Қазақстан ислам конференциясы ұйымымен ынтымақтастығы туралы


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Ұйым тарихы
- Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымымен ынтымақтастығы туралы
- Ұйым құрамындағы институттар
- ИКҰ-ның негізгі мақсаттары қандай?
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ислам конференция Ұйымы 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1, 2 миллиардқа жетіп отыр. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. ИҚҰ-ның басшысы - Бас хатшы, ал атқарушы органы - Бас хатшылық деп аталады. Бас хатшыны мүше елдер Сыртқы министрлер конференциясында бір мәрте 4 жылға сайлайды. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей органдар мен құрылымдар бар. Олар Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры және тағы басқалар
ИЫҰ-ның пайда болуының негізінде діни оқиға жатқанын естен шығармағанымыз абзал. Израильдің сионистік топтары Ислам әліміндегі ең қасиетті саналатын Әл-Акса мешітін өртеп жібергеннен кейін, осындай шектен шыққан оқиғалардың алдын алу үшін Ислам конференциясы ұйымы құрылғаны белгілі.
Қазіргі таңда ұйымның құрамында Ислам даму банкі мен Ислам білім беру ұйымдарының жұмысы жемісті болып тұр. Ал саяси мәселелердің түйінін тарқатуға ұйымның мүмкіндігі болмауда. Ислам елдері конференциясы ұйымының қанат жаюына Батыс елдері мүдделі емес. Мәселен, Мысыр кезінде Араб әлемін айрандай ұйытатын мүмкіндікке ие болды. Өкінішке орай, олар Израильмен соғыста жеңіліп, Израиль мен АҚШ-тың құпия келісімін қабылдауға мәжбүр болғанын бәріміз білеміз. Осыдан кейін Мысыр мен өзге Араб елдері арасында салқындық пайда болғаны белгілі. Бүгінде Араб елдері арасында Израильдің тек Мысырмен ғана дипломатиялық байланысы орнаған
Ислам Конференциясы Ұйымы
Ислам Конференциясы Ұйымы - мұсылман елдерін бір орталыққа біріктіріп отырған халықаралық ұйым. Ол 1969 жылғы қыркүйек айында Рабат қаласында (Морокко) өткен ислам әлемі саяси қайрат-керлерінің бірінші Ислам мәслихатында құрылған болатын. Оның алдында қойған негізгі мақсаты - өзіне мүше мұсылман елдерінің бірлігін нығайту, бірін-бірі қолдауын қамтамасыз ету, бейбітшілік пен қауіпсіздікті күшейту, мәдени, өнер-білім салала-рындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту.
Бұл ұйымға тұрғылықты халқы мұсылман болып табылатын 57 мемлекет мүшелікке қабылданып отыр. Штаб - пәтері Сауд Арабиясының Жидда қаласында. Ислам Конференциясы Ұйымының алғашқы Жарғысы 1972 жылы қабылданғанды. Осы Жарғы бойынша, ИКҰ-ның жоғарғы мәслихаты үш жылда бір өткізіліп тұратын мемлекет және үкімет басшыларының конференциясы, саяси органы - сыртқы істер министрлерінің конференциясы. Осынау конференциялар аралығында атқару қызметін жүзеге асыратын орган - Бас хатшылық. Ұйымға мүше мемлекеттердің басшы-лары мен корольдерінің қа-тысуымен өткізілетін жоғарғы деңгейдегі Ислам самми-тінде Ұйымның Жарғысына сәйкес күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, соған байланысты шешімдер қа-былданады. Мұнда ұйым конференциясына (саммитіне) қатысушы елдердің, Умманың (мұсылман қауымының) мүддесін көздейтін көкейкесті мәселелер де талқыланады.
Кейде Ислам Конференция-сы Ұйымының төтенше сессиясының шақырылуы мүм-кін. Ол Умма талап еткен жағдайда ғана жүзеге асырылады. Яғни, Умма мүддесі үшін ерекше бір маңызды мәселе-лерді талқылау қажет болса, кез келген уақытта осынау төтенше сессияны шақыруға боладыОрталығы; Кәсіптік-техника-лық оқу мен зерттеулер жөніндегі орталық; Ислам кеме иелерінің қауымдастығы тәрізді құрылымдар жұмыс істейді. Олардың қайқайсы да ұйымға мүше елдердің әлеуметтік-экономикалық мәсе-лелерін шешуге сүбелі үлес қосып келеді. ИКҰ Біріккен Ұлттар Ұйымымен тығыз ынтымақтастықта. 1975 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы ИКҰ-ның ресми мәртебесін мойындап, оған БҰҰ-да өз бақы-лаушыларын ұстау құқығын бергенді.
Ислам даму банкісі - негізінен, халықаралық дамуды қаржыландырушы аймақара-лық қаржы ұйымы. Ол 1973 жылғы желтоқсанда Джидда қаласында (Сауд Арабиясы) өткен Ислам мемлекеттері министрлерінің бірінші конференциясында жарияланды және Ислам конференциясы ұйымына мүше 23 мемлекеттің өкілдері қол қойған Ниет декларациясына сәйкес құрылған болатын. 1975 жылғы 20 қазаннан бастап жұмысқа кіріскен ИДБ-нің штаб-пәтері Джидда қаласында орналасқан.
Ислам Даму банкісінің басты мақсаты - ИДБ-ге және мұсылман қоғамдастықтарына мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына және әлеу-меттік тұрғыдан ілгері басуына шариғат қағидаларына сәйкес көмек көрсету.
Қазіргі таңда Ислам Конференциясы Ұйымы құрылымын-да Атқарушы комитет, тұрақты өкілдер комитеті, Халықа-ралық Ислам соты және Адам құқығы жөніндегі тәуелсіз тұрақты комиссия да бар. Ат-қарушы комитеттің төралқасын Ұйымның қазіргі кездегі, оның алдындағы, алдағы уақыттағы елдер құрайды, штаб-пәтері Жидда қаласында. Адам құқығы жөніндегі тәуелсіз тұрақты комиссия Ұйымның шарттары мен декларацияларында айтылған азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтары-ның қорғалуына ықпал жасайды. Халықаралық Ислам соты болса, Ұйымның басты заң-дық органы. Ол 1987 жылы Кувейт қаласында құрылығанды.
Ұйымның Бас хатшылығы - ИКҰ-ның ірі, қызмет ауқымы кең құрылымдарының бірі. Бас хатшы Ұйымның кеңсесіне, штаттағы қызметкерлерге басшылық жасайды. Бас хатшылық мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде бес жыл мерзімге сайланып отырады. Оның қосымша тағы бір мерзімге сайлану мүмкіндігі де қарастырылған. ИКҰ-ның қазіргі Бас хатшысы мысырлық Экмеледдин Ихса-ноғлу. Ол Бас хатшылыққа 2005 жылдың 1 қаңтарында сайланып, ИКҰ-ның 2008 жылғы саммитінде екінші мерзімге қайта сайланды. Бас хатшының негізгі міндеті: Ислам саммиті мен Сыртқы істер министрлері кеңесінде, министрлік отырыстарында қабылданған шешімдердің, қарарлардың, ұсыныстардың жүзеге асырылуына бақылау жасау болып саналады. Сондай-ақ, ол қатысушы мемлекеттерді қажетті жұмыс құжаттарымен қамтамасыз етуге, Ұйым органдарының жұмысын үйлестіріп отыруға, Бас хатшылықтың бюджеті мен бағдарламала-рын әзірлеуге, мүше мемлекет-тердің консультациялар және пікірлер алмасуына ықпал етуге міндетті. Және де ол Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне Ұйымның жұмысы жө-нінде жыл сайынғы есептерді де дайындауға тиіс. Ислам Конференциясы Ұйымының аясында Ислам Ниет-тестік қоры да құрылған. Оған жыл сайын бірқатар елдер ірі көлемде қаржылар аударып отырады. Солардың ішінде Сауд Арабиясы Корольдігі - 1 миллиард, Кувейт - 300 миллион, Иран, Алжир, Катар елдерінің әрқайсысы 100 миллион доллардан қаржы аударған. Бұл түскен қаржыны Ұйымның қаржылық қадағалау органдары жыл сайын тексеріп тұрады. Жарна төлеу ерікті түрде.
Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымымен ынтымақтастығы туралы
1995 жылы Қазақстан ең iрi үкіметаралық мұсылман халықаралық ұйымның - Ислам Конференциясы Ұйымының толық құқылы мүшесі болды.
Қазақстан мен ИКҰ ынтамақтастығы жемiстi дамуда. Бiздiң еліміздің Ұйымдағы мүшелiгі ИКҰ-ға мүше мемлекеттермен тиімді байланыстарды орнатуға, ислам кеңістігінде саяси және экономикалық үдерістерге ҚР-дың белсенді қатысуына, сондай-ақ Қазақстанда ірі экономикалық жобаларды іске асыруға қаржылық қорларды тартуға мүмкіндік жасады.
ИКҰ халықаралық аренада қазақстандық бастамаларға, атап айтқанда, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері құрылтайына қолдау көрсетуге өзінің үлесін қосуда. ИКҰ өркениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілету саласында Қазақстанның үйлестірушілік рөлін мен еліміздің «Шығыс-Батыс» желісі бойынша қатынас көпірі ретінде мойындауда. Жыл сайын СІМК шешімдеріне Арал теңізі және Семей ядролық полигонының мәселелерін шешуге халықаралық қатысудың маңыздылығы жөнінде сілтеме енгізілуде.
ИКҰ қаржылық құрылымдарымен, атап айтқанда, мұсылман әлемінде ең ірі инвестор болып табылатын Ислам даму банкімен ынтымақтастықты үдету қызметтесудің маңызды аспектісі ретінде мойындау қажет. ИДБ-ның Қазақстандағы жалпы инвестициялық портфелі шамамен 700 млн. долларды құрайды. Қаржыны тартумен қатар, ИДБ тобының институттары еліміздегі исламдық банкингтің дамуына елеулі консультативтік көмек көрсетуде.
ИКҰ-ның арнайы, субсидиарлы және аффилирленген институттарымен байланыстардың дамуы зор қызығушылыққа ие болуда. Республиканың ұлғайып бара жатқан әлеуетін мойындай отырып, Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымының Сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитеті төрағасының орынбасары болып сайланған. КОМСЕК Ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ілгерілеуі үшін жауапты ИКҰ-ның басты органы болып табылады. Аталған органның басшылығымен ИКҰ кеңістігінде преференциалдық сауда жүйесін енгізу, тарифтік саясатты келістіру, әртүрлі кластерлерді құру, өнеркәсіпті, қаржылық және банк жүйелерін, туризмді, ауыл шаруашылығын қолдау бойынша ірі жобалар іске асырылуда
Ұйым құрамындағы институттар
Бұл күндері Ислам Конференциясы Ұйымының аясында өзіндік мәртебеге ие негізгі үш институт жұмыс істейді. Олар: мамандандырылған, субсидиялық, аффилиирленген институттар. Ұйымның мамандандырылған институты құрамында Ислам даму банкі, Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы, Халықаралық Ислам жаңалықтар агенттігі, Ислам мемлекеттерінде телерадио хабарларын тарату ұйымы бар. Біз жоғарыда Ислам даму банкісі жөнінде айтқандық-тан, енді Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымына қысқаша тоқтала кетсек. Ол 1982 жылғы 3 мамырда құрылған, штаб-пәтері Марокканың Рабат қаласында. Негізгі мақсаты - Ұйым-ға қатысушы мемлекеттер арасында өз саласы бойынша ынтымақтастықты дамыту, нығайту. Жетекшілік органдары - Бас конференция, Атқарушы кеңес, Бас директор.
Мамандандырылған институт құрамындағы халықаралық Ислам жаңалықтар агент-тігі Жидда қаласында орналасқан. Ол 1972 жылы Ұйымға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлігінің үшінші конференциясының қарарына сәйкес құрылған болатын. Агенттік тілшілері қазір әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істеп жүр. Жаңалықтар негізінен, араб, ағылшын, француз тілдерінде жарияланады. Агенттік өз ақпаратын Катар жаңалықтар агенттігі арқылы Азия, Америка және Еуропа-ның 700 елді мекеніне таратуда. Ал енді, Ислам елдері-не телерадио хабарларын тарату ұйымы 1975 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол әлем халқын Ислам дінінің, өркениетінің асыл құндылықтарымен таныстыруда.
ИКҰ аясындағы Субсидиялық институт құрамында мынандай құрылымдар бар:
Ислам елдеріне статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулерді дайындау орталығы; Ислам тарихын, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы; Ислам сауда даму орталығы. ИКҰ аясындағы Аффилиирленген институт құрмында 11 құрылым жұмыс істейді. Олардың ішінде Ислам сауда өнеркәсіп палатасы, Ислам астаналары мен қалаларының ұйымы, Ислам конференциясының жастар форумы, Ислам халықаралық жарты ай ко-митеті, Бүкіләлемдік араб - ислам мектебі федерациясы, слам ниеттестік спорт ойындары федерациясы, халықаралық скауттар мұсылман одағы, Ислам мемлекеттерінің консультанттар федерациясы тәрізді құрылымдар өзінің ізгі істерімен әлемге таныс
ИКҰ-ның негізгі мақсаттары қандай?
Олар ислам ынтымақтастығын нығайту бойынша біріккен әрекеттер мен ұйымға мүше мемлекеттердің саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы кең ауқымды ынтымақтасуы, ислам құндылықтарын сақтауға бағытталған және оның негізгі ережелерінен шыққан бейбіт сүйгіш саясатын жүргізуі, сондай-ақ бостандық пен тәуелсіздікті сақтаудағы мұсылман халықтарын қолдауы болып табылады. Палестина халқына өзінің тәуелсіз мемлекетін құрып, қасиетті жерлерін сақтау ісінде қолдау көрсету де осы мақсаттардың қатарына кіреді. Баршаға белгілі болғандай, бұл мәселелер әлі күнге дейін өздерінің өзектілігін жоғалтпай, қазіргі жаһандану жағдайында халықаралық күн тәртібінің төрінен орын табуда.
ИКҰ-ның негізгі ұстанымдары БҰҰ қызметінің негізгі қағидаларымен үйлеседі, олар: толық тепе-теңдік, әр халықтың өзін-өзі билеуге құқығын сыйлау, ішкі істерге араласпау, мемлекет егемендігін, тәуелсіздігін және территориялық тұтастығын қадірлеу, ИКҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді келіссөздер, делдалдық немесе арбитраж арқылы бейбіт жолмен шешу, күш немесе күш қолдану қатерін қолданбау.
Бүгінгі күнде Ислам Конференциясы Ұйымы халықаралық ұйымдардың ішінде ең ірі әрі ықпалды үкіметаралық мұсылман ұйымы болып табылады. Қазіргі кезде ол халқы 1, 4 млрд. -тан астам адам санын құрайтын 57 елді біріктіреді. ИКҰ БҰҰ-дан кейін мүше мемлекеттер саны бойынша әлемде екінші орын алады.
ИКҰ қызметі БҰҰ тарапынан мойындалып, ол Бас Ассамблеяның жұмысы мен отырыстарына бақылаушы ретінде шақырылған болатын. Екі ұйым ынтымақтастығының бас аспектілерінің бірі біріккен бітімгершілік шараларына қатысу болып табылады.
Ұйым тетіктері мен рәсімдеріне келетін болсақ, үш жылда бір рет өтетін Мемлекет және үкімет басшыларының саммиті мен Сыртқы істер министрлерінің конференциясы барысында мұсылман елдердің ортақ саясаты анықталады. Шешімдер консенсус пен ислам ауызбіршілігінің қағидаты бойынша қабылданады. Қазақстан осы шараларға тиісті деңгейінде қатысып, оның ұйым жұмысына қосқан оң үлестері ИКҰ қарарларында көрініс беруде.
ИКҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі саяси шешімдер қабылдап, саммиттер үшін құжаттар мен қарарлар дайындайтын Ұйымның негізгі әрекет етуші органы болып табылады. Сол себепті, ИКҰ СІМК-інде төрағалық ету маңызды, әрі құрметті іс. Ол үлкен жұмысты талап етеді, әрі бұл жұмыс Джидда (Сауд Арабиясы) қаласында орналасқан Бас хатшылық арқылы үйлестірілуі тиіс.
ИКҰ Ұйым қарарларында көрінісін тапқан халықаралық күн тәртібінің барлық өзекті мәселелері бойынша мұсылман елдердің көпшілігінің топтастырылған ұстанымы болып табылатын саяси пікірді әзірлейді.
Бүгінгі ИКҰ - үлкен әрі толығымен пайдаланбаған әлеуеті бар, қазіргі кезге лайық, болашаққа бағытталған ұйым. ИКҰ Бас хатшылығы мен құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы жоғары кәсіби деңгейде өтіп, халықаралық өлшемдерге сай болып келеді. Құжат айналымы бес тілде дайындалып, оның ішіндегі ағылшын тілі негізгісі болып табылады (орыс тілі де қолданылады) . Жұмыс барысында алдыңғы қатарлы технологиялар, қазіргі кездің басқару әдістемелері, ІT-шешімдер кеңінен пайдаланылуда. Алға қойылған мақсаттарға жетудің дәстүрлі емес жолдары үнемі іздестірілуде. Ұйымның басқару корпусында қызмет ету үшін озық интеллектуалды күштер тартылады.
Сонымен қатар, көмірсутекті энергия көздерінің дүние жүзі қорының үштен екісінен астамы мұсылман елдерінің жер қойнауларында шоғырланғаны ИКҰ-ның саяси беделі мен салмағын айқындайды. Мұнай бағаларының өсімі аясында бұл мемлекеттердің басшылары халықаралық экономикаға, әлем байлықтарының әділ таратылуына ықпал ету тетіктерін белсенді пайдаланады. Айта кету керек, тез қарқынмен дамып келе жатқан жаңа технологиялар аясында көптеген мұсылман елдері әлде де кедейшіліктен, халық көпшілігінің сауатсыздығынан, денсаулық сақтау жүйесінің артта қалуынан, ауыр демографиялық жағдайдан және лаңкестікпен күрес мәселелерінен, есірткінің заңсыз айналымы мен сыбайлас жемқорлықтан зор зардап шегеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz