Бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтарына жалпы сипаттама . . . 5
1. 2 Бастауыш сыныптарда дамыта оқытуды қолданудың тиімділігі . . . 8
ІІ ЕКІНШІ СЫНЫП МАТЕМАТИКА ПӘНІ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Математиканың жаңа білім мазмұны ерекшеліктерін талдау . . . 12
2. 2 Ауызша қосу және азайту әдістерін меңгертудің жолдары . . . 24
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 32
КІРІСПЕ
Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден де білім саласы тыс қалған жоқ.
Қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілеті артып, қазіргі таңда кеңінен іс жүзінде қолдануды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы" заңында “Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет ҚР Конституциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту мен білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді” - деп көрсетілгендей білім беріп, оқытуды тиімді етуге елімізде білім берудің жаңаша жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне өту мақсаты қойылуда.
Әлемдік тәжірибе математиканы оқыту мен экономиканың дамуы мәселелерінің арасында математиканың өз тілімен айтқанда, «тура пропорционал», яғни тура тәуелділік бар екенін көрсетті.
Демек, бүгінгі жеткіншек ұрпақтың мектеп партасындағы математикалық білімі ертеңгі индустрияның және соның негізінде елдің қорғаныс қабілеті жоғары деңгейде болуының бірден-бір кепілі. Осындай жағдайларды түйіндеген әлемнің іргелі елдері бір кездері математиканы орта мектептің жоғары сыныптарындағы барлық оқушылар оқуға тиісті міндетті пәндердің қатарынан алып тастағанымен, соңғы он жылда оқу жоспарларының инвариантты бөліктерінен орын беріп, өз қателіктерін түзеуде.
Бір сөзбен айтқанда, қоғам дамуының қазіргі кезеңінде математиканың қолданылмайтын жері жоқ деуге болады. Сол себепті, қазіргі кезде « . . . адамзат өмірі үшін «білімді математикаландыру кезеңі» деп аталатын жаңа кезең басталды.
Міне осы “ математикаландыру кезеңінде» орта мектептегі 1-сыныптан бастап, 11-сыныпқа дейін үзіліссіз оқытылатын бірден-бір пән ол математика пәні болып табылады.
Бастауыш математиканың білім мазмұны « . . . дүние жүзіндегі аса дамыған және өркениетті елдердегі мөлшер мен деңгейден төмен емес» болу керек.
Өйткені, Қазақстан қазір бүкіл әлем таныған, БҰҰ бастап әлемдік деңгейдегі әр түрлі қоғамдастыққа мүше мемлекет. Яғни, қазір біздің бүкіл әлем елдерімен ресми жағдайда да, жеке адам ретінде де байланысымыз күннен -күнге нығайып келеді.
Сондықтан, бүгінгі, әсіресе, ертеңгі Қазақ елінің азаматтары әлем елдерімен, әсіресе экономикалық жағынан дамыған елдердің азаматтарымен тығыз байланыста болады. Осы жағдайда біздің жеткіншек ұрпақтың қай салада болмасын, білім деңгейлерінің олардан төмен болуы бүгінгі ұрпақ үшін кешірілмес күнә[1] .
Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін парасатты да білімді, біліктілігі жоғары мамандар даярлауды қажет етеді.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың күрделілігі мен өзіндік бір ерекшелігі - білім беру жүйесінің бастауыш буынының көп пәнділігінен туындайды. Егер, жоғары сынып мұғалімдері мектеп қабырғасында бір не екі ғана пәнді оқытуға дайындалса, ал бастауыш сынып мұғалімі мектепте сегіз не он пәнді оқытуға дайындалады. Яғни, бастауыш сыныптың ерекшелігі оның көп пәнділігі. Сондықтан көп пәнділікті педагогикалық-әдістемелік тұрғыдан жақсы меңгерту қажет [5] .
Бастауыш сыныптарда білім беру жүйесіне жаңа оқулықтар мен білім стандартының енуі бұлардың мазмұны мен мақсатын, теориялық және практикалық жақтарын алдын ала жан-жақты талдап, түсініп алуды қажет ететіндігі. Әр оқулықтың мазмұны мен оның негізгі білім мен тәрбие берудегі мақсатын жете білген мұғалім ғана пәннің мазмұн тұтастығын пайдалана отырып, оқушыларды дамыту, шығармашылық мүмкіндігін ашу және т. б. мақсаттарды жүзеге асыра алады.
«Математика оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» - деген атақты ғалым Д. И. Писарев. Бірақ, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру мұғалімдер үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады. Осыған байланысты, қоғамдық құрылыстың жаңаруы, білім жүйесінің жаңа мазмұны, бастауыш буынға жаңа оқулықтардың енуі, жаңа бағытта жұмыс жасайтын жаңаша ойлайтын, жаңалықты көре білетін бастауыш сынып мұғалімінің математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін анықтап, оны талдауды қажет етеді.
Зерттеу нысаны: Бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: екінші сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері
Зерттеу мақсаты: Екінші сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін теориялық жағынан негіздей отырып, оны анықтаудың әдістемесін ұсыну және оны тәжірибе арқылы дәлелдеу.
Қойылған зерттеу мақсатына жету үшін зерттеу жұмысының төмендегідей міндеттерін шешу қажет болды:
-екінші сынып математика оқу материалдары мазмұнына жалпы сипаттама беру;
- бастауыш сыныптарда дамыта оқытуды қолданудың тиімділігі анықтау;
-математиканың жаңа білім мазмұнының ерекшеліктеріне талдау жасау;
- жүз көлеміндегі сандарды қосу және азайту машықтарын қалыптастыру әдістемесн ұсыну.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері:
білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, бастауыш мектепте білім берудің қазіргі мәселелерін қарастырудың ғылыми-әдістемелік теориясы, ұстаздың іс-әрекеті туралы отандық және шетелдік ғалымдардың әдістемелік еңбектері құрайды.
І ЕКІНШІ СЫНЫП МАТЕМАТИКА ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ МАЗМҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтарына жалпы сипаттама
«Қазақстан Республикасындағы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты» бойынша жасалынған жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында: «Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен білім берудің мақсаты түбегейлі өзгеруі керек: бірінші кезекке бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады» - делінген [6] .
Осыған байланысты, соңғы жылдарда елімізде білім бару саласын реформалаудың тиімді жолдарының бірі әлемдік стандарттық деңгейге көшу бағытында 12 жылдық оқыту жүйесі таңдалып алынуына байланысты баспа беттерінде туындаған көптеген пікірлер мен ұсыныстар жариялануда. Солардың ішінде ерекшелерінің бірі - «Қазақ білім академиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті А. Құсайынұлы мен осы академияның академик - хатшысы Р. Башарұлының «Білім берудің ұлттық моделін дұрыс таңдай алдық па?» - тақырыбында жарияланған мақаласында әлемдегі елдердің білім беру жүйесіндегі түрлі үлгілерін, оның ішінде өткен ғасырдың 50-жылдарындағы әлем мойындаған Кеңестер Одағы мектебінің 10 жылдық (4+3+3) үлгісін, осы бағытта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің жапондардың (6+3+3) үлгісінің жоғарыда айтылған Кеңестер Одағы үлгісінің баламасы екендігін, оның тиімді жақтарын тілге тиек етуі. Сонымен қатар, жапон мектептерінің бастауыш сыныптарында оқытылатын пәндерінің негізі ана тілін оқытуға (1377 сағат) бағытталса, басқа пәндер (барлығы 8 пән) арифметика, өнер, еңбек, рухани -әлеуметтік, қоғамдық пәндерді оқытуға жоспарланғандығы айтылған.
Елімізде қалыптасқан 4 жылдық бастауыш сыныптарда білім беру бағдарламаларының өзгертіліп шамадан тыс күрделенуі, оқушылардың ойлау қабілеті мен танымалдығын, қызығушылығын төмендетіп қана қоймай, олардың көпшілігінің оқуға деген ынтасын жоғалтуға мәжбүр етуде.
Сонымен қатар Елбасымыздың білім беру саласының алдында қойып отырған мақсаттарының бірі- «тілдердің үш тұғырлығы» идеясын, бүкіл еліміздің ұлттық мүддесі деңгейіне көтеруіміз қажет.
Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде «нені оқыту керек» сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсаттарын ескереді. Айта кететін жайт, оқу мазмұны әрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады.
Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық қажеттіліктеріне сай қалыптасады.
Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді.
Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетіс-тіктер деңгейі де өз әсерін тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи компьютерлік бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.
Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек [7] .
Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді.
Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді.
Бастауыш сыныптарда барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі білім беріледі.
Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында нақтыланады.
Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспарында жеке пәндер педагогикалық заңдылықтарға, бірізділік және жүйелілік принциптеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай орналасады. Жеке пәндердің белгілі бір реттілікпен оқу жоспарында берілуі олардың өзара логикалық байланыстылығына тәуелді. Оқу пәндері міндетті және таңдаулы деп бөлінеді.
Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады. Оқу бағдарламасының құрамы:
-аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын;
-оқушылар білімдеріне, біліктер мен дағдыларына қойылатын талаптарды;
-олардың білімін бағалау жолдарын;
-оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат;
-пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;
-негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;
-әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері;
-пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;
-әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;
- ұсынылған әдебиет.
Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құрылады. Ол түсінік хат, негізгі бөлім және әдістемелік аппаратынан тұрады.
Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» заңға байланысты білім беру саласын демократияландыру, гуманитарландыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге сай білім беру саласының құрылымына, мазмұнына, сипаты мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерістер енгізілді.
Бағдарлама жасауда кейбір кемшіліктерді атап өткен жөн болар:
-оқушылардың түсінігіне қиын оқу материалын енгізу;
-курсаралық байланысты ұмыту;
Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады.
Солардың ішінде басты назар оқулыққа арналады.
Жақсы оқулық оқушыны нәтижелі оқуға жетелейді.
Дәстүр бойынша да, мәні мен маңызы жөнінен де оқытудың сан алуан құралдары ішінде оқулықтың алатын орны ерекше. Ол мектептік білім - тәрбие беру қызметінің бірегей педагогикалық үлгі - моделі ретінде бүгінгі таңда да тиімді және ең кең таралған әрі оқыту, әрі оқу құралы болып қалып отыр.
Сондықтан мемлекетімізде жүргізіліп жатқан мектеп реформасының мақсаттары мен талаптарын ойдағыдай жүзеге асырып, еліміздің жас ұрпағын өзіміз бүгінде іргетасын қалап жатқан алдағы өмірге неғұрлым жетілген деңгейде әзірлеуде уақыт рухына сай жоғары сапалы төл оқулықтар жасау - дәуірлік маңызға ие міндет.
Тарихи қалыптасқан жағдайларға байланысты мұндай жаңа да күрделі әрі ауқымды міндетті жекелеген тіпті талантты деген авторлардың интуициясы мен тәжірибесі шеңберінде шешуге болмайтыны белгілі. Оқулық жасалынып дайын болған күнде де, оқушының сапалы білім алуына лайық па деген сұрақтар туындары сөзсіз.
Мемлекеттік білім стандартының және Қазақстан Республикасы бастауыш білім мазмұнын жаңарту Тұжырымдамасының негізінде дамыта оқыту идеясы жатыр. Осыған орай бастауыш сынып оқушылары мектептің өзекті тақырыбына сәйкес «Дара тұлғаға бағытталған оқыту үдерісінде, дамыта оқыту идеясын жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешен арқылы жүзеге асыруда» төмендегідей жұмыстар атқарып, жетістіктерге жетті [8] :
-оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, орындалуы әртүрлі нұсқада дайындалған бақылау жұмыстары құрастырылып, жинақталды;
- оқушылардың білім сапасын анықтауға арналған тестер дайындалды;
- бастауыш сынып мұғалімдері жаңа буын оқулықтарымен жұмыс істеуге арнайы дайындықтан өтті;
- жаңа буын оқулықтарын енгізу, өңдеу оқу бағдарламасын жетілдіру мақсатына сәйкес білім сапасына мониторинг жасау жүйелі жүргізілуде.
Төл оқулықтарды дәстүрлі оқулықтармен салыстыра отырып қарағанда жаңа буын оқулықтарында этнопсихологиялық ерекшеліктер, оның сапалы, әсем безендірілуімен қатар мазмұнының да өзгергенін байқадық.
1. 2 Бастауыш сыныптарда дамыта оқытуды қолданудың тиімділігі
Қазіргі математикалық білім беру жүйесіндегі математикалық материалдардың ролі өзгеретіндігін айта кеткен жөн. Ол оқып-үйренудің басты нысанынан, оқушыларды дамытудың құралына айналып отыр.
Математикалық мазмұн бiр жағынан, математикалық шындықты бейнелеудің ерекшеліктері туралы ғылым ретінде математикалық дерексіздендіру, математикалық жаңа білімді алу жолдары, математиканың тілі және т. б. мәселелерден тұрады, яғни ол математикалық әдістер мәселесі болып табылады.
Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді [13] .
Мемлекеттік білім стандартының және Қазақстан Республикасы бастауыш білім мазмұнын жаңарту Тұжырымдамасының негізінде дамыта оқыту идеясы жатыр. Осыған орай бастауыш сынып оқушылары мектептің өзекті тақырыбына сәйкес «Дара тұлғаға бағытталған оқыту үдерісінде, дамыта оқыту идеясын жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешен арқылы жүзеге асыруда» жұмыстар атқарылып, жетістіктерге жетуде.
Қазіргі таңда білім беруді демократияландыру, ізгіліктендіру, даралап-саралап оқыту, білімді кіріктіре отырып беру, дамыту және оқушыларды шығармашылыққа баулу мәселелеріне баса көңіл аударуға күрделі талаптар қойылуда. 1-4 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтарының мектеп тәжірибесіне, оқуға толық енгізілуі олардың сапалық көрсетБастауышнің айғағы бола алады.
Оқулықта оқу мен тәрбие мәселесі біршама ойластырылған. Математика оқулығы оқушылардың логикалық ойлау операцияларын дамытуға, танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталған.
Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік - дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.
Дамыта оқыту әдісі белгілі бір түрі. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіру, оқушылардың өздігінен білім алу, дүниетанымын қалыптастыруда жетекші рөл атқаратын оқыту деп есептеледі [14] .
Педагогика ғылымының көрнекті өкілі М. И. Махмутов біз сөз етіп отырған дамыта оқыту жөнінде мынандай пікір ұсынады: «Проблемное обучение это новая система правил применения раннее известных приемов учения и преподавания, построенная с учетом логики мыслительных операции (анализа общения и т. п) и закономерности поисковой деятельности учащихся (проблемной ситуации, познавательного интереса, потребности и т. п) ».
Н. В. Репин дамыта оқытуға мынандай анықтама береді: «Развивающее обучение - это целостная педагогическая система, альтернативная традиционной системе школьного обучения» [15] .
Дамыта оқыту әдістерінің басқа әдіс-тәсілдерден екі негізгі айырмашылықтары бар.
1. Қарама-қарсылықты шешудің құралы болғандықтан, олар тек жүйе (система) ішінде қаралады. Оны айқындап, яғни болжап береді.
Дамыта оқыту өз алдына оқшау жатқан жоқ. Ол оқыту мен тәрбиенің барлық әдістерімен бірге іштей қабысып бір-бірімен тығыз байланыста болады.
2. Дамыту әдісі мазмұн мен форманың диалектикалық ішкі үйлесімділігінен тұрады. Қазіргі зерттеушілер аталған әдісті екі түрлі түрғыдан қарастырады. Олар дамыта оқыту әдісін жалпы және бинарлық деп екіге бөледі. Қысқаша осы екі әдістің кестесі қосымша.
Жалпы әдіс оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруға ерекше назар аударады. Сабақтың қызықты өтуі педагогтың да шеберлігін қажет етеді.
Дамыта оқыту әдісінің аталмыш әдістерінен басқа алты дидактикалық тәсілі бар. Олар мыналар:
- мұғалімнің өзінің сөйлеуі;
- шешендік тәсіл;
- диалог түріндегі тәсіл;
- эвристикалық тәсіл;
- зерттеу тәсілі;
- бағдарламаланған тапсырмалар беру тәсілі.
Дамыта оқыту байырғы оқытудың әдістері мен тәсілдерін жинақтаған жаңа оқыту жүйесі болып табылады. Бұл оқытудың барысында логикалық ойлау операцияларының және оқушылардың өздігінен ізденуі шешуші рөл атқарады. Қазіргі қазақ орта мектептерінде бұл әдіс кеңінен пайдаланбай келеді.
Дамыта оқыту алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер мен олардың теориялық жүзінде дәлелденуінен пайда болған.
Мәселен, әдістердің көпқырлылығы мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша дамыта оқыту дегеніміз, педагогика ғылымында көптеген белгілі эвристикалық әңгіме дейді, - И. Я. Лернер [16 ] . Бірақ, эвристикалық әңгіме тек ғана дамыта оқытудың бірғана тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Оқыту барысында мұғалім мен шәкірт арасында өзгеше қарым-қатынас пайда болады. Мұғалімнің көмегімен ол жаңа материалды өздігінен түсінеді, шығармашылық ізденіс қалыптасады.
Академик В. А. Крутецский дамыта оқытуды зерттей келе мынандай пікір айтты: «Проблемное обучение есть результат развития педагогики и школьной практики в условиях научно-технической революции, результат внедрения научных идей в современный процесс обучения».
Дамыта оқыту өзекті мәселелі жағдай (ситуация) мен оқу мәселесінің және оқыту мен білім алудың диалектикалық, қарым-қатынасы, әрі өзара бірлігінен тұратын жүйені қамтитын әдіс деп есептелінеді. Оқыту барысында мұғалім өзекті ойланарлық тақырып төңірегінде ойлануға жағдай туғызады. Бұл әр ұстаздың біліміне, шеберлігіне байланысты жай. Шәкірттердің ойлау қабілетін артуы дамыта оқыту әдістерінің алға басқандығының айғағы тәріздес. Логикалық операцияларды шешу оқушылардың дербестігін қалыптастырады.
Ғалымдардың айтуы бойынша шығармашылық - эвристикалық іс-әрекет негізгі мазмұнды тез қабылдау, негізгі идеяны қағып алу [17] . Бұл іс-әрекет субъектіні объектіге қызығушылығын арттырады (сұраққа, пәнге т. б. ) . Өзекті, мәселелі жағдай дегеніміз адамның интеллектуалды қиналуы, себебі туып отырған көріністі дәлелді сұрақты бұрыннан өзі білетін амал тәсілдер мен еше алмауы . Қиналыс адамды жаңа шешім табуға талаптандырады.
Дамыта оқытудың арнаулы қызметтері:
- шәкірттердің ойлау дербестігін жетілдіру;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz