Демократиялық қоғам


ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМ
Бұдан 15 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда қабылданған Негізгі Заң егеменді еліміздің мемлекеттік құрылымын дәйекті түрде анықтап, Президенттік басқару үлгісін бекіткен ең жоғары құқықтық нысанымыз болып табылады. Ата Заң күшіне енген уақытынан бастап қоғамымызда жаңа қатынастардың қалыптасуы мақсатында даму реформаларын үздіксіз жүргізіп келе жатқан Қазақстан Республикасы өзін демократиялық негіздегі, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік жағынан дамыған ел ретінде орнықтырып, ең басты құндылығы адам және адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары туралы қағидаларын жүзеге асырды. Осы бағытта Конституциялық Кеңес пен Сот төрелігі жетілдіріліп, олардан басқа да құқықтық жүйедегі институттардың бағыттаушы, қозғаушы күші ретіндегі функцияларын анықтауда.
Ата Заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Президенттік республикадан президенттік-парламенттік республикаға бет алуға жол бастап, Парламент және оның қос палатасының өкілеттілігі мен мәртебесін арттырып, саяси партиялардың қоғамдағы орны мен жауапкершілігін айқындап берді. Конституциямыздың тағы бір жетістігі - бізде бұрын болмаған демократиялық қоғам ұстанымдарын бекітіп берді. Бұл туралы Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында «Біз мүлдем жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық құқықтық мемлекеттің іргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайттық, өмір сапасы мен ұстанымдарын елеулі түрде өзгерттік» деп атап көрсетті. Қоғамымыз тәуелсіздіктен туындаған демократия мен жариялылықтан ғана оқып үйреніп, соның үрдістерінен сабақ алды. Бұдан былай оны өркениетті елдердің үлгісімен үнемі дамытып, жетілдіріп отырудың жолына түсті.
Еліміздің өткен даму жолдары Қазақстанда қолданылып отырған Ата Заңның оңтайлы үлгісін дұрыс таңдай білгендігімізді дәлелдеді. Соның айғағындай, осы аралықта Елбасының мемлекетіміздің экономикалық даму бағытын белгілеп, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартатын елді демократияландыру мен республика экономикасын дамытудағы «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасы жарияланған еді. Осы бағдарламада жоспарланған шаралар шеңберінде зейнетақы мөлшері өсіп, мемлекеттік қызметшілердің, денсаулық сақтау және білім беру қызметкерлерінің жалақысына үстеме қосылды. Демек, бұл біздің халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған экономикалық реформалардың іс жүзінде жүргізіліп жатқандығының бір көрінісі деуге болады. Сонымен қатар, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында еліміздің әл-ауқатын жақсарту мақсатында алдымен ана мен баланың әлеуметтік қорғалуына айрықша назар аударған.
Біз Конституциямыздың заңдылық шеңберінде еліміздің саяси жағынан демократия орнатып, әлеуметтік-экономикалық қуатын арттырып, мемлекетіміздің дүниежүзілік аренаға шығып, үлкен беделге ие болғандығын мақтаныш тұтамыз. Осы жылдары еліміз бүкіл әлемге танымал болды. Бұған қоса, Қазақстан биылғы жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ОБСЕ) төрағалық етіп, өз мүмкіндігін тағы да дәлелдеді.
Қазіргі таңда еліміздің құқықтық жүйесіндегі ең жоғары қадағалаушы - прокуратура органдары Конституциямен белгіленген міндеттердің талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында күші бар заңдардың қолданылуын, адам мен азаматтардың конституциялық құқығының қорғалуын, қылмыстық іс жүргізу сатыларында заң бұзушылықтардың жіберілмеуін, заңдылықтардың дәлме-дәл орындалуын бақылап, сот шешімдері мен қаулыларының әділдігіне ықпал ету жұмыстарын жүргізіп келеді. Жаңа қоғамдық құрылыстың алғашқы сатыларындағы құқықтық реформалау кезеңдерінде прокуратура органдарының қызметкерлері заңдардың іс жүзінде қолданылуы, оларды меңгеру кезінде кездескен қиындықтарды жеңуде төзімділікпен, зор ізденістермен еңбек етіп, уақыт сынына төтеп беріп, сүрінбей өтті. Қазір біз арттағы 15 жылдың қомақты тәжірибесінің арқасында құқықтық қорды толықтырып, кадрларды іріктеп, заңдарымызды жүйелендірдік. Сонымен бірге қоғамымызда қылмысқа қарсы күресті күшейтіп, басқа да қолданыстағы заңдардың өз мақсатындағы жүйелілігін одан әрі қадағалау жұмыстарын жүзеге асырып жатырмыз.
Прокуратура органдары Конституция, Заңдар мен Жарлықтар, заңға тәуелді актілер аясында әрбір аумақта, аймақта заңдылықты өз деңгейінде орынды қолданып, құқықтық тәртіпті нығайту жұмыстарының пәрменділігін күшейтудегі өз рөлін жариялылық пен демократиялық тұрғысында арттыра беру мақсатын көздейді. Бүгінгі күні прокуратура органдары Конституциямен бекітілген әрбір заңның үстемдігіне ара түсуші, әділдікті жақтаушы, реформа нәтижесінде туған заңнамалардың өз мақсатында қолданылуына бақылау жасаушы орган ретінде халық арасында кеңінен танымал болды.
Прокуратура заң бұзушылықтың кез-келген құбылысына қарсы күрес жүргізудің әдістерін қолданып, құқық қорғау органдары арасындағы Үйлестіруші функциясын реттестіріп отырады.
Бұл туралы Елбасы Н. Ә. Назарбаев осы жылдың 17-тамызында Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау мәселесі жөнінде өткізген кеңесі отырысында атап өтті.
Прокуратура органдарымен қылмыстық ізге түсу органдарында қылмыстық қудалауды жүргізуде - әрбір азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына ерекше назар аударылып, осы органдардағы камералар мен уақытша ұстау изоляторларында, қызметтік және өзге де үй-жайларында үздіксіз қадағалау орнатып, - түнгі уақытта, мереке және демалыс күндері тексерулер жүргізу тәжірибеге айналдырылды.
ҚР Бас Прокурорының 18. 10. 2005 жылғы бұйрығымен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарында орналасқан «прокурорлар кабинеттерінде» кезекшілікті ұйымдастыру тәртібі туралы» Ереже талаптарына сәйкес, облыстағы ішкі істер органдарында прокурорлардың кезекшілігі ұйымдастырылып, оны жүзеге асыру үшін дербес қызметтік бөлмелер бөлінді.
Бұл ретте кезекші прокурорлардың тәулік бойы, оның ішінде түн мезгілінде кезекшілік атқаруы азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуіне оң әсерін тигізеді.
Прокуратура органдарымен атқарылып жатқан шараларға қарамастан, қылмыстық ізге түсу органдары тарапынан қылмысты ашу, азаматтардан мойындау жауабын алу мақсатында, қызметтік кабинеттерде заңсыз ұстау фактілері жалғасуда.
Айтарлық, осы мерзімде прокурорлық тексеру нәтижесімен облыстық қылмыстық ізге түсу органдарының қызметтік кабинеттерінен қылмысқа сезікті деген желеумен заңсыз ұсталып отырған 18 (16) адам анықталып, олар дереу прокурорлық ықпал ету шараларымен босатылды.
Бұған дәлел ретінде айтар болсам, Қызылорда қалалық прокуратурасымен жүргізілген тексеруде 18 наурыз 2010 жылы қалалық ішкі істер басқармасының 4 қабатындағы қызметтік бөлмесінде төрт азаматтың 3 сағаттан астам заңсыз ұсталғандығы анықталып, олар дереу босатылып, конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.
Сол сияқты, «ұрлық қылмысына қатысы бар»-деген сезікпен Т. Таханов Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің қызметтік бөлмесінде еш хаттама толтырылмай 3-сағаттан астам уақыт заңсыз ұсталғандығы анықталып, прокурорлық ықпал ету актісі негізінде ол дереу босатылды.
Оған кінәлі Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі Қ. Үсенов прокуратура тарапынан енгізілген ұсыныстың негізінде бөлім бастығының бұйрығымен «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, аталған ішкі істер бөлімінің «уақытша ұстау абақтасында» сезіктілер мен айыпталушыларды ұстау және оларды орналастыру тәртібіне прокуратурамен жүргізілген тексеріс барысында, аса ауыр қылмыс жасаған адаммен бір камерада жасы кәмелетке толмаған Н. Ералиевтің негізсіз ұсталып, ҚР ІІМ-нің 2002 жылғы «Ішкі істер органдары уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы» бұйрығы талабының бұзылғандығы анықталды.
Бұл орын алған заң бұзушылыққа байланысты прокуратура тарапынан ұсыныс келтіріліп, оның қаралу нәтижесінде ОІІД-ті бастығының 31 наурыз 2010 жылғы бұйрығымен АІІБ-нің уақытша ұстау изоляторының бастығы М. Тұртановқа және оның орынбасары М. Бесбаевқа «сөгіс» жарияланған.
Ал, Казалы аудандық ІІБ-нің УҰИ-да бір камерада бұрын үш рет бас бостандығынан айыру орындарда жаза өтеген Н. Кубегенов пен алғаш рет қылмыстық жауапқа тартылып отырған Б. Бекмамбетовтың отырғандығы анықталып, прокуратураның ұсынысы негізінде осы заң бұзушылыққа жол берген кінәлі лауазым иелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сала бойынша заң бұзушылықтың алдын алып, қадағалаудың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар облыстық прокуратураның күнделiктi бақылауында.
Бізге жүктелген міндеттердің тағы бір маңызды буыны - мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылыққа мән беріліп, ондағы мемлекеттік тапсырмалармен қатар, еңбек адамдарының құқығының, еңбек ету қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қадағалау болып саналады.
Бұл ретте де салалық тексерулер тұрақты түрде жүргізіліп, жіберілген заң бұзушылықтарға дер кезінде шаралар қолданылуда.
Жалпы алғанда облыстық прокуратура органдарымен 2010 жылдың 7 айында аталған мақсатта барлығы 590 тексеру жүргізіліп, 17 мыңнан астам заң бұзушылық анықталып, 13241 азаматтың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды, 1 млрд. 735 млн. теңге қаржы өндірілді.
Осы заң бұзушылықтар бойынша 651 ұсыныс енгізілді, заң бұзушылықтарды жою туралы берілген 31 ұйғарым орындалып, 137 наразылықтармен 1253 заңға қайшы кесімдер (актілер) бұзылды, әрі 1600-ден астам тұлға әртүрлі (878-тәртіптік, 656-әкімшілік, 93-мүліктік) жауапкершіліктерге тартылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz