Демографиялық саясат жайында



І. Кіріспе
1. Демография
2. Демографиялық күрт өсу
ІІ. Негізгі бөлім
1. Демографиялық саясат
2. Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады
3. Шетелдердегі демографиялық ахуал
4. Қазақстан Республикасындағы қазіргі демографиялық ахуал.
5. Демографиялық саясаттың мақсаты, міндеттері және қағидаттары
6. Мемлекеттік демографиялық саясатты іске асырудың басымдықтары
мен негізгі бағыттары
7. Мемлекеттік демографиялық саясатты іске асырудың нысандары мен
әдістері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесебілім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға жәнемиграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мысалы, белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады.
1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
2. Тәтімов М.Б. Дербестігіміз - демографияда. -Алматы: Жеті Жарғы, 1999.
3. Борисов В.А. Демография: Учебник для вузов. М., 1999. 2-е изд. 2001
4. Калмыкова Н.М. Демографическая составляющая развития семьи //
Домохозяйство, семья и семейная политика / Под ред. В.В. Елизарова и
Н.В. Зверевой. М., 1997.
5.Демографические процессы современного Казахстана. Алматы. 1995
«Атамұра».

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. Кіріспе
1. Демография
2. Демографиялық күрт өсу
ІІ. Негізгі бөлім
1. Демографиялық саясат
2. Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады
3. Шетелдердегі демографиялық ахуал
4. Қазақстан Республикасындағы қазіргі демографиялық ахуал.
5. Демографиялық саясаттың мақсаты, міндеттері және қағидаттары
6. Мемлекеттік демографиялық саясатты іске асырудың басымдықтары
мен негізгі бағыттары
7. Мемлекеттік демографиялық саясатты іске асырудың нысандары мен
әдістері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу
мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың  ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен
өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың
өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция)
мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың
көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі
адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына
немесебілім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден
екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында
алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен
орналасуының табиғи жағдайларға жәнемиграцияның ықпалына қарай өзгеріп
отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге
ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан
ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мысалы, белгілі
бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-
жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда
жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен
бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-
күйін сипаттауға пайдаланылады.

Демография
Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың,
ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін,
өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып
зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның
көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және
этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және
миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.
Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-
экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-
экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы
өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада
өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық
жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен
өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-
экономикалық процесс заңдылықтарыны ң жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын
ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де
зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының,
сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса
маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде экономикалық
демография деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі – халықтың ұдайы
өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін
демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау.
Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік
қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде
демография саясат, экономика, медиц ина, математика, этнография, т.б.
бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен
тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да
өзге ғылымдарға қажеттідеректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік
ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік
зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері
үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-
құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі; когорт
әдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу); потенциалды демография
әдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау,
оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау
қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистикажолымен есептеу
әдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялық коэффициенттерді пайд алану,
оларды салыстыру, салғастыру тәсілдері де демографияның өзіндік зерттеу
әдістерінің бірінен саналады. Демография ғылымының негізін салушы – ағылшын
ғалымыДж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің
бірнеше жылдық жлазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін
жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған.
Халықтың ахуалын, оның экономикамен байланысын У.Петти және Г.Кинг
(Ұлыбритания), одан соң А.Депарсье (Франция) зерттеді. XVII ғасырдада
мұндай зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану арқылы В.Керсеб
(Голландия), П.В.Варгентин (Швеция), Л.Эйлер (Ресей) және т.б. жалғастырды.
XIX ғасырдан бастап көптеген елдерде халықты тұрақты есепке алу жолға
қойыла бастады және ол жөніндегі нақтылы талдаулар жасау мүмкіндіктеріне
қол жеткізілді. А.Кетле (Бельгия), Ж.Бертильсон (Франция), У.Фарр
(Ұлыбритания), В.Лексис, Г.Ф.Кнапп (Германия), т.б. көптеген статист-
зерттеушілердің еңбектері нәтижесінде демографиялық процестерді сандық
тұрғыдан екшеу мен талдаудың әдістері дами түсті. 1855 ж. француз ғалымы
А.Гийардың еңбегінің тақырыбында демография термині тұңғыш рет
қолданылып, автор оған адамзаттың табиғи және әлеуметтік тарихы деген
анықтама береді. Қазақстандағы демографиялық процестерді тарихи-әлеуметтік
тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарында М.Шоқайдың шет ел
баспасөзінде, М.Тынышбаевтың 1924 ж. Сана журналының 2–3-сандарында
жарияланған деректерін, т.б. статистикалықеңбектерді атауға болады.
Республикада бүгінгі таңдағы кәсіби демографтар М.Б.Тәтімов, Ұ.М.Ысқақов,
Ә.Б.Ғали, М.Сембин, Е.Мұсабеков, С.Қарасаев, А.Елемесова, Н.Ермекова,
А.Әлжанова, т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының, Қазақстан халқының өсу,
даму заңдылықтары зерттелді.

Демографиялық күрт өсу
Демографиялық күрт өсу (Демографический взрыв; грек, demos— халық,
grapho — жазамын) — әлеуметтік- экономикалық немесе жалпы экологиялық
жағдайлардың жақсаруымен байланысты халық санының күрт өсуі.
Демографиялық саясат
Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне
грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге
бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез
келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы
мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне
жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл
мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. Нақтылы
негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық
санағы жүргізіліп отырады.Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен
құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері
шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамыған және дамушы елдерге
бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық
саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап
кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған
елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.

Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады
Экономикалық (ақысы төленетін демалыс және бала туылған кезден
әртүрлі жәрдемақылар, баланың санын а, жасына, отбасы жағдайына
қарамай жәрдемақылар тағайындау; қа рыздар, несиелер, салықтық және тұрмыс,
үй жеңілдіктерін беру және т.б.);
әкімшілік-құқықтық (заңнамалық актілер, реттелетін  некелер,  ажырасу,
 отбасындағы балалардың жағдайы, алименттік төлем міндеттері, ана мен бала
денсаулығын сақтау, жасанды түсік және бала көтеруден сақтану құралдарын
қолдану, жұмысқа жарамсыздарды әлеуметтік қамтамасыз
ету, жұмысбастылық жағдайлары, жұмы с істейтін әйел-аналардың еңбек тәртібі,
ішкі және сыртқы көші-қон және т.б.);
қоғамдағы нақтылы демографиялық климаты қалыптастыруға,  демографиялық
мінез-құлықтың қоғамдық пікірді, ережелерді, стандарттарды қалыптастыруға
бағытталған тәрбиелік және насихаттық шаралары.
Демографиялық қауіпсіздік - үздіксіз табиғи ұрпақ жалғасуының және
өмір сүрудің қорғалуы. Демографиялық қауіпсіздікмемлекет пен қоғамның
әлеуметтік-экономикалық, саяси, құқықтық, өнегелік-психологиялық және басқа
да тектік қорды қорғау мен дамытуға, ұлт саулығын сақтау мәселелеріне
қатысты шараларды жүзеге асыруы.
Адамзат өз дамуының қазіргі кезеңінде демографиялық дағдарыс сатысында
тұр, бұл қоғамның келеңсіз ахуалын көрсетеді. Осының себебі бойынша одан
шығудың нақты жолдарын іздеу көптеген елдер үшін айрықша өзекті болып отыр.
Қазір әдеттен тыс жағдай қалыптасып отыр. Халық санының тым артуы
қорқушылықтың еш негізі болмағанымен, бүгінде әлемдегі халық санының тым
арту мәселесі алаңдаушылық туғызып отыр.  
ХІХ ғасырдың басында Т.Мальтус 25 жылдан кейін жер шары халқының екі
есе ұлғаятынын болжаған еді. ХХ ғасырда оның болжамы алаңдаушылықтың
жеткілікті себебі болды, өйткені  халық саны шынында  да күрт өсе түсті.
Жер шарының екі миллиардыншы тұрғыны 1925 жылы, алты миллиардыншы тұрғыны
1999 жылы туды. Халық санының тым артуы проблемасына алаңдаушылық білдірген
Мальтузианшілер қозғалысы өз пікірінен айнымай отыр. Алайда, елдік
демографиялық моделді зерделеу кезінде адами ресурстардың жетіспеушілік
үрдісі байқалады, мемлекеттердің халқы қартаю үстінде.  Әлемде, әсіресе
оның дамыған бөлігіндегі негізгі проблема – бұл бала туудың төмендеуі.
Дегенмен, мейілінше аз дамыған елдерде керісінше ахуал басым – онда халық
саны төмендемей, керісінше өсіп келеді және егер табиғи халық өсімі төмен
негізінен Еуропа елдері бірінші ондыққа кірсе, ал халық санының өсімі
барынша жоғары елдер ондығына аса кедей африка  елдері кіреді.
Қазіргі заманғы мемлекеттің дамуы процесінде демографиялық
проблемаларды шешудегі шетел тәжірибесін зерделеу аса маңызды  болып
табылады. Шетел мемлекеттері жинақтаған тәжірибені пайдалану отандық реттеу
институттарын жетілдіруге, тәжірибеде өз өміршеңдігін көрсеткен барынша
тиімді моделдер мен жолдарды қолдануға ықпал етеді.

Шетелдердегі демографиялық ахуал
Шетелдерде ұлттың қартаюы және өмір ұзақтығы проблемасы айрықша өзекті
болып отыр.
Өмір ұзақтығы барынша жоғары елдер рейтингінде Андорра (Франция мен
Испания аралығындағы Пернейде орналасқан мемлекет, орташа өмір ұзақтағы
83,5 жылға дейін) көш бастап келеді. Ел екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
айтарлықтай гүлденді, бұған дейін ол оқшау және кедейлік жағдайында болған
еді.
Жапония, Макао (Қытайдың айрықша әкімшілік ауданы), Сан-Марино мен
Сингапурда өмір ұзақтығы жоғары.
 Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан Африка елдеріндегі адамдар ең
аз өмір сүреді. ЖҚТБ ауруы, аштық пен азамат соғыстары халықтың 35 жасқа
жетпей өлуіне әкелді. Свазиленде елінде адамдар тым ерте өледі, ондағы
орташа өмір ұзақтығы 34,1 жылды құрайды. Замбия, Ангола, Либерия және
Зимбабвадағы ахуал бұдан сәл жақсы.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қазіргі кезге дейін Ресейде халық
санының күрт төмендеуі байқалып отыр. РФ Мемлекеттік статистика комитеті
мен демограф Е. Андреевтің болжамы бойынша халық санының азаю серпіні
мынадай: 2010 ж. – 138,7 млн. адам; 2020 ж. – 131,2; 2030 ж. – 121,1; 2040
ж. – 108,3; 2050 ж. – 93,8 млн. адам. 
РФ денсаулық сақтау министрінің мәлімдемесі бойынша 2011 жылға халық
санының құлдырауын 143 млн. деңгейінде ұстап тұру жоспарлануда. Әр жыл
сайын Ресей халқы 700–150 мың адамға азайып отыр. Халық санын 2011 жылы 143
млн. адам деңгейінде ұстау арқылы тұрақтандырудың негізі жоқ. Бірқатар
себептер бойынша, ең бірінші Ресей халқы санының мониторингі  деректері
бойынша қазіргі кездегі халық саны 143 млн. адам, яғни 2011 жылы азаю саны
және 3 млн. адамды құрайды. Осылайша, үміттене отырып есептегеннің өзінде
2011 жылы Ресейліктер саны 140 млн. адамды құрайды. 
2050 жылға дейінгі Ресей халқының өсім серпінін болжаудың барлық
нұсқалары, тіптен бала туудың және халықтың өлімінің  ең  ілгерінді
өзгерісі кезінде оның жастық құрылымының ерекшеліктері салдарынан (халық
құрамында жастар үлесінің аз болуы және жасы үлкен топтардың жоғары болуы)
халықтың табиғи өлімінің болмай қоймайтынын көрсетіп отыр.
Сондықтан Ресей халқының санын қазіргі 143 млн. адам деңгейінде сақтау үшін
халықты шетелден тарту есебінен халықтың көші-қон санын айтарлықтай
ұлғайтуды қажет етеді.
РФ Федералдық мемлекеттік статистика қызметінің болжамдық бағаларына
сәйкес, халықтың табиғи қозғалысы болжамының көрсеткіші бойынша 50 жыл
ішіндегі иммиграциялық  сальдо кемінде 43 млн. адамды құрауы тиіс, яғни
ілгерінді демографиялық серпінді сақтау үшін жыл сайын Ресейге 900 мың адам
келуі тиіс.
Қазіргі кездің өзінде еңбек ресурсі Ресейде ең маңызды мәселе болып
отыр. 2010 жылға дейін жинақталған жұмыссыздықтың (жасырын жұмыссыздықты
қоса алғанда) қысқаруы және зейнеткерлік жасты ықтимал арттыру есебінен
еңбек ресурстарының азаюы күшті сезілмеуі мүмкін.
Бірақ, егер Ресейде жұмыс күшіне қажеттілік өсетін болса, онда жақын
келешекте еңбек ресурстарын толықтырудың жалғыз, нақты көзі иммиграция ғана
болмақ. Бұл жағдайда Ресей үшін әлеуметтік игіліктер Ресеймен 
салыстырғанда төменгі деңгейдегі бұрынғы кеңес елдері жалғыз демографиялық
көз болмақ.
Дамыған Германияда да демографиялық ахуал қиын. Демография жөніндегі
мамандардың айтуынша халық санының азаюы себебі бала тууды ынталандыруда
емес, қоғамдағы әйелдің әлеуметтік рөлінің өзгеруінен болып отыр.  Неміс
әйелдерінің ұрпақ қалдыруы тым кейіндеп және сиреп барады. ГФР статистика
ведомствосының деректері бойынша 35 жасқа дейінгі неміс әйелдерінің  40%-
ының әлі балалары жоқ. 
Немістер ұлт ретінде қартаю үстінде. Денсаулық сақтау саласындағы
ілгерілеушілік және әлеуметтік ахуалдың жақсаруы арқасында өмір ұзақтығы
әйелдерде 84 жасқа дейін, ерлерде 78 жасқа дейін ұлғайды. Алайда, сонымен
қатар бала туу төмендеп кетті.  Германиядағы бала туушылық коэффициенті 1,3
құрайды, бұл халық санын толықтыру үшін жеткіліксіз. Мұндай келеңсіз серпін
кезінде болжамдар бойынша ел тұрғындарының саны қазіргі 82 млн адамнан 2050
жылға қарай 67 млн. адамға дейін азаюы мүмкін, яғни елдің әрбір үшінші
тұрғынының жасы 60-тан асатын болады.
Бүгінде әрбір зейнеткер неміске әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна
төлейтін тек үш жұмыс істейтін тиесілі. 20 жылдан кейін бұл қатынас екіге
бір болмақ. Кельн Экономикалық зерттеулер институтының директоры Михаэль
Хютердің пікірі бойынша ГФР-дегі бала туудың төмендеуі германия
өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттігіне күйрете соққы беріп, уақыт өте келе
экономика өсімін тоқтатады.
Саны жағынан әлемдегі халқы ең көп Қытайда да ұлттың қартаюы мен
гендерлік баланстың (гендерлік асимметрия) сияқты айтылу демографиялық
проблемалар бар. Мәселен, неке жасындағы еркектердің саны әйелдерден 18
млн. адамға көп. ҚХР демографиялық саясат және бала тууын жоспарлау
жөніндегі мемлекеттік комитеттің деректері бойынша ауылдық аудандардағы
ерлер мен әйелдер арасындағы қатынас 122,85:100 құрайды, бұл жалпы ұлттық
көрсеткіштен - 119,58:100 астам. 2020 жылы 20-45 жастағы ерлердің саны
әйелдерге қарағанда 30 млн. адамға астам болады деп болжануда.  Қазіргі
кезде орта есеппен Қытай бойынша  халық тығыздығы бір шаршы километрге 140
адамды құрайды.
Мұндай жағдайда Қытай елден өз азаматтарының кетуін көтермелейтін
болады, бұл көрші мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне келеңсіз әсер етуі
мүмкін.
Гендерлік баланстың бұзылуы дамыған өңірлердегі ерлер әйелдер санынан
астам болып отырған Үндістанда да байқалып отыр. Бұл құбылыстың себебі
жыныстық белгі бойынша бала алдыру тәжірибесінің таралуында жатыр.
Мемлeкеттік демографиялық саясаттың тұжырымдамасы (бұдан әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демография және әлеуметтану
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша көзқарастар
Қазіргі кездегі демографиялық проблема
Халық санының орналасу және динамика көрсеткіштері
Қазақстандағы демографиялық процестер
Демографиямыздың талғары
Халықаралық миграция және мемлекеттердің миграциялық саясатын шешу принциптері
Қазақстан халқының демографиялық өсу көрсеткіштері
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы
Миграциялық процестердің Қазақстан Республикасының демографиялық эволюциялық дамуға әсері
Пәндер