Балабақша тәрбиешісінің тәрбие жұмысын жоспарлау


Балабақша тәрбиешісінің тәрбие жұмысын жоспарлау
Балабақша тәрбиешісінің тәрбие жұмысының жоспары -педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершілік тәрбиешіге жүктеледі. «Балабақша тәрбиешісінің жұмысы туралы» методикалық хатта тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға немесө бір оқу тоқсанына жоспарланады деп көрсетілген. Балабақша тәрбиешісінің жоспары тарбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген комплексті көзқарасты қамтамасыз етеді. Онда тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп балаларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т. б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар жасағанда топ жетекшісінің балалардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.
- Жоспарды қандай мерзімге жасаған жөн? Мектеп тәжірибесі көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау өте қиын, ал бір жылға жасау одан да қиын. Оның үстіне бұл жоспарлардың түрі өте көлемді болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлаған жөн. Аталған басқа топ жетекшілерінің тәжірибесінде апталық жұмыс жоспарлары да кездеседі. Олар негізгі жоспарларды нақтылауға мүмкіндік беріп, тәрбие жұмысын ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз етеді.
Оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешісі жоспарды балабақша меңгерушісіне бектуіне береді. Одан әрі жоспардың қандай мерзімге жасалғанына қарай, тоқсан сайын немесе жарты жылдың бойында бекітіліп отырады. Балабақшада жоспарды бекітуді меңгеруші оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына немесе топтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушыға тапсыруы мүмкін. Жоспар бекітілген соң онымен топтың барлық балаларын таныстыру керек. Жоспарды жүзеге асыру үшін топ активін тартады.
- Жоспар қандай болуы керек, оган қандай талаптар қойылады? Жоспар пәрмеңді құжат болуы үшін, топта тәрбиө жұмысының тиімділігін арттыру үшін ол бірқатар педагогикалық талаптарға жауап беруі керек.
I. Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы. Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін, ол балаларға тәрбие берудегі нысаналықты, оны балабақшаны ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы керек.
Барлық жекелеген тәрбие міндеттері балабақшаның негізгі мақсатын шешуге балаларды жан-жақты дамытуға, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыз ету керек.
ІІ. Топтағы тәрбие жұмысы мазмұнының формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы. Тәжірибелі топ жетекшілері тәрбие жұмысының әртүрлі формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар балалардың қызығулары мен білімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке-даралық жұмыстарды қарастыру керек.
ІІІ. Балаларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету. Бұл талапта әрбір келесі шаралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы балабақша жоспарда көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып жасалады. Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істелген жұмыстың нәтижелерін баянды етуі мүмкін емес. Бірінші, екінші, үшінші тоқсанның жоспарларында күзгі, қысқы және көктемгі каникул кездерінде жүргізілетін, ал төртінші тоқсанның жартысында еңбек пен демалыс мәселелерін ұйымдастыру кезіндегі жұмыстар көрсетілуі тиіс. Оқу жұмысынан айырмашылығы - балаларды тәрбиелеуде үзіліс болмауы керек.
IV. Жоспардың нақтылы болуы. Жоспар жасағанда орындалмайтын міндетті қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың көлемі балалар коллективінің мүмкіндігіне сай болуы қажет. Барлық жұмыстарды қамтимын деп балабақша тәрбиешісі көп шараларды белгілемегені жөн. Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді белгілеп, тәрбиешілердің көмегімен балалар ұжымы арасында және ата-аналармен әртүрлі жұмыстарды жүргізген жөн.
V. Жұмысты келісіп жоспарлау. Жоспарды жасамастан бұрын балабақша жоспарымен танысып, балалардың ұсыныстары мен тілектерін, топта сабақ беретін мұғалімдермен келісіп, олардың тілектерін ескеру керек.
Балабақша тәрбиешісінің қызметін жоспарлаудың формалары .
Балабақша тәрбиешісінің жоспары тек мақсат емес, бұл тәрбие жұмысының сапасын арттырудың құралы. Сондықтан жоспардың формасы ыңғайлы, икемді, топта тәрбие жұмысын ұйымдастырудың нақтылы жағдайларын ескерген болуы керек. Жоспарға өмір талап ететін және ойдағыдай орындалатын шаралар болуы керек. Әрине, ол шаралар кездейсоқ емес, тәрбие жұмысы жүйесінде біте қайнасқан буындар болуы керек. Балабақша тәжірибесінде топ жетекшілерінің жоспарлары түрліше құрылып, әртүрлі бөлімдерден тұрады.
Себебі, әр топтың жұмыс жағдайлары бірдей емес, жаңа бастаған Балабақша тәрбиешісі жоспарды кең, көлемді етіп жасаса, тәжірибелі педагог қысқаша тұжырымдауы мүмкін. Қандай жағдайда болмасын топ жетекшілерінің жоспары, тәрбие жұмысының негізгі мазмұны мен бағытын, тәрбиешілер коллективінің даму болашағын бейнелейтін болуы керек.
Балабақша тәрбиешісі жоспарының үлгілі құрылымы. Балабақша тәрбиешісінің жоспары әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- Топтың қысқаша сипаттамасы және балалар жайында жалпы мәліметтер.
- Топ ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.
- Топта атқарылатын іс-шаралар міндеттері.
- Топта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс (топ ұжымын тәрбиелеу ісіне тартудың формаларын көрсетеді, топта жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық кеңестерінде талқылау үшін мәселелерді бөлгілейді) .
- Ата-аналармен жұмыс.
Балабақша тәрбиешісінің жұмыс есебін жүргізуі. Тәрбие жұмысы нәтижелерінің есебін жүргізу - күрделі іс. Балабақша тәрбиешісі жұмысының есебін жүргізудің маңызды және қажетті түрі күнделік дәптері, күнделік жүргізу міндеті емес, бірақ көп топ жетекшілерінің күнделіктері бар. Оны тәрбие жұмысының нәтижелері ғана ескерілмейді. Сонымен қатар жұмыстарда талданып отырады, топтағы кемшіліктерді жоюдың нақтылы жолдары көрсетіледі. Күнделікте балалардың үлгірімі, қоғамдық тапсырмалар, тізімі және тұрақты мекен-жайы жазылады. Әрбір балаға бір-екі бет бөлінеді, онда балалардың мінез-құлқына жасалған бақылаулар нәтижелері жазылып, мінезінің ерекшеліктері, қызығушылығы мен бейімділігі көрсетіледі. Кейбір топ жетекшілері тәрбие жұмысының есебіне жүргізетін ашық күнделік дәптер жүргізеді. Бұл топ ұжымының шежіресі сияқты болады. Онда жалпы топ және жеке мектеп балалары өміріндегі елеулі оқиғалар жазылып отырады. Сыныптың ашық күнделігін жүргізуге Балабақша тәрбиешісі балаларды, әсіресе топ белсенділіктерін тартады.
Бұл топтағы жүргізілген жұмыстың есебін беруге, бағалап отыруға үйретеді және топта жақсы дәстүр қалыптастыруға көмектеседі. - Балабақша тәрбиешісінің есеп беруі өз жұмысының нәтижелері туралы Балабақша тәрбиешісі мектептің педагогикалық советінің мәжілісінде немесе топ жетекшілерінің методикалық бірлестігінде есеп беріп отырады. Кейде ол топтағы тәртіп пен үлгірімінің жайы туралы мектеп директоры немесе топтан және мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы шақырған кеңестерде хабарлама жасайды.
Оқу жылының аяғында Балабақша тәрбиешісі балабақша әкімшілігіне өз сыныбындағы тәрбие жұмысы туралы. Сынып ұжымы туралы жазба түрде есеп тапсырады. Мұнда балабақша тәрбиешісі жұмысын талдап кемшіліктері мен табыстарын көрсетеді. Келесі оқу жылына қандай тәрбие жұмыстарын жүргізу керектігін қандай балаларға назар аудару керектігін айтады.
Балабақша тәрбиешісіне қойылатын талаптар.
Балабақша тәрбиешісі басқа мұғалімдерге қарағанда балаларға тәрбие беруде қосымша өте маңызды міндеттер атқарады. Сондықтан оған педагогикалық жоғары талаптар қойылады. Сол талаптарды орындаған балабақша тәрбиешісі ғана тәрбие сапасын арттыра алады.
- Жоғары идеялық және қоғамдық саналылық. Сынып жетекшілерінің педагогикалық теорияның терең меңгеруі. Сынып жетекшілері жан-жақты тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін айқын ажыратып, тәрбие қызметінің міндеттерін, мазмұнын, түрлерін және әдістерін анықтаумен жүзеге асыруда педагогикалық принциптілікті басшылыққа алулары қажет.
- Балабақша тәрбиешісінің балаларына жасайтын тәрбиелік ықпалының күші оның моральдық беделіне байланысты. Тәрбиешінің өз тәрбиелі болуы керек. Шәкірттерді бойына дарытқысы келген моральдық қасиеттерге өзі де ие болуы қажет.
- Педагогикалық шеберлік.
- Педагогикалық әдептілік (баланың жеке өзін сыйлау, әкімшілікке жол бермеу, балаға сергек және көңіл қойып қарау) .
- Балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет.
- Ұйымдастырушылық қабілет.
- Балабақша тәрбиешісінің мамандығын арттыру (өз бетімен білімін көтеру) .
- Тәрбие жұмысында шығармашылық көзқарас.
Балабақша тәрбиешісіне қойылатын талаптар мектеп мұғаліміне қойылатын жалпы педагогикалық талаптардан туындайды.
Балабақша тәрбиешісінің қызметі мен лауазымдық міндеттері
Балабақша тәрбиешісінің тәрбие жұмысы оның шәкірттерінің бойында жалпы-адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға негізделеді. Ол төмендегідей құндылықтарды қамтиды:
Адам-адамгершілік тәрбиесі
Отбасы-баланың бірінші ұжымы, оның тіршілік ортасының табиғилығы, сондықтан қалыпты отбасының пайда болу қажеттілігін тәрбиелеу қажет.
Еңбек-шығармашылық пен даму қажеттілігіне тәрбиелеу
Білім-шындықты және адам тұлғасын дамыту тәсілін іздеу, үнемі даму қажеттілігіне тәрбилеу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz