Жасөспірімдер бойында құқықтық сананың қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
Техникалық және гуманитарлық факультеті
ДИПЛОМ Ж Ұ М Ы С Ы
Тақырыбы: ЖАСӨСПІРІМДЕР БОЙЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Орындаған
4-курс студенті Умирзақова И
Ғылыми жетекші
п. ғ. к Болтаева Ә. М.
Рецензент
Норма бақылаушы
Қорғауға жіберілді:
Техникалық және гуманитарлық
факультетінің деканы
Қорғауға жіберілді « » 2010ж
Хаттама №
Алматы 2010
МАЗМҰНЫ
- Заң психологиясындағы құқықтық сана және оның теориялық
мәселелері . . .
- Жасөспірімдер қарым қатынасы және құқықтық сананың
бұзылуының көріністері . . .
- Жасөспірімдер тобындағы қылмыстық мінез-құлықтың сипаттамасы
К І Р І С П Е
Өзектілігі. Құқық туралы көзқарастың әлеуметтік мәні мен құрылымы туралы айтатын болсақ, құқықтық сананы көбінесе адамдардың құқыққа деген қатынасы және ол туралы білім ретінде зерттейді. Осыған орай құқық нормасына деген қатынас деп қарастырылуда. Бірақ осындай объектілерді заң және құқықтық сананы бір-біріне теңестіруге болады ма деген сұрақ туындайды. Олардың құрылымы соншама бірдей ме, яғни олардың мазмұнын теңестіргенде бірі, екіншісі құқықтық сана санасы туралы шешім оның толықтығы және зиянын қарайды.
Жеке адам бойында құқықтық сананың қалыптасуы және оған әлеуметтік ортаның әсерін зерттеудің өзектілігі оларды қылмыс, құқық нормалары туралы әлеуметтік көзқарастарының жүйесі ретінде жаңаша қарастыру, қылмыстың алғы түрткісін танып, оның алдын-алу жұмыстарының мемлекеттік дәрежедегі маңыздылығымен сипатталады.
Құқық бұл- мемлекет орнататын қажетті нормалармен ережелер. Егер мұндай ережелер болмағанда, қоғам өте көп бір-бірімен кектесіп жүретін топтарға бөлініп, өмірге деген қауіпсіздік қамтамасыз болмайтын еді. Бұл ережелер бүгін жасалынған жоқ, олар әр тарихи уақытта әртүрлі болған.
Құқықтық сана - өз құқықтарын білу ғана емес, өзін-өзі бақылау, жауапкершілік. Кімнің алдындағы жауапкершілік? Жауапкершіліктің ең жоғарғы деңгейі - өзіңнің алдыңдағы жауапкершілік. Бұл ұжданның дауысы.
Құқықтық пайымдаулар - күрделі психоәлеуметтік құбылыстар. Олар - көптеген детерминанттардың нәтижесі. Құқықтық сананың қалыптасуының негізгі 3 жағдайын бөліп көрсетуге болады:
- Макроәлеуметтік жағдайлар - қоғамның шынайы әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері, құқықтық жүйе, құқықтың беделі және т. б.
- Микроәлеуметтік жағдайлар - нақты формалды және формалды емес топтардағы: отбасы, мектеп, жасөспірімдік бірлестіктер, референтті топтардағы субмәдениеттік құқықтық бағдарлар.
- Тұлғалық жағдайлар - субъективті құқықтық белсенділік. Егер бұл тұлға болса, қоршаған ортасына қарамастан, адам қалай да өзі шешім қабылдайды; және де нашар отбасында тәртіпті адам өсіп шығады. Оларға тоқтала кетейік.
Соңғы жылдары кеңестік кезеңде қалыптасқан ерекше ментальділіктің әсері туралы жиі айтылуда. Ол құқықтың құндылықтарын дұрыс бағаламауға (құқықтық негативизм), немесе заң талаптарына жеңіл, жауапкершіліксіз қарауға (құқықтық инфантилизм), құқық нормаларын белсенді түрде қабылдамауға (құқықтық нигилизм) әкелді.
Қазіргі қоғамда әсіресе жасөспірімдер арасында қылмыстың көбеюі, құқықтық сананың тұлға бойында қалыптасуына белгілі бір сыртқы орта жағдайларының әсерінен бұзылуы, яғни бұл жағдайлар адамды қылмысқа итермелейді.
Жасөспірімдік кезең жеткіншектік кезеңнен бір саты жоғары, яғни бұл олардың жеткіншектерге қарағанда құқық туралы білімі жинақталған, құқық туралы көзқарасы қалыптаса бастаған кезі деп есептеледі. Бұл кездегі барлық жасөспірімдер - оқушылар, яғни олар ата-аналар (мемлекет) асырауында, қамқорлығында және олардың жетекші іс-әрекет оқу болады. Құқықтық санадағы әлеуметтік көзқарас бұл күнделікті адамдар арасындағы қарым-қатынас барысында құқық туралы, қылмыс туралы мәліметтерді өзара бөлісіп, пікір алысып отырады.
Әлеуметтік көзқарас өзара тұлғалық қатынасы арқылы және көпшіліктер арасындағы қатынастар арқылы пайда болады және таралады. Нәтижесінде, күнделікті қоғамның, әлеуметтік ережелердің, ата-ананың, құрбы-жолдастарының жасөспірімге әсері құқықтық сананың қалыптасуына әкеп соғады. Мысалы, жанұяда жиі-жиі ұрыстардың болуы, ата-аналардың өзара келіспеушіліктері, жеткіншектерді ұрып соғу түрінде жазалау, баланың бойында қызбалық, жоғары қозғыштық ұстамсыз қасиеттеріне тудырады. Көбінесе жасөспірімдердің бойында жағымсыз психикалық күйлер, қалыптар көрінеді: қанағаттанбаушылық, қорқыныш, сенімсіздік, жалғыздық, селсоқтық және т. б. әрбір психикалық күй ішкі жағымсыздың алғы шарттарымен байланысты. Бұның бәрі сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен туындайды.
Кейбір жағдайда әлеуметтік жағдайы жақсы жанұядан да қазіргі заманда жасөспірімдердің құқықтық санасының қалыптасуына әлеуметтік мінез-құлқының жағымсыздануы, бұзылуы кездесіп отырады. Бұнда ата-ананың баласына деген үлкен сүйіспеншілігі, яғни баланың айтқанын тым орындау, еркелету, орынсыз ақша беру т. б. қарым-қатынастардан жасөспірімнің қажеттілігі арта түседі. Бұл жағдайда бала эгоист, еріншек, қиындықты шеше алмай, өзіне сүйене алмайды.
Жасөспірімдердің өзін-өзі бекіту қажеттілігінің қанағатсызданбауы жеке қылмысқа әкеп соғады. Жасөспірімдердің бойында құқықтық сананың қалыптасуы өзара қарым-қатынас процесіне тәуелді. Себебі құқық туралы мағлұмат, ақпарат күнделікті қарым-қатынас процессінде жүзеге асады.
Зерттеудің мақсаты. Жасөспірімдердің бойында құқықтық сананың қалыптасуына әсер ететін факторлар (жанұялық қарым-қатынас, қоршаған орта, өзін-өзі бақылау т. б. ) мен олардың қылмыс туралы көзқарасын зерттеу.
Зерттеу болжамы. Жасөспірімдердің бойында құқықтық сананың қалыптасуы қоршаған орта мен жеке адам аралық қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты.
Зерттеу пәні. Жасөспірімдердің бойында құқықтық сананың қалыптасуы
Зерттеу объектісі. Жасөспірімдер тобы.
Зерттелушілер сипаты. Зерттеу тобына балалар коллониясындағы жасөспірімдер, ал, бақылау тобына әдеттегі жасөспірімдер қатыстырылды.
Біздің ойымызша жасөспірімдердің тұлғалық құқықтық санасының қалыптасуы біріншіден, жанұялық тәрбиелеу барысында, оқу барысында, жанұя дәстүрінде сол ортаның адамгершілік ахуалына байланысты.
І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 ЗАҢ ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Заң психологиясының аясында құқықтық сананы таным процессінің қорытындысы, шешімі ретінде (көпшілік және қоғамдық сана ретіндегі жағдайда) және оған сай құрылым ретінде (бұл әлеуметтік көзқарасы кезінде) қарастырады.
Құқық психологиясы - адамның құқықтың мағынаға ие құбылыстарды өз психикасында қалай бейнелендіретінін және психологиялық механизмдер мен құқықтық сананың қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін заң психологиясының бөлімі.
Құқықтық сананы түсіндіруде күнделікті құқықтық санаға қосатын бірнеше қасиеттермен байланыстырады: мысалы - қоғамдық сана, көпшілік сана, әлеуметтік көзқарас. Бірақ бұлардың бәрімен тек бір ғана құқықтық сананы түсіндіреді. Құқықтық сана - қылмыс туралы әлеуметтік көзқарас, басқа сөзбен айтқанда қоғамдық немесе жеке даралық сана сферасы, яғни ол өзіне құқық туралы білім, құқыққа деген қатынас және құқықыты қолданатын іс-әрекеттерді кіргізеді. Құқықтық сана - құқты нормалары жоқ және әрекеттеуші құқ туралы көзқарастар жиынтығы ретінде қарастырады.
Қазіргі кезде құқықтық сананы зерттеу құқтық сана қалмыс деңгейін бағалау, қылмыс алдына қорқыныш, қылмысқа, қылмыскерге байланысты әлеуметтік нұсқау, жазалау ретінде жүзеге асырылуда. Жеке даралық құқықтық сана тәрбие, білім, әдет, сол ортаның адамгершілік климаты, яғни адамның қоршаған ортасының әсерімен қалыптасады. Заң мен құқықтық сананың мазмұнын салыстыру үшін және олардың сәйкес деңгейін анықтау үшін олардың құрылымдарының сәйкестілігін білуі керек, бұған қарсы жағдайда олар бір-біріне байланыспайды. Зерттеу мақсатына байланысты бұл мақала күнделікті құқықтық сана құрылымын талдайды. Зерттеу мақсатына байланысты негізі ретінде құқықтық сананың әртүрлі компоненті және әртүрлі ол туралы көзқарастар ретінде қарастырады.
Құқықтық сананың компонентттері туралы айтатын болсақ, құқықтық сана үш немесе төрт компоненттерді өзінен бөліп шығарады. Біріншіден, оның құрылымы аттитюд құрылымына ұқсас, ол өзіне когнитивті (білім, елестету), бағалау ( баға және эмоционалды қатар жүру), және еріктік (түрткі және мақсат, бір жағынан дағды, басқа мен әрекет тәсілдері) компоненттерін өзіне қосады. Төрт компоненті құрылымды қолданатын жағдайда бағалау компоненті екіге бөлінеді: жеке бағалаулығы (бұл құқықтық нормаларға және құбылыстарға адамдардың баға беруі) және энергетикалық ( бұлда құқықтық мінез-қылықта эмоцияның қатар жүруі) жатады [1] .
Құқықтық сананың мағынасын білу жағдайда, мынадай терминдер «қоғамдық сана» және «көпшілік сана» қолданылудан шыққан. Бұнда кейбір объективті шыңайлықты адамның бейнелеуінің маңыздығын, соның ішінде әлеуметтік экономика, саяси, құқықтық және т. б. акцент өте жиі жасалады. Әлеуметтік көзқарас жағдайында адамның білімін және көзқарасының келісім мінезін атап көрсетіп, яғни бұнда адамдар арасындағы коммуникативті процесс, жеке тұлғалық ретінде. Сонымен топтық деңгейде зейін орталығында болады, назарға алынады.
Құқықтық сана субъектісі қасиетінде бөлек адам ретінде, сонымен әлеуметтік топ ретінде қарастырылады. Қоғамдық сана ретінде құқықтық сананы зерттеу, бұнда екі мүмкіншіліктер назарға алынады, яғни мұнда мынадай жағдайларды атап өтіледі. Құқықтық сананы бөлек адамдардың жетістігі болып саналады. Ол әлеуметтік топқа қосылуы, яғни бұнда кіші немесе үлкен топтың оған мазмұнды әсер етуі. Осыған мысал ретінде заңгерлердің, мұғалімдердің, дәрігерлердің кәсіби құқықтық санасы болып табылады.
Құқықтық сананың субъектісі - көпшілік сананың аспектісі ретінде немесе әлеуметтік көзқарасының жиынтығы ретінде, бұнда үлкен әлеуметтік топ, ұлт немесе нәсіл ерекшеліктерінің негізінде бөлініп шығуы, бұл жасы, жынысы, азаматтылығы, іс-әрекеті, тегі және т. б. қарастырылады.
Құқықтық сананың тұтастылығы және қайшылықсыздығын қарасақ. Қоғамдық сананы қарағанда көпбейнелі, яғни оның кейбіреулері бір-бірінен формалары, түрі, элементінің алшықтау процессі жиі айтылады. Бұнда мынадай формаларды атап өтуге болады: ол, құқықтық сана, саяси сана, моральді сана және т. б. түрлер болса: ол, таным немесе қатынас, күнделікті немесе теориялық; және элементі, ал құқықтық сана өз-өзімен жеткілікті қайшылықсыз құрылымы ретінде бағаланады.
Көпшілік сана терминін пайдалансақ, оның әртүрлі компоненттерге, формаға бөлінбеген, сонымен бірге оның қайшылығы және әртүрлі элементтердің өзара келіспеушіліктері жиі еске алынып отырады. Және, қорытындылай келе, әлеуметтік көзқарастар байланысында құрылымы ядролық және перифериялық элементтері бар және оны жүйеге қосу туралы сөз айтылуда [2] .
Құқықтық сананың тұрақтылығы: құқықтық сана өзінің өзгеруінің қозғалысының деңгейімен ажыратыла алады. Жеке түрде қарағанда «қоғамдық сана» терминінің көбінесе тұрақты және жай өзгеруші білім ретінде қолданады, ал көпшілік сана түрінде - мобилді эәне тез, оңай құқықтық сананың компоненті деп түсінеді. Ал әлеуметтік көзқарас олардың ортасында орналасқан сияқты. Таным процессіне қатынасы: құқықытық сананы таным процессінің қорытынды, нәтижесі ретінде қарастырылады, яғни сонымен бірге көпшілік, қоғамдық сананың жағдайы ретінде және әлеуметтік көзқарастағы оған тән құрылым ретінде.
Құқықтық сана бізге өзінді бағалы ретінде қызықтырады (ол біріншіден қоғамдық санада байқалады) немесе мінез-қылықпен байланысы (ол көпшілік сана және әлеуметтік көзқарас жағдайы ретінде) . Құқықтық сананың субъектісі - бұл үлкен топ, негізінде азаматтылығы бар және жасына байланысты. Құқықтық сананың пайда болуына үлкен үлес қосқан - қарым-қатынас. Ол қандай да болмасын, яғни өзара жеке қарым-қатынас, сонымен бірге көпшілік ақпарат құралы деңгейінде жүзеге асады. Құқықтық сананы бөлек-бөлек элементтердің қосылысы деп түсінуге болмайды, оны тұтас бір жүйе ретінде қарастырып, одан орталық және перифериялық элементтерді бөліп шығаруға болады.
Осыған орай оның бір компоненті белгілі-бір мінез-құлықтың моделі болып саналады. Содан кейін бір процесс арқылы адамдардың қимыл-қозғалысын, істеген ісін реттейді, сонымен қатар бөлшекті түрде қолданылған тәсілдері негізінде қалыптастыруы мүмкін. Құқықтық сананың құрамында вербалды компоненет қана емес, сонымен бірге образды бейнелі компонент бар. Құқықтық сананың мінездемесі қалған екі критерияда маңыздылығы жоқ. Осыған байланысты, құқықтық сананы түсіндіру, анықтау үшін «құқық туралы әлеуметтік көзқарас» деген терминді қолданамыз [3] .
Құқықтық сана - қоғамның құқықтық тәртіп жайлы білімі. Бірақ бұл жайлы хабардар болу жеткілікті емес, себебі қылмыскер не істеуге болатынын болатынын, я болмайтынын біледі емес пе?. Білімдер интериоризацияланбай жүріс-тұрысты анықтамайды және өмірдің тұлғалық регуляторларына айналмайды. Осының нәтижесінде адам еш қиындықсыз заңмен сәйкес өзін ұстайды, бұл оның бәрін жатқа білуімен байланысты емес, ал шын мәнісінде оның басқаша істей алмайтынында. Құқық және мораль адамға ұялап, жазылып, және онда өмір сүреді. Бұл этапта бұл процесс тереңге - қажеттілік-мотивациялық сфераға кеткен, ал адам ортаның мәдениеті мен эталонын өзіне қалыптастырған.
Тоталитарлы режим адамдардың құқықтық санасын өте көп уақыт деформацияланған, ал заңдардың өзі тұлғаның мемлекет міндет ретінде қабылданған. Тұлға негізгі құқықтық бірлік ретінде есепке алынбаған. Нақты адам құқықтарына қарағанда, мемлекетке және билікке қарым-қатынас маңыздырақ болды. «халықтың құлдары» әрқашан бақалардан жақсы өмір сүрді. Адам ешқашан өз қызығушылығымен бірнәрсе істей алмайтын, міндетті түрде жоғарыдан рұқсат келуі керек. Егер бір нәрсе болса « Кім рұқсат берді?» Ал шын мәнісінде біреуден рұқсат алу қажет емес. Құқықтың кең ауқымды шекаралары бойынша, адам өзін қауіпсіз, еркін сезінуі, және көп нәрсе азаматтың ынтасынан пайда болуы керек.
Құқықтарды адамдар қалыптастырады. Eгер бұл жерде адам емес компьютер болғанда, ол әрдайым дұрыс шешім шығаратын еді. Бірақ құқықтық белсенділік құжаттарға тәуелді емес, ал қалыптасқан құқықтық ментальділікке тәуелді. Бұл менталбділік құқықтық нормалар әр адамда өзіндік мәнге ие болуында көрінеді. Осылайша, жеке азамат өзіне маңызды өз үшін маңызды нормаларды орындайды. Мәселен, ұрламау, өлтірмеу керек және т. б. басқаларды да маңызды деп ойлайды, бірақ оларды орындау ол үшін қиын деп айтады. Және ол әйелге, балаға қол көтереді. Және қоғамның құқықтық институттар жағынан әлсіз бақылауынан ол олардыелемеуі мүмкін [3] .
Сонымен, әр адамның өз ынтасынан құқықтылық пен құқықтық тәртіпті күшейтуге әрекет жасайтындай шарттар туындату керек. Мұндай позитивті әлеуми-құқықты белсенділік орын алуы үшін, адамда құқыққа деген қызығушылық және құрметтің болуы, құқықтық мекемелердің престижін мойындауы керек. Ал қазіргі жағдайда индивидуалды құқықтық санада алдыңғы тұлғалық құқықтық деформациясынан қалған, әлеуметтік әдеттер консерватизмі, бағдарлар сақталған. Сонымен, біздің құқықтық санада, біздің құқықтарымыз сақталмfйды деген түсініктер бар.
Құқықтық қоғамды құрудың бірден-бір жолы «төменнен» деген жол, адамның өз құқықтарын қорғауға қабілеттілік, басқалармен қарым-қатынасты басқару, және сол уақытта басқаларға көңіл аудару, және өз қызығушылықтарына нұқсан келтірмеу. Микроәлеуми шарт - адамның қоршаған ортасы. құқықтық сананың ақаулары айна секілді реалды өмір шарттарын бейнелендіреді. Құқықтық сананың жоғарғы деңгейі жағымды өмір жағдайында қол жеткізіледі (заңды сақтаушы азаматтар жанұясы, мектепте және жоғарғы оқу орында оқуға мүмкіншілік, жасөспірімдік кезңде жақсы қарым-қатынас жасау) . Бұл өмірлік перспективаны сезінуге жол жасайды. Құқықтық сананың барлық жақтары дамиды: интеллектуалды, эмоционалды, мотивациялық-еріктік [2] .
Танымдық- құқықтық түсініктердің, білімдердің соммасы. құқықтық нормаларға эмоционалды баға мен қарым-қатынастың жағымды, жағымсыз, бейтарап болуы мүмкін. Мұның барлығы құқықтық жүріс-тұрыстың бағдарын туындатады, заңды орындауға әдеттену, заң бұзушыларға жағымсыз қарым-қатынасты туындатады. Ғылыми зерттеулер бойынша құқықтық әлеуметтенудің ақаулары келесі жағдайларға байланысты болады: ата-анамен конфликт, әлеуми нашар жанұяда тәрбиелену (криминогенді, аморальды, проблемалы, толық емес, өтірік сәтті), мектепте өз-өзін реттеудегі қиыншылықтар, неформалды аморальді топтармен жақындасу.
Сонымен, құқықтық сана - бұл мендегі жеке нәрсе емес. Ол Индивидуалды құқықтық сананың құрылымы ең азы дегенде 3 элементтен тұрады:
-құқықтық хабардар болу (компетентттілік)
-құқыққа позитивті психологиялық қарым-қатынас, оған келісу
-құқықтық тәжірибенің интериоризациясы.
Бұл процесстің қалай жүретінін толықтырақ қарастырсақ. Құқықтық мәдениетпен танысу балалық шақтан басталады. Ештеңе білмейтін бала мен өрениет арасында оның тасымалдаушы, яғни ересек болады, ол барлық құқықтық құдылықтарды тұрмыстық ережелер ретінде, үлкендердің қағида есебінде береді. Ертегілерден жақсылық пен жамандық жайлы алғашқы түсініктер қалыптасады, рольдік ойындардан құқықтың функциялар, өмірден, әңгімелесуден, фильидерден, кітаптардан пайда болады. Сонымен қатар құқықтық сананың қалыптастыруда негізгі механизмдер - еліктеу, жұғу, идентификация, сендіру.
Еліктеу - адамдардың біріне-бірі әсер ету, мұның нәтижесінде бейсаналық түрде тұлғалық жақтар көшіріледі. Еліктеу ерте балалық шақта, яғни баланың тұллғалық жақтары қалыптаспаған кезде жүреді, ал конформды адамдарда бұл өмір бойы жүреді.
Жұғу бұл - бейсаналық түрде басқа адамның психологиялық күйін қабылдау, нәтижесінде басқа адамның ойлары, сезімдері өндіріледі. Мұндай психологиялық тоғысу өте көп жылдар бойы қарым-қатынас нәтижесінде пайда болады. Балалар үшін идентификацияның фигуралары болып ата-аналары болып табылады. Егер қарым-қатынас жақсы болған жағдайда тек жүріс-тұрыстың сыртқы көріністері ғана емес, өмірге деген құқықтық түсініктері де қалыптастырылады. Ал егер ата-ана мен бала арасында қарым-қатынас жаман болған жағдайда, тек адамдардың өздері ғана емес олардың құқықтық құндылықтары да кері қайтарылады. Жаман қарым-қатынас нәтижесінде бала ата-анасына былай айтуы мүмкін: «Осы шыншылдықтарымен, тәртіптілігілеріңмен сендер неге жеттіңдер?ң. Сонан соң бала баасқа адамдарға, және басқа құқықтық құндылықтарға ене бастайды.
Егер адамды мұнда жақсы көріп, мақұлдаса, тәрбиесіне жақсы деген баға қойылады. Адам өзі өмір сүретін және ләзаттанатын ортаның номалар мен құндылықтарды қабылдайды. Ал қабылдаған нәрселерін қорғауға және сақтауға тырысады. Ал құндылық деген не? Бұл барлық нәрсеге берілтін мән-мағына. Құндылықтың ориетациясы тұлғаның бағдарын анықтайды. Бұл бағдарлануды гедонизм көзқарасынан анықтаса болады. Өмірге ләзатанудың әр адам қалай жоғарылатады? өмірде ләзат алудың жолдары өте көп, және әркімде ол әртүрлі: тамақ гедонизмі, еңбек, спорттық, қарым-қатынасқа байланысты, наркоманның гедонизмі, садисттің т. б. Әр акттан кейін оны нығайту негізінде эмоция жатыр. Егер жағымды эмоция пайда болса, онда оны тағы сезінгің келеді.
Адамда эмоционалды нығайтуды тану керек, яғни неден кейін ол адамда пайда болды. Мәселен бала әкесінің қуанып отырғанын көрді делік. Бұл бала үшін күшті эмоционалды нығайту болып табылады. Бұл неден кейін пайда болды? Сонда, бала басқа біреудің ойыншығын алып қойып, оны ұрып жіберіп, өзінде агрессивті жүріс-тұрыс қалыптстырды. Мұндай нығайтудың тұлғада агрессивтіліктің нығаюы үшін қагшасы қажет? Гедонизмнің механизмі өте көп патологиялық және сексуалды бұзылыстар негізінде жатыр.
Сонымен, құқықтық сана - бұл сананың ғана емес, психикадағы бейсаналықтың да жұмысы. Құқықтық құндылықтардың саналанбаған еліктеуден негіз алып, түсіну және саналау деңгейіне дейін жетеді. Әлемнің индивидуалды бейнесі балалық шақта пайда болып, уақыт өте келе байып, нақтыланып, интериоризацияланып, реттелінеді, және мұның бәрі автоматты түрде бейсаналық деңгейде өтеді [1-3] .
Құқық - бұл мемлекет бекітетін көптеген міндетті нормалар мен ережелердің жиынтығы. Егер осындай ережелер болмаса, қоғам көптеген жауласушы топтарға бөлініп, өмірдің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген болмас еді. Бұл ережелер бүгін ғана жасалып отырған жоқ, олар қоғамның өмір сүруі барысында өңделіп, адамның психологиясы мен қоғамның өмір әрекетінде өз бейнесін тапты, тарихтың түрлі кезендерінде әртүрлі болды. Жалпы адамзаттық адамгершілік пен өнегелілікті бейнелей отырып, құқықтың ережелері заңдарда ғана емес, салттарда, дінде, өнерде, әдебиетте, халық даналығында бекіді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz