Еуропа және Америка мемлекеттерімен қатынастар



Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы қатынастар
Жалпы мағлұматтар
Саяси қатынастар
Сауда.экономикалық ынтымақтастық
Мәдени және гуманитарлық саладағы ынтымақтастық
Білім саласындағы ынтымақтастық
Қазақстан мен Германия
Екіжақты қатынастар түрлі деңгейдегі байланыстардың жоғары қарқынымен айқышталады, олар достық пен өзара сенімге негізделген. Халықаралық саясат мәселелерінің басым көпшілігі бойынша ұстанымдарда түсініспеушілік немесе алшақтық жоқ.
Екі мемлекет арасында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру саласында, сондай-ақ халықаралық лаңкестікке және есірткімен саудаға қарсы, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгілейтін түрлі құжаттарға қол қойылған.
Олардың ішінде соңғы екі жылда ғана қол жеткізілген төмендегі құжаттар мен уағдаластықтарды ерекше атап өтуге болады:
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы болашақ үшін ынтымақтастық туралы Бірлескен мәлімдеме, 2008 жыл;
ҚР Өндіріс және сауда Министрлігі мен ГФР Экономика және технологиялар Министрлігі арасындағы 2011 жылға дейінгі инновациялық-инвестициялық серіктестікті қалыптыру мақсатындағы ынтымақтастық туралы Біріккен мәлімдеме, 2008 ж.;
ҚР Үкіметі мен ГФР Үкімет арасындағы Қазақ-Неміс университетін дамыту барысындағы ынтымақтастық туралы Келісім, 2008 ж.;
ҚР мен ГФР арасындағы Болашақ үшін серіктестік аясындағы Іс-әрекеттер Бағдарламасы, 2009 ж..
2009 жылғы 3 ақпанда Елбасы Н.Назарбаевтың ГФР-ға ресми сапары болып, сол күні екі ел Президенттері «Қазақстанның Германиядағы жылын» салтанатты түрде ашты. Сапар барысында Федералдық президент Х.Келермен және Федералдық канцлер А.Меркельмен келіссөздер өтті. Президент Н.Назарбаев Берлинде жүзден аса герман кәсіпкерлерінің өкілдері мен қазақстандық ресми делегация қатысқан қазақ-неміс бизнес-форумында сөз сөйлеп, екіжақты сауда-экономикалық байланыстардың мүмкіндігін толық пайдалану қажеттігіне тоқтады. Бизнес-форум барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылды. Соның нәтижесінде 2009 жылғы 26 қазанда Астанада «МЕТРО» компаниясы жобалары жүйесінің бірінші әмбебап дүкені ашылды.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қарсаңында ү.ж. 7 мамыр айында ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің Германияға сапары қазақ-неміс қатынастарын жаңа деңгейге көтеру барысына айтарлықтай серпін берді. Сапар кезінде қол қойылған «Іс-әрекеттер Бағдарламасы» іс жүзінде екі ел арасындағы полифункционалдық серіктестік аясындағы нақты жобаларды жүзеге асыруға бағытталған «Жол картасы» болып табылады.
2009 жылғы 10 маусымда ҚР Әділет министрі Р.Түсіпбеков Берлинде ГФР Федералдық әділет министрі Б.Циприспен кездесіп, министрліктер арасында тәжірибе алмасу және құқықтық ынтымақтастық туралы Бірлескен Мәлімдемеге қол қойды.
Сыртқы саясат саласындағы екі елдің бастамалары мен ұмтылыстары өзара толықтырып, қолдау табуда. Соның ішінде Германия тарапының Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға Төрағалығына, ЖСҰ-ға мүше болуға деген ұмтылысына қолдау көрсетуін, сонымен қатар Қазақстанның Германияның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүше болуын қолдауын атап өтуге болады.
2009 жылдың 23-25 мамырында Парламенттегі Президент өкілдігінің басшысы А.Бейсенбаев басқарған ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің 5 депутаты неміс тарапының ЕҚЫҰ-ға дайындық барысында іске асырып жатқан «Қонақтар бағдарламасы» аясында Германияда болып, Бундестагта, Канцлер кеңсесінде, СІМ-де, ІІС-те, сондай-ақ Германияның саяси қорларында болып, қазақ-неміс қатынастарының өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕҚЫҰ қызметінің негізгі принциптері мен стандарттары, шешім қабылдаудың тетіктері мен үдерістері, мемлекеттік органдардың транспаренттігі мен ашықтығы туралы пікір алысты.
2004 жылдан бері Герман Бундестагы жас қазақстандық саясаткерлер үшін «Халықаралық парламенттік практика» бағдарламасын іске асыруда.
Германия 2007 жылғы 22 маусымда Брюссель қаласында ЕО Саммиті барысында қабылданған ЕО-ның Орталық Азия мемлекеттері бойынша жаңа Стратегиясын дайындауға бастау болды. Бұл құжатта ЕО мемлекеттерінің ОА елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастығының басты бағыттары бекітілген. Қазақстандық «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы ҚР мен Еуропа Одағы елдері арасындағы ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге көтерудің нақты салалары мен тетіктерін белгілеп берді.
Екіжақты қатынастарды нығайту үдерісіне Қазақстан Республикасының ГФР Федералдық жерлері- Бавария, Баден-Вюрттемберг, Төменгі Саксония, Гамбург, Бремендегі Құрметті консулдар институты оң үлесін қосуда. Қазақстан Республикасының беделді де іскер тұлғаларды Құрметті консул етіп тағайындауы әсіресе аймақтық жерлердегі қазақ-неміс ынтымақтастығын дамытуға өте пайдалы.
Қазақстанда тұрып жатқан ұлты неміс азаматтар (230 мың) мен Германияға қоныс аударған бұрынғы қазақстандықтар (924 мың), сондай-ақ осы елдегі этникалық қазақтар (1 мыңнан аса) екі ел арасындағы қатынастардың дәнекері болып табылады. Осы топтарды әсіресе кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірлескен бағдарламаларға тарту ҚР мен ГФР арасындағы ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосуда. Қазақстанда тұрып жатқан этникалық немістер мәселелеріне байланысты тұрақты жұмыс істейтін Қазақ-Герман Үкіметаралық комиссиясының жеті отырысы болып өтті.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН ҚАТЫНАСТАР

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы
арасындағы қатынастар

Жалпы мағлұматтар
1991 жылғы 31 желтоқсан- Германия Федеративтік Республикасы
Қазақстан Республикасының егемендігін таныды.
1992 жылғы 11 ақпан- екі ел арасында дипломатиялық қатынастар
орнатылды.
1992 жылғы желтоқсан- Алматы қаласында ГФР Елшілігі ашылды.
1993 жылғы қыркүйек- Берлинде ҚР Елшілігі ашылды, 1999 жылы
мамырда Елшілік Берлин қаласына көшті.
2007 жылғы 11 қазан- Германия Федеративтік Республикасының
Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып
Райнер Ойген Шлагетер тағайындалды.
2008 жылғы 12 наурыз- Қазақстан Республикасының Германия
Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып
Онжанов Нұрлан Баймолданұлы тағайындалды.

Саяси қатынастар
Екіжақты қатынастар түрлі деңгейдегі байланыстардың жоғары
қарқынымен айқышталады, олар достық пен өзара сенімге негізделген.
Халықаралық саясат мәселелерінің басым көпшілігі бойынша
ұстанымдарда түсініспеушілік немесе алшақтық жоқ.
Екі мемлекет арасында саяси, сауда-экономикалық,
мәдени-гуманитарлық және білім беру саласында, сондай-ақ
халықаралық лаңкестікке және есірткімен саудаға қарсы, қоршаған
ортаны қорғауға бағытталған ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын
белгілейтін түрлі құжаттарға қол қойылған.
Олардың ішінде соңғы екі жылда ғана қол жеткізілген төмендегі
құжаттар мен уағдаластықтарды ерекше атап өтуге болады:
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы
арасындағы болашақ үшін ынтымақтастық туралы Бірлескен мәлімдеме,
2008 жыл;
ҚР Өндіріс және сауда Министрлігі мен ГФР Экономика және
технологиялар Министрлігі арасындағы 2011 жылға дейінгі
инновациялық-инвестициялық серіктестікті қалыптыру мақсатындағы
ынтымақтастық туралы Біріккен мәлімдеме, 2008 ж.;
ҚР Үкіметі мен ГФР Үкімет арасындағы Қазақ-Неміс университетін
дамыту барысындағы ынтымақтастық туралы Келісім, 2008 ж.;
ҚР мен ГФР арасындағы Болашақ үшін серіктестік аясындағы
Іс-әрекеттер Бағдарламасы, 2009 ж..
2009 жылғы 3 ақпанда Елбасы Н.Назарбаевтың ГФР-ға ресми сапары
болып, сол күні екі ел Президенттері Қазақстанның Германиядағы
жылын салтанатты түрде ашты. Сапар барысында Федералдық президент
Х.Келермен және Федералдық канцлер А.Меркельмен келіссөздер өтті.
Президент Н.Назарбаев Берлинде жүзден аса герман кәсіпкерлерінің
өкілдері мен қазақстандық ресми делегация қатысқан қазақ-неміс
бизнес-форумында сөз сөйлеп, екіжақты сауда-экономикалық
байланыстардың мүмкіндігін толық пайдалану қажеттігіне тоқтады.
Бизнес-форум барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы
бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылды. Соның нәтижесінде 2009
жылғы 26 қазанда Астанада МЕТРО компаниясы жобалары жүйесінің
бірінші әмбебап дүкені ашылды.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қарсаңында ү.ж. 7 мамыр айында ҚР
Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің Германияға сапары қазақ-неміс
қатынастарын жаңа деңгейге көтеру барысына айтарлықтай серпін
берді. Сапар кезінде қол қойылған Іс-әрекеттер Бағдарламасы іс
жүзінде екі ел арасындағы полифункционалдық серіктестік аясындағы
нақты жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Жол картасы болып
табылады.
2009 жылғы 10 маусымда ҚР Әділет министрі Р.Түсіпбеков Берлинде
ГФР Федералдық әділет министрі Б.Циприспен кездесіп, министрліктер
арасында тәжірибе алмасу және құқықтық ынтымақтастық туралы
Бірлескен Мәлімдемеге қол қойды.
Сыртқы саясат саласындағы екі елдің бастамалары мен ұмтылыстары
өзара толықтырып, қолдау табуда. Соның ішінде Германия тарапының
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға Төрағалығына, ЖСҰ-ға мүше болуға деген
ұмтылысына қолдау көрсетуін, сонымен қатар Қазақстанның
Германияның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүше болуын
қолдауын атап өтуге болады.
2009 жылдың 23-25 мамырында Парламенттегі Президент өкілдігінің
басшысы А.Бейсенбаев басқарған ҚР Парламенті Сенаты және
Мәжілісінің 5 депутаты неміс тарапының ЕҚЫҰ-ға дайындық барысында
іске асырып жатқан Қонақтар бағдарламасы аясында Германияда
болып, Бундестагта, Канцлер кеңсесінде, СІМ-де, ІІС-те, сондай-ақ
Германияның саяси қорларында болып, қазақ-неміс қатынастарының
өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕҚЫҰ қызметінің негізгі принциптері
мен стандарттары, шешім қабылдаудың тетіктері мен үдерістері,
мемлекеттік органдардың транспаренттігі мен ашықтығы туралы пікір
алысты.
2004 жылдан бері Герман Бундестагы жас қазақстандық саясаткерлер
үшін Халықаралық парламенттік практика бағдарламасын іске
асыруда.
Германия 2007 жылғы 22 маусымда Брюссель қаласында ЕО Саммиті
барысында қабылданған ЕО-ның Орталық Азия мемлекеттері бойынша
жаңа Стратегиясын дайындауға бастау болды. Бұл құжатта ЕО
мемлекеттерінің ОА елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен
ынтымақтастығының басты бағыттары бекітілген. Қазақстандық
Еуропаға жол Мемлекеттік бағдарламасы ҚР мен Еуропа Одағы елдері
арасындағы ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге көтерудің нақты
салалары мен тетіктерін белгілеп берді.
Екіжақты қатынастарды нығайту үдерісіне Қазақстан Республикасының
ГФР Федералдық жерлері- Бавария, Баден-Вюрттемберг, Төменгі
Саксония, Гамбург, Бремендегі Құрметті консулдар институты оң
үлесін қосуда. Қазақстан Республикасының беделді де іскер
тұлғаларды Құрметті консул етіп тағайындауы әсіресе аймақтық
жерлердегі қазақ-неміс ынтымақтастығын дамытуға өте пайдалы.
Қазақстанда тұрып жатқан ұлты неміс азаматтар (230 мың) мен
Германияға қоныс аударған бұрынғы қазақстандықтар (924 мың),
сондай-ақ осы елдегі этникалық қазақтар (1 мыңнан аса) екі ел
арасындағы қатынастардың дәнекері болып табылады. Осы топтарды
әсіресе кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған
бірлескен бағдарламаларға тарту ҚР мен ГФР арасындағы
ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосуда. Қазақстанда тұрып
жатқан этникалық немістер мәселелеріне байланысты тұрақты жұмыс
істейтін Қазақ-Герман Үкіметаралық комиссиясының жеті отырысы
болып өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Германия Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық әріптестерінің
санына енеді. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің мәліметтеріне
қарағанда 2008 ж. нәтижелері бойынша екіжақты сыртқы сауда
көлемінің көрсеткіші 2004 жылмен салыстырғанда 2,6 есе өсіп, 3,2
млрд. АҚШ долларын құраған.
Германияның статистика мекемелерінің мәліметтері бойынша 2008 жылы
ҚР мен ГФР арасындағы сауда айналымының көрсеткіші 6,2 млрд.
евроға жеткен, ал 2007 жылы бұл көрсеткіш 5,6 млрд. евро болған.
Ғаламдық қаржы және экономикалық дағдарыстың салдарынан ағымдағы
2009 жылы ГФР-дың мәліметтері бойынша екіжақты сауданың нақты
төмендеуі байқалуда. Сандық салыстырмада осы саладағы көрсеткіш
ү.ж. маусым айында неміс тарапының ақпараты бойынша 1 млрд. 613
млн. евро (2008 ж. маусым айында – 3 млрд. 29 млн евро), ал
қазақстандық мәліметтер бойынша ү.ж. қаңтар-тамыз айларында - 1,64
млрд. доллар құрады.
Бүгінгі күні Германия Ресей (20,0 млрд.), Италия (13,2 млрд.),
Кытай (12,2 млрд.), Швейцария (11,4 млрд.), Франция (6,2 млрд.),
Нидерланды (4,9 млрд.) және Украинадан (4,1 млрд.) кейін ҚР-ның
әлемдік сауда әріптестері арасында сегізінші орынға иеленіп отыр.
Германияның дәстүрлі жетекші экспорттық бағыттарына машиналар,
құрал-жабдықтар, электротауарлар, автокөліктер, дәрі-дәрмектер
жатады. Қазақстан Германияға көмірсутектер (жалпы мөлшері –
88,2%), металлдар, химиялық шикізаттар мен ферроқорытпалар
шығарады.
Қазақстан экономикасына ГФР инвестицияларының көлемі 3,3 млрд.
доллардан асты. Өз кезегінде, жалпы көлемі 95 млрд. доллар
құрайтын шетелдегі қазақстандық инвестициялары ішінде Германияның
экономикасына 3,2 млрд. доллар қаржы инвестиция құйылды.
Герман капиталының қатысуымен Қазақстанда 700-ге жуық бірлескен
қазақ-неміс кәсіпорындары тіркелген. Елдің экономикалық күш-қуатын
бейнелейтін және германдық жетекші биржалық DАХ индексі тізіміне
енетін ГФР-дың ірі компанияларының көпшілігі қазақстан
экономикасының әр-түрлі салаларында белсенді жұмыс істейді және
біздің елді сенімді инвестициялық серіктесі және ТМД мен Орталық
Азия аумағындағы маңызы үлкен мемлекет ретінде қарастырады.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың маңызды
бағыты – шағын және орта бизнес өкілдері арасындағы әріптестік,
оған ГФР-дың ең ірі өнеркәсіп-қаржы орталықтарында тұсаукесерлік
іс-шаралар мен Қазақстанның экономика күндерінің өткізілуі зор
себін тигізуде.
Алматыда жыл сайын Герман экономикасының күндері өткізіледі.
Қазақстандағы Герман экономикасы Өкілдігінің мәртебесі бүкіл
Орталық Азия елдерін қамтитын аймақтық деңгейге дейін көтерілді.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман
Үкіметаралық жұмыс тобының (ҮЖТ) тең төрағалары қазақстан
тарапынан Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Сұлтанов,
герман тарапынан ГФР-ның Экономика және технология министрлігінің
Статс-секретарі К.-Э.Браунер болады. 1992 жылдан бері ҮЖТ-ың 7
отырысы өткізілді.
ГФР Федералдық президенті Х.Кёлердің Қазақстан Республикасына
(2008 ж. 2-4 қыркүйек) және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың
Германияға (2009 ж. 3 ақпан) сапарлары екіжақты қатынастардың
барлық салаларының дамуына жаңа серпін берді. Кездесулер барысында
2011 жылға дейінгі инновациялық-инвестициялық серіктестік туралы
Бірлескен мәлімдемеге қол қойылып, Берлин қаласында ҚР
Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдігін ашу туралы және тағы басқа
маңызды шешімдер қабылданды. Жалпы қаржылық сомасы 400 млн. доллар
құрайтын жобалар бойынша қол қойылған бес құжат Қазақстан
экономикасына озық неміс технологиялары мен жабдықтарының
трансфертін қамтамасыз етуге бағытталған. Неміс тарапымен 50 басым
жобаларды іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазақстан-Герман аграрлық-саяси пікір алмасу белсенді түрде іске
асырылып жатыр.
2009 жылы ҚР-ның үкіметтік делегациялары ең ірі халықаралық
көрмелеріне, атап айтқанда ауылшаруашылық Жасыл апта көрмесіне,
ИТБ туризм жәрмеңкесіне және Берлинде өткен Иннотранс көлік
көрмесіне, сонымен қатар Ганновер өнеркәсіп жәрмеңкесіне қатысты.
Германиядағы Қазақстан жылының шеңберінде Бавария,
Баден-Вюртемберг, Саксония, Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық
жерлерінде және еркін-ганзей Гамбург қаласында ҚР экономикасы
күндері өткізілді. Бремен қаласында алғашқы рет Қазақстан-Герман
ғарыш күндері және Ройтлинген қаласында қазақстандық менеджерлерді
даярлау бағдарламасы түлектерінің конференциясы ұйымдастырылды.
2009 ж. 7-9 қыркүйекте Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Б.Сұлтанов бастаған қазақстандық делегацияның ГФР-ға сапары өтті,
олар Еуропаға жол: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік даму
стратегиясы атты экономикалық форумға қатысты. Сапар шеңберінде
ҚР мен ГФР кәсіпорындарының арасында 9 коммерциялық контрактілерге
қол қойылды және Берлинде ҚР СӨП өкілдігі ресми түрде ашылды.
Елшіліктің бастамасымен Қазақстанмен Орталық және Шығыс Еуропа
Бірлестігі (OMV) шеңберінде ынтымақтасу бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Кореяның қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы жүйесі
Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны
Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
НАТО құрылуы және қарым-қатынастары
Орталық Азия мемлекеттері НАТО-ның қызығушылығын арттыруына байланысты мәселелердімен ашып көрсету, оны әскери-саяси тұрғыдан танып білу
НАТО ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМЫ
Дамыған мемлекеттер ұғымы. Америка құрама штаттары және оның әлемдiк экономикалық қатынастардағы ролi мен ықпалы
Пәндер