Еңбек туралы ұғым және еңбек нарығы



Кіріспе
1. Еңбек туралы ұғым және еңбек нарығы.
2. Нарықты экономика кезеңіндегі еңбек және еңбек қатынастары
3. Еңбек нарығының механизмдері
4. Еңбек нарығын мемлекет тарапынан реттеу.
5. Еңбек нарығының мемлекеттік реттеудің негізгі бағыты.жұмысбастылықты қамту.
6. Еңбек нарығын реттеу тетіктері және проблемалары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Нарықтық экономикаға өту Қазақстан халкы үшін өте өзекті және күрделі мәселелерінің бірі болды. Нарыққа өту процестерімен қатар кәсіпорындардың жойылуы мен жабылуы, сонымен қатар кедейлік пен жұмыссыздықтың артуы байқалды.
Нарық қатынастарына өту барысындағы қиыншылықтарының бірі ол адамдардың өмір сүруімен, әсіресе оның еңбек әрекетімен байланысты болды. Халықты жұмыспен қамту, енбек нарығында жұмыссыздықты реттіеу ең маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің бірі. Себебі толық жұмысбастылық пен жұмыссыздық деңгейі макроэкономикалық дамуы мен қоғамның тұрақтылығының көрсеткіш-индикаторлары болып табылады.
Толық жұмысбастылық экономикалық өсудің негізгі факторы болып табылады. Сондай-ақ экономикалық өсу халықтың толық жұмысбастылығын қамтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға қолайлы жағдай жасайды.
Бірақ әлемнің барлық елдерінде соңғы жиырма жылдықта жұмысбастылық саласында жағдайдың нашарлағанын байқауға болады.
Өндірістік дамыған және дамушы елдерге жұмыссыздықдық жоғары деңгейі мен онын өсуі, ал өтпелі экономикаға жаппай жұмыссыздықтын пайда болуы мен толық емес жұмысбастылық тән.

Жоспар

Кіріспе
1. Еңбек туралы ұғым және еңбек нарығы.
2. Нарықты экономика кезеңіндегі еңбек және еңбек қатынастары
3. Еңбек нарығының механизмдері
4. Еңбек нарығын мемлекет тарапынан реттеу.
5. Еңбек нарығының мемлекеттік реттеудің негізгі бағыты-жұмысбастылықты
қамту.
6. Еңбек нарығын реттеу тетіктері және проблемалары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Нарықтық экономикаға өту Қазақстан халкы үшін өте өзекті және күрделі
мәселелерінің бірі болды. Нарыққа өту процестерімен қатар кәсіпорындардың
жойылуы мен жабылуы, сонымен қатар кедейлік пен жұмыссыздықтың артуы
байқалды.
Нарық қатынастарына өту барысындағы қиыншылықтарының бірі ол адамдардың
өмір сүруімен, әсіресе оның еңбек әрекетімен байланысты болды. Халықты
жұмыспен қамту, енбек нарығында жұмыссыздықты реттіеу ең маңызды әлеуметтік-
экономикалық мәселелерінің бірі. Себебі толық жұмысбастылық пен жұмыссыздық
деңгейі макроэкономикалық дамуы мен қоғамның тұрақтылығының көрсеткіш-
индикаторлары болып табылады.
Толық жұмысбастылық экономикалық өсудің негізгі факторы болып табылады.
Сондай-ақ экономикалық өсу халықтың толық жұмысбастылығын қамтуға, жаңа
жұмыс орындарын ашуға қолайлы жағдай жасайды.
Бірақ әлемнің барлық елдерінде соңғы жиырма жылдықта жұмысбастылық
саласында жағдайдың нашарлағанын байқауға болады.
Өндірістік дамыған және дамушы елдерге жұмыссыздықдық жоғары деңгейі мен
онын өсуі, ал өтпелі экономикаға жаппай жұмыссыздықтын пайда болуы мен
толық емес жұмысбастылық тән.
Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен оның
халықаралық қауымдастыққа кіруі, бір жағынан, жұмысбастылық мәселесін
аймақтық дәрежеде емес, экономиканың әлемдік глобализация дәрежесінде
шешуді талап етеді. Екінші жағынан, жұмысбыстылық саясаты мен концепциясын,
басымды бағыттарын республиканың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық
аймақтық ерекшеліктерін есепке ала отырып жасаған дұрыс.
Жұмысбастылық қатынастары негізделетін маңызды принциптерінінің бірі ол
түрлі меншік шеңберінде еңбек ортасында еркін таңдау жүргізу мүмкіншілігі.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық негізіндегі өзгерістері жұмысбастылық
қатынастары үшін өте маңызды болып табылады. Олар жұмысбастылық жүйесінде
позитивті және негативті өзгерістерге әкеліп соғады. Бір жағынан оның
құрылымын жетілдіреді, екінші жағынан жаппай жұмыссыздықда әкеледі.
Мәселенің өзегі ол жұмыс күшіне деген ұсынысының сұранысынан артуынан
тұрады. Жұмыс күшінің жұмыстан босатылу процессінің жоғары қарқыны
жұмыссыздық мәселесін күшейтіп, қоғамдағы әлеуметтік жағдайды нашарлатады.
Бұл жұмыстың мақсаты: еңбек нарығы категориясының экономикалық мазмұны
туралы ғылыми-теориялық және әдістемелік аспектілерін қарастыру, еңбек
нарығында мемлекеттік реттеу саясаты мен бағыттарына мінездеме беру, еңбек
нарығын мемлекеттік реттеу саласында нақты практиқалық ұсыныстар жасау.
1. Еңбек туралы ұғым және еңбек нарығы
Еңбек - адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының
түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай
істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізі, адамзат тіршілігінің
мәңгілік, табиғи шарты. Қай кезде болса да, еңбекке жарамды адам міндетті
түрде еңбек етуге тиіс болған, егер еңбек етпейтін болса, олар арамтамақ
болып есептелген. Өз еңбегімен тапқан табыс зейнетті де, еңбектенбей
табылған табысты жұғымсыз деп санаған.
Еңбек нарығы-бұл жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшыларды және
елдегі шаруашылықты реттеуде негізгі функцияларды атқаратын жұмыс күші
қозғалысының өзара байланысқан динамикалық жүйесі.
Еңбек нарығының негізі компаненттері мыналар: жұмыс күшіне деген
сұраныс және жұмыс күшінің негізі; жұмыс күшінің құны, жұмыс күшінің
бағасы; жұмыс берушілер мен жұмыс алушылар арасындағы, жұмыс берушілермен
жалдамалы жұмысшылар арасындағы бәсеке.
Еңбек нарығының субьектілері болып: жұмыс берушілер және олардың
өкілдері, жұмысшылар мен олардың өкілдері (кәсіподақ), мемлекет және оның
органдары (халықты еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі,
департаменттер).
Еңбек нарығы тар мағынада - жұмыс күшін сатушылар мен жалданушылар
арасында келісім жүргізетін жер. Жұмыс күшін жалдау күрделі процесс.
Жұмысшының жалгерлік туралы шешім қабылдауы берілген қызметті жетілдірумен
қабылдаудағы ұзаққа созылған процесс. Осыған байланысты "еңбек нарығы"
термині шетел әдебиеттерінде адекватты түсінікте "жұмыспен қамтылу
системасы" болады. Еңбек нарығы сыртқы және ішкі, ашық және жабық болады.
Сыртқы еңбек нарығында жұмыс күшінің жұмылдырғыштығы фирмалар
арасында болады. Кәсіпорынның ішкі кадрларының қөзғалысы, жұмысшының жаңа
жұмысқа ауысуы немесе жұмысшының жоғары дәреже, разряд алуы ішкі еңбек
нарығына жатады. Сыртқы еңбек нарығы жұмысшылардың мамандығына байланысты
түрлі фирмаларда пайдалануына мүмкіндік береді.
Ішкі еңбек нарығында тікелей кәсіби білікті мамандарды басқа
кәсіпорындарда пайдалану қиын. Олар нақты фирмаға сәйкес арнайы
маманданған.
Сондай - ақ ішкі еңбек нарығындағы өндірістік қатынастардың
ерекшелігі жұмысшылардың басқа кәсіпорындарға ауысуына кедергі келтіреді.
Осыған байланысты сыртқы еңбек нарығындағы кадрлардың тұрақтамаушылығы ішкі
еңбек нарығына қарағанда жоғары. Экономикалық даму тенденциясына сәйкес
жұмыс күні ұзақтығының қысқаруы өмірге функционалды еңбек нарығының жаңа
формасын икемді еңбек нарығын әкелді.
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің екі негізгі әсері бар: тікелей
және жанама. Тікелей әсерге мыналар жатады: қоғамдық жұмысты ұйымдастыру
және үйлестіру, мемлекеттік емес секторда жаңа жұмыс орындарын құруды
ынталандыру, өндірістік дайындық және қайта дайындауды ынталандыру,
жұмыс күнінің, аптаның, айдың ұзақтығын реттеу, еңбек
ресурстарының халықаралық миграциясын, маусымдық жұмысты ұйымдастыру.
Еңбек нарығының икемділігі қазіргі өндіргіш күшінің даму денгейінің
талабына жауап ретінде пайда болған құбылыс, экономиканы дағдарыстан
шығаруға, оның өсуіне, кәсіпорынның тиімділігін арттыруға, еңбек
потенциалын толық пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар ол тұрақсыз
жұмыс орын санын көбейтеді, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын
әлсіретеді. Бұл мәселелерді шешуге тек нарықтың шама-шарқы жетпейді.
Сондықтан мемлекет жағынап қызметкерлерді пайдалануда тұрақтылық пен
икемділікті сөйлестіретін ұтымды реттеу механизмі қажет.
Еңбек нарығы субъектілері: жұмыс күші, кәсіподак, кәсіпорын.
Еңбек нарығының қалыптасуында еңбек нарығындағы субъектілердің:
жұмысберушілердің, жұмыскерлердің және мемлекет арсындағы әлеуметтік-еңбек
қатынастарын және олардың мүдделерін реттейтін қоғамдық қатынастарды орнату
маңызды мәселе. Ол үшін әлеуметтік әріптестік институттарын құру қажет.
Атап айтқанда, олар кәсіпкерлер ассоциациясы немесе жұмыс берушілер одағы,
жұмыскердің мүддесін қорғайтын кәсіподақтар бірлестігі, мемлекет.
Еңбек нарығының маңызды бөлігі - оның қызмет ету механизмі. Кейде еңбек
нарығының механизмін еңбек нарығының өзі ретінде қарастырады, алайда бұл
олай емес, өйткені механизм енбек нарығы сияқты қатынастардың бүкіл
шеңберін қамти алмайды.

2.Нарықты экономика кезеңіндегі еңбек және еңбек қатынастары

Нарықты экономиканың және нарық қатынастарының ең маңызды жағы
адамдардың еңбек қызметтерін толассыз жандандыруында. Еңбектің табиғаты,
коғам дамуындағы ролі өзгермесе де, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-
саяси сипаты жағынан байланыссыз болса да, нарықтық экономика кезеңінде
еңбек қатынастары, еңбекті басқару, еңбекті қолдану түбегейлі өзгереді.
Егер нарық қатынастары еңбек әлуетінің нәтижелілігіне, еңбек өнімділігінің
сапасына, адамдардың еңбекке деген көзқарасының өзгеруіне әсерін
тигізбейтін болса, онда нарықты экономика өзінің жоғары деңттейлі мәнін
жоғалтқан болар еді.
Нарықты экономика кезеңінде адамның кез келген еңбек қызметі, атап
айтқанда, ой-қуаты, энергиясы, уақыт шығындары нысанына, жұмыстың тәсіліне
қарамай еңбек болып есептеледі. Еңбек қатынастарында еңбек уәжін де атап
айту қажет.
Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" Заңында: "Еңбек қатынастары
тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір
еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер
арасындағы қатынастар", — делінген.
Адамның алдына қойған мақсаты, оны ынталандыратын уәждер зор роль
атқарады, олардың бастысы еңбекті, жұмыс күшін ақшалай бағалау, Еңбек
қатынастарын реттеу.
Олар рынокта еңбегін мамандығына, талабына, сапасына, еңбек
қабілетіне, біліктілігіне қарай бағалайды. Рынок болса, сұранысқа
байланысты жұмыс күшінің бағасын төмендетутс тырысады. Ал адам жұмыс
күшінің иесі ретінде, бәсекелестік кең жайылған шақта сапасын, жұмыс
қабілеттілігін, мамандығын жоғарылатуға тырысады. Олай болмаған құнде
жұмыссыздар санының көбейу қауиі туады.
Нарық жалдау қатынастарын да қарастырады, одан барып жұмысқа орналасу
проблемасы туады. Жалдайтын жақ жалданатын жұмыскерлерге қойылатын
талаптарында: езіне қажеттіліктшігіне, оның жай – құйіне, біліктілік –
мамандық деңгейіне, жынысы, жасы сипаттама-сына, моральды психологиялық
мінездемесіне қарай қабылдайды. Жалданатын жақ төленетін Еңбекақы
деңгейіне, еңбек жағдайларына, жұмыс орнының мамандығына сай келуіне,
еңбектің бағалылығына, жұмыстың сапалық – психологиялық ахуалына,
басқарушының мәдениеттілігіне қарай зерделейді. Егер сұраныс пен ұсыныс
дәлме - дәл келсе жал туралы келісім шешіледі.
Еңбек қызметі процесінде еңбек қатынастары өзара келісім-шарт арқылы
реттеледі. Өзара шарт – бұл жалдаушы мен жалданушы арасындағы қысқа
мерзімге түжырымдалатын келісім. Егер өзара шартта көрсетілген талаптар
орындалмайтын болса келіспейтін жак тоқтатуына болады.
Еңбек қатынастарындағы өзара шарттық бәсекелестікпен қатар
тапшылықтың жұмыс орнын қамтуы нарық экономикасының тұтқасы. Мүның өзі
қызметкердің еңбек өнімділігінің өсуінс, жогары нәтижсгс жетуіне, оның
еңбек ұжымының және жалдаушының алдында жауапкершілігін құшейтуіне әсерін
тигізуі ықтимал. Егер екі жақ бір – біріне сенімділік білдірсе өзара
Іпартты ұзартуына, тіпті өмірлік шарт жасасуга болады.
Еңбек және еңбекті мөлшерлеу ғылымы басқа да ғылымдар сияқты әр түрлі
бағыттардан және тараулардан тұрады. Негізгі бағыттарына, тарауларына
тоқтшшас бұрын олардың басқа ғылымдармен байла-нысын қарастырайық.
Еңбек және еңбекті мөлшерлеу ғылымы барлық ғылым салаларымен тыгыз
байланысты десе де болады. Олардың техникалық, экономикалық, әлеуметтік,
құқық және басқа да ғылымдармен байланысы еңбек және еңбекті мөлшерлеудің
көп аспектілігін көрсетеді.
Еңбек процестерін ұйыдастыру кезінде жұмыскерлердің энергиялық,
қуаттылық шығыны, олардың шаршау деңгейі, еңбекке деген көзқарасы,
ынталылығы, тағы да сол сияқты әлеуметтік, психофизиологиялық жағдайлар
есептеледі. Осыған орай барлық өзара байланыстылық анықталады.
Кәсіпорынның еңбек ресурстанын белгілі біл салаға байланыста тиориялық
белгілі мен практикалық біліктілігі, физикалық қабілеті бар халықтың бір
бөлігі құрайды.
Кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі оларды
рационалды қолданыолу еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі өнім көлемінің
өсумен кәсіпорынның тиімділігі арттыруға әсерін тигізеді.
Кәсіпорынның кадырларымен еңбек ресурстары – бұл кәсіпорында
орналасқан және жұмысқа қабылданған тізімдегі әр түрлі професионалды
квалификациялы топтағы жұмысшлардың жиынтығы.
Тізімдік құрамды негізгі және негізгі емес іс-әрекетке байланысты
жұмысқа қабылданған барлық жұмысшылар құрайды.
Еңбек ресурстары өндірістік қызметке катысты бойынша былай жіктеледі:
Өнеркәсіптік-өндірістік персоналдар тобы (ӨӨП).
Ұйымның өндірістік емес саласының персоналдары, яғни кәсіпорынның құрамына
кіреді.
Бірінші топқа: цехтарда, бөлімдірде, лабороторияда жұмыс істейтін
өндіріс процесіне тікелей қатысатын жұмысшылар жатады.
Екінші топқа кәсіпорынның инфраструктурасында^ісәймада, қосалқы
шаруашылықга, спорттық, медициналық ұйымдарда қызмет ететін жұмысшылар
кіреді.
Өнеркәсіптік - өндірістік персоналдар операцияның орындалу
мінездемесіне сәйкес былай жіктеледі:
1. жұмысшылар
1.1.негізгі
1.2.көмекші
Негізгі жұмысшылар - өнімінің дайындалу процесіне тікелей қатысатын
жұмысшылар. Жұмысшылардың катысу дәрежесі әртүрлі.
Технологиялық процестегі өнімнін дайындалуына тікелей қатысатын
жұмысшылар бөлігі кәсіпорыннын негізгі цехтарында жұмыс істейді.
Көмекші жұмысшыларға технологияның процесте қызмет жүргізетін,
өндірісті дайындау жұмыстарын құрал-жабдықты реттеуші жұмысшылар кіреді.
Жұмысшы категориясы көп мағыналы.
2. Қызметкерлер. Бұл категорияға басқармадағы жетекшілер.
мамандар және басқа да жұмысшылар кіреді. Негізгі құрамдағылар мамандар.
Басақару функцияларын орындайтын және өндірістік-шаруашылық іс-
әрекетті үйлестіруші жетекшілер мамандар тағайындалады міндетті шарт
жетекші өз қызметінің маманы болуы тиіс.
Құжаттық ақпараттарды және шаруашылық қызметті қайта құру мен
айналысатын басқа тұлғалар.
Кәсіпорындағы жұмыстың орындалуы тек қана арнайы ақыл-ой еңбегі мен
біліктітікті ғана талап етпейді, сондай-ақ нақты жұмыстың орындалуы үшін
кәсіби дайындылық керек, Соған сәйкес жұмысшылар кәсібіне мамандығына және
біліктілік денгейіне байланысты бөлінеді.
Кәсіп (профессия)- арнайы теориялық білімі мен практикалық
біліктілігі белгілі жұмысты орындауға мүмкіндік беретін адамның еңбек
кызметінің түрі.
Кәсіпорындағы персоналдар мен кадрлар құрамының сапалық және
құрамының өзгеруі келесі абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы
анықталады
1)Белгілі бір мерзімдегі кәсіпорындағы және оның ішкі
бөлімшелеріндегі жұмысшылардың нақты тізімдік саны.
2)Белгілі бір мерзімдегі кәсіпорындағы және оның ішкі
бөлімшелеріндегі жұмысшылардың орташа тізімдік саны.
3)Кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы тізімдік санындағы бөлімшелер
(топ, категория) жұмысшыларының үлес салмағы.
4)Анықталған уақытта кәсіпорын жұмысшыларының тізімдік санының өсу
темпі.
5)Кәсіпорын жұмысшыларының орташа разряды.
6)Жосіпорындағы жалпы жұмысшылармен қызметкерлердің тізімдік
санындағы арнайы жоғары және орта білімі бар кызметкерлердің үлес салмағы.
7)Кәсіпорынның мамандары мен жетекшілерінің орташа жұмыс стажы.
8)Жұмысшыларды жұмысқа кабылдаумен шығарудағы кадрлық тұрақтамаушылық
9)Кәсіпорындағы жұмысшылардың қормен жарақтандырылуы.
Қоғамдық өндірісті қарқындандыру оның экономикалық тиімділігі мен
өнім сапасының артуы кәсіпорындағы еңбек.
Казіргі экономиканың даму этапында өндіріс процесіндегі еңбекті
колданудағы өзгерістер өткен кезеңінің шешімдерімен салыстырылады.

3. Еңбек нарығының механизмдері
Еңбек нарығының механизмі- бұл еңбек бағасы өзгерген түрде қабылданған
акпарат негізінде жалданып жұмыс істегісі келетін еңбекке қабілеті бар
халық пен жұмыс берушілердің әртүрлі мүддесі бір-бірімен әрекеттесуі және
бір арнада тоғысуы. Оның құрамына мыналар кіреді еңбекке сұраныс, еңбекке
ұсынысы, еңбек бағасы және бәсекелестік.
Еңбек нарығында сұраныс дегеніміз-экономикадағы сұранысқа сәйкес
тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажет жұмысшыларға жұмыс берушілердің
қажеттілігі. Жұмыс күші ұсынысы — жұмыс басты жалдамалы жұмысшылар мен өз
уақытын қолдану мүмкіндігі мен қолда бар табысын есептегендегі нарық
принциптеріне отырып

жұмысқа кірісе алатын және жұмыс істегісі келетін еңбекке қабілетті
халықтан құралады. Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың әрекеттесуі 1-
суретте көрсетілген.
Еңбек ұсынысы кисығы 1-суретте жоғары бағытталған, өйткені қызметкерлер
жалақы өскен жағдайда, көп жұмыс істеп өзінің бос уақытын жұмсауға дайын,
яғни еңбек ұсынысы өсіп жатыр (басқа жағдайлар тұрақты деп алсақ). Бұл
тәуелділік еңбек ұсынысы заңының әсерін білдіреді.
Керісінше, 1-суретте сұраныс қисығы төмен бағытталған. Жалақыны өсіру
нәтижесінде өндіріс шығындарының артуы қосымша еңбек шығындарына әкеледі,
өнімнің бағасы жоғарылап, пайда азаяды. Мұндай жағдай жұмыс берушілерге
тиімсіз, сондықтан олар жұмысқа қабылдауды қысқартады. Бұл кері тәуелділік
еңбекке сұраныс заңы әсерін білдіреді. Еңбек бағасы жұмыс берушілерді де,
жұмыс күшін сатушыларды да қанағаттандыратын жағдайды нарық тепе-теңдік
жағдайында орналасқан деп атайды. 1-суреттегі сұраныс және ұсыныс
қисықтарының қиылысу нүктесі, сатушылар мен сатып алушылар жоспары сәйкес
келетін мұндай жалғыз баға бар екенін көрсетеді. Бұл тепе-теңдік еңбек
бағасы немесе жалақы сәйкесінше, тепе-теңдік баға-бұл жұмыс күшіне сұраныс
пен жұмыс күші ұсынысы көлемдерінің тең болатын енбек бағасы.
1-суретте көрсетілгендей еңбек бағасы W2 деңгейіне тең болған жағдайда
жұмыс берушілер барлық бос жұмыс орындарын толтыру мүмкіндігіне ие болады,
ал жұмыс алғысы келетін жұмысшылар оны табады. Жалақы деңгейі W2 денгейінде
болған кезде нарық тепе-теңдікте болады. Тепе-тең жалақы нарықта басқа
жұмыс күшіне баға жоқ дегенді білдірмейді. Олар пайда болады. Егер кейбір
факторлардың әсерінен жалақы W-ден жоғары орналасса, мысалы, W2 деңгейіне
жетсе, онда еңбек ұсынысы S2 деңгейіне дейін жоғарылайды, ал сұраныс D2
деңгейіне дейін төмендейді. Қызметкерлер арасында жұмыс орны үшін
бәсекелестік пайда болады. Ұсыныстың сұраныстан артып кетуі, бәсекелестік
жалақыны төмен ығыстырады. Жұмыс берушілер оларды төмендетеді. Нәтижесінде
жалақы тепе-теңдік (W2) деңгейіне дейін төмендейді.
Егер жалақы тепе-теңдік бағадан төмен болса, мысалы, W - ге тең, онда
жұмыс күші жетіспеушілігі пайда болады (сұраныс D1 - ге, ал ұсыныс S2 тең).
Жаңа жұмысшыларды тарту үшін, сұраныс жұмыс берушілерді сыйақы мөлшерін
жоғарылатуға итермелейді. Соңында жалақы деңгейін қайтадан W° деңгейіне
дейін жоғарылайды. W" деңгейіндегі жалақы басымды, жалпы қабылданған,
қызметкерлер де, жұмыс берушілер
де санасуға міндетті жалажалақы деңгейі болады. Мұндай жалақы деңгейінде
толық жұмысбастылықка (берілген деңгейде) қол жеткізіледі. Бәсекелі нарық
механизмі осылай қызмет етеді.

4. Еңбек нарығында мемлекеттік реттеу
Көп ғасырлық тарихы бар еңбек нарығын дамуы оның қызмет етуінің
айтарлықтай ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл нарық қазіргі кезде кәсіподақ,
мемлекет және корпорациялар тарапынан реттеушілік ықпалына ұшырауда. Тағы
бір атап өтетін жай осы нарықты реттеу мұндағы тауарлардың ерекшеліктерімен
жеңілдеу жүреді.
Еңбек нарығындағы әрекет ететін заңдар көрінісі (мысалы, сұраныс пен
ұсыныс, бағаның теңдігі т. б.) ерекше сипатта болады. Мұнын себебі жұмыс
күшін сатып алу, сату әр түрлі мерзімді еңбек шарты түрінде жалдау
негізінде жүреді. Сондықтан жекелеген жұмысшылар еңбек нарығының жағдайынан
тұрақты тәуелділікте болмайды. Енбек келісімінде көрсетілген уақытта сатушы
ағымдағы нарық конъюнктурасынан "шығып" қалады. Сонымен қатар еңбек
келісімінде өндіріс тиімділігімен байланысты экономикалық мәселелермен
қатар саяси-әлеуметтік, моральды-этиқалық жақтарына да ерекше көңіл
бөлінеді.
Еңбек нарығын реттеу еңбекке деген сұраныс пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек нарығы әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын фактор ретінде
Қаржы нарығының құрылымы және оның негізгі бөліктері
Қазақстан Республикасында еңбек нарығының бүгінгі таңдағы қалыптасу жағдайы
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы
Еңбек нарығы және жұмыстың негізгі түсініктері
Қаржы нарығы туралы ұғым
Өндіріс. Өндіріс ресурстары мен факторлары
Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері мен құрылымдары жайлы
Еңбек нарығы және еңбек биржасы
Жер рентасы
Пәндер