Дәстүрлі түркілік дүниетанымның Қазақстан ғылымындағы және дәстүрлі қазақ қоғамындағы алатын орны мен ықпалын анықтау


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

І. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басындағы Ресейдің

діни идеологиялық саясаты және оның түркі (қазақ) қоғамына әсері . . . 8-24

1. 1 XVIII ғасырда қазақ даласының саяси, рухани ахуалы . . . 8

1. 2 Ресей империясының қазақ даласын бағындырудағы алғашқы

әрекеттері . . . 16

ІІ. Ресей империясының түркі халықтарына (қазақ даласына) қарсы

жүргізген діни-идеологиялық саясатының екінші кезеңі . . . 25-45

2. 1 Ресей империясының қазақ халқын православие дініне енгізу

жолындағы әрекеттері . . . 25

2. 2 Діни-идеологиялық саясатын мұсылмандық білім беру жүйесі

арқылы іске асыру және оған қарсы қазақ зиялыларының әрекеттері . . . 33

IІІ. Түркі халықтар философиясының ерекшелігі . . . 46-73

  1. Түркі халықтарының философиялық көзқарастары . . . 46
  2. Түркі-мұсылман ойшылдарының дүниетанымы мен философиясы . . . 62

Қорытынды . . . 74

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 76

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ел тарихы дегеніміз - қаншама ғасырлар бойы саяси, экономикалық, сауда мен рухани байланыстардың нәтижелеріндегі өзара ықпалы десек, қазақ жұрты мен басқа ұлттардың қарым-қатынасын түбегейлі зерттеу тек ғылыми емес, сонымен қатар, қоғамдық - тәжірибелік маңызы бар күрделі мәселе. Қазақ ұлты - осы кең даланы ат тұяғымен дүбірлеткен көне түркілер мен одан да байырғы тайпалардың ұрпағы. Сондықтан да ежелгі түркілердің дүниетанымы мен тарихын зерттеу өзіміздің түп тамырымызды іздеу болып табылады.

Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан қазақ халқы бұрыннан өзіне тән бай рухани мұраға ие болатан. Осы рухани мұра жүйесі арқылы да қазақ халқы көне түркілердің дүниетанымы мен парасаттылығының мұрагері. Қазіргі қазақ даласында өмір сүрген түркілердің тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына, дүниетанымы мен философиясына ғылыми сараптама жасау бүгінгі күннің өзектілігі. Өйткені сол замандардағы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың қалдықтары біздің бүгінгі таңдағы тұрмысымызда да кездесіп жатады. Ал ол дүниетаным мен философияны қалыптастырушы негізгі факторлардың бірі. Қазақстан территориясына ислам діні келгеннен кейін де және одан бұрын да салт-дәстүр дінмен бірге қоғамды реттеуші фактор ретінде ықпалы жоғары болды.

Ислам дінінің Қазақстан территориясына келуімен түркілердің дүниетанымы мен ойлау жүйесі жаңаша жоғары дәрежеге көтерілді. Ислам философиясы мен ойлау жүйесіне дәстүрлі түркілік дүниетаным арқылы негіз қалап үлес қосқан атақты ойшыл-даналарымыз әл-Фараби, Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, Дулати және осылардың шығармаларынан нәр алған Абай, Шәкәрім, Ы. Алтынсарин, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы және т. б. тұлғалар түркілердің және одан кейінгі қазақтардың дүниетанымының, философиясының негізін салушылар.

Қазақ елінің басынан өткерген тарихын қайта ой елегінен өткізу әрбір жұрт үшін терең мәнге, маңызға толы. Ол тек қаншама ғасырлар мен жылдардан өткен қатал да қарама-қайшылыққа толы дәуірлерді еске түсіру және оны қайта қалпына келтіру үшін ғана емес, сонымен қатар тәуелсіздік тұғыры орын алған қазіргі таңда қазіргі заман талаптарын, үдерістерін жетік ой елегізінен өткізуге мүмкіндік береді. Еліміздің төл тарихын зерттеу, ең бастысы елім, жерім деп жүрегі соққан қазақ жастарының жаңа саяси-тарихи ақуалды, саяси мәдениетін, дәстүрлі дінін, тәуелсіз ел мүддесіне сай көзқарастарды қалыптастыру үшін өте маңызды екендігін өмір шындығы дәлелдеп отыр.

Сонымен қатар, сонау шалғайдағы шетел ғалымдары біздің еліміздің тарихын білуге ерекше ден қойып отыр, алайда, еліміздің кейбір ғылымдары мен жазушылары, тіпті Ресей елінің кейбір ғалымдары мен жазушыларының біздің тарихымыздың келелі оқиғаларын әдейі бұрмалауы - енді ғана тәуелсіздігін алған жас мемлекетімізге кері әсерін тигізуде.

Осындай бұрмаланып, шашыранды зерттелген салмақты мәселелердің бірі - Ресей империясының қазақ даласына бағытталған діни-идеологиялық саясаты мен оның салдары мәселесі болып отыр. Ғалым М. Қозыбаев бұл жайында: “Егер біз ертеңімізді ойласақ . . . орыс империясы елімізді қалай жаулап алды, орыстандырды, шоқындырды, әскери отарлады . . . деген сияқты өзекті проблемаларды зерттеуіміз абзал” [1; 16 б. ] - деп көрсетті.

XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ даласындағы Патшалық Ресей империясының отарлау саясаты жөнінде ғалымдар тарапынан біршама ғылыми тұрғыдан зерттеліп, яғни зерттеушілердің зерттеу алаңына айналып жатқанын көріп жүрміз. Бұл жазылған еңбектердің бәрі тек саяси, әлеуметтік-экономикалық, географиялық тұрғыдан ғана зерттеліп жатыр. Ресей империясы қазақ даласын жаулауында тек саяси, әлеуметтік-экономикалық бостандығынан айырумен ғана шектелген жоқ. Рухани тәуелсіздігінен айыруға да күш салды. Қазақ халқы тарихындағы осы үдеріс әлі толық зерттелмей келе жатыр. Осы кезеңдегі қазақ даласындағы рухани үдерістерді зерттеу, ол үдеріске Ресей империясының ықпал еткен саясатын әшкерелеу бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Менің осы зерттеу жұмысымда Ислам дініне байланысты патша өкіметінің Қазақстандағы ресми саясатын екі кезеңге бөліп қарастырып отырмын. Біріншісі - XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін, яғни медреселердің, мешіттердің ашылып, діни кітаптарды басып шығаруға арнайы қаржы жұмсалып, ислам дінінің таралуының одан әрі күшейе түскен кезеңі. Бұл кезеңде патшалық режимнің осы мәселеге ерекше ден қойғаны соншалықты, өкімет әр ашылған мектепке 500 сом бөліп тұрған.

Екінші кезең - патша өкіметінің ислам дінін тарату саясатынан бас тартып, 1862 жылдан бастап жергілікті халықты бірте-бірте христиандануға тарту арқылы жаппай орыстандыру саясатына көшуін қамтиды.

XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басындағы Ресейдің діни идеологиялық саясаты және оған қазақ қоғамының әсері жайлы ғылыми еңбектер көп емес. Алғашқы кездері Қазақстанда, ХІХ ғасырдың орта шебіне дейін, көбінесе географиялық және этнографиялық жағынан тереңінен зерттеліп келсе, енді Ұлы жүз қазақтарыың Патшалық Ресей империясының қол астына толық кіруімен қазақ халқының патша империясына қосылу процесінің түгелдей аяқталуына байланысты, отаршылдықты көздеген патша өкіметі қазақ даласының экономикалық, әлеуметтік өмірі мен мәдениетіне, психологиясына, дініне тереңдеп зерттеуге ден қойды.

Бұл жұмыс, әсіресе, 1789 жылы Орынборда «Мұсылман діни басқарма» құрылуы кезеңінен бастап кең жүргізіле бастады. Олар түрлі әдіс-тәсілдер қолдана отырып, қазақтарды келешекте православие дініне ендірудің бар мүмкіндіктерін қарастыру арқылы өздерінің орыстандыру саясатының түпкі мақсатына меңзейді.

Қазақ жерін жаулап алуға бар күштерін салған қазақ жаулары жөніндегі бағалы мағмұматтарды Қозыбаев М. К. еңбегінен кездестіреміз. Ш. Уалиханов өз еңбегінде: «ХVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде жан түршігерлік қасіретті кезең болды, жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары, башқұрттар кеп жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандады. Кіріптарлыққа салды» - дей отырып, қазақ халқының сол кездегі ауыр халін бейнелеп берген [2; 111б. ] . Сәбит Жолдасов пен Бақытжан Жолдасовтың [3; 49б. ] еңбектерінде Қазақ хандығының XVIII-XIX ғасырдардағы тарихын кеңінен зерттеп, мәдениеті жөнінде біршама мағлұматтар берген. Зерттеуші М. Құл-Мұхаммедтің «Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі» [5; 116-117б. б. ] атты еңбегі төңкеріске дейін жарық көрген орыс энциклопедияларындағы Қазақстан тарихы проблемаларын бүгінгі тарих ғылымының биігі тұрғысынан қарастырылған. Автор қазақ жерінің отарлануын, онда казак әскери жасақтарының құрылуын, қазақ - орыс дипломатиялық байланыстарын деректер негізінде саралаған. А. И. Левшиннің [6; 69б. ] қазақ ордалары мен қазақ даласы жөніндегі еңбегінің маңызы өте ерекше екендігін атап өткеніміз жөн. Оның еңбегінде Қазақ хандығының әлеуметтік және саяси жағдайы, этнографиялық, мәдени жағдайлары жөнінде жан-жақты мағлұмат береді. Тынышпаевтың [7; 165б. ] зерттеу жұмыстары мемлекеттік қызметте жүріп жүзеге асты. Қазақ шежіресіне, қазақ хандығының құрылуына, хандар шежіресіне, XVІІІ ғасыр басында қалыптасқан жағдайға талдау жасаған. З. Жандарбектің [8; 36б. ] еңбегінде кезінде бүкіл түркі жұртына рухани көшбасшы болған иасауи тариқатының қазақ қоғамындағы рөлін, маңызын жан-жақты зерттеген. А. Байболсынова [9; 76б-96б. б. ] еңбегінде Патшалық Ресейдің XVIII-ХІХ ғасырлардағы Қазақстандағы рухани-мәдени отарлау саясатының негізгі бағыттары мен көрінісі турасында кеңінен зерттеліп жазылған. К. Есмағамбетов [10; 30б. ] еңбегінде қазақтың рухани мәдениетінен өте құнды мағлұмат келтіре отырып, келер ұрпаққа оны дамытуға ұлттық сананы тазартып ұлттық мәдениетімізді қастерлеуге шақырады. М. Н. Садыков [13; 22б. ] өз еңбегінде Кіші жүздің құрылуы тарихынан бастап, қазақ елінің Ресейге қосылуы, әлеуметтік-саяси тарихын баяндай келе, сол кезде өмір сүрген қазақ зиялыларының өмірінен мол мағлұмат береді. Қазақ халқының рухани-мәдени тарихынан кең деректер қорын пайдаланып, еліміздегі қазақ руларының рухани құндылықтарын дәріптеуге шақырады.

«Тарих - адамзат ақыл-ойының қазынасы» [22; 176-179б. б. ] атты кітапта түркі халықтарының тарихи ой тарихын бейнелеп, оның жетістіктері және ерекшеліктерін пайымдайтын арнайы үзінділерден құрастырылған. Осы еңбекте қазақ даласын шоқындыру үшін арнайы құрылған діни басқарма туралы кеңінен мағлұмат береді. Зерттеу еңбегімізде Мекемтас Мырзахметовтың [30; 14б. ] . Патшалық Ресей империясының отаршылдық саясатына арналған зерттеулері негізгі арқау болады, патшалық өкіметтің қазақ жерін діни-идеологиялық тұрғыдан отарлау саясаты жөнінде қазақ ғалымдарының арасында ең алғашқылары боп тарихи шындықты бүкпесіз айтып, миссионер ғалымдардың ағартушылық пиғылдарын айқындап берген. Б. Манарбектің [32; 302-307б. б. ] еңбегінде Орталық Азия мен Қазақстанның І ғасыр мен XV ғасыр аралығы және қазіргі заманымызға дейінгі христиандардың қазақ жеріне қоныс тебуі, одан кейінгі отарлау саясаты жөнінен қысқаша шолу жасалған.

Қазақ даласындағы халық-ағарту мәселесінің даму барысы, соның ішінде мұсылмандық оқу орындарының жай-күйі И. Н. Ильминский, А. Е. Алекторов және А. В. Васильев еңбектерінде көрініс тапқан еді. Аталған ғалымдардың еңбектері патша өкіметінің “өркениетті миссиясы” мүддесі тұрғысынан жазылып, орыс мемлекеті құрылысы мен мәдениетін асыра дәріптеп, оны барынша қызғыштай қорғауды көздеген. Олардың еңбектерінде халық-ағарту ісін шет аймақтардағы халықтарды орыстандырудың тиімді құралы ретінде пайдалану және осы мақсат жолында мұсылмандық ағартушылыққа тосқауыл қою жөнінде ұсыныстар білдірген. Сол тарихи кезеңде патша өкіметі мұсылман оқу орындары өскелең өмір талабына жауап бере алмай өздігінен біртіндеп жойылды деп санады. Қапаева [38; 55б. ], Қойгелдиева [39; 93б. ], Бөкейханов [40; 49б. ], Омаров [41; 29б. ], секілді зерттеушілердің еңбектерінде де көрініс тапты. З. Т. Садвокасова [44; 213-219б. б. ] еңбегінде патшалық Ресейдің қазақ халқын шоқындыру саясаты арқылы қазақ жеріне православие дінін кіргізу туралы кең мағлұмат беріледі.

Шоқан, Ыбырай, Абайлардың Ресей империясының отаршылық саясатына, олардың ислам дініне деген көзқарастарын С. Асфендияровтың [45; 90б. ], Б. Ғабдуллиннің [46; 26б. ] еңбектерінен кең мәліметтер аламыз. Алайда Б. Ғабдуллиннің еңбегі қазақ зиялыларының жалпы дінге көзқарасын білдіргенмен, негізінен еңбек кешегі кеңес үкіметінің сарынымен жазылған. Сондықтан сол кездегі нағыз тарихи шындықты көрсете алмаған.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың зерттелу деңгейі оның өзектілігімен тікелей байланысты. Сондықтан болар, тақырып төңірегіндегі зерттеулер тым арыдан басталады. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның алғышарттары, пайда болу тарихы, дамуы мен түркілердің тарих сахнасындағы орны мен олардың кету себептері. Адамзат қоғамдастығының жүйелену тарихын зерттеген шетелдік зерттеушілер Мұрат Аджи, Лев Гумилевтер зерттеген болатын.

Қазақстан аясында да бұл тақырып тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай үлкен қызығушылықпен зерттеліп келеді. Қазақстандағы ислам діні келгенге дейін дәстүрлі түркілік дүниетаным мен ұстанымдарының қалыптасуы мен дамуын және одан кейін ислам келуімен мұсылмандық пен түркілік дүниетанымның бірігу процесіне зерттеу жасап жүрген ғалымдар А. Айталы, Ж. Алтаев, А. Қасабек, М. Орынбеков, С. Қасқабасов, Д. Кенжетай, С. Нұрмұратов, М. Жолдасбеков, Н. Нұртазина, Т. Ғабитов және т. б. болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен дипломдық жұмыстың мақсаты мен негізгі міндеттерін айқындау мүмкіндіктері туады. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның Қазақстан ғылымындағы және дәстүрлі қазақ қоғамындағы алатын орны мен ықпалын анықтау. Осы мақсаттарға жету үшін бірнеше міндеттер қойылып отыр. Ол міндеттер дәстүрлі дүниетанымның көшпелілердің өркениетін түзіп, түркі тайпаларының халық болып қалыптасуына ықпал еткенін, этникалық, ұлтаралық қақтығыстар мен бірігулерді реттеуге қосатын үлесін атап өту. Экономикалық-әлеуметтік және қоғамдық-саяси өзгерістерден кейін дәстүрлі түркілік дүниетанымның қоғамдық сананың басқаша рең ала түсуіне ықпал жасайтындығын ашып жазу да зерттеу жұмысының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Және де көне түркілердің тасқа қашап жазған жазбаларының кейінгі қазақ ауыз әдебиетіндегі жырлар мен дастандар арасындағы сабақтастықты дәледеу.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Ресей империясының қазақ даласына діни - рухани тұрғыдан жасалынған саясаты мен оған қарсы қазақ зиялыларының күресі туралы тың тарихи үрдістер қазақ халқының XVIII ғасыр мен ХІХ ғасыр тарихын қолдану. Қазақ халқының Ресей империясы кезеңіндегі басынан өткерген діни - рухани үдерістері мен оның қазақтың дәстүрлі қоғамына ықпалы туралы тың тұжырымдар жасалынады.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. XVIII ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН XIX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ РЕСЕЙДІҢ ДІНИ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ

1. 1 XVIII ғасырда қазақ даласының саяси, рухани ахуалы

Қазақ тарихында XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басы саяси, рухани шиеленісті өте ауыр кезең болды. Қазақ халқы ішінде хандыққа өзара текетірес, онымен қоса ХVІІІ ғасырдың ортасынан бастап қазақ елі Ресей империясының идеологиясы арқасында отаршылдық саясаттың құрбанына айналды десек, бұл жайында алғашқы қазақ ғалымы Ш. Уалиханов: «ХVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде жан түршігерлік қасіретті кезең болды, жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары, башқұрттар кеп жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандады. Кіріптарлыққа салды [2; 111б. ] - деп қазақ халқының сол кездегі ауыр халін бейнелеп берді.

Қазақ хандығының сыртқы жағдайында қиындық туып, жан-жағынан жаудың анталап тұруы қалайда ішкі жағдайды жақсарту, елдің экономикалық жағдайын күшейту, жүздер арасындағы өзара байланысты қалыпты жағдайда ұстап тұруды қажет етті. Аталған жағдайлардың бірінің болмай қалуы хандықтың күшін сөзсіз әлсіретер еді.

Алайда Шыңғыс тұқымынан шыққан билеушілерінің арасындағы билік үшін талас пен өзара текетірес пайда болып, ол қалың қазақ жұртына әсер етті. Тіпті кейбір сұлтандар Үш жүздің төбе ханына бағынғысы келмей, дербестікке ұмтылды. Осының салдарынан кең байтақ жерді қамтыған, Қасым хан, Есім хан сияқты билеушілердің кезінде бір орталыққа біріккен хандықтың қаймақтай ұйыған бірлігі мен ынтымағы біртіндеп ыдырай бастады.

Тіпті елдің ертеңін ойлаған білгірлігімен танылып, ел арасында "әз-Тәуке" аталып кеткен билеушінің өмірінің соңғы кезінде "хан" атағына ұмтылушы сұлтандар шыға бастады.

Ақырында, XVIII - ғасырдың алғашқы онжылдықтарында хандықтың ішкі жағдайы мейлінше шиеленісіп, алауыздықтар барған сайын өсіп келе жатқан кезде ол қайтыс болды. "Енді орнына кімді сайлау керек?" деген сұрақ талайлардың басын қатырды. Ақырында, Түркістанда өткен хан сайлауында билер оның баласы Болатты сайлады. Бірақ, ол "төбе хандық" билік жүргізе алмады. Соның салдарынан ел ішінде береке кете бастады.

Болат ханды менсінбеген үш жүздің ірі сұлтандары өздерін "хан" деп жариялай бастады. Алғашқыда 1718-1719 жылдары Ұлы жүздің ордасы болған Ташкентте бұған дейін сұлтан делініп келген Жолбарыс Абдоллаұлы (1690-1740 жж. ) өзін хан жариялады. Осыдан кейін-ақ, әз-Тәукенің екінші бір ұлы Орта жүздің бірсыпыра руларының қолдауымен хан болды. Ол - Сәмеке (Шахмұхаммед) (т. ж. б. -1738 жж. ) еді. Орта жүздің ордасы, әрі қазак хандығының ордасы Түркістанда тұрған ол өзін Орта жүздің ханымын деп есептеді. Бірақ ол қаласын, қаламасын өзі ұната қоймаған бауыры Болат ханмен бір қалада отырды. Кіші жүздің сұлтаны Әбілхайыр (Мұхаммед Ғази Бахадур Қажыұлы (1693-1748 жж. ) болса, алғашқыда Кіші жүздің ордасы болған Сауранда отырып, енді Болаттың хан болып сайлануынан кейін ханды менсінбегендіктен, онымен жақын жерде отырғысы келмей, Түркістаннан қырық бес шақырымдай жердегі ордасын одан алысқа, Арал жаққа көшірді. Жазғы жайлауға көшкен ол қайтқан кезде түрлі сылтаумен қайтадан Сауран қаласына келмей қойған. Бұл екінші жағынан соңғы жылдары Кіші жүз ордасы ретінде гүлденіп тұрған Сауран қаласының біртіндеп тозуына алып келді.

Жалпы, Сауран қаласын тастап кеткен Әбілхайыр туралы көп айтуға болар еді. Өйткені біздіңше, әз-Тәуке өлгеннен кейін хандық билікті алу соның жолы еді. Өйткені ол қолбасшы ретінде танылған жан болатын. Бірақ, айтқанынан қайтпайтын, менмендігі күшті, мінезі қаталдығы қазақ билерін қатты ойландырса, анығын айтқанда, тіпті қорқытса керек. Ал Болат болса, шамасы, билердің айтқаннан шықпайтын, момын жан. Дегенмен оның ең басты кемшілігі - қолынан ел басқару келмейтін екен.

Көптеген жазбагерлердің еңбегіне талдау жасай қарағанымызда, хан сайлауы кезінде Әбілхайырдың жақсы жағы айтылмай, билер ханды тікелей мирасқор арқылы сайлау жолын іздеген сыңай танытыпты. Билердің көпшілігі дәл осындай, ішкі және сыртқы жағдай мейлінше шиеленісіп тұрғанда елге мейлінше мықты, бүкіл хандықты уысында ұстап тұра алатын билеушінің керек екендігін естен шығарьш, пендешілік жасап, ел тағдырын ойламай, өздеріне жайлы Болатқа тоқтады. Әбілхайыр аты аталғанымен жол Болаттікі болып шықты.

Иә, реті солай келіп тұрған сияқты. Өйткені Әбілхайыр Керей ханмен бірге Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібектің тоқалынан туған Өсеке деген ұлының жетінші ұрпағы еді. Ұлы жүздің ханы болған Жолбарыстың інісі.

XVIII ғасырдың басында негізінде көшпелі тұрмыс салты үстемдік еткен қазақ қоғамының патриархаттық-қауымдық құрылысы қазақ қоғамының дамуына елеулі ықпал жасап отырды. Бұл кезде біртіндеп ру топтары мен рулық кұрылымдарға ыдырап, олардың билеушілері біртіндеп оқшаулануға ұмтылды. Елде барған сайын алауыздық пен талас-тартыс кең етек ала бастады. Сұлтандардың әртүрлі топтары ең жақсы жайылымдарға ие болу үшін бақталастықта болды. Тіпті кейде осы артықшылыққа ие болу мақсатында дау-жанжалдарға барды. XVIII ғасырдың басындағы бұрыннан келе жатқан жақсы қоныс, шұрайлы жайылым үшін тартыстар, түрлі қарулы қақтығыстар мен ішкі қырқыстарға, мекендейтін және мал бағатын орын іздеп, алыс жерлерге үздіксіз көшіп-қонуға қатысты шиеленісті оқиғалардың ең басты себебі - аумақтық иелікке таластан туды. Осы тартыстардың бәрінде қашанда шаруашылық мәселелері тұрды. Өйткені, көшпелі шаруашьшық жайлары үнемі мал жайылымдарын ауыстырып отыруды қажет етті. Мұның өзі жердің көлемінің жеткілікті болып, оны пайдаланудың реттелген кезінде ғана мүмкін еді. Сондықтан көшіп жүретін аймақтың кеңдігі мал шаруашылығының ең басты шарты болып саналды. Олардың өзара талас-тартысы көрші жатқан елдер тарапынан қолдау көріп, тіпті бір-біріне айдап салып, өршітіп отырды.

Осылардың барлығы қазақ рулары мен тайпалары арасындағы жікті барған сайын аша түсті. Кей жазбагерлердің берген мәліметіне қараганда XVIII ғасырдың басында қазақтың үш жүзінің құрамында шамамен 112 ру бөлімшелері кірген екен. Осы руларға кірген халықтың саны 2-3 миллиондай болса керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байырғы түркі жазба ескерткіштеріндегі әлеуметтік- саяси рәміздер және оның Қазақстанның өркениеттік дамуымен сабақтастығы
Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны (Бөкенбай батыр әулетінің негізінде)
Арап Егеубаевтің Құтты білік талдауы
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Дәстүрлі діни түсінік
Қазақ халқының діни танымының негіздеріне діни-философиялық сараптама жасау
Исламдағы діни төзімділік пен толеранттылық мәселесі
Дәстүрлі түркілік дүниетаным және оның мәні
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz