Жүсіп Баласағұни. Моғолстан


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ

Жүсіп өз дастанын Қашғар қаласының әкімі Табғаш Боғры Қара хақан Әбу Әли Хасан ибн Сүлеймен Арыслан Қара ханға арнаған. И. В. Стеблеваның пайындауынша, бұл шығармасы үшін Боғры хақан оған «хас-хаджаб» яғни «хан сарайының қызметкері» деген атақ берген.

«Хас-хаджиб» дегеннен шығады, Қазыбек бек Тауасарұлы

(1692-1776) Жүсіп Баласағұнидіқ ескіше жазғанын айта келе, ойшыл ғалымның өзі қазақтың ұлы жүзі, соның ішінде Елсау бндің немересі Албанның, қас-қажыл тұқымынан шыққандығын еске алады-

. Мұнда да үніле түсетін, зерттей түсетін сыр бар сияқты.

Сонымен, біздің заманымызға, Жүсіп шығармасының үш қолжазбасы жеткен. Біріншісі - Гераттан (Ауғанстан) XV ғасырда табылған нұсқасы, қазір ол Вена қаласылда сақтаулы. Екіншісі - араб әріптерімен жазылған нұсқасы - Каирдің ұлттық кітапханасында тұр. Наманғаннан табылған үшінші нұсқасы тағы бар, ол да араб әрпімен жазылған.

Автордыд әуелде қайсы жазуды пайдаланғанын айту киын, бірақ атақты түркітанушы проф. С. Е. Малов (1880-1957) ол жайлы: « . . . XV ғасырдаң жеткен қолжазбаға қарап, Жүсіп Баласағұни өз шығармасын араб әрпімен жазған деуге болады. Сонан соң ғана «Құтадғу білік» ханға тарту етілерде ұйғыр әріптерімен қайта көшірілген» деген жорамал жасаған.

Неміс шығыстанушысы М. Хартманның пікіріпше, «Құтадғу білік» сарай ақындары шығармаларының үлгісімен жазылған. Бірақ оған В. В. Бартольд келіспей, дастанда халық нақылдарына толы жолдардың көп екенін айта келіп, өз пікірін нақтылы мысалдармен дәйектеген. Қалай дегенмен де, Жүсіптің аталмыш шығармасы түркі жұртында өз тілінде жазылған туынды-лардың бірі ретінде белгілі болғаны даусыз.

Ж. Баласағұнидің аталмыш шығармасын жоғарыда аталған оқымыстылардан бөлек орыс ғалымдары В. В. Радлов, А. Н. Самойлович, А. А. Валитова, И. А. Баролипа, шетел шығыс зерттеушілерінен Т. Танджей,

А. Бомбачи, Р. Пелльо, С. Руткевич, А. Кафероглу, М. Копрюулзада, қазақ ғалымдарынан Р. Бердібаев, X. Сүйіншәлиев, Қ. Жарықбаев, т. б. зерттеген. Соның ішінде С. Е. Малов пен И. В. Стеблева еңбегінің айрықша екенін айту парыз. Дастанның жазылу тарихынан гөрі стилін көбірек зерттеген И. В. Стеблева: «Мәуераннаһр өлкесінің билеушісі ретінде Қарахан әулеті мұсылман текті болғандықтан да, түркі әулетіне пайдалы идеясы бар шығарманы әбден құптаған. Екінші жағынан қарағанда туындыларынан білімі айқын көрінген Жүсіп хас-Хаджиптің де тек қана осындай шығарманы жаза алуы әбден мүмкін, әрі оның араб, парсы әдебиетімем жақсы таныс болғанына немесе өз еңбегін жазу үстінде оларды пайдаланғаныша күмәнданбаймыз», - деген.

«Құтәдғу біліктің» ұйғыр әрпімей жазылған нұсқасындағы кіріспеде Жүсіп Баласағұни өзі жазған деген алғы сөз бар. Онда автор өз шығармасы жайлы: «Бұл өте құнды кітап. Өйткені ол Шып елі даналарының шақылдары және Машын жұртының ақылгөйлерінің өлеңдерімен өрнектеліп толықтырылған. Мұны оқып, зердесіне тоқи білген, өлең жолдарын насихаттап жұртқа таратқан адамныц өзінің де қадір-құрметі арта түседі. Шығыс Түркістан мемлекеті сияқты боғдыхан тілінде сөйлейтін елде мұнан артық етіп кітап жазған ешкім жоқ екенін Машын елініқ ғалымдары мен дуалы ауыздылары мойындайды. Бәзбір мемлекет немесе оның қайсыбір әміршісі болмасын, бәрібір, тек осы кітап қана оның жүрегіне жақын бола алады . . . Бұл кітапты кұрастырған Баласағұн шаһарының тұрғыны, өзі сабырлы да салмақты және тақуа адам. Ол өз кітабын Қашғарда бітірді де, шығыстық падишасы табғаш Боғрыханға тарту етті. Ол кітап иесін (авторды) бағалай біліп, оған «хас-хаджиб» деген атақ берді. Сондықтан да ол бұдан былай осы есімімен белгілі де мәшһүр болды», -дейді.

Бұл кіріспеден Жүсіптің өз шығармасын өзі" мақтайтынын көреміз. Бұған Н. И. Ильминский (1822-1891) және басқа түркітанушылар сын көзбен қарай отырып, «мұны ақынның өзі емес, соңғы ғасырларда өмір сүрген көшірушілердің жазуы мүмкін» деген қорытындыға келген. Ал С. Е. Малов болса, осы нұсқадағы «Кіріспе» мен дастан тілінің арасында алшақтық барына назар аудара келе: Кітаптын «Кіріспесі» ғаңа қарасөзбен, қалған бөлігі өлеңмен жазылған ғо». Міне дәл осы жайт шығарманың стилінде, «Кіріспенің» тілінде және өлең текстерінде (ұйғыр нұсқасында) алшақтық туғызған» дей келіп «Кіріспені» Жүсіптің өзі жазған деген тұжырым жасанды.

Әрине, белгілі түркітанушының мұндай үзілді-кесілді пікіріне дау айтуға да болар еді, бірақ Жүсіпке дейін немесе одан кейінірек өмір сүрген Шығыс елдернен шыққан ғалымдар, шайырлар, шежірешілер қаламына жататың көптеген шығармаларды, дәлірек айтсақ Йуғнақидің (XII-XIII ғ. ) «Шындық сыйы», Нәсір ад-Дин ар-Рабғузидің (XIII-XIV ғ. ) «Пайғамбарлар жайлы қиссасы», немесе Әбілғазы Баһадур ханның (1603- 1654) «Түркілердің шығу тегі» атты туындыларының «Кіріспелерінен», де осындай жәйтті кездестіреміз

айқындылығынан болса керек, акынның бұл туындысын ел түрліше атаған. Мысалы, Шын елінің оқымыстылары «Әміршілер мақұлдаған, қоғамдық орындар бекіткен тәртіп ережелері десе, Машын жұртының ғалымдары «Мемлекет қауіпсіздігі жайлы кітап» дел атаған . Шығые ғалымдары «Әміршілер үшін әбзел», ирандықтар «Бақытты бола білу жайлы ғылым» десті. Кейбіреулер оған «Патшаларға ақыл-кеңес кітабы» деген де атау берген.

«Құтадғу білік»- әнгіме-аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы XI ғасырда Ыстық көл. Жетісу, Қашғар өлкесінде болған шындыққа байланысты өрбітіледі. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат-өсиет-ақыл ретінде трактар, пмандылыққа үндейтіи, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде

мағындары әрбір қоғамдық топтарға қалай қарауға тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады. Идеясы жағынан дастан имандылық , ізгілік рухында жазылған еқбек. Бірақ автордың негізгі мақсаты Қарахан мемлекетін нығайту, оның даңқын зорайту еді. Өзінің әдептілік принциптері жағынан ол ортаазиялық әдет өлшемдерін негізге алады. Дастанның, мазмұны түсіті , құрылысы қарапайым.

қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қара-

Шайыр өз шығармасының темір қазығы етіп Әділдік, Бақыт, Ақыл, Молшылық секілді игі қасиеттерді алған. Әділдікті ол «Қүнтолды» деп атайды да, оған мемлекет басшысы болуға меңзейді. Бақытқа «Айтолды» денег ныспы беріп, уәзірлік қызметті нұсқайды. Ақылға «Ойтолды» деген есім беріп, уәзірдің баласы (Огдулмыш) болуды айтты. Молшылыққа «Жетелеуші» деген атау беріп, уәзірдіқ інісі (Одгулмыш) болуға кеңес береді. Міне, енді аталған Әділдік, Молшылық өзара сұхбат, өзара пікір алысуға кіріседі. Өзара әңгіме дүкен құрады. Осындай ұлы мақсатты мұрат еткен ақын өз поэмасын үлкенді-кішілі «Тілдің пайда, зияң келтірудегі; қызмет, «Пайдалы ақыл-кеңес жайлы сөз», -«Айтолдының Әміршісі Күнтолдыға қызметке келуі», «Бақыттылық, ерекшеліктері», «Бақыттың жақсылыққа бастар харекеті мен жаман қылықтары», «Айтолдының әміршіге қойған сауалдары», «Әміршінің Айтолдыға берген жауабы», «Айтолдының ұлы Огдулмышқа берген кеңесі», Огдулмыштың Әмірішісі қызметке келуі», «Басшы адамға керек қасиеттер», «Огдулмыштың Әміршіге ғылым, білімнің ерекшеліктері туралы айтуы», «Сарай адамдарынық өзін қалай ұстау керектігін, «Елшілікке жіберілер адамның қандай болуы туралы», «Әмірші қызметкерінің хұқығы мен міндеттері», «Жоғары лауазымды адамдармен қатынас жасай білу " керектігі туралы», «Үйлену мен бала тәрбиесі», «Топға шақыру мен қонақка бару, бармау мәселесі жайлы», «Одгулмаштың түс көрінуі», «Одгулмыштардың көрген түсін жору жайлы» деп аталатын түрлі тақырыптарды сөз ететін 72 тараудан тұрады.

Жүсіп Баласағұнидің аталған шығармасының кейбір тарауларынан атақты Отырар ойшылы Әбу Нәсір Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактаты мен үндес келетін, мінсіз адамзат қоғамы болуын аңсағанына дау жоқ.

Жүсіп Баласағұнидің әділетті адам, әділетті басшысы немесе қайырымды мемлекет туралы идеясы - қиял. Әл-Фараби һәм Жүсіп Баласағұни де мұндай идеяның жүзеге асатын мүмкіндігіне сенбеген, өйткені, ол қасиеттердің бәрін өз бойына жинайтын фәлсафашыл басшыны табу қиын екенін олар түсіне білген.

«Құтадғу білік», Х. Сүйіншәлиев айтқандай «орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерін таңқалдырған әдеби көркем туынды. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілердің және олардың мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра. Бұл өлкенің бір кездегі өркендеген мәдениетін танытарлық тарихи куә, тамаша ескерткіш. Орта ғасырлардағы көптеген ру, тайпа тілдерін біз ізге салып, қалыптасуына, әдеби тілдің негізін қалауға дастан қосқан үлес орасан. Түркі әдеби тілінің даңқын зорайтып кейінге қосқан де осы сияқты көне ескерткіштер болыр отыр. Дастан тілінің кейінгі әдебиетке де әсері болды. Алтын Орда, Хорезм, Сырбойы, Көне қыпшақ әдеби өмірі болды. Алтын Орда, Хорезм, Сырбойы, Көне қыпшақ әдеби өмірі «Құтадғу біліктен» алшақ кетпейді. Керісінше, содан өрістейді.

Моғолстан

XIV ғасырдың ортасында Шағатай державасының орнына Моғолстан мемлекеті кұрылады. Шығыс деректеріңің жазылуы бойынша монғол сөзіндегі "н" әрпінің түсіп қалу заңдылығына байланысты "моғол" сөзі пайда болған. Сонымен, мемлекеттің аты осы сөзге байланысты "Моғолстан" атанып кеткен. Шағатай ұлысының ыдырауына байланысты жазба деректердің хабарына қарағанда Моғол мемлекетінің тағына отыратын көрнекті адам да қалмаған. Бұл кездегі саяси мемлекеттік жұмыстардың басында кезіңде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының ұрпақтары әмірлерінің бірі Болаттын қолында болған. Өзінің хан болуға һүқы болмағандықтан, ол өзінің айтқанына көнетін әлі жас Шағатай әулетінен Дува ханының немересі алты жасар Тоғлық Темірді 1348 ж. Моғолстан хандығының тағына отырғызған. Моғолстанның халқыңың этникалық құрамы негізінен жергілікті түркі тілдес, дулат, қаңлы, жалайыр, керей, найман, үйсін, т. б. жәме толық түріктеніп болған моғол тайпалары бұлғашы, шурас, барин, арлат, т. б. тұрған. Саяси жағдайы. Тоғлық Темір хандық билікті өз қолына алғаннан кейін, Шағатай ұлысының өз кезіндегі билігін қалпына келтіру үшін әрекет жасайды, 1360-1361 жылдары Орта Азиядағы жерлерді қайта қалпына келтіру үшін Мауараннахрға екі рет жорық жасап, екеуін де жеңіспен аяқтап, баласы Плияс Қожаны хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға келген соң, Тоғлық Темір қайтыс болады. Өзінің мұрагерлік жағдайын реттеп қайту үшін Ілияс Қожа Моғолстанға кеткен кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгерелі. Тоғлық Темірдің тірі кезінде тәуелділікті амалсыздан мойындап жүрген Әмір Темір оның өлімін пайдаланып, Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін өмір Құсайынмен Ілияс Қожаға қарсы тұрады. Ілияс хан жеңіледі. Ілияс Қожа хан Моғолстаннан қайта күш жиын, дулат Шамсидиннің қолдауымен Мауараннахрға қайта келеді. Бұл жолы Ташкент маңында Сырдарияның жағасында Батпақты деген жерде атақты «Батпақты шайқасы» болады. Шайқаста Әмір Темір жеңіліп, қашып құтылады. Деректерге қарағанда шайқас кезінде екі жақтан 10 мыңға жуық адам шығын болады.

1376 жылы жорық Темір үшін сәтсіз болған. Өйткені, Моғолстанға аттандырған 30 мың әскерінің ішінде Темірдің Хорезмді жаулауға кеткенін пайдаланып, бүлік шыққан. Алайда бүлікшілер Самарқандтқа жетпей сәтсіздікке ұшырайды. Олардың кейбіреулері Ақ Ордаға қарай қашып, шамасы оңда қолдау таппай, Моғлстанға келіп Камар ад-динді Мауараннахрға шабуыл жасауға шақырады. Камар ад-дин бүлікшілерді қосып алып, Әмір Темірдің жоқтығын пайдаланып, Мауараннахрға шабуылға аттанады. Бұл жағдайды естіген Темір өз әскерін дереу қайтарады. Мұны естіген Камар ад-дин кері бұрылуға мәжбүр болған, Темір әскерлері олардың артынан түсіп Нарын жазығында Ат басы жеріңде жеңіске жетеді. Камар-ад-дин басты күшін сақтап қалу үшін қашып құтылуға мәжбүр болған.

Әмір Темір Моғолстанға деген қаһарын бұрынғыдан да төге түседі. 1377 жылы үшінші рет шабуылға шығады. Бұл жолғы шайқаста Камар ад-дин Абақум, Бұғыш жерлерінде Темірден жеңіліп, қашып құтылады. Шапқыншылық кезінде жергілікті халық қатты зардап шеккен. Халықтың мал-мүлкі тонауға түсіп, адамдар топ-тобымен, лек-легімен Мауараныахрға айдалып, тұтқын есебінде қалалардың базарында құлдыққа сатылған. Осы кездің деректеріне қарағанда, Мауараннахрдың қалалары мен базарларына моғол құлдары қаптап кеткен.

Әмір Темір мұндай тонаушылыққа қанағаттанып қойған жоқ. Оның алдындағы басты мақсат Моғолстанды біржолата өз қол астына қаратып алу болды. Бұл мақсатына жеті үшін 1380-1390 жылдар арасында Моғолстан жеріне және бірнеше рет өзінің балаларымен бірлесе отырып, 120 мыңдай әскермен жойқын жорықтар жасаған, Моғол ханы Қызыр Қожа хан Темір әскерлерімен шайқасуға әлі ерте деп қаша берген, Камар ад-дин де, Енге-төре де Темір әскерлерімен шайқаста жеңіле берген. Мұндай жеңілістерден кейін, Темірді өз күштерімен жеңе алмайтындарына көзі жеткен Камар ад-дии Ақ Орданың ханы Тоқтамыспен келісіп, Темірге қарсы саяси одақ қурған. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Әмір Темір бұл жасалып жатқан одақтан хабардар болып, алдымен Тоқтамыстың өзіне соққы беруге аттанып, одан Балқашқа қарай жүріп, Моғол әскерлерін Оңтүстік Шығыс Қазақстан жеріңде талқандаған. Ал Темірдік баласы Омар Шайх Алакел маңында итішпес жерінде моғолдардың екінші бір шағын бөлімшесін талқандаған. Моғалстанның жағдайы XV ғ. басында Әмір Темір өлгеннен кейін де жақсара қоймады. Қазыр Қожа ханның мұрагері Мұхаммад хан (1408-1416жж. ) Темір әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып, Моғаостанның тәуелсіздігін алу Ферғанадағы Темірдің немересі Амирақ Ахмад мырзаның Ұлықбекке жасаған қарсылығына өз әрекеттерімен көмек көрсетіп, жеңіске жетіп көп олжамен қайтады. Сөйтіп, бұл көмек біраз болса да моғолдардың өз тәуелсізідіктерін алуға жағдай туғызған еді. Мухаммад ханның моғол хандығын нығайтуға жасаған және бір шарасы ислам дінін қабылдауы. Оның жарлығы бойынша, бүкіл моғол халқы дінін қабылдауға міндетті болды. Кімде-кім, әсіресе, үстем тап өкілдері мұсылмандардың белгісі есебінде басқа киетін шалманы киіп жүрмесе, ондай адамдардың басына оны шегелеп қою керек деген қатаң талап та қойған. Бұл талаптың қорытындысы діннің күшін пайдаланып, елдің бірлігін сақтауға тырысу керек деп білу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі ғасырлардағы қазақ ғұламалары
Ортағасырда өмір сүрген түркі-мұсылман ғұламалары
Көшпенділер рухани мәдениетінің ерекшелігі
Ж. Баласағұн Құдағу біліг шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау. Насреддин Рабгузи Рабғузи қиссалары, Х. Дулати Тарих и Рашиди, Ш. Жәңгірұлы нәзира дәстүрі
Түркі тілдес халықтардың ғұламалары
Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
Әлемнің белгілі ойшыл, педагогтары
Ежелгі Қазақстан. Қазақстан тас дәуірінде
Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері
Ж.Баласағұн. "Құдатғу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау. Насреддин Рабгузи "Рабғузи қиссалары", Х.Дулати "Тарих и Рашиди", Ш.Жәңгірұлы нәзира дәстүрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz