Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие берудің ғылыми теориялық негізі



I. Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие берудің ғылыми теориялық негізі
1.1 Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие берудің психологиялық мәселелері.
1.2 Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие беруде қазақ халық әндерін пайдалану жолдары.
ІІ Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие берудің мазмұны.
2.1 Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие берудің мазмұны.
2.2 Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие берудің түрлері мен әдістері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындай¬тын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мә¬дениеті дейтін болсақ, қазақ мәде-ниетіндегі ән өнерінің алар орны ерекше. Данышпан Абайдың “Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең” деген сөздері қазақ өмірінің бүкіл тыныс-тіршілігі өлеңмен өрнектелетінін айқын көрсетеді. Шындығында сәби дүниеге келгенде “бесік жырымен” әлди¬леп қарсы алып, адам дүниеден өткенде “жоқтау” айтып шығарып саламыз. Қа¬дым ғасырлар қойнауынан басталатын осы тамаша дәстүр әлі күнге дейін жал¬ғасын тауып келеді. Бүгінгі күн жас¬тарының тойы да “жар-жар”, “бет¬ашар¬мен” өтетіні ата-баба салтына адалдықтың айқын көрінісі іспеттес. Орыстың тамаша ғалымы Г.Потаниннің “Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді” деген сөзі қазақ тұрмысының осындай даралығынан туған тұжырым болса керек.
Ұлтымыздың аса бай ән өнерін да¬мытуға Абай бастаған, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Әсет, Естай, Нар¬-тай, Кенен сияқты халық композитор¬лары өл¬шеусіз үлес қосып, оны сапалық жаңа биікке көтерді. Олардың мол шығармашылық мұрасы қазақ операсы мен балетінде және классикалық музы¬калық туын¬дыларда кеңінен пайдала¬нылып, әлемнің ең әйгілі му¬зы¬катану¬шы¬лары тарапынан жоғары бағаға ие болды.“Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” деген¬дей, менің де көңіл-күйдің ауанына қарай кейбір сәттерде дом¬быраға қол созып, ән айтатын, кейде көкейге келген ке¬ліс¬ті ойды көркем сөзбен қағазға түсіретін кездерім бар.“Ел іші – өнер кеніші” дейді дана халқымыз. Әрине, қазақтың дәстүрлі әндері мың әнмен шектелмесі анық. Ендеше, жаңа жоба алдағы уақытта тың туындылармен толысып, бүгінгі ұрпақты халқымыздың баға жеткісіз мол музыкалық мұрасымен сусындата береді деп сенемін.
Қазақ халық әндерінің түрлері.
Өз мазмұны бойынша, тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндері бірнеше түрге бөлінеді:

1.Халықтың ескілікті наным – сенімінентуған әндер.
2 .Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер.
3.Тұрмыс – салт әндері.
4.Эпикалық жырлар.
5.Тарихи әндер.
6.Лирикалық әндер.
7.Айтыс.
1. Сарыбаев «Қазақтың музыкалық аспаптары» 24б. Алматы-1978ж.
2. Ғ. Уразалиева – Шілдебаева «Ғасырлармен үндескен қобыз» 6б. Астана- 2006ж.
3. Ә. Нысанбаев «Қорқыт ата» 42б. Алматы- 1997ж.
4. М.Өтеуов және Ш. Төлегенұлы «Ғасырдан ғасырға» 165 б. Алматы-2000ж.
5. А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» 8 б. Астана-2002ж.
6. А. Есмаханов «Қазақ музыка аспаптары» 12 б. Алматы-1998ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері
негізінде эстетикалық тәрбие берудің ғылыми теориялық негізі.

Орындаған: ПМД-011 тобының студенті
Г. Канетова
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Ә. Үсенов

Түркістан 2011
Ғылыми жұмыс туралы аннотация

1. Аты: Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері
негізінде эстетикалық тәрбие берудің ғылыми теориялық негізі
2. Ғылыми – техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаторы:
гуманитарлық жұмыс
3. ЖОО: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
4. Жұмыстың аяқталған уақыты: 2011
5. Жұмыстың көлемі: 25
6. Қосымша саны:
7. Иллюстрация саны:
8. Кесте саны:
9. Пайдаланылған әдебиеттер саны: 6
Жұмыстың сипаттамасы: Бүгінгі таңдағы ата-аналар мен бастауыш мектеп
оқушыларына халық әндері мен әнші сазгерлері туралы мағлұмат беру, олардың
шығармашылығы туралы білімін көтеру үшін қандай жұмыстар атқарылуы керек
деген сұрақ туындай келе мен өз ғылыми жұмысымды Мектепке дейінгі
мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие
берудің ғылыми теориялық негізі деп атадым.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Қазақ халық әндері мен халық сазгерлерінің
шығармалары арқылы мектепке дейінгі мекемелер бүлдіршіндеріне музыкалық
тәрбие беру.
2. Зерттеуде пайдаланылатын әдістер: Музыкалық тәрбие беру туралы
жазылған музыка зерттеушілерінің, ғалым, педагог, оқу ағарту ісінің
үздіктерінің жазған еңбектерін жинақтау, салыстыру, талдау.

3. Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері (ғылыми, тәжірибелік):
теориялық

4. Ғылыми зерттеуді қолдану туралы құжаттар жиынтығы (ия, жоқ): жоқ

Автор қолтаңбасы:

Республикалық конкурсқа ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмысының
авторы (студент) мен ғылыми жетекші туралы мәлімет

Автор
1. Фамилия Канетова
2. Аты Гүлжауһар
3. Әкесінің аты Жұмабекқызы
4. Курс 2
5. Мекен-жайы Түркістан қ. Накипов к.25үй

Ғылыми жетекшілері:
6. Фамилия Үсенов
7. Аты Әділбек
8. Әкесінің аты Сақтанұлы
9. Қызметі А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң
Тарих-педагогика факультеті Жалпы
педагогика және этнопедагогика
кафедрасының аға оқытушысы

10. Мекен жайы Кентау қ. Сейфуллин 11214

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің
ғылым және халықаралық
қатынастар жөніндегі
вице-президенті, тех.ғ. д., профессор (((((((((((((((Т.П. Раимбердиев

Ғылыми жетекшісі ((((((((((((((((((((((( Ә. Үсенов

Автор ((((((((((((((((((((((((((((((((( Г. Канетова

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, тарих және
педагогика факультетінің ПМД-011 тобының студенті Канетова Гүлжауһар
Жұмабекқызы Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері
негізінде эстетикалық тәрбие берудің ғылыми теориялық негізі атты ғылыми
жұмысына ғылыми жетекшінің
ПІКІРІ

050101- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2
курс студенті Канетова Гүлжауһар Жұмабекқызы Мектепке дейінгі мекемелер
ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие берудің
ғылыми теориялық негізі атты ғылыми жұмысы студенттің осы тақырып бойынша
талмай ізденген ғылыми шығармашылық жұмысының нәтижесі. Өзіне берілген
тақырыпты мамандығының ерекшелігімен ұштастыра отырып, зерттеу нәтижесін
көрсете білген
Қорыта айтқанда, Канетова Гүлжауһар Жұмабекқызы Мектепке дейінгі
мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие
берудің ғылыми теориялық негізі атты ғылыми жұмысы алдағы уақытта ғылыми
еңбектерінің бастамасы деп есептеуге болады.

Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы: Ә.С.
Үсенов

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, тарих және
педагогика факультетінің ПМД-011 тобының студенті Канетова Гүлжауһар
Жұмабекқызы Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері
негізінде эстетикалық тәрбие берудің ғылыми теориялық негізі атты ғылыми
жұмысына

СЫН-ПІКІР

5В050100- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2 курс
студенті Канетова Гүлжауһар Жұмабекқызы мектепке дейінгі мекемелер
ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие берудің
ғылыми теориялық негізі тақырыбында жазылған баяндамасы қазіргі ғылымдағы
әлі де зерттеуді талап ететін өзекті мәселелерді талқылауға арналған деуге
әбден болады. Канетова Гүлжауһардың баяндамасында халық әндері арқылы
эстетикалық тәрбие беруге байланысты қазіргі таңдағы тәрбиенің негізгі даму
барысы жүйелі түрде баяндаған.
Қазақ халық әндері арқылы эстетикалық тәрбие беру туралы зерттеуде
оларды музыка зерттеушілерінің, ғалымдардың топтамаларын негізге алып
классификациясын көрсете білген.
Студент Канетова Гүлжауһар ғылыми тұрғыдан тиімді әдістерді пайдалана
отырып, көп ізденіс жасағандығын, белгілі бір қорытындыға келгендігін
көрсетеді. Жұмыс жазуда ғылыми тұжырым жасауға бейімділігі байқалады.
Канетова Гүлжауһар ғылыми жұмысын толық аяқталған деп санап,
республикалық ғылыми конкурсқа ұсынуға болады деп есептеймін.

Пікір беруші,
Шымкент әлеуметтік-педагогика
университетінің Педагогика және
психология кафедрасының
меңгерушісі, п.ғ.к, доцент
З.Зубайраева
Жоспар:
I. Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері
негізінде эстетикалық тәрбие берудің ғылыми теориялық негізі
1. Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде
эстетикалық тәрбие берудің психологиялық мәселелері.
2. Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде
эстетикалық тәрбие беруде қазақ халық әндерін пайдалану жолдары.

ІІ Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері
негізінде эстетикалық тәрбие берудің мазмұны.

1. Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде
эстетикалық тәрбие берудің мазмұны.
2.
Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде
эстетикалық тәрбие берудің түрлері мен әдістері.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындайтын
ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті дейтін болсақ, қазақ мәдениетіндегі
ән өнерінің алар орны ерекше. Данышпан Абайдың “Туғанда дүние есігін ашады
өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең” деген сөздері қазақ өмірінің бүкіл
тыныс-тіршілігі өлеңмен өрнектелетінін айқын көрсетеді. Шындығында сәби
дүниеге келгенде “бесік жырымен” әлдилеп қарсы алып, адам дүниеден өткенде
“жоқтау” айтып шығарып саламыз. Қадым ғасырлар қойнауынан басталатын осы
тамаша дәстүр әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Бүгінгі күн жастарының
тойы да “жар-жар”, “беташармен” өтетіні ата-баба салтына адалдықтың айқын
көрінісі іспеттес. Орыстың тамаша ғалымы Г.Потаниннің “Маған бүкіл қазақ
даласы ән салып тұрғандай көрінеді” деген сөзі қазақ тұрмысының осындай
даралығынан туған тұжырым болса керек.
Ұлтымыздың аса бай ән өнерін дамытуға Абай бастаған, Біржан сал, Ақан сері,
Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Әсет, Естай, Нартай, Кенен
сияқты халық композиторлары өлшеусіз үлес қосып, оны сапалық жаңа биікке
көтерді. Олардың мол шығармашылық мұрасы қазақ операсы мен балетінде және
классикалық музыкалық туындыларда кеңінен пайдаланылып, әлемнің ең әйгілі
музыкатанушылары тарапынан жоғары бағаға ие болды.“Өлеңге әркімнің-ақ бар
таласы” дегендей, менің де көңіл-күйдің ауанына қарай кейбір сәттерде
домбыраға қол созып, ән айтатын, кейде көкейге келген келісті ойды көркем
сөзбен қағазға түсіретін кездерім бар.“Ел іші – өнер кеніші” дейді дана
халқымыз. Әрине, қазақтың дәстүрлі әндері мың әнмен шектелмесі анық.
Ендеше, жаңа жоба алдағы уақытта тың туындылармен толысып, бүгінгі ұрпақты
халқымыздың баға жеткісіз мол музыкалық мұрасымен сусындата береді деп
сенемін.
Қазақ халық әндерінің түрлері.
         Өз мазмұны бойынша, тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндері
бірнеше түрге бөлінеді:
        
         1.Халықтың ескілікті наным – сенімінентуған әндер.
        2 .Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер.
        3.Тұрмыс – салт әндері.
       4.Эпикалық жырлар.
     5.Тарихи әндер.
     6.Лирикалық әндер.
     7.Айтыс.
 
  
  Халықтың ескілікті наным – сенімінен туған әндер.
     
       Жаратылыс дүниесінің толып жатқан құпия сырларына табыну, табиғат
құбылыстарының дүлей күшінен қорқып, соған еріксіз сыйынып, жалбарынудан
туған әндер тобына Бақсылар сарыны, Бәдік, Арбау әндері жатады. Адам баласы
табиғаттың қорқыныш тудыратын үрейлі құбылыстарының бәрін тәңірге санап,
күнге, бұлтқа, желге табынып келген.
      Ескілікті наным – сенімнен туған әндердің бір алуаны – бақсылар
сарыны. Бақсылар сарынының негізгі мақсаты – түрлі ауруларды емдеу. Бақсы
жын, пері, албасты басты делінетін ауруларды қобыз арқылы сарнап, көшіреді.

      Қазақтың емшілік кәсібінен туған бәдік әндерінің өз заманы үшін
өмірлік мәні болған. Өйткені, ол адам баласына қас күштер мен әртүрлі ауру,
індет иелерін әсерлі, сырлы сазбен көшіріп, көндіруге болады деген
сенімнен шыққан еді. Сондықтан бәдік тек мал ауырып, адам сырқаттанған
кезде ғана айтылған.
 
Еңбек және шаруашылық әндері.
 
        Халықтың ән шығармаларының ең көне жанрының бірі – еңбек жырлары –
ел тұрмысының шындық суреттемесін, қарапайым шаруалардың күнделікті өмірін
бейнелейді. Еңбек және шаруашылыққа байланысты туған өлең – жырларға төрт
түлік туралы, аңшылық және наурыз әндері жатады. Еңбек және шаруашылық өлең
– жырларының ішіндегі ең көп тарағаны – төрт түлік мал туралысы.
         Қазақ халқының негізгі тіршілік күн көрісі мал шаруашылығы болды.
Төрт түлікке жылқы, қой, сиыр және түйе жатады. Шаруаның малды жоғары
багалағаны сонша, тіпті ең асыл, ең қымбатты адамдарын солармен теңейтін.
Мысалы, сұлу, келбетті, үлкен көзді қызды Ботагөз, мықты, сымбатты
жігітті, Жігіттің нары деп атады. Анасы баланы еркелетіп қозым,
ботам, құлыным дейді. Кездескен кісілердің Мал – жан аман ба? деп
сұрауы дамалдың ел тұрмысында келелі орын алатындығының белгісі. Сондықтан
да мал жайында  көптеген мақал – мәтелдердің қалуы да тегін емес.
          Халық ертеден әрбір малдың өзінше әулие иесі, бабалары бар деп
сенді. Сол себепті мал туралы тілек тілесе де, малға өз бағасын берсе де
әуелі малдың иелеріне сөз арнады:
                           Шаруаның бір түлік пірі – Шопан,
                           Келтірмей қу, пір ата, қойға топан.
                           Ай мүйізді шоқпақтай
                           Шүйделері тоқпақтай,
                           Тегене құйрық қошқарлы,
                           Малды берсең, қойдан бер...
- деп, қой иесін – Шопан ата, жылқы иесін – Жылқышы ата, түйенің пірін –
Ойсыл қара, сиыр пірін – Зеңгі баба атаған. Оларға бас иіп, әндер шығарған.
       Еңбек, шаруашылық жайындағы әндердің таза күйінде сақталмағанына
қарамастан, еңбек әуенінің тақырыбы қазақ әндерінің көбіде кездеседі десек
артық болмас. Соған айқын мысал ретінде халық ақыны әрі әнші Кенен
Әзірбаевтың Бозторғай әнін келтіруге болады.
       Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер тобының
ішіндегі көне түрі – наурыз әндері. Жаңа жылға арналған осы наурыз әндері
қазақ даласына кең таралған, халықтың күнделікті күнкөріс кәсібінен, өмір
тіршілігінен туған ауызекі шығармаларының бірі. Ертеден – ақ қыс кетіп,
жаздың шығуын мерекелеу қазақ баласы үшін үлкен оқиға болатын.
        Қыстың зәрінің сынуы құт айынан басталады. Қазақ бұл айды Түске
шейін мүйіз, түстен кейін киіз, Жақсы болса – құт, жаман болса - жұт деп
атайды. Кейбір жылдар болмаса, жаздың жылылығының басталуы қамал
(наурыз)айының бір жаңасынан басталады. Қыстай боранмен, суықпен алысып,
көкке көз тігіп, қалт – құлт етіп отырған елге күн шырай беріп, бір күнде
қардың тас – талқан боп еруі қандай қуаныш екендігі айтпаса да мәлім.
Сүйтіп, наурыз күн – қазақ елінің үлкен айты саналуы кездейсоқ нәрсе емес,
халықтың шаруашылық тілегімен нық байланысты туған. Наурызсөзі
парсытілінде жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Ежелден қазақ халқы жаңа
жыл күнін Ұлыс деп атаған. Ұлыстың ұлы күнінде халық өзара құшақтасып,
бірін – бірі қүттықтап, мал – жаннаң амандығын сұрап, бата – тілек айтып,
көрісетін болған:
                               Ұлыс күні қазан толса,
                               Ол жылы ақ мол болар.
                               Ұлы кісіден бата алсаң,
                               Сонда олжалы жол болар. . .
                               Ұлыс оң болсын!
                               Ақ мол болсын!
                               Қайда барсаң, жол болсын!
                               Ұлыс баққытты болсын,
                               Төрт түлік ақты болсын.
                               Ұлыс береке берсін,
                               Пәле, жәле жерге енсін!
         Қазақ даласында ислам діні орнағаннан кейін, Наурызды исламның
рамазан мейрамымен бірге өткізетін болған. Жастар сол мейрам күндері әр
үйді аралап, жарапазан айтып, отау иелерін мадақтаған. Оларға молшылық,
тоқшылық тілеген. Сол мадақтағаны үшін жарапазаншыларға не түрлі сыйлықтар
беретін. Осындай жарапазан үлгісі ретінде Айтамын жарпазан әнін
келтіреміз:
                              Айтамын жарапазан еліңізге,
                              Байлаңдар бір орамал белімізге.
                              Байласаң  бір орамал белімізге.
                              Барамыз мақтап, мақтап еліңізге.
                            
                              Қайырмасы:
    
                              Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан,
                              Әсіре мазан, сайра мазан,
                              Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.   
 
Тұрмыс – салт әндері.
 
          Бұл түрдің әндері халық өмірінің айнымас серіктері болып келеді.
Олар адам өмірінде кездесетін әртүрлі салт, әдет – ғұрыптармен байланысты.
Мысалға, үйлену тойында айтылатын әндер немесе нәрестенің шілдеханасында
орындалатын әндер. Сондай – ақ адамды ақырғы жолға аттандыратын жоқтау
әндері.
Музыка – халықтың   жаны. 
Қазақ халық әндеріне үлес қосқан ақын серілер.
Маңғыстау әндері жалпы Батыс әндерінен домбыра қағысының, әуен екпінінің
жайлығымен ерекшеленеді. Маңғыстау жерінде XІX ғасырда “Жеті қайқы” деген
атпен жеті өнерпаз өмір сүрген. Ол өлкеде “қайқы” деген сөз “сал-сері”
деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде Маңғыстау әндері деп айтылатын
әндердің басым көпшілігі – әнші-күйшілігімен, ақындық, сазгерлік өнерімен
елге белгілі Досат, Өскінбай, Тұрсын, Әділ, Жылгелді, Тастемір, Шолтаман
сияқты әнші-композиторлардың шығармалары. Маңғыстау жерінде бұдан басқа
Хамит, Бораш, Ақбала, Қазихан, Смағұл, Қарабай, қосыла алмаған ғашығы
Ақбөбекке арнаған әндерімен қазақ даласына белгілі болған Қайып Қорабайұлы
деген өнерпаздар өткен. Маңғыстау әндерін осы күнге жеткізген Ізбасар
Шыртанов, Күріш Тасболатов, Зәуреш Есбергенова, Жеткізген Сейітов,
Бердіғали Срановтар болса, қазіргі кезде бұл дәстүрді Айгүл Қосанова, Елдос
Еміл, Ақмарал Ерімбетова, Болат Шәулиев, Асанәлі Көшеров, Қыдырбай
Жұмановтар жалғастырып жүр.
Жетісу әншілік дәстүрі. Жетісу жеріндегі ән өнерінің қалыптасуына да осы
өңірде ерекше дамыған ежелгі ақындық-жыршылық дәстүрдің зор ықпал еткені
анық. Осы өңірдегі мейлінше көп айтылатын қара өлеңдер мен халық әндері
кәсіби әншілік мектептің қалыптасуына негіз болды. Зерттеуші-ғалымдар
Жетісуда Арқадағы Ақан, Біржандармен замандас Дәурен сал, Тәкен сал деген
сал-сері, әнші-сазгерлер өткенін, бірақ шығармалары сақталмағанын жазады.
Осы әншілік мектептің қалыптасуына ұйытқы болған дара тұлға Кенен Әзірбаев
шығармаларының көбі негізінен өз орындауында жетті. Ұзақ жасап, артына мол
мұра қалдырған Кенен әндерінің тақырып ауқымы мол, құрылым-пішіні жағынан
да әр алуан, тынысы кең, әуені өрнекті, сан құбылған ырғақты келеді.
“Бозторғай”, “Көкшолақ”, “Бұлбұлға”, “Базар-Назар”, “Алатау алабында”, “Тік
шырқау” сияқты әсем сазды, сұлу нақышты әндерімен Кенен Жетісу өлкесінде
қалыптасқан әншілік дәстүрді кәсіби биік өреге көтерген қазақтың бірегей
әнші-композиторы. Жамбыл, Сарбас, Балуан Шолақ сынды белгілі әнші-
ақындардан үлгі-өнеге алған Кенен Әзірбаев өз өмірінде жүзден астам әндер
шығарған. Оның осы антологияға енген әндері, өзінен басқа, қызы Төрткен
Кененова мен кейінгі жас әншілердің орындауында берілді.
Жетісуға аты әйгілі болған әнші-композитор Қапез Байғабылұлы Ыстамбұлда
білім алып, туған жеріне оралған соң, мектептер ашып, бала оқытқан.
Кейіннен саяси қуғынға ұшырап, репрессия құрбаны болады (1937 ж.). Қапездің
бізге жеткен “Айхой”, “Дүние-ау”, “Қоштасу”, “Үш Меркі” деген әндері өзгеше
әуендік сипатымен ерекшеленеді. Кезінде айтуға тыйым салынғандықтан,
ұмытылуға айналған Қапез шығармаларын зерттеуші-ғалым Сағатбек Медеубекұлы,
әншілер Ғалымжан Досанұлы, Рамазан Стамғазиевтар жеткізген болатын.
Осы өлкенің тағы бір белгілі әнші-композиторы Пішән Жәлмендеұлы, заманында
әншілігімен, күйшілігімен, ел басқару ісімен белгілі болған. Пішәннің
соңында жан-жары Ғайшаға арнап, абақтыға айдалып бара жатқанда шығарған екі
әні және “Дүние, шіркін” деген әндері қалды. Пішәннің әндерін осы күнге
жеткізген әнші-ақын Әсімхан Қосбасаров еді.
Жетісу жеріндегі әншілік өнердің тағы бір өкілі Сәдіқожа Мошанұлы болатын.
Тағдыры шырғалаңға толы әнші-композитор 27 жасында туған елден жырақ Қытай
жерінде дүниеден қайтты. Оның “Ахау, айым”, “Сары бидай”, “Сағынсаң, қалқа,
өзің кел” сияқты өзіндік өрнек-нақышымен ерекшеленетін сұлу сазды әндерін
осы күнге жеткізген – Дәнеш Рақышев.
Жетісудың оңтүстік жағындағы Шу өңірінде жасаған Сауытбек Ұсаұлы, әнші-
композитор ретінде, қосыла алмаған арманды ғашығы Ақбөпеге арнаған әнімен
белгілі. Автордың соңында қалған жалғыз ән болғанмен, “Ақбөпе” – сезім
тереңдігімен, көркем де күрделі бітімімен дәстүрлі кәсіби ән өнеріндегі
шоқтығы биік туындылар қатарынан орын алады. Осы күнге “Ақбөпе” әнінің екі
нұсқасы жетті. Жинаққа оның бірі Жамал Омарованың, екіншісі Аяз Бетбаевтың
орындауында кірді.
Жетісу өлкесінен шыққан және бір күміс көмей әнші, тамаша композитор Дәнеш
Рақышев көптеген халық әндері мен халық композиторларының туындыларын
тынбай насихаттап өтті. Әнші-композитордың “Саясында алманың”, “Жер сұлуы
Жетісу”, “Аяулым менің, арайлым”, “Балжан-ай” сияқты әсем әуезді өз әндері
де жинақтан мол орын алып отыр.
Бұл композиторлардан басқа Жетісу әндері жинақта Бармақ, Үмбетәлі,
Шалтабай, Қарға, Көдек, Әсімхан, Қырбай, Көбейбай, Бұлша, Қымбат сияқты
әнші-композиторлардың шығармашылықтарымен толықтырылды.
Жетісу әндері осы күнге Кенен Әзірбаев, Қуат Ниязбаев, Қанабек Райысов,
Мұхтар Өтебаев, Серғали Әбжанов, Сәбит Оразбаев, Алтынбек Оразбаев, Төрткен
Кененовалар арқылы жетсе, бұл дәстүрді кейінгі кезде Райымқұл Темірбаев,
Ержан Қосбармақов, Рамазан Стамғазиев, Дүйсенбек Өміралиев, Ақан Әбдуәлиев,
Тілеулес Құрманғалиев, Ардақ Балажанова, Жазгүл Даңылбаева, Ерболат
Шалдыбеков, Нұргүл Әлқожаевалар насихаттап жүр.
Сыр өңірінің әншілік өнері бұл антологияда халық әндері “Көкшетау”,
“Долана”, Андағұл Балқы Дайрабай, Нартай, Ешнияз сал, Күмісай, Тоғжан,
Рүстембек жырау, Әбілда Жүргенбаевтардың туындыларымен көрініс тапты. Бұл
әндерді Мұхамеджан Рүстемов, Құрманбек Бекпейісов, ел ішіне жыршы ретінде
танымал Алмас Алматов, Елмұра Жаңабергенова, Ғазиза Шаймаханова, Сәбит
Дабыловтар орындайды.
ҚХР-дың Шыңжаң өлкесіндегі Алтай, Тарбағатай, Іле қазақтарының жинаққа
енген кәсіби әндері – атажұртқа бейтаныс халық әндерінен, сондай-ақ,
Таңжарық, Аппақ, Сұлубай, Бүркітбай, Төлеухан, Жұмахан, Құмарбек Көпенұлы,
Рәфиық Домбаев, Шәушекей Керімқызы деген әнші-композиторлардың
шығармаларынан тұрады. Бұл әндерді Әмина Нұғманова, Керім Елемес, Алтынкүл
Бапарқызы, Сағадат Мырзахметұлы, Гүлзира Бөкейханқызы, Шәбә Әденқұлқызы,
Айнұр Қалайқызы, Майра Қайратқызы, Думан Оралбай, Арай Асқап сияқты әншілер
орындаған.
Осы арада дәстүрлі қазақ әндерінің аспаптық сүйемелі жөнінде айта кеткен
орынды. Қазақ әндерінің басым көпшілігі домбыраның сүйемелімен орындалады.
Қобыз, сырнай, жетіген, үш ішекті домбырамен де айтылатын әндер бар. Үш
ішекті домбырамен ән айту дәстүрі, негізінен, еліміздің шығыс өңіріне тән.
Осы жинаққа үш ішекті домбыраның сүйемелдеуімен – “Жорғатай”, “Керім-ау,
айдай”, “Ақ ерке”, “Іркужан” сияқты бірнеше халық әндері енді.
Ш.Уәлиханов (XІX ғ.) бала күнінде қобызбен ән айтқан Жанақ ақынды көргенін
жазады. Бұдан басқа да зерттеулерде қазақ даласында қобызбен ән-жыр
айтушылардың көп болғандығы айтылады. Осы жинақтағы Сматай Үмбетбаев (“Ай,
сәулем”), Қазбек Әдікей (“Ағажай, Алтай”, “Бозторғай”) орындаған әндер
сияқты, қазіргі бірде-екілі үлгі, тәжірибелер болмаса, қазақ ән өнерінде
үзіліңкіреп қалған үрдістің бірі – осы.
Тайжан, Шашубай, Нартай, Майралардың қалыптастырған сырнаймен ән айту
дәстүрін бұл күнде Мұхаметжан Рүстемов, Құрманбек Бекпейісов, Клара
Төленбаева, Назгүл Қилыбаевалар жалғастырып отыр.
Жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарында қазақ музыка мәдениетіне
күйсандықтың (фортепиано) сүйемелімен ән айту үрдісі ене бастады. Бұл үрдіс
орындаушылық өнерге қазақтың төл дәстүріндей сіңіп кетті. Күйсандықтың
сүйемелімен ән айтқан Күләш Байсейітова, Шабал Бейсекова, Жамал Омарова,
Рахия Қойшыбаева, Елубай Өмірзақов, Рәбиға Есімжанова, тағы басқа біраз
әншілердің таспаға жазылып, сақталған дауыстары осы жинаққа енгізілді.
Дәстүрлі кәсіби әндер кемел құрылымымен, кең диапазон, күрделі ырғақ-
иірімдерімен ерекшеленеді, сондықтан кәсіби әндерді, негізінен, арнайы
ұстаз алдын көрген әншілер ғана орындайды. Әуендік, орындаушылық,
құрылымдық өзгешеліктеріне, орнығып. Осы арада дәстүрлі қазақ әндерінің
аспаптық сүйемелі жөнінде айта кеткен орынды. Қазақ әндерінің басым
көпшілігі домбыраның сүйемелімен орындалады. Қобыз, сырнай, жетіген, үш
ішекті домбырамен де айтылатын әндер бар. Үш ішекті домбырамен ән айту
дәстүрі, негізінен, еліміздің шығыс өңіріне тән. Осы жинаққа үш ішекті
домбыраның сүйемелдеуімен – “Жорғатай”, “Керім-ау, айдай”, “Ақ ерке”,
“Іркужан” сияқты бірнеше халық әндері енді. Ш.Уәлиханов (XІX ғ.) бала
күнінде қобызбен ән айтқан Жанақ ақынды көргенін жазады. Бұдан басқа да
зерттеулерде қазақ даласында қобызбен ән-жыр айтушылардың көп болғандығы
айтылады. Осы жинақтағы Сматай Үмбетбаев (“Ай, сәулем”), Қазбек Әдікей
(“Ағажай, Алтай”, “Бозторғай”) орындаған әндер сияқты, қазіргі бірде-екілі
үлгі, тәжірибелер болмаса, қазақ ән өнерінде үзіліңкіреп қалған үрдістің
бірі – осы. Тайжан, Шашубай, Нартай, Майралардың қалыптастырған сырнаймен
ән айту дәстүрін бұл күнде Мұхаметжан Рүстемов, Құрманбек Бекпейісов, Клара
Төленбаева, Назгүл Қилыбаевалар жалғастырып отыр. Жиырмасыншы ғасырдың
отызыншы жылдарында қазақ музыка мәдениетіне күйсандықтың (фортепиано)
сүйемелімен ән айту үрдісі ене бастады. Бұл үрдіс орындаушылық өнерге
қазақтың төл дәстүріндей сіңіп кетті. Күйсандықтың сүйемелімен ән айтқан
Күләш Байсейітова, Шабал Бейсекова, Жамал Омарова, Рахия Қойшыбаева, Елубай
Өмірзақов, Рәбиға Есімжанова, тағы басқа біраз әншілердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпмәдениетті тәрбиенің түйінді мақсаттары көпсатылы
Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру
Мектепке дейінгі білім беруде балаларға музыкалық шығармашылық құралдары арқылы эстетикалық тәрбие беру
«Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері»
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру
Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие берудің озық үлгілерін тәрбие процесінде қолдану жолдарын зерттеген, пікірлерін айтқан ғалымдар
5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДА ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ балалар фольклоры арқылы эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру моделін жасау
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка және оны пайдалану жолдары
Мектепке дейінгі педагогика ғылымы. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Пәндер