Азаматтық құқық және құқықтық қатынас ұғымы



Кіріспе:

1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМЫ


2. АЗАМАТТЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ


3. АЗАМАТТЫҚ ЗАҢДАР және ОЛАРДЫҢ ЖҮЙЕСІ


4. ЗАҢ АКТІЛЕРІ


5. АЗАМАТТЫҚ ЗАҢДАР және ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫ


6. АЗАМАТТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ


7. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


8. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ


9. ҚОРЫТЫНДЫ


10. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасының біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын-азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден бір негізі десек те болады. Өйткені бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқық теориясында қолданып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Азаматтық кодекстің 1-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдар мен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес мүліктік жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға қатысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелінетін қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны – мүліктік қатынастар.
Мүліктік қатынастарға нгізінен, қоғамдағы өндіріс қүрал-жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және де басқа материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады.
Азаматтық заңдарымен реттелінетін қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964 жылғы Азаматтық кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшелігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушылармен тең негізінде түсетіндігі атап көрсетілген.
1 Оқулық « Қазақстан Республикасының Мемлекеті мен Құқығының негіздері» Алматы 2003

2 «Қазақстан Республикасы мемлекетінің құқығының негіздері»
Баянов Е Алматы 2003ж

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе:

1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМЫ

2. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ

3. АЗАМАТТЫҚ ЗАҢДАР және ОЛАРДЫҢ ЖҮЙЕСІ

4. ЗАҢ АКТІЛЕРІ

5. АЗАМАТТЫҚ ЗАҢДАР және ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫ

6. АЗАМАТТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

7. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

8. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

9. ҚОРЫТЫНДЫ

10. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ және ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС

Азаматтық құқық туралы ұғым.

Қазақстан Республикасының біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға
бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын-
азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе
жатқан нарықтық экономиканың бірден бір негізі десек те болады. Өйткені
бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін
құқық теориясында қолданып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Азаматтық
кодекстің 1-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдар мен
тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де
мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік
емес мүліктік жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік
қатынастарға қатысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық
заңдармен реттеледі.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелінетін
қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны – мүліктік қатынастар.
Мүліктік қатынастарға нгізінен, қоғамдағы өндіріс қүрал-
жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және де басқа материалдық құндылықтарға
байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке
өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды
тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты
туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады.
Азаматтық заңдарымен реттелінетін қатынастар жиынтығын анықтай
келе, бұл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке
тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964
жылғы Азаматтық кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда
қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшелігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық
қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушылармен тең негізінде түсетіндігі
атап көрсетілген.
Азаматтық-құқықтық реттеу тәсілдері.

Азаматтық құқық сала ретінде толық көрінуі үшін оның реттеу тәсілдерін
анықтау қажет. Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты
азаматтық құқығының реттелу тәсілі төмендегі ережелерге байланысты
анықталады. Біріншіден, азаматтық-құқықтық қатынастарда қатысушылардың заң
теңдігі,яғни азаматтық құқығының субъектілері азаматтық айналымға түсу
процесінде бір-біріне тәуелсіз. Екіншіден, жеке және заңды тұлғалар
азаматтық құқық пен азаматтық міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге
асыруы, азаматтық-құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің
теңдігі және заң алдында бір текті қорғалуы.
Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген.
Диспозитивтік норма дегеніміз – тараптар алдында туындайтын қатынастарды
өздерінің қалауынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі.
Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келіп, азаматтық құқыққа сала
ретінде төмендегідей анықтама беруге болады. Азаматтық құқық дегеніміз –
бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне
негізделген, тауар-ақша қатынастары және өзге де мүліктік қатынастарды,
сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды
реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы.

Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.

Азаматтық заңдарда 1994 жылы 27 желтоқсанда он үшінші сайланған Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ІІ сессиясы қабылданған жаңа Азаматтық
кодекс ерекше орын алады. Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан
Республикасы азматтық заңдарының жүйесі анықталған. Ең алдымен ол жалпы
республикалық болып табылады және Азаматтық кодекстен, соған сәйкес
қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің
қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.

Заң актілері.

Қазақстан Республикасының Конститутциясында азаматтық құқық нормалары бар.
Атап айтқанда, 6-бапта Қазақстанда мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің
таңылатыны және тең дәрежеде қорғалатыны белгіленген. Азаматтардың жеке
меншігі мәселелері Конститутцияның 26-бабында неғұрлым тәпіштеп баяндалған.
Азаматтардың ар-ожданы, қадір-қасиеті және абыройлы есімі, оның бостандығы
мен жеке өміріне ешкімнің тиіспеуі, жеке және отбасылық құпия және тағы
басқалар Қазақстан Республикасы Конститутциясының 16-18 баптарында жатыр.
Азаматтық кодекс 1995 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне еңгізілді. Ол 405-
бапты біріктіретін 24-тараудан тұрады. Оның сипатты белгісі оған нарықтық
экономика жағдайындағы азаматтық айналымға арналған нормативтік базаның
негізі болып табылады.
Нормативтік құқықтық, актілер туралы Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес заң актілеріне: конститутциялық заң, Қазақстан Республикасы
Президентінің конститутциялық заң күші бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан
Республикасы Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары
жатқызылады.
Қазақстан Републикасы Президентінің заң күші бар жарлықтармен
қатар, Президенттің азаматтық құқық нормалары бар әдеттегі жарлықтары
болады, мысалы, Президенттің Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік
қызмет еркіндігіне құқықтарын қорғау туралы 1998 жылғы 27 сәуірдегі
Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары да заңға сәйкес
нормативтік актілер қатарына жатады, олардың көбінде азаматтық құқық
нормалары жатады.
Қазақстан Республикасы министрліктерінің, мемлекеттік коммитеттері
мен ведомстволарының нормативтік актілерінде де азаматтық-құқықтық нормалар
болуы мүмкін. Олар ведомстволық нормативтік құқықтық актілер деп аталады.
Азаматтық кодекстің 3-бабында 5-тармағында Азаматтық кодексте және
азаматтық заңдарының өзге де актілерінде көзделген жағдайлар мен шекте
министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдар азаматтық қатынастарды
реттейтін актілер шығара алады деп белгіленген.
Ведомстволық азаматтық құқықтық нормативтік актілер алуан түрлі
болады. Мысал үшін 1994 жылғы 10 қазандаҚазақстан Республикасы Қаржы
министірінің Бұйрығымен бекітілген Тәркіленген, иесіз мүлікті, мұрагерлік
құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті, сондай-ақ қымбат металлдар мен
асыл тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және сату тәртібі
туралы нұсқауды атауға болады.

Азаматтық заңдар және халықаралық құқық нормалары.

1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конститутциясының 8-бабында былай деп
баянды етілген: Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтық принциптері мен
нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен тату
көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне
араласпайды, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді,
қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады.Конститутциялық ережелер
бұдан әрі Азаматтық кодексінде дамытылады.

Азаматтық заңдар, пленумның қаулылары, сот практикасы және сот
прецеденті.
Батыстың көптеген елдері үшін азаматтық құқық деректемелері ретінде сот
және төрелік практикасы қолданылуы мүмкін.
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конститутциясының 4-бабына
сәйкес елімізде республиканың Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары ғана
қолданыстағы құқық деп танылады.
Қазақстаннан айырмашылығы – Ресей федерациясында Жоғарғы соттың
Пленумы мен Жоғарғы төрелік сот Плнумының түсіндірмелері нормативтік
актілер емес, қайта құқық қолдану актілер болып табылады. Ресейдегі сияқты,
Қазақстанда да соттың нақты іс бойынша шешімі деп ұғылатын сот үрдісі де
азаматтық құқық деректемелері қатарына жатқызылмайды. Біздің жоғарыда атап
өткеніміздей, сот үрдісі Ұлыбританияға тән.
Құқықытық негізгі көзі болып үрдіс – соттардың шешімдері қалып
отыр, олардың ішінде Ұлыбританияның жоғарғы сот сатысы – лордтар
палатасының шешімдеріне заң күші берілген. Соттың құқықтық мәселелерді
шешуде атқаратын басты ролі мен соттық даулар көп болғанда бағдар алуға
және белгілі бір үрдісіне сүйене отырып, өзінің қажетті айғақтарды бере
алатынын көрсетуге қабілетті практик-заңгерлердің маңызды ролі тергеу болып
табылады.

Азаматтық заңдардың қолданылуы.

1. Азаматтық заңдардың уақыт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында пайдалану
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының ұғымы. Азаматтық құқықтың пәні
Дәстүрлі құқықтық жүйе
Азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын ашу
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен дәрістер
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы мәлімет
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Пәндер