эволюция
сатыналарының бірі. Жер манвантара тіршіліктің жеті класын жасаған ай
манвантарадан кейін келеді. Адам эволюциясы да бір-бірін алмастыратын 7
расадан құралған.
Жердің бастапқы түп расасы қоймалжың формасыз тіршіліктен құралады
және өзінің өмір тынысын күннен алады. Екіншісі белгілі бір дене құрамын
құраса, үшінші алып денелі маймылға ұқсас тіршілікті құрады. Жердің үшінші
түпрасасы өзінің циклін жүзеге асырған дәуірде Венера планетарлық
тізбегінен дамыған адамзат өкілдері, ақыл ұлдарының арасындағы жоғары
дәрежелердің біріне жататын ашық түстес тіршілік – От ұлдары пайда болады.
Олар жас адамзаттың діни ұстазы ретінде жер бетінде тіршілік етеді және
хауан адамға адам жанын қалыптастыратын ұшқынды енгізеді. Дамыған космостық
тіршілік күн питристерінің жерге орнығуы нәтижесінен кейін төртінші
атлантикалық раса дүниеге келеді.
Адам жайлы ілім. Теософияның негізгі компонеттерінің бірі адам
эволюциясын қамтитын процесс – қайта түрлені ілімі болып табылады. Өмір
дегеніміз – Логостың өздігінен жүзеге асуы. Адам ақылды, саналы,ментальдік,
астарльдік және физикалық сфераға жататын денемен қапталған тіршілік.
Құдайлық рух дегеніміз бұл Логостан шығатын нұр, жалынның бір ұшқыны және
ол адамның ішінде. Ол Логостың үш табиғатын иеленген. Адам эволюциясы оның
осы үш құдайлық аспекттері – болмыс, шаттық және ақылдың білінуімен
байқалады.
Адам - физикалық ортада тіршілік ететін тіршілік ішіндегі ең
жоғарғысы және жердегі тәртіпке, бейбітшілік пен берекеге жауап беретін
жоғары дәрежедегі Логостың ізбасары. Теософия ілімі бойынша адамның тәні:
1) физикалық әлеммен жанасатын және одан информациялар алатын, оны жанға
жеткізетін физикалық денеден; 2) күннен шығатын және физикалық дененің
түрлі бөлімдеріне таралатын өмірлік токтарға жетекшілік жасаушы эфирлік
сыңардан тұрады. Жердегі өмір сүру кезеңінде физикалық және эфирлік дене
бірге қызмет атқарады. Сонымен қатар, адам ойының әсерімен өзінің формасын
өзгертуге қабілетті, мөлдір, жіңішке ерекше астральдік материядан тұратын
астральдік денені де иеленеді, онда биопсихикалық алаң орталығы – чакралар
бар.
Жоғары әлем жайлы ілім. Адам әлемінің құрылымы физикалық, астральдік,
ментальдік әлемнен, Буддхи сфераларынан, нирванадан және жоғары құдай
өмірін қоса жоғары әлемдерден тұрады. Адам организмі структурасы мен
азамзат әлемінің мәні ұқсас. Физикалық және эфирлік дене бір-бірімен тығыз
байланысты, эфирлік сыңар ерекше әлемде орын алмайды, ол физикалық денемен
тығыз байланысты. Ментальдік әлем физикалық материямен шектелмейтін
сана, ақыл сферасы, бұл адамның шынайы отаны. Ол ой материясынан тұрады.
2. Антропософия
Антропософия сезімнен тыс қабылдау органдарының дамуына, сондай-ақ,
табиғаттан тыс әлемді тану мақсатына қарай ойдың, сезімнің және еріктің
дамуына бағытталған құпия қабілет пен күштің иегері ретінде адам жайлы
оккульттік философиялық ілім.
Антропософияның негізін қалушы Р.Штайнер бастапқыда теософияның
теоретигі және насихатаушысы ретінде танылды. Алайда, алғашқы жұмысында-ақ
ол адам рухын зерттеуге көңіл аударады, теософияны эксперименттік ілімге
айналдыруға тырысады, медитативтік техника, педагогика, өнер мен медицина
сұрақтарн дамытады. Теософия қоғамымен келіспеушіліктен кейін Р.Штайнер
орталығы Швейцария қаласы Донахта орналасқан 1913 жылы Бүкіл әлемдік
антропософия қоғамын құрады. Антропософиялық ілім Еуропа елдері мен ақш-қа
таралған.
Антропософияда Адам жайлы ілім. Антропософиялық доктринаның негізіне
Р.Штайнер үш әлем – физикалық, көңілдік және руханидің азаматы ретінде
қарайтын адам жайлы ілімді қояды. Адам жетімүшелі тіршілік иесі: 1)
Физикалық дене; 2) Эфирлік дене немесе тіршілік денесі; 3) Сезінетін көңіл
денесі; 4) жан парасаттылығы; 5) Рухтың орындауымен саналы жан; 6) Өмір
рухы; 7) рухани адам.
Адамның жандық (көңілдік, душевной) тіршілігі оның тәндік
тіршілігінен ерекшеленеді. Ол дербес ішкі әлемді құрайды және сыртық әлемге
өзін қарсы қояды. Көңілдік әлем мына топтарға бөлінеді: 1) Құмалық жалыны
2) тұрақсыз сезім, 3) қалау, 4) қуаныш пен қайғы; 5) көңіл жарығы 6)
әрекетшіл көңіл қуаты 7) көңіл өмірі.
Антропософияда физикалықтан тыс әлем жайлы ілім. Антропософия
макрокосмос пен микрокосмос, әлем мен адам – ұқсас деп саналады. Әлемнің
құрылымы адам құрылысына сәйкес келеді және өзара аралас әлемдер жиындығын
құрайды: құмрлық жалыны елі, тұрақсыз сезім аймағы, қалау алауы,
шаттық пен мұң, көңіл жарығы, әрекетшіл көңіл қуаты, көңіл өмірі.
Рухтар әлемі немесе рухтар елі көңіл (жан) әлеміне қарағанда
анағұрлым ерекше. Ол адам ақыл-ойынан тұратын нәрселерден құралған. Бұл
әлем тірі ойлар немесе тіршілік-рух мекені болып табылады. Осы әлемде
физикалық әлемде және көңіл әлемінде бар барлық заттар мен тіршіліктердің
рухани бейнесі кездеседі.
Антропософияда таным теориясы. Р.Штайнер физикалық әлемді тануға
бағытталған әлістерге негізделген бүгінгі ғылым физикалық әлемнен тыс
ғайыпты тани алмайды деп санайды. Ал антропософия танымның жаңа әдісін
дамытуға жол ашады.
Антропософиялық танымға тырысқан адам физикалықтан жоғары аймаққа
кіру мүмкіндігіне ие күштерді дамытуы тиіс. Бұл күштер әрбір адамда бар
және оянғанда, дамығанда ғана оған деген мұқтаждық туады. Жоғары әлемд тану
жолы дәрежені алу арқылы жүзеге асады. Оның шарттарының бірі – адамдар дар
шынайы шындыққа немесе адамдарға деген қатынасын орынауға қабілетті адамның
құрме сезімі болып табылады. Адамда кездесетін құрмет сезімі оның аурасында
елеулі өзгеріс туғызады. Осы өзгеріспен бірге физикалықтан жоғары әлемді
тану қабілеті ашылады. Басқа бір жағдаймен дәрежеге жету ішкі рухани
өмірден адамның хабары болуы болып табылады.
Егер дәрежені иелену физикалықтан жоғары әлемді тану жолына бастапқы
этап болып табылса, оның екінші этабына бос сергек санаға ие болу жатады.
Тек бос сана ғана жерде емес, космостық кеңістікте емес, уақыт пен
кеңістіктен тысқары, адамзат болмысының ең терең мәнін құрайтын рухани
әлемді ашады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz