Қылмыстарды ашуда және тергеуде ішкі істер органдарын ақпараттық талдаумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 343. 98:002 Қолжазба құқығында

АМИТОВ ШАМШИДИН ЕГЕНБЕРДИЕВИЧ

Қылмыстарды ашуда және тергеуде Ішкі істер органдарын

ақпараттық талдаумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері

12. 00. 09 - қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы;

жедел-іздестіру қызметі

заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

Жұмыс Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының криминалистика кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекші заң ғылымдарының докторы, профессор

Еркінов Серік Есжанұлы

Ресми оппоненттері заң ғылымдарының докторы, профессор

Исаев Әжімұрат Алыбалаұлы

заң ғылымдарының кандидаты

Балашов Талғат Төлеуұлы

Жетекші ұйым Б. С. Бейсенов атындағы

Қазақстан Республикасы ІІМ

Қарағанды заң институты

Диссертация 2007 жылдың 26 мамыр күні сағат 11. 00-де Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы жанындағы К 14. 20. 10 заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесте қорғалады. Мекен-жайы: 050060, Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 29.

Диссертациямен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2007 жылдың 25 сәуірде таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

заң ғылымдарының кандидаты Құлмұханбетова Б. А.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ұсынылған диссертациялық зерттеу қылмыстарды ашуда және тергеуде ішкі істер органдарын ақпараттық талдаумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған. Диссертациялық зерттеуде криминалистикалық есептерді қалыптастырудың негіздері және шарттары, сондай-ақ криминалистикалық тіркеудің теориялық дамуына құқықтық баға беріліп, құқық қорғау органдарындағы криминалистикалық тіркеудің құқықтық реттелуін жетілдіру шаралары бойынша ұсыныстар жасалынды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жиырмасыншы ғасыр тарихқа ғылыми - техника және технологиялық дамумен байланысты үлкен өзгерістер кезеңі ретінде кірді. Техниканың және технологияның дамуы қылмыстың жаңа түрлерін, қылмыс жасаудың жаңа әдіс тәсілдерінің туындауына ықпал етеді. Тиісінше аталған қылмысқа қарсы тұру үшін құқық қорғау органдарымен қылмыстарды ашу және тергеу процесін ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету дәрежесін жетілдіру қажет.

Экономикалық, әлеуметтік, саяси және моральдік - психологиялық сипаттағы криминогендік факторлар құқықтық тәртіп жағдайына, азаматтардың жеке қауіпсіздігіне және мемлекеттік қауіпсіздікке келеңсіз әсер етуде. Қылмыстың қанат жаюы мемлекетке және басқа да қоғамдық қатынастарға қауіп төндіру сипатын иемденуде осыған байланысты, Ішкі істер органдарын жетілдіру бойынша тиісті ұйымдастыру шаралары мен тәжірибек қызметінде орын алған проблемаларды шешудің жаңа теориялық өңдемелерін жасау міндеттері туындайды. Криминалистика және басқа да ғылымдардың соңғы жетістіктерін Ішкі істер органдарының тәжірибе қызметіне енгізу мен оны тез игеру қауіп төндіріп тұрған қылмысқа табанды түрде қарсы әрекеттер жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында қоғамды реформалаудың әлеуметтік маңызды проблемалардың бірі қылмыспен күрес болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті «Қылмыстың ұстамсыз өсуі мемлекетке және қоғамға, азаматтардың өмірі мен мүліктері үшін және Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруде» деп атай келе, «Заңның абсолютті жоғарлығын белгілеу және заңды бұлжытпай орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау . . . билікпен заңнамалардың барлық күшін өзіне заңсыз жолмен бақуатты өмір сүру жағдайын жасағандарға қолдану» керек екендігін көрсетті [1] .

Ресми статистика соңғы жылдары жалпы қылмыстың тұрақсыздық тенденциясын байқатады. Республика бойынша 2004 жылы жалпы 143550 қылмыс тіркелсе, 2005 жылы олардың саны 146347 жетіп, 1, 9 пайызға өскен ал, 2006 жылы 141271 қылмыс тіркеліп -3, 5 пайызға төмендегендігін байқаймыз [2] . Дегенмен де, қылмыстық құбылыстардың латенттік дәрежесі жоғары екендігін айта кеткен жөн.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымды бағыттары ретінде ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі белгіленіп, оларды жүзеге асыруда Ішкі істер органдарына үлкен сенім білдірілген [3, 34 б] . Алайда, қылмыскерлердің жауаптылықтан бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша Ішкі істер органдарымен қолданылып жатқан шаралар әзірше кәсіби деңгейде көңіл толарлықтай емес. Қылмыс жасаған әрбір екінші қылмыскер анықталмаған немесе кінәлілер оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен. Қылмыскерлердің анықталуы және қылмыстың төмен дәрежеде ашылу себебінің бірі, криминалистикалық тіркеу саласында қалыптасқан кешенді проблемалар болып табылады. Себебі, қылмыстарды ашуды және тергеуді ақпараттық талдаумен қамтамасыз етуде, криминалистикалық есептерде жинақталған мәліметтерді дұрыс қолдану мен тиімді ұйымдастыру маңызды рөл атқарады. Соған орай, Ішкі істер органдарының тергеу және жедел қызметтерін ары қарай реформалау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алқа шешімімен ішкі істер органдарының жүйесінде тергеу және жедел қызметті ақпараттық - талдаумен қамтамасыз етуді жетілдіру негізгі бағыттардың бірі ретінде атап көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1 наурыз 2006 жылғы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты Қазақстан халқына Жолдауының Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру басымдығын нақты іске асыру мақсатында, Үкіметке «Электронды үкімет» жобасын жеделдету міндеттелді. Ол үшін биылғы жылы «Біріздендірілген номерлердің ұлттық тізімі туралы» Заң қабылдауға және «Ақпараттандыру туралы» Заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі тиіс екендігі тапсырылды. Нақты іске асырылған жағдайда мұның өзі әрбір азаматтың қазіргі кезде жиі талап етіліп жүрген салық төлем нөмірі, әлеуметтік жеке коды, төлқұжат нөмірі және басқа да құжаттардың орнына өзінің әмбебап дербес кодын иеленуіне мүмкіндік беретіндігі атап көрсетілді [4, 5 б] . Ақпараттық технологияның дамуы кез-келген салада басқару міндеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Жекелегенде, ақпаратсыз Ішкі істер органдарының барлық басқару міндеттерін жүзеге асыру мүмкін еместігіне назар аудару қажет, жекелегенде: талдау жұмысын жоспарлау, өзара әрекеттесу, бақылау, кадрлық қамтамасыз ету және т. б. Демек, ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету тергеу және жедел қызметті ұйымдастыруда, қылмыстарды ашу мен тергеу барысында маңызды рөл атқарады.

Егерде Ішкі істер органдарының жедел аппараттарының тәжірибе қызметін алатын болсақ, бұл қызметтің қылмыспен күрестегі әрекет тиімділігі олардың сыртқы қызмет ету ортасын және ішкі шарттарын сипаттайтын әртүрлі ақпараттарды дер кезінде іздестіруге, оларды тексеру сапасына, жинау және өңдеу, қалыптастыру, сақтау, беру және қолданумен тікелей байланысты. Көрсетілген қызметтің ақпараттарды қандай сапада, деңгейде ұсынуына сәйкес алдын - ала тергеудің де, нәтижесі соған байланысты болады.

Зерттеу көрсеткендей, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жүйесінде жинақталған криминалистикалық есептер көмегі қылмыстарды ашу барысында орташа есеппен 19-дан 30 пайызға дейін қолданылады. Алайда, бұл көрсеткішті қанағаттанарлық деп қарауға болмайды. Сол себептен де, криминалистикалық тіркеу туралы ілімді ары қарай дамытып-жетілдіру, қылмыстарды ашу және тергеу процесі барысында криминалистикалық тіркеу мәліметтерін қолдану тиімділігін көтеру ерекше маңыздылықты және өзектілікті иемденеді.

Криминалистикалық әдебиеттерде, криминалистикалық тіркеу туралы ілім жеке криминалистикалық теория ретінде танылған. Алайда, осы күнге дейін оның ғылыми фундаменталды терминологиялық аппаратқа жатымды бірыңғай пікірі болмай, тек қана ілімнің жіктеулік бөлімін өңдеу сатысында қалуда. Басты назар аударатын мәселе тіркеу қызметінің құқықтық реттелуі. Атап айтқанда, Ішкі істер органдарындағы тіркеу қызметі ведомствалық нормативтік актілермен реттелген ал қолданымдағы заң актілері негізінен сілтемелі сипат алады. Тіркеу қызметін жүзеге асыру барысында туындайтын азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қозғайтын, қоғамдық қатынастарды тиісті құқықтық реттеу болмай отыр.

Құқық қорғау органдары осы күнге дейін криминалистикалық тіркеу процесін басқару бойынша ғылыми өңдемелермен қаруланбаған. Олардың қызметін ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету жеткіліксіз және қажетті деңгейде емес. Тәжірибе қызметкерлері көп жағдайларда криминалистикалық есептердің мүмкіндіктері туралы бейхабар.

Криминалистикалық есептерді тәжірибе қызметінде қолданудың проблемалары болып, криминалистикалық тіркеудің ғылыми теориялық ережелердің жеткіліксіз өңделгендігі табылады. Қарастырылып отырған проблема жеке зерттеу шеңберінде кешенді сипат алған жоқ. Осыған байланысты көптеген күрделі сұрақтар бүгінгі таңға дейін аз зерттеліп өз шешімін таппай қалуда. Сол себептен, әрекет шараларын өңдеу, тәжірибеге жаңа ұйымдастыру және Ішкі істер органдарымен қылмыстарды ашуда, тергеуде ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету қызметінің құқықтық негіздерін енгізу теориялық және тәжірибе қатынасында өзекті проблеманы ұсынады. Жоғарыда көрсетілгендер тақырыпты, сондай-ақ диссертациялық зерттеудің жалпы бағытын, затын таңдауға себеп болды.

Проблеманың зерттелу деңгейі. Криминалистикалық әдебиеттерде, қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алуда криминалистикалық тіркеумен байланысты сұрақтарды қарастырып зерттеуге, криминалистика саласында бірқатар жұмыстар арналды. Атап айқанда, өткен жүзжылдықтың ғалымдары - А. И. Винберг, С. М. Потапов, П. С. Семеновский, Н. В. Терзиев, Б. М. Шавер, И. Н. Якимов - қылмыскерлерді тіркеудің жаңа тәсілдерін өңдеуге және негіздеуге ерекше назар аударды. Соңғы жылдары криминалистикалық тіркеу проблемаларын шешуге өздерінің ғылыми зерттеулерін ғалым - криминалистер Т. В. Аверьянова, Ф. Г. Аминев, А. Ф. Аубакиров, Э. Анушат, Р. С. Белкин, Б. М. Бишманов, А. В. Брылевский, А. Н. Васильев, Н. И. Вытовтова, Р. Е. Демина, С. Е. Еркінов, Е. Ғ. Жәкішев, Г. А. Зорин, А. А. Исаев, М. К. Каминский, В. Я. Колдин, В. В. Крылов, Қ. М. Кучуков, А. М. Ларин, И. М. Лузгин, Н. Н. Лысов, В. М. Мешков, М. А. Миловидова, Н. Е. Мещеряков, Б. М. Нұрғалиев, В. А. Образцов, Н. С. Полевой, А. В. Пахомов, Л. Д. Самыгин, М. В. Салтаевский, В. И. Титов, Б. Х. Толеубекова, А. Д. Урсул, Ю. И. Черняк, В. Ю. Федорович, А. М. Ишин, М. Н. Хлынцов, У. Р. Эшби, А. Ж. Шпекбаев, С. А. Ялышев, Н. П. Яблоков және тағы басқа ғалымдар арнады. Аталған ғалымдар криминалистикалық есеп түрлерін талдауға, криминалистика ғылымының жүйесінде криминалистикалық тіркеу орнын белгілеуге, криминалистикалық тіркеуді ұйымдастыруды жетілдіру және бүгінгі күнгі таңның талаптарына сәйкестендіру, есептерді автоматизациялау проблемаларына басты назар бөлді.

Жедел-іздестіру теориясының іргетасын қалаушылар ретінде Б. А. Абдрахманов, А. И. Алексеев, А. И. Богданов, Б. Е. Бобров, Д. В. Гребельский, А. Г. Лекарь, В. А. Лукашов, С. С. Овчинский, Г. К. Синилов, Қ. Ш. Уканов және басқа да ғалымдарды атап өтуге болады.

Қазақстан Республикасында қарастырылып отырған проблема бүгінгі күнге дейін өздігінше монографиялық тұрғыда зерттеу заты ретінде болмады. Жоғарыда аталып көрсетілген және басқа да авторлардың еңбектерінде құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы қызметтерін ақпараттық талдаумен қамтамасыз етудің жалпы ережелері немесе бұл проблеманың жекелеген аспектілері мазмұндалған. Қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алуды ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету проблемаларын кешенді жан-жақты қамтылуын қарастырған еңбектерден толық байқалмай отыр. Осыған орай құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы қызметін ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету барысын ары қарай ғылыми өңдеуді және теориялық негіздеуді талап ететін көптеген даулы ережелер туындауда.

Зерттеудің мақсаты . Диссертациялық зерттеу мақсаты криминалистикалық тіркеу туралы ілімнің теориялық негізі мен ақпараттық тіркеуді құру және жүзеге асыру, қылмыстық оқиғалар салдарынан ақпараттық құбылыстар заңдылықтарын таным негізінде тіркеу қызметін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жинаумен және өңдеумен қортындыланады.

Зерттеудің міндеттері Диссертациялық зерттеу келесідей міндеттерді алға қоюды және шешуді ұсынады:

- ақпарат туралы түсініктің генезисі және криминалистикада ақпараттық өзара әрекеттестікті қарастыруды;

- криминалистикалық тіркеу түсінігін ашуды және талдауды, оның методологиялық негіздерін өңдеуді;

- криминалистикалық есептерді жинақтау мен жүргізу қызметін және ұйымдастырудың құқықтық негіздерін зерттеуді;

- ақпараттың және құқық қорғау органдарын ақпараттық қамтамасыз етудің түсінігін және мазмұнын құруды;

- Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде криминалистикалық тіркеудің қазіргі жағдайын, тіркеу органдарына есеп мәліметтерін ұсыну және оларды ары қарай қолданумен байланысты жедел-іздестіру және тергеу тәжірибесін зерттеп ұсыныстар беруді;

- тіркеу ақпараттымен және оларды қылмыстарды ашу және тергеу процесінде пайдаланудың қолданымдағы құралдарын және жұмыс әдістерін жетілдіруді;

- тіркеу қызметін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстамалар және оларға жаңа ақпараттық технологияларды енгізу үшін ұсыныстарды өңдеуді.

Зерттеудің объектісі болып екі өзара қарама-қарсы құбылыстардағы адамдық әрекет: яғни, бұл бір жағынан ақпараттық аспектіде қарастырылатын қылмыстық әрекет, ал екінші жағынан-қылмыспен күреске бағытталған құқық қорғау органдарының тіркеу қызметі табылады.

Зерттеудің заты ретінде қылмыстық оқиғаға қатысы бар ақпараттарды жинау, өңдеу (зерттеу, бағалау және жүйелеу), қолдану заңдылықтары және осы заңдылықтарға негізделген қылмыстарды ашу және тергеу бойынша қызметті ақпараттық талдаумен қамтамасыз етудің құралы, әдістері, тәсілдері жатқызылады.

Зерттеудің методологиялық негіздері. Зерттеудің методологиялық негізін әлеуметтік-құқықтық процестер мен құбылыстарды талдаудың жалпығылыми және жеке диалектикалық таным әдісі құрайды. Сонымен қатар, логикалық, жүйелік-құрылымдылық, әлеуметтік-құқықтық талдау, сондай-ақ криминалистиканың арнайы әдістері, бақылау тәсілдері, сауалнама жүргізу, кеңейтілген және статистикалық сипаттық әдістері қолданылады.

Диссертациялық зерттеу ғылыми материалдарды оқуға және қолдануға, тиісті құқықтық қайнар көздерді талдауға негізделген. Олар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, нормативтік қайнар көздер (Заңдар, Президент Жарлықтары), Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствалық нормативтік актілері, сондай-ақ шет елдер және халықаралық құқықтық құжаттары.

Зерттеудің теориялық негіздері ретінде Б. А. Абдрахманов, Е. О. Алауханов, В. Г. Афанасьев, Т. Т. Балашов, Р. С. Белкин, А. И. Берг, Б. М. Бишманов, А. Н. Васильев, А. И. Винберг, И. А. Возгрин, А. Я. Гинзбург, В. М. Глушков, Л. Я. Драпкин, Н. П. Дубинин, И. Н. Евсюнина, С. Е. Еркінов, Е. И. Зуев, Г. Г. Зуйков, А. А. Исаев, А. П. Ипакян, Е. П. Ищенко, Ю. Х. Калмыков, Л. М. Карнеева, Ю. М. Козлов, Л. Д. Кокарев, Л. О. Красавчикова, Е. І. Қайыржанов, М. Ч. Қоғамов, В. Т. Лабузной, М. Н. Малеина, Н. С. Малеин, С. Э. Мерзляков, Б. М. Нұрғалиев, А. Ю. Пересункин, Н. С. Полевой, Д. П. Рассейкин, Е. Р. Россинская, Г. Р. Рустемова, Б. А. Салаев, П. С. Семеновский, А. П. Суханов, Н. В. Терзиев, Б. Х. Төлеубекова, В. Н. Тростников, Б. М. Шавер, Б. И. Шевченко, К. Шеннон, Л. Г. Эджубов, А. М. Яглом, И. Н. Якимов, С. А. Ялышев және т. б. жұмыстары қолданылды.

Зерттеудің эмпирикалық негіздері. Диссертацияны дайындау барысында Қазақстан Республикасы ІІМ ведомствалық есептер, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және арнайы есептер Комитетінің ресми құжаттары қолданылды. Сондай-ақ, Алматы қаласы, Алматы, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменттерінің тергеу, жедел және сараптық департаментінің 130 қызметкерлерінен жүргізілген сауалнамалар, Алматы қаласы, Алматы, Қызылорда облысының соттарында 200 қылмыстық істерді оқып танысу қортындысы, автормен қылмыстарды ашу және тергеумен байланысты қызметті ақпараттық талдаумен қамтамасыз етудің әдістері және тәсілдері туралы материалдары және ізденушінің тергеу және басқару лауазымда қызмет атқарған жеке тәжірибесі құрайды.

Өзге де ғылыми зерттеу бағдарламаларымен байланысы. Диссертациялық зерттеу тақырыбы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының Ғылыми Кеңесі мәжілісінде бекітілген (28 қазан 2004 жыл № 58 хаттама) . Зерттеу Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының ғылыми зерттеу жоспарына сәйкес жүргізілді (Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының 2005 жылға ғылыми зерттеу жоспары 1 бөлім; 1. 3. бөлімше. Диссертациялық зерттеулер. 150 позиция. Жоспар Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының Ғылыми кеңес мәжілісінде талқыланып бекітілген № 59 хаттама. 25. 11. 2004 ж) .

Зерттеудің ғылыми жаңалығы қарастырылған мәселелердің кешенді және криминалистикалық әдебиеттерде аз өңделгендігімен қортындыланады. Ақпарат туралы ғылыми түсініктерді және оның түбірінде жатқан криминалистикалық жалпы теорияны талдау негізінде, алдын ала тергеу процесін ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету түсінігін, құрылымын, мазмұнын және негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретін қылмыстарды ашу және тергеу бойынша қызметті жүзеге асырудың негізгі қадамдары өңделді.

Ғылыми зерттеу тақырыбы өзінің мазмұны бойынша, Қазақстан Республикасының қолданымдағы Заң негізінде құқық қорғау органдарының қылмыспен күресте тергеу және жедел қызметті ұйымдастыру сұрақтарына қатысты кешенді түрдегі алғашқы монографиялық зерттеудің бірі болып табылады.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы қорғауға ұсынылған криминалистикалық тіркеу теориясы негізін кеңейтумен және тереңдетумен қортындыланады. Автордың пікірі бойынша, диссертациялық зерттеуде жинақталған теориялық тұжырымдар жеке криминалистикалық теорияның жаңа түсінігін құрастырады.

Жүргізілген зерттеудің тәжірибе үшін маңызды нәтижесі келесідей сипатталады:

- криминалистикалық есептерді ұйымдастырудың жаңа қағидаларын құруда;

- криминалистикалық есептерді қазіргі таңда қолданымдағы ақпараттардың бір контурлы айналым жүйесін, екі контурлы ақпараттық-іздестіру жүйесіне өткізу қажеттілігін негіздеуде;

- «Құқық қорғау органдарындағы есептер туралы» Заң жобасының негізгі ережелерін өңдеуде.

Автор, жұмыста жинақталған тұжырымдар немесе ұсыныстардың құқық қорғау органдарының теориялық және тәжірибе қызметі үшін маңызды екендігін айта келе, ары қарай олардың криминалистикалық тіркеумен байланысты проблемаларды шешу үшін негіз ретінде қолданылуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Жүргізілген зерттеудің жаңалығын сипаттаушы тезистерді негіздеу, қорғауға ұсынылатын келесідей қағидалы тұжырымдар жинақтау мен қалыптастыруға мүмкіндік берді.

1. Криминалистикалық тіркеу үш элементтен тұратын құрылым ретінде ұсынылады. Олар: ғылыми және құқықтық ережелер сондай-ақ, құқық қорғау органдарының тіркеу қызметін құрайтын жүйе. Осыған байланысты, автор криминалистикалық тіркеу деп - ғылыми ережелер және олардың негізінде қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу процесін дер кезінде қажетті ақпараттық талдаумен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға бағытталған құқық қорғау органдарының заңмен реттелген тәжірибелік қызметін түсінуді ұсынады. Бұл қызметтің қортындысы криминалистикалық маңызды ақпараттарды анықтау болып табылатындықтан диссертант ақпарат ұғымын диссертациялық зерттеу тақырыбына қатысты, ол қылмыстарды ашуда және тергеуде қолданылатын криминалистикалық тіркеу объектілері туралы мәліметтер жиынтығы деген тұжырымға келеді. Криминалистикалық ақпараттың қалыптасуын, қолданылуын талдау және зерттеу криминалистикалық есептердің келесідей анықтамасын құруға мүмкіндік берді. Ізденуші криминалистикалық есептер деп - қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу мақсатында қолданылатын ғылыми әдістер және құралдар көмегімен негізделініп мамандармен қайта құралған, өзінде криминалистикалық ақпараттар массивін ұсынатын, құқықтық сипаттағы ақпараттық-іздестіру жүйесін түсіндіреді.

2. Криминалистикалық тіркеу теориясының объектісіне ақпараттық аспектіде қарастырылатын қылмыскердің әрекеті сондай-ақ, қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу процесін ақпараттық талдаумен қамтамасыз етуге бағытталған құқық қорғау органдарының қызметі жатқызылады.

3. Криминалистикалық тіркеумен байланысты нормативтік құжаттарды зерттеу негізінде, «ішкі істер органдарының қызметіне әкімшілік-құқықтық реттеу» институты енетін, құқық қорғау органдарымен криминалистикалық есептерді жүргізу және ұйымдастыру процесінде туындайтын құқықтық қатынастардың ерекше сипаты анықталды. Ол, «билік-бағыныштылық» түріндегі қатынастар. Біріншіден, «билік-бағыныштылық» құқық қорғау органдарының қызметіне жатқызылатын атқарушылық билік тармағында шоғырланған. Екіншіден, «билік-бағыныштылық» үшін тіркеу органының - басқару субъектісі және объектісі - азаматтың болуы міндетті. Үшіншіден, тіркеу органының қызметін жүзеге асыруы, азаматтардың ерік білдіруімен байланысты емес, себебі біріншісі заңды би лікті иемденеді.

4. Криминалистикалық есептерді жіктеу негіздерін талдау, криминалистикалық есептерге қылмыстарды ашу және тергеу процесін ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету үшін қызмет ететін есептерді жатқызып, оның объектісі барлық уақытта қылмыс оқиғасымен себептік байланыста болуы тиіс екендігін айта келе, криминалистикалық есептерді жіктеудің негізі ретінде объектінің тіркеулік сипатын қолдануды және дәрежелеуші мәліметтердің сипаты бойынша талқылынатын, есептердің міндеттерін жатқызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу үрдісінде жедел іздестіру ақпараттарын пайдалану
Қылмыстарды тергеудегі іздеу тактикасының теориялық және қолданбалық мәселелері
Қылмыстарды ашуда арнайы білімдерді қолдану тіркеу қызметін жетілдіру
ҚР ұлттық қауіпсіздік органдары туралы
Гурьев қалалық атқарушы комитетінің ІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі
Сот сараптамасының түрлері
Сот ісін жүргізудегі арнайы білімді қолданудың ұйымдастырушылық негіздері
Экономикалық қызмет саласындағы криминалды жасағансуды тергеу барысында арнайы білімдерді қолдану
Сот сараптамасы туралы
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz