Би терапиясы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Би терапиясы өзінің даму тарихын шығармашылық биден алады. Ерте заманда сөзбен айтып түсіндіре алмайтын кейбір ойлар мен сезімдерді жеткізу құралы болған. Спонтандық әрекеттер мен дене қимылы адам тілі шықпай тұрған кезде қарым-қатныас құралы ретінде қызмет етті (lange 9553) . Бидің көмегімен ауру адамдарды емдеуге тырысты. Биге еліктеушілер өздерін орманның қаһарлы жыртқыштармен немесе мыстан-мен әруақтармен теңесті. Кез-келген мәдениеттің өздерінің халық билері бастады. Оларды бір жағынан -күнделікті мәселелерден жасау, екіншіден-қарапайым халықтың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерін көрсетеді деп қарастыруға болады.

Батыс мәдениетіндегі қарым-қатынас пен өзін-өзі көрсету құралынан әсердің бір түріне айналды және ол көпшілікті үйрету мен көңілдерін көтеру үшін қолданылды. ХІХ ғасырда би формализациясы классикалық балете өз шыңына жетті. Солтүстік Америкада биге жаңа өмір берген қызу қанды Айседора Дункан болды. Ол би өнерінің негізін салушы болып есептеледі. Айседора үшін би адамның табиғи реакцияларының көрініс құру құралы. Би психотерапиясында стилистиканы стандарт жоқ, оған бидің барлық формалары жатады. Олар халық билері, сонымен қатар вальс, сок-толл. Бұлардың кез-келгені сенімдерді білдіруге қызмет етеді.

Би терапиясының даму таризында төрт оқиғпны көрсетуге болады. Бірінші, Екінші Дүниежүзілік соғыс аймағынан оралған ардагерлердің дене және психикалық айығу қажеттігімен байланысты. Би терапиясы госпиталда жатқан мүгедектерді емдеудің көмекші әдісі болды. Би терапиясының дамуының ерте кезеңдерінде Вашингтондағы Әулие Елизавета Госпиталі маңызды рөл атқарды. Осы госпиталда жаңашыл еңбегі үшін Мэриен Чей би терапиясының “бірінші ледиі” атағын алды. Әрлеуші, әрі би мұғалімі Мюриен Чейс сабақ үстінде өзінің зейінін тек оқушыларына ғана аударуды және олардың әрқайсысы сабақтан кейін алған жеңілдеулері мен үйлесімдіктері туралы хабарлап отырды. Бұл жергілікті психиатрдың қызығушылығын тудырды.

Би терапиясына қызығушылық тудырған екінші оқиға 50-ші жылдары ашылған транквилизатормен байланысты болды. Мұндай дәрілердің қолоайлығы психиатрлық емхананың жабық бөлмелерінде жатқан көптеген емделушілерді ашық бөлмеге ауыстыруға, тіпті оларды босатып, оларға жаңа бағдарламалар қолдануға мүмкіндік тудырды.

Үшінші фактор 60-жылдарда пайда болған адам қарым-қатынасы тренингі, яғни ол психологиялық түзету тобы мен оған қатысушыларды тұлғалық дамыту жұмыстарына қолданылатын жаңа эксперименталды әдістерді өңдеуге себеп болды. Би терапиясының жаңа бағдарламаларныа деген қызығушылықты сөзсіз, қарым-қатынас зерттеулері жандандырды. Бұл бағыттың сңғы жетістіктерінің бірі, ол мидың оң жақ жарты шар қызметін дамыту жолымен интуитивті түрде ойлануға оқыту болды.

Би терапиясының дамуына психоаналитикалық теория да еңбегін сіңірді. Вильгельм Райх (1942), Карл Юнг (1961) және де болса, Гарри Стек Салливан (1953) би терапиясының дамуына Райхтың тұлғаның эмоцианалды дамуындағы дененің рөліне деген қызығушылығы маңызды рөл атқарды. Қазіргі таңда би терапиясы топтарында күш негізінен бұлщық ет қысымын иөмендетуге және қимылды дамытуға бағытталған. Би терапиясы мазасыз адамдарды қоғам өміріне қосу мақсатымен қолданылса, онда Салливан ұсынған теория, яғни әлеуметтену мен адам қарым-қатынастары теориясы қолданылды.

Қазіргі таңда Университеттерде би терапиясының ауруханада, емханада, оңалту орталықтарында, жабық мекемелерде (түрмелерде), пансионаттар менбасқа да қимыл әрекеттерді қажет ететін мекемелерде жүргізу үшін бакалавр және жоғары дәрежелі мамандар дайындалуда.

Негізгі мақсаттары мен міндеттері

Би терапясы тотта кем дегенде бес міндетті шеше алады. Біріншісінде, топ мүшелері өз денелерін танып, оны пайдалану мүмкіндіктерін терең сезінеді. Адамның физикалық және эмоциялық жағдайы жақсарады. Бірінші сабақтың басында би терапиясының табында басқарушы қатысушыларды бақылайды. Мықты жақтарын бағалайды, осыдан кейін нені түзету керек және қандай әрекеттер қажет екенін анықтайды. Біздің көпшілігімзде тек бұлшық еттерімізді қатайту үшін ған керек. Ал психикалық бұзылуы бар және аутизммен ауыратын балаларға бұдан да белсенді көмек керек. Мысалы, жүруге жүгіруге, иілуге, секіруге қажет дағдыларды игеру үшін.

Би терапиясының екінші міндеті, дененің жағымды бейнесін жасай отырып, тек мүшелерінің өздерінің адамгершілік сезімдерін күшейту.

Бұзулары ба аурулар өзіндік дене мен қоршаған орта нысандарының арасындағы айырмашылықтарды айыра алмай қиналады. Мұндай топтарда би терапиясы өзінің алдына дененің адекватты бейнесін құру мақсатнын қояды.

Үшіншіден, би терапиясы әлеуметтік дағдыларды дамыту үшін қолданады. Психологиялық мәселелері бар адамдардан тұратын топқа қарым-қатынастың қарапайым дағдыларын оқыту қажет болуы мүмкін. өзінің эмоцияларын көрсете алмаушылық көбінесе психотикалық емделушілерден анық көрінеді. Сау адамдардан тұратын топтарда би терапиясы шығармашылық өзара әрекетке жағдай жасайды сөздік қарым-қатынаста туындаған қиындықтарды жеңуге көмек береді.

Би терапиясының төртінші міндеті -топ мүшелерінің сезімдері мен қимылдарының арасында байланысқа түсуілеріне көмек беру. Шығармашылық қатынаста би психикалық күйзелістердің бастауы болатын жасырын конфликтерді зерттеуге ие болады. Би қимылдары тек экспрессивті болып қана қоймай, сонымен қатар физмкалық күйзелістерді түсінеді.

Би терапиясының бесінші міндеті “логикалық дөңгелек” тудыру ретінде бейнеленеді. Би терапиясының топтарындағы сабақтар қатысушылардың бірлескен жұмыстарын жобалайды. Бұлардың барлығы толығымен қатысушылардың тәжірибелерінің жетілуіне мүмкіндік жасайды. Барлық компаненттер жабық, тұрақты комплекс -“логикалы, дөңгелекті құрайды”.

Би терапиясының негізгі концепциялары бір жағынан дене, анығырақ айтқанда, әрекет пен екінші жағынан -ақыл арасындағы тығыз байланысты бейнелейді. Біздің бала кезіміздегі байланыстарымыз алғаш қадам жасаған кездегі еркіндігіміз, достарымыздың әсері, атқарған жұмыстарымыз басымыздан өткен стрес-осылардың барлығы біздіңң әрекет ету мәнерімізді із қалдырады. Адамды оның қимылына қаражаттыруға болады. Біз таныстарымызды оның дауысы естімей, бетін көрмей -ақ, тек оның айрықша ым-ишарасы мен денесін қалыбына қарап тани аламыз.

Би терапиясының жүргізуде жүргізуші әсіресе қанша, қалай және қай жерде әрекет ететіндігімізді қызығушылық танытады. Би терапиясы тобының негізгі міндетіне спонтандық әрекеттерді іске асыру мен түс жатады. Бұлшық ет күштерінің спецификалық бірізділігі адамның ішкі жағдайын түбегейлі түрде өзгерте алады, тіпті оған сәйкес келетін қияли жағдайлар, да тудыра алады.

Би терапиясы еркінікте және әрекеттің мәнерлілігі талпындырады, күшті физикалық, сонымен қатар психикалық деңгейде күшейтеді. Онда дене мен ақ біртұтас бүтіндік ретінде қаралады. Би терапиясын мақсатын келесідей ұйымдастыруға болады: “Кез-келген эмоционалды ығысуда біздің рухани, сонымен қатар физикалық жағдайларымыз өзгереді және сәйкесінше біздің әрекетіміздің сипаты да өзгереді”

Терапевт ролі

Би терапиясының топтарында терапевт топ мүшелері үшін би билеуде әріптес бола отырып, монымен қатар басқарушы да болады және қатысушылардың әрекет арқылы дамуына көмек береді. Терапевтің басты қызметі - қатысушылар бір-бірімен байланысқа түсу үшін, жайлы және қауіпсіз жағдай жасау. Топты басқарушы қатысушылардың вербальді емес қатынастарына түсу үшін, жайлы және қауіпсіз жағдай жасау. Топты басқарушы қатысушылардың вербальды емес қатынастарына зейін аударуы керек және осы қатынастардың терапевтік мағынада тиімді қызмет үшін эмпатия таныта білуі керек. Би терапиясының эмпатия тек вербальды түрде ған емес, сонымен қатар физикалық деңгейде де көрінеді. Эмпатия би әріптесінің қимылын қайталай отырып көрсетсе болады. Бұл терапевтік үрдісті Мэриен Чейс былай суреттейді:

Терапевт пациентпен билей жүріп былай дейді: “Мен сіздің сезімдеріңізді бөлісемін. Маған өшпенділік, мұңаю, жалғыздық сияқты сезімдер, толғаныс, мен сізді өзгелерден оқшауландыратын мұндай жағдайларды түсінемін. Бұларды мен де сезіне аламын және бұлардың барлығы менде сізге деген түсінікті тудырмады. Сабен бтлей отырып, мен сол қабл аламын және аз уақыт болса да біз бір-бірімізді түсіндік”.

Терапевт пациенттің спонтандық әрекеттерін бейнелейді және оларды дамытады.

Емделушінің әсері әрдайым оның ішкі конфликтерін көрсетіп отырса, терапевт емделушіні түсініп, би қабылдайтынын білдіру үшін жауапты қимыл жасайды. Топ жаттығып жатқан кезде, олардың қимылын бейнелей отырып, терапевтерді байланысқа “әңгімелесуге” шақырады. Би терапиясының маманы Элен Лефка жастағы оғаш мінез, тұйық ерке адаммен байланыс орнатуда кездесетін қиындығын былай сутерттейді.

Ұзын бойлы, қою шашыты Брайан өзінің әуенімен билейді, барабан сияқты өзінің кеудесін ұрғылайды. Оның биінің не басы, не ортасы, не аяғы жоқ. Ол агрессияның қысқа да айқын бөлшектерінен тұрады. Оның биін ұйымдастырып, талдауға бағытталған сұрақтарға ол мән бермейді. Біз шеңбер жасап тұрсақ, ол басқа жақта секіріп жүреді. Мен оның тұрпайы биіне ортақтасқан кезде, бұл адам емес, қандай да бір орман аңы деп елестететінмін. Кей уақытта ырғағымыз сәйкес келе қалса, ол қуанышты көзімен маған жоғарыдан төмен қарайды, бірақ бұл сәт аяқталады да, ол қайтадан өзіне ғана тән өмірін бастайдф.

Осы сабақтың соңына таман Брайан аяқ астынан терапевке былай дейді: “Сіздің соңыңызда тұрған дуал менің ызамды келтіреді”. Ол осы кезде терапевтің соңында, яғни қалақада тұрған махаббат, жан жылулығы мен жолдастық сезімін меңзеген еді.

Билеуде топ мүшелерінің әрқайсысының биін еркін қайталау үшін терапевтте бай репертуар болу керек.

Невротизмнің жеңіл көріністері бар адамдар өздерінің споньандық әрекеттері арқылы балалық шақтарындағы уайымдарын естеріне түсіреді және өздерін көрсетуге мүмкіндік алады.

Би терапиясының топтарында терапевтің қатысушыларымен спонтандық немесе құрастырылған әрекеттерімен жұмыс істеу мүмкіндіктері шектелген. Топ мүшелерінің өздерінің денелерін сезінуін қалыптастыру мақсатымен терапевт оларға әр түрлі ойындар ұсынуы мүмкін немесе бала кездерінде ойлау мүмкіндіктерінен айырылған адамдарда қиял тудыруы мүмкін. Мысалы, емделушілердің енді ғана дүниеге келіп немесе әрекет дағдыларын енді ғана дүниеге келіп немесе әрекет дағдыларын енді ғана игеріп келе жатқандарын елестеулерін сұрайды. Кейбір би терапия тобының басшылары қатысушыларға олардың ққайтадан дүниеге келетіндігін көз алдына елестетулерін сұрайды. Билеу кезінде әр түрлі тақырыптарда ойын ойналуы мүмкін, ал кеңістік және заттар символдық мағына береді.

Әрекетті талдау

Би терапиясында психотерапивтік ықпалдың басты құралына әрекет жатады. әрекеттің анализі мен диагностикасын бейнелеуде архитектор және биші Рудольф Лабан құрастырған жүйе кең қолданылады. Ол “күш жүйесі” немесе “күш формасы” ретінде белгілі. Ол әрекеттердің динамикалық және кеңістік аспектілерін бейнелеуге, сонымен қатар емделушілердің қажеттіліктерін анықтауға арнайы символдарды қолдануға неізделген. Лабан бойынша, “күш” (“салмақ”), “уақыт” және “қуат”. Әрбір көрсеткіштің екі полюсі бар: кеңістік -тура және көпфоокусты болуы мүмкін; күш-қуатты және жеңіл; уақыт-жылдам және баяу; қуат -еркін және жеңіл; уақыт-жылдам және баяу; қуат-еркін және шектеулі болуы мүмкін. Әрбір әрекетті осы өлшемдердің кез-келгенімен сипаттауға болады. Ал олардың комбинациясы әрекеттерді дамытуда қолданатын сегіз базалық күшті құрайды. Мысалы, қысымның күші баяу, мықты және тура болуы мүмкін ал жұдырық күші жылдам, күшті және тура болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Данс терапия
Топтық би терапиясы
«Топтық коррекция»
Индивидуалды және топтық психотерапия курсынан қысқаша лекциялар
Жалпы психологиясы әрекет қимыл анықтау
Оқушылардың арт - терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастыру жолдары
Психотерапия пәні бойынша дәрістер
Арнайы білім берудегі арт-терапия
Тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің әлеуметтік мәні
Эмоциялар мен сезімдер өзара тығыз байланыста
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz