Балдырлар туралы


ЖОСПАР
Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Балдырлар туралы түсінік
2. 2 Балдырлардың даму тарихы
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жазда тоған суының кейде жасыл түсті болатынын байқймыз. Ал оның неден болатынын білесіңдер ме? Жылы тоған суында ерекше өсімдіктер балдырлар тез көбейе бастайды. Суды жасыл түске енгізетін солар. Егер сендер «жасыл» суды микроскоппен қарасаңдар, толып кішкентай түйіршіктерді көресіңдер-бұл балдырлардың шоғыры болып табылады.
Жер бетінде балдырлардың түрі өте көп. Олардың арасында ұзындығы 40 метрге жететін алыптары бар, олар мұхиттарда өседі. Бар болғаы бір клеткадан тұратын балдырлар да бар. Олар әдетте түйіршіктер шоғырына
жиналады және су бетінде осындай сансыз шоғырлар түзіп, оның бетін түрлі түске бояйды.
Түсі жөнінен жасыл көк, жасыл, қоңыр және қызыл балдырлар болады.
Жасыл көк балдырлар тек суда ғана өспейді. Қазақстан мен Орта Азия шөлдерінде олар топырақ бетінде кездеседі. Бұл жерлерде жаңбыр жауатын көктем мен күзде жасыл көк балдырлар барынша көбейеді, ал құрғақ кезде қабыршаққа айналып топырақ бетін жауып тұрады. Жел бұл қабыршақтарды
Жан-жаққа ұшырып әкетеді. Жаңбыр жауса болғаны- жасыл көк балдырлар
қайта жанданады.
Жасыл балдырларда топырақ бетіне өсе алады, бірақ олар көбінесе суда тіршілік етеді. Олардың арасында бір клеткалы балдырлар да бар- олар су бетінде қалқып жүреді, ал ірі балдырлар су түбіне бекиді.
Қоңыр балдырлардың бәрі ірі өсімдіктер. Олар теңіздер мен мұхиттарда
су асты орманын-нағыз джунгли түзеді. Саргасс теңізінде саргасс балдырлары өседі. Теңізде соған орай Саргасс аталған. Бұл балдырлар теңіз жағасында су түбіне бекиді, ал ашық теңізде қалқып жүреді-ығады. Балдыр қалың болған кезде, тіпті олар кемелердің жүзуіне кедергі жасайды.
Қызыл балдырларда теңіздер мен мұхиттарда өседі, бірақ олар ыға алмайды,
жартастарға, бақалшақтарға немесе басқа балдырларға бекиді.
Балдырлар туралы түсінік
Су бетінде қалқып жүретін ұсақ балдырлар ескек аяқты шаяндар мен жәндіктерге қорек болады. Ал бұл теңіз жәндіктерінің бірін көптеген балықтар өз кезегінде сүйсіне қорек етеді. Міне, сондықтан да балдырлары бар жерде балық аулау тиімдірек болады.
Алайда балдырлар тек теңіз жануарларына азық болып қана қоймайды. Олар суды оттекпен байытады және оны шіріту бактерияларынан тазартады. Адам көптеген балдырларды тамаққа пайдаланады. Олардың ішінде біздің солтүстік теңіздерімізде өсетін ламинария да бар. Балдырлар -үй жануарлары үшін жақсы азық. Олар тіршілігін жойған соң су қоймаларының түбінде қалың тұнба қабат-сапропель түзеді. Бұл үй жануарларына азыққа жарайды, сонымен қатар өте жақсы тыңайтқыш болып табылады.
Балдыр (Algae) - төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз даөседі. Балдырдың клеткалық құрылымы болмайды, бір клеткалы, колониялы, көп клеткалы түрлері бар. Көп клеткалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Клетка қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Клеткасы негізінен бір ядролы.
Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады.
Балдыр биохимикалық қасиеттеріне және клеткалық құрылымына қарай 12 типке бөлінеді:
көкжасыл Балдыр(Cyanophyta), прохлорофитті Балдыр (Prochlorophyta), қызыл Балдыр (Rhodophyta), жалтырауық Балдыр (Chrysophyta), диатомды Балдыр (Dіatomeae), криптофиттіБалдыр (Cryptophyta), динофитті Балдыр (Dіnophyta), қоңыр Балдыр (Phaeophyta), сарыжасыл Балдыр (Xanthophyta), эвгленді Балдыр (Euglenophyta), жасыл Балдыр (Chlorophyta), хара Балдыры (Charophyta) . Бұлардың 30 мыңға жуық түрі белгілі, Қазақстанда 1 мыңнан астам түрі кездеседі. Клеткасында Балдырға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әр түрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді.
Балдыр өсімді (вегетативті), жыныссыз және жынысты (гологамия, изогамия, анизогамия, оогамия) жолдармен көбейеді. Бұлардың көбею органдары бір клеткалы (бұған тек хара Балдыры жатпайды) . Балдырдың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтезпроцесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды. Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір клеткалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер Балдырдан шыққан деп есептеледі. Көптеген Балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, Балдырдың табиғаттағы геохимикалық рөлі кальций менкремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биология жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады.
Теңіз, мұхит жағалауындағы Балдыр - жан-жануарлардың мекені, тіршілік-терінің көзі. Бентосты Балдырға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағандапланктонды Балдырдың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін Балдыр шіріп, сапропельге айналады.
Сапропельден смола, бензин, керосин, техника майлар, лактар алынады. Балдырдың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл Балдырдан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр
Балдырдан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ, күлінен калий, натрий тұздары, иод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр Балдыры “теңіз капустасы” деген атпен, ал жасыл Балдыр (ульва) “теңіз салаты” деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады.
Балдырлардың даму тарихы
Клетканың ультраструктуралық құрылымын зерттеудің нәтижесінде өciмдіктep дүниесінен төменгі және жоғарғы сатыдағы деп бөлуді күшті өзгертті. Соған байланысты тipi организмдер дүниесі прокариоттар (ядросыз) және эукариоттар (ядролы) болып екі үлкен әлемге бөлінеді.
Прокариотты организмдерге вирустар (Virale), бактериялар (Bacteriaphyta), көк-жасыл (cyanophyta), алғашқы жасыл (Prochiorophyia) балдырлар жатады. Прокариоттар эукариоттардан нағыз ядросының хлоропластысының митохондриясының, күрделі талшықтарының және басқа органеллаларының болмауы арқылы айырылады. Генетикалық заты - ДНК мембранамен қоршалмай қос ДНҚ тізбегі түрінде клетканың орталық бөлімінде орналасқан. Митоз, мейоз npoцeci, цитоплазманың қозғалысы болмайды. Клетка қабықшасының құрамында басқа организмдерде болмайтын гетерополитерлі зат - муреин болады. Клетка құрылымдарында мұндай ерекшеліктерінің болуы прокариоттардың өте ерте уақытта пайда болғанын көрсетеді.
Систематика ғылымының балдырларды тексеретің бөлімі альгология деп аталады. Балдырларды «AIgae» деп латынша атпен атауды бipiншi рет Плиний Старший ұсынды. Algae дегеніміз теңіздің шөптесін балапан бұталары. Орыс ғалымы М. А. Максимович 1827 жылы «балапан бұталар» деп атаудың орнына балдырлар деп атауды ұсынды. Аз уақыттың ішінде балдырлар деген жаңа ұғым тез тарап кетті. К. Линнейдің тұсында ipi фукус және ульва сияқты балдырлар ғана белгілі болатын. Ол балдырларды қыналар мен мүктерге бipiктipiп классификациялады.
Альгология ғылымының дамуы микроскоп техникасының жетістіктері мен клетка теориясының дамуына тікелей байланысты.
Балдырлар жөніндегі ілімнің дамуына швед систематик-альгологтары Агардтар (К. А. Агард, 1785-1859 ж, баласы Я. Г. Агард, 1831-1901 ж. ), неміс ғалымы Ф. Кютцинг (1807-1893), англия ғалымы У. Гарвей (1811-1866) еңбектерінің маңызы ерекше болды. Бұл кездегі системалардың барлығы балдырлардың морфологиялық белгілеріне және тіршілік орталығына негізделіп жасалды. Бұған қарамастан ол кездегі ғалымдар көптеген балдырларды сипаттап жазып, олардың суреттерін салды. Оның iшіндe Кютцингтің атласы осы кезге дейін мағынасын жойған жоқ.
XIX ғасырдың 30-40 жылдарынан бастап ғалымдар балдырлардың клеткалық құрылысын және олардың онтогенезін тексере бастады. Клеткалардың бөлінуін зерттей отырып, Heмic ботанигі К. Негели (1817-1891) көп клеткалы талломның өcyiн және бұл процесте төбе клеткасының қызметін анықтады. Ол каулерпа өсімдігін зерттеп, оны клеткаланбаған ерекше балдыр екенін тапты.
Балдырлардың онтогенезін зерттегенде ғалымдардың назары аса маңызды процесс - жынысты және жыныссыз көбеюлерге ерекше көңіл аударды. Жыныссыз көбеюдегі зооспораны И. Ф. Трентеполь 1807 жылы жасыл балдырлардан ашты, алайда көпке дейін зооспораның атқаратын қызметі ғалымға белгісіз болды. Тек өткен ғасырдың 50-жылдарында Г. Тюре (1817-1875) және, Н. Прингсейм (1823-1894) еңбектерінде зооспора арқылы жыныссыз көбею процесінің болатындығы анықталды.
Аббат Воше 1803 жылы бірінші рет спирогираның зиготасын және басқа тұщы су балдырларының антерийдің балдырлардың жынысты көбею органының қызметін атқаратынын білмеді. Балдырларда ұрықтану болатынын фукусқа тәжірибе жасап, француз ботанигі Тюре дәлелдеді. Неміс ғалымы Прингсгейм тұщы су эдогониялары мен басқа балдырлардың онтогенезін зерттей отырып, жыныссыз көбею мен жынысты көбеюдің ауысып отыратынын ашты. Балдырлардың онтогенездік дамуын зертгеу XIX ғасырдың екінші жартысында кең көлемде жүрді. Ол үшін альгологтар цитологиялық әдісін қолдана бастады. Прингсгейм 1869 жылы балдырлардың изогамиялық, ал И. Н. Горожанкин бірінші рет хламидомонададан гетерогамиялық жыныс процестерін ашты. Сонымен балдырларда әр түрлі жыныс процесiнің болатындығы анықталды.
Орыс альгология ілімінің тууы академик Г. С. Гмелин есімімен тікелей байланысты. Ол 1768 жылы бірінші рет жарыққа шыққан «Historia fucorum» деген еңбегінде біздің суларымызда кездесетін 20 шақты теңіз балдырларын сипаттап жазды.
XX ғасырда балдырлардың систематикасы филогенетикалық бағытта зерттеле бастады. Keйбip типтердің бip-бipiнe паралель дамығанын және олардың бір-бірімен байланыссыз әр түрлі монада құрылысты организмдерден шыққандығы анықталды. Сондай-ақ оның экологиялық epeкшеліктepi, қоректену тәсілдері зерттеле басталды. Балдырлардың жыныс айырмашылықтары және түрлердің қалай қалыптасуы зерттеліп, тipшілік жағдайын өзгерту арқылы жыныс белгілерін өзгертуге болатындығы (М. Гартман, В. Иоллос) анықталды. А. Пашер (1916) хламидомонададан гибрид алып, оның бірінші және екінші ұрпақтарын мұқият зерттеп, бұларда тұқым қуалаудың болатынын анықтады.
Ресей ботаниктері Н. Н. Воронихин, В. И. Полянский және Е. Е. Успенскийлер балдырлардың белгілі бір экологиялық жағдайларда тіршілік етуіне байланысты, олардың таралатын ауданы болатындығын айта отырып, оның экологиялық-географиялық жағдайларына ерекше көңіл бөлді. Диатомды балдырлардың белгілі бір топтары Арктиканың суық жақтарында өссе, екінші бір топтары қоңыржай климатты аудандарға таралғанын, сондай-ақ Успенский балдырлардың таралуына судың химиялық құрамының әсер eтетінін анықтады. П. А. Генкель теңіз балдырларының экологиясы мен физиологиясын зерттеді.
Л. И. Курсанов жасыл және қызыл балдырлардың цитологиясын, оның ядро фазасының алмасуын зерттеді. Мейер жасыл балдырлар мен диатомдылардың эволюциялық дамуын, ал Миллер хлорококты және ботридиум балдырларының тарихи дамуын зерттеді. Сөйтіп, ботаниканың бір саласы - альгология ғылымының дамуына совет ғалымдары үлкен үлес қосты.
Балдырлар төменгі сатыдағы көп таралған өсімдіктердің бірi, олардың 40 мындай түрі белгілі. Басым көпшілігінің біркелкі ортада тіршілік етуіне байланысты олардың құрылысы жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен салыстырғанда қарапайымдау келеді. Балдырлардың бір клеткалы, клеткаланбаған, қауымды және көп клеткалы түрлері бар. Олардың денесінде жіктелген арнаулы мүшелері жоқ, оның орнында тек талломдары болады. Балдырлардың мөлшері мм-дің мыңнан бір бөлігінен 60 м-ге дейін жететіндері бар. Осыған байланысты пішіні, анатомиялық құрылысы әртүрлі келеді.
Балдырлар - өздерінің құрылысы мен тіршілік әрекетінде бірсыпыра ортақ белгілері болуына қарамастан, сыртқы формалары әртүрлі болып келетін және әpбір тобының жеке ерекшеліктері бар алуан түрлі организмдер. Балдырлардың филогенезі сыртқы құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтарына байланысты қарапайым формалардан күрделі формаларға қарай даму бағытында қалыптасқан, оларды бірнеше ұқсас топтарға бірiктіpyгe болады. Мұндай структура әрбір систематикалық бөлімдерде қайталанып отырады, сөйтіп бұл олардың дамуындағы паралельдікті дәлелдейді. Ондай құрылыстылар: монадалы, амебоидты, пальмеллоидты, жіптесінді, коккоидты, пластикалық, тканьды, сифонды болып бөлінеді.
Қарапайым монада құрылысты балдырларға - клетканың пішінi көбінесе сопақ кейде алмұрт тәрізді немесе дөңгелек болып келетін бір клеткалы, не бір-біртe клетка пішіні, құрылысы және атқаратын қызметтері ұқсас бірнеше клеткалардан құралған қауымды организмдер жатады. Монада құрылысты балдырларды қозғалысқа келтіретін клетканың алдыңғы жағында бір, көбіне екі, кейде төрт және одан да көп талшығы болады. Ең қарапайым балдырлардың вегетативтің тіршілігін барлық кезеңінде монада құрылысты екендігі байқалады, ал құрылысы күрделi балдырлардың жынысты және жыныссыз клеткалары ғана монада құрылысты болады. Keйбір қарапайым балдырлардың құрылысы амеба тәрізді, яғни амебоидты құрылысты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz