Иммуногендер мен вакциналардың биотехнологиясы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ИММУНОГЕНДЕР МЕН ВАКЦИНАЛАРДЫҢ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ

М ақсаты: Ауылшаруашылық жануар ауруларына қарсы коньюгатты вакциналарды өндіріске еңгізу және ветеринария тәжірибеде қолданумен танысу.

Мазмұны:

1. Аса қауіпты ауылшаруашылық жануар ауруларына қарсы қауіпсіз коньюгатты вакциналарды өндіріске еңгізу мен ветеринария тәжірибеде қолдану.

2. Адамзаттың деңсаулық негізгісі мен қоғам бұл - жоғары сапалы медициналық вакциналармен адам ауруын жою және алдын алу.

3. Полимер - жаңа дәуірдің суббірлікті вакциналар.

Инфекциялық аурулармен күресте уақытында балау, емдеу және

телімді алдын алу жұмыстарын жүргізу ерекше орын алады. Бұл мақсатта биологиялық өндірісте түрлі биологиялық препараттар шығарылады, олар төмендегідей топтарға бөлінеді:

1. Белсенді иммунитет түзетін вакциналар;

2. Енжарлы иммунитет түзетін емдік- профилактикалық және

диагностикалық иммунды қан сарысулары мен иммуноглобулиндер;

3. Диагностикалық антигендер мен аллергендер;

4. Бактериялардың лизисін қамтамассыз ететін бактериофагтар:

5. Цитокиндер (интерферондар, интерлейкиндер және т. б. ) және биологиялық иммуностимуляторлар .

Вакцина - түрлі микроорганизмдерде, белгілі микроб компонеттерінен немесе олардың өміршеңді өнімдерінен алынатын телімді препараттар. Оларды адам және жануарлардың инфекциялық аурулардың профилактикасында немесе емдеуде иммундеуді белсендіру үшін қолданады.

Вакцинаны өндірумен адамзат Джэннердің кездерінен бастап

шұғылданып келеді. Э. Джэннер бірінші болып оспаға қарсы вакцинаны егуді жүзеге асырды. Бүгінгі таңда вакцино-профилактиканың тәжірибесіне 200 жылдан астам уақыт өтті деп санауға болады. Вакцинаның дамуы бірнеше кезеңнен өткен:

1. Бірінші ұрпақтағы вакциналар-оларға корпускулярлы вакциналар жатады. Олардың негізін тірі әсіретілген немесе иноктиверленген (өлтірілген) вакциналар құрайды.

2. Екінші ұрпақтағы вакциналардың препараттарының жекеленген қоздырғыш немесе олардың өнімдерінің фракциялар құрайды. Бұларға анатоксиді және химиялық вакциналар жатады.

3. Үшінші ұрпақ препараттарын рекомбинантты векторлық вакциналар құрайды.

4. Төртінші ұрпақ вакциналарына өңдеу сатысындағы вакциналар жатады. Бұлар пептидті синтетикалық және антимидиотипті вакциналар, ДНҚ вакциналары, құрамында ГКГ генінің өнімдері мен трансгенді өсімдіктерден алынатын вакциналар.

Тірі вакциналар - тірі әлсіздендірілген (атенуирленген) микроб штамдарынан дайындалатын, жануар организмінде көбеюге және белсенді имммунитет түзу қабілетіне ие, клиникалық ауру белгілерін тудырмайтын ауру препарат. Осындай мақсатты көздей отыра жиі әлсіздендірілмеген микроб штамдары да қолданылады.

Өлтірілген немесе инактивирленген вакциналар - микроорганизм

культураларының жылыту мен, гамма сәулелермен немесе фенолмен формалин, ацетонмен, спиртпен және т. б. әдістермен әсер ету арқылы өлтірілген препараттар. Инактиверленген вакциналарға мыналар жатады, мысалы: фенолвакциналар - микроорганизм өсіндісін фенолмен инактиверлеген препарат.

Химиялық вакциналар - иммунитет түзуді қамтамасыз ететін, химиялық әдістің көмегімен бөлініп алынатын микроб жасушаларының жеке фракциясының препараты.

Анатоксиндер өзінің антигендік және иммуногендік құрылымын сақтай отыра, өзінің токсиділігін химиялық немесе физикалық факторлардың әсерінен жұмсайтын токсиндер.

Вакцинаның иммуногенділігі олардың әсерлігінің негізін құрайды.

Вакциналардың корпускулярлылығы олардың иммуногенділігі қамтамасыз етеді, ал басқа жағдайларда вакцинаның иммуногенділігін көтеруде қосымша әдістер қолданылады. Вакциналардың құрамына кіретін толық антигендердің иммуногендігі, олардың молекулясының полимерлігі мен көлеміне байланысты. Гаптендердің иммуногенділігі - тасымалдаушы молекуласының эпитоп тығыздығына байланысты. Ақуыздардың толеранттылық қасиеті антигендері үшін төмен полимерлі тудырады, ал полисахариттер үшін - жоғары полимерлі.

Қандай вакциналар болмасын төмендегі талаптарға сай болуы керек:

1. Антигендердің (макрофак, дендіритті жасушалар, Лангерганс жасушалары) презинтациясы мен процесингіне қатысушы қосалқы жасушаларды белсендендірілуі қажет;

2. Т- және В- жасушаларына гуморальды және жасушалық иммунитеттің керекті арақатынасын қамтамасыз ететін эпитоптан құралуы тиіс;

3. үрдіске оңай түсуі керек және олардың эпитоптары сәйкес келмейтін І-ші және ІІ-ші кластағы антигендермен өзара байланысуы қабілетіне ие болуы керек.

4. Олар иммунды жады жасушасы мен жүйелі жасушалардың (киллерлер, Т-эффектор, антидене түзуші жасушалар) түзілуін индукциялауы қажет.

Бірақ жоғарыда аталып өткен талаптарға барлық вакциналар сай келе бермейді. Сондықтан да, тәжірибеде вакциналардың иммуногендігін жоғарылататын әр түрлі әдіс жобалары шықты.

Емдікпен алдын алу иммунды қан сарысуы мен препараттар .

Биологиялық өндірісте емдік-профилактикалық қан сарысулары мен

иммуноглобулиндер дайындалады, бұларды терапиялық қатаң телімділікте және ауруға күдікті адамдарда профилактикалық енжарлы иммундеу үшін инфекциялық ауру төну қаупі бар деген жағдайларда қолданады.

С арысу препараттары - жануарлар мен адамдарды емдеуде және

спецификалық профилактикасы үшін қолданады. Оларға: қалыпты және телімді қан сары сулары плазма иммуноглобулиндер жатады.

Денсаулық сақтау тәжірибесінде шаммен 2000-нан астам емдік қан сарысуларының препараттары қолданылады, оларды түрлі инфекциялық аурулармен ауырған адамдарды, жануарларды иммундеу арқылы алады. Емдік қан сарысулары ұзаққа созылмайтын иммунитет түзеді. Вакцинаны енгізген жерде қандағы антиденелердің қорғанысы 12-24 сағаттан соң түзіледі.

Емдік қан сары сулары гетерогенді және гемогенді болып бөлінеді.

Гипериммунды қан сарысулары бактерия, вирус антигені мен анатоксиндердің тірі продуценттерін гипериммунитет уақытша және енжарлы иммунитет түзеді, сондықтанда организмнің жұқпалы аурумен ауырғаны байқалса, онда иммунитеттің тез түзілуі үшін қолданады. Организмге емдік қан сары суын еккеннен кейін 2-3 сағаттан соң иммунитет түзіледі, бірақ 2-3 аптаға ғана созылады.

Диагностикалық иммунды қан сарысуы мен иммуноглобулиндерді

жануарларға сәйкес келетін антигендермен гипериммундеу жолымен алады. Көп жағдайда қан сарысулардың продуценттері ретінде зертханалық жануарлар, тауық және жылқылар болып табылады. Диагностикалық қан сарысулары тек бір ғана антигенге бағытталған телімді антигендерден тұрады. Диагностикалық қан сарысулары ауру қоздырғыштарының патогенді материалдарын (сібір жарасы) анықтауда қоздырғыш инфекциясының түрін (сератоп, сератин) анықтау мақсатында қолданылады.

Диагностикалық антиген мен аллергендер.

Диагностикалық антигендерді - дайындау әдісімен принципі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық биотехнология негіздері. Антибиотиктердің, вакциналардың, моноклинальды антиденелердің және т.б. биотехнологиясы
МИКРОКАПСУЛАЛЫ ВАКЦИНАЛАРДЫ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Тірі вакциналардың артықшылықтары мен кемшіліктері
Вакцинация
ДНҚ вакциналарын алу технологиясы
Жеуге жарамды вакциналар
Рекомбинантты ДНК технологиясы негізіндегі жаңа буынды вакциналар
Тірі вакцина түсінігі
БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КРИОКОНСЕРВІЛЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz