Әдiстер туралы түсiнiк



Кiрiспе
1. Әдiстер туралы түсiнiк
2. Әдістер топтасуы
3. Әдістерді таңдау
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
Оқу әдістері (методы обучения) -1. Көзделген оқу мақсатын іске асыруға бағышталған мұғалім мен оқушы арасындағы реттестірілген кәсіби педагогикалық қатынас-байланыс әрекеттері. 2. Сауат ашу, білім игеру жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы.
Оқу тәсілдері (приемы обучения) - әдістің құрамдас элементі, әдісті іске асырудағы жеке қадам, бір міндеттік оқу әрекеті.
Оқу құрал-жабдықтары (средства обучения) - 1. Әрқилы әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек және т.б.). 2. Оқу үдерісінде қолданылатын материалдық және рухани дүние (көрнекі құралдар, тарихи, көркем және ғылыми-бұқаралық әдебиеттер, сурет және ән-күй өнер туындылары, техникалық оқу құралдары, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.).
Әдістер қызметі (функции методов) - 1. Сауат ашу, білім игерту (обучающая). 2. Ынталандыру - еліктіру (мотивационная). 3. Дамыту (развивающая). 4. Тәрбиелеу (воспитательная). 5. Ұйымдастыру (организационная).
Оқу танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру әдістері: 1) Ауызша айтып беру (словесные); 2) көрнекілік (наглядные) және іс-әрекеттік; 3) қайта жаңғырту (репродуктивные) және мәселелі ізденіс; 4) индуктивті және дедуктивті.
Оқу танымдық іс-әрекеттерге ынталандыру (стимулирование) және еліктіру әдістері; 1) танымдық ойындар; 2) оқу пікір-таластар (дискуссии) және т.б.
Оқу барысындағы бақылау (контроль) әдістері: 1) ауызша; 2) жазбаша; 3) зертханалық (лабораторный); 4) өзіндік бақылау (самоконтроль).
Оқу үдерісіндегі жалпы әдістер жүйесі:
• Сана қалыптастыру әдістері - әңгімелеу (рассказ),
түсіндіру (объяснение), сұхбат (беседа), дәрісбаян (лекция),
пікір-талас (дискуссии), кітаппен жұмыс, үлгі-өнеге.
• Оқу іс-әрекеттерін уйымдастыру және қоғамдық қажет
қылық-әрекет қалыптастыру әдістері - жаттықтыру (упраж-
нение), дағдыландыру (приучение), оқу-тәрбиелік жағдайлар
(ситуации) түзу, педагогикалық талап, нұсқау (инструк-
таж), көрнекілеу (иллюстрация), көрсету (демонстрация),
зертханалық жұмыстар, қайта жаңғырту (репродуктивные),
мәселелі ізденіс, индуктивті, дедуктивті.
• Ынталандыру және еліктіру әдістері - жарыс,
танымдық ойындар, пікір-таластар, сезімдік әсер ету,
мадақтау, жазалау және т.б.
• Бақылау әдістері - арнайы оқу-білім деңгейін анақтамалау (диагностированиө), ауызша және жазба сау-
алнама (опрос), тексеріс және зертханалық жұмыстар, ком-
пьютерлік бақылау, өзіндік тексерістер және т.б.
• Әңгімелеп беру (рассказ) - сипаттама не баяндау фор-
масында берілетін деректі материалдың бірізді ұсынылуы.
Сұхбат (беседа) - оқу-тәрбие үдерісінің барша кезеңдерінде қолданылатын оқушы мен педагог арасында сұрақ-жауап формасында өтетін белсенді іс-әрекет байланысы.
С.Б.Бабаев. Бастауыш мектеп педагогикасы.- Алматы,2007
Ж.Б. Қоянбаев.,Р.М.Қоянбаев.Педагогика. Алматы, 2000
Ж.Әбиев,С.Бабаев,А.Құдиярова.Педагогика.Алматы,2004

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кiрiспе
1. Әдiстер туралы түсiнiк

2. Әдістер топтасуы

3. Әдістерді таңдау

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

Кiрiспе

Оқу әдістері (методы обучения) -1. Көзделген оқу мақсатын іске асыруға
бағышталған мұғалім мен оқушы арасындағы реттестірілген кәсіби
педагогикалық қатынас-байланыс әрекеттері. 2. Сауат ашу, білім игеру
жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы.
Оқу тәсілдері (приемы обучения) - әдістің құрамдас элементі, әдісті
іске асырудағы жеке қадам, бір міндеттік оқу әрекеті.
Оқу құрал-жабдықтары (средства обучения) - 1. Әрқилы әрекет түрлері
(ойын, оқу, еңбек және т.б.). 2. Оқу үдерісінде қолданылатын материалдық
және рухани дүние (көрнекі құралдар, тарихи, көркем және ғылыми-бұқаралық
әдебиеттер, сурет және ән-күй өнер туындылары, техникалық оқу құралдары,
бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.).
Әдістер қызметі (функции методов) - 1. Сауат ашу, білім игерту
(обучающая). 2. Ынталандыру - еліктіру (мотивационная). 3. Дамыту
(развивающая). 4. Тәрбиелеу (воспитательная). 5. Ұйымдастыру
(организационная).
Оқу танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру әдістері: 1) Ауызша айтып беру
(словесные); 2) көрнекілік (наглядные) және іс-әрекеттік; 3) қайта жаңғырту
(репродуктивные) және мәселелі ізденіс; 4) индуктивті және дедуктивті.
Оқу танымдық іс-әрекеттерге ынталандыру (стимулирование) және еліктіру
әдістері; 1) танымдық ойындар; 2) оқу пікір-таластар (дискуссии) және т.б.
Оқу барысындағы бақылау (контроль) әдістері: 1) ауызша; 2) жазбаша;
3) зертханалық (лабораторный); 4) өзіндік бақылау (самоконтроль).
Оқу үдерісіндегі жалпы әдістер жүйесі:
• Сана қалыптастыру әдістері - әңгімелеу (рассказ),
түсіндіру (объяснение), сұхбат (беседа), дәрісбаян (лекция),
пікір-талас (дискуссии), кітаппен жұмыс, үлгі-өнеге.
• Оқу іс-әрекеттерін уйымдастыру және қоғамдық қажет
қылық-әрекет қалыптастыру әдістері - жаттықтыру (упраж-
нение), дағдыландыру (приучение), оқу-тәрбиелік жағдайлар
(ситуации) түзу, педагогикалық талап, нұсқау (инструк-
таж), көрнекілеу (иллюстрация), көрсету (демонстрация),
зертханалық жұмыстар, қайта жаңғырту (репродуктивные),
мәселелі ізденіс, индуктивті, дедуктивті.
• Ынталандыру және еліктіру әдістері - жарыс,
танымдық ойындар, пікір-таластар, сезімдік әсер ету,
мадақтау, жазалау және т.б.
• Бақылау әдістері - арнайы оқу-білім деңгейін анақтамалау
(диагностированиө), ауызша және жазба сау-
алнама (опрос), тексеріс және зертханалық жұмыстар, ком-
пьютерлік бақылау, өзіндік тексерістер және т.б.
• Әңгімелеп беру (рассказ) - сипаттама не баяндау фор-
масында берілетін деректі материалдың бірізді ұсынылуы.
Сұхбат (беседа) - оқу-тәрбие үдерісінің барша кезеңдерінде
қолданылатын оқушы мен педагог арасында сұрақ-жауап формасында өтетін
белсенді іс-әрекет байланысы.
Түсіндіру (объяснение) - қандай да тұжырымдардың (заң, принцип, ереже
және т.б.) анықтанық игерілуін қамтамасыз ету үшін қолданылатын
дидактикалық әрекет.
Дәрісбаян (лекция) - ғылыми танымы мол, теориялық қорытуларға бағышталған
көлемді материалдарды ұсыну үшін қолданылатын әдіс.
Оқу пікір-таластары, сөз-жарыс (дискуссии, диспуты) - оқушылардың
танымдық әрі әлеуметтік белсенділігін көтеру үшін қолданылатын әдіс түрі.
Жаттығу әдістері - материалды игеру немесе игерілген-ді жетілдіре
түсу үшін жоспарлы ұйымдастырылған арнайы қайталауәрекеттері,
әдістікжаттығулартүрі: 1) ауызекі жаттығу - тіл мәдениеті мен қисынды
ойлау,оқушылардыңтанымдық мүмкіндігін дамыту; 2) жазба жаттығулар -
стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық диктанттар, шығарма,
конспекттер және т.б.; 3) зертхана - тәжірибелік жаттығулар -
құрал-жабдықтарды қолдану ептіліктерін дамыту үшін қажет;
4) өндіріс - еңбектік жаттығулар - оқу не өндірістік сипаттағы
арнайы дайындалған еңбектік әрекеттер жүйесі.
Дидактикалық ойын - шындыққа жанасқандай арнайы ұйымдастырылған,
шешімі табылуы қажөт оқу, таным мәселелерімен байланысты жағдайлар
(ситуации).
Түсіндірме-көрнекі (объяснительно-иллюстративный) әдіс - әртүрлі
жолдармен мұғалім дайын ақпараттарды ұсынады,
ал оқушылар сол мәліметтерді қабылдайды, түсінеді, есінде
қалдырады.
Қайта жаңғырту (репродуктивный) әдістемесі - мұғалім тапсырысы бойынша
іс-әрекет тәсілі қайта тіктеліп, қолданымға түседі.
Мәселелі баяндау (изложение) әдісі - мұғалім өзіне-өзі мәселе белгілей
отырып, оны шешіп барады; оқушылар мұғалім әрекетінен мәселенің шешілу
қисынын, жолдары мен тәсілдерін байқастыра, материалды игереді.
Эвристикалық (шығармашыл) әдіс - оқытушы тапсырма құрастырады, оны
шешілуі тиіс майда бөліктерге жіктейді, оқушылар осы бөліктерді,
мәселелерді өз бетінше қадамдап шешумен, бүтін материалдың мән мағынасын
топшылайды, қорытындылайды.
Оқу әдістерін таңдау себептері: 1) әдістерге орайлас заңдылықтар мен
принциптер; 2) пән, тақырып мазмұны; 3) оқу мақсаты мен міндеттері; 4)
шәкірттердің оқу мүмкіндіктері; 5) жалпы жағдайлар мен шарттар;6)
мұғаліммен мектеп мүмкіндіктері.

"Ол (мұғалім) кіммен істес болып отырғанын еш уақытта да ұмытпауы керек...
егер балалар бірдемені тусінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәламауға
тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлеу, шыдамдылық етуі
керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп, түсіндіру керек, екі ұшты
астарлы сөз, орынсыз терминдерді қолданбау керек".
Ы. Алтынсарин
1. Әдістер жөнінде түсінік
Бар мүмкіндіктері мен әлі бекімеген күш-қуатын орынды пайдалана
отырып, өз жасына сай білім, ептілік, ойлау мен іс-әрекеттер тәсілдерін
мүмкіндігі болған дәрежеге жеткізе игерту үшін кіші мектеп жасындағы
балаларды қалай оқыту қажет? Бұл дидактикалық сұрақ - мәңгі, ал оның жауабы
бізді әдістер категориясымен қауыштырады. Оқу әдісі - бұл кезделген оқу
маңсатына багытталып, қажетті ретке келтірілген пе-дагогжәне оңушы
әрекеттері. Оқу әдістер (дидактикалық әдістер) сауаттандыру, білім игеру
мәселелерінің шешілу жолдары мен тәсілдер бірлігін анықтатады. Оқу әрдайым
- бірлікті іс. Осыдан, педагогке байланысты оқыту әдістері ажыралады, ал
оқушыға байланысты оқып-үйрену әдістері жөнінде сөз қозғаған дұрыс. Егер
әңгіме мұғалім мен шәкірт арасындағы бір актті жұмыс ретінде болса, ол
жағдайда оқу әдістері дараланады.
Әдістер құрамында тәсілдер өз алдына қарастырылады. Тәсіл - әдіс
элементі, оның құрамды бөлшегі, әдісті іске асырудағы бір әрекет - қадам.
Әдістердің іске асуы - әрбірі дара әрекеттік мағынаға ие болған осы
тәсілдер жиынтығынан.
Әрқандай әдіс екі қырымен көрінеді: объектив - әдістің мұғалімге
тәуелісз тарапы, субъектив - тікелей мұғалімге байланысты тарапы. Мысалы,
оқу әдісі ретінде мұғалім әңгімесі жалпы әңгімелеп беру мен барша
мұғалімдерге тән ортақ қасиеттерге ие. Мұндай жалпылық, ортақтың - әдістің
объектив сипатынан. Алайда әңгімелеу әдісі нақты педагог орындауында
әрқашанда қайталанбас ерекшеліктерімен көзге түседі. Бұл осы әдіске мұғалім
тұлғасы арқылы өткен субъектив сипат, өң. Әдістің тұрақты, баршаға ортақ
шынайы сипатының болуынан дидактер көп жағдайларда тиімді болар әдістер
теориясы мен оқудың тәжірибелік жолдарын көрсетіп отырады, сонымен бірге
әдістерді қисынды таңцау мен оңтайластыру мәселелерін табысты шешуге
көмектеседі. Әдістер аумағында, әсіресе педагогтың жеке шығармашылығы, дара
шеберлігі байқалады, сондықтан да оқу әдістері қашанда да жоғары
педагогикалық өнер саласы ретінде қабылданған, қабылдана бермек.
Оқу әдістерінің орындайтын қызметтері мол. Олар арасында бастылары:
оқыту, сеп-түрткілік (мотивационная), дамыту, тәрбиелік, ұйымдастырушылық,
яғни әдістер жәрдемінде мұғалім оқытумен ғана шектелмей, балаларды оқуға
ынталандырады, оларға тәрбиелік ықпал жасайды, оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыруға әсер етеді.
Сонымен, оқу әдісі - көзделген мақсатқа жету жолы. Оқу әдістері жеке
әрекет - тәсілдерден құралады. Әдістер шынайы және субъектив қырларымен
байқалады. Әдіске қандай да өзгерістер енген тұста педагог шығармашылығы
көрініс береді.

2. Әдістерді топтастыру.
Оқу мақсатына жетудің жолдары көп, мұғалім олар арасынан қалағанын
таңдауы мүмкін, бірақ ол әрқашан ең тиімдісін алғанды жөн көреді.
Таңдастыруды жеңілдету үшін әдістерді тиімділігіне орай салыстыра білу
қажет. Ал салыстыру үшін сол әдістерді топтастырып, санын шығарып алу
керек. Мұндайда оқу әдістерін реттестіруде жәрдемге келетін іс -
классификациялау, яғни ғылыми сәйкестігіне орай топтастыру.
Алғашқы топтастырулар мұғалім мен оқушының сабақта орындайтын
жұмыстарының көзге түсетін тараптарына байланысты жүргізілген. Оқушылар
дәрісте тыңдайды, оқиды, жауап береді, мәселелер шешеді, жазады және т.б.
Осы әрекеттерге орай оқу, жазу және т.б. әдістер бөлінген. Тез арада бұл
классификацияның оқу-тәрбие үдерісіне тигізетін пайдасының шамалы екендігі
байқалды. Енді әдістердің мәндік қырларын негізге алып, салыстыру мен
таңдастыруға көмектесетін топтастырудың жаңа негіздерін іздестіруге тура
келді. Әдістің қай белгісі, қандай тарапы негізге алынуына тәуелді
топтастыру ісінің жаңа түрлері ғылымға енді. Әдіс - көп қырлы категория.
Солардың әрбірін ескерумен әдістер жүйеге келтіріледі. Ал мұндай жолмен
реттестірілген әдістер топтасуы қазіргі заман педагогикасында орасан көп.
Солар арасынан бүгінгі күнде ғылыми негіздемесі мейлінше нақтыланған
оқу әдістері топтарын қарастырайық.
1. Құрамындағы әдістердің ортақ белгісіне негізделіп, білім деректері
бойынша жүргізілген топтастыру. Білімдік негіздер үш топқа бөлінеді:
тәжірибе, көрнекілік, сөз. Мәдени ілгерілеу барысында бұларға және бір
қосылғаны - кітап, ал соңғы он жылдықтарда күшті қағазсыз ақпарат дерегі -
бейне-компьютерлі жүйе елеулі орын иелеуде.
Бұл топтасу ауқымында бес жалпы әдістер тобы көрінген: тәжірибелік,
кернекілік, ауызекі, кітаппен жұмыс, бейнетаспа әдісі. Бұлардың әрбірі
түрлі өзгерістер формасында болуы ықтимал.
Білім деректеріне негізделген оқу әдістері
Тәжірибелік Көрнекілік Ауызекі Кітаппен жұмысБейнетаспа әдісі
Тәжірибе, Суреттер, Түсіндіру, Оқу, зерттеу, Көзден өткеру,
жаттығу, көрнекі ұқтыру, көзден өткеру,оқыту, электрон
оқу-өндіріс заттар, әңгімелесу, баяндау, мұғалім
еңбегі, оқушылар сұхбат жоспарлау бақылауындағы
дидактикалық бақылауы көрсетпе жаттығулар,
ойындар бақылау

2. Орындайтын қызметі негізге дидактикалық мақсатына орай жүргізілген
топтастыру. Мұнда жалпы белгі ретінде сабақ барысы және оның әрбіріндегі
мақсатты іске асыруды көздеген бірізді кезеңдер алынған. Осы сипатына орай
келесі әдістер бөлінген: а) білім игеру; б) ептіліктер мен дағдылар
қалыптастыру; в) білімдерді қолдану; г) шығармашыл іс-әрекеттер; д) бекіту;
е) білім, ептілік және дағдыларды бақылау, тексеру.
3. Танымдық іс-әрекеттер сипатына орайластырылған топтастыру. Танымдық
іс-әрекет типі - бұл мұғалім ұсынған жоба - оқыған баланың жетіскен оқу
жұмыстарын орындаудағы дербестік деңгейі. Бұл топта төмендегідей әдістер
ажыралады:
• түсіндірме - көрнекі (ақпараттық - іштей түсіну) әдісі;
• қайта жаңғырту (репродуктив) әдісі;
• мәселелі баяндау әдісі;
• Ішінара ізденіс (эвристикалық) әдісі;
• Зерттеу әдісі.
Егер, мысалға, мұғалім ұйымдастырған танымдық іс-әрекет дайын білімдерді
жаттап алуды көздеп, кейін оларды қалтқысыз, кейде тіпті түсінбестен, қайта
жаңғыртуды көздесе, ойлау белсенділігінің ең төменгі деңгейіне сай оқудың
қайта жаңғырту (репродуктив) әдісінің іске қосылғаны. Жоғарылау ой
толғастыру әрекеті іске қосылып, қажетті білімдер оқушының өз танымдық
еңбегінің нәтижесінде игерілсе, оқу үдерісіне ішінара ізденіс немесе
эвристикалық әдістің не одан да жоғары сипаттағы оқудың зерттеу әдісінің
қолданылғаны.
Бастауыш мектепте толыққанды мәселелі, эвристикалық, сонымен бірге
әсіресе зерттеу әдістерінің кең қолданылуы қиындау, дегенмен бұл жағдай
бастапқы оқу үдерісінде де кең етек жаюда. Бұл топтағы әдістердің мұғалім
үшін маңыздылығы оның балаларды ой толғастыруға баулып, білім жинақтауға
үйретуде қолайлы болуынан. Тұлғаға бағытталған оқуды іске асыруда мұндай
принципті ұстану - бастауыш мектеп тәрбиесі нәтижелілігінің кепілі.
Бастауыш мектепте кең қолданылып жүрген ақпаратты-көрнекілік әдісінің
мәні оның келесі өзіндік белгілерінен көрінеді: а) білім оқушыға "дайын"
күйінде ұсынылады; б) әртүрлі тәсілдермен мұғалім оларды қабылдауға
көмектеседі; в) білім іштей қабылданып (рецепция), түсінімге келеді де
оқушы жадында бекітіледі.
Қабылдау барысында барша ақпарат көздері (сөз, көрнекілік және т.б.)
пайдаланылады, ақпарат мазмұны бала санасына индуктив не дедуктив қисынды
жолдарымен жеткізіледі. Педагогтың басқарушылық қызметі білім қабылдату
міндетімен шектеледі.
Репродуктив, яғни қайта жаңғырту әдісінде келесі белгілер көзге
түседі: а) бұл әдісте де білім оқушыға "дайын" күйінде ұсынылады; б)
мұғалім білім мазмұнын хабарлап қана қоймастан, оны жан-жақты түсіндіреді;
в) оқушылар білімді саналы игереді, түсінеді әрі есінде қалдырады.
Игерілгендіктің белгісі - білімді қалтықсыз дұрыс қайта айтып не жазып бере
алу; г) игерілгеннің қажетті деңгейдегі бекімі білімді көп мәрте қайталап
жаттау жолымен іске асады.
Түсіндірме-көрнекілік әдістегідей бұл әдістің де аса үлкен артықшылығы
- оның үнемділігінде (экономность), яғни қажетті білім мен ептіліктер
ауқымы аз уақыт ішінде еленбес күш-қуат жұмсаумен игеріледі. Көп мәрте
қайталаулар мүмкіндігінен игерілген білімдер бекімі анағұрлым жоғары болары
сөзсіз.
Мәселелі баяндау әдісі жаттанды орындау тәсілі мен шығармашыл іс-
әрекет арасындағы өтпелі саты әдісі ретінде танылады. Бастауыш мектеп
оқушылары әлі мәселелі міндеттерді өзбетінше орындауға қиналады, сондықтан
да мұғалім мәселені шешудің басынан ақырына дейінгі жолын баяндап,
түсіндіреді. Осыдан мұндай оқу әдісі желісіне шәкірт еркін қатыса алмаса
да, ойлау үдерісінің бақылаушысы ретінде ғана сыңай танытып, білім игеру
жолында кезігетін қиыншылықтарды жеңудің оңтайлы әдіс-тәсілдерін үйренеді.
Ішінара ізденіс (эвристикалық) әдісінің мәні оның келесідей өзіндік
сипаттарынан байқалады: а) балалар білімді өзбетінше әрекеттеніп, жинақтауы
әрі игеруі қажет; б) мұғалім білім жөнінде ақпарат бермейді, оны
баяндамайды да, оның міндеті - әрқилы шаралар, құрал-жабдықтар жәрдемімен
жаңа білімдерді іздестіре тауып, игеруге үйрету; в) оқушылар мұғалім
басшылығында өзбетінше пікір жүргізеді, туындаған танымдық мәселелерді
шешеді, мәселелі шарттар түзіп, шешімін табады, талдайды, салыстырады,
жалпылайды, қорытынды жасайды және т.б., нәтижеде балаларда саналы бекіген
білімдер қоры қалыптасады.
Әдістің ішінара ізденіс аталуының себебі - оқушылар күрделі оқу
мәселесін өзбетінше түгелдей бастан аяқ шеше алмайды. Осыдан оқу іс-әрекеті
"мұғалім - оқушылар" және т.с.с. өрнек бойынша дамиды. Білімнің бір бөлігін
мұғалім ұсынса, екіншісін балалар алдын ала берілген сұрақтарға жауап бере
отырып не мәселелі тапсырмаларды орындау арқылы игеріп барады. Бұл әдістің
оңтайластырылған бір түрі эвристикалық (жаңалық ашу) әңгіме-сухбат.
Оқудың зерттеу әдісі кепесі сипаттарымен ерекшеленеді: а) мұғалім
оқушылармен бірге оқу үдерісінің нақты бір кезеңінде шешілетін мәселені
өрнектейді; б) білім оқушыларға хабарланбайды. Оны оқушылар мәселені
зерттестіру барысында әрқилы шешім баламаларын салыстыру арқылы өзбетінше
табыстырып, игереді. Нәтижеге қол жеткізу шараларын да өздері таңдап,
белгілейді; в) мұғалім қызметі - мәселелі міндеттерді іске асыру үдерісіне
тиімді басқарым жасау; г) оқу жоғары жеделдігімен сипатталады, көтеріңкі
қызығушылық желісінде жүргізіледі, игерліген білімдер өз тереңдігімен,
беріктігімен, әсерлілігімен ерекшеленеді.
Білімді шығармашыл жолмен игеру оқудың зерттеу әдісіне тән белгі.
Дегенмен, бұл әдістің де өзіне сай кемшіліктері бар: мұғалім мен оқушының
көп уақыты мен шектен тыс күш-қуатын қажет етеді. Зерттеу әдісін қолдану
жоғары деңгейдегі педагогикалық мамандануға тәуелді.
Оқу әдістерін топтастыру тәсілдерінің арасында оқушылардың белсенділік
дәрежесіне орайластырылған түрлері де бар. Осыған байланысты әдістер
белсенді және енжар болып ажырылады. Дидактикалық мақсаттарды көздеуден оқу
әдістері екі топқа бөлінеді: оқу материалын бастапқы игеру әдістері және
игерілген білімдерді жетілдіру әдістері. Бірінші топты ақпараттық-дамытушы
әдістер (ауызекі баян, әңгіме-сұхбат, кітаппен жұмыс); оқудың эвристикалық
әдістері (эвристикалық әңгіме-сұхбат, зерттеу әдісі) құрайды. Ал екінші
топқа жаттығулар (үлгі бойынша, түсініктеме (комментирование) жаттығу,
баламалы - ауыспалы жаттығулар кіреді.
Жалпы өмір, біздің әңгімемізге арқау болып отырған оның бір саласы -
педагогикалық үдеріс көп қырлы да көп сырлы, онда қолданылатын әдістер мен
олардың топтасуы да саналуан. Бәрін бірдей тиімді деуге және болмайды,
қайсысының да өз орнымен қолданылуында. Тұрмыс, өндіріс, педагогика
тәжірибесі жасанды құрылымдар мен дерексізденген сұлбалардан әлдеқайда бай.
Мұғалімнің күнделікті оқу-оқыту тәжірибесінде оқу әдістерінің тобы өзара
ұштасқан байланыста - бір-бірінің орнына қолданылады, бірі екіншісін
толықтырып, дамытады.
Сонымен, мұғалімдердің әдістер түсінімі мен олардың қолданылуын
жеңілдету үшін классификация, яғни ғылыми топтастыру ісі өте қажет. Әдістер
қырлары мен сырларының саналуандығынан оларды топтастырудың жолдары да көп.
Оқу әдістерін топтаудағы көзделетін басты мүдде - оқудың сан қилы
мақсаттарын іске асыруда мұғалімге қай әдісті қолданудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиядағы зерттеу әдістері
«Еңбекке баулу» оқу пәнінен оқу құрал
Информатика пәнінен әдістемелік құрал
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Педагогикалық психология ғылым ретінде
Қазақ халқының қолөнерін оқушыларға үйретудің маңызы мен мазмұны
ОБСӨЖ сабақтары
Сандық әдістер пәнінен пәнді оқып-үйренуге арналған әдістемелік нұсқау
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
Пәндер