Зат алмасу - тірі организмдердің тіршілігінің негізі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Зат алмасу - тірі организмдердің тіршілігінің негізі.

2. Зат алмасудың 2 жағы - ассимиляция және диссимиляция .

3. Зат алмасу процесінің түрлері.

  1. Зат алмасу процестерінің клеткалық құрылымдармен байланысы.
  2. Биоэнергетика: энергия және тірі жүйелердің жұмысы.

Барлық тірі организімге тән белгі - ол зат алмасу. Зат алмасуынсыз тіршілік болуы мүмкін емес. Зат алмасу деген сұраққа жауап беру үшін, тірі организмнің тірі емес заттардан айырмашылығына тоқталамыз.

  1. Тірі организмнің сапалық, сандық құрамы және құрылымы өте күрделі.
  2. Тірі организмнің кұрамындағы заттар өздігінен жаңарып отырады. Организдегі белоктің жартысы 80 күнде, ал судың бәрі 30 күнде жаңарады.
  3. Тірі организм көбйе алады.

Осы ерекшеліктер негізінде қоршаған ортамен зат алмасу процесі немесе метоболизм жатыр.

Зат алмасу дегеніміз - өздігінен үздіксіз жүретін және реттелетін процесі арқылы тірі организмнің химиялық құрамының жаңаруы. Зат алмасу кезінде сыртқы ортадан тірі организмге қажетті қоректік заттар (белок, май, майлар тәріздес заттар, көмірсулар, витаминдер, минералды заттар, су т. б. ) енеді.

Зат алмасу процесін 4 сатыға бөледі.

1. Организмдегі ас қорыту процесі. Күрделі молекулалар сумен қосылып ферменттердің әсерінен қарапайым бөлшектерге ыдырайды. Тамақ белогынан 20 аминқышқылдары, көмірсулардан - моносахаридтер, ал липидтерден - 3 атомды спртті глицерин мен майлы карбон қышқылдарына ыдырайды.

2-ші сатысында осы қортылған заттар мен О 2 , Н 2 О, минералды заттар қанға немесе лимфаға сіңіп, барлық денеге тарайды.

Зат алмасудың 3-ші сатысында клеткаларға түскен заттар, организм клеткасы жаңаруына, өсуіне, дамуына, организге қажетті заттарды қүрауға, энергия алуға жұмсалады.

Зат алмасудың 4-ші сатысында организге қажетсіз қайта пайдалануға келмсйтін затіар СО 2 , Н 2 О, NH 3 сыртқа шығарылады.

Сонымен зат алмасу - ол күрделі процестер тізбегі: қоршаған ортадан заттарды сіңіріп, организмде оларды химиялық өзгерістерге ұшыратады да, соңғы өнімдерді сыртқа шығарады.

Зат алмасу немесе метаболизм біріне-бірі қарама-қарсы және өзара тығыз байланысқан екі құбылыстан тұрады: ассимиляция (анаболизм) және диссимиляция (катабализм) .

Ассимиляция (анаболизм) - ол қоршаған ортаның заттарын сіңіріп организмде өзгерістерге ұшыратады.

Диссимиляция (катаболизм) - ол организде заттарды ыдыратады соңғы өнімдерді сыртқа шығарады. Бұл екі құбылыс тірі организмде бір-бірінсіз жеке жүре алмайды.

Жас баланың организмінде ассимиляция құбылысы басым. Соның арқасында жас организм өседі; Заттардың жинақталу жылдамдығы олардың таралу жылдамдығынан жоғары. 17-19 жаста организмде ассимиляция мен диссимиляция арасында динамикалық тепе-теңдік орнайды. Осы уақыттан бастап организмнің өсуі тоқталады. Қартайғанда диссимиляция жағы басым болады. Екі кұбылыс тепе-теңдігі бүэылса дене еңбегі төмендейді, нерв жүйесінің реттілігі бұзылады. Сонымен, өмірдің бар периодында зат алмасу процесі өзгеріп тұрады. Туылған кезде ең жоғары сатыда болады, жайлап 17-19 жасқа дейін жүреді, ал содан соң біраз уақытқа тұрақтанады, қартаю стадиясында зат алмасу процесі төмендейді. Ассимиляция мен диссимиляция қатынасында бұлшық еттер активтілігі, қоршаған ортаның және организмнің температурасы, тамақ саны және сапасы әсер етеді. Спортсмендерде, не спортпен айналысатындарда дайындық кезінде көбіне ассимиляция жағы жоғары болады. Диссимиляция жоғары болуы - ол қоршаған ортаның температурасы төмен болғандықтан болады. Осы кездегі жылу организмді суықтаудан сақтайды. Ауырған кезде диссимиляция организмнің температурасын көтереді. Зат алмасу процесінің жүруіне тамақтануда әсер етеді. Тағамның организмге көп түсуі, ассимиляцияны күшейтеді. Бірінші ретте липидтердің жинақталуы оның ыдырауынан көбірек болады. Күн арлығы төмен тамақтану жалпы зат алмасу процесін төмендетеді, диссимиляция ассимиляциядан көп болады. Қоршаған ортаның көпдеген факторлары зат алмасудың 2 жағына әсер етеді. Егер күн астында жүрсек, синтез бен терідегі пигменттердің жинақталуы күшееді. Ол организмді ультрафиолеттік сәулелерден қорғайды. Сыртқы факторлардың әсерінен болған зат алмасу процесінің өзгерістері бейімделу сипатында болады.

3. Зат алмасудын түрлері :

Пластикалық алмасу

Функционалдық алмасу

Энергетикалық алмасу

Қоршаған ортамен алмасу

Аралық зат алмасу.

Пластикалық зат алмасу - организм үшін қажетті заттарды (фермент, гармондар, энергия көздері) жинақтайтын химиялык реакцияларды комплексі.

Функционалдық алмасу - клетканың, органдардың, тканьдерді функционалдық активтілігін қамтамасыз ететін реакция комплексі. Функционалдыі алмасу негізінен энергияның пайда болу процестерімен байланысты.

Қоршаған ортамен алмасу - ол организмге тағамның және оттегінің кіруі, қоршаған ортаға өнімдерді шығарудан тұрады.

Аралық зат алмасу - организмде түскен химиялық қосылыстармен болатын химиялық реакциялардың комплексі.

4. Химия тұрғысынан зат алмасу - организмнен тыс жүре алатын хигчиялық реакциялар тобы. Әр реакция бір өздері тіршілік үшін ерекше емес. Тіршілік үшін осы бөлек-бөлек реакциялар уақытпен кеңістікте өзара байланыста болуы керек. Зат алмасу химиялық процестердің тәртібімен анықталады. Ол біл жағынан ферменттер жылдамдығына, екі жағынан организмнің барлық элементтерінің структуралық құрылысына байланысты.

Әрбір клетка - тірі организмнің қүрылыстык және функционалдық бірлігі. Адам денесінде бірнеше жүз триллион клетка бар, олардың барлығы айрықша функция атқарады. Әртүрлі құрылысы мен функциясы болса да, ортақ белгілері бар. Олар энергияны жинайды және өзгертеді; биологиялық активті молекуларды жинақтайды, көбееді, миханикалық қимылдар жасайды, бейімделу реакциясы тән, қоршаған ортаның жағдайы өзгерсе де, клеткааралық парамехрлерін сақтайды.

Клетка сырты - 3 қабатты қабықпен плазмалық мембранамен қоршалған. Ортасы липид қабаты, ал екі жағы белокпен шектелген. Клетка қабығына егкізгіштік қабілеті әртүрлі. Өткізгіштігі зат алмасу процесінде маңызды роль атқарады.

Рибосомада - клетканың белоктарының жинақталуы жүреді . Ортасында ядро орналасады. Ядрода тұқым қуалау информациясы сақталады. ДНҚ, РНҚ жинақталады, майда ядрошықтарда РНҚ көп болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасуша органоидтары
Жасуша туралы
Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Экология ғылымы туралы түсінік
Өсімдіктердің індетті ауруларға төзімділігі
Онтогенез сатылары
Өсімдіктер бірлестігі
АДАМ ЖӘНЕ БИОСФЕРА
ДЕМЭКОЛОГИЯ (Популяциялар экологиясы). ПОПУЛЯЦИЯ. ПОПУЛЯЦИЯ НЫШАНДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz