Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарауға жататын өкілетті орган


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарауға жататын өкілетті орган

2. Әкімшілік жазаларды қолданудағы құзырет

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарауға жататын өкілетті органдардың және лауазымды адамдардың істерді қарауы

Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірісті реттеуші жоғарыдағы көрсетілген субъектілердің өкілеттігі мен құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасы Конституциясымен және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 32 бөлімімен реттеледі. Әкімшілік құқық бұзушылық істердің ведомствалық бақылауы, істерді қараушы лауазымды тұлғалардың өкілеттігі және әкімшілік іске асырулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарымен, «Қазақстан Республикасы сот жүйесі судьялар мәртебесі туралы» және басқада нормативті актілермен реттеледі.

Мамандырылған аудандық және соларға теңестірілген әкімшілік соттардың судьялары жеке адамдардың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша қарастырады. Кодекстің « лауазымды адамның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамның Қазақстан азаматтығын алуына кедергі келтіретін заңсыз іәрекеттер жасады- айлық көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады» деп 80-бап көрсетілген (8) .

Қазақстан республикасында тіл туралы заңдарды бұзғаны үшінде жауаптылық айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады т. с. с.

Сондай-ақ соттар ӘҚБтК-тің 541-бабында көзделген санаттардың барлығы толық қамтылады.

Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдары өз саласы бойынша ӘҚБтК-те 249, 277, 284, 312, 313, 334, 460- баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдарының атынан істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға ҚР-ның өрт қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары мен және оның орынбасарлары қарауға құқылы. Өрт қадағалау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары облыстар мен Астана және Алматы қалаларының өрт қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары және лоардың орынбасарлары қарайды.

Әуе кеңістігін пайдалану саласындағы уәкілетті орган әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтарды қарайды, сондай-ақ ұшу кауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша істерді (ӘҚБтК-тің 443-бап), авиация қызметкерлерін жұмысқа даярлау мен жіберу (ӘҚБтК-тің 444-бап), адамның мас күйінде әуе кемесін басқаруы (ӘҚБтК-тің 445-бап), әуе кемесіндегі мінез-құлық ережесін бұзу (ӘҚБтК-тің 446-бап), жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу (ӘҚБтК-тің 447-бап) т. б. кодексте көрсетілген баптар бойынша істерді қарайды.

Әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі уәкілетті органның атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және жазалар қолдануға құқылы.

Көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, көлік және коммуникациялар саласындағы аумақтық бөлімшілерінің басшылары мен олардың орынбасарлары осы саладағы құқық бұзушылық бойынша істерді қарауға құқықылы.

Мемлекеттік еңбек инспекция органдары 550-бапта көзделген осы Кодекстің 87, 89-94, 396, 399-баптарындағы әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайды және айыппұл салуға құқылы.

Авторлық құқық жөніндегі органдар, яғни Авторлық құқықтар жөніндегі комитеттің төрағасы мен оның орынбасарлары, әділет басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарлары осы Кодекстің 128, 145-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайды.

. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының органдары төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекцияға бағынышты. Бұл органдар ӘҚБтК-тің 220, 221, 270, 272, 504-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (ӘҚБтК-тің 554-бап), жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган (ӘҚБтК-тің 554-1 бап), кеден органдары (ӘҚБтК-тің 555-бап), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары (ӘҚБтК-тің 556-бап), мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар (ӘҚБтК-тің 557-бап), дәрігерлік заттар айналамы саласындағы мемлекеттік орган(ӘҚБтК-тің 557-1-бап), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтері (ӘҚБтК-тің 558-бап), мал дәрігерлік саласындағы уәкілетті орган (ӘҚБтК-тің 559-бап), қаржы полициясы органдары (ӘҚБтК-тің 570-1- бап), Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау органдары (574-бап), мемлекеттік құпияны қорғау органдары (ӘҚБтК-тің 576-бап), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары (ӘҚБтК-тің 576-2-бап), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары (ӘҚБтК-тің 576-3-бап) т. б. органдар ӘҚБтК-тің баптарында көрсетілген уәкілеттік құзырында әрекет етеді.

Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қамтамасыз ету заңдылығын қадағалауды прокурор іске асырады.

2. Әкімшілік жазаларды қолданудағы құзырет

Прокуратура органдарының лауазымды тұлғаларының заң бұзушылықтарға уақытылы шара қолдануларына, заң бұзушылықтарға мүмкіндік тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қолдануға, азаматгардың, ұйымдар мен мемлекетгік мекемелердің бұзылған қүқықгары мен занды мүдделерін қалпьша келтіруге, сондай-ақ кінәлі адаңдарды заңмен анықгалған жауапкершіліктерге тартуға прокуратура органдарына өкілеттер жиынтығы берілген.

Прокурордың әкімшілік іс жүргізу зандылығын камтамасыз ету жөніндегі өкілеттігі "Қазақстан Республикасының прокуратура туралы" Заңының 4І-бабында бекітілген. Аталған бапқа сәйкес әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

  1. уәкілді лауазымды адамдар мен органдардан әкімшіліқ құкық бұзушылық туралы мәліметтерді, құжаттар мен істерді талап етуге;
  2. құзыретіне әкімшілік-құқық бұзушылық туралы істерді қарау мен жаза қолдану кіретін лауазымды адамдар мен органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне берілген шағымдарды қарауға;

3) азаматтарды әкімшілік ұстау мен қамаудың заңдылығын, сондай-ақ әкімшілік-құқық бұзушылыққа ықпал етудің өзге де шараларының негізділігін тексеруге;

4) әкімшілік-құқық бұзушылық істерді қарауға қатысуға, өтініштер жасауға, істі қарау кезінде туындаған мәселелер бойынша қорытындылар беруге;

5) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын тексеруге;

6) азаматтардың құқыктары мен бостандықтарын жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерін бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолдануға;

7) әкімшілік-құқык бұзушылық туралы істер жөнінде іс жүргізуді қозғауға;

8) заңда көзделген басқа да іс-әрекеттерді жасауға кұқылы.

Заңдардың орындалуын, басқару органдарымен шығарылатын құқықтық акгілердің зандылылық адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерінің (бұзылуын, мемлекет пен ұйымдардың құқұктары мен заңды мүдделерін тексеруді Прокуратура келіп түсетін хабарламалар, арыздар, шағымдар, заң бұзушылық фактілері туралы мәліметтер негізінде, сондай-ақ прокуратура органдарының жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.

Прокуратура (органдары, сауда экономикасы, жеке және емлекеттік меншікті қорғау негізінде экономикалық механизмге бағытталған құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ауыр міндеттерді орындауға, мемлекеттік, қызметтік және еңбек тәртібін сақтауға үнделген. Прокуратура органдары министрліктер мен ведомстволардың, басқа да басқарма органдарының басшылары, лауазымды адамдары өз міндеттерін заңдарды сақтаумен қалай орындайтындарын, осы жұмыста қандай қажетті көмектер көрсететіндерін пәрменді қадағалауды жүзеге асыруға аса көңіл бөледі, сондай-ақ олар заң бұзушылықтарды және басқа да нормативтік актілердің бұзылуын уақытылы анықтауға және жол бермеуге тиіс.

Кейінгі кезде прокурорлардың сыбайластық, бюджетке төлем төлемеу, салық және кедендік қүқық бұзушылықтар туралы заңдардың сақталуын қадағалаулары маңыздырақ болуда.

Өз өкілеттіктерін жүзеге асыра отырып, прокуратура органдары бақылауға алынған объектілердің шұғыл шаруашылық қызметтеріне араласуға, өзін басқа да мемлекеттік, сондай-ақ бақылаушы органдармен алмастыруға құқылы емес. Прокурордьщ өз өкілетінен шығатын талаптарын мекен жайлардың заңмен немесе прокурормен анықталған мерзімдерде орындаулары үшін міндетгі. Оларды орындамау заңда көзделген жауапкершіліктерге әкеп соғады.

"Әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот қаулыларының зандылығын прокурорлық қадағалау туралы" Бас прокурордың 2000 жылғы 28 тамыздағы № 45 бұйрығында төмен тұрған прокурорлар процеске қатысушылардың, озге де тұлғалардың өтініштері бойынша азаматтык және әкімшілік істерді сұратумен занды күшіне енген сот қаулыларының заңдылығын тексеруге тиіс делінген. Өтінішті қабылдамаған жағдайда - арызданушыға жауап берумен іс бойынша дәлелді қорытынды шығарылсын делінген (10 тарм. ) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қабылданған сот қаулыларының заңдылығы тексерілсін, ал заң бұзушылыктар анықталған жағдайда, оларға наразылық келтірілсін, жоғары тұрған прокуратураға заңсыз сот қаулысына наразылық келтіру үшін ұсыныс енгізілсін делінген (11 тарм. ) .

Заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалауда кез-келген басқа да мемлекеттік қоғами пайдалы, жасампаз қызмет ретінде өзінің мәні мен міндеттері бар. Кез-келген тәжірибелік жұмыстың мәні ретінде оның мазмұны, сипаты, ерекшеліктері, нақты толық нәтижеге жетуге бағытталуы түсіндіріледі. Бұл мақсат белгілі бір даму кезеңдерінде қоғам мен мемлекет алдында тұратын міндеттерге қатысты прокурорлық қадағалауды реттейтін заңдылықта анықтыланады. Сондықтан қадағалаудың бұл түрінің міндеттері негізінен басқару органдарының, қоғамдық ұйымдардың, лауазымды адамдардың заңдарды және басқа да құқықтық нормативтік актілерді дәл және біркелкі орындауларын қамтамасыз етеді.

Әкімшілік іс жүргізу заңцылығын қадағалаудың негізгі мазмұны мен мәні "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заңның "Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау" атты 3 тараудың "Қадағалаудың мазмұны мен мәні" деген 40-бабында белгіленген және онда әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды прокуратура:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекше талап қою
Әкімшілік сот ісін жүргізу
Әкімшілік жауаптылық туралы істерді қарау
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері
Әкімшілік процесс субьектілері
Іске қатысушы адамдардың сот отырысына келмеуінің салдары
Заң шығарушы, атқарушы және сот
Ерекше талап өндiрiсi
Ерекше талап қоюмен істерді қараудың ерекшеліктері
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz