Еңбек тәртібі ұғымы және оны нығайтудың әдістері



Кіріспе 2
1. Еңбек тәртібі ұғымы және оны нығайтудың әдістері 2
2. Ішкі еңбек тәртібі 3
3. Қызметкерлердің тәртіптік жауаптылығы 7
Қолданылған әдебиеттер тізімі 9
Еңбек тәртібі институтының әлеуметтік рөлі — бірлескен еңбектің жақсы ұйымдастырылуын қамтамасыз ете отырып, өндірістік процеске қатысушылардың барлық іс-әрекеттерін біріктіруде, оларды үйлестіру арқылы алға қойған мақсатқа жетуде. Құқықтық реттеу және экономикалық ынталандыру арқылы еңбек процесіне қатысушылардың дұрыс қарекетін, олардың өзара құқықтарын, заңдық міндеттері мен жауаптылығын белгілеу арқылы қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда еңбек тәртібі экономиканың саласына, меншік түріне және шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан кез-келген кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) ұжымдық еңбегінің ажырамас элементі болып табылады. Бұл тарауда еңбек тәртібінің ұғымы беріледі және еңбек тәртібін нығайту әдістері, кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) ішкі еңбек тәртібі жұмыста қол жеткен табыстар үшін мадақтау жолдары, сондай-ақ қызметкерлердің өз еңбек міндеттерін орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін белгіленген тәртіптік жауаптылық сөз болады.
Қандай да болмасын бірлескен жұмыс, барлық қоғамдық өндіріс адамдардың бірыңғай, ортақ ережелермен бекітілген белгілі бір еңбек тәртібіне бағынуын, олардың келісіп қызмет атқаруын көздейді. Еңбек тәртібі осындай ережені жүзеге асыруға, адамдардың еңбек процесі барысында оны мұқият сақтауын қамтамасыз етуге арналған. Құқықтық санат ретінде еңбек тәртібі жұмыс беруші мен жұмыскердің ішкі еңбек тәртібіне бағынудағы, оның міндеттеулерін орындаудағы олардың өзара міндеттемелерінен көрініс табады.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы және меншіктің өркилы түрлерінің, шаруашылық жүргізудің көптеген ұйымдық-құқықтық формаларының болуы республиканың кәсіпорындарында (мекемелерінде, ұйымдарында) еңбек тәртібін қамтамасыз етудің мазмұны мен тетігінің елеулі өзгеруіне ұшырауымен байланысты.
Бәрінен бұрын, еңбек тәртібін нығайтудың идеологиялық тәсілі жоғалды, экономикалық ынталандырудың ролі артты.
Кәсіпкерлік қызметтің бостандығы және еңбек жағдайын белгілеуде мемлекеттің араласу аясын шектеу еңбектік құқық қатынастары тараптарының арақатынасын түбірімен өзгертті. Бұл жерде, бір жағынан, кәсіпкер ұжымдағы еңбек тәртібін белгілеуге және оны нығайтуға ынталанады, себебі өндіріс тиімділігі және табыс көзі соған байланысты, екінші жағынан - қызметкер өзінің еңбек үлесіне қарай жалақы алуға, жұмысын жоғалтпауға ынталанады, себебі мемлекет енді оның еңбекке құқығын кепілдендіре алмайды. Қызметкерлердің жұмысты адал істеуіне де итермелейтін күш бар .
1. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері Алматы, 2003 ж.
2. Дулатбеков Н. Амандықова С. Тұрлаев А. Мемлекет және құқық негіздері, Алматы, 2001ж.
3. Уваров В.Н. Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы. Алматы, 2002ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1. Еңбек тәртібі ұғымы және оны нығайтудың әдістері 2
2. Ішкі еңбек тәртібі 3
3. Қызметкерлердің тәртіптік жауаптылығы 7
Қолданылған әдебиеттер тізімі 9

Кіріспе

Еңбек тәртібі институтының әлеуметтік рөлі — бірлескен еңбектің жақсы
ұйымдастырылуын қамтамасыз ете отырып, өндірістік процеске қатысушылардың
барлық іс-әрекеттерін біріктіруде, оларды үйлестіру арқылы алға қойған
мақсатқа жетуде. Құқықтық реттеу және экономикалық ынталандыру арқылы еңбек
процесіне қатысушылардың дұрыс қарекетін, олардың өзара құқықтарын, заңдық
міндеттері мен жауаптылығын белгілеу арқылы қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда
еңбек тәртібі экономиканың саласына, меншік түріне және шаруашылық
жүргізудің ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан кез-келген кәсіпорынның
(мекеменің, ұйымның) ұжымдық еңбегінің ажырамас элементі болып табылады.
Бұл тарауда еңбек тәртібінің ұғымы беріледі және еңбек тәртібін нығайту
әдістері, кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) ішкі еңбек тәртібі жұмыста қол
жеткен табыстар үшін мадақтау жолдары, сондай-ақ қызметкерлердің өз еңбек
міндеттерін орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін белгіленген
тәртіптік жауаптылық сөз болады.

1. Еңбек тәртібі ұғымы және оны нығайтудың әдістері

Қандай да болмасын бірлескен жұмыс, барлық қоғамдық өндіріс адамдардың
бірыңғай, ортақ ережелермен бекітілген белгілі бір еңбек тәртібіне
бағынуын, олардың келісіп қызмет атқаруын көздейді. Еңбек тәртібі осындай
ережені жүзеге асыруға, адамдардың еңбек процесі барысында оны мұқият
сақтауын қамтамасыз етуге арналған. Құқықтық санат ретінде еңбек тәртібі
жұмыс беруші мен жұмыскердің ішкі еңбек тәртібіне бағынудағы, оның
міндеттеулерін орындаудағы олардың өзара міндеттемелерінен көрініс табады.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы және меншіктің өркилы түрлерінің,
шаруашылық жүргізудің көптеген ұйымдық-құқықтық формаларының болуы
республиканың кәсіпорындарында (мекемелерінде, ұйымдарында) еңбек тәртібін
қамтамасыз етудің мазмұны мен тетігінің елеулі өзгеруіне ұшырауымен
байланысты.
Бәрінен бұрын, еңбек тәртібін нығайтудың идеологиялық тәсілі жоғалды,
экономикалық ынталандырудың ролі артты.
Кәсіпкерлік қызметтің бостандығы және еңбек жағдайын белгілеуде
мемлекеттің араласу аясын шектеу еңбектік құқық қатынастары тараптарының
арақатынасын түбірімен өзгертті. Бұл жерде, бір жағынан, кәсіпкер ұжымдағы
еңбек тәртібін белгілеуге және оны нығайтуға ынталанады, себебі өндіріс
тиімділігі және табыс көзі соған байланысты, екінші жағынан - қызметкер
өзінің еңбек үлесіне қарай жалақы алуға, жұмысын жоғалтпауға ынталанады,
себебі мемлекет енді оның еңбекке құқығын кепілдендіре алмайды.
Қызметкерлердің жұмысты адал істеуіне де итермелейтін күш бар[1].
Еңбек тәртібінің мәні — әрбір қызметкердің өзіне жүктелген еңбек
міндетін дұрыс орындайтындай ішкі еңбек тәртібін белгілеу, ал жұмыс беруші,
материалдық және моральдық көтермелеу шараларын пайдалана отырып, ол қажет
болған жағдайда тәртіптік ықпал етудің қолда бар мүмкіндігін пайдаланып
еңбек заңнамасының, жеке еңбек және ұжымдық шарттың аясында кәсіпорынның
(мекеменің, ұйымның) жұмыс режимін сақтауында.
Кәсіпорындағы (мекемедегі, ұйымдағы) еңбек тәртібі әртүрлі тәсілдер
мен амалдарды қолдана отырып, негізінен, сендіру және мәжбүрлеу әдістерімен
қамтамасыз етіледі. Сендіру әдісі негізгі болып табылады. Оны қолданудағы
мақсат — қызметкерлердің әкімшілік талаптарын, кәсіпорынның (мекеменің,
ұйымның) ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сапалы түрде орындауына қол
жеткізу. Сендіру әдісін іске асырудың құқықтық формасына күшіндегі еңбек
заңнамасында белгіленген мадақтау шаралары жатады (Еңбек туралы Заңның 93-
бабы).
Мәжбүрлеу әдісі қосымша (қосалқы) әдіс болып табылады. Ол сендіру
әдісі тиісті нәтиже бермеген жағдайда қолданылады. Мәжбүрлеу әдісі жұмыс
берушінің өз мақсаттары мен басқарушылық міндеттерін жүзеге асыруына көмек
етеді. Мәжбүрлеу әдісін еңбек ұжымында іске асырудың құқықтық формасына
еңбек тәртібінің бұзылғандығы үшін тәртіптік жаза қолдану шарасы жатады
(Еңбек туралы Заңның 94 бабы)[2].

2. Ішкі еңбек тәртібі

Ішкі еңбек тәртібі дегеніміз кәсіпорын (мекеме, ұйым) жұмысының
белгілі бір режимі, ол бойынша әрбір субъект еңбек заңнамасына, жеке еңбек
және ұжымдық шарттарға сәйкес тиісті құқыққа ие болады, өзінің еңбек
ұжымындағы орнына және өндірістік-әлеуметтік міндеттерді шешудегі рөліне
қарай туындайтын өз міндетін атқарады.
Ішкі еңбек тәртібін құқықтық реттеу жұмыс берушінің актілері және
басқа нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады. Ішкі тәртіп
ережелерін ерекше бөліп қараған жөн. Мұндай ережелердің мақсаты -
қызметкерлерді еңбекке адал қарауға тәрбиелеу, еңбек тәртібін нығайту,
еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру, жұмыс уақытын тиімді пайдалану, еңбек
өнімділігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету. Ішкі еңбек тәртібінің
ережелері жұмыс берушінің актілерімен бекітіледі. Экономиканың кейбір
салаларындағы қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін тәртіп туралы жарғы
жасалынады (теміржол көлігі, теңіз, азаматтық әуе флоты, т.б.)
Тәртіп туралы бұл жарғылардың күші экономиканың осы саласының негізгі
қызметкерлеріне таралады, олардың тізбесі сол жарғының өзінде анықталады.
Ішкі еңбек тәртібінің ережелері қызметкерлердің мына міндеттерін
көздейді:
— еңбек тәртібін сақтау (жұмысқа уақтылы келу, жұмыс уақытының
белгіленген ұзақтығын сақтау, барлық жұмыс уақытын өндірістік еңбекке
пайдалану, әкімшілік өкімін дер кезінде және дәл орындау, т.б.);
~ еңбек өнімділігін арттыру, өнім шығару нормаларын және нормаланған
өндірістік тапсырмаларды уақтылы және мұқият орындау;
— технологиялық тәртіптерді сақтау, жұмыста ақау жібермеу және өнім
сапасын жақсарту;
— еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек
гигиенасы және өрттен сақтану жөніндегі тиісті ережелер мен нұсқауларда
көзделген талаптарды сақтау, арнаулы киімдерді, аяқ киімдерді, сақтық
құралдарын пайдалану;
— өз жұмыс орнын таза және ұқыпты ұстау, сондай-ақ цехта және
кәсіпорын аумағында тазалық сақтау, өзін алмастыратын жұмыскерге жұмыс
орнын, құрал-жабдықтарды дайындап өткізу.
— кәсіпорын мүлкіне ұқыпты қарау, машиналарды, станоктарды, құрал-
жабдықтарды тиімді пайдалану, материалдарға, арнайы киімдерге, т.б.
ұқыптылық таныту;
— қалыпты жұмысқа кедергі келтіретін немесе қиындық жасайтын себептер
мен жағдайларды тез жоюға шара қолдану (авария, т.б.) бұл себептерді өз
күшімен жоюға мүмкіндік болмаған ретте ол жайында әкімшілікке хабарлау;
— өз біліктілігін ұдайы жетілдіру;
Ішкі еңбек тәртібі ережелерінің кейбір нормалары қандай да бір
өнегелікті талап етеді, олар нормативтік, заңдық міндеттеу түрінде
бекітіледі. Мысалы, қызметкер жақсы және адал жұмыс істеуге, өзін жақсы
жағынан көрсетуге, басқа жұмыскерлердің өз еңбек міндеттерін орындауына
кедергі келтіретін әрекеттерден тартынуға тиіс. Бұл нормалар қызметкердің
жұмыстағы өз әрекет-қылығын қызметтегі әдептің қалыптасқан талаптарымен
салыстыруын міндеттейді. Бұл талаптар бұзылған жағдайда тек моральдық кінә
емес, заңдық сипаттағы ұнамсыз салдарлар туындауы мүмкін.
Әрбір қызметкердің өз мамандығы, кәсіби немесе қызметі бойынша
орындайтын міндеттерінің (жұмыстарының) ауқымы жұмысшылардың жұмыстары мен
кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалықтарында, қызметкерлер
лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарында, сондай-ақ техникалық
ережелерде, лауазымдық нұсқауларда анықталады.
Ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне қарағанда жарғыларда тәртіптік
жазалаудың қатаңырақ шаралары көзделген, ал бұл жазаларға бағыныштылық
сатысында жоғары тұрған органдар арқылы ғана шағын келтіруге болады. Ішкі
еңбек тәртібінің ережелері бойынша тәртіптік жаза қолданылған шараларға
еңбек дауларын қараудың жалпы тәртібінде шағым келтіріледі[3].
Бұлармен коса, ішкі еңбек тәртібі техникалық ережелермен және
нұсқаулармен реттеледі, олар жалданбалы қызметшінің арнайы еңбек
міндеттерін бекітеді. Бұл ережелер мен нұсқауларда өндірістік процестерді
жүргізу тәртібі туралы, машиналармен жұмыс істеудің нақты ережелері туралы
нұсқаулар болады (мысалы, автомобильдерді жүргізу және пайдалану ережелері,
т.б.) Мұндай ережелер мен нұсқауларды министрліктер мен ведомстволар
бекітеді. Лауазымды адамдар туралы нұсқаулар мен ережелерді ішкі еңбек
тәртібінің құрама бөлігі ретінде тану керек, олар қызметкерлердің белгілі
бір санатының еңбек құқығы мен міндеттерін нақтылауды мақсат тұтады
(мысалы, Мемлекеттік, кооперативтік және қоғамдық кәсіпорындардың,
ұйымдардың және мекемелердің бас және аға бухгалтерлері туралы Ереже).
Еңбек заңнамасында қызметкерлер мен жұмыс берушілердің негізгі
құқықтары мен міндеттері белгіленген, еңбек тәртібін қамтамасыз ету
жөніндегі шаралар, мадақтау шаралары мен тәртіптік жазаларды қолдану
тәртібі көрсетілген (Еңбек туралы Заңның 7, 8, 93, 94 және басқа баптары).
Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің негізгі міндеттері ішкі еңбек
тәртібінің ережелерінде толығырақ баяндалған.
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысының, оның орынбасарларының және басқа
лауазымды адамдарының (әкімшілігінің) құзыры Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң
күші бар Жарлығында, кәсіпорын жарғысында және басқа заңнамалар мен
нормативтік актілерде анықталған. Басшы жеке басқару принципі бойынша
әрекет етеді және кәсіпорынның қызметіне қатысты барлық мәселелерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері оқу курсының жүйесі
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстардың негізгі ұғымдары. Медициналық қызметтің құқықтық негізі.
Салауаттылық мәні және қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып балаларына мәдени демалыс қызметін көрсетудегі мәдени мекеменің жұмыс ерекшеліктері
Тұлғаның денсаулық психологиясы
Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру
Сауықтыру жаттығулармен айналысатын адамдар үшін медициналық бақылау
Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі
Мемлекет функциясын іске асыруәдістері мен заңдары
Пәндер