Бейнелеу өнері пәнінің педагогикалық негіздері



Кіріспе 3

1. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПӘНІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бейнелеу өнері заңдылықтарын оқытудың ғылыми.педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Қазақстан бейнелеу өнері арқылы оқушыларға көркем білім беру негіздері ... ... ... ... ... .. 14

2. ПЕЙЗАЖ ТАҚЫРЫБЫНА СУРЕТ САЛУҒА ОҚУШЫЛАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ

2.1 Бейнелеу өнері сабағында көктем мезгілін бейнелеудің жаңа тәсілдері ... ..28
2.2 «Көктем» атты шығармашылық жұмысыма талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.3 Бейнелеу өнері сабағында табиғат көріністерінің салу жолдарын үйрету тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.4 Бейнелеу өнері сабағында перспектива заңдылықтары арқылы оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
Мектеп мұғалімі...Өскелең ұрпақтың тағдырына басты жауапкершілік мектеп мұғаліміне жүктеледі. Бүгінде бұл жөнінде көп айтылып та, жазылып та жатыр. Мұғалім өз оқушысы үшін жауапты, демек ол егеменді еліміздің ертеңгі толыққанды азаматы үшін де жауапты. Мен бейнелеу өнері мұғалімі ретінде өзіме қандай жауапкершілік артылғанын сезінемін. Еліміз егемендігін алуына, қазіргі жоғары ақпараттық технологиялардың күнделікті өмірімізге күн санап дендеп енуіне және жаппай ғаламдану заманының жақындауына байланысты рухани ұлттық құндылықтарымыз қайта бағаланып, өміріміздің барлық салаларында терең өзгерістер болып жатқан дәп қазіргі қоғамымызға батыл да, шығармашыл, әрі бастамашыл азаматтар өте қажет. Жас ұрпақтың шығармашылық қасиетінің бастау көзін ашып, оны одан әрі дамыту, қоғамның келешектегі қозғаушы күшін дамыту болып табылады.
Тәуелсіздікке байланысты қоғамдағы терең өзгерістерден мектеп те тыс қалмады. Өзгерістер қоғамдық санада дүр сілкіністер туғызды. Уақыт талабына сай келмейтін барлық пәндік әдістемелерді, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды қайта қарауға тура келді. Бұл құбылыс, баланың жан сұлулығын қалыптастыратын, әсемдікті сезінуге баулитын өнерлық пәндер – музыка, әдебиет және бейнелеу өнерін оқытуға тікелей өз әсерін тигізді.
Мен өзімді балаларды әсемдікке баулитын пән – бейнелеу өнерінің мұғалімі мамандығымды мақтан тұтамын. Алайда, бұл мамандық көптеген міндеттерді: тек қана сурет салуды оқыту ғана емес, сондай-ақ он саусағынан өнері тамған ата-бабаларымыздың бізге аманатқа қалдырған, ғасырлар қойнауынан бізге аман жеткен баға жетпес рухани байлықтары, құнды жәдігерлерінің лайықты мұрагерлері бола білуге, яғни бізді өткен тарихымызбен жалғастыратын нәзік байланыстарды үзіп алмауға тәрбиелеуге міндеттейді. Демек, олардың бойында көрермендік, әсемдікті сезіну мәдениеттерін де қалыптастыру міндеті бейнелеу өнері пәнінің парызы болып табылады.
Көрермендік мәдениетке жету жолы оңай емес. Оған оқушы әр замандағы әртүрлі халықтардың мәдени құндылықтарынмен танысу, көркемдік-шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және сезінуді жетілдіре түсетін эмоциональдық-рухани тебіреністер арқылы жетеді.
Бейнелеу өнері сабағы – ерекше сабақ. Оған қойылар талап та ерекше – ол өнер талаптары бойынша құрылуы тиіс. Осыдан барып оның ерекшеліктері пайда болады. Бәрінен бұрын ол рухани-эстетикалық тәрбие міндетін атқаруы тиіс. Өйткені, адамзаттың рухани-эстетикалық тәжірибесі көркемдік-образдық форма түріне ене отырып, өнердің мәніне айналады. Бұл ретте, қазіргі педагогика ғылымдарында мұғалім мен оқушының тең дәрежеде қарым-қатынаста болып, бірлесе шығармашылықпен айналысуын құптайтын пікірлердің жиі орын алуы бекер емесін ескергеніміз жөн. Ал, ол бізге әке мен бала, ана мен қыз күнделікті өмірдің күйбең тірліктері мен одан да күрделі мәселелерді бірлесе, тең дәрежеде шешіп отырған халық педагогикасынан келді.
1. Ералин К. Е. Формирование пространственных представлений у учащихся. М., МГПИ им. Ленина. 1985.
2. Ералин К. Е. Моделирование педагогической деятельности учителя изоискусства. М., Прометей. 1991.
3. Кузин В. С. Основы обучения изобразительному искусству в общеобразавательной школе. Пособие для учителей. М., Просвещение. 1977.
4. Ералин Қ. Кеңістік көріністерін бейнелеу. Түркістан, Тұран, 2006.
5. Әмірғазин Қ. «Қазақ қол өнері». Алматы. ТОО «Дайк-Пресс» 1996.
6. С.Мұқтарұлы. Шоқан және өнер. Алматы 1985.
7. Мекішев Б. Әлемнің жеті кереметі. Алматы 1982.
8. Ағапов П., Қыдырбаев М. Сокровища древнего Казахстана. Алматы 1973.
9. И.Долгополов. Мастера и шедевры. Москва «Изобритательное искусство» 1987.
10. Горяева Н. А. Первые шаги в мире искусства. Книга для учителя. М., Просвещение. 1991.
11. Загрибельная – Раупова Н. Учебно-методическое пособие по изобразительному искусству. Алматы. Өнер. 1997.
12. Аманжолов С. А. Особенности индивидуализации обучения младших школьников 1-4 классов на занятиях тематическим рисованием. МГПУ. М., 1992.
13. В.А.Леняшин. Портретная живопись. Ленинград «Художник» 1986.
14. Киплик Д.И. Техника живописи. Москва «Искусство» 1950.
15. Иогонсон Б.В. О живописи. Москва «Искусство» 1960.
16. Анисимов Б. Г. Основы рисования. Учебное пособие для студентов. М., Стройиздат. 1977.
17. Беде Г. В. Основы изобразительной грамоты. Рисунок, живопись, композиция. М., Просвещение. 1981.
18. Кан Х. И. Тақырыптық сурет салу жайлы. Қазақстан мектебі. 1972 ж. №11, 66-69 бет
19. Балкенов Ж. Бейнелеу өнерінің эстетикалық тәрбие берудегі маңызы. Қазақстан мектебі. 1977 ж. №9, 78-81 бет.
20. Ұзақбаева С. А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. А.,
21. Бейсенбеков Ж. Қазақстан бейнелеу өнерінің білімдік-тәрбиелік мүмкіндіктері. Оқу құралы. Шымкент, «Нұрлы бейне». 2006 ж.
22. Болатбаев Қ. Көкжиек және кеңістік. А., «Алматы баспа үйі», 2008ж.
23. Аманжолов С. Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы. Оқу құралы. Астана ЕҰУ, 2006ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПӘНІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бейнелеу өнері заңдылықтарын оқытудың ғылыми-педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Қазақстан бейнелеу өнері арқылы оқушыларға көркем білім беру
негіздері ... ... ... ... ... .. 14

2. ПЕЙЗАЖ ТАҚЫРЫБЫНА СУРЕТ САЛУҒА ОҚУШЫЛАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ

2.1 Бейнелеу өнері сабағында көктем мезгілін бейнелеудің жаңа
тәсілдері ... ..28
2.2 Көктем атты шығармашылық жұмысыма
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .32
2.3 Бейнелеу өнері сабағында табиғат көріністерінің салу жолдарын үйрету
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.4 Бейнелеу өнері сабағында перспектива заңдылықтары арқылы оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .49
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51

Кіріспе

Мектеп мұғалімі...Өскелең ұрпақтың тағдырына басты жауапкершілік
мектеп мұғаліміне жүктеледі. Бүгінде бұл жөнінде көп айтылып та, жазылып та
жатыр. Мұғалім өз оқушысы үшін жауапты, демек ол егеменді еліміздің ертеңгі
толыққанды азаматы үшін де жауапты. Мен бейнелеу өнері мұғалімі ретінде
өзіме қандай жауапкершілік артылғанын сезінемін. Еліміз егемендігін алуына,
қазіргі жоғары ақпараттық технологиялардың күнделікті өмірімізге күн санап
дендеп енуіне және жаппай ғаламдану заманының жақындауына байланысты рухани
ұлттық құндылықтарымыз қайта бағаланып, өміріміздің барлық салаларында
терең өзгерістер болып жатқан дәп қазіргі қоғамымызға батыл да, шығармашыл,
әрі бастамашыл азаматтар өте қажет. Жас ұрпақтың шығармашылық қасиетінің
бастау көзін ашып, оны одан әрі дамыту, қоғамның келешектегі қозғаушы күшін
дамыту болып табылады.
Тәуелсіздікке байланысты қоғамдағы терең өзгерістерден мектеп те тыс
қалмады. Өзгерістер қоғамдық санада дүр сілкіністер туғызды. Уақыт талабына
сай келмейтін барлық пәндік әдістемелерді, оқу-тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыруды қайта қарауға тура келді. Бұл құбылыс, баланың жан сұлулығын
қалыптастыратын, әсемдікті сезінуге баулитын өнерлық пәндер – музыка,
әдебиет және бейнелеу өнерін оқытуға тікелей өз әсерін тигізді.
Мен өзімді балаларды әсемдікке баулитын пән – бейнелеу өнерінің
мұғалімі мамандығымды мақтан тұтамын. Алайда, бұл мамандық көптеген
міндеттерді: тек қана сурет салуды оқыту ғана емес, сондай-ақ он саусағынан
өнері тамған ата-бабаларымыздың бізге аманатқа қалдырған, ғасырлар
қойнауынан бізге аман жеткен баға жетпес рухани байлықтары, құнды
жәдігерлерінің лайықты мұрагерлері бола білуге, яғни бізді өткен
тарихымызбен жалғастыратын нәзік байланыстарды үзіп алмауға тәрбиелеуге
міндеттейді. Демек, олардың бойында көрермендік, әсемдікті сезіну
мәдениеттерін де қалыптастыру міндеті бейнелеу өнері пәнінің парызы болып
табылады.
Көрермендік мәдениетке жету жолы оңай емес. Оған оқушы әр замандағы
әртүрлі халықтардың мәдени құндылықтарынмен танысу, көркемдік-шығармашылық
қабілеттерін жетілдіру және сезінуді жетілдіре түсетін эмоциональдық-рухани
тебіреністер арқылы жетеді.
Бейнелеу өнері сабағы – ерекше сабақ. Оған қойылар талап та ерекше –
ол өнер талаптары бойынша құрылуы тиіс. Осыдан барып оның ерекшеліктері
пайда болады. Бәрінен бұрын ол рухани-эстетикалық тәрбие міндетін атқаруы
тиіс. Өйткені, адамзаттың рухани-эстетикалық тәжірибесі көркемдік-образдық
форма түріне ене отырып, өнердің мәніне айналады. Бұл ретте, қазіргі
педагогика ғылымдарында мұғалім мен оқушының тең дәрежеде қарым-қатынаста
болып, бірлесе шығармашылықпен айналысуын құптайтын пікірлердің жиі орын
алуы бекер емесін ескергеніміз жөн. Ал, ол бізге әке мен бала, ана мен қыз
күнделікті өмірдің күйбең тірліктері мен одан да күрделі мәселелерді
бірлесе, тең дәрежеде шешіп отырған халық педагогикасынан келді.
Бұл ретте белгілі орыс суретшісі Е. Флерованың Әке мен бала - атты
тамаша картинасын көз алдымызға елестетіп көрейікші. Әке мен бала – өмірден
білген-түйгені көп тәжірибелі мосқал шаруа мен жас бала екеуара бір шалғыны
ұстап, екеуі бірдей аяқ баса отырып пішен орып келеді. Мүмкін, шалғыны
ұлына беріп, мен, қалай орсам, сенде соны қайтала - деу дұрыс болар? Ал,
бай өмірлік тәжірибе мұны ақылды түрде басқаша шешті. Өзінің әбден еңбекпен
күстелген үлкен қолымен баласының қолының сыртынан ұстай отырып, әкесі
шалғының бірқалыпты ырғағы, ора отырып жылжудың белгілі шамасы, дененің
дұрыс қозғалысы арқылы өзінде жиналған әдіс-машықтарын ұлына артық сөзсіз
беруде. Мінеки, бұл нағыз бірлескен әрекет өйткені, екі жақта жақсы
нәтижеге жетуге барынша мүдделі.
Бейнелеу өнері сабақтарын сыныпта ерекше эмоциялық қызығушылық
атмосферасын қалыптастыра отырғызып жүргізудің маңызы зор. Оған мұғалімнің
бейнелі сөздері, оқушылармен көптеп диалогтар құру, көру образдары,
поэтикалық мәтіндер қолдану, ойын ситуацияларын пайдалану арқылы қол
жеткізуге болады. Міне, осылардың бәрі, жалпы алғанда бейнелеу өнері
сабақтарының эмоциональдық драматургиясының құрылымдық элементтері болып
табылады.
Ұлы орыс педагогы А. В. Луначарский - Адам жаратылысы бойынша сезімді
ақылдан бұрын қояды. Біз қандай-да бір нәрсені оны тек мимен ғана сезініп
қоймай, бұған өзіміздің бар жүйке жүйемізді жұмылдырып, бүкіл жан-
дүниемізбен сезінген де ғана оны түпкілікті танып-білдік деп санаймыз -
деп жазды.
Міне сондықтан бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың дұрыс
болғанымен жансыз, әсерсіз жауаптарынан гөрі, олардың сәбилік эмоцияға
толы, барынша пәк, жан жүрегімен сезініп, әсерленген жауаптары анағұрлым
маңызды. Сабақта осындай сәттерді қалыптастырғанда ғана өнерді сезіну,
қабылдау процессі бізге қажетті - ақыл мен сезім бірлігі түріндегі
формаға енеді. Егер, біз оқушылардың бойында өнер арқылы адами, рухани
қасиеттерді қалыптастырғымыз келсе, бұны әрдайым есте ұстап олардың
сабақтағы әрбір кішкене жетістігі - шаттық толы жанарына немесе ойға батқан
жүзіне қуана білуіміз керек.
Сабақ барысында баланы жан-дүниесінде не болып жатыр? Тек қана
педагогтық сезімталдық пен нәзік түйсік осы бір ұлы еңбек – жан еңбегін
сезіп, көре алады.
Бұл ретте Луначарскийдің - Егер оқырман немесе тыңдаушының табиғи
дарыны болмаса немесе оқу барысында жан-тәнімен беріле қабылдап, тебірене
сезіну қабілеті қалыптаспаса бәрі бекер - деген сөзін қаперімізде
ұстағанымыз жөн.
Бұл пікір белгілі дәрежеде оқушыға да қатысты. Егер біз баланың жан
дүниесін оята білсек, яғни оқушыны жан-тәнімен оқуға ұмтылдыра алсақ, онда
оның рухани жан-дүниесі баи түсіп, ол адамды да, табиғатты да, бейнелеу
өнерін және көптеген басқа рухани құндылықтарды терең ұғынып, қабылдай
алады. Бір сөзбен айтқанда, ол жалпыадамзаттық мәдениеттің тағы бір
сатысына көтерілер еді. Міне, осы себепті де сабақтарда балаларға барынша
терең түсініп, жан-тәнімен беріле оқуға қажетті алғышарттарды
қалыптастыруымыз өте қажет.

1. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПӘНІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Бейнелеу өнері заңдылықтарын оқытудың ғылыми педагогикалық негіздері
Бейнелеу өнерін танудың ғылыми негізі табиғат құбылыстары мен қоршаған
орта, қоғам дамуымен тығыз байланысты қарастырылады. Басқа ғылым салалары
сияқты бейнелеу өнерін ғылыми негізі атаулардан, териндерден, түсініктер
мен категориялардан құралады. Бейнелеу өнерінің өзіне тән табиғат
құбылыстарын тану заңдылықтары бар.Бейнелеу өнерінің негізгі бейнелейтін
нысаны табиғат, жаратылыс құбылыстары болып табылады. Бұл аталған
құбылыстардың белгілі дәрежеде құрылымдық, танымдық заңдылықтары бар.
Бейнелеу өнерінің жаратылысқа байланысты құбылыстары әсіресе түстерге,
жарық пен көленкеге, кеңістікке, көрініс формаларына байланысты айқын
байқалады. Осыларды ескере келе бейнелеу өнерін тану негізі бейнелеу
өнерінің негізін құрайтын жарықтану, түстану, композиция, перспектива
заңдылықтарын танумен тығыз байланысты анықталады.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму жолына назар аударсақ
бейнелеу өнері заңдылықтарын оқыту мәселесі туралы әдіскерлер нақтылы бір
шешімге келе алмағандығын көруге болады. Әрине бұл мәселенің нақты шешімін
табу ғылыми әдістемелік зерттеуді қажет ететіндігі сөзсіз.
Бейнелеу барысында суретін салатын табиғат құбылыстырының
заңдылықтары болатындығы, сурет салудың барысында байнелеу заңдылықтарын
орындау қажеттігі туралы белгілі суретші педагогтер К.Ф.Юон, Н.Н.Ростовцев,
В.С.Кузин, Е.В.Шорохов, К.Е.Ералин Б.А.Әлмұханбетов, Ж.Б.Балкенов бағалы
пікірлер айтқан.
Жалпы білім беретін мектептерде сурет салу әдістерінің дамуына
Константин Федорович Юон белгілі үлес қосты. К.Ф.Юон көркемсурет
мектептеріндегі суретті оқыту әдістемесі мәселелеріне зор көңіл бөле
отырып, ол белгілі дәрежеде жалпы білім беретін мектептерде суретті оқытуға
қызыға қараған. Мен осы тамаша пәнге осы кезге дейін дұрыс баға берілмей
келе жатыр деп айтқым келеді. Егер оған көбірек уақыт беріп, оның оқыту
әдістемесінің талдауларын дайындаса, онда басқа пәндердегі білімдерді
қабылдауды жеңілдетер еді және бұл пәндерді өзара байланыстыру звеносы
қызметін атқарар еді, сурет қоршаған дүниені дұрыс түсініп, жеке тұлғаны
дамытуға жәрдемдеседі деп жазған. Ол менің негізгі тезисім үнемі,
бұлтарыссыз көру әлемінің заңдылығын оқыту деп есептеген. (Юон К.Ф. Об
искусстве М, 1959,-297 с.). Сонымен қатар ол перспектива туралы, горизонт
сызығы туралы негізгі түсінікті бере білу керектігін, мысалдар келтіру
арқылы горизонт сызығы туралы түсіндіруге болатындығын көрсеткен.Оқушылар
бояумен жұмыс істеу барысында, оларға спектр туралы, бояулардың өзара әсері
туралы ғылыми түсініктер беруге кеңес берген.
Оқыту әдістерін ғылыми негіздеуге мән бере отырып, Юон сурет салудың
техникалық мәселелерінің өз ғылыми таным тұрғысынан қарауға көңіл бөледі.Ол
Менің өнер мен ғылымның байланысы туралы бірқатар сөз айтқым келеді бұл
екі жақты байланыс, деп көрсеткен. Бірінші жағынан, өнер, сурет география,
тарих, жаратылыстану ғылымдары–зоология, ботаника, геология, сондай-ақ,
физика, химия, математика ғылымдарын оқыту әдістемесімен байланысты болса,
екінші жағынан, фактура сияқты ғылымның белгілі бір саласындағы құбылысты,
ғылыми танымды айтқым келеді. Фактураның өзі әр түрлі. Бірі–табиғатта,
екіншісі–суретте болады деп көрсетті.
Табиғатта фактура өзінің материалдарымен байланысты (бархат-бір
фактура, жүн-басқа фактура). Бұл фактуралардың әр түрлі қасиеттері болады,
және олар жарық құбылысын әр түрлі қабылдайды деп көрсеткен.
Мұнан соң ол сурет фактурасы, сурет техникасы туралы айту қажет. Бұл
салада да айтып отырғанымыз көркемдік құбылысқа жатады. Ғылыми дүниеге
қатысты жеке құбылыстарды да ғылыми тұрғыдан ашып көрсету маңызды деп
ойлаған
ХХ ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
түсті. Суретті оқытудың дұрыс принциптері мен оны оқытудың әдістері
бекіді.Оқулық суреттің мәселелерін терең ғылыми негізде шешу қажеттігі
көріне бастады.
Суретші педагог Н.Н.Ростовцев оқыту барысында балаларға қоршаған
ортаның өмір шындығын таныстыру қажеттігіне мән берген.Ол мұғалім
эстетикалық тәрбиемен айналыса отырып өнерге деген оң көзқарасты
қалыптастырады, қоғамдағы өнердің орнын ашып көрсетеді. Мектептегі бейнелеу
өнерін оқыту балаларға қоршаған өмір шындығын танып, өнерді олардың
санасына, сезімі мен еркіне әсер етеді. Мұғалім бұл міндеттерге көңіл
бөлудің маңызын түсіне білуі қажет деп кеңес берген.
Суретші педагог В.С.Кузин бейнелеу өнерін оқытудағы ғылымилық
принципі, оқушыларға оқудың әрбір кезеңінде, сатысында бейнелеу өнерінің
ұғымдарын үйретуді талап етеді, ал осы ұғымдарды оқыту әдістері арқылы
үйретіледі. Мұғалімнің оқушыларға ұсынатын білімдік материалдары осы заман
ғылымының дәрежесіне сәйкес болуы керек. Ғылыми білімдердің шеңбері үнемі
кеңи береді. Ал балалардың білім алу қабілеттілігі, өсіп отыратын ғылымның
шеңберіндегідей кеңейе алмайды. Сондықтан ғылымның оқу мазмұны үстіндегі
қажетті материалын іріктейтіндей принциптерді табу қажет екендігіне көңіл
бөлген.
Педагог ғалым Е.В.Шорохов Бейнелеу өнерінің ғылыми негіздерін жарық-
көлеңке перспектива, түстану симметрия композиция заңдылықтарымен оларды
бейнелеудің ережелері құрайды. Мұғалім бұл заңдылықтармен оқушыларды
таныстырады. Сонымен қатар мұғалім оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының
заңдылықтарын ашып көрсету қажеттігін ұсынған.
Педагог ғалым Б.А.Әлмұханбетов, Түстану түс туралы ғылым. Түстер
хроматикалы және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге, түрлі-
түсті түстер жүйесі кіреді. Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер
жатады. Барлық хроматикалық түс үш параметрмен – ашықтылықпен, түстік өңмен
және қанықтылықпен сипатталады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір
белгісі бойынша – ашықтығы (ашық сүрғылт немесе қара сүрғылт) бойынша
ерекшеленеді. Түстік өң бұл қызыл, сары және т.б. сөздермен анықталады.
Мысалы қызыл, таза қызыл немесе сұрғылт қызыл. Бұл қызылға қосылған сұрғылт
қоспа түстің өңін өзгертпейді, қызыл түс қызыл болып қалады. Ахроматикалық
қоспадан, хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада
ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын оның қанықтығы арта түседі.
Хроматикалық түстер шартты түрде жалпы түстер суық түстер болып бөлінеді
деп көрсеткен.
Педагог ғалым Ж.Балкенов Жылы түске түс спектірінің сары-қызыл
бөлігі, ал суық түске көк-көгілдір бөлігі жатады. Жылы түстерді күн мен
оттың түсімен, суық түстерді аспан, су мен мүздың түсімен сипаттауға
болады. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады. Басқа түстермен
қатынасына байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызуға болады.
Түстік шеңбер-бірге қатар қойылған түстерден құралған шеңбер. Бұл
шеңбер, сары, сарғыш қызыл, қызғыш қоңыр, жасыл көк, көк күлгін, көк, болып
жалғасып отырады. Негізгі түстер сары, қызыл және көк түстер контраст бір-
біріне қарама-қарсы түстер.
Контраст түстер – бір біріне қарама-қарсы түстер. Ақ түске, қара
түстер қарсы ақ пен қызыл, ақ пен көк, қарамен қызыл т.б түстер контраст
түстер сипатын береді деп түстердің заңдылықтарын көрсеткен.
Педагог ғалым К.Ералин Сурет салу негізінде біз нұсқаны бақылап қана,
оның сыртқы формасын көшіріп салумен шектеліп қоймаймыз, сонымен қатар оның
ішкі құрылымын түсінуге талпынамыз, заттың ішкі құрылымының скелеті көзге
көрінбегенімен, ол заттың сыртқы формасын бейнелеу үшін өте маңызды.
Мысалы, сурет салушы кубтың оның қабырғаларымен шектесіп жатқан қырларын
және оның формасын елестетеді, куб құрылымының конструктивтік схемасын
елестетеді, сонан соң барып, кубтың суретін салуға кіріседі. Біз кімге
кубтың суретін сал десек те, олардың бірі жақсы бірі жаман қылып оның
суретін салып береді, бірақ мүның себебі олардың зат формасы мен сипаты
туралы анық елестетудің - зат құрылымы туралы білімінің болуына байланысты
болып табылады деп таныған.
Егер біз сурет салатын адамдарға, ол ешбір уақытта көрмеген заттың
суретін салыңдар десек, олардың көпшілігі, логикалық құрылымы бар бейненің
көрінісін бере алмайды. Себебі олардың саналарына ешқандай оның образы жоқ.
Бұл сурет салу кезінде, сурет салушының зат туралы дұрыс елестетуі
және түсініктері пайда болады, немесе әрбір сурет салушы өз суретінде өмір
шындығының елестерін білдіреді. Басқаша айтқанда өзінің санасында
қалыптасқан зат образын бейнелейді. Сондықтан да ұлы суреткер Микеланджело
Суретті қолмен емес, оймен салу керек деп көрсеткен. Сонымен адам сурет
сала отырып, қоршаған әлемді талдайды. Өмір шындығын тану үрдісі өнер мен
ғылым арқылы тану негізі форманы шағылыстыру формаларына байланысты әр
түрлі болып бөлінеді: ғылым өмір шындығын түсініп, ойлау және қорытындысын
шығару формалары арқылы жүзеге асыратын болса, өнер өмір шындығын образдық
түрде бейнелейді.
Оқушыны зат көрінісін дұрыс бейнелеуге үйрету үшін, мұғалім балаға ең
бірінші зат құрылымының ерекшеліктерін дұрыс көре білуге үйретуі тиіс.
Оқулық сурет салу барысында табиғатты бақылау мен тану маңызды роль
атқарады. Мұғалім оқушылардың сурет салуды бастағаннан бастап заттың
конструкциялық құрылымы, форма сипаты, пропорциялары сияқты зат құрылымының
заңдылықтарын нұсқадан көре отырып түсінулеріне басшылық көрсетеді. Зат
формасын дұрыс көре білуге үйретуге болмайды деген түсінік бар. Олар әркім
әр түрлі субьективті көреді, сонан соң оларды қалай көрсе солай бейнелейді
деп ойлайды. Бұл көзқарас қате. Әрбір адам затформасын дұрыс көре білуге
мүмкіндігі бар екендігі ғылымда бұрыннан дәлелденген. Оқу үрдісінде әрбір
оқушының нұсқаны өзінше әр түрлі етіп салуына мұғалім жол бермеуі тиіс. Ол
барлық сурет салушылардан заттарды шынайы бейнелеуін, яғни көрініс
бейнесінің нұсқамен сәйкес келуін талап етуі тиіс. Бұл шығармашылық
қабілеттің дамуына қайшы келмейді.
Керісінше бұл шығармашылық қабілеттің дамуына қажетті білім мен
дағдылардың мықты фундаментін қалайды. Тек қана жақсы меңгерілген
заңдылықтар мен дәстүрлерден бастау алғанда ғана адам қолөнершілікті емес
жаңашылдық өнімді жасай алады.
Материалдық әлем күрделі де көпқырылы болғандықтан оны танып, оның
заңдылықтарын ашуға сезімдік қабылдау жеткіліксіз. Бұл жерге таным
процестерінің екінші және сонымен бірге жоғарғы сатысы болып табылатын
абстрактылық ойлау келуге тиіс.Біздің ойымыз түйсік пен қабылдаудан шыға
отырып, өмір шындығы тікелей бейнелеу өрісімен шектеседі. Ол қоршаған
дүниені бір орталықты, жалпылауы түсінік, ойлау, ой қорытындысы формасында
көрсетеді. Көре білу ептілігі санамен және ойлаумен байланысты. Адам өмір
шындығының ерекшеліктері мен нәзік баяуларын көре білумен қатар қабылдаудың
күрделі жүйесін меңгеруге қабілетті.
Бүркіттің көзі адамның көзіне қарағанда алыстағыны көреді, бірақ адам
көзі бүркіттің көзіне қарағанда заттардағы өзгерістерді көп көретіндігі
белгілі.
Таным теориясында табиғатты эстетикалық қабылдау енжар көре салу емес,
қоршаған ортаны тануға оның заңдылықтарын ашуға, тануға үмтылған, өмірді
тануға бағытталған шығармашылық белсенді әрекетке негізделген қарым-қатынас
түрінде танылады.
Суретте өмір шындығы беріліп, ол бейне түрінде көрініс табады. Өмір
шындығының суретін салу, танымдық үрдіссіз мүмкін емес. Оқушыға көргенін
автоматты түрде қағаз бетіне түсіруге емес, оның санасында қалыптасқан
нұсқа туралы түсініктері мен елестетуі арқылы көргенін бейнелеуге үйрету
қажет. Затты әр түрлі көру нүктесінен қарау арқылы әдепкіде оны логикалық
тануына қабілеті жете бермейді. Бұл кезде бірінші әсер толық болмай,
түйсіктің бір-бірімен өзара логикалық нақты шешім шығаратын байланысы да
болмайды.
Жаңадан сурет салуды үйреніп жүрген сурет салушы әдетте өзінің бірінші
көрген әсерімен тоқтап қалып, зат туралы жартылай елестеулерін санасында
бекіп қалады. Зат туралы нағыз түсінік бірізді бірқатар көру әсерлері мен
логикалық ой толғанысы нәтижесінде анықталды.
Сурет салуды үйренудің негізгі нұсқаға қарап отырып сурет салу болып
табылады. Бұл жағдайда, көру көргенін ой елегінен өткізу ептілігіне
қарамастан көрген зат сурет салу процесінде, яғни практикада үйлестіруден
өтеді. Негізгі үлгерім нәтижесі мұғалімнің әдістемелік басшылығына
байланысты алынады. Оқулық суреттегі көру арқылы берілетін бағаның
бірізділігін мұғалім белгілі жүйеге бағыттауы тиіс. Оқушы заттың суретін
сала отырып, нұсқа туралы елестеулер мен өз әсерлері туралы мұғаліммен
пікір алысады. Дұрыс жасалған әдістемелік нұсқау нәтижесінде ол нұсқа
туралы әдепкі қате пікірден бас тартып, оның ақиқатын тануға келеді.
Мысалы, оқушы оқу бағдарламасы бойынша гипстен жасалған вазаның суретін
салды делік. Бұл кезде балалардың көбі нұсқаны механикалық түрде вазаның
контур сызықтарына қарап көшірме жасауға ұмтылады бірақ, форма құрылымының
ерекшеліктеріне мән бере бермейді. Бүл жағдайда педагог форма қандай
бөліктерден түратындығына, оларды тұтас бір формаға қалай жиналып
түрғандығына, қосымша сызықтар сызу арқылы көрсетеді.
Жазықтық бетіне бейне құрылымының шынайы көрінісін беру үшін, педагог
бейнелеудің принциптері мен әдістерін ашып көрсетеді. Ол оқушыларға
перспектива мен көлеңкелер теориясы облысындағы ғылыми-теориялық
мәліметтерді береді, яғни педагог ғылымилық деп аталатын дидактикалық
принципті практикада іс-жүзінде асырады. Сонымен қатар оқушылардың өз
бетінше орындайтын жұмыстарын, ғылыми-теориялық білім алуға, олардың
қасиетін сезінуге бағыттау қажет. Ол үшін мұғалім ұзақ уақыт салатын
суреттермен қатар, қысқа мерзімде салатын нобайларды үйге тапсырма ретінде
береді. Мұндай тапсырмалар балаларға нұсқаны мұқият бақылауға, талдауға
және бейне құрылысын саналы түрде бейнелеуге үйретеді. Аталған тапсырмалар
балаларға ғылыми білімді алуға ұмтылдырады.
Мұғалімнің сабақтағы негізгі міндеттерінің бірі дұрыс бақылау жасаумен
ақиқат өмір шындығын танудың жолдарын көрсету болып табылады. Оқушы зат
көрінісін бірінші рет салу барысында, зат формасының сыртқы белгілерін
сақтай отырып, оның құрылымының ерекшелік сипатын білместен, ол тәртіпті
түрде көшіріп салуға ұмтылады. Педагогтың дұрыс әдістемелік басшылығы
негізінде ол жалпы форманы бақылау-форманың тұтас және жеке бөліктерінің
пропорциялық қатынастарын байқау-нұсқаның көлемі мен пластикалық
қасиеттерін байқау-нұсқаның конструктивтік құрылымын талдау нұсқаның жеке
бөлшектерінің сипатын айқындау сияқты бақылау жүйесін қысқа уақытта
меңгеруге қол жеткізеді.
Мұндай байқау мен талдау процесінде оқушы форманы мейлінше нақты
бейнелеуге ұмтылады. Оның суретін салмас бұрын дөрекі қате жіберіп алмас
үшін, зат құрылымын дұрыс түсінуге күш салады. Қысқа мерзімді байқау мен
бақылаудың зат туралы толық елестету мүмкін емес, ол үшін үзақ мерзімді
бақылау қажет. Сондықтан оқу процесінде аяқталған суретке басты назар
аударылады, себебі аяқталған сурет оқушы байқауының соңғы нәтижесін
көрсетеді. Аяқталған суретке қарап педагог оқушының нұсқа құрылымын қалай
бере білгенін, модельдің айрықша белгілерін қалай тапқанын, модель туралы
оқушы не білетінін айқындайды. Жақсы орындалған сурет зат қасиеттері туралы
барынша мол мәлімет беретін-көрушіге, зат туралы ақиқат елестетуін алуға
мүмкіндік туғызатын белгілер болып табылады.
Бейнелеу өнерін оқытуда бейнелеу әдістерін меңгерумен қатар балалардың
байқампаздығы мен білімқұмарлығын дамытады. Бұл қоршаған ортаның даму
заңдылықтарына, қоршаған ортаны тану дүниетану белсенділіктерін арттыруға
үйретеді.
Сурет салу барысындағы балалардың нұсқаны ойсыз көшіріп салуын
болдырмау үшін көп еңбек етуді қажет етеді.Оқушы алдымен көру арқылы
нұсқамен танысады, онан соң педагог модельдің пропорциясы, түсі және
жарықтануы сияқты форма ерекшеліктеріне назар аударады. Мұндай алдын ала
нұсқамен таныстыру обьектіні талдаудың негізі болады.
Мұғалім оқушылардың назарын нұсқаға аудара отырып, өз шәкірттерінің
модель құрылымының ерекшеліктеріне, оларды қосалқылардан бөліп алып,
форманың конструктивтік құрылымын ашып көрсетеді.
Оқушылардың заттың жеке ұсақ бөлшектеріне көңіл аударуы, олардың
зерттеп отырған нұсқаның тұтастай образын байқауынан алшақтап, оның
құрылымын түсінуге кедергі жасайды, бүл өз кезегінде нұсқаны дұрыс
бейнелеуге кедергі келтіреді. Оқушы зерттеп отырған нысанды нақты елестету
үшін, ол ең алдымен оның формасын тұтастай қамтуға, онан соң сол заттың
ерекше белгілерін танып, барлығының басты бөлшектері мен өзара байланыстары
мен өзара бағыныштылық қасиеттерін және осы элементтерінің өзара орналасуы
мен құрылым бірлігін білуі тиіс.
Бұл үшін педагог оқушыларға тұтасты жеке бөліктерге және оларды
қайтадан бір тұтастыққа біріктіру процесін, яғни талдау, жалпылау процесін
бірлікте қарауға үйретеді. Әрине бүл әрбір сыныптың, оқушылардың даму
деңгейіне байланысты қолдануға, және олардың білім көлемін есепке алуға
сәйкес келуі тиіс.
Тәжірибе көрсеткендей бейнелеу заңдылықтарын білмейтін және
сақтамайтын мұғалімдер суретті саналы меңгеруге аса мән бермейді. Мұндай
ештеңені түсіндірмей, тек қана оқушының суретін жөндеуге жәрдемдесумен
шектеліп, жұмыстың бір кезеңінен екінші кезеңіне ауысумен айналысады. Сурет
салуды оқытудың бұл жолы, сурет салудың тек қана механикалық дағдыларымен
техникалы жұмыс тәсілдері ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда оқытудың
танымдық және білімдік функцияларын үмытып қалады, ал шын мәнінде нұсқаға
қарап сурет салу шағын мақсатқа ықшамдалып, өзінің жалпы білім беретін пән
ретіндегі педагогикалық құндылығын жоғалтады. Бұл оқушылардың үлгерімін
біліміне қарай бағаланбай, тек қана техникалық жетістіктері бойынша
бағалауға апарып соғады. Бүл жерде оқушының күш жігері нұсқаны оқып
үйренуге емес, ұтымды суретті орындауға жұмылдырады.
Оқыту барысында бейнелеу өнерінің заңдылықтарынан оқушыларға білім
берумен шектеліп қалмай, сол білімдерді ғылыми қағидалармен бекітіп отыру
қажеттігін көрсетеді. Сурет салу барысындағы әрбір жағдайлар мен шарттар
ғылыми мәліметтермен бекітілуі тиіс. Яғни, қандайда бір өмір құбылыстарының
заңдылықтары көрсетіліп отыруын қажет етеді.Бл деген сөз, педагог тек қана
көрсетумен шектеліп қалмай, белгілі форма бейне қандай әдіспен құралды, бұл
тек қана сол әдіспен салыну керектігін дәлелдеп көрсетуді қажет етеді.
Мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін жетілдіруді педагог
өзінің берген кеңесі мен нұсқауының дұрыстығына,оның оқушы еңбегін
әлдеқайда жеңілдететіндігіне өздері сурет салу барысында көз жеткізулері
тиіс. Оқушылар өнермен айналысу барысында ғылымының өнерге жәрдемдесетіні
олардың әр уақытта естерінен шықпайтындай болуы тиіс.
Жалпы білім беретін мектептегі бейнелеу өнері суреттер салумен
шектеліп қалмауға тиіс. Бейнелеу өнерін оқыту балаларға зат құрылысын қағаз
бетінде сауатты бейнелеуге бағытталып құрылуы тиіс. Балалардың сауатты
салынған суреті – перспектива заңдылықтарын қолдану, жарық пен көлеңке
түстану заңдарын сақтау, зат құрылымының ерекшеліктерін, құбылыстардың
заңдылықтарын дұрыс түсіну негізінде салынған суретті айтамыз.
Өнердің сауаттылығын меңгермей бала бейнелеу өнерінің көркемдік
ерекшеліктерін меңгермейді. Бейнелеу сауаттылығы оқушының шығармашылық
қызмет атқару үшін қажеттілігі онанда жоғары.
Сурет салу барысында балаға қажетті білім мен дағды берілмесе, олар
өзімен-өзі болып кетсе, бұл баланың онан әрі дамуына кері әсер етуі мүмкін
және бұл жағдай баланың сурет салудан жеруіне әкеп соғуы да мүмкін.
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалар сурет салумен
қызыға айналысады, ал бірақ олардың көбісінің жасы өскен сайын суре салуды
тастап кетеді. Бастауыш сынып оқушыларды сурет салумен біреу қызықтырмаса
да өз бетімен айналысады. Бесінші және алтыншы сынып оқушыларының өзіне
кейде сурет салу сабағы зерігетіндей болуы байқалып қалады. Бұл адамның
жасы өсіп дамыған сайын өмір туралы балалық елестетулерінің қате екендігін
түсіне бастайды. Орта сыныптың оқушылары өздерін қоршаған заттарды бақылап
қана қоймайды, сонымен қатар оларды өзара салыстыра бастайды, талдайды және
олар туралы қарапайым қорытындылар жасайды.
Бұл жастағы оқушылар өздерінің суреттеріне қанағат түтып қана қоймай,
оларды өмірдегі көріністеріне нақты ұқсатуға талпынады. Егер бұған қалай
жетуді, қалай жасауды олар білмесе, оған тәжірибелі жетекші жәрдем беруге
келмесе, оларда қанағттанбағанның сезімі пайда болып, соңында барып салуды
тастап кетуі де мүмкін.
Ғылымдардың ғылыми - зерттеу жұмыстары балаларды реалистік сурет
салуға бірінші сыныптан бастап үйретуге болатындығын, және ол қажет
екендігін көрсеткен. Бейнелеу өнерінің сауаттылығын оқытуды мектепке
дейінгі жастағы балаларға болатындығы туралы пікірлер айтқан. Жас балалар
шығармашылық жұмыс жасау барысында үлкендердің еңбегіне таң қалады, соларға
еліктейді. Бақылау нәтижелері көрсеткендей балалар шығармашылығын, яғни
баланың өмірдегі дәрменсіздігін біз талант көрінісі деп бағалаймыз. Баланың
қабылдауын сақтай отырып, біз балаларды көркемдік білім беруден құр алақан
қалдырамыз. сөйтіп бұл дәрменсіздік ұзақ жылдарға созылады.
Балаларға сурет пен кескіндеменің қағидалары ашып көрсетілмеген
мектептерде балалардың адам бейнесін салудағы, бейнелеу сауаттылығынан
хабары болмағандықтан адам суреттерін салудағы қателіктерді байқаймыз.
Мысалы, орта сыныптардағы оқушылардың адамды бейнелеген суреттер мектепке
дейінгі балалардың адамның суретін салудағы айырмашылықтары өте аз. Шын
мәніндегі олардың даму ерекшеліктеріндегі айырмашылықтар физикалық жағынан
болсын рухани жағынан болсын ауқымды болып келеді.
Бірақ бейнелеу қызметінде мұндай айырмашылықтың бар екенін байқау
қиынға соғады. Алты жасарлардың салған суреттерінде адамның бас
көрінісіндегі көз, мүрын, ерін және құлақтар мейлінше шартты түрде
беріледі. Бұл жастағылар бас формасының құрылымын біле бермейді, сондықтан
олардың адамды бейнелеуі болып шығады. Сол сияқты 8 жастағы оқушының адамды
бейнелеген суреті мен 12 жастағы оқушының адамды бейнелеген суреттерінде де
адам формасын бейнелеудегі форманы трактовка жасаудағы айырмашылықтары
шамалы екендігі көрінеді. Бүл салыстырулардан бейнелеу өнерін бес жыл
оқудан, бала бейнелеу өнерінен қажетті білім мен дағдыны үйренбегені, олар
мұғалім тарапынан үйретілмегені айқындалады. Он үш жасар мектеп оқушысы
сурет салу курсын аяқтағанымен, олардың білімі мен дағдылары сол курсты
бастаған кездегі қалпында қалып қойғандығы байқалады. Көрсетіліп отырған
жағдай сурет салуды балаға үйрету барысында бейнелеу өнерінің негізін
құрайтын зат құрылымы, форма, түс, перспектива, жарық - көлеңке
заңдылықтары туралы ғылыми білім мен бейнелеу дағдыларын меңгеруге
мұғалімнің мән бермегендігінен туындаған жағдай болып табылады.
Сондықтан бейнелеу өнерін оқытуда іргелі ғылыми негізге сүйеніп
құрылған жерде, оқушы таңғаларлық үлгерімге жететіндігін көрсетеді.
Бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасында бейнелеу өнерінің ғылыми негіздерін
құрайтын форма, түр-түс, кеңістік, симметрия, ассиметрия ритм, перспектива
(ауа перспективасы, сызықтық перспектива, көлеңке перспективасы т.б ) жарық-
көлеңке заңдылықтары (жарық, жартылай жарық, жартылай көлеңке, көлеңке,
түсіп түрған көлеңке, зат көлеңкесі, рефлекс, жапырақ т.б) туралы білім
беру мен кеңістік көріністерін бейнелеудің икемділіктері мен дағдыларын
меңгергенде ғана оқушылардың оқулық суреттері мен шығармашылық жұмыстарының
сапасы артатын болады.

1.2. ҚАЗАҚСТАН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ КӨРКЕМДІК БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗДЕРІ

Жалпы білім беретін мектептердегі бейнелеу өнерін оқытудың негізгі
мақсаттары оқушыларға көркемдік білім негіздерін меңгерту болып табылады.
Мектеп оқушыларына көркемдік білім беру процесінде Қазақстан бейнелеу өнер
туындыларын таныстыру арқылы оқу материалдарын ұтымды түрде меңгертуге
қолайлы жағдай туады.
Көркемдік білім беру мәселесі бейнелеу өнері сабақтарында терминдер мен
ұғымдарды оқыту мәселесімен тығыз байланысты. Бейнелеу өнерінің
мүмкіндіктері арқылы көркемдік білім беру үшін мынадай маңызды төрт
міндеттер шешілуі қажет:
• мектептегі бейнелеу өнері курсы бойынша оқушылар меңгеруге тиіс
терминдер мен ұғымдардың жүйесін айқындау;
• өнер шығармаларын таныстыру барысында көркемдік білімдер негіздерін
үйрету жолдарын табу;
• қазақ тіліндегі бейнелеу өнері терминдерінің әр түрлілігін жою;
• оқушыларға көркемдік білім беру.
Өнер мен ғылымның басқа салалары сияқты, бейнелеу өнері де перспектива,
жарық пен көлеңке, композиция, симметрия және тағы басқа заңдылықтардың
жүйесін құрайды. Сондықтан бейнелеу өнері сабақтарында өнердің ғылыми
негіздерін оқытуға баса назар аудару қажет. ¤нер шығармаларын қабылдау
белгілі білім мен дағдыны қалыптастыру қажет ететін ұзақ процесс. Осыған
байланысты бейнелеу өнер сабақтарындағы оқушыларды қазақ кеңес бейнелеу
өнері шығармаларымен таныстыру барысында берілетін көркемдік білім жүйесін
айқындау қазіргі бейнелеу өнерін оқыту саласындағы маңызды міндеттердің
бірі.
Бейнелеу өнерінің теориялық негіздерін зерттеу мен суретші мұғалімдер
дайындау саласындағы мәселелерге соңғы кезде көп көңіл бөлінуде. Бейнелеу
өнерін оқытудың теориялық тәжірибелік негіздерін зерттеумен алдыңғы қатарлы
педагогтар: Ә.Камаков, К.Ералин, Қ.Әмірғазин, Ж.Балкенов, Б.Әлмухамедов,
Е.Асылханов, Р.Мизамбаев өз еңбектерінде жарық пен көлеңке, түстер,
сызықтық және ауа перспективасы, композиция, көркемдік конструкциялау
заңдылықтарын айқындауға көп үлес қосып келеді, суретші-педагогтар дайындау
процесіндегі көркемдік білім негіздерін үйрету жолдарын қарастырады.
Көркемдік білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеушілердің бағалы
пікірлері бойынша көркемдік білім негіздерін мектептегі бейнелеу өнері
сабақтарында оқушыларға меңгертіп, терминдер мен ұғымдар жүйесін айқындауға
болады. Бейнелеу өнерінің теориялық негіздерін меңгертудің қажеттігі туралы
көптеген ғалымдар бағалы пікірлер айтқан. Профессор Н.Н.Ростовцев белгілі
бір затты қабылдау мен бейнелеу үшін ой еңбегі мен ғылыми білімдерді
меңгертудің қажеттігін көрсетеді. Бейнелеу өнері әр түрлі ғылыми
заңдылықтардың жүйесіне негізделген. Олардың ішіндегі сызықтық және ауа
перспективасы, оптика, жарық пен көлеңке, композиция, түстерді тану,
пластикалық анатомия заңдылықтарын оқушыларға үйрету бейнелеу кезінде
маңызды орын алады. Қажетті теориялық, білімдерді меңгеру негізінде ғана
сурет салу дағдыларын меңгеру мүмкін, – дейді профессор В.С.Кузин.
Бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие берумен қатар көркемдік
білім негіздерін меңгерту мақсаты көзделеді. Мектептегі қазақ бейнелеу
өнері арқылы көркемдік білім беру саласында оқушылардың бейнелеу
жұмыстарында заттың бейнелерін дұрыс салғанның өзінде оның кеңістіктегі
жағдайын көрсете алмауы мүмкін. Мұндай олқылықтар балаға берілетін кеңістік
туралы ұғымның мазмұнын анықтап, психологиялық-педагогикалық мәселелерін
дұрыс шешуді қажет етеді. Сондықтан қазіргі бейнелеу өнерін оқыту
саласындағы шешуін күткен өзекті мәселелердің бірі, өнер шығармаларын
таныстырудың барысында оқушылардың кеңістік туралы ұғымын қалыптастыру және
оны дамыту болып табылады.
Сондықтан біз кеңістік ұғымының қысқаша мазмұнына тоқталамыз. Уақыт
сияқты кеңістік те материяның өмір сүру формасы. Өмірдегі қандай зат пен
құбылыс болмасын, белгілі кеңістікте болады. Кеңістіктер дала көрінісі,
бөлме іші, т.б. сол сияқты болып әр түрге бөлінеді. Дала кеңістігі аспан
мен жердің көріністерінен құралады.
Кеңістікдегі жазықтықтардың сипаты жарық пен көлеңкеге тығыз байланысты.
Мысалы, бөлменің едені мен даладағы жазықтықтар кеңістігін құрайтын
элементтер деп аталатын болса, бұлардың материалдары мен жазықтықтарының
сипаты әр түрлі. Бөлменің едені тегіс болса, даладағы жазықтық беттері ой-
шұқыр, дөңес-жазықтық болып келеді. Күн сәулесі дөңес жазықтықтарға тегіс
түспейді. Жарық пен көлеңке деңгейі белгілі жазықтықтардың орналасу
сипатына да байланысты. Егер горизонталь және вертикаль жағдайда орналасқан
жазықтықтар бетіне белгілі бір нүктеден сәулелер түсірсек олардың бірі
жарық, өзгесі қараңғылау болып екі түрлі жарық деңгейлеріне бөлінеді.
Кескіндеме шебері Қ.Телжановтың Тыныштық картинасын талдау барысында
кеңістіктегі жарықтың деңгейі уақытқа немесе жарық көзінің сипатына
байланысты өзгеріп отыратындығы көрсетіледі. Түс кезінде дала жарық болса,
түнде қараңғы болып өзгереді. Сондай-ақ, кеңістіктегі жарықтың сипатында
таңертең мен кешқұрым қызғыш сәулелер басым келеді. Кешке жақын бөлме
ішіндегі кеңістік қара көлеңке болып, электр шамын жаққанда көрініс басқаша
өзгеріске түседі.
Кеңістіктегі жарық ауа райына, ауа перспективасына байланысты. Жазғы
және қысқы күндері түс мезгілінде дала өте жарық болса, бұлтты күні
кеңістік оған қарағанда қараңғы сияқты көрінеді. Мұндай ауа райында
жақындағы кеңістіктің түрі-түсі, өлшемі айқын байқалса, өте қашықтықта
бұлдырап көрінеді. Кеңістіктің мұндай өзгеріс сипаттары жарықтың және
уақыттың әсеріне қатысты болады. Сонымен кеңістіктер табиғи және жасанда
болып екі түрге бөлінеді. Табиғи көріністерге орман, тау, дала көріністері
жатады. Жасанды кеңістік адам қолымен жасалып, белгілі жазықтықтардан
құралады. Әрбір кеңістіктің формасы, өлшемдері, қашықтығы бір-бірімен тығыз
байланыста болады. Мысалы, кеңістіктегі заттар мен кеңістіктегі түстер және
формалар бір-біріне ұқсас болуы мүмкін.
Кеңістіктің мазмұны мен сипатын білу балалардың психологиялық қабылдауын
дамыту мен қалыптастыру процесінде ерекше рөл атқарады.
Кеңістік пен кеңістіктердегі заттарды қабылдау күрделі процесс.
Кеңістікті қабылдау үшін балаға нақты тәжірибе қажет. Адам кеңістік пен
кеңістіктегі заттардың өлшемін, қашықтығые, контурын, формасын, жарық пен
көлеңкесін өзінің бұрынғы білімінің негізінде дұрыс қабылдай алады.
Кеңістік пен оның заттарының ерекшеліктері мен өзара байланыстарын
қабылдауды бинокулярлық (екі көзбен) көрудің орны бөлек. Бинокулярлық
көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің формасы бір ғана бейнеге
айналады. Мұндай көру арқылы қандай кеңістік болсын барлық өлшемдерін,
формасын, қашықтығын жан-жақты қабылдауға жеңілдік туады.
Кеңістікті қабылдауда қашықтықты қабылдаудың маңызы үлкен. Біз белгілі
кеңістіктегі қашықтықты сол кеңістікте орналасқан өзімізге бұрыннан таныс,
затқа екінші затты салыстыру арқылы жеңіл қабылдаймыз. Себебі, кеңістікті
қабылдағанда онда орналасқан белгілі таныс зат болса, қалған заттардың
бәрін сонымен салыстыру арқылы қабылдауға жеңілдік туады. Мысалы, жаңадан
салынған үйдің ішінде бірінші кіргендер оны адамның бойымен салыстыру
арқылы өлшемдермен биік, аласа немесе ұзын-қысқа екенін анық байқауға
болады.
Кеңістікті қабылдауда көру мүшесімен қатар сипай сезу, қозғалыс
органдары елеулі рөл атқарады. Күнделікті өмірде бала жердің бедерін
ойнағанда, жүргенде, заттардың бедерін ұстап көру арқылы қабылдайды.
Мысалы, жас балалар суретін салатын затын ұстап көру арқылы формасын,
өлшемдерін, фактурасын жақсы сезеді.
Баланың кеңістіктегі заттарды қабылдауы жас шағынан басталады, бірақ
олар заттарды кеңістікпен қосып қабылдауға шамасы келе бермейді. Бастауыш
сыныптарда бала заттың өзі тұрған (баланың өзі) жазықтықтан төмен немесе
жоғары орналасқандығын олардың өлшемдері мен формаларының үлкен-кіші
екендігінен өз бетінше байқауға шамасы толық жете бермейді. Бірінші
сыныптағы балалар кеңістіктің сыртқы сипатына көбірек мән беріп,
кеңістіктің өзіне ұнаған бөлігін қабылдауы басым болады. Заттың өлшемін,
көлемін және оның кеңістікпен байланысын тұтастай қабылдай алмайды. Мысалы,
бетіне гүл бейнеленген құмыраның көлемін кеңістіктегі орнынан гөрі гүліне
көп көңіл бөледі де, оның қандай геометриялық формаға ұқсайтындығына назар
аудармайды.
Баланың кеңістікті қабылдау процесінде бұрынғы өзі білетін көрініс пен
жаңа көріністі салыстыра білудің маңызы зор. Кеңістік өлшемдерінің үлкен-
кішілігін, алыс-жақындығын, жоғары-төмендігін салыстыру арқылы қабылдайды.
Қабылдау процесінің дамуы баланың байқай білу қабілетінің пайда болуынан
көрінеді. Бірінші сыныптың оқушылары жазықтардың байланысын, өлшемдер
қатынасын, ұзындығын, қашықтығын бір-бірімен байланыста емес, тізбектеп
айту арқылы жеткізеді. Екінші сынып оқушыларының байқауы бірқатар дами
түседі. Олар заттардың өлшемдерінің формаларының ұқсастықтарын көре біледі.
Үшінші сыныптан бастап, балалардың байқауы арта түседі. Өлшемдердің үлкен-
кішілігін, зат орнының көкжиек сызығынан жоғары-төмендігін, оның көрушіден
алыс-жақындығын байқайды. Бірнеше жазықтықтар мен өлшемдерді тұтастай
қабылдай алады. Өзі қабылдаған көріністі сөзбен айтуға ұмтылады. Олар
кеңістіктің ерекшеліктерін қарауға белсене кіріссе, байқауға да белсенді
болады.
Балалардың кеңістікті қабылдауы мен байқауы қабілетін дамыту мынадай
жағдайлармен тығыз байланысты. Кеңістік ұғымын түсіндіруге арналған
таблица, сурет, модель сияқты көрнекі құралдарды балалардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып, жасау қажет. Бастауыш сыныптарда кеңістік
ұғымын түсіндіруге жазықтық бетіне бейнеленген көрнекіліктерден гөрі
көлемді және демонстрация жасап көрсететін құралдар өте ұғымды.
Оқу процесінде кеңістіктің мәнін балаға толық түсіндіріп беруге ұмтылу
керек. Егер бала кеңістіктің белгілі жазықтықтардан құралатынын, олардың
өлшемдері, қаншалықты, түр-түсі, зат орнының көкжиек сызығының жоғары
немесе төмен деңгейін, формасының бір-бірімен байланысты болатындығын
мағыналы түсінбесе, саналы түрда қабылдай алмайды.
Кеңістіктегі өлшемдердің, формалардың қашықтығын, тереңдігін, биіктігі
мен аласалығын бір-бірімен салыстыруға жаңа мағлұматты балалардың бұрынғы
білімдерімен байланыстырып отырғаны жөн. Сондай-ақ әр түрлі кеңістік
формаларын, өлшемдерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын баланың түсініп,
айыра білуіне назар аудару керек.
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың белсенділігін арттыру мәселесі
кеңістік туралы берілетін білім көлемінің ауыр-жеңілдігін ескеріп, оларды
сапалы қабылдауға дұрыс нұсқау беруге байланысты шешіледі. Бейнелеу жұмысы
кезінде баланың кеңістікті дұрыс қабылдамағаны байқалса, ол қатені
түзеттіру мақсатында бала назарын қайта нұсқауға аударып, дұрыс қабылдауға,
өз қатесін жөндеуге дағдыландыру керек.
Оқушылардың кеңістік туралы ұғымын дамытуда мұғалімнің педагогикалық
басшылығы маңызды орын алады. Кеңістік елесін дамыту негізінен оқу
процесінде жүзеге асады. Бейнелеу өнері сабақтарының ішінде нұсқаға қарап
сурет салу сабағы кеңістік туралы оқушылардың ұғымын қалыптастыруда шешуші
рөл атқарады. Себебі, нұсқаға қарай сурет салуда балалар ол заттың қандай
кеңістікте орналасқандығын, кеңістіктің жарық деңгейін, оның өлшемдер
қатынасының бейнелеу жұмыстарында көрсету керек. Сондықтан біз заттың
кеңістіктегі орналасу сипатына, формаларына талдау жасап, кеңістік туралы
ұғымдарын дамыту мақсатын көздеуіміз қажет. Балалардың нұсқаны қағаз
бетінде бейнелеу кезеңінде кеңістікті де қалай бейнелеу керектігін
үйретеміз. Оқушылардың кеңістік елестерін дамытудың ұтымды жолдарының бірі
– тақырып бойынша сурет салғызу. Бұл сабақта бала табиғаттан, өмірден
көрген көріністерінің негізінде суреттер салады. Біз бұл сабақтарда
кеңістіктің сипаты, ондағы заттардың орны, өлшемдер мен формалардың
байланысы туралы әңгіме өткізу барысында балалардың кеңістік туралы
қабылдағандарын қайта жаңғартып отырамыз. Бейнелеудің әдістерімен
таныстырып, кеңістіктегі көріністерді қағаз бетіне дұрыс орналастыру
жолдарын түсіндіреміз.
Сәндік сурет салу сабағындағы жаңа материалды түсіндіру барысында
кеңістік туралы жан-жақты түсініктер беруге болады. Бұл сабақтарда
аппликация әдісімен кеңістікті жазықтықта бейнелеп, заттардың жазықтықта
орналасуы, көрушіден алыс-жақындығын көрсетуге арналған жаттығулар
балалардың кеңістік туралы ұғымдарын дамыта түседі.
Бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтағы шығармалардың көркемдік
ерекшелігін талдау барысындағы әңгімелеу кеңістік ұғымын дамытуға өте
қолайлы жағдай. Қандай көркем шығарма болмасын кеңістікті бейнелейтіні
айқын. Сондықтан картиналардағы кеңістік пен оның сипатын талдауда оқушылар
кеңістікті қалай бейнелейтіндігі, кеңістіктің түрлері, өлшемдері, зат орны,
жарықтың ерекшелігі туралы мол мағлұмат алады.
Кеңістік елестерін сабақты түсіндіру барысында берумен қатар сыныптан
тыс жұмыстар өткізу арқылы да жүзеге асыруға болады. Олардың бірі –
балаларды табиғат ортасына экскурсияға шығару. Қорыта келгенде оқушылардың
кеңістік елестерін қалыптастыру кеңістік ұғымының мазмұнын анықтаумен,
кеңістікті қабылдаудағы жас ерекшеліктерін ескеру және кеңістікті
бейнелеудің ұтымды жолдарын табумен тығыз байланысты шешіледі. Оқушылардың
кеңістік туралы түсініктерін дамытуда өнер шығармаларын талдаудың
мүмкіндіктері ерекше.
Өнер шығармалары арқылы оқушылардың кеңістік туралы түсініктерін
дамытуға, суретшінің кеңістікті шығармада қалай бейнелейтіндігін
түсіндірудің бірден-бір ұтымды жолы мұғалімнің өнер шеберлерінің
шығармаларында талдаулар жасап көрсету.
Қазақстанның халық суретшісі, Көркем Сурет Академиясының корреспондент
мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қапапия Темірболатұлы
Телжановтың шығармашылығын таныстыру арқылы оқушыларға кеңістік пен оның
түрлерін, кеңістіктегі горизонт сызығы, кеңістікті құрайтын жазықтықтар
туралы кең көлемде түсініктер беруге қолайлы жағдайлар мол. Оқушылардың
аталған түсініктер жиынтығын меңгеру кезеңінде кеңістік туралы ойлау
қабілеті дами түседі. Себебі суретші шығармашылығы кеңістік ұғымын
түсіндіруге қолайлы, мүмкіндіктер ауқымы кең. Суретте бейнеленген қазақ
даласы, бізді қоршаған орта, еңбек адамдары, Қазақстан мектебінің
оқушыларына өте таныс құбылыстар екені айқын. Олай болса, таныс
құбылыстарды баланың қабылдауына да бірқатар жеңілдіктер туады. Сондықтан
біз бейнелеу өнері туралы әңгіме сабағында суретші шығармаларында
кеңістіктің қалай бейнеленгендігін талдау әдістерін ұсынамыз. Кеңістіктің
бейнелеуін түсіндіруде суретшінің Жамал (1955) атты шығармасының орнын
ерекше атауға болады. Полотноның ортасынан жоғарылау орналасқан горизонт
сызығы көшіруге айқын байқалады. Картинаның алдыңғы көрінісінде суретші
қазақ әйелінің бейнесін суреттеген. Алыстан алдында бір отау қойы бар шопан
бейнесі бұлдырап көрінеді. Картинада әйел бейнесінің өлшемі алыстағы шопан
бейнесінің өлшемінен әлдеқайда үлкен етіп алынған. Бұл суреттен өнер
шеберінің кеңістіктегі алыстау орналасқан заттарды картина жазықтығының
жоғарғы жағына, жақындағы орналасқан заттарды картина жазықтығының төменгі
бөлігіне орналастырғанын анық байқаймыз.
Суретшінің Жамал атты шығармасынан дала кеңістігін көреміз. Әжесі мен
немересі (1955) еңбегінен бөлме ішіндегі кеңістіктің сипатын анық байқауға
болады. Шығармада киіз үйдің ішінде отырған қарт пен оның кішкене немересі
бейнеленген. Картинадағы кеңістік жер мен киіз үйдің қабырғасы арқылы
берілген. Көріністегі жарық көзінің түсу бағытына қарап зат түстерінің
қараңғы, жарық болып өзгеруінен бөлме ішіндегі белгілі бір кеңістікті
байқаймыз. Түстерді ұтымды пайдалану арқылы суретші Жамал атты картинада
өмірдегі құбылыстың ашық кеңістікте екендігін ал Әжесі мен немересі
шығармасында белгілі бір жабық кеңістік екендігін көрсетеді.
Шебердің Күн сәулесі өлкеде (1960) атты полотносындағы кеңістікті
бейнелеу шешімі бұларға қарағанда өзгеше. Картинадағы алдыңғы көріністе
киіз үйдің есігі алдында кітап оқып отырған кішкене қыз бейнеленген.
Картинада негізінен үйдің іші бейнеленгенімен, есіктен дала бейнесі де
көрінеді. Үйдің ішіндегі түстер – қоңыр түске, дала – жарық, ашық түске
біріктірілген. Суретшінің Тұңғыш рет (1954), Әңгіме (1955), Ильич
тапсырмасы (1962) атты картиналарынан бөлме ішіндегі кеңістікті
бейнелеудің әр түрлі шешімдерін көруге болады.
Талдау барысында кейбір түсініктерді беруге болатын бірнеше шығармаларды
топтастырып немесе салыстырып көрсету арқылы ұғындыру қолайлы. Мысалы,
композициялық көрінісін көкжиек сызығынан жоғары бейнелеудің Кеш,
Көкпар, Ән бастаушы, Октябрь, триптихты Қыз қуу, Алакөлде,
Революция күзінде атты картиналардан көруге болады. Көкжиек сызығы аспан
мен жердің шекарасын білдіреді. Бұл картиналарды форматтың жоғарғы жағынан
аспанды көрсетуге көп орын қалдырған да, төменгі жағынан жерді бейнелеуге
аз орын қалдырған. Мұның себебі, негізгі ойды білдіретін композициялық
элементтердің көкжиек сызығының жоғарғы жағында болуында.
Кеңістіктегі форма мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бейнелеу өнері пәнін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Білім алушыларды визуалды өнерге үйрету әдістемесі
Көркем еңбек сабағында оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы шығармашылығын дамыту
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы
Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Сызуды оқыту әдістемесінің жүйесі
Пәндер