Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс- әрекетінің теориялық мазмұнын және балабақшада балаларға ойын сабақтарын өткізу әдістері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

І. Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның зор маңызы бар. Ойын олар үшін- сабақ, ойын олар үшін- еңбек, ойын- олар үшін тәрбиенің маңызды түрі.

Мектеп жасына дейінгілердің ойыны- айналадағы дүниені танып білудің тәсілі. Ол ойнап жүріп, заттың түсін, пішінін, материалдық қасиетін, кеңістік қатынастарды, сандық қатынастарды зерттеп үйренеді, өсімдіктерді, жануарларды зерттейді. Ойыншықтарды іріктеп ала білудің балабақшаларда айрықша маңызы бар.

Бір жерде әйнекке салып қоймайтындай болуы үшін, балалар сындырып аламын деп қорықпай ойнай алатындай болуы үшін қарапайым, әшекейсіз, арзан ойыншықтар беру керек. Балабақшаға қажетті ойыншықтардың минимумын белгілеп, оларға қалай пайдалануға арналған нұсқаулармен жабдықтау керек. Балалардың өздерінің қандай ойыншықтарды оңай дайындап, оларға айрықша үлкен күш жұмсамай қалай дайындауға болатынын, бұл іске кімдерді тарту керектігін көрсету керек[4. 297-238] .

Ойынды дайын үлгіге айналдырмай, балалардың бастамасына жол беру де өте маңызды. Балалардың ойынды өздері ұйымдастырып, өздеріне мақсаттар қоя алуы маңызды. Балалар жетіліп, саналылығы өскен сайын мақсаттары да күрделірек, қайсыбір ойындарды оларға зорлап таңуға тиіс емес, ол бұл жағдайда қауіпті, зиянды сезімдер және т. б. тудыратын ойындарды алмастырып жіберуі ғана тиіс. Бірақ мұны біліктілікпен, абайлап, балалар жетекшісімен келісе кететіндей етіп жасау керек. Педагог-мұғалім, вожатый, бұл жағдайда да педагогтың балалар үшін қалаулы жетекшіге айналуына көмектесетіндей педагогтық әдепті меңгеруі тиіс.

Сонымен, ойын адам өмірінен маңызды орын алады, ол еңбекке дайындайды, ойын біртіндеп барып еңбекке орын беретін ету қажет.

Ойынның әр түрлі кезеңінің әртүрлі әдіс қолданулары керек және қиналған жерде жәрдемдесе отырып, баланың қабілетін дұрыс дамытулары тиіс [5. 10-11] .

Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс- әрекетінің теориялық мазмұнын және балабақшада балаларға ойын сабақтарын өткізу әдістерін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

  • балалар ойынының сипаттамасын анықтау;
  • балабақшада жүргізілетін ойындардың маңызы мен түрлерінің мазмұнын ашу;
  • сәбилер тобындағы жүргізілетін ойын түрлері, дидактикалық ойын сабақтарын өткізу әдістерін көрсету;

Зерттеудің нысаны: Мектеп жасына дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс- әрекеті.

Зерттеудің әдістері: бақылау, әңгімелесу, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді сараптау.

Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Ойынға сипаттама

Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бала бір-бірімен өзара қарым- қатынас жасайды. Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай жазады: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады». Ойынның негізгі ерекшелігі - ол балалардың қоршаған ортаны - адамдардың қимылын, іс- әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме, теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар үн-түнсіз ойнамайды, жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым- қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті, сюжеті немес мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынныі түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы, «Дүкен», «Аурухана», «Ұшақтар», «Отбасы», «Балабақшасы» және т. с. с болып ойнайды.

Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көпжақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оның қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын - бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы ролін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым-қатысын бағыттап отырады. Өзі де сол рольге қатыса алады. Ойынның көп уақыты серуенде өтеді. Сондықтан, аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар (кемелер, автобустар), көптеген құрылыс материалдары- күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызығушылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді[1. 11-13] .

Рольді ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді.

Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте, көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызатындығынан болады.

Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер аласып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.

Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рольдер; ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде көрсетеді.

Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:

А) тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» және т. б. болып ойнау) ;

Б) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (корабль салу, үйлер, стадиондар тұрғызу және т. б. ) ;

В) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелер, демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхатта, т. т) .

Әрине ойынның әр түріне сипаттама беруге болады, дегенмен ойынның ішінде дидактикалық ойындардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор[3. 11-13] .

2. 2. Дидактикалық және қимылдық ойындар

Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар (Л. А. Венгер, О. М. Дьяченко, Т. К. Жикалкина, т. Б. )

Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне (А. Диваев), ойын сипатына (М. Гуннер, Е. Сағындықов, Б. Төтенаев), дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға (М. Таникеев, Ж. Төлегенов, Т. Бекбатшаева, Т. Қуанышов) ; ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне (А. К. Айтпаева) сәйкес жасалады.

Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

1. Ойын - саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер енмесе

оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық-оңай жолмен; қажеттілер-қызық жолмен беріледі;

2. Ойын - тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

3. Ойын - болжамдар. Бұл ойындар «Не болар . . . ?», «Мен не істер едім, егер . . . » деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюға ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс тапсырмаларын белгілеуді талап етеді.

4. Ойын - жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5. Ойын - әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнына ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы-олар эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.

Ал, «Балабақшадағы тәрбие бағдарламасы» ойын түрлерін мазмұнына қарай былай бөлінеді:

1. Сюжетті рөлді ойындар.

2. Құрылыс материалдарымен ойнау.

3. Қимылды ойындар.

4. Дидактикалық ойындар.

5. Драмалық ойындар.

6. Музыкалық-дидактикалық ойындар.

Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:

1. Балалардың орындаушылық әрекетін талап ететін ойындар.

2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.

3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.

4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындар.

5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.

Дидактикалық құрылыс ойыны- балалар әрекетнің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеку болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рольді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу - қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, циркет, т. б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.

Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйретететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы, «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті - қалпақтың астында не бар екенін білу.

Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау, ережені ой елегінен өткізе білу іс-әрекеттердің жүйелігін қиыншылықтарды жою керек болады. Олар балалардың түсйсіну жіне қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі. Дидактикалық ойындар айналамен табиғатпен таныстыру сабағында, математика, тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет сабақтарында жиі қолданылады. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, залда, орманда өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.

Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтуына керекті барлық заттардың комплектілері болуы керек. Стол үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар, пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар, мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған стол үстінде ойналатын ойындар қызықты болады. Оларда табиғат құбылыстары, транспорттың алуан түрлері (кім не мінеді, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қызмет көрсетеді[5. 27-30] .

Қимыл ойындар - балаға дене тәрбиесін беру құрады. Балалардың жүгіру, секіру, лақтыру сияқты қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке-психикалық дамуына, жеке басының, денсаулығының қалыптасуын да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады. Олар ойынның барысын жүйелігін, ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын анықтайды. Қимыл ойындары ұлттық ойындар желісінде ұйымдастыруға болады. Мысалы, «Соқыр теке», «Арқан тарту», «Төс қағыспақ», «Көкпар», «Асық», «Бәйге», «тақия тастамақ» т. б. ойындар. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Сол сияқты ойындар да жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді. Қазіргі таңда Сорос бағдарламасның технологиясвмен жұмыс істеп жатқан кезде, оның аты айтып тұрғандай- ақ сабақтар ойын орталықтары арқылы өтеді. Мұнда балалар тек ойын орталықтарымен шектеліп қалады деген сөз емес, ертеңгілік жиында не болмаса сабақ соңында ойын түрлері міндетті түрде қолданылады. Тіпті балалардың қызығушылығына қарай олар сабақтан кейін де сол орталықта ойынын жалғастыра береді. Күні бойы балалар жабдықталған ойын орталықтарында ойын алаңы ретінде ойнай алады. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады[1. 11-13] .

Баланы ана тілінде сөйлеуге, айналасын бақылап, тани түсуге жүргізілетін жұмыстардың негізгі бір түрі - дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейігі кезеңде баланың тілін дамытуда өте маңызды рөл атқарады. Балаға программалық материалды меңгеру, үйренген білім-дағдыларын бекіту жұмыстары осы дидактикалық ойындар арқылы іске асады. Осы сәбилерді қажетті білім-дағдыларына үйрету: түрлі тәрбие жұмыстарын жүргізу; олардың сөздік қорын молайтып, есту, көру, сөйлеу мөлшерін дамытып, жаттықтыру қиындыққа соғатыны сөзсіз.

Сондықтан балабақшаның тәрбиешілеріне арналған программалық жоспарды басшылыққа ала отырып, балалардың бақылап көргендерін тиянақтап, естеріне берік қалдыру, сөздік қарларын дамыту үшін төмендегідей дидактикалық ойындар ұсынылған: «Жасырылған затты тап», «Ғажайып қапшық», «Ойыншықты тап» (Оның түрін, көлемін, формасын атап айт-домалақ, көк, кішкене, т. б. ) . «Қолыңмен байқап көр, атын айт»(Бала дорбаға салынған заттарды қолымен танып, алады) . «Көріп атын айт», «Жаңа қуыршақты қабылдау», «Қуыршаққа бөлме жасау», «Қуыршақты киіндіру», «Қуыршақты жуындыру» ойындары.

Нақтылы заттар не суреттер арқылы жүргізілетін ойындар: «Танып көр, есіңе сақта». (Үстелге бірнеше ойыншықтар қойылады. Шақырылған бала ойыншықтарды қарап көреді. Сонан соң теріс қарап тұрады да, сол ойыншықтардың атын атайды. Соңынан тәрбиеші ойыншықты өзгертіп қояды да, басқа балаларды шақыртып айтқызады) .

«Жасырынған затты тап» ойыны. Тәрбиеші үстелге бірнеше зат қойып, балаларға атын айтып түсіндіреді. Бір баланы шақырады. Бала теріс қарап тұрады. Тәрбиеші заттың бірін алып, тығып қояды. Бала бұрылып, тәрбиеші жасырған ойыншықты тауып, атын атайды.

Аталған ойындардан басқа бір тектес суреттер арқылы «Тауып әкел» деген ойын өткізіледі. Ойынның қысқаша мазмұны мынадай:

  1. Тәрбиеші үстелге бір тектес суреттер қояды. Шақырылған бала, соған ұқсас суретті үстелден тауып көрсетеді. Салыстырып, атын, ненің суреті екенін айтады.
  2. Тәрбиеші ұқсас екі суретті баланың қолына бермей, тек көрсетеді. Ал шақырылған бала соған ұқсас екі суретті тәрбиеші ұсынған көп суреттің ішінен өздігінен тауып көрсетіп, атын, не туралы екенін айтып береді.
  3. Тәрбиеші суреттің орнына бірнеше зат немесе ойыншық қояды. Бала суретте салынған затты ойыншықтардың ішінен танып көрсетеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кішкене балаларға математика ілімінің элементтерін оқыту ерекшелігі
Балабақшада қарапайым математика сабақтарын өткізу технологиялары
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің әдістемесі
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың басты іс-әрекеті
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері
Дене шынықтыру сабағының міндеттері
Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері сабақтарында бояу түстері арқылы сұлулыққа баулу
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру
Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz