Еуропалық одақтың әлеуметтік саясаты


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Еуропалық одақ

Еуропалық одақ ( Еуроодақ , ЕО ) - Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шарты на қол қойған 27 мемлекетің экономикалық және саяси бірлестігі.

Еуропалық одақ (ЕО) - халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропалық одақ еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропалық одақтың құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуроаплық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа - Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропалық одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропалық одақ мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді.

2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропалық одақтың жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т. б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропалық одақ ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда. Федералдандыру Еуропалық қауымдастықтың және Одақтың дамуының бүгінгі күнге дейінгі дамуының басты үрдісі болып отыр:

  • ЕО-ың ішкі бірыңғай нарығы қалыптасқан жалпы нарықты қүру, яғни, "осы Келісім ережелеріне сәйкес тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз кеңістік" орнату (Еуропалық Қауымдастық қүру жөніндегі Келісімнің 4-бабы) ;
  • Экономикалық және валюталық одақ орнату. Оның негізі ЕО бірыңғай ақша бірлігінің - еуроның (бұл процеске әзірше өз үлттық валюталарын айналымда қолданатын ¥лыбритания, Дания және Швеция, сондай-ақ ЕО-ның 10 жаңа мүше-мемлекеті қосылған жоқ) енгізілуі;
  • Шенген кеңістігін құру және осы Шенген келісімінің негізінде шетелдіктерге бірыңғай визаны енгізу;
  • Еуропалық Одақ институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ аграрлық сая¬сатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, көлік, экологиялық және т. б. саясаттарын жүргізу;
  • Еуропалық одақ қүқын - мүше- мемлекеттердің, заңды түлғалардың және қарапайым азаматтардың қатысуымен қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттейтін өзіндік қүқық жүйесін қалыптастыру;
  • Tүрақты, қүқықтық байланысы ре¬тінде Одақтың азаматтық институтын қүру;
  • Одақ азаматтарының негізгі қүқықтық ережелері бекітілген жаңа кешенді дерек көзі - 2000 жылы қабылданған Еуропалық Одақтың негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.

XXI ғасырдын басында Еуропалық одақ қайта қүрулардың жаңа кезеңіне өтті, оның мақсаты - үйымды тиімді қызмет ету жолын қалыптастыру және демократияландыра түсу. 2002 жылы "Одақтың болашағы жөнінде Конвент" шақырылды. 2004 жылы Конвент Еуропа Одағының Конституциясын жасады.

Еуропалық одақтың әлеуметтік саясаты

Еуропалық одақтың әлеуметтік саясаты - Еуропалық Одақ елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік саясаттың дамуының ғаламдық үрдістері ең алдымен, аймақтық деңгейде қалыптасуда. Осы орайда едәуір ілгері кеткен, үлгі боларлықтай әлеуметтік жағдайлар туғызып отырған Еуропа аймағы, мүндағы әлеуметтік саясаттың ең басты үйымдастырушы әрі бірыңғайландырушы факторы - үздіксіз ықпалдасушы халықаралық бірлестік - Еуропа Одағы. Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеу¬меттік қамту жүйесі орныққан, оның негізі XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық қүра отырып, мүше-мемлекеттер келісім-шартта "жүмысшылардың еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету" туралы ортақ келісімді бекітті. Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен қатар, әлеуметтік саланы реттеу жүмыстары жасалуы керек. Осылайша, экономикалық іс- қимылдың әртүрлі қырларын жалпы реттеу саясатымен қатар, ЕО қүзырына кіретін элементтердің қүрамдас бөлігі "жүмыспен қамтамасыз ету саясаты" ( ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы), сондай-ақ "денсаулық сақтау саласындағы саясат" (ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы) үстанды. ЕО-ның әлеуметтік саласында үйлестірілген саясат жүргізудің маңыздылығы екі өзара байланысты себептің салдары. Ол ортақ нарықтың әлеуметтік мақсаттары және ЕО қызметінің барлық бағыттарында "өз міндеті ретінде Қауымдастық шеңберінде жүмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғауды, әиелдер мен ерлердщ тең қүқықтылығы, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруді белгілеуімен" негізделеді (ЕО жөніндегі Келісімнің 2-бабы) . ЕО жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың қүқықтық негізі "Қауымдастық саясаты" қүрылтай келісімінің 3-бөлімінің тараулар мен тармақтарының ережелері болып табылады. Әлеуметтік саясат саласында ЕО өкілеттігінің қайнар көздері: ЕО жөніндегі Келісімнің VIII тараудың "Жүмыспен қамту" бөлімі, XI тараудың екі бөлімі - 1 бөлім "Әлеуметтік ережелер" және 2 бөлім "Еуропалық әлеуметтік қор", сондай-ақ XIII бөлім - "Денсаулық сақтау".

ЕО-ның ортақ әлеуметтік саясатын жүргізуде жеке адамның әлеуметтік қүқықтарына арналған бірнеше қүжаттар аса маңызды:

  • Еуропалық әлеуметтік хартия, 1961 жылы Еуропа Кеңесінің қамқорлығымен қол қойылып, 1996 жылында қайта қаралған;
  • 1989 жылы еңбекшілердің негізгі әлеуметтік қүқықтары туралы Қауымдастық Хартиясы;
  • 2000 жылы ЕО-ның негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.

Қауымдастықтың әлеуметтік саясатын қалыптастыруда 1992 жылда әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің тарихи маңызы зор. Маастрихт Келісімінен кейін ықпалдасудың жаңа айналымына өткен ЕО елдері әлеуметтік саладағы институттардың өкілеттігін кеңейту қажеттігі туралы уағдаласты. 1997 жылы Амстердам келісімі әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің барлық негізгі ережелерін ЕО жөніндегі Келісімнің сәйкес баптарының қүрамына біріктірді. Келісім 1992 жыл күшін жойды. ЕО жөніндегі Келісімге сәйкес Еуропалық қауымдастықтың әлеуметтік саясатының мақсаттары: жүмыспен қамту, өмір сүру мен еңбек жағдайын жақсартуға жәрдемдесуді өзара үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еңбекшілер арасындағы диалог, нақтылы әлеуметтік қорғау, кедейленумен күрес, жүмыспен қамтудың жоғары дәрежелі жағдайына қолайлылық туғызу.

Еуропалық одақ институттары

Еуропалық одақ институттары - Еуропалық Одақтың негізгі міндеттерін жүзеге асырушы қүзырлы органдар. Еуропалық Одақ Институттары бір мезгілде Еуропалық қауымдастықтың әрқайсысының: Еуропалық қауымдастықтың, Еуропалық көмір және болат бірлестігі, Атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық институттары ретінде де қызмет етеді. Осылайша, "Еуропалық Одақ институты" және "Еуропалық қауымдастық институты" ұғымдары синонимдер болып табылады. Еуропалық Одақ институттарына: Еуропалық Кеңес, Еуропалық Парламент, Еуропалық комиссия, Еуропалық Сот, Еуропалық санақ палатасы, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Аймақтар комитеті, Еуропалық орталық банк, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық одақ омбудсманы, Еуропол жатады.

Еуропалық одақ құқы

Еуропалық одақ құқы - [EULaw; European Union Law] - Еуропалық қауымдастық пен Еуропалық Одақ шеңберіндегі еуропалық ықпалдасудың дамуы негізінде пайда болған ерекше қүқықтық феномен. Еуропалық одақ қүқы халықаралық қүқық пен мемлекетшілік қүқықтың түйіскен жерінен пайда болған ерекше қүқық тәртібі. Еуропалық одақ қүқының автономдығы Еуропалық қауымдастықтар Сотының бірқатар шешімдерімен бекітілген. "Еуропалық Одақ қүқы" үғымы 1990-шы жылдардың басында Еуро- одақтың пайда болуымен қатар қолданыла бастады.

Еуропалық ықпалдастық

Еуропалық ықпалдастық - еуропаның бірлесуін мақсат түтатын қүрылымдық және саяси процесс. Оның идеологиялық негізі - Еуропаның (континент немесе нақтылы географиялық аймақ ретінде емес, саяси-мәдени үғым ретінде) саяси біртүтастығы Рим империясынан, ал, діни түтастығы - IV ғасырдын б. д. д. христиандықтың осы империяда қоғамдық-саяси күшке айналуынан бері орныққан деген сенім болып табылады. Ӏс жүзінде V ғысырдын Батыс Рим империясы жойылғанынан кейін аумағы бірте-берте тарылып, 1453 жылы оның астанасы - Константинополь - османдықтардың иелігіне өтіп, жоқ болып кеткенінше, империялық бірліктің "қүдіреттілігі" Византияда (Шығыс Рим империясы) сақталды.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) құру туралы шартқа сәйкес құрылды. ЕурАзЭҚ-ты құру туралы шартта бұрын Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы 1999 жылғы [26 ақпандағы шартта айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тығыз және тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымдамасы негізге алынған. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың ұйымдастыру-құқықтық құралдары және жасалған халықаралық шарттардың бір мезгілде және бірдей орындалуының тетіктері, қабылданған шешімдерді іске асыруды бақылау жүйесін енгізу көзделген. ЕурАзЭҚ-ны құру туралы шартта Кеден одағы шеңберінде бұрын қабылданған шарттар мен шешімдердің сабақтастығы қамтамасыз етілген, олардың ішіндегі айқындаушылары мыналар болып табылады: Кеден одағы туралы келісім; 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кеден одағына қосылуы туралы келісім; 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономкалық және гуманитарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы шарт; 1997 жылғы 22 қарашадағы Кеден одағын қалыптастыру кезінде тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісім; «Қарапайым адамдарға қарай он қарапайым қадам» мәлімдемесі.

Мақсаттары мен міндеттері

Еркін сауда режимін толық көлемде ресімдеуді аяқтау, біртұтас кеден тарифін және тарифтік емес реттеудің біртұтас шаралары жүйесін қалыптастыру; мүше мемлекеттердің ДСҰ-мен және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара қарым-қатынасындағы келісілген ұстанымын тұжырымдау; Қоғамдастықтың сыртқы шекараларында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандамен және кедендік құқық бұзушылықтың өзге де түрлерімен күрес; экономикалардың келісілген құрылымдық қайта құруын жүргізу; бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, әлеуметтік-экономикалық даму; көліктік қызмет көрсетулердің ортақ рыногын және біртұтас көлік жүйесін қалыптастыру; ортақ энергетика рыногын қалыптастыру; білімнің ұлттық жүйелерін үйлесімдендіру, ғылым мен мәдениетті дамыту; Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің азаматтарына оның барлық аумағында білім және дәрігерлік көмек алуда тең құқық беру; ЕурАзЭҚ шеңберінде жасалған шарттар бойынша мемлекетішілік рәсімдерді орындау мерзімдерін үйлестіру; Қоғамдастық шеңберінде ортақ құқықтық кеңістік құру мақсатында қатысушы мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің өзара ықпалдасуын қамтамасыз ету.

Мүшелер

  1. Қазақстан Республикасы;
  2. Беларусь Республикасы;
  3. Қырғыз Республикасы;
  4. Ресей Федерациясы;
  5. Тәжікстан Республикасы;
  6. Өзбекстан Республикасы.

Бақылаушылар

  1. Армения Республикасы;
  2. Молдова Республикасы;
  3. Украина.

Құрылымы

  • Мемлекетаралық Кеңес;
  • Интеграциялық Комитет (штаб-пәтерлері Алматы және Мәскеу қалаларында) ;
  • Парламентаралық Ассамблея (штаб-пәтері Санкт-Петербург қ. ) ;
  • Қоғамдастық соты (штаб- пәтері Минск қ. )

Мемлекетаралық Кеңес - мемлекеттер және үкіметтер басшылары өкілдік ететін жоғарғы басқару органы. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ортақ мүдделеріне байланысты қағидаттық мәселелерді қарайды, интеграция дамуының стратегиясын, бағыттары мен келешегін белгілейді және ЕурАзЭҚ мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған шешімдерді қабылдайды. Интеграциялық комитет - ЕурАзЭҚ органдарының өзара іс-қимылын және Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған шешімдерді іске асыруды бақылауды қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган. Парламентаралық Ассамблея ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлесімдендіру (жақындастыру, бірегейлендіру) мәселелерін қарайтын парламентаралық ынтымақтастық органы болып табылады. Қоғамдастық Соты Қоғамдастық шеңберіндегі қолданыстағы шарттардың және ЕурАзЭҚ органдары қабылдайтын шешімдердің біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ сотының функцияларын ТМД Экономикалық Сотына жүктеу туралы шешім қабылданды.

Қызметі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы
Әлемдік саясаттағы Еуропалық одақ
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы
Еуропа одағы
Еуропалық Одақтың институттары
Интеграциялық үрдістерді зерттеудегі теориялық аспектілер
Еуропалық одақтың құрылуының тарихы
Қазақстан мен Еуропалық Одақ
Шарль де Голльдің тұжырымдамаларын іске асырудағы басты қадамдары
ЕУРОПАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ГЕРМАНИЯНЫҢ РӨЛІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz