Инвестициялық салықтық несие


Инвестициялық салықтық несие
Инвестициялық салықтық несие - салықтың төлеу мерзімінің өзгеруі, фирманың белгілі бір төлеу де және белгілі бір көлемде салықтық төлемдерді төмендету арқылы несие сомасы мен процентін мерзімді төлеу мүмкіндігі.
Инвестициялық салықтық несие өз кезегінде салықты төлеу мерзімінің өзгерісін көрсетеді. Мұнда фирма салық кодексінде көрсетілген, оның құрылу кезінен белгілі бір мерзім ішінде, белгілі бір көлемде несие сомасы мен процентін мерзімді төлеу арқылы өзінің салықтық төлемдерін төмендету мүмкіндігі.
Инвестициялық салықтық несие салық төлеуші фирмаға төменде көрсетілген жағдайлардың ең болмаса біреуі болған жағдайда ғана беріледі:
- ұйым ғылыми-зерттеу не білікті құрастыру жұмыстарын жүргізсе не өз өндірісін техникалық қайта жарақтандырса, сондай-ақ мүгедектерге жұмыс орын бөлу және қоршаған ортаны өндірістік қалдықтардың ластауынан қорғаса;
- егер, кәсіпорын жаңа технологияны қолдану, жаңа шикізат пен материалдар ойлап тапса, яғни инновациялық іс-әрекетпен айналысса;
- егер, кәсіпорын тапсырыс бойынша аумақтық әлеуметтік-экономикалық дамуы не халыққа аса маңызды қызмет көрсетсе.
Инвестициялық салықтық несие кәсіпорынның табыс салығына, сондай-ақ аумақтық және жергілікті салықтар бойынша берілуі мүмкін.
Инвестициялық салықтық несие беріледі, егер:
А) кәсіпорынмен алынған, осы пункке сай мақсатта қолданылатын құралдар құнына 30% несие сомасы (көрсетілген І жағдай) ;
Б) кәсіпорын мен өкілетті органдардың арасындағы келісімге сай аңықталған несие сомасы (көрсетілген ІІ, ІІІ жағдайлар) .
әр есеп кезеңінде (инвестициялық салықтық несие көрсетілген күнге байланыссыз) салықтық төлемдердің төмендетілген сомасы сәйкесінше салықтық төлемдердің (төмендетілген сомасына сәйкесінше) 50%-нан аспауы керек. Егер жинақталған несие сомасы бекітілген көлемнен асып кетсе, онда бұл сомамен бекітілген сома арасындағы айырмашылық келесі салықтық кезеңге қалдырылады.
Инвестициялық салықтық несиені алған кәсіпорын инвестициялық салықтық несие келісімі біткенше, өз салықтық төлемдерін төмендетуге құқылы.
Төмендету инвестициялық салықтық несиеге берілген салыққа сай әр төлем, салық кезеңінде кәсіпорынның барлық төмендетілген төлемдерінің сомасы (яғни, төленбеген сомасы) келісім-шартқа сай несие көлеміне тең болғанша жүргізіледі. Салықтық төлемдерді төмендетудің нақты тәртібі инвестициялық салықтық несие келісім-шартында бекітіледі.
Егер, кәсіпорын бірнеше инвестициялық салықтық несие келісім-шартына отрыса, салықтық төлемдердің келесі мерзіміне дейін мерзімі бітпесе, онда жинақталған несие сомасы әр келісім-шартқа сай бөлек-бөлек анықталады. Жинақталған несие сомасын көбейту басында бірінші бекітілген келісімінде, ал жинақталған несие сомасы келісімдегі көлемге жетсе, кәсіпорын жинақталған несие сомасын кейінгі келісім-шартта да көбейте алады.
Инвестициялық салықтық несие 1-5 жыл аралығында берілуі мүмкін. Инвестициялық салықтық несие кәсіпорынның өтінішімен қабылданады және екіжақты келісім-шарт түзіледі. Бұл келісім-шартта салықтық төлемдердің төмендетілуі, % мөлшерлемесі, несие қайтарымының реті, екіжақтың міндеттері көрсетіледі.
Инвестициялық салықтық несиені алу үшін керек құжаттар:
- салық төлеушінің өтініші;
- инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;
- несиенің қайтарылу мерзімі көрсетілген болжамды мәлімет;
- салықтық инспекциямен бекітілген салықпен есеп айырысу;
- өткен кезеңнің шығыстар мен табыстар есебі көрсетілген баланс;
- кепілге қойылатын объектінің құжаты;
- ағымды төлемдер бойынша қала бюджетіне қарызы жоқтығын растайтын салық инспекциясының анықтамасы;
- инвестициялық жобаның бюджетке тиімділігінің есебі.
Венчурлық инвестиция
Венчурлық қаржыландырудың бірнеше анықтамасы бар, сол анықтамалардың барлығы бір мағынаға келіп түйіседі, ол - меншікті капиталдың үлесіне айырбас ретінде белгілі бір қаржы көзін ұсыну арқылы нақты бизнестің өсуін қамтамасыз ету.
Венчурлық капитал иемденуші, қордың не компанияның басшысы өзінің құралдарын компанияға салмайды. Венчурлық капитал иемденуші - ол инвесторлар мен сатып алушылар арасындағы делдал, яғни бұл инвестициялау түрінің ерекшелігі осында болып табылады. Бір жағынан, венчурлық капитал иемденуші инвестициялық объектіні өздігімен таңдайды, директорлар жиналысына қатысады және барынша компания бизнесінің кеңеюі мен өсуіне септігін тигізеді. Екіншіден, соңғы инвестициялық шешімді инвесторлардың қызығушылығымен жұмыс істейтін инвестициялық комитет қабылдайды. Ең соңында, венчурлық инвестицияның табысын инвесторлар алады. Ал, венчурлық капитал иемденуші делдал тек қана белгілі бір бөлігіне ғана иемдену мүмкіндігі бар.
Бұл принциптер венчурлық капитал ұғымы бизнесте пайда болғаннан белгілі. Венчурлық капитал бизнесін құрушылар - Том Геркинс, Юджин Клейнер, Франк Кофилд, Брук Байерс және т. б. 50 - 60 ж. ж. олар қаржыландырудың жаңа концепцияларын ойлап тапқан: венчурлық қор түріндегі серіктеситіктер құру, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден ақша жинау және олардың қызығушылығын қорғайтын заң қабылдау, басшы-серіктес статусын қолдану. ХХ ғ. Америка үшін инвестициялық принциптерді мұндай өңдеу бәсекелестікті күшейтті. Том Перкинс бұл процесті былай бейнеледі:«өткен күдерді елестетсем, ойлаймын, біздің жасағанымыз дұрыс болған. Біз ЖШС-тер біздің капиталымыздың көзі болып табылатынын о бастан-ақ білгенбіз және де солардың қызығушылығын қорғайтын ережелер бекіткенбіз. Мысалы, осы күнге дейін бірде-бір басшы - серіктес компанияда жеке инвестициясы болмаған. Бұл серіктестер арсында конфликттің болмайтынын кепілдендіреді. Егер директорлар кеңесінің бір мүшесі льгот бағамен акция бөлігін иемденуге құқығы болса, онда мұндай жағдайда да біз өз серіктестерімізбен бөлісуіміз керек. Одан басқа, біз басқа венчурлық қорларға қарағанда табысты ешқашанда қайта инвестициялаған емеспіз. Біз тез арада табысты серіктестеріміздің арасында бөлістіріп, қорлар өзінің өмір сүруін сол сол мезетте тоқтатып отырғанбыз. Біздің инвесторларға бұл оңынан келді. »
Бұл принциптер қазіргі күндед де өзгеріссіз қолданылуда. Венчурлық институттың құрылымы былайша болуы мүмкін; яни өзіндік бір компания не тіркелмеген шектеулі серіктестік ретінде. Қордың директорлары мен басқару персоналы қор тарапынан не өз қызметтерін көрсететін басқару компаниясы тарапынан тағайындалуы мүмкін. Басқару компаниясы жылдық 2, 5% концепция алуға құқылы. Сонымен қатар, бұл басқару компаниясы басшы-серіктес ретінде «carried interest» деп аталатын табыстың белгілі бір пайызын иемденуі мүмкін, бұл көрсеткіш 20% құрайды.
Шектеулі серіктестік құру үшін қор құрушылар мен инвесторлар ЖШС-мен бірігеді. мұнда басшы-серіктес қорды басқарады. Шектеулі серіктестік салықтан босатылады.
Отыз жылдық тәжірибесіне қарамастан венчурлық қорлардың құрылуы әлемде қиынға соғады. Европаның ке елдерінде, соның ішінде, Ұлыбританияда, Нидерландыда, Францияда венчурлық құрылымды құру үшін ұлттық заң барынша ыңғайлатылған. Басқаларда инвесторлар шетелдердің құрылымын қабылдауға тура келеді. Ресейде де венчурлық компания құру үшін заң актілері оңайлатылмаған. Олар үнемі көптеген қиыншылықтарға тап болады. Венчурлық қордың құрылу процесі «құралдардың жиналуы» деген атқа ие.
Венчурлық капитал не «Венчурлық бизнес» термині ағылшын тілінің «venture» сөзінен алынған, ол В. К. Мюллердің танымал сөздігінде «тәуекелді кәсіпорын не бастама», «спекуляция» деп аударылған.
Инвестициялық климат
Инвестициялық климат дегеніміз - инвестициялық ресурстарды тартуға қолайсыз ықпал ететін ққықтық-нормативтік, экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа да факторлар мен іс-шаралардың жиынтығы.
Инвестициялық климат сол аймақтағы не елдегі инвестициялық
қызметтің жүзеге асрылу мүмкіндігін анықтаушы фактордың жиынтығы. Инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар 2-ге бөлінеді:
- Объективті факторлар: климат жағдайы, шикізат ресурстарының болуы, елдің географиялық орналасуы, демографиялық жағдайы және т. б.
- Субъективті факторлар: басқарушылық-ұйымдастырушылық .
Инвестициялық климаттың құрамдас бөліктері ретінде инвестициялық потенциал мен тәуекелділік қатар қарастырылады.
Инвестициялық потенциал дегеніміз - жекелеген аймақтың не мемлекеттің инвестициялық ресурстарды тартудағы өндірістік жекелеген факторлардағы, халықтың төлем қабілеті сұранысындағы және т. б. көрсеткіштердегі мүмкіншіліктерін сипаттайтын түсінік.
Инвестициялық потенциал келесі құрамдас бөліктерден тұрады:
- Ресурстың шикізаттық потенциалы
- Өндірістік
- Тұтынушылық
- Инфрақұрылымдық
- Инновациялық
- Еңбек
- Институционалдық
- Қаржылық
Инвестициялық тәуекелдік дегеніміз - инвестицияларды жүзееге асыру
барысында оны жоғалту не түсетін табыстан айырылу ықтималдығы.
Нарықтық экономика жағдайында елдің инвестициялық климатын бағалау өте маңызды міндет болып саналады, себебі, инвестор жекелегне елдің инвестициялық климатын басқа елдікімен салыстырып, инвестициялық ресурс салу туралы шешім қабылдайды.
Елдердегі инвестициялық климатты зерттеу көптеген консультациялық фирмалар, журналдар, сарапшылар топтары айналысады. Бұл зерттеулердің негізінде елдердің келесідей сипаттамалары бағаланып отыр:
- шетелдік және ұлттық инвестиция үшін құқықтық шарттар, капитал алып кету мүмкіндігі, ұлттық валютаның курсы, елдегі саяси жағдай, инфляция деңгейі, ұлттық капиталды пайдалану мүмкіндігі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz