Ежелгі үнді мәдениеті. Қоғамдык құрылысы


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ежелгі Үнді мәдениеті
2. Қоғамдык құрылысы
3. Ежелгі Үндістандағы құқық
4. Ману заңы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Үндістан жер көлемі және халқының саны жөнінен өте ерте уақыттардың өзінде-ақ Азия елдерінің ішіндегі ең ірілеріне жататын.
Біздің дәуірге дейінгі үшінші мыңжылдықта Үндістанның батыс-солтүстік жағында мемлекеттер болып, ол мемлекеттерде мәдениеті жоғары, өздерінің жазу әдебиеті бар тайпалар өмір сүргені мәлім. Ежелгі Үндістанның мәдениеті бірінші мыңжылдықта гүлденіп, көрші халықтарға да әсерін қатты тигізді. Үндістан буддизм дінінің отаны.
Үндістанның географиялық жағдайы өте күрделі және әртүрлі болатын. Үндістанның жері үлкен түбек, материк сияқты аумақты, басқа дүниеден екі мүхитпен және Гималай тауымен бөлініп тұр. Түбектің ортасы-Деккан жартыаралдың ең ежелгі бөлімі. Ол джунглиден, саваннадан, таулы және тасты жерлерден тұрады, құрғақшылық жиі болуына байланысты адамның өмір сүруіне қолайсыз еді. Адамдардың тұруына ең жақсы, пайдаға асатын жерлер Үндістанның батыс-солтүстік жағындағы Инд және Ганг өзендерінің арасында орналасқан аллювиалды тегіс алқаптар. Суы мол, жерлері құнарлы, климаты жұмсақ, сондықтан ежелгі кезеңнен-ақ осында ірі мемлекеттер пайда болды.
- Ежелгі Үнді мәдениеті
Буддизм - көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінінің негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы - біздің дәуірімізге дейінгі 560-480 жылдары Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетінде өмір сүрген Сидхартха Готама (философиялық әдебиеттердің көбінде Сидхарта Гаутама деп жазылып жүр) . Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыстарымен кездескен соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп шешті.
Сидхартханың бұл шешімі туралы белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің "Будда" еңбегінде жақсы баяндады: "Адам біткен ауырады, қартаяды, өледі. Ендеше несіне бұл адам өмір сүріп жүр? Бір сағатта ауырып қалатын болса, сағат сайын әлі азайып, сиқы бұзылып, қартаятын болса, болжаусыз бір сағатта өліп қалатынын біліп отырғанда не қуаныш, не жұбаныш бола алады. Бұны біле тұра қызық көріп қуануға бола ма? Бұл жөн емес, бұдан құтылу керек" ("Абай" журналы. 1918 ж., №3) .
Азапты өмірден құтылудың екі жолы бар: сыртқы дүниені өзгерту арқылы адамдардың бәріне ортақ утопия құру және өзіндік "Менді" өзгерту, өзгеріске, яғни, ішкі болмыстың қасіретіне ұшырамайтын "ішкі утопияны" құру. Будда екінші, экзистенциалдық жолды таңдап, тақуалық өмір кешуге, адамзаттың рухани ұстазына айналуға бел байлайды. Әкесінің үйінен кетіп, Урувилланың маңындағы Бодхи ағашының астындағы оңаша жерге орналасқан Сидхартха ханзада жеті күннен соң қасіретті өмірден тазару жолдарын тауып, нұрланады. Азап шегу мен қасіретке толы өмірден құтылудың жолын ол төрт ақиқат арқылы белгілейді:
- өмір - тынымсыз күрес, азап, бейнет;
- азап, бейнет нәпсіден, құмарлық-құштарлықтан (өмір сүруге құмарлық, рахатқа құмарлық, өлуге құмарлық) туады;
- азаптың себебі бар. Оны танып-білуге болады;
- азап пен бейнеттен құтылу жолы сегіз қағидадан тұрады.
Буддизм өмірге құмарлықты жеңу оңай емес деп түсіндіреді. Ол үшін дұрыс жол таңдап алу қажет, ал оған дұрыс көре білу, дұрыс ой, дұрыс сөз, дұрыс іс-әрекет, дұрыс өмір салты, дұрыс күш-жігер, дұрыс назар, дұрыс көңіл бөлу секілді адамгершілік принциптерден тұратын сегіздік жол кіреді. Осы қасиеттерді сақтай отырып өмір сүру арқылы нирванаға, тыныштыққа жетуге болады.
Үнді философиясының басқа бағыттары сияқты буддизм де өлі материяның, органикалық дүниенің және жанды дүние элементтерінің арасында себептілік бар екендігін мойындайды және соңғы себептілікті ерекше бөліп көрсетеді (карма теориясы) . Буддистер карманы адамның өмірін ең басты бақылаушы деп есептемегенімен, адамдарды карманың бар екендігін ұмытпауға шақырады, сол арқылы ізгілікке жетелейді. Адамгершіліктік ластану ағынның барлық элементтерін кірлетеді, сондықтан оны бірте-бірте жойып, мүлдем тазару жолымен нирванаға жетуге болады. Нирвана адамдәрдың көпшілігі үстіртін түсініп жүргендей жәй ғана рахатқә бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тыю жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру, бір сөзбен айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету.
Буддизм нирванаға жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау емес, көп ойлап, пайымдауға негізделген медитация - йога деп көрсетеді. Тұлға элементтер мен сана ағынынан тұрады, ал элементтердің арасында адамның өз ойларын бір нүктеге жинақтау қабілеті - йога аса құнды. Буддизм бұл қабілет әр адамның бойында бар, мәселе оны дамыта білуде деп есептейді, яғни, көп нәрсе адамның өзіне байланысты. Осы факторды ерекше атап көрсету керек, себебі буддизм адамныңжетілуі оның өз қолында, адам бейнет-қасіреттен өз күшімен, сыртқы күштердің, қоғамның әсерінсіз, өзіндік моральдық және интеллектуалдық жетілудің негізінде құтылуға қабілетті деп пайымдайды.
Нирвана теориясы адам рухының еркіндігінің, оның материалдық дүниеден, қоғамдағы касталарға бөлінуден тәуелсіздігінің жақсы дәлелі. Осы себепті Будда философиясы өзінен кейінгі көптеген философиялық ағымдарға, әсіресе Батыс философиясына қатты әсер етті, ал буддизм діні әлемде қазіргі кезде де кең тәрап отыр.
Чарвака-локаята - философиялық әдебиетте Көне Үнді философиясындағы материалистік деп қабылданған бағыт (локаятиктер) . "Чарвака-локаята" сөзінің мағынасы белгісіз. Зерттеушілердің бір тобы тарихта Чарвака деген ойшыл болған деп болжамдайды, басқа бір ғалымдар бұл ағымның негізін салушы Брихаспәти деп есептейді, ал кейбір ғалымдар чарвака-локаятаның болған-болмағандығы белгісіз деген пікір білдіреді. Бірақ Көне Үнді ескерткіштерінде бұл ағым туралы мәліметтер кездеседі, сондықтан да соңғы болжам негізсіз.
Чарвака-локаятаның материалистік сипаты оның таным теориясында айқын көрінеді. Таным-праманың негізі - прамана ретінде локаятиктер логикалық түйін-тұжырымдарды емес, ақиқат екендігі күмән туғызбайтын қабылдауды ғана мойындайды, оның негізі - түйсіктер. Олардың пікірінше, адамдар көбіне ой түйіндеулерге сенеді де, қателеседі, ал оларда ақиқат сирек кездеседі, басқә сенімді адамның пікірі де біз үшін таным негізі бола алмайды. Чарвака-локаяталар о дүниеге сенбейді, бұ дүние ғана бар және бұ дүниедегі болмыс пен онда өмір сүруші заттар мәңгі және өзгермейтін төрт элементтен: жер, от, су және ауадан тұрады деп есептейді. Сана, ақыл және сезім мүшелерінің негізі де осы элементтер, олар мақұлық дүниеден өткенде ыдырайды. Локаятиктер жанның, Құдайдың бар екендігін терістейді. Олар адам өмірінің мән-мақсаты - осы нақты өмірде рахатқа бөлену, азап-қасіреттен аулақ болуға ұмтылу деп түсінді, яғни чарвака-локаята гедонизм принципін ұстанды.
2. Қоғамдык құрылысы
Ежелгі Үндістанның әлдеқашаннан келе жатқан әлеуметтік-таптық жүйесі касталарға, готраларға бөлінеді. "Каста" португал тілінен шыққан сөз, ол тайпалық рудың тазалығын көрсетеді. Арийлер мен дравидтердің түстері әр түрлі, сондықтан каста Үндістанда адамдардың түсімен де белгіленген. Касталар бір аудандағы туысқан адамдар, жалпы мамандығы да, діни әдеттері мен әлеуметтік деңгейіне де бірдей болған.
Касталарға брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар, шудралар жатады. Жоғары үш каста-екі туған, "двиджати", "движати-ариас". Жоғары касталар үстемдік жасауға және жеңілдіктерге ие болуға құқылы.
Брахмандар. Пуруши деген алғашқы адамның ауызынан жаратылған. Оқу, білім, дін ілімін, құрбандық шалу, өзіне және өзгеге арнап садақа үлестіру және садақа алу ісін құдай брахманға белгілеген. Ману зандарының 96-бабында (бірінші тарау) былай делінген: "Тірі нәрселердің бәрінің ішіндегі ең қасиеттісі - жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар болып саналады".
Бағыныштыларын қорғау, садақа үлестіру, құдайы құрбандық шалу, дін ілімін оқып-тану істерін құдай кшатрийге белгіледі. Кшатрий Пурушидің қолынан жаратылған. Тек кшатрийлер қарулануға құқығы бар.
Сот. Үндістанның соты патша және қоғамдағы соттар болып екіге бөлінетін. Қауымның соттары каста бойынша құрылған. Олар қауымның арасындағы істердің көпшілігін өздері қарайтын. Он ауылға бір сот жұмыс істейтін. Ол үш адамнан тұратын еді. Қалалардың әкімдері қылмыскерлерге қарсы күресті қүшейтті. Оларды ұстап, іздеп, түрмеге салу да олардың міндеттеріне жататын еді. Жоғарғы сотты патшаның өзі басқарды. Ол брахмандармен және тәжірибелі ақылшыларымен біріктіріп "сабха" деген сот алқасын құрды. Патшаның жыл сайын кешірім жариялауға құқығы болатын.
3. Ежелгі Үндістандағы құқық
Ежелгі Үндістан мемлекеті туралы сөз қозғамас бұрын ежелгі кезде "Үндістан" ұғымы қандай мағына бергеніне тоқталып өтейік. Сез болып отырған дәуірде бұл елдің атауы болмаған. Бізге дейін жеткен әдеби мұраларда (мейлінше кейінірек шыққан) "Бхаратаварша" ("бхараттар елі") деген сөз кездеседі. Бүл сөз Үндістанның солтүстік бөлігіне немесе Ганга аңғарына ғана байланысты болған тәрізді. Үнді мифологиясында Үндістан түбегі "Джамвудьипа" деп аталады, бірақ бұл атау кең түрде қолданылмаған.
Ману Заңдары діни, этикалық және заң туралы өсиеттердің кең түрдегі жинағы.
Бұл өсиеттерді үш бөлімге бөліп қарауға болады: олардың біріншісін брахмандардың түрлі діни өсиеттері құрайды, екіншісін нормалар, яғни, мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен оның азаматтармен қарым-қатынасын реттейтін нормалар жиыны, үшіншісін азаматтық және қылмыстық істер нормалары құрайды.
Ману Заңдары өлеңмен жазылған (шлокпен) . Жинақ 12 бөлімнен тұрады. Әр бөлімі өте көп шлоктардан құралған.
Брахманизм мен буддизмнің шиеленіскен күресі тұсында пайда болғандықтан, Ману Заңдарынан сол күрес көрініс тапқан.
Буддизм б. д. дейінгі VI-V ғ. ғ. пайда болған. Ол құл иеленушілік құрылыстың ыдырауының алғашқы белгілері байқала бастаған кезең еді. Ашоктың тұсында буддизм мемлекеттік дін ретінде жарияланды. Брахманизм буддизмнің және мемлекеттің алдында жеңіліс тапты да, күрес жүргізе тұрып, жойылып кетпеулері үшін "адамдар атасы" - "Ману осиеттері" деген осы жинақты жасаған.
Мүлікті ұзақ уақыт бойы адал түрде пайдалану оған иелік ету құқығын алуға жеткіліксіз. Егер Ману заңдарының VIII тарауының 147-бабында айтылғандай, меншік иесі ұзақ уақыт бойы мүлкін өзге біреудің пайдаланып жүргенін жақын маңнан бақылап, тыныштық сақтаса, ол 10 жылға созылса, нағыз иесі ол мүлікке иелігінен айрылады. Бұл меншік құқығының меншіктену уақытының ұзақтығына да байланысты болғанын көрсетеді. Жеке меншікке кез келген жағдайда қол сұғушылық ауыр жазаланатын. Мүлікке зиян келтірген адам оның иесіне шығынын өтеп және сол көлемде патшаға айып төлеуге міндеттейтін Ману зандарындағы VIII тараудың 288-бабы осыған дәлел. Меншікке қол сұғушылықтың объектісіне байланысты бірнеше түрі және олардың әрқайсысына қолданылатын әр түрлі жазалар бар.
Меншікті қорғаушы басты билік патша болып саналды. Егер патша жазаны енгізбесе, онда ешқандай адамда да меншік болмас еді (VII, 21-бап) .
Қылмысты түрлерге бөліп қарастырған:
1. Мемлекетке қарсы жасалған қылмыстар;
2. Жеке адамға (оның денсаулығы мен өміріне) қарсы жасалған қылмыстар;
3. Ар-ұжданға қарсы жасалған қылмыстар;
4. Меншікке (негізінен жеке меншікке) қарсы қылмыстар;
5. Отбасына қарсы қылмыстар.
Бұлардың әрқайсысына және оларға қолданылатын жазаларға жеке-жеке тоқталмас бұрын Ману зандарында жалпы жаза ұғымы туралы не айтылғанын қарастырайық. "Жаза бүкіл адамды билейді, жаза қорғайды, ол өзгелер ұйықтап жатқанда сергектік танытып, ояу болады" (VII, 18-бап) . Ал оның маңызы туралы 15-бапта "Соның алдындағы қорқыныштан бүкіл тірі нәрселер қозғалатын жене қозғалмайтындар пайдалы қызмет етіп және дхарманы орындаудан ауытқымайды"- делінген.
4. Ману заңы
Ману заңы (санскритше манавадхар-машастра) - үнділердің жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын анықтайтын ежелгі діни-құқықтық нормалар жиынтығы. Үнді аңыздарына қарағанда оны адамдардың арғы атасы Мануқұрастырған. Тарихи деректер бойынша Ману заңын шамамен б. з. б. 2 - б. з. 2 ғ-лар аралығында діни абыздар (брахман-риши) жазған. Діни-әдеби шығарма болғандықтан, Ману заңының мазмұны құқық мәселесінен өзге дін, саясат, әдеп мәселелерін, яғни ежелгі Үндістандағы қоғамдық қатынастардың барлық саласын қамтыды. Ману заңы 12 бөлімнен тұратын 2 652 шумақты өлең сипатында санскрит тілінде жазылған. Заңда варналардың, яғни таптардың пайда болуы егжей-тегжейлі баяндалып, олардың мұрагерлік-кәсіптік сипаты нақтылы көрсетілген. Ману заңы бойынша, брахмандар - абыздар (дінбасылар), кшатрилер -әскери ақсүйектер, вайшилер - қатардағы қауым мүшелері, шудралар - құлдар. Тіршілікті жаратушы Брахма құдайыбрахмандарды өз аузынан, кшатрилерді қолдарынан, вайшилерді белінен, ал шудраларды өкшесінен жаратты делінген. Брахмандар ең биік дәрежеде болды. Әскери іс кшатрилердің құзырында болса, вайшилер жер өңдеумен, мал өсірумен, қолөнермен және саудамен айналысуға, ал шудралар осы варналарға қызмет етуге тиісті болды. Варнаның бірінен екіншісіне өтуге тыйым салынды. Ману заңында жеті түрлі меншік құқығының пайда болу жолдары нұсқалған: мұрагерлік, сыйға алу немесе олжа тауып алу, сатып алу, жаулап алу, өсімқорлық, атқарылған жұмыс ақысына алу, қайырымдылық жасау. Ману заңында патша өзіне қарастыларды қорғамай, салық салса, онда ол тозаққа барады делінген. Қарызын тиісті мерзімде өтей алмаған борышқор жұмыс істеп өтеуге міндетті болды. Бірақ төм. кастаға жататын несиегер жоғ. касталық борышқорды жұмыс істетіп өтетуге мәжбүрлей алмады, ол борышын біртіндеп беріп отырды. Борышқор қайтыс болса, оның міндеттемелері баласына немесе туысқанына көшті. Ману заңы бойынша әйел адам жас шағында әкесіне, кейін күйеуіне, ал күйеуі дүниеден озған соң балаларына бағынуға міндетті болды. Ер адам өзінен төмен варнадан әйел алуға ерікті болғанмен әйел адамның өзінен төмен варна адамына күйеуге шығуына тыйым салынды. Шудраның брахман әйел алуы сорақы күнә болып есептелді. Отбасы мүлкін қожайын басқарды. Қожайын өлген соң дүние-мүлік не әр балаға үлестірілді, не үлкен балаға қалды. Үлкен балаға қалған жағдайда ол басқа балаларды қамқорлығына алды. Қыздарға мұра тиесілі болмады, бірақ оларға бауырлары өз үлесінің төрттен бірін беруге тиіс болды. Заңда патша жауларына қызмет көрсету, қала қорғанын, қала қақпасын бүлдіру секілді мемлекеттік қылмыстар алдыменен сөз етілді. Түнде ұрлыққа түскен адамға тағайындалатын жаза - екі қолын да кесіп, шанышқыға отырғызу. Бір рет ұрлық қылған адамның қолының екі саусағы, екінші ұрлық үшін қол мен аяқ кесілді, үшінші рет ұрлық жасаған адамға өлім жазасы берілді. өрлықты көре тұра айтпаған адам да жазаға тартылды. Ал ұрлықтың ізін жасырушы ұрының өзімен бірдей жазаланды. Адам өлтірушіге де өлім жазасы тағайындалды. Жоғ. сот қызметін патша мен брахмандар атқарды. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізушілік арасында айырмашылық болмады, сот отырысы жарыспалы түрде өтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz