Еңбек гигиенасы. Оқу құралы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 155 бет
Таңдаулыға:
еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
Кіріспе. Ғылыми-техникалық прогреспен (ҒТП) қойылған проблемалардың ішін-де ең күрделі және жан-жақты проблемасы болып ҒТП адамның тағдырына әсері саналады.
ДДҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) және халықаралық еңбек ұйымы мәлімдемелері бойынша дүние жүзінде жылына өндірістерде шамамен 120 млн. келеңсіз оқиғалар болады екен, оның ішінде 200 мыңнан көбі өліммен аяқталады. Әртүрлі кәсіптік әсерлермен байланысты 68 ден 157 млн. дейін кәсіптік аурулардың жаңа оқиғалары тіркеледі.
Планета халқының 40-50%-ы жұмыс жағдайында физикалық, химиялық, биологиялық, экономикалық, ал соңғы жылдарда психоэмоционалдық стресстік факторлардың әсеріне ұшырайды.
Шамамен 100 000 химиялық заттар (оның ішінде 3000 аллергендік және 300 канцерогендік факторлары), 50 шақты физикалық сипатты факторлары, 20 шақты қолайсыз эргономикалық жағдайлары және жұмыс орнындағы денелік салмақтар, көптеген психологиялық және әлеуметтік проблемалары еңбек жағдайы тұрғысынан қауіпті деп саналып, өзімен бірге кәсіптік аурулардың даму қауіпін, стресстік реакцияларды, мертігуді, жұмысына деген қанағаттанбаушылықты және соңында материалдық жағдайының нашарлауына әкеледі.
Осылардың барлығы экономикалық шығынды өсіреді, ол шамамен жалпы ұлттық өнімнің 10-15% алады екен.
Осыған қарамастан дамушы елдердің жұмысшыларының тек 5%-ы ғана, ал дамыған елдерде 50%-ға дейін жұмысшылары жақсы ұйымдастырылған еңбек гигиенасы мен медицинасының көмегін алу мүмкіншілігі бар.
ҒТП Республиканың алға қойып отырған жаңа технологияларының дамуын жүзеге асырушы басты құрал ретінде рөл атқарады. Республикамыздың алдында өте күрделі және жауапты міндеттер қойылып отыр - ол қысқа уақыт ішінде өнеркәсіптің магистралды бағыттағы салаларын жетілдіріп, ғылым мен техниканың жетістіктерін еліміздің халық шаруашылығына қолдану.
Халық шаруашылығын қарқынды түрде дамыту, жаңа энергия көздерін, өте жоғары және өте төмен қысымдарды және температураларды, улы және агрессивті агенттерді қолданумен, технологиялық процестердің орасан зор жылдамдықта өтуімен тығыз байланысты. Осылардың барлығы еңбек өнімділігін көп қайтара өсіріп, өзіне сақтықпен, жан-жақты тұжырымдалған ғылыми тұрғыдан қарауды талап етеді. Тек осындай жағдайда ғана қоғам алдына қойған нәтижелеріне анық жете алады, тек нәтижесі белгісіз немесе қауіпті болуы мүмкін шараларды қолданбауы керек.
Қазіргі таңда еңбек гигиенасы алдында жаңа міндеттер туды - ол жұмысшылардың организміне қарқындылығы төмен өндірістік факторлардың, еңбектің механикаландырылған, . автоматтандырылған түрлерінің және тіпті еңбек процесстерін роботтандырудың әсерлерін зерттеу болып келеді.
Өкінішке орай, жаңа нарықтық қатынастарына көшу жаңа мәселелерді тудырды.
Қазіргі таңда экономиканың мемлекеттік секторындағы күйзелістің өсу жағдайларында, халық шаруашылығының барлық салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына және жұмысшылар санының азаюына қарамастан (кейбір мәлімдемелер бойынша 2 есе), еңбек жағдайының нашарлануы тұрақты өсіп келеді, ал өнеркәсіптердегі еңбек жағдайының нашарлануы тұрақты өсіп келеді, ал өнеркәсіптердегі еңбек жағдайын қазіргі стандарттарға сәйкесті жақсарту бойынша шараларды жүргізу одан да зор проблемаға айналып отыр - бұл үшін қажетті қаражаттар жоқ. Өнеркәсіптердің басты салаларында жағымсыз еңбек жағдайларында жұмыс істеушілердің саны біртіндеп өсіп келуде. Мұндай зиянды жағдайларда жұмыс істеушілердің ең жоғары үлесі өнеркәсіптерге келіп отыр (66%) . Әсіресе қиын жағдай көмір өнеркәсібінде құралған, мұнда санитарлық-гигиеналық нормалары орындалмайтын жағдайда жұмысшылардың 79%-ы еңбек етеді, осындай жағдайлар жалпы және кәсіптік патологиялардың және де өндірістік мертігудің маңызды өсуіне ықпал жасап отыр. Тек келеңсіз оқиғалардың 1994 жылғы материалдық шығыны 5 млн теңгеден асып кетті.
1996 жылғы кәсіптік патологияның 433 оқиғасы тіркелген, мұнда ең жоғарғы үлесі көмір саласы кәсіпорындарына келеді (90%) .
Қарағанды облысы бойынша жалпы кәсіптік сырқаттанушылықтың құрылымында алдыңғы орындарды жоғарғы концентрациядағы шаңның және зиянды заттардың әсерінен туған тыныс органдарының аурулары (39, 5%), перифериялық нерв жүйесінің аурулары (25%) және діріл ауруы (16, 4%) алып отыр.
Жалпы кәсіптік сырқаттанушылықтың өсуі, негізінен еңбектің қанағаттанарлықсыз жағдайларымен байланысты. Мысалы, Қарағанды облысы бойынша санитарлық-гигиеналық нормаларына сай келмейтін еңбек жағдайларында шамамен 90 мың. адам жұмыс істейді, олардың ішінде 16 мыңы әйел адамдар (олар жалпы жұмысшылар санының 40%-ын алады) .
Көмір және металлургия өнеркәсібінің ең көп тараған және негізгі кәсіптерінің еңбек жағдайына талдау жүргізу нәтижелері шаңдану бойынша көрсеткішінің өте айқындап отыр. Кеншілер мен металлургтар ШРЕК-тен 40-50 есе асып кететін шаңның әсеріне ұшырайды екен, көптеген жұмысшылар химиялық заттардың ШРЕК-дан әлде қайда асып кететін жағдайында еңбек етеді: көміртегі тотығы бойынша 3 есе, күкіртті ангидрид - 4 есе, темір тотығы 7 есе, хром ангидриді - 30 есе, марганец - 5 есе.
Маңызды алаңдатушылықты өндірістік ортаның шу және діріл сияқты физикалық факторларының әсері тудырып отыр. Облыстың кәсіпорындарында шу және діріл жағдайларында 26 мыңнан көп адамдар еңбек етуде.
Республикамызда қанағаттанарлықсыз еңбек жағдайы себебінен кәсіптік аурулар мен кәсіптік уланулардың өсу тенденциясы байқалып отыр: қорғасынмен, фосформен, хроммен, сынаппен және басқа өнеркәсіптік улармен улануы өсуде, әсіресе көмір, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында.
Қазақстанда қазіргі таңда әртүрлі этиологиясы созылмалы сырқаттарымен 3, 5 млн адам есепке алынған.
Осы күнге дейін көп факторлық әсер сұрағы шешілмеген, оның ішінде кәсіптік қауіпті бағалау сұрағы.
Сонымен, еңбек сипаты немесе өндірістік жағдайы адамның іскерлігіне немесе денсаулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін, ол өндірістерде кәсіптік зияндылықтың барын куәлеп отыр.
Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
Еңбек гигиенасы - ол құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және басқа да шараларды қамтитын, еңбек ету процесінде жұмыскерлердің денсаулығын қамтамасыз ету жүйесі.
Еңбек жағдайы - ол еңбек процесіне адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсер етуші өндірістік орта мен еңбек процесінің факторлары жиынтығы.
Қауіпті өндірістік фактор - әсері белгілі жағдайда жұмыс істеушінің мертігуіне немесе денсаулығының күрт нашарлауына әкелетін фактор.
Зиянды өндірістік фактор - ол кәсіптік патологияның пайда болуын, жұмысқа қабілеттіліктің уақытша немесе тұрақты төмендеуін, соматикалық және инфекциялық аурулардың жиілігінің өсуін, ұрпақтардың денсаулығының нашарлауын туындата алатын өндірістік орта мен еңбек процесінің факторы.
Зиянды өндірістік факторларға мыналарды жатқызады:
- физикалық факторлар: ауа температурасы, ауа ылғалдылығы және қозғалысы, иондамаушы электромагниттік сәулелер (ультракүлгін, көзге көрінетін, инфрақызыл, лазерлік, микротолқынды, радиотолқынды, жіңішке толқынды) статикалық, электрлік, электромагниттік өрістер, иондаушы сәулелер, шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, жарықтану т. б.
Кәсіптік аурулар - өндірістік ортаның жағымсыз факторларының әсерінен туған аурулар. Екі топтағы ауруларды ажыратады:
- Аурудың жалғыз ғана этиологиялық факторы - қандай да бір өндірістік зияндылық болып табылады (мысалы: улы зат, шу, діріл) .
- Аурулардың себебі болып өндірістік факторлармен қатар, тұқым қуалаушылық, тұрмыстық және басқа факторлары да болуы мүмкін, және де олар кәсіптік ауруларға жатады, егер олардың дамуында үлкен рөлді еңбектің жағымсыз жағдайлары атқаратын болса (мысалы: қатерлі ісіктер, өршіген эндокардит, геморрой т. б. )
Басқаша айтқанда, еңбек гигиенасы адамның еңбекке қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша, жалпы және кәсіптік сырқаттанушылықтың және еңбектің басқа да жағымсыз жағдайларын азайту бойынша ғылыми негіздер мен тәжірибелік шараларды әзірлейтін профилактикалық медицинаның бір саласы.
Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
Көне замандағы ғалымдар мен дәрігерлер әртүрлі кәсіппен шұғылданушы адам-дарда пайда болатын ауруларды байқаған. Мысалы; Гиппократ (біздің дәуірге дейінгі 460-377 жж) кен қазушылардың ауруларын бейнелеген. Гален (б. д. д. 130-200 жж. ) қорғасын шаңының адам организміне зиянды әсеріне көңіл аударған. XVI ғасырда дәрігер-химик Парацельс кеншілердің, құюшылардың чахоткасы атты ауруды бейнелеген. 1700 жылы италяндық дәрігер, профессор Рамаццини «қол өнер кәсіпшілерінің аурулары туралы» кітап шығарып, 50 артық кәсіпке сипаттама берген (кеншілердің, химиктердің, ұсталардың т. б. )
Бұл еңбекті жазуына ол 50 жыл жұмсап, соңынан осы еңбек көптеген тілдерде 25 рет қайта басылып шығарылған. Революцияға дейінгі Ресейде жұмысшылардың денсаулығын қорғау сұрақтары М. В. Ломаносовтың, А. Н. Никитиннің Ф. Ф. Эрисманның т. б. еңбектерінде орын тапқан.
1763 ж. шыққан «Металлургияның немесе тау-кен жұмыстарының алғашқы құралуы» атты еңбегінде М. В. Ломаносов «Тау-кен адамдарының» еңбегі мен демалысын қалай ұйымдастыру керектігін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуін, рудниктерді желдетуін жазған. Дәрігер Никитин А. Н. «Жұмысшылар аурулары және құқық қорғау шаралары» атты кітабында 120-дан артық кәсіптің еңбек жағдайын жазып, сырқаттарды алдын алуына көңіл аударған. Гигиенаның бірінші профессоры Ф. Ф. Эрисман еңбек гигиенасының дамуына үлкен үлес қосты. Оның қатысуымен еңбек жағдайлары тексерілген. 1877 жылы «Кәсіптік гигиена немесе ой және дене еңбегінің гигиенасы» атты кітабы шығып, еңбек гигиенасына ғылыми негіздері берілген. Еңбек гигиенасының басты салаларының бірі - еңбек физиологиясының дамуында басты рольді физиологтар И. М. Сеченов, И. П. Павлов, Н. Е. Введенский А. А. Ухтомский орындады.
Еңбек гигиенасының бір саласының - өнеркәсіптік токсикологияның дамуында оның іргетасын қалаушылар Н. С. Правдиннің, Н. В. Лазаревтің, профессор И. В. Саноцкийдің т. б. еңбектері өте зор.
Санитарлық заңдылықты дайындауда, профилактикалық мекемелерінің, ғылыми институттарының жүйелерін жасауда, еңбек гигиенасының өзекті мәселелерін құрастыруда советтік кезеңдегі ірі гигиенистердің қосқан үлестері өте үлкен. Олар -В. А. Левицкий. С. и. Каплун, З. Б. Смелянский, Н. А. Вичдорчик, Е. Н. Андреева-Галанина, З. И. Израэльсон, Н. Ю. Тарасенко, Л. К. Хоцянов, А. А. Летавет т. б.
Қазіргі таңда ТМД мемлекеттерінің жетекші ғалымдары болып еңбек медицинасы институтының директоры, академик Н. Ф. Измеров, РФ РМҒА мүше-корр, проф. Саноцкий, В. А. Суворов, профессорлар А. А. Каспаров, А. В. Рощин, В. Ю. Кириллов, Ф. Ф. Эрисман (1842-1915), А. В. Рощин, В. Ф. Кириллов, В. А. капцов, В. Г. Артаманова, С. В. Алексеева т. б. саналады.
Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
Республикамызда санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің пайда болу тарихы Қазақстан аймағында денсаулық сақтау жүйесінің өзінің өсуімен және жетілуімен тығыз байланысты.
Алғашқы медициналық ғылыми мекемелерінің бірі болып, қиын жылдарда, 1925ж. Қызыл-Орда қаласында ашылған өлкелік санитарлық-бактериологиялық институты саналады. 1927 жылы РКФСР ХКК Қаулысы шықты «Республиканың санитарлық органдары жөніндегі ережені бекіту туралы». Шынымен бұл күн денсаулық сақтау құрылымында СЭС-тің дербес орган ретінде туу уақыты болып келеді.
1930 жылы Республиканың денсаулық сақтау Министрлігінде санэпидбасқармасы құралды.
1931 жылы Алматы қаласында медицина институты мен денсаулық сақтау және гигиена ҒЗИ ашылды, соңғысына еңбек гигиенасы мен өнеркәсіптік санитария сұрақтарын зерттеу жүктелді.
1934 жылы республикада алғашқы рет 2 аудандық СЭС құралды (Алматылық және Шығыс Қазақстандық) .
Революцияға дейінгі Қазақстанда бірде-бір санитарлық дәрігер болмаған. Республикада өнеркәсіптік санитариясы бойынша бірінші санитарлық дәрігер болып В. З. Хамитова қызмет істеді, ол Қарағанды қаласында 1935 жылдан бастап кеншілердің еңбек жағдайын жақсарту сұрақтарымен шұғылданды. Қазіргі таңда республикада 216 өнеркәсіптік-санитарлық дәрігерлер қызмет атқаруда. Тоғызыншы бесжылдықтың соңында кәсіпорындарда 431 дәрігерлік-цехтік учаскілері, 1153 дәрігерлік денсаулық сақтау бөлімшелері, 5760 төсегі бар 45 медико-санитарлық бөлімдері болды.
1939ж. Республикалық бруцеллездің және Алматылық обаға қарсы станциясы құ-ралды, ал 1940 ж. санитарлық бактериологиялық институт санитарлық-гигиеналық бөлімі бар эпидемиология және микробиология институтына айналдырылды. 1940 ж. соңында республикада 232 санитарлық дәрігерлері және 128 эпидемиологтар жұмыс істеді.
1942 ж. Қазақ (қазіргі Алматылық) медицина институтында профильді гигиеналық кафедралары бар санитарлық-гигиеналық факультет ашылды, ол гигиеналық кадрларды дайындау проблемасын шешуде маңызды ықпал жасады.
Қазақстанда Алматы қаласында 1944 жылы өлкелік патология ҒЗИ ашылды, қазіргі ол Гигиена мен эпидемиологияның ғылыми орталығына айналды. (директоры - м. ғ. д., профессор Б. Н. Айтымбетов) .
Республикада еңбек гигиенасының сұрақтарын жүйелі зерттеу 1946 жылдан бас-талды, мұнда қазақ КСР ҒА жанында, тау-кен кәсіпорындары жұмысшыларның силикоз сырқатымен күрес жүргізу мақсатымен, кәсіптік гигиенасы және кәсіптік ауру секторы ашылған, ол соңынан 1950 жылы Өлкелік патология Институтының құрамына берілді.
1956 ж. бұл сектор еңбек гигиенасы бөліміне және кәсіптік аурулар бөліміне бөлінеді. Осы маңызды проблемалар бойынша зерттеулердің алғашқы ұйымдастырушылары болып В. З. Хамитова, Г. И. Тарабаева, А. Г. Алданазаров саналады.
Зерттеулердің басты тақырыптары силикозбен күрес жүргізу болды. 1952ж. бастап институт қорғасын зауыттарындағы жұмысшылардың қорғасынмен улануын зерттеуді бастады. Институтта ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудағы басты рөл Қазақ КСР ҒА академигі, проф. Н. Д. Беклемишевке беріледі, ол көптеген жылдар бойы институт директорының ғылыми ісі бойынша орынбасары болып қызмет атқарады.
1958ж. Өскемен қаласында Өлкелік патология институтының еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар бөлімшесі ұйымдастырылып, ол ғылыми медициналық базаны Шығыс Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарына жақындату мақсатымен жүргізілген.
Осы уақыттан бастап өлкелік патология институтында қорғасынды, соңынан мырышты, мысты, титанды, магнийді өндіруші кәсіпорындарда зерттеу жұмыстары маңызды кеңейді. 60-шы жылдың ортасынан бастап, Қазақстанда фосфорлық минералды тыңайтқыштарды өндіру кәсіпорындарының дамуымен байланысты (соңынан - сары фосфорды) Өлкелік патология институтының жұмысының тақырыбында фосфорлық кәсіпорындарын зерттеу кең орын ала бастады.
1958ж. Орталық Қазақстанның көмір және тау-кен өнеркәсіптерінің кәсіпорындарындағы жұмысшыларына қызмет көрсету мақсатымен Қарағандыда Қазақ ССР денсаулық сақтау министрілігінің Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулардың Қазақ институты ашылды. Институтты ұйымдастырушы және 12 жыл бойы алғашқы директоры болып З. К. Төлегенов, соңынан доцент А. П. Филин, ал 1974 бастап 1991 жылға дейін директоры болып ҚР ҒА мүше-корр, профессор Б. Е. Алтынбеков қызмет атқарды. Оның жетекшілігімен 1986 жылы институт ҚР ҒА құрамына еңбек физиологиясы мен гигиенасы институты ретінде енгізілді. 1991 - 2006 жж институттың директоры болып ҚР ҒА академигі, м. ғ. д., профессор Ғ. А. Құлқыбаев қызмет атқарды. Бұл институтқа академик Ғ. Ә. Құлқыбаевтың бастауымен 2001 жылдың қазан айында ҚР ДСМ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығы статусы берілді. Осы орталықты 2006-2007 жылдары м. ғ. д., профессор С. А. Ибраев, ал қазіргі таңда Қазақстандағы гигиена саласындағы ірі ғалымдардың бірі - м. ғ. д., профессор Е. Н. Сраубаев басшылық етеді. Бірінші күнінен бастап институттың негізгі зерттеу тақырыбы көмір және тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарындағы еңбек гигиенасы мен кәсіптік патологиясы саналады. Пневмокониоздар және шу-діріл патологиялары кеншілердің негізгі кәсіптік сырқаттары болу себебінен, оларды зерттеу сұрақтары орталықтың басты міндеті саналады. Осы сұрақтармен қатар ерекше көңіл өнеркәсіптік токсикологиясына да аударылады (профессорлар А. З. Бузина, А. Н. Буханов, В. А. Узбеков) .
1959 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының базасында санитарлық-гигиеналық факультеті ашылып, ал 1963 ж. Алматыдан санитарлық-гигиеналық факультетінің 4 курс студенттері осында ауыстырылады.
Гигиенистерді даярлау сұрақтарымен медицина институтының гигиеналық кафедралары мен тәжірибелік денсаулық сақтаудың еңбек гигиенасы бөлімдері белсенді шұғылдануда.
Еңбек гигиенасы кафедрасының алғашқы меңгерушісі және оны ұйымдастырушы болып доцент В. П. Ророкин істеді, соңынан кафедраны 1995 жылға дейін ҚР ҒА мүше-корр., профессор Б. Е. Алтынбеков, ал 1996 жылдан - профессор Е. Н. Сраубаев басқарады.
1966 жылдан 1975 жылға дейін Қазақстанда еңбек гигиенасы мен кәсіптік патология бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру одан әрі жетілдіріледі. 1966 ж. Өлкелік патология институты Қазақ ССР денсаулық сақтау министрлігіне беріліп, бұған эпидемиология, микробиология және гигиена бойынша Қазақ институтынан гигиена бөлімі аударылады. Осы бөлімнің аударылуынан кейін Өлкелік патология институтында еңбек гигиенасы бойынша зерттеудің тағы бір бағыты жарық көреді. Ауыл шаруашылық жұмысшыларының еңбек гигиенасы 70-ші жылдардың басында Маңғышлақты игерумен және мұнайды өндірудің өсуімен байланысты Өлкелік патология институты мұнайшылардың еңбек гигиенасы бойынша зерттеулерді бастаған. 60-шы жылдардың соңында еңбек физиологиясы бойынша зерттеулер көбейе түсті. Еңбек физилогиясы бөлімін профессор К. К. Макашев басқарған.
Қазақ ССР денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми медициналық кеңесінің жанында Өлкелік патология институтының базасында «Еңбек гигиенасы мен кәсіптік патологияның ғылыми негіздері» бойынша республикалық проблемалық комиссия құрылған (төрағасы -Қазақ ССР ҒА мүше-корр. Б. А. Атчабаров) .
Қазақстандық ғалымдармен алғашқы болып, титанның қоспаларымен жұмыс істеуінде пайда болатын пенвмокониоздар зерттелген (Г. И. Белорусская), молибденмен уланудағы бірқатар биохимиялық механизмдері анықталған. (А. А. Лукашев) .
Фосфорлық минералдық тыңайтқыштардың өндірісінде еңбек гигиенасы мен кәсіптік сырқаттанушылықты зерттеу негізінде фтордың қоспаларымен уланудың жіктелуі жазылған (Е. К. Нұрмағанбетов) .
80-ші жылдың соңында Қазақстанда 23 мыңнан аса өнеркәсіптік кәсіпорындары мен өндірістері істеген, оның ішінде 2 мыңы ірі өнеркәсіптер. Республикада әсіресе түсті металдарды өндіру, көмірді шығару, фосфорды өндіру, болатты және прокатты шығару, жеңіл және тағам өнеркәсібінің кейбір салалары, ауыл шаруашылық өнімдерін шығару т. б. сияқты кәсіпорындардың алатын үлесі өте жоғары.
Әрине, гигиенистер мен санитарлық дәрігерлерге, дәрігер-профпатологтарға жұмысшылардың денсаулығын қорғау бойынша үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Республикада еңбек гигиенасының дамуы ҚР ҒА академиктері: Б. А. Атчабаров, Б. Е. Алтынбеков, Ғ. А. Құлқыбаев., профессорлар: В. А. Козловский, Ш. И. Иманғалиев, Ж. Т. Тұрлыбеков, Е. Н. Сраубаев, А. А. Мамырбаев, Т. А. Таткеев, А. А. Абдикулов., В. Л. Резник., К. К. Тоғызбаева, Ү. А. Аманбеков және т. б. ғалымдардың еңбектерінің жемісі, сондай-ақ, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау қызметінің басшысы - Ф. Б. Бисмильдин, Республикалық СЭС бас дәрігері м. ғ. д. - М. Б. Спатаев т. б. аттарымен тығыз байланысты.
Қазіргі таңда республикада Қазақстан Республикасы Өкіметінің 21 ақпан 1997 ж. № 89 қаулысын «1997-2000 жылдары Қазақстан Республикасы экономикасы салаларында еңбек жағдайын жақсарту бойынша негізгі бағыттарын» жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде (одан әрі-негізгі бағыттары) . Барлық облыстарда 1997-2000 жылдарына еңбек жағдайын жақсарту, оны қорғау және санитарлық-сауықтыру шаралары бойынша аймақтық бағдарламалары жасалып, олар жүзеге асырылуда.
Бірақ, қазір республиканың экономика салаларында зиянды, ауыр және санитарлық-гигиеналық талаптарына сай келмейтін еңбек жағдайларында оперативтік мәлімдемелер бойынша барлық жұмыс істеушілердің 10%-нан көбі еңбек етуде, ал біздің мәлімдемелер бойынша 30-40%.
1998 жылы республика ұйымдарында 5341 келеңсіз оқиғалары орын алған, осының нәтижесінде уақытша еңбекке жарамсыздығы 236 мың адам-күн шамасынан асып түскен, 900-ден көп адамның бір уақытта жұмысқа шықпауына тең, 277 адам қаза болған.
Келеңсіз оқиғалардың 70% -нан артығы энергетика, құрылыс, көлік салаларына және агроөнеркәсібі кешені үлесіне тиеді.
Өндірістердегі келеңсіз оқиғалардың, кәсіптік сырқаттанушылықтың негізгі се-бептері технологиялық процестердің жетілмегендігі, механизмдердің, жабдықтардың жұмысының сенімділігінң бұзылуы, еңбекті қорғау мен жағдайын жақсартуына қаражат-тардың жоқтығы, профилактикалық медициналық көмектің күрт қысқартылуы, шаруа-шылықтарда бруцелезге қарсы режимдердің орындалмауы, жұмыс орындарында ұжым-дық қорғау жүйелерінің болмауы, еңбек және демалыс режимдерінің бұзылуы болып саналады.
Өнеркәсіптегі келеңсіз оқиғалардың және кәсіптік сырқаттанудың материалдық
шығыны 1988 жылы 1, 36 млрд тенгеге жеткен, (бір зардап шеккен адамға 250 мың
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz