Сақтандыру қатынасын ұйымдастыру формасы


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

. Кiрiспе 2

1. Cақтандыру ұғымы және сақтандыру саласы 4

2. Сақтандыру құқығының пәнi және түсiнiгi6

2. 1Сақтандыру құқығы құқық институты ретiнде6

2. 2. Сақтандыру құқығының нормасы9

2. 3. Сақтандыру құқығының қатынастары11

2. 4. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру

құқығының қалыптасуы11 Сақтандыру қатынасын ұйымдастыру формасы. 19

3. 1. Сақтандыру түрлерi19

3. . Сақтандыру қатынасына қатысушылар28

3. . Күрделi сақтандыру формасы33

4. Сақтандыру шарты 35

4. 1. Сақтандыру шартының түсiнiгi және оның мазмұны35

4. 2. Сақтандыру келiсiм шартының қатысушыларының құқықтары

мен мiндеттерi40

4. 3. Сақтандыру шартын бұзу және өзгерiстер енгiзу50

5. Ануйтет шарты54

6. Сақтандыру iсiнiң жүзеге асырылуына мемiлекеттiк қадағалау55

Қорытынды 57

Пайдаланылѓан єдебиеттер мен нормативтік актілер 59

Кiрiспе

Сақтандырудың пайда болғанына көптеген жылдар болды, тiптi оны мемлекетпен бiрге пайда болған деуге де болады. Бақытсыз оқиғалардан апаттардан сақтану үшiн, тұлға өзiнiң болашағын өзi сақтандырып отырған. Өзiн өзi сақтандыру дегн ырықсыз сезiмнен пайда бола бастады. Көптеген қалыптасу сатыларынан өтiп ол қазiргi күнге жетiп отыр.

Әрине мемлекетте сақтандыру қатынасының қалыптасуына араласып отырды. Бұл қатынас екi бағытта iске асырылды және асырылып жатыр. Бiрiншiсi мемлекеттiк сақтандыру жүйесiн құру, мемлекет мүлкiн сақтандыру және белгiлi қоғамдағы адамдар тобын сақтандыру. Екiншiсi қоғамдық қатынастың маңызды бөлiмi ретiнде сақтандыру қатынасын реттейтiн заңдылық механизiмiн құру. Кезкелген мемлекетте сақтандыру заңына ерекше көңiл бөлiнген.

Кезкелген қоғамда сақтандыру iсi үлкен дәрежеде қолднылады. Соекеттiк монополия болып табылды. Кейбiр жағдайларда сақтандыру азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғамай мемлекеттiң қосымша кiрiс көзiне айналып отырды. Мұндай жағдайлар көбiнесе мемлекеттiк мiндеттi сақтандыру кезiнде байқалады.

Нарықтық экономика типiнде сақтандырудың басым бағыты жеке мүлiктi сақтандыруға бағытталды. Тәуелсiз Қазақстан нарықтық өзгерiстердiң салдарынан нарықтық державаға айналып келе жатыр.

Үкiметiмiз сақтандыру жүйесiне ерекше көңiл бөлiп отыр. Елiмiзде сақтандыру жүйесiн қалыптастыру үшiн бiрнеше заң актiлерi қабылданды. Бiрақ сақтандыру iсi бiр күнде бола қалатын нәрсе емес, оны толық жүзеге асыру үшiн алдымен халықтың сенiмi қажет. Сақтандыру дегенiмiз ықтималдық теориясыындағыдай болашақтағы болатын жағымсыз құбылыстан өзiн-өзi алдын-ала сақтандыру дегенге келедi. Ал экономикалық тұрғыдан қарасақ ол өз қаржылық мүүмкiндiк мүддесiн сақтаудың бiрден бiр жолы болып табылады. Сондықтан сақтандыру iсi қаржылық саясаттың маңызды бөлiгi болып табылады. Кез келген жоба тәуекелден тұрады, осыдан келiп сақтандырудың экономикалық қажеттiлiгi туады.

Жалпы айтқанда, сақтандыру iсiнiң даму дәрежесi қоғамның цивилизациясын көрсетедi . Сақтандыру құқығын бiлу сол қоғам мүшесiнiң мәдени құқығының дәрежесiн көрсетедi.

1. Сақтандырудың ұғымы және сақтандыру саласы.

“Сақтандыру” сөзiнiң мағынасы “қорғаныш”, “үрей” деген сөзден шыққан. Себебi сақтандыру әрқашанда бiрнәрсенi жоғалтып аламба деген сезiмнен туады, бiрақ “белбуу” дегенге көбiрек келедi. Ағылшын тiлiнде “сақтандыру” терминi “сенiмдiлiк” деген сөзден шыққан. Яғни, бұл бiреудiң көмегi арқылы қорқыныштан арылу дегендi бiлдiредi.

Заңды және жеке тұлғалар өздерiнiң мүлiктерiн немесе өмiрiн екiншi жақтың қызметiн пайдалана отырып сақтандырады. Мысалы: Сақтанушының 100 мың тұратын үйi бар, сақтандырушы оның үйiн 5000 тенгеге сақтандырады, егер мүлiк мүлдем жойылса үйдiң толық құнын өтеуге келiседi. Сақтанушы үйiнен айрылса /өрт су тасқыны/ 100 мың тењгенi қайтарып алады. Ал егер сақтандыру оқиғасы болмаса 5000 тенге сақтандырушыда қалады.

Сақтандыру iсi сақтандыру жағдайы болама, болмайма деген тәуекелде жасалады. Егр сақтандыру жағдайы орын алса, сақтанушы 5000 тенге берiп, 100мың тенге қайтарып алады, онда сақтандырушы ұтылады. Ал егер сақтандыру оқиғасы орын алмаса 5000 тенге сақтандырушыда қалады, онда керiсiнше сақтанушы ұтылады. Мiне осы тәуекелге сақтандыру конструкциясы есептелген. Сақтандыру iсiнде басты екi сақтандырушы және сақтанушы фигуралары болады. Сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру сыйлыќаќысын төлеген, сақтандыру қорғанын қаже ететiн тұлға. Сақтандыру тµлемі сақтандырылу жағдайы орын алған кезде шартпен көрсетiлген сақтанушыға сақтандырушының төлейтiн қайтарылымы. Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру қорғанын қамтамасыз ету үшiн сақтанушының сақтандырушыға төлейтiн соммасы. Сақтандырылу қайтарылымы сақтандыру жағдайы орын алған жағдайда сақтандырушының сақтанушыға төлейтiн соммасы. Сақтандыру жағдайы шартпен көрсетiлген сақтандыру қайтарымы төленетiн оқиға. Сақтандыру обектiсi сақтандырылуға жататын сақтанушының мүддесi. Сақтандыру пәнi сақтандыру обьектiлерiнiң материалдық құндылығы. Сақтандыру тәуекелi сақтандыру жағдайы, сақтандырылған обьектiге келуi мүмкiн шығын.

Дүниежүзi бойынша сақтандыру ұйымының екi түрi кеңiнен қолданылады, яғни ол мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес сақтандыру ұйымы. Мемлекеттiк сақтандыру ұйымы мемлекет меншiгiнде болады. Мемлекет белгiлеген ережелермен жүзеге асырылады. Мемлекеттiң арнайы заказын орындап отырады. Сақтандырылушылардың көмегiмен сақтандыру қоры құрылады. Ал мемлекеттiк емес сақтандыру ұйымдарын жеке заңды тұлғалар құрады.

2. Сақтандыру құқығының пәнi және түсiнiгi.

2. 1. Сақтандыру құқығы құқықтық институт ретiнде

Сақтандыру құқығының пәнi болып сақтандыру процесiнде пайда болған қатынасты айтамыз. Сақтандыру қатынасының субектiлерi болып сақтандырушы және сақтанушылар болып табылады. Сақтандыру қаынасының төмендегiдей белгiлерiн атап көрсетуге болады:

1. Экономикалық қатынас, мұнда текқана қоғамның мүддесi үшiн ғана бағытталмай материалдық мүддеде көрсетiлген: Сақтандырушы сақтанушыға сақтандыру қайтарымдарын төлеп отырады, материалдық шығындарын тексерiп, сақтандыру шарты бойынша көзделген шығындарды өтеп отырады. Сондықтан экономикалық инфроструктураның және экономикалық котегорияның элементi болып келедi.

2. Сақтандыру қатынасы бұл мүлiктiк қатынас.

Қазiргi экономикалық даму этапында сақтандыру қатынасы болып ақша қатынастарын айтуға болады.

3. Сақтандыру қатынасы бұл бағалы қатынас.

Кез келген мүлiктi сақтандыру кезiнде мүлiктiң құндылығын, оның бағасын белгiлейдi. Мүлiктiң зардап шегуiне байланысты сақтандыру төлемдерi толығымен немесе жартылай төленiп отырылады. Ал жеке сақтандыру кезiнде сақтандыру жағдайы кезiнде дене жарақатына немесе адам өлiмiне алып келсе бағасын алдын ала айту мүмкiн емес.

4. Сақтандыру қатынасы өзiнiң жалпылығы жағынан реттестiрушi қатынас болып табылады. Ақша сақтандыру формасының төлемi ретiнде, сақтандырушыдан сақтанушыға кезекпен айналып төленiп отырады. Сақтандыру қорларында жиналып сақтандыру жағдайы болған сәтте қайтарылады. Яғни ақша жүйесiн реттестiрiп отырады. Сақтандыру қатынасын қаржы қатынсымен бiрiктiретiн басты мәселе ол ақшаны реттестiру болып табылады. Егер сақтандыру ақша қатынасы арқылы iске асырылса, қаржы қатынасы да сол секiлдi. Сақтандырылған мүлүктiң бағасының ақшалай құндылығы айналымда болады.

Сақтандыру процестерiн iске асырған кезде көптеген қоғамдық қатынастар пайда болады. Екi жақтың қатысуымен сақтандыру iске асырылады. Мүндай қатынастың субъектiсi болып сақтандырушы және сақтанушы болып табылады.

Сақтандыру саласы қоғам өмiрiнде маңызды орын алады, осыған байланысты мемлекет бұл саланы өз бақылауында ұстап отырады. Социализм кезiнде сақтандыру iсiн мемлекет iске асырып отырды. Мұндай дәрежеге бiрiншiден нормативтiк заң актiлерiн шығарып, сақтандыру қатынасының қатысушылары жөнiнде заңдар шығарып отырған. Заң нормаларының iске асырылуы үшiн арнайы мемiлекеттiк қадағалау органдары құрылып отырған. Бұл органның басты мiндетi сақандырушының мүддесiн қорғау едi. Кез келген мемiлекет сақтандыру iсiн өзiнiң қалауы бойынша ұйымдастырып отырды. Яғни қоғам мүддесiне тиiмдi деп тапқан модельдерiн қолданып отырған.

Сақтандыру құқығы жалпы құқық нормасы болып табылады. Шығарылған құқық нормасы арқылы сақтандыру саласын реттестiредi. Сақтандыру құқығының пәнi екi бөлiктен тұрады:

А) Сақтандыру iсiн ұйымдастыру кезiндегi қатынас.

Б) Материалдық сақтандыру қатынасы.

“Сақтандыру құқығы” терминi және оның бағытталған iс-әрекетi танымал болғанымен бұл құқық саласының құрылуы әлдеде даулы мәселе болып отыр. В. К. Рейхер сақтандыру саласын комплекстi құқық саласына жатқызған . Оның ойынша сақтандыру құқығы азаматтардың материалдық жағдайын қорғап, сақтау кезiнде қоғамдық қатынастарды реттейдi деген. Бұл процес кезiнде бiрiн бiрi бiрiктiретiн салалар белгiлi болғанымен қоғамдық қатынастар әртүрлi құқық саласына жатады. Сақтандыру құқығының саласы әртүрлi салалардың ( азаматтық, қаржылық, әкiмшiлiк т. б. ) элементтерден тұрады деген. Бiрақ бiр жағынан бұл сала құқықты реттестiру пәнiнiң белгiлерi бойынша бiрғана сала деп айтқан. Белгiлi орыс заңгерi Н. Я. Шименева “сақтандыру қатынасы бiрнеше нормалардан тұратын саланы реттестiредi” деген.

Сақтандыру саласын реттестiру процесiнде көптеген құқық салалары қатысады. Мысалы: сақтандырушы өзiнiң табысынан мемiлекетке салық төлейдi, мұны қаржылық қатынастарға жатқызуға болады. Ал егер сақтандыру төлемiн алу мақсатында кiсi өлiмi болса, ол кезде қылмыстық қатынасқа жатады. Жалпы келiсiм шарт құрылымдарын азаматтық құқықсаласына жатқызамыз1. Мемiлекеттiк сақтандыру ұйымының лицензиялар беруiн басқарушылық, яғни әкiмшiлiк салаға жатқызамыз.

Сақтандыру құқығы көптеген салалар секiлдi екi құқықтық реттестiрушi әдiстен тұрады: императивтi және диспозитивтi.

Императивтi әдiс: әдеби тiлмен айтқанда бiржақты билiк . Қатал заңмен көрсетiлген талаптардан бас тартуға болмайтын ұйғарым.

Диспозитивтi әдiс: (автономиялық және шарттық) бойынша екi жақ келiсiм бойынша белгiлi бiр өздерiне тиiмдi деген келiсiмге келiп отырған

Императивтi әдiс кеңiнен субектiлерден сақтандыру iсiн ұйымдастыру бойынша және мемiлекеттiк мiндеттi сақтандыру процесiн iске асыру кезiнде қолданылады. Диспозитивтi әдiс сақтандыру қатынасын реттестiруде маңызды орын алады. Себебi сақтандыру кезiнде шарт бойынша екi жақ өз мiндеттерiн белгiлеп отырады. Кез-келген құқық саласы секiлдi сақтандыру құқық саласы жалпы және негiзгi бөлiмнен тұрады. Жалпы бөлiмiне сақтандыру құқығының нормалары, оның түрлерi және құқық формаларын сақтандыру iсiн мемiлекеттiк реттестiрудi ұйымдастыру қарастырылған. Негiзгi бөлiмде сақтандыру саласының жеке түрлерiне бiрiншi кезекте мiндеттi сақтандыруға арналған.

Қазiргi кезде бiздiң республикамызда сақтандыру iсi ендi дамып көтерiлiп келе жатыр. Сақтандыру құқығының жүйесi ендi ғана реттестiрiлiп отыр. Көптеген нормалар шығару жұмыстары құқық материалдарын жйнастыруды талап етедi . сақтандыру құқығының жалпы және негiзгi бөлiмдерiндегi кейбiр қайшылықтарды шешу бұл болашақтағы сақтандыру саласының дамуымен байланысты. Бiрақ сақтандыру құқығының ендi ғана дамып реттестiрiлiп кележатқандығына күмән жоқ. Себебi кез-келген құқық саласы бiлiм дәрежесiнде болып келедi. Көптеген сұрақтар бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу қажет. Сонда ғана заңның сапасы арта түседi.

Сақтандыру құқығының қайнар көзi болып:

Қазақстан Республикасының Конститутсиясы, ҚР Президентiнiң заң күшi бар “Сақтандыру туралы” жарлығы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi, Қазақстан Республикасының мiндеттi медициналық сақтандыру туралы заңы және басқада мiндеттi сақтандыру жөнiндегi нормативтiк актiлердi жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасында сақтандыру құқығы ендi дамып келе жатқан сала. Оның болашағы зор екендiгiнде даужоқ. Бұл сенiмдiлiктiң тууына басты себеп болып отырған дамыған елдердегi сақтандыру рөлiнiң үлкен экономикалың отрибуты болып қана қоймай қоғамдағы мәдениеттiң бiр элементiне жататындығы көрсетiп отыр.

Қазақстанда сақтандыру саласы мықты бағытты ұстана отырып сақтандырудың кейбiр түрi жақсы қолға алынып келе жатыр. Мысалы: медициналық сақтандыру саласы, мiндеттi медициналық сақтандырудың қазiргi моделi түптеп келе жатқан экономикалық өркендеген және өркендеп келе жатқан елдерде пiсiп жетiлген әлеуметтiк сақтандырудың төркiндес жүйелерiнiң тәжiрибесiн Қазақстан Республикасының мүмкiндiктерiне сәйкес пайдалануға тиiс.

2. 2. Сақтандыру құқығының нормасы.

Сақтандыру құқығы өз құрылысы бойынша мынадай үш түрге бөлiнедi:

  1. Гипотеза- iске асырылатын шаралар тiзiмiнен тұрады және осы нормалар iске асырылатын жағдаяттарды баяндайды.
  2. Диспозиция- субектiлер өз қызметiнде басшылыққа алатын құқық ережелерi.
  3. Санкция- сақтандыру құқығының ережелерiн өз дәрежесiнде орындамағн субектiлерге қолданылатын шаралар тiзiмiн белгiлейдi.

Сақтандыру құқығының нормаларын орындамаудағы жауапкершiлiк мәселелерiн алғанда ол- реттелетiн және қорғалатын нормалар болып екiге бөлiнедi:

  1. Реттелетiн нормаларға- сақтандыру қатынастарына қатысушыларға белгiлi мiндеттер жүктейтiн, құқық беретiн қатынастар жатады.
  2. Қорғалатын нормаларға- субьектiлерге заңды жауапкершiлiк шараларын белгiлейтiн қатынастар жатады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкінің атқаратын функциясы және мәні
Кәсіпкерлік-адам қызметінің ерекше саласы
Займдар –экономикалық категория ретінде
Бағалы қағаздар нарығы. Сақтандыру және зейнетақы қызметтерінің нарықтары
Ақшаның маңызы мен қызметі
Қазақстан Республикасы несие жүйесінің дамуы мен перспективасы
Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы табиғаты
Сақтандыру ісінің даму дәрежесі
ҚР Ұлттық төлем балансы және оның ерекшеліктеріне талдау
Сақтандыру компанияларын қайта ұйымдастыру және олардың банкроттығы және Қазақстанда сақтандыру ісінің тиімділігіне олардың әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz