Жоламан Тіленшіұлы және Кіші жүздегі 1820-1830 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

XIX ғасырдың 20-30-жылдары патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы Кіші жүздегі наразылықты Жоламан Тіленшіұлы басқарды. Жер үшін, тартып алынған жайылымдар үшін күрес оның негізгі мазмұнына айналды. Осы жылдары Жаңа Елек әскери шебінің құрылуы барысында 7-10 мың шаршы шақырымға дейінгі жер қазақтардан тартып алынды. Бұл жаңа шекара шебі Орынбор әскери-шекара шебінің бір бөлігі ретінде құрылды. Жаңа Елек шебі 29 форпост, редут, бекіністерден тұрды. Үкімет бұл жерлерге Орал, Орынбор орыс-қазақтарын, шаруаларды көшіріп әкеліп қоныстандырды. 1835 жылы тағы бір жаңа шептің салынуымен 12 мың шаңырақ қыпшақ және жағалбайлы рулары жерсіз қалдырылды.

Табын руының жайылымдары Елек өзені ауданында орналасқан болатын. 1822 жылдан бастап патша үкіметі қазақтарды Елек пен Орал арасындағы шұрайлы жайылымдарға өткізбеді.

Жоламанның әкесі Тіленші кезінде Сырымның жақтасы ретінде көтеріліске белсене қатысқан болатын. Ал Жоламанмен бірге көтеріліске Сырым Датұлының баласы Жүсіп те қатысты. Демек, көтерілістер арасындғы ұрпақтар сабақтастығы сақталды. Жоламан да, Жүсіп те батырлардың, азаттық күрес көсемдерінің ұрпақтары ретінде олар бастаған күресті одан әрі жалғастырып әкетті. Жоламан Тіленшіұлымен бірге табын руының батырлары Дәуіт Асауұлы, Алдаш Байғаниндер болды. Ал 1838 жылдың соңына қарай оған шекті руының батыры Есет Көтібарұлы келіп қосылғандығы мұрағат деректерінен белгілі.

Жоламан батыр тархан атағы бар табын руының басшысы бола жүріп, патша үкіметінің алдында қазақтардың құқын қорғауға кіріседі. Басында Орынбор губернаторы Эссенге 1822-1823 жылдары бірнеше рет хат жазып, әділеттілік орнатуын талап етеді. Қазақтардың өмірлік қажеттілігі - жерін бейбіт түрде қайтарып ала алмайтындығына көзі жеткен соң қарулы күрес жолына түседі. Ол өзінің Ресеймен соғыс жүргізуінің себебін Елек өзені бойындағы шептің салынуынан деп түсіндіреді.

Ор-Троицк бекіністерінен Торғай өзеніне қарай ығысқан қазақ шаруалары жер тапшылығынан мейлінше қиыншылық көрді.

1835 жылға қарай Жоламан батырды қолдаушылар қатары өсіп, оны табын, тама, жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ рулары қолдай бастады. Орта жүзде Кенесары Қасымұлы көтерілісі басталған кезде Жоламан оған көмекке ұмтылды. Сөйтіп, Кіші жүз бен Орта жүз күштерін біріктірушіге айналды. Ол қырға ішкерілеп еніп, Кенесары көтерілісіне қосылуға үндеді.

Ал 1838 жылы Бөкей ордасындағы көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы Кіші жүзге келген кезде көтеріліс одан әрі өрши түсті.

1838 жылдың ортасына таман шекара шебінен Ор мен Троицкіге дейінгі аралықты көтеріліс оты шарпыды. Көтерілісшілер жаппай Торғай мен Ырғыз аудандарына көше бастады. Ол өз қол астына Ресей өктемдігіне қарсы 3 мыңға жуық сарбаздарды топтастыра алды.

Жоламан батыр жасақтарын жоюға патшалық әкімшілік үш бағытта жасақтар шығарғанымен, батырды қолға түсіре алмады. Орта жүздегі

Жоламан Тіленшіұлы - қазақ халқының 19 ғасырдың 20 - 30-жылдарындағы Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, халық батыры. Кіші жүз құрамындағы Жетіру тайпалары бірлестігінің табын руынан шыққан. 19 ғасырдың 20-жылдарының басында Ресей империясының Орынбор әкімшілігі Елек өзенінің бойындағы табын руының жерлерін тартып алып, бекіністер сала бастайды. Орал, Елек, Бердянка, Құраты өзендерінің бойында 29 бекініс бой көтеріп, ол Жаңа Елек шебі деп аталды. Ресей империясы әкімшілігінің мұндай отарлау саясатына қарсылық білдіріп, Жоламан бастаған бір топ табын руының адамдары 1823 жылы, 3 қыркүйекте Орынбор генерал-губернаторы Эссенге хат жолдайды. Қазақтардың жер мәселесін қарайтын комиссия төрағасы Шерғазы хан олардың бұл талаптарын заңсыз деп танып, наразылық қимылдарына қарсы әскер күші қолданылатынын ескертеді. Мұндай өктем жауап Жоламан батыр бастаған табын руы қазақтарының қарулы көтеріліске шығуына түрткі болды. 1835 жылға қарай олардың қатарына жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ тайпаларының адамдары қосылып, көтерілісшілер саны 3 мыңға жетті. Көтерілісшілерге қарсы Орынбор әкімшілігі арнайы әскери бөлімдер жіберіп, көтерілісті басып тастауға күш салды. 19 ғасырдың 30-жылдарының ортасынан бастап Жоламан батыр Кенесары Қасымұлы жасағымен бірігіп, отаршыл саясатқа қарсы күрес жүргізеді. Кенесары қолы оңтікке қарай бет алғанда Жоламан батыр бастаған көтерілісшілер тобы ыдырай бастайды. 19 ғасырдың 40-жылдарының басында Жоламан батырдың өзі Бұхараға қоныс аударады. Одан кейінгі тағдыры белгісіз. [1]

Жоламан Тіленшіұлы (т. ө. ж. б. ) - қазақ халқының ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, халық батыры. Кіші жүз құрамындағы Жетіру тайпалары бірлестігінің табын руынан шыққан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоламан Тіленшіұлы және Кіші жүздегі XIX ғасырдың 20-30 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердің себептері мен сипаты
Жоламан Тіленшіұлы және XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар
Кіші жүздегі 1783-1870 жж. ұлт-азаттық көтерілістерінің тарихнамасы
Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтеріліс (1830-1860 жж.)
Сырым Датұлы бастаған 1783-1797 жж. Кіші жүздегі ұлт-азаттық көтерілісі
XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ ұлт-азаттық күресі: Саржан, Жоламан, Исатай-Махамбет және Кенесары көтерілістері
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ұлт-азаттық қозғалыстары: Саржан Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхаммедұлы және Жоламан Тіленішұлының тарихи рөлі
1783-1847 жылдар аралығындағы Кіші жүздегі Сырым, Исатай және Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар
19 ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалыстары (1825-1847): Саржан, Жоламан және Кенесары көтерілістері
1783-1797 жж. Кіші жүздегі Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс: себептері, барысы және тарихи маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz