"ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"


1 Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы
2 Толық атауы
3 Мекен.жайы
Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы, бұдан әрі мәтінде «Қауымдастық» деп аталады, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес құрылып жұмыс істейтін коммерциялық емес, үкіметтік емес қоғамдық бірлестік және «Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің (2.11.1992 жылғы №0269 куәлігі) барлық құқықтық қатынастар бойынша құқықтық мұрагері болып табылады.
Қауымдастық әлем қазақтарын еріктілік, оның мүшелерінің тең құқықтығы, өзін-өзін басқаруы, заңдылығы, жариялылығы және есеп беруі негізінде біріктіреді. Ол азаматтардың әлеуметтік жағдайына, азаматтығына, діни наным-сеніміне, кәсібіне, саяси партияларға мүшелігіне қарамастан еркін ниеті мүдделер ортақтығы негізінде пайда болған, ол саяси мақсаттарды көздемейді, қазақ диаспорасы тұратын мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға және мемлекетаралық, жер және шекара проблемаларын шешу ісіне араласуға жол бермейді.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 9 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






"ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ"
республикалық қоғамдық бірлестігінің
ЖАРҒЫСЫ

Алматы қаласы, 2006 ж.

1 бап. Жалпы ереже

1.1 Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы, бұдан әрі мәтінде Қауымдастық
деп аталады, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қоғамдық
бірлестіктер туралы Заңына сәйкес құрылып жұмыс істейтін коммерциялық
емес, үкіметтік емес қоғамдық бірлестік және Дүниежүзі қазақтарының
Қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің (2.11.1992 жылғы №0269 куәлігі) барлық
құқықтық қатынастар бойынша құқықтық мұрагері болып табылады.
Қауымдастық әлем қазақтарын еріктілік, оның мүшелерінің тең құқықтығы, өзін-
өзін басқаруы, заңдылығы, жариялылығы және есеп беруі негізінде
біріктіреді. Ол азаматтардың әлеуметтік жағдайына, азаматтығына, діни наным-
сеніміне, кәсібіне, саяси партияларға мүшелігіне қарамастан еркін ниеті
мүдделер ортақтығы негізінде пайда болған, ол саяси мақсаттарды көздемейді,
қазақ диаспорасы тұратын мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға және
мемлекетаралық, жер және шекара проблемаларын шешу ісіне араласуға жол
бермейді.

1.2 Толық атауы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы республикалық
қоғамдық бірлестігі.

1.3 Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов
көшесі, 43А үй.

1.4 Қауымдастық Қазақстан Республикасының заңдарын, Жалпыға бірдей адам
құқықтары декларациясын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын реттейтін
басқа да халықаралық актілерді, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
Қауымдастық Қазақстан Республикасының және шетелдік мемлекеттердің
мемлекеттік органдарымен, қоғамдық, ғылыми мекемелерімен, кәсіпорындардың
еңбек ұжымдарымен, жекелеген азаматтармен тікелей ынтымақтастық жасайды.

Қауымдастық өзінің мүшелері өмір сүретін мемлекеттердің халықтық
дәстүрлерін, діни конфессиялары мен заңдарын құрметтейді.

Қауымдастық Қазақстан Республикасы мен қазақ диаспорасы өмір сүріп жатқан
мемлекеттер арасында өзара байланыстарды, достық пен өзара қарым-
қатынастарды нығайтуға үлес қосады.

2 бап. Қауымдастықтың мәні және қызметінің мақсаттары

2.1 ҚР заңнамаларына сәйкес:
– егеменді Қазақстанда қазақ халқының ұлттық қайта түлеуіне, Қазақстаннан
сырт жерлерде өмір сүріп жатқан қазақтардың еркін де жан-жақты дамуына
жәрдемдесу;
– Қазақстанда және одан сырт жерлерде тұрып жатқан қазақтардың
экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа өмірлік маңызды проблемаларын
шешуге қатысу:
– Қазақтардың өзінің тарихи отанындағы экономикалық және әлеуметтік-мәдени
салалардағы жетістіктерін, олардың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-
ғұрыптарын бүкіл дүние жүзіне насихаттау;
– Қазақстанға көшіп келген отандастарына көмек көрсету;
– қайырымдылық қызмет Қауымдастықтың мақсаттары болып табылады;

2.2 Заңнамаларға сәйкес:
– мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, мәдени және ғылыми-
зерттеу орталықтарымен бірлесе отырып, қазақ ұлтын жан-жақты дамытудың
пәрменді жолдарын іздестіру;
– мамандар мен ғалымдардың қатысуымен шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың
тарихын, өмірін, мәдениетін және әлеуметтік жағдайын зерттеу, олардың
бүгіні мен болашағын болжау ісіне талдау жасау, қазақтар жасаған немесе
Қазақстаннан әкетілген өнер туындыларының қорғалуын және олардың тарихи,
мәдени және этнографиялық көзқарас тұрғысынан Қазақстан үшін айрықша
маңыздыларының қайтарылуын ұйымдастыруға жәрдемдесу Қауымдастықтың
міндеттері болып табылады.

2.3 Заңнамаларға сәйкес:
– Қазақстан және қазақ диаспорасы өмір сүріп жатқан мемлекеттер арасында
халықаралық туристік маршруттар ұйымдастыру, концерттік бригадалар алмасу,
фестивальдер, өнер мерекелерін, конкурстар ұйымдастыру;
– тарихи Отанынан сырт жерлерде тұрып жатқан қазақ жастарын республиканың
жоғары және орта оқу орындарына тарту, түрлі себептерге байланысты
Қазақстаннан жырақ кетіп қалған адамдардың, олардың ұрпақтарының туған-
туысқандарымен қайта қауышуына жәрдемдесу;
– лекциялар, көрмелер, лотереялар, семинарлар, спорттық және басқа шаралар
ұйымдастыру;
– шетелдерде қазақтар жинақы орналасқан жерлерде олардың қазақ тілін оқып
үйренуіне, ата-бабаларының салт дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтап,
өрістете беруіне көмек көрсету Қауымдастық қызметінің басты міндеттері
болып табылады.

3 бап. Заңдық мәртебесі

3.1 Қауымдастық заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік тіркеуден
өткен сәттен бастап заңдық тұлға мәртебесіне ие болады.

3.2 Қауымдастық республикалық қоғамдық бірлестік мәртебесіне ие және
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, қазақ диаспорасы мекен еткен
шетелдерде өз қызметін жүзеге асыруға құқылы.

3.3 Қауымдастық оқшауланған мүлікке ие және өзінің міндеттемелеріне сәйкес
сол мүлікке жауап береді, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес заттар
сатып алуға құқықты, заңдық тұлға ретінде міндетін атқаруға, сотта талапкер
және жауапкер болуға құқылы. Қауымдастықтың атауы жазылған дөңгелек мөрі
мен дербес балансы, банктерде есеп айырысу, оның ішінде шетел ақшасымен де
есеп айырысу және басқа есеп-шоттары болады.

3.4 Арнаулы рұқсатты (лицензия) қажет ететін қызмет түрлерін жүргізу тек
сол мақсат негізінде жүзеге асырыла алады.

4 бап. Шаруашылық, экономикалық және әлеуметтік қызмет

4.1 Қауымдастық қызметін толық ҚР Заңнамаларына сәйкес шаруашылық есеп,
өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі ақтау, оның ішінде шетел ақшасымен де,
негізінде жүзеге асырады.

4.2 Қауымдастық жасасылған келісім-шарттар негізінде өз қызметін дербес
жоспарлайды және даму болашағын айқындайды.

4.3 Қауымдастық заңнамалық актілеріне сәйкес республикалық және жергілікті
салықтарды төлейді.

5 бап. Қауымдастық және оның ұйымдарының басшы органдары, олардың өкілеттік
мерзімі

5.1 Қауымдастықты басқарудың жоғары органы Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы
болып табылады, ол бес жылда бір рет шақырылады. Қажет болған жағдайда
басқа мерзімде де шақырылады. Құрылтайдың бағдарламалары мен шешімдері оның
барлық филиалдары мен қатардағы мүшелері үшін міндетті, олар басым көпшілік
дауыспен қабылданады. Кезекті Құрылтайды өткізу уақыты мен орнын, өкілдер
сайлау тәртібін, Құрылтайдың күн тәртібін Қауымдастық Төралқасы айқындайды.
Құрылтайға өкілдер сайлау кезінде Қауымдастық Төралқасы қазақ диаспорасы
орын тепкен елдердегі оның санын, жекелеген филиалдардың, қазақ ұлттық
мәдени орталықтарының белсенділігін, Қауымдастық қызметіне оның жекелеген
мүшелерінің, сондай-ақ Құрылтайға қатысатын елдер мен құрылықтар
өкілдерінің қосқан жеке үлесін ескереді. Бұл орайда қазақ ұлттық мәдени
орталықтарының, ҚР елшіліктерінің және ҚР Сыртқы істер министрлігі
басшыларының пікірлері ескеріледі.
Құрылтай:
1. Қауымдастық Жарғысын қабылдайды, оған өзгертулер мен толықтырулар
енгізеді;
2. Ашық дауыс берумен Төралқа төрағасын, оның бірінші орынбасарын, Төралқа
мүшелерін сайлайды;
3. Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды, стратегиялық
мақсаттар бойынша шешімдер, қаулылар және бағдарламалар қабылдайды;
4. Қауымдастықты ерікті түрде қайта құру және тарату туралы шешім
қабылдайды;
5. Қауымдастықтың мүлкі мен қаражатына иелік етеді, бюджетін бекітеді, оның
орындалуын бақылайды, Қауымдастықтың құрылымын, орталық аппараттың штаттық
кестесін бекітеді, қызметкерлердің еңбекақысын анықтайды.
6. Өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құру туралы шешім қабылдайды.
7. Құрылтай өзінің тікілей міндетіне жататын мәселелерді жедел шешуді
Қауымдастықтың Төралқасына тапсырады.
8. Қауымдастықтың баспа органдарының бас редакторларын бекітеді.
Төралқа:
Төралқа Құрылтайда бес жыл мерзімге сайланады. Белгіленген мерзім аяқталған
соң Төралқа немесе оның жекелеген мүшелері келесі мерзімге сайлана алады.
Төралқа мүшелерінің санын Құрылтай белгілейді.
Төралқа жалпы тізіммен немесе әрбір кандидатура бойынша (Құрылтай шешіміне
сай) дауыс беру жолымен сайлана алады.
Төралқадағы сайланбалы қызметке Құрылтайға қатысушылардың баршасының
көпшілік дауысын алу қажет.
Төралқа:
– Қауымдастықтың Құрылтайлар аралығындағы ағымдағы жұмысын басқарады,
Төралқа мәжілістері қажетіне қарай, жылына кем дегенде бір рет шақырылады;
– Төралқа шетелдерде өз өкілдіктерін аша алады;
– Құрылтай қабылдаған бағдарламалардың, шешімдердің орындалуын
ұйымдастырады;
– филиалдар мен шетелдегі өкілдіктердің қызметін үйлестіріп отырады;
– шарттардың, оның ішінде халықаралық келісім-шарттардың жобаларын
әзірлейді;
–семинар-симпозиумдар, ғылыми-практикалық конференциялар, фестивальдер,
өнер мерекелерін, дөңгелек үстел мәжілістерін, кіші Құрылтайлар
ұйымдастырып, өткізеді;
– өндірістік, коммерциялық, банктік қызметтің пәрменді бағыттарын
айқындайды, аукциондар өткізеді, бірлескен кәсіпорындар құрады;
– қызметі үшін Құрылтай алдында есеп береді.
Қауымдастық қызметін реттеу мақсатында Төралқа түрлі комиссиялар мен
консультанттар топтарын ұйымдастыруға құқылы;

Төралқа төрағасы:
Қауымдастық Төралқасының төрағасы (бұдан былай Төраға деп аталады)
Құрылтайдың шешімімен бес жыл мерзімге сайланады. Аталған мерзім аяқталған
соң Төраға өкілеттігі ұзартылуы мүмкін, немесе Құрылтайға қатысушылардың
көпшілік даусымен қайтадан сайлана алады.

Төраға:
– Төралқа мәжілістері аралығындағы кезеңдерде Қауымдастықтың ағымдағы
қызметіне жетекшілік етеді;
– Төралқа және Құрылтай мәжілістеріне басшылық етеді;
– мемлекеттік ұйымдармен, жекелеген азаматтармен өзара қарым-қатынастарда
Қауымдастықтың өкілі болады және оның мүдделерін қорғайды;
– Құрылтайда Төралқа төрағасының бірінші орынбасарының және мүшелерінің
кандидатурасын ұсына алады.

Төралқа төрағасының бірінші орынбасары:
Төрағаның ұсынысы бойынша Құрылтайдың шешімімен бес жыл мерзімге сайланады.
Аталған мерзім аяқталғаннан кейін Төрағаның бірінші орынбасары қайтадан
сайлануы, немесе оның өкілеттік мерзімі ұзартылуы мүмкін.
Төрағаның бірінші орынбасары Құрылтайға қатысқан өкілдердің жәй көпшілік
даусымен сайланады.

Төрағаның бірінші орынбасары:
– Қауымдастықтың күнделікті жұмысын ұйымдастырып, басшылық жасайды
– Қауымдастық қызметінің перспективалы бағдарламасын айқындайды;
– Банк және несие мекемелерінде есеп-шоттар, оның ішінде шетел ақшасы мен
де, есеп-шоттарын ашады;
– Қауымдастықтың мүлкі мен қаражатына иелік етеді;
– Қауымдастық аппаратының штаттық кестесін анықтайды және оның жұмысына
басшылық етеді;
– қаржы және басқа құжаттарға бірінші басшы ретінде қол қою құқығына ие;
– жыл сайын Төралқа мәжілісінде есеп беріп отырады.
Қауымдастықтың қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп жыл сайын Төралқа
мәжілісінде бекітіледі.
Төралқа мүшелері:
– Төралқаның барлық мәжілістеріне және Қауымдастық өткізетін басқа да
шараларға қатысуға;
– Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттары бойынша өзінің ұсыныстарын
енгізіп, Төралқа мүшелерінің басым көпшілік дауыспен шешім қабылданғанға
дейін өз пікірін қорғауға;
– Қауымдастықтың қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпаратты талап етеуге;
– Қауымдастық құрған комиссиялар мен консультациялық топтарды басқаруға
құқылы.
– өз міндеттерін адал атқармаған жағдайда және Қауымдастықтың ішкі
ережелерін, осы Жарғыны ұдайы бұзған жағдайда кері шақырылып алынуы немесе
қайта сайлануы мүмкін.
... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі
Дүниежүзі халықтарының орналасу тығыздығы
Дүниежүзі халқының саны
Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығы
Дүниежүзі мұхиттары туралы түсініктері
Сырым Датұлы баскдрған Кіші жүз қазақтарынын, көтерілісі
Сырдария қазақтарының Жанқожа Нүрмұхамедов басқарған көтерілісі
Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
Моңғолия қазақтарының этнографиялық зерттелу мәселелері
Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь