Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарының алдын алу және ашу, тергеу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Тарау Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмысының қылмыстық . құқықтық мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Кеден төлемдері мен алымдарының түсінігі мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... 15
1.2 Кеден төлемдерін төлеу мен аударудың тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
1.3 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмысының қылмыстық . құқықтық мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.Тарау Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарының криминалистік мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.1 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарының жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.2 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарын табу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

3.Тарау Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарын ашу және тергеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
3.1 Тарау Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарын ашу және тергеудің бастапқы және келесі әрекеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
3.2 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарын ашу және тергеу жолдарын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

Қолданылған қайнар көздердің тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
Қандай да бір тәуелсіз мемлекетті алып қарасақ, өз елдеріндегі шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің тәртібі мен шарттарын құрайтын кеден ісіне ерекше көңіл бөледі. Себебі кеден жүйесі қызметінің маңыздылығы кеден төлемдері мен салықтар мемлекеттік бюджеттің кіріс маңыздылығы кеден төлемдері мен салықтан мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің ең тұрақты көзі болатындығында. Сондай – ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 35- бабына сай, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу біздің елдің әр азаматының міндеті болып табылады. Бірақ, өкінішке орай, еліміздің кейбір азаматтарының осы міндетті орындамау арқылы еліміздің экономикасының дұрыс дамуына да кері әсерін тигізіп отырғаны бізге айқын.
Жалпы кедендік ережелердің бұзылуына әкеліп соқтыратын қылмыстар – бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі. Себебі, бұл қылмыстар ел/міздің экономикалық қауіпсіздігіне қол сұғады. Соның ішінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмысы еліміздің экономикасына үлкен шығын келтіре отырып, еліміздің бюджетін қалыптастыруға кері әсерін тигізеді. Ал мемлекеттің бюджетінің толығуынан жалпы халқымыздың әлеуметтік жағдайын көтеру көп тәуелді. Сол себептен осы бағытта еліміздің бюджетін толықтыру мақсатында кеден органдарымен көптеген жұмыстар жүзеге асырылып отыр. Оны келесі кеден органдарының ұсынған статистикалық мәлімдемелерінен көруге болады. Мысалы, 2000 жылы кеден төлемдерін төлеуден бюджетке түскен ақшаның саны 55572763000 теңгені құраса, ал 2001 жылы осы аталып отырған салық түрінен бюджетке түскен кіріс 99,7 млрд. теңгені құрап отыр. Бұдан біз кеден төлемдерінен түсетін ақшаның Қазақстан Республикасының бюджетінің айтарлықтай бөлігін құрайтынын көруімізге болады.
Кеден төлемдерін және де басқа да алымдарды төлеуден жалтару қылмысы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 214- бабында қарастырылған. Мұнда ірі мөлшерде кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергені үшін алынатын алымдарды немесе басқа кедендік төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж
2. Қазақстан Республикасының Кеден құқығы 2003ж
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы Алматы 2005ж
4. Закон об Оперативно – розыскной деятельности 1998 г
5.Алпысов С.М. Методические рекомендации по выявлению и расследованию преступлений в сфере экономики/Методика расследования уклонения от уплаты таможенных платежей и сборов
6.Борьбас таможенным ипреступлениями и отмыванием грязных денег Т.А. Диканова, Осипова В.Е. М-2000
7. Белкин Р.С Лившин Е.М. Тактика следственных действий М-1997г
8. Волженкин Б.В. Экономические преступления. Спб., 1999, с. 202 - 203.
9. Гинзбург А.Я., Григорьев Алесковский С.Ю. Основы оперативно – розыскной деятельности: Уч\прак пос. –Алматы – 1999г
10. Дагель П.С., Котов Д.П. Субъективная сторона преступления и ее установление. — Воронеж.: Из-во Воронеж, ун-та. 1974.
11.Закон об Оперативно – розыскной деятельности 1998 г
12.Куштарова Г.А Дознание в органах таможенной службы Республики Казастан: процессуально – правовые проблемы
13.Кудрявцев В.Н. Объективная сторона преступления. — М.; Госюриздат. 1960.
14.Салогуб Н.М. Налоговын преступления: методика и тактика расследования М:Информ 1998г
15.Талковый словарь русского языка .Ожегова М-1993г
16. Таможенные преступления Гильмутдинова, Ларичев – М, 2001
17 Тимошенко И:В. Таможенное право
18. Основы таможенного дела /Под ред. Драганова В.Г. М-1998г
19.Л.В. Павлухин «Расследование в форме дознание» Томск – 1993
20.Практика таможенного регулирования. Ю.М. Петров, И.В. Кудрявцева. М., «Автор», 1994.
21.Питерцев С.К Тактические приемы допроса – СПР – 1994г
22. Преступления в сфере предпринимательства и налогоблажения Авансов А.Г Мусаев М.Х. – М-1992
23.Сборник методических рекомендаций по расследованию преступлений в сфере экономической деятельности/Методические рекомендации по раскрытию и расследованию преступлений в сфере внешнеэкономической деятельности
24. Л.М. Ларин Ресследование уголовных дел «Планирование и организация» М-1970
25.Ляпунов Ю. Общественная опасность деяния как универсальная категория советского уголовного права. — М.: ВЮЗШ. 1989.

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1- Тарау Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмысының
қылмыстық – құқықтық
мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...6
1.1 Кеден төлемдері мен алымдарының түсінігі мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... 15
1.2 Кеден төлемдерін төлеу мен аударудың
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
1.3 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмысының қылмыстық –
құқықтық
мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
2-Тарау Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарының
криминалистік
мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..34
2.1 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарының жасалу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.2 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарын
табу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

3-Тарау Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарын ашу
және
тергеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
3.1 Тарау Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарын ашу
және тергеудің бастапқы және келесі әрекеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
3.2 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарын ашу және
тергеу жолдарын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57

Қолданылған қайнар көздердің
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60

Кіріспе

Қандай да бір тәуелсіз мемлекетті алып қарасақ, өз елдеріндегі
шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің тәртібі мен
шарттарын құрайтын кеден ісіне ерекше көңіл бөледі. Себебі кеден жүйесі
қызметінің маңыздылығы кеден төлемдері мен салықтар мемлекеттік бюджеттің
кіріс маңыздылығы кеден төлемдері мен салықтан мемлекеттік бюджеттің кіріс
бөлігінің ең тұрақты көзі болатындығында. Сондай – ақ, Қазақстан
Республикасы Конституциясының 35- бабына сай, салық және басқа да
міндетті төлемдерді төлеу біздің елдің әр азаматының міндеті болып
табылады. Бірақ, өкінішке орай, еліміздің кейбір азаматтарының осы
міндетті орындамау арқылы еліміздің экономикасының дұрыс дамуына да кері
әсерін тигізіп отырғаны бізге айқын.
Жалпы кедендік ережелердің бұзылуына әкеліп соқтыратын қылмыстар –
бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі. Себебі, бұл қылмыстар елміздің
экономикалық қауіпсіздігіне қол сұғады. Соның ішінде кеден төлемдері мен
алымдарын төлеуден жалтару қылмысы еліміздің экономикасына үлкен шығын
келтіре отырып, еліміздің бюджетін қалыптастыруға кері әсерін тигізеді. Ал
мемлекеттің бюджетінің толығуынан жалпы халқымыздың әлеуметтік жағдайын
көтеру көп тәуелді. Сол себептен осы бағытта еліміздің бюджетін толықтыру
мақсатында кеден органдарымен көптеген жұмыстар жүзеге асырылып отыр.
Оны келесі кеден органдарының ұсынған статистикалық мәлімдемелерінен
көруге болады. Мысалы, 2000 жылы кеден төлемдерін төлеуден бюджетке түскен
ақшаның саны 55572763000 теңгені құраса, ал 2001 жылы осы аталып отырған
салық түрінен бюджетке түскен кіріс 99,7 млрд. теңгені құрап отыр. Бұдан
біз кеден төлемдерінен түсетін ақшаның Қазақстан Республикасының
бюджетінің айтарлықтай бөлігін құрайтынын көруімізге болады.
Кеден төлемдерін және де басқа да алымдарды төлеуден жалтару
қылмысы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 214- бабында
қарастырылған. Мұнда ірі мөлшерде кеден бажын, салықтарды, кеден
алымдарын, лицензия бергені үшін алынатын алымдарды немесе басқа кедендік
төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
Сыртқы экономикалық саясатты және Қазақстанның ішкі нарығын
мемлекеттік реттеудегі маңызды құралдарының бірі кедендік шекарадан өтетін
тауарлардан алымдар алу ережесін қалыптастыру тәртібі болып табылады. Ал
кеден төлемдері мен алымдарын төлеу тәртібін және механизмін бұзу
еліміздің мемлекттік ақшалық қорды құрау саласындағы еліміздің
экономикасына елеулі шығын келтіреді. Бұның қоғамдық қауіптілігі
кінәлілердің негізсіз баюына, нарықтың сайыстық ережеснің әлсіреуіне,
бюджетке келіп түсетін төлемдердің азаюына, байланысты мемлекеттің
мүдделерінің бұзылуына әкеледі.
Дипломдық жұмысымның мақсаты кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден
жалтару қылмыстарының алдын алу және ашу, тергеу болып табылады.
Кеден төлемдерін және де басқа да алымдарды төлеуден жалтару қылмысы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214 - бабында
қарастырылған. Мұнда ірі мөлшерде кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын,
лицензия бергені үшін алынатын алымдары немесе басқа кедендік төлемдерді
төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
Жұмысымның құрылымы кіріспе бөлім, үш тараудан және қорытындыдан
тұрады.
Дипломдық жұмысымның бірінші тарауында кеден төлемдері мен
алымдарының түсінігі мен түрлері және кеден төлемдерін төлеу мен
аударудың тәртібі толық ашылған.
Екінші тарауында кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару
қылмыстарының криминалистік мінездемесі көрсетілген, яғни криминалистік
мінездемесі және қылмыстың криминалогиялық әсері көрсетілген.
Үшінші тарауда, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару
қылмыстарын ашу және тергеу ашылған, яғни мына бөлімшелерге тоқталамын:
- Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарын ашуда
жүргізілетін алғашқы жедел іздестіру шаралары мен тергеулік әрекеттері
- Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарын ашуда
жүргізілетін жалпы жедел іздестіру шаралары мен тергеулік әрекеттері.
Түлектік жұмыстың методологиялық негізіне Қазақстан
Республикасы заңдылықтары, отандық және шетелдік авторлардың монографиялық
еңбектері, мерзімдік басылымдардағы осы тақырыптағы мақалалар алынды.
Салыстырмалы талдаулар үшін қаржы полициясы агенттігінің 2004-
2005 жылдардағы қызметіне байланысты материалдар алынған.

1- Тарау Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару
қылмысының қылмыстық – құқықтық мінездемесі

1.1Кеден төлемдері мен алымдарының түсінігі мен түрлері

Сыртқы экономикалық қызмет аумағында тиянақты құрылған жүйе,
оның құрылымы, салық және кеден саясатындағы мақсаты жалпы
экономиканың қызмет етуінде, елдің дамуындағы барлық макроэкономикалық
көрсеткіштерге, заңды және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік
белсенділігіне орасан зор әсер етеді. Сонымен салық салу мемлекеттің
сыртқы экономикалық саясатындағы маңызды құраушыларының бірі.
Сыртқы сауданы реттеудің классикалық құралы кеден тарифы болып
табылады. Кеден тарифы – тауарлардың импорты мен экспорты кезінде
өндіріліп алынатын кедендік баж салықтарының жүйеленген тізімі. Ол
мемлекеттің сыртқы сауданы реттеу кезіндегі мағызды құралдарының
бірі.
Қазақстан Республикасының кедендік тарифі дегеніміз Қазақстан
Республикасының кеден шекарасы арқылы өткен тауарларға қолданылатын
және сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасына сәйкес
жүйелендірілген кедендік баж салығының ставкалар жинағы. Кеден тарифі
баж салығының нақты ставкаларын қамтиды. Бұл ставкалар импорттық
тауарлардың бағасына тікелей әсер ете отырып кәсіпорынның шаруашылық
қызмет нәтижесінде көрініс табады. Осыған байланысты кедендік тариф
мемлекеттің сыртқы сауданы реттеудегі маңызды құралдардың бірі. Ол
өз кезегінде отандық тауар өндірушілерді шетелдік бәсекеден
қорғайды. Соңғы он жылда тарифтер әр түрлі техникалық стандарттар
немесе ерікті экспорттық шектеулер сияқты жанама бөгеттердің өсуіне
сәйкес төмендеп келеді. Мұндай шектеулерді жою әрекеттерін Әлемдік
сауда ұйымы жүргізуде. Бұл ұйымның ұсыныстары сыртқы сауданы
реттеудегі кеден тарифі ролінің өсуіне бағытталған. Экономикасы
дамыған елдердің кеден тарифінің орташа ставкасы қазіргі заманда
айтарлықтай үлкен емес, бірақ оның сыртқы саудаға деген әсері
айтарлықтай болып отыр.
Кез-келген елдің мемлекеттік қаражатының ең көп бөлігі,
көбінесе салықтар мен төлемдерді өндіріп алудан құралады. 2004 жылы
республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне кедендік төлемдер мен
салықтардан 243,5 млрд. теңге қаржы түскен. Бұл 2003 жылмен
салыстырғанда 44,9 млрд теңге немесе 22,7 % құрайды. Ал жалпы,
кедендік төлемдер мен салықтардың үлес салмағы, мемлекет бюджетінің
кіріс бөлігіне түсетін барлық қаржының, 17,3 % құрайды. Республикалық
бюджетте 27,2 % көрсетеді [5,27].
2005 жылы Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті
мемлекет бюджетіне 3796535 мың теңге кеден төлемдерін түсірді.
Орташа айлық кеден төлемдері мен салықтарының түсімі 2005 жылы
316378 мың теңгені құрады, 2004 жылы бұл көрсеткіш – 346884 мыңға тең
болатын.

1Кесте
(мың теңгемен)
Кеден 2005 ж. Орындалу пайызы2004ж. Ауытқу +,- Ауытқу
төлемдері мен орындалғаны орындалғаны пайызбен
салықтары
Кеден алымдары244562 112,1 238756 5806 2,4
Импорт бажы 414427 124,4 312198 102229 32,7
РФ-сыз ҚҚС 1981521 98,2 2635084 -653563 -24,8
РФ-мен ҚҚС 941713 156,2 724309 217404 30
Импорт бажы 205751 84,6 242512 -36761 -15,2
Акциз 8561 100,5 9750 -1189 -12,2
барлығы 3796535 110,9 4162609 -366074 -8,8

Кедендік төлем Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы
тауарлар мен көлік құралдарын өткізу барысында сыртқы экономикалық
қызметке қатысушы тұлғалардан кеден органы тарапынан өндіріліп
алынатын ақша көлемі. Ал кеден шекарасы дегеніміз Қазақстан
Республикасының кедендік аумағының шектері мен арнайы экономикалық
аймақтың периметрлері. Сыртқы саудаға байланысты операцияның негізгі
шарттарының біріне тұлғалардың кедендік төлемдерді төлеуі жатады.
Кедендік төлемдерді есептеу мен төлеудің құқықтық негізі Қазақстан
Республикасының Кеден кодексі және басқа да нормативті құқықтық
актлерде бекітілген.
Кеден төлемдері мен салықтарының түсінігі Қазақстан Респуликасы
Кеден кодексінің 290 – бабында берілген.
Онда кедендік төлемдердің келесі түрлері бекітілген:
1) кедендік баж;
2) кедендік алымдар;
3) алымдар;
4) алдын ала шешім үшін төлемақы.
Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау
кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының
Кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді.
Қазақстан Республикасының кедендік тарифі – кеден шекарасы арқылы
өткізілетін тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкаларының Сыртқы
экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген тізбесі.
Әкелінетін және әкетілетін кедендік баж ставкасы Қазақстан
Республикасының Үкімет шешімімен тағайындалады. Кедендік баж ставкалары
барлығына ортақ болып табылады және кеден шекарасынан тауар тасымалдайтын
тұлғаға байланысты, келісім түріне және басқа да факторлар бойынша
өзгеріске жатқызылмайды.
Сипатына байланысты маусымдық, антидемпингтік, компенсациялық
болып бөлінеді.
Маусымдық баж салықтары халықаралық сауда жүйесінде маусымдық
сипаты бар өнімдерді шапшаң реттеу үшін қолданылады. Бұл ең алдымен
ауылшаруашылық өнімдері. Мемлекеттің маусымдық баж салығын қолдануы
жылдың белгілі бір уақытында осындай сипаты бар тауарлардың импорты
мен экспорттын тиімді реттеуіне мүмкіншілік туғызады.
Егер әкелінетін тауардың бағасы осы тауарды экспорттаушы елдің
қалыпты бағасынан әлдеқайда төмен болса, және мұндай импорт осындай
тауар өндіретін жергілікті тауарөндірушілерге зиянын тигізсе немесе
ұлттық өндірістің кеңейуіне кедергі келтіретін болса антидемпингтік
баж салығы өндіріліп алынады. Антидемпингтік баж салығының мақсаты
демпингтік бағамен келетін импорттық тауарлардан ішкі нарықты қорғау
болып табылады. Сонымен, тауарды өндіруші ел осы тауарды
экспорттаған кезде тауардың бағасы импорттаушы мемлекетте
төмендетілген болса оны демпинг дейміз. Осы екі баға арасындағы
айырмашылық демпинг мөлшерін білдіреді және осы мөлшер арқылы
антидемпингтік баж салығының негізі қалыптасады.
Компенсациялық баж салығы импорттық тауарлардан өндіріліп
алынады. Тауарды өндіруші ел экспортты дамыту немесе импорттың орнын
басу мақсатында тауар өндіру кезінде жәрдем ақшаны (субсидия)
пайдаланады. Жәрдем ақшаны (субсидия) қолдану, шығындардың жасанды
төмендеуіне әкеліп соғады, ал бұл өз кезегінде экспорттық
тауарлардың бағасына әсер етпей қоймайды. Мұндай бағасы жасанды
жолмен төмендетілген тауарлардың импорты қазақстандық тауар
өндірушілерге шығын келтіреді, экономикалық дамуды айтарлықтай
тежейді. Осындай жағдайда отандық тауар өндірушілерді қорғау үшін
компенсациялық баж салығын қолданылады. Компенсациялық баж салығының
мөлшері жәрдем ақшаның (субсидия) көлемімен анықталады.
Шығу тегіне байланысты кедендік баж салығы автономиялық,
конвенциалық, преферециялдық болып бөлінеді.
Автономиялық кедендік баж салығы мемлекеттік билік органдарының
біржақты шешімінің негізінде енгізіледі.
Конвенциалық кедендік баж салығы екіжақты немесе көпжақты
келісімдердің базасы негізінде бекітіледі. Мысалы дүниежүзілік сауда
ұйымында.
Преференциалдық кедендік баж салығы әдеттегі жұмыс істейтін
кедендік тариф ставкасымен салыстырғанда әлдеқайда төмен болады және
көпжақты келісімдер негізінде орнықтыла отырып, дамушы елдерден
шығатын тауарларға қатысты қолданылады. Мақсаты осы елдердің
экономикалық дамуын қолдау болып табылады.
Өндіріп алу тәсіліне байланысты кедендік баж салығында арнайы,
адвалорлы және комбинациялық ставка болып келеді.
Кедендік баж салығының арнайы ставкасы тауардың бір бірлігіне
белгіленген мөлшер көлемінде есептеледі, яғни тауардың құнымен
байланысты емес ( мысалы, 1 тоннасына 20$). Арнайы ставка түрі
тауардың салмағына, көлеміне және басқа да арнайы мінездемесіне
байланысты (аты да осыған байланысты). Егер белгілі тауардың бағасы
өсетін болса, одан өндіріліп алынатын баж көлемі өзгермейді, әрине
тауардың физикалық өлшем бірліктері өзгермесе. Бірақ бұл кемшілік
өзінің оң нәтижесін тауардың бағасы күрт төмендеген кезде байқалады.
Яғни тауардың бағасы төмендегенмен бюджетке түсетін қаржы көлемі
өзгеріссіз қала бермек. Сонымен қатар бұл ставка түрін қолдана
отырып экспорттық және импорттық тауарлардың фактурлық бағасын
төмендету жолымен жасалатын кедендік төлемдерді төлеуден жалтаруға
қарсы күресуге мүмкіндік береді.
Кедендік баж салығының адвалорлық ставкасы дегеніміз салық
салынатын тауардың кедендік құнының белгілі бір пайызымен есептеледі
(мысалы, кедендік құнының 15%).
Кедендік баж салығының комбинацилық ставкасы жоғарыда айтылған
ставкалардың екеуін де қамтиды. Өндірісі дамыған елдердің кеден ісі
практикасында тарифте көрсетілген нұсқауларға байланысты екі
ставканың екеуі бірдей немесе екеуінің қай үлкені өндіріліп алынады.
Бірақ кеден тарифтік ісінде әрдайым ұйымдастыру-техникалық
айырмашылықтың артында сауда-саяси және экономикалық мақсат тұрады.
Арнайы және адвалорлы баж салықтары тауардың бағасы өзгерген кезде
әртүрлі әсер етеді: адвалорлы баж салығынан түсетін ақша көлемі
бағаның өсуімен пропорционал өседі, ал протекционистік қорғау
дәрежесі өзгеріссіз қала бермек. Мұндай жағдайда адвалорлы баж
салықтары арнайы баж салықтарынан гөрі тиімді болып табылады.
Сондықтан баға өсуінің ұзақ тенденциясы кезінде кедендік тариф
үлесінде адвалорлы баж салықтарының көбею ұмтылысы байқалады.
Көптеген елдердің кеден-тарифтік практикасында адвалорлы баж
салығы көп тараған. Осыған орай импорттық тауарлардың құнын бағалау
тәсілі ерекше мағынаға ие болды. Қолданылатын тәсілге байланысты
тауардың бағасы 20-25 %, ал кейбір жағдайларда тіпті екі есе көбюі
мүмкін. Сондықтан импорттық тауардың бағасын анықтау тәсілі баж
салығының соммасын есептеу үшін маңызды.
Қазіргі таңда өндірісті дамыған елдердің кеден тарифтік
ставкасының орташа дәрежесі салыстырмалы түрде төмен: тауар құнының
6 % жуық. Дамушы елдерде импортқа кедендік салық салу дәрежесі
айтарлықтай жоғары. Көптеген дамушы елдердің орташа кедендік тариф
дәрежесі 38-40 %, ал ставкалары 1 пайыздан 100 пайызға дейін,
кейбір тауарлардың баж салығы 150-200 % болып келеді.
Кедендік алымдардың ставкалары төмендегідей түрлерге бөлінеді:
-адвалорлық – алым алынатын тауардың кедендік құнына процентпен
есептеледі;
-арнаыландырылған – алым алынатын тауардың бір –бірлігінен (салмақ,
көлем, т.б. бірліктерінен) белгіленген көлемде есептеледі;
-аралас – кедендік алымның аталған екі түрі аралас қолданылады.
Кеден бажының, соның ішінде әкелінім бажының ставксын анықау,
белгілеу өте күрделі жұмысты талап етеді. Оны анықтау үшін бір –біріне
қарама – қайшы келетін көптеген факторларды – соның ішінде отандық
өндірушілерді қорғау, сондай- ақ отандық өндірушілердің сыртқы
бәсекелестіктің жоқтығынан техникалық артта қалуына жол бермеу,
мемлекеттің ішкі рыногындағы тауар бағларының тым көтеріліп кетпеуін,
соның себебінен әлеуметтік наразылықтың туындамауын, мемлекетке түсетін
кедендік түсімдердің деңгейінің тым азайып кетпеуін, ішкі өндірістің өсу
динамикасын, сондай-ақ халықаралық кеден келісімдерінің талаптарын,
халықаралық сауда, кеден ұжымдарының, одақтарының, соның ішінде Еуразиялық
Кеден одағының шарттарын, БКҰ – ның импорт бажы бойынша талаптарын, т.б.
есепке алу қажет.
Қазақстан Республикасы кеден органдары Қазақстан Республикасы
заңнамасымен белгіленген ретте, тәртіпте және шарттарда антидемпингтік,
қорғашы және компенсациялық баждарды жинайды.
Кедендік баж – Қазақстан Республикасы кедендік шекарасына тауарларды
алып кету және аталған территориядан тацарларды алып кету барысында,
кеден органдарымен жиналатын және осындай алып келу мен алып кетудің
ажырамас бөлігі болып табылатын кедендік төлемдердің бірі. Жеке
тұлғалардың тауарларды қысқартылған тәртіпте өткізу барысында кедендік
төлемдер мен салықтары Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен кедендік
төлемдер жиынтығы ретінде төленуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 293 – бабына сәйкес, кедендік
алымдарға келесі аталғандар жатады:
1) Кедендік рәсімдеу үшін кедендік алым;
2) Кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;
3) Тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.
Кедендік рәсімдеу үшін кедендік алым – тауарлар мен көлік құралдарын
негізгі кедендік рәсімдеу кезінде кедендік рәсімдеу үшін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады.
Кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік алымдар әрбір тауар
партиясын немесе әрбір жүк кеден декларациясына рәсімдеу кезінде алынады.
Кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым - кедендік органдары
тауарларды кедендік ілесіп алып жүру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілеген мөлшерде кедендік алым алады.
Тауарларды сақтау үшін кедендік алым – Иелері кеден органдары болып
табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды
сақтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік
алымдар алынады.
Кедендік алымдардың көлемін анықтаудың негізі болып аталған
әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдарының шығындарының құны танылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік рәсімдеу үшін және
кедендік ілесіп жүру үшін кедендік алым кеден органдарымен ҚР үкіметі
белілеген мөлшерде алынады.
Бірнеше көлік құралдарына кедендік ілесіп жүру барысында кедендік
алым мөлшері әрбір атысушыларға пропорционалды түрде бөлінеді.
Кеден органдары алатын алымдарға:
1) лицензия бергені үшін алым;
2) кедендік рәсімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені
үшін алым жатады.
Лицензия бергені үшін алым:
1) кеден қоймасын құрғаны;
2) бажсыз сауда жасайтын дүкен құрғаны;
3) бос қойма құрғаны;
4) уақытша сақтау қоймасын құрғаны;
5) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырғаны;
6) кедендік брокері ретінде қызметті жүзеге асырғаны үшін алынады.
7) Алдын ала шешім үшін төлемақы – тауардың жіктемесіне, шығарылған елін
және кедендік құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім
қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде
алдын ала шешім үшін төлемақы алынады.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінде, көріп отырғанымыздай, барлық
кедендік тлемдердің тізбесі толық, жабық анықталған, ал, кеден ісі
саласындағы салықта жабық анықталған, ал, кеден ісі саласындағы салыөқтар
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 290 – бабының 4- тармағында
көзделгендей, салық заңнамасымен анықталады. Алайда, Кеден кодексінің
өзінде кеден ісі салсындағы міндетті төлеуге жататын салықтардың түрлері
анықталған.
Жоғарыда айтылғандардан кедендік төлемдердің кейбір түрлерінің
тауарлар мен көлік құралдарын өткізумен байланысты емес екендігін байқауға
болады, мысалы айтсақ, ҚР ҚК 297 бабында көделген алымдар.
ҚР ҚК 214- бабының диспозициясына қатысты қылмыстық және кедендік
заңнамалардың кейбір нормалары бір біріне сәйкес келмейді. Себебі, қай
уақытта да салықтар ұғымы кедендік төлемдер ұғымынан кең
түсінілгенімен, Қазақстан Республикасы Кеден кодексінде салықтарды
кедендік төлемдердің бір түрі ретінде қарастырады. Ал бұл нормаға
Қазақстан Республикасы Кеден кодексіндегі салықтарды кеден төлемдерінен
бөліп қарастыратын нормасы сәйкес келмейді. Яғни Қазақстан Республикасы
Кеден кодексі 7 – бабының 15 пунктіе сәйкес, кеден ісі саласындағы салықтар
ретінде Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы өткізуіне
байланысты Қазақстан Республикасы кеден органдары жинайтын қосылған құн
салығы мен акциз танылады.

1.2.Кеден төлемдерін төлеу мен аударудың тәртібі

Тауар және көлік құралдарының кедендік құны кедендік баж
салығы, акциз және кедендік төлемдерді есептеудің негізі болып
табылады. Қосымша құн салығын есептеу үшін оның кедендік құны
негізге алынады. Тауардың кедендік құнын анықтау жүйесі халықаралық
тәжірибеде қабылданған кедендік бағалаудың жалпы қағидаларына
негізделеді және Қазақстан Республикисынаың аумағына әкелінетін
тауарларға таралады.
Тауардың кедендік құнын кедендік баж, алымдар және басқа да
кедендік төлемдерді есептеу кезінде қолданады.
Декларант мәлімдейтін кедендік құн және оны анықтауға қатысы
бар мәліметтер шындыққа негізделген, саны анықталған, объективті және
тиісті құжаттармен дәлелденген ақпаратқа негізделуі тиіс. Егер мұндай
ақпарат болмайтын болса кеден органдары өздерінде бар мәліметтерді
қолдануға құқығы бар. Ондай мәліметтер мысалы ретінде сауда
фирмаларындағы тауарлардың бағасы туралы ақпарат каталогтары және
басқа да анықтамалар жатады. Кеден органдары тауардың мәлімделген
кедендік құны мен баға туралы ақпарат каталогында көрсетілген құн
арасындағы табылған айырмашылықтарға сәйкес түзетулер енгізеді.
Тауардың кедендік құнын анықтау үшін кеден заңнамасына сәйкес
қосымша уақыттың қажеттілігі туса декларант кеден органдарына тауарды
мүлік кепілі немесе өкілетті банк кепілдігін пайдалана отырып
импорттық баж салығын төлеуді кейінге қалдыру туралы өтініш жасауына
болады.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 308-бабына сәйкес
импорттық тауарлардың кедендік құнын айқындау:
- әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша (1-
әдіс);
- бірдей тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша (2-
әдіс);
- біртектес тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша (3-
әдіс);
- құнды шегеру (4-әдіс);
- құнды қосу (5-әдіс);
- резервтік (6-әдіс) әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі.
Кедендік төлемді төлеуші тұлғалар:
1) тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар
немесе декларант;
2) лицензия немесе кедендік рәсімдеу жөніндегі маманның біліктілік
атестатын алатын тұлғалар кедендік төлемдерді төлеушілер болып
табылады.
Қазақстан Республикасының Кеден ісі туралы заңының 135 –бабына сәйкес
кеден төлемдері мен салықтарын төлеу мерзімі кеден декларациясын
қабылдағанға дейін немесе қабылдаған күні төленеді. Егер кеден
декларациясы белгіленген уақытта ұсынылмаса, онда кеден төлемдері мен
салықтарын төлеу уақыты, кеден декларациясын беру мерзімі өткен күннен
бастап есептелінеді. Декларацияның өзі анықталған бірақ әртүрлі нысанда
мәліметтерді жазбаша, ауызша, электрондық немесе басқа да жолдармен беру
арқылы толтырылады. (
Сонымен қатар кедендік баждарды төлеу мерзімдері өзгерген жағдайларды
қоспағанда, кедендік баждар кедендік декларация тіркелген күнге дейін
немесе тіркелген күні төленеді. Қазақстан Республикасының кедендік
аумағына әкелінетін тауарлаға жүктің кедендік декларациясы туралы межелі
кеден органына табыс ету күнін қоса есептегенде күнтізбелік отыз күннен
кешіктірілмей беріледі. Егер жүктің кедендік декларациясын беру серзімінің
аяқталуы кеден органының жұмыс істемейтін күніне орайлас келсе, кеден
органының одан кейінгі жұмыс күні осы мерзімнің аяқталу күні болып
саналады. Декларанттың дәлелді өтінші бойынша кеден органы жүктің кедендік
декларациясын беру мерзімін ұзартады. Жүктің кедендік декларациясын беру
мерзімін ұзарту әкелінетін тауарларға кедендік төлемдердің және
салықтардың төленуі қамтамсыз етілген жағдайда кедендік рәсімдеу
жүргізілетін кеден органдарында жүзеге асырылады.
Шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік баждар салудан
босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланған кезде,
тұлғаның тауарларды пайдалану және оған иелік мерзімі болып есептеледі.
Егер шектелердің бұзылған күнін анықтау мүмкін болмаса, кедендік
декларация тіркелген күн кедендік баждарды төлеу мерзімі болып есептледі.
Кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар:
- кедендік декларацияны тіркегенге дейін немесе тіркеген күні
төленеді;
- егер кедендік декларация Қазақстан Республикасының кедендік
кодексінің 380- бабы бойынша айқындалатын мерзімдерде берілмесе, онда
кедендік декларацияны беру мерзімдері өтіп кеткен күннен бастап төлеу
мерзімдері өтеді;
-шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік рәсімдеу үшін кедендік
алымдарды салудан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда
пайдланған
Шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік баждар салудан босатуға
байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда па.йдаланған кезде, тұлғаның
тауарларды пайдалану және оған иелік жөніндегі шектеулерді бұзған күні
кедендік баждарды төлеу болып есептеледі. Егер шектеулердің бұзылған күнін
аиықтау мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн баждарды төлеу
мерзімі болып есептеледі.
Кедендік алымдарды төлеу мерзімдері Қазақстан Республикасының Кеден
кодексінің 324 бабына сай жүзеге асырылады.
1. Кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар:
1) кедендік декларацияны тіркегенге дейін немесе тіркеген төленеді;
2) егер кедендік декларация осы Кодекстің 380-бабына сәйкес
айқындалатын мерзімдерде берілмесе, онда кедендік Декларацияны
беру мерзімдері өтіп кеткен күннен бастап төлеу мерзімдері өтеді;
3) шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік ресімдеу Ү'шін
кедендік алымдарды салудан босатуға байланысты мақсат-тіардан өзге
мақсаттарда пайдаланған кезде, түлғаның тауарлар-Д],ы пайдалану және
оларға билік ету бойынша шектеулерді бұзған к'үні көрсетілген алымдарды
төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер тіөлеу мерзімін бұзған күнді белгілеу
мүмкін болмаса, кедендік Діекларация тіркелген күн төлеу мерзімі болып
есептеледі.
2. Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар кеден органы к;едендік
алып жүру туралы шешім қабылдағаннан кейін, бірақ к;едендік альш жүруді
ұйымдастырудың басталуынан ксешіктірілмей төленеді.
3. Кеден органдары қүрған кеден қоймаларында және уақыт-ЩІа сақтау
қоймаларында тауарларды сақтағаны үшін кедендік ашым осындай қоймалардьщ
аумағынан тауарларды әкеткен күні тгөленеді.
Алымдарды және алдын ала шешім үшін төлемақыны төлеу мерзімдері
Лицензиялар мен кедендік ресімдеу женіндегі маманның ^біліктілік
аттестатын бергені үшін алымдар, сондай-ақ алдын ала Іціешім үшін төлемақы
кеден органдары лицензияларды және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның
біліктілік аттестатын ресімдеу үшін, сондай-ақ алдын ала шешім қабылдау
үшін осы Кодексте белгіленген қүжаттар мен қажетті мәліметтерді қабыл-
дағанға дейін немесе қабылдаған күні төленеді.
Кедендік төлемдерді төлеу тәртібі:
1. Кедендік төлемдер қолма-қол ақшамен және ақшасыз төлеу тәртібімен
төленеді.
2. Кедендік төлемдерді төлеуші не атынан кедендік төлемдер
енгізілетін телеушіні көрсете отырып үшінші түлға төлеуі мүмкін. Кедендік
төлемдер Қазақстан Республикасының үлттық валютасымен төленеді.
3. Кедендік төлемдер тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім
бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын
тәртіппен мемлекеттік бюджетке аударылады.
Артық төленген кедендік төлемдердің және салықтардың сомасын қайтарып
алу немесе есепке алу туралы төлеушілердің талаптары бойынша талап қою
мерзімі бес жыл болып бел-гіленеді.
Алынуы кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың
бюджетке дұрыс есептелуіне және уақтылы енгізілуіне бақылауды кеден
органдары жүзеге асырады.
Кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуін есепке алу тәртібін
кеден ісі женіндегі уәкілетті орган айқындайды.

Осы Кодексте белгіленген кедендік баждарды төлеу мерзімін неғұрлым
кейінгі мерзімге, бірақ кеден органы жүктің кедендік декларациясын тіркеген
күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ауыстыру кедендік баждарды төлеу
мерзімдерін өзгерту болып танылады. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін
өзгерту кейінге қалдыру немесе мәулеттік мерзім беру нысанында
жүргізіледі.
Бүл ретте, кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру - төлеу мерзімін
ұзарту, ал кедендік баждарды төлеу мерзімін қосымша кезеңге үзарту -
мәулеттік мерзім болып табылады, осы кезең ішінде қажетті сома бөліп-бөліп
төленуге тиіс.
Кедендік баждарды төлеу мерзімдерінің өзгертілуі туралы шешімді кеден
ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және
кедендер қабылдайды.
1. Кедендік баждарды салудан:
жүктерді, багаж бен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды
жүзеге асыратын көлік құралдары, сондай-ақ жол жүру кезінде, аралық
аялдама бекеттерінде оларды пайдалануга қажетті немесе осы көлік қүралдары
апаттарының зардаптарыи жою (ақауларын түзеу) үшін шетелден сатып алынған
материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-
түлік және басқа мүлік;
теңіз кәсіпшілігін жүргізетін қазақстандық немесе қазақстандық
түлғалар жалдаған (кіреге алған) теңіз кемелсріиіи ендірістік қызметін
қамтамасыз ету үшін Қазақсіли Республикасының кедендік аймағынан
тыс жерге әкетілі-пн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-
жарақтар, отын, азык-түлік және басқа мүлік, сондай-ақ олардың Қазақстан
Республикасының аумағына әкелінетін кәсіпшілік өнімдсрі;
ұлттык және шетел валютасы, сондай-ақ Қазақтсан Республикасының
заңдарына сәйкес бағалы қағаздар;
ізгілік көмек ретінде Қазақстан Республикасының кеден аумағына
әкелінетін немесе Қазақстан Республикасының кедендік
аумағынан әкетілетін, акцизделетін тауарлардан басқа заттар;
техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, мемлекеттер үкіметтер,
халықаралық ұйымдар желісі бойынша
ретінде, қайырымдылық мақсатында Қазақстан нкедендік аумағына әкелінетін
немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін,
акцизделетін тауарлардан басқа (арнайы медициналық мақсатқа арналған жеңіл
автомобильдерді қоспағанда), тауарлар;
Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заң-
дарына сәйкес тауарлар;
Қазақстан Республикасының ¥лттық Банкі және оның
филиалдары, өкілдіктері мен үйымдары ақша белгілерінің өндірісі
үшін әкелетін шикізат;
кеден баждарын салудан босату көзделген кедендік
режимдер шеңберінде Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тауарлар-
ды бажсыз әкелу мен әкету нормалары бойынша Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар
өткізетін тауарлар;
Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңдары-
на сәйкес кедендік баж салудан босатылатын тауарлар;
Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқ-
ындалған, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ ха-
лықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген гранттар қаража-
есебінен сатып алынатын тауарлар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулы-
чарына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық
міндеттемелерін орындау үшін өткізілетін бітімгершілік немесе
оіге де жаттығулар шеңберінде Қазақстан Республикасының
кедендік аумағына әкелінетін немесе сол аумақтан әкетілетін
тауарлар;

1.3 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмысының
қылмыстық – құқықтық мінездемесі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214 бабы бойынша (кеден
төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару) - 91 қылмыстық іс (2004 жыл
- 67), 36% - ға өскен.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс құрамдарының ерекше түрі
ретінде кедендік қылмыстарды, оның ішінде кеден төлемдері мен алымдарын
төлеуден жалтару құрамын қарастыруға (ҚР ҚК 214-бап) болады. Себебі, бұл
қылмыс құрамы қалыпты сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру да
құқықтық қатынастарға қол сұға отырып, ішкі экономикалық қауіпсіздікке
де қауіп тудырады. Сыртқы экономикалық саясатты және Қазақстанның ішкі
нарығын мемлекеттік реттеудегі маңызды құралдардың бірі ретінде кедендік
шекарадан өтетін тауарлар мен көлік құралдарынан кеден төлемдері мен
алымдарын алу тәртібін қалыптастыру танылады. Демек түрде кеден төлемдері
мен алымдарын төлеу тәртібін және механизмін бұзу - мемлекеттік ақшалық
қорды құрау саласындағы еліміздің экономикасына елеулі шығын келтіреді,
мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға қарсы бағыттала отырып, экономикалық
тұрақтылыққа қол сұғады. Бұл пікірмен ресейлік көптеген ғалымдардың
пікірлері де сәйкес келеді, олар бұл қылмыс құрамын ішкі экономикалық
қауіптердің қатарына жатқызады. Мысалы, С.Б. Чернов салық салудан
объектілерді жасыру арқылы кеден төлемдері мен аымдарын төлеуден
жалтаруды ұйымдасқан қылмыстылықтың қайнар көздерінің бірі ретінде
таниды. Ал, В.Д. Ларичев, Н.С. Гильмутдинова оны экономикалық
қауіпсіздікке қол сұғушылық ретінде қарастырады.( Наумов А.В. Аталған әдеб)
А.Н. Козырин салықтарды, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтрудың
жағымсыз слдары ретінде келесі жағдайларды қарастырған:
-бюджетке міндетті төлемдердің тиісті деңгейде түспеуі, оның нәтижесінде
-бюджеттің кіріс бөлігінің қысқаруы;
-бюджет дефицитінің пайда болуы;
әлеуметтік әділеттілік принципінің бұзылуы, яғни кінәлі тұлғалардың салық
және кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруы нәтижесінде оларды
төлеу ауырпалығының басқа тұлғаларға ауысатындығы.
Аталған ғалымдардың пікірінен кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден
жалтарудың қоғамдық қауіптілігі мен сипаты, оның кедергі келтіретіндігімен
ғана сипатталмайды, бұл қылмыс құрамының мемлекеттің ішкі экономикалық
қауіпсіздігіне де қол сұғатындығын байқауға болады.
Қарастырылып отырған қылмыс құрамы күрделі құрам болып табылады,
сондықтан түрлі сипаттағы объектілерге қол сұғады. Олардың қатарына
сыртқы экономикалық қызметтің қалыпты жүзеге асырылуын, кедендік бақылау
мен кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі,
кеден органдарының қалыпты қызметін, мемлекеттік бюджетке салықтар мен
өзге де төлемдердің түсуі нысанындағы бюджетті қалыптастыруға байланысты
құқықтық қатынастарды жатқызуға олады. Кеден төлемдері мен алымдарын
төлеуден жалтарудың бірнеше құқықтық салаларына дәлірек айтсақ, әртүрлі
нормативтік құқықтық актілерге қол сұғатындығына, жанасатындығына
байланысты қылмыстық құқық теориясында оның объектісін анықтауда
қиындықтар туындап отыр. Яғни түрде қылмыстық құқық теориясында оның
объектісіне қатысты қарама – қайшылықты пікірлер кездеседі, дәлме – дәл
бекітілген бір тұжырым жоқ. Белгілі бір қылмыс құрамын қылмыстық
құқықтық сипаттауда, саралауда, оның объектісін анықтап алу қажеттілігі
туындайды. Ал, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214 –
бабында көзделген қылмыс құрамы объектісінің дәлме –дәл анықталмауы оның
экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жіктелуіндегі белгілі –
бір қылмыстар тобының қатарына жатқызуға мүмкіндік бермейді. Кейбір
ғалымдар бұл қылмыс құрамының объектісін оның жасалу аясына байланыстыра
отырып, кедендік қылмыстар қатарына жатқызса, кейбір ғалымдар салықтық
қылмыстар қатарына жатқызады.
Шын мәнінде, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамы
салықтық және өзге де кедендік қылмыстармен тығыз байланысты.
Ғалымдар кедендік бақылау аясында орын алатын кеден төлемдері мен
алымдарын төлеуден жалтару құрамын қылмыстық құқық ғылымында, оның
объектісіне байланысты салықтық қылмыстар қатарына жатқызса, кейбір алыс
шетел елдерінің қылмыстық заңдары бұл қылмыс құрамын жеке бөліп
қарастырмайды, ол салық төлеуден жалтару мазмұнына еніп, ресми түрде
салықтық қылмыстар ретінде танылады.
АҚШ заңнамасында бұл қылмыс құрамы салықтық қылмыс құрамдарынан
бөлінбеген, ол, салық төлеушіге белілі федералды салықты толық немесе бір
бөлігін төлеуге қатысты міндеттемелерді қасақана орындамау әрекеттері
ретінде сипатталады.
Еуропалық Экономикалық Одақ құрамына кіретін мемлекеттерде де кеден
төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару үшін қылмыстық жауаптылық
салықтарды төлеуден жалтару үшін белгіленген жауаптылықтың мазмұнына
енеді (ГФР –де 1972 жылы қабылданған Aussensteuergesetz заңымен,
Ұлыбританияда 1976 жылы қабылданған Taxes Management Act заңымен, Испания
ҚК 307 – бабымен, Қытай Халық Республикасы 210 – бабымен көзделген).
Ю. Гармаев кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруды сыртқы
экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар санатына жатқызып, оның тікелей
объектісі ретінде сыртқы экономикалық қызметті айтады. Себебі, оның
пікірінше аалған қылмыс құрамы сыртқы экономикалық қызмет
қатысушыларымен тікелей жасалады. Сонымен қатар бұл қылмыс құрамы
ұлтаралық, (транснациональный), кәсибилік, ұйымдасқан сипат алуына
байланысты қоғамдық қауіптілігі мен сипаты жоғары болыр табылады.
И.И.Рогов, Г.Б.Саматова сынды еліміздің ғалымдары бұл қылмыс
құрамының объектісі ретінде кедендік тарифтік реттеу аясындағы қоғамдық
қатынастарды таниды.
Кедендік қылмыс ретінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден
жалтару құрамы келесі белгілермен анықталады:
-бұл қылмыс құрамының заты болып тек кеден төлемдері мен алымдарын
табылуы;
-кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу барысында,
өткізу тәртібі мен шарттарын бұзуға бағытталуы;
-сыртқы экономикалық қызметтің жүзеге асырылуы барысында
жасалатындығы.
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару мемлекеттің қаржы
саласындағы, оның ішіндегі мемлекеттік бюджетті қалыптастыру барысындағы
қоғамдық қатынастарға қол сұғатындығы белгілі. Бұл қылмыс құрамының
жоғарыа аталған белгілермен сипатталуы оны салықтық қылмыстардан ажыратып
қарастыруға мүмкіндік береді. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден
жалтарудың топтық объектісі ретінде кеден заңдарымен реттелетін кеден
органдарының қызметі, тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге байланысты
туындайтын кедендік қатынастар табылады. Ал, оның тікелей қаржы мен
кеден –тарифтік реттеу саласындағы қалыптасқан қоғамдық қатынастар
танылады. Аталған қылмыс құрамының топтық және тікелей объектілерін
жоғарыдағыдай анықтау, оның кедендік реттеу аясындағы қылмыс екендігін
дәлелдейді.
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамының заты келесі
белгілермен сипатталады:
1) кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамы объектісінің
міндетті белгілі болып табылады;
2) кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару үшін қылмыстық
жауаптылықты бекітетін ҚР ҚК 214 – бабының диспозициясында тікелей
көрсетілген;
3) кеден ісі саласында немесе одан тыс жасалатын ұқсас қылмыс құрамдарын
ажыратып қарау табылады.
Талқыланып отырған қылмыс құрамының заты болып, төлеуге міндетті,
алайда төленбеген кеден төлемдері мен алымдары танылады. Кеден төлемдері
мен алымдарын төлеуден жалтарудың заты қылмысты сралауда аса маңызды.
Мәселен 2004 жылғы 2 желтоқсандағы 2005 жылға республикалық бюджет туралы
ҚР Заңына сәйкес, бюджетке түсуге тиісті салықтық түсімдердің ішінде
арнайы сыртқы экономикалық қызмет нәтижесінде түсетін түсімдер
қарастырылған, оларды зат халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға
салықтар ретінде қарастыра тырып, қатарына кедендік төлемдер мен
халықаралық сауда операцияларынан алынатын салықтарды жатқызады.
Осы, яғни 2005 жылы республикалық бюджетке түсуге тиісті кедендік
төлемдердің жалпы сомасы 48 642 600 мың тенгені құраса, ал, халықаралық
сауда мен сыртқы операцияларға қатысты салықтар көлемі 6 252 100 теңгені
құрап отыр.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214 – бабына сәйкес,
қылмыстық жауаптылық кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия
бергені үшін алынатын алымдарды немесе басқа кедендік төлемдерін төлеуден
жалтару әрекеті үшін туындайды.
Қылмыс затын сипаттау барысында заң шығарушы кеден төлемдері мен
алымдары деген жалпылама түсінікпен шектеледі, ал Қазақстан
Республикасының Кеден кодексі оларды кеден төлемдері мен салықтар ретінде
айқындайды. Кеден төлемдері мен салықтарының түсінігі Қазақстан
Республикасы Кеден кодексінің 290 – бабында берілген.
Аталған қылмыс құрамының затын анықтауға байланысты туындайтын
мәселелердің бірі ретінде аталған бапта төлемегендігі үшін қылмыстық
жауаптылық туындайтын кедендік төлемдердің шеңберін кеңейту мәселесін
қарастыруға болады. Жоғарыда аталық өткендей, Қазақстан Республикасы Кеден
кодексінде кедендік төлемдер мен салықтардың толық, қатаң тізбесін
қарастырады, ал, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214 – бабы
аталмыш қылмыстың құрамының заты ретінде мазмұнын ашып көрсетпей, өзге де
кедендік төлемдер мен салықтар түрін қарастырады. Бұлай, аталған баптағы
дәлме – дәл анықталмағандық, өзге де төлемдер ретінде салық заңнамасына
сәйкес салық берешегі болып табылатын соманы, сондай – ақ, өсімпұлдар мен
айыппұлдардың сомасын тану мүмкіндігін жоққа шығармады.
Кедендік қылмыстардың объективтік жағына келетін болсақ, олардың
көбісі белсенді әрекеттермен жасалады.
Мәселен кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару ҚР ҚК – нің
214 бабы, өзінің құрылымы бойынша бланкеттік болып келеді. Демек құқық
қорғау органдарының қызметкерлеріне кедендік салымдар саласында жасалған
қоғамға қауіпті әрекеттерге дұрыс баға беру үшін тек қана қылмыстық құқық
нормаларына ғана емес, сонымен бірге азаматтық, қаржылы, кедендік,
әкімшілік басқа да құқық салаларына сүйенуге тура келеді. Себебі бұл
құқықтық нормативтік актілерде қылмыстық заңда қолданылатын арнайы
мәтіндерді табуға болады. Дегенмен бланкеттік диспозициясы бар
қылмыстарда нормативті құқықты актілердің массивтері өнепейі өзгеріп
толықтырылып отырғандықтан саралау барысында қиындықтарда пайда болып
отырады. Мәселен қаралып отырған норманың диспозициясында қылмыс кеден
төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару деген мәтінмен берілген. Бұл жерде
заң шығарушы орган бұл мағынаға не кіретінін түсіндірмеген. Қылмыстық –
құқықтық нормада кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару
түсінігінің нормативті анықтамасының болмауы, құқық қолданушынан қандай
да бір әрекетті өзінше кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарума
екенін анықтауды қажет етеді. Қылмысты саралау процесін едәуір дәрежеде
қиындататын мән – жай жалтару түсінігі не білдіретінін, бірді бір құқықтың
саласында анықталмаған. Сонымен қатар қылмыстық және кедендік заңдар
шартты түрде заңды омонимдер қылмыстық кодексте кеден заңына сәйкес
келмейтін мәнтіндер қолдану, қылмыстық заңның нормасын бланкеттігінде
қылмысты саралағанда едәуір проблемаларға соқтырады. Айтылғанға байланысты
құқық қолдану практикасында осындай құқыққа қайшы әрекеттерді саралағанда
едәуір қиындықтар пайда болады. Сондықтан, ҚР ҚК –ның 214-бабын тиімді
пайалану үшін қылмыстық, кедендік, салықтық құқықтағы жалтару деген
мәтіннің талқылап алуын қажет етеді. Әр заңға қайшы әрекеттердің
түсінігін анықтау қажеттілігі айқын болғандықтан негіздеп жатуды қажет
етпейді.
Демек ҚР ҚК 214- бабында көрсетілген қылмыстың объективтік жағы
кедендік төлемдер мен алымдар төлеуден босатқан немесе олардың мөлшерін
азайтқан жалған мәліметтер ұсынудан; төленген кедендік төлемдерді
қайтаруға, төлемдер және өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға, не толық
көлемде қайтармауға құқық беретін жалған мәіметтері бар құжаттар
ұсынудан; кедендік төлемдер мен алымдарды төлеу мерзімін сақтамаудан
көрінеді. Бұл жерде кеден төлемдері мен алымдарынан жалтарған адамның
әрекетімен болған материалдық шығынның арасында міндетті себепті
байланыстың болуы қажет. Қылмыстың аяқталу мерзімі нақты зардаптаың
болуымен байланысты, яғни еліміздің бюджетінің заңмен көрсетілген мезгілде
кеден төлемдері мен алымдарының ірі мөлшерде алмауы.
Сонымен кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың объективтік
жағы - бұл қылмыстық қол сұғудың сыртқы жағын сипаттайтын, заңмен
белгіленген, ҚР ҚК 214-бабында көзделген қылмыс белгілерінің жиынтығы.
Бұл қылмыстың субъектісі болып Қазақстан Республикасының
азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, яғни дипломатиялық
қол сұқпаушылық құқығы бар адамдардан басқа 16 жасқа толған, есі дұрыс
адам бола алады. Бұл қылмыстың субъектілер қатарына, Кедендік кодекске
сәйкес декларант, броекр, кедендік рәсімдеу бойынша мамандар, заттарды
уақытша немесе көп уақытқа сақтайтын кедендік қоймалардың иелері, бажсыз
сауда жасайтын дүкендердің немесе заңды тұлғалардың басшылары жатуы
мүмкін.
Егер тұлға, кеден төлемдері төленбеген тауарлар мен көлік
құралдарын, алдын ала біле тұра, өз меншігіне аударса, онда осы қылмысқа
қатысушы ретінде жауапқа тартылады.

Бүгінгі күні кеден органдарының қызметкерлері әр күн сайын дерлік өз
тауарларын кеден бажын – төлемей алып өтуге тырысушы коммерциялық
құрылымдардың өкілдері тарапынан қатты қысымға ұшырап отырғаны бәрімізге
белгілі. Өкінішке орай олар жасаған қылмыстар жоғары латентті болғандықтан
көп жағдайда ашылмай қалып отырады. Тауар тасымалдаушы тарапынан өте
үлкен сыйақы алған кеденшінің контрабандалық тауарды байқамай, дер
кезінде бұрылып кеткенінің өзі же жеткілікті. Кеден арқылы жүктер үздіксіз
ағылып жатқандықтан мұндай қылмыстарды анықтау өте қиын. Оның үстіне
дамыған елдердің өзінде кеден арқылы өткізілетін жүктердің іс жүзінде
небәрі 4 пайызы, ал Ресейде 1 пайызы ғана кедендік тексеруден өткізіледі
екен.
Қылмыстық кодекстегі кеден саласында жасалатын қылмыстардың ішінде
ауырлататын мән жай есебінегі лауазымды адамдардың жауаптылығы 244 –бапта
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару көрсетілген. Кеден
қызметкерлерінің бұл баптың саралау белгілері бойынша қылмыстық
жауапкершілікке тартылуы, өз лауазымын пайдаланып немесе ұйымдасқан
қылмысты топтардың құармында қатысып, болмаса пара алып, кедендік шекара
арқылы тауарлар мен басқа да заттардың ірі мөлшерде өткізілуіне
жәрдемдесуі, кеден ісіне қатысушылардың кедендік төлемдер мен алымдар
төлеуден жалтаруына көмектесуімен болуы мүмкін.
Құрамның субъективтік жағы – адамның өзінің қоғамға қауіпті іс -
әрекетіне және ауіпті нәтижеге деген көзқарасы, ой пікірі. Қандай да қылмыс
болмасын, субъективтік жағы субъектінің жасап отырған қоғамдық қауіпті
әрекетіне және одан келетін зардаптарға, сонымен бірге ниетіне, мақсатына
деген психикалық қарым – қатынасынан білінеді. Адамды жасаған әрекетіне
(әрекетсіздігіне), одан туындаған нәтижеге жауапты деп айту үшін қылмыстық
заңда бірнеше негізгі белгілерді көрсетеді. Құрамның субъективтік жағын
анықтау қоғамға қауіпті әрекет (әрекетсіздік), олардан пайда болған нәтиже,
қылмыстық жауапкершілік оны жасаушы адам кінәлі деп танылған жағдайда ғана
қаралады. Қылмыстық жауапкершілік тек қана кінәсі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық
Кедендік қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
Экономикалық қылмыстармен күресудің құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметін жетілдіру
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР
Салықтан жалтару қылмысының криминологиялық аспектілері
Кедендік бақылау жүргізу кезінде құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
Салықтық қылмыстар
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және олардың түрлері
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
Пәндер