Жинақтаушы зейнетақы қорының маркетингтік қызметтерінің әмбебаптылығы


Жоспары
Кіріспе
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет етуінің теориялық негіздері.
1. 1. Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру.
1. 2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет маркетингін теориялық дәлелдеу.
1. 3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет маркетингі.
2. Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорларының маркетингтік қызметінің даму жағдайы.
2. 1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының жалпы қызмет етуін талдау.
2. 2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының маркетингтік қызмет ерекшеліктерін талдау.
2. 3. Қазақстанның зейнетақы нарығының инвестициялық қызметін талдау.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының даму перспективалары.
3. 1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының маркетингтік қызметін ұйымдастырудың шетел тәжірибесі.
3. 2. Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметін жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
Кіріспе.
Жас мемлекетіміздің алға басқан қадамы жыл сайын қарқын ала түсуде. Он бес жыл тарих үшін тіптен де көп болып саналмағанымен осынау жылдарда дербес мемлекет ретінде өз іргетасын қалап, оны нығайтумен айналысқан Қазақстан үшін оңайға тимегені бәрімізге анық. Ел экономикасы өркендеп, халықтың әл-ауқаты арта түсті. Бұл мемлекет басшысының сындарлы саясатымен жеткен жетістік.
Біздің елімізде жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізілгеннен бері сегіз жыл өтті. Осы аралықта еліміздің зейнетақы нарығы мәнді түрде, санды және сапалы түрде дамыды. Сегіз жылдық мерзім ішінде зейнетақы активтері ең негізгі ішкі ұзақ мерзімді инвестиция көзі болып табылады, яғни басқа инвесторлрдың институттарына қарағанда жинақтаушы зейнетақы қорлары бүгінгі таңда ең қуатты инвестициялық потенциалға ие.
Бастапқы бес жылды (1998-2002 жылдар) ғалымдар мен практиктер (тәжірибешілер) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылымы және оның қосалқы инфрақұрылымының құрылу мерзімі деп таныды. Бұл мерзімде зейнетақы нарығының негізгі қатысушылары (ірі отандық қаржы және өндірістік топтар, қаржы нарығының негізгі мамандандырылған қатысушылары) анықталды. Жинақтаушы зейнетақы нарығының негізіг белгілері біртіндеп пайда болды, себебі оның бастапқы туындаған жылдарында қатысушылар арасындағы қатынас негіздері қаланды, жүйенің техникалық инфрақұрылымы, мемелекеттік бақылау және қадағалау құрылымы, зейнетақы нарығының жұмыс істеу нормативті-құқықтық базалары құрылды. Жинақтаушы зйенетақы қоры үшін бастапқы жылдары ең пайдасы көп және ернтабельді деп бағалауға болады.
Басқа институцианалды инвестордан жинақтаушы зейнетақы қорының өзгешелігі, ол ең «ұзақ» инвестициялық ресурстарды және соған сәйкес ең қуатты инвестициялық потенциалды иеленуде. Бірақ, ұлттық валютамызды нығайту жағдайында қаржы құралдарының тапшылығы жинақтаушы инвестициялық қорлардың инвестициялық қоржынының кірісіне едәуір мәселе туғызып отыр. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелерін бағалы қағаздар нарығын жетілдірмей шешу мүмкін емес.
Соңғы жылдары зейнеткерлердің тұрмыс деңгейін қолдауға бағытталған шаралар тұрақты түрде қабылданып келеді. Еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру бағдарламасы өткен жылдан бастап, Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалау жүзеге асырылуда. Реформаның стратегиялық бағыты - белгілі бір кезеңде сақталып отырған ұрпақтар ынтымақтастығы қағидатынан дербес зейнетақы жинақтары қағидатына біртіндеп көшу. Реформаның басталуы өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарына тура келді. Экономикалық ауқымды дағдарыс, қаржылық тұрақсыздық пен инфляция жағдайында зейнеткерлер алдындағы мемлекет міндеттемелерінің орындалуы қиынға соқты. Зейнетақының уақытында төленбеуі халық арасындағы наразылықтың және әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеле жатты.
Сондықтан елбасының бастамасымен зейнетақы жүйесін реформалау тұжырымдамасы қабылданды. Реформаның басты мақсаты зейнетақы жасындағы халықтың тұрмыс деңгейін арттыру болып табылады. Осы мақсатпен қызметкердің өзінің және жұмыс берушінің жауапкершілігін ұлғайта отырып, зейнетақымен қамсыздандырудың қосымша нысандарын (міндетті және ерікті) құру міндеті алдымызда тұр. Бұған қоса, жинақтаушы жүйе ел экономикасына қосылатын капиталдың, жинақтар мен инвестициялардың өсуіне, мемлекеттік бюджетке түсетін жүктеменің төмендеуіне ықпал етуге тиіс.
Өткен жылдан бастап, әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыруды басталды.
Мемлекет басшысының жолдауына және Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, зейнетақымен қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесін құруға бағытталған.
Бірінші деңгей - барлық азаматтар үшін мемлекеттік базалық (іргелік) зейнетақы. Екінші деңгей - ынтымақты жүйеден (республикалық бюджет) және міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы. Үшінші деңгей - ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы аударымдары есебінен қосымша төлемдер.
Осындай үш сатылы зейнетақымен қамсыздандыру азаматтардың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады деп есептеуге болады.
Зейнетақы жүйесінің бірінші деңгейі - базалық зейнетақы - бұл зейнеткерлік жасқа жеткенде еліміздің барлық азаматтарына олардың еңбек өтіліне, жалақысы мен тағайындалған зейнетақысының мөлшеріне қарамастан төленетін мемлекетпен кепілденген төлем болып табылады. Базалық зейнетақының мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленетін болады. 2010 жылға қарай оның мөлшерін күн көру шегінің 75%-на дейін жеткізужоспарланып отыр.
1998 жылға дейін зейнетақы төлемдерін алып келген адамдарға, сондай-ақ заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлік жасына жеткен толық және толық емес жұмыс стажы бойынша зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жасындағы мүгедектерге мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі өтініш талап етілмей, зейнетақылық іс-қағазындағы құжаттары негізінде тағайындалады.
Базалық зейнетақымен қатар, жыл сайын ынтымақты жүйесінен берілетін зейнетақылардың мөлшерін арттыру жөнінде шаралар қабылданады.
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет етуінің теориялық негіздері.
1. 1. Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру.
Қазақстан - халықтарды әлеуметтік қамсыздандыру реформасын жүзеге асырушылардың ТМД елдерінің ішіндегі алғашқысы. Бұл реформаның жүзеге асуы негізінде зейнетақы жүйесі құрылды. 1997 жылы 12 мамырда зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы қабылданды. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы негізінде іс-шаралар жүргізілуде. 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың меншік нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыруға конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын реттейді.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз етудің сферасында негізгі субъектісі ретінде жинақтаушы зейнетақы қорларын, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың және кастодиан-банктерінің пайда болуына, дамуына жағдай жасады.
Қазақстандағы зейнетақы реформасы екі жүйеде жүргізілген. Бірінші Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшкліктерімен сипатталады:
1) зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;
2) әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;
3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.
90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауынан да, сондай-ақ әлеуметтік қорларға оларды толық және уақытылы аударып отыруға төлеушілердің мүдделігінің болмауынан да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдылығының төмен деңгейінде көрінетін еді; бұл зейнеткерлер мен жәрдемақы алатындар алдында берешектің үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар қаражатттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөріс минимумдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді.
Екінші Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізінде сипатталады:
- зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
- зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін ең аз белгіленген күнкөріс минимумын сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;
- зейнетақы жинақ ақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;
- зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
- еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі;
- инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақ ақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;
- қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
9) зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемдеседі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға алушының жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда төленеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларына енгізілген міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері заңның 9-бабының 1-тармағында және 60-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туған кезде, сондай-ақ егер алушы 55 жасқа толған кезде еңбек қызметін тоқтатып, оны жүргізбесе, кем дегенде 35 жасқа жарна төлеген мерзімі жеткіліктілігін уәкілетті орган белгілейтін жинақталған зейнетақы қаражаты болған жағдайда жүзеге асырылады. Жинақтаушы зейнетақы қорларына енгізілген ерікті зейнетақы жарналарының және заңға сәйкес түсетін өзге де қаражаттардың есебінен зейнетақы төлемдерін төлеу мына жағдайларда:
- кемінде 10жыл кезеңге ерікті зейнетақы жарналары жиналғанда, және 55жасқа толғанда, тізбесін Үкімет белгілейтін азаматтардың белгілі бір санаттары үшін бұл жас 50жасқа дейін кемітілуі мүмкін;
- мүгедікке ұшырағанда;
- асыраушысынан, зейнетақы төлемдерін алушыдан айырылғанда жүзеге асырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне салық заңдарына сәйкес салық салынады. Жеке адамдардың міндетті зейнетақы жарналарын кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке адамдар оларға табыс төленетін көздерден Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен ұстап қалады. Ал ерікті зейнетақы жарналарын салымшы аударады. Ерікті зейнетақы жарналары үшінші адамның пайдасына аударылуы мүмкін, ал міндетті зейнетақы жарналары үшінші адамның пайдасына төленуге тиіс емес. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері зейнетақы жарналары мен жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялауды басқаруды жүзеге асырушы ұйымдарға төленетін комиссиялық сыйақыларды шегеріп тастағандағы инвестициялық қызмет есебінен құралатын инвестициялық кіріс есебінен қалыптасады. Зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға жұмсалады:
- бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына орналастыруға;
- зейнетақы төлемдерін заңға сәйекс жүзеге асыруға;
- заңдарға сәйкес зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға;
- қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына өзінің пайдасына зейнетақы жарналары төленген алушының жинақталған зейнетақы қоры ол қайтыс болған жағдайда заңдарда белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеген адамға қор жерлегені үшін он бес еселеген айлық есептік көрсеткіш шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде біржолғы төлем жасайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері кастодиан-банктерде кастодиандық шартқа сәйкес сақталып, шоттарда ескеріледі. Кастодиандық шарттың нысанын уәкілетті орган бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді. Кастодиан-банк жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің мақсатты орналастырылуына бақылау жасайды және олар заңдарға сәйкес келмеген жағдайларда бұл жөнінде бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті орган мен жинақтаушы зейнетақы қоры дереу хабардар ете отырып, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның тапсырмаларын жауып тастауға міндетті. Зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуына кастодиан-банктің бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Кастодиан-банк зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру жөніндегі, инвестициялық табыс алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізеді және жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай-күйі және зейнетақы активтерін инвестициялауды басқаруды жүзеге асырушы ұйымның қызметі туралы ай сайын хабардар етіп отырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын өз пайдасына жүзеге асыратын салымшылары:
- зейнетақы шартын жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға;
- уәкілетті орган белгілеген көлемде жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары, зейнетақы активтерін инвестициялауды басқаруды жүзеге асырушы ұйым және кастодиан-банк туралы ақпарат алуға;
- жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпарат алуға;
- жинақтаушы зейнетақы қорының іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға;
- үшінші адамдардың пайдасына да ерікті зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыруға;
- зейнетақы шартына және заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға хақылы.
Зейнетақы жарналарын өз пайдасына жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары:
- зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға және зейнетақы шартына сәйкес міндетті зейнетақы қорларының тек біреуіне ғана енгізуге;
- жинақтаушы зейнетақы қорларына қордың міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер туралы өзгерістер жасалған сәттен бастап, 10 күн ішінде хабарлауға;
- зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға және зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушы зейнетақы жарналарын өз пайдасына жүзеге асыратын салымшының барлық құқықтарын пайдаланады. Сондай-ақ, зейнетақы жасына жетуі бойынша және заңда көзделген өзге де жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы төлемдерін алуға, өзінің жинақталған зейнетақы қорларын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударуға құқылы, ол күнтізбелік жылына екі реттен аспауы керек. Және де Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзі жинақтаған зейнетақы қорын мұра етіп қалдыруға, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқылы. Зейнетақы төлемдерін алушы: табыс алуға әкеп соғатын шарт жасасқан ретте өзінің дербес зейнетақы шотының нөмірі мен қор реквизиттерін шарт жасалған сәттен бастап 3 күн ішінде хабарлауға; жинақтаушы зейнетақы қорының алушы алдындағы міндеттемелерін орындауына ықпал жасайтын өзгерістер туралы жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлауға міндетті.
«Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 29-бабына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорлары:
- зейнетақы шарттарын өзгерту немесе тоқтату тәртібін;
- зейнетақы жарналары мен төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен ережелерін;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылар мен салымшылар алдындағы міндеттемелері бойынша жауапкершілігін;
- жинақталған зейнетақы қаражатынның жай-күйі туралы ақпарат беруді;
- жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екішісіне аударудың ережелерін;
- салымшыларға жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары, зейнетақы активтерін инвестициялауды басқару жөніндегі ұйымдар мен кастодиан-банк туралы мәліметтер беруді;
- жинақтаушы зейнетақы қорлары, салымшылар мен алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың, өзге де ерекшеліктерін қамтитын зейнетақы ережелерін белгілейді.
Зейнетақы ережелерін уәкілетті орган бекітеді және зейнетақы ережелері қор салымшысы мен ерікті жарналар алушының мүддесіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Зейнетақы шарты жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылардың арасында үлгілік зейнетақы шартына сәйкес жазбаша түрде жасалады. Үлгілік зейнетақы шартын уәкілетті орган әзірлеп бекітеді және онда мынадай мәліметтер:
- жинақтаушы зейнетақы қорының атауы, заңды мекен-жайы және банктік реквизиттері;
- салымшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), әлеуметтік жеке коды, мекен-жайы немесе оның атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері (егер ол заңды тұлға болса) ;
- шартың мәні;
- тараптардың құқықтары мен міндеттері;
- зейнетақы жарналарын енгізудің тәртібі мен шарттары;
- жеке зейнетақы шотының нөмірі;
- жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі жөнінде есеп беру тәртібі;
- тараптардың міндеттемелерді орындамаған жағдайлардағы жауапкершілігі;
- шарттың қолданылу мерзімі;
- шартты өзгертудің және бұзудың тәртібі мен ережесі;
- ерікті зейнетақы жарналарының алушысы туралы мәлімет болады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің салымшы мен алушының алдындағы міндеттемелері бойынша өз мүлкімен ғана жауапты болады. Салымшылар мен алушылар жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, дәл сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорлары да салымшылар мен алушылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық және корпоративтік болып бөлінеді. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады. Ал корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол қордың құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың алушы-қызметкерлері үшін құрылады. Алушының заңды тұлғамен - акционермен еңбек шартын бұзуы корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын бұзу үшін негіз болады.
Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорның құрылтайшылары және акционерлері бола алады. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құру кезеңінде бірде-бір тұлға тікелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығы бар акцияларының 25%-нен астамын иеленуге, билік етуге немесе басқаруға хақылы емес. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі кезеңінде, уәкілетті орган рұқсат еткен реттерді қоспағанда, бірде-бір тұлға тікелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығы бар акцияларының 25%-нен астамын иеленуге, билік етуге немесе басқаруға хақылы емес. Осы аталған шектеулер корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорына қолданылмайды. Мемлекеттік кәсіпорын және мемлекеттік акциялар пакеті мен үлесі бар кәсіпорын, уәкілетті орган рұқсат еткен реттерді қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары мен акционерлері бола алмайды. Жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны кеміген жағдайда корпоративтік зейнетақы қорларының акционерлері бірдей жауапты болып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша инвестициялық кіріс ысырабының орнын толтырады. Жинақтаушы зейнетақы қоры басқа жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы бола алмайды.
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті заңдарда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі лицензиялау туралы заңдармен белгіленеді. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне лицензияның қолданылуын мына негіздердің кез келгені:
- лицензия берілгенде негізге алынған ақпараттың сенімді еместігі;
- жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін бастауды лицензия берілген кезден бастап бір жылдан астам уақыт кідірту;
- жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы шарттары бойынша міндеттемелерін үнемі (12 жүйелі күнтізбелік ай ішінде үш және одан көп реттерде) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
- Қазақстан Республикасының заң және номативтік-құқықтық актілерін, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы ережелерін және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерін бұзу не уәкілетті органның жазбаша ұйымдарын орындамау;
- есептер мен мәліметтерді табыс етпеу немесе оларды күмәнді табыс ету бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Лицензияның тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынырақ тартылған салымшылар бойынша зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ олардың зейнетақы жинақтарын зейнетақы активтерін инвестициялауды басқару жөніндегі ұйым арқылы инвестициялау құқығын сақтай отырып, салымшыларды тартуына тыйым салуға әкеп соғады. Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне берілген лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұру туралы қабылдаған шешімі жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына хабарланады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат баспа құралдарында жарияланады. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға түрткі болған себептердің уәкілетті орган белгілеген мерзімде жойылмауы оны кері қайтып алуға негіз болып табылады.
Атқарушы органның басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер мен оның орынбасарлары, филиал мен өкілдіктің бірінші басшысы мен бас бухгалтері жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметкерлері болып танылады. Жинақтаушы зейнетақы қорларына жоғары білімі жоқ, заңда белгіленген тәртіппен соттылығы алынбаған, бұрын сол адамның басшылық еткен кезінде банкрот деп танылған немесе санкцияға ұшыратылған, мәжбүрлеп таратылған заңды тұлғада басшы қызметкер немесе лауазымды адам болған басшы қызметкер бола алмайды. Азаматтың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін жинақтаушы зейнетақы қорларында басшы қызмет атқаруға құқығы бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz