Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында


Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы)
Қаржы полициясы академиясы
«Кеден ісі» кафедрасы
Пәні: «Кедендік бақылау»
Тақырыбы: «Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері»
Орындаған: 4-бағам
45 оқу тобының
тыңдаушысы
Маханов Т. Г.
Қабылдаған: «Кеден ісі»
кафедрасының аға
оқытушысы, қаржы полициясы
лейтенанты Досмырза Д. Д.
Астана 2006 жыл.
Жоспар
Кіріспе . . . 3
- Кедендік бақылауды ұйымдық-құқықтық реттеуКедендік бақылау: түсінігі, түрлері және құқықтық негізі . . . 4Кедендік бақылаудың нысандары мен жүргізу тәртібі . . . 8
II. Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
2. 1. Кедендік қылмыстардың түсінігі . . . 14
2. 2. Кедендік қылмыстардың түрлері . . . 16
III. Кеден органдарының құқық қорғау саласындағы ұйымдасуы . . . 24
Қорытынды . . . 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 32
Кіріспе
Республикамыз тәуелсіздік алғанынан бері он бес жылдай болып қалғаны бәрімізге белгілі, сол мезгілден бері мемлекетімізде аса маңызды өзгерістер болған емес деген пікірге мен келісе алмаймын. Өйткені, сол аралықтан бері мемлекетіміз көптеген ұйым, одақ, қауымдастықтардың қатарына қосылды десек, көптеген елдермен аса тиімді достастықта болды. өзіміз дамушы ел болсақ та, дамыған елдердің қатарына қосылуға бел будық.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында “Қазақстанның әлемдегі 50 бәсекелестік қабілеттілігі бар елдердің қатарына кіру стратегиясындағы (Қазақстан өзінің даму сатысындағы жаңа серпіліс қарсаңында) ” «Қазақстанның әлемдік экономикаға сәтті енуі - еліміздің экономикалық дамуындағы сапалық бастаманың негізі» - деген басымдықта біз Қазақстанды экономикасы дамыған елдердің қатарында көргіміз келеді, оның бәсекелестік қабілетінің артуына байланысты өз күшімізді саламыз делінген. Елбасы мемлекетіміздің экономикалық дамуының жақсы жетістіктеріне жетуін көздеп отыр [11, 2] .
Қазіргі таңда еліміздің қарқын алып дамып келе жатқаны бізге және бүкіл әлемге мәлім. Кеден органдарының мақсат-міндеттері Кеден кодексінде көрсетілген. Онда кедендік істің жеке тұтынушыларын тікелей қорғау, адамдардың өмірі мен денсаулығына террористік шығын келтіруден қорғау, есірткі заттардың заңсыз айналымынан, және т. б. заңсыз іс-әрекеттерден қорғау болып табылады. Сол сияқты, кеден органдары өз құзіреті шегінде кеден ісі саласындағы қылмыстармен күреседі, алдын алады, ескертеді және ашады. Осы сәтте кеден органдары басқа құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттестік ете отырып аталған қылмыстармен бірлесе күрес жүргізеді.
Курстық жұмыс қазіргі кезде маңызды және өте өзекті тақырыптардың біріне арналған, және ол былай аталады - кедендік бақылау кезіндегі құқық қорғау органдарының кедендік қылмыстарды ескерту шеңберіндегі өзара іс-қимылының мәселелері.
Осы жұмыстың, яғни курстық жұмыстың мақсаты:
- кедендік бақылаудың ұйымдық-құқықтық регламенттеуін оқу;
- кедендік бақылау кезіндегі кедендік бақылау органдарының құқық қорғау органдарымен кедендік қылмыстарды ескерту шеңберіндегі өзара іс-қимылын қарастыру;
- кедендік қылмыстардың басқа экономикалық қылмыстармен байланысын айқындау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - кедендік бақылау кезіндегі құқық қорғау органдарының кедендік қылмыстарды ескерту шеңберіндегі ұйымдық-құқықтық қатынастар болып табылады.
Бұл жұмыстың әдістемелік негізі ретінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы, нормативтік актілер, отандық және шетел авторларының әдебиеттері болып көрсетіледі.
I. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
1. 1. Кедендік бақылау: түсінігі, түрлері және құқықтық негізі
Республиканың тәуелсіз мемлекет және әлемдік шаруашылықтың толық құқығы бар қатынасушысы ретінде аталуы бұдан бұрынғы жүйе іргетасының - тұтастай өзгеруін қажет етеді.
Бұл процессті талдаудың бірінші буынына әлемдік шаруашылыққа ену дәрежесін жатқызуға болады, ол экономика ашықтылығы деңгейімен сипатталып бағаланады.
Екінші буын, бұл мақсатты жүзеге асыру және күтілетін нәтиже алу бүкіл мемлекетпен және әрбір жеке адам үшін мемлекеттің сыртқы экономикалық, сыртқы сауда, қаржы, салық, валюта салаларына деген ғаламдық дәрежедегі қызығушылықты арттыру болып табылады.
Үшінші буын, бұған кедендік саясат жатады және ол кедендік іс арқылы жүзеге асады. Кедендік іс Қазақстан Республикасының кеден саясатының мына мақсаттарын ұстайды: қазақстандық нарықты және қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; мемлекеттің экономикалық дамуына ықпал ету; одан кейінгі экономиканың құрылымдық жағынан қайта құрылуына көмектесу; бәсекелестікті нығайту; дайын өнім экспортын мен импорт алмастырушы өндірісті ынталандыру; шетел инвестицияларын тарту және т. б.
Осыған сәйкес 2003 жылы 5 сәуірде Қазақстан Республикасының Кеден кодексі қабылданды. Кеден кодексінде көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы қүұқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және де өзге қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамдтиды. Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады. Осыған орай Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.
Кедендік бақылау - Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы.
Бұл жердегі анықтаманың мағынасын ашып қарастырайық. Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау Кеден кодексінің 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Кеден кодексімен кеден органдарының Қазақстан Республикасының кеден заңдары мен Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды сақтау міндеті жүктелген [6, 3] .
Жоғарыда айтылған кеден органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы ретінде кеден органдары лауазымды тұлғаларының сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары арасында іске асыратын шаралар болып табылады.
Кедендік бақылаудың негізгі мақсаты - кедендік бақылаудың әртүрлі нысандарының көмегін қолданып отыра жүргізілген кедендік операциялар мен іс-әрекеттердің арқасында кедендік заңдылықты сақтау, кеден ісі саласына қатысқан жеке және заңды тұлғалардың белгіленген кедендік тәртіптер мен рәсімдерді сақтау. Кеден органдары қызметінің маңыздылығы мен сипаты, негізінде, кеден ісі саласында маңызды орынды алатын кедендік бақылаумен анықталады.
Қазақстан Республикасының Кеден кодексімен кеден органдарының Қазақстан Республикасының кеден заңдары мен Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды сақтау міндеті жүктелген. Кеден органдарының лауазымды адамдары:
- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарына;
- оларды тапсыру Кеден кодексінде көзделген тауарлар мен көлік құралдары туралы кедендік декларацияға, құжаттар мен мәліметтерге;
- кеден брокері, кедендік тасымалдаушылар ретіндегі тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдердің шеңберінде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметіне қатысты;
- тауарларды пайдалануға және оларға билік етуге белгіленген шектеулердің сақталуына;
- кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты бақылау жүргізеді.
Профессор Н. А. Голощаповтың пайымдауынша кедендік бақылаудың негізгі міндеттері мынадай:
- кедендік заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
- кеден ісін жүзеге асыру кезінде азаматтардың, өнеркәсіптің, мекемелер мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шаралар қолдану;
- өзінің құзіреті шегінде мелекеттің зайырының негізі болып табылатын, Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- өз құзіреті шегінде валюталық бақылауды қамтамасыз ету;
- кедендік бажды, салықты және басқа да кедендік төлемдерді алу;
- Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының рұқсат етілген тәртіпте тасымалдануының сақталуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өтізілетін (тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу және осы аумақтан әкету бойынша әрекеттер жасау) тауарлар (тауар - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін мүлік, оның ішінде ақпарат таратушылар, валюталық құндылықтар, энергияның электр, жылу және өзге де түрлері, сондай-ақ көлік құралдары) мен көлік құралдарына қатысты экономикалық саясат шараларынқұрастыруға қатысу;
- кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыру және жетілдіру, Қазақстан Республикасы арқылы тауарлар айналысының жылдамдатуына жағдай жасау [3, 26] .
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінген тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен кезден бастап және:
- еркін айналыс үшін шығарылғанға;
- жойылғанға;
- мемлекеттің пайдасы үшін тауардан бас тартқанға не оларды мемлекеттік меншікке айналдырғанға;
- тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тысқары жерлерге нақты шығарылғанға дейін кедендік бақылауда болады.
Қазақстандық тауарлар мен көлік құралдары оларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік декларацияны берген немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуді жүзеге асыруға тікелей бағытталған өзге де әрекеттер жасаған кезден бастап Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткенге дейін кедендік бақылауда болады. Кеден органдары тұлғалардың қазақстандық тауарлар мен көлік құралдарын не оларды қайта өңдеу өнімдерін Кедендік кодексте айқындалған тәртіппен кедендік режимдердің талаптарына сәйкес қайта келу туралы міндеттемелерін орындауға кедендік бақылауды жүзеге асырады. Және де кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін де кедендік бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және де Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті нысандармен шектеледі.
Жалпы кедендік бақылауды пәніне байланысты мынадай түрлерге жіктеуге болады:
- тауарларға кедендік бақылау жүргізу;
- көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу.
Тауарлардың бағытына байланысты былай жіктеледі:
- импорттық тауарларға кедендік бақылау жүргізу;
- экспорттық тауарларға кедендік бақылау жүргізу;
- транзиттік тауарларға кедендік бақылау жүргізу;
Кедендік бақылау жүргізуге тиесілі тауарлардың жекелеген маңызды сипаттарын ескере отыра оның түрастыларын ерекшелеп алуға болады:
- қол жүгіне кедендік бақылау жүргізу;
- иесімен бірге жөнелтілетін және жөнелтілмейтін багаждарға кедендік бақылау жүргізу.
Көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу мынадай түрлерге бөлінеді:
- теңіз кемелеріне кедендік бақылау жүргізу;
- өзен кемелеріне кедендік бақылау жүргізу;
- теміржол құрамдарына кедендік бақылау жүргізу;
- әуе кемелеріне кедендік бақылау жүргізу;
- көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу.
Кедендік бақылауды жүргізу кезінде қауымдастық елдерінің кеден органдарына қатысты сипатта былай жіктеледі:
1) біржақты кедендік бақылау, яғни кедендік тексеріп қарауды тек бір елдің кеден органдары жүргізеді;
2) екіжақты кедендік бақылау, яғни кедендік тексеріп қарауды екі жақтың кеден органдары бөлек-бөлек жүргізеді;
3) біріккен кедендік бақылау, яғни кедендік тексеріп қарауды екі елдің кеден органдары бірігіп жүргізеді.
Кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарының белгілі бір мерзім ішінде қанша рет өткізілуіне байланысты кедендік бақылау:
- бір реттік;
- қайталама болып екіге бөлінеді.
Бір реттік кедендік бақылау - егер кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдары бір бағытта өтетін болса кедендік тексеріп қарау бір-ақ рет жүргізілетін кедендік бақылау.
Қайталама кедендік бақылау - тауарлар мен көлік құралдарының кедендік шекараны белгілі бір мерзімде екі немесе бірнеше рет кесіп өтуі кезіндегі кедендік бақылау [3, 28] .
Кедендік бақылауды жүзеге асыру нысанына байланысты:
1) тауарлар мен көлік құралдарының құжаттарын кедендік мақсатқа байланысты тексеріс;
2) тауарлар мен көлік құралдарын тексеру;
3) тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау болып бөлінеді.
Сондай-ақ, кедендік бақылауды жүргізген сәтте көптеген кедендік бақылау әдістерін қолданудан басқа, кеден органдарының лауазымды тұлғалары кедендік бақылау техникалық құралдарын, химиялық реактивтерді және т. б. қолдануы мүмкін. Мысалы, кедендік бақылау техникалық құралдары кедендік бақылау, кедендік ресімдеу процедураларын жеңілдетеді, және де тауарлар мен көлік құралдарының контрабандасына қарсы күресті нығайта түседі.
1. 2. Кедендік бақылауды жүргізудің нысандары мен тәртібі
Қазақстан Республикасының кеден органдары кедендік бақылау жүргізген кезде, кедендік бақылауды жұргізудің нысандарын қолдана отырып жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 441-бабына сәйкес кедендік бақылау нысандары:
1) кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
2) ауызша пікір сұрау;
3) түсіндірмелер алу;
4) кедендік қадағалау;
5) тауарлар мен көлік құралдарын тексеру;
6) тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау;
7) жеке тексеру;
8) тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау не Кеден кодексінде еспубликасының салық заңдарында көзделген жағдайларда оларға бірдейлендіру белгілерін соғу;
9) тауарлар мен көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру;
10) тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу;
11) үй-жайлар мен аумақтарды тексеру болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген нысандар кеден органдарының қызмет бабының тиімді жүзеге асуына әсерін тигізеді. Осы нысандармен тереңірек танысу үшін әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік. Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру дегеніміз - кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәліметтердің дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде берілген кедендік декларацияны, құжаттарды және мәліметтерді тексеруі. Кеден органдарына кедендік ресімдеу кезінде берілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен салыстыру, арнаулы кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады. Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы кедендік декларациядағы ақпараттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде барлық құжаттар мен мәліметтерді сұратып алуға құқылы. Іріктеп тексеру негізінде кеден органдарының құжаттар мен мәліметтерді тексеруіне жол беріледі [3, 67] .
Ауызша пікір сұрау дегеніміз - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеуді жүргізу, алдын ала операциялар мен өзге де кедендік рәсімдер кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары тұлғалардан ауызша сұрақ қою арқылы жауап алуын айтамыз және аталған тұлғалардан мұндай пікір сұрау нәтижелері жазбаша нысанда ресімделмейді.
Түсіндірмелер алу - кеден органдары лауазымды адамдарының декларанттардан және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден ісі саласындағы қажетті ақпаратты алуы. Түсіндірме жазбаша нысанда ресімделеді. Адамды түсіндірме алу үшін шақыру туралы хабарламаға тиісті кеден органының басшысы қол қояды және шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.
Кедендік қадағалау - кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы.
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру дегеніміз - кеден органы лауазымды адамдарының тауарлар мен көлік құралдарын, оның ішінде халықаралық почта жөнелтімдерін, жеке тұлғалардың багажын қарауы кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, мөлшері туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиелетін бөліктерінде кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да қондырылған бірдейлендіру құралдарының бар екендігі туралы мәліметтерді растау үшін жүзеге асырылатын нысанның бір түрі.
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру дегеніміз - егер мұндай тексеру көлік құралы мен оның жүк тиелетін бөліктерін ашумен және тауарлардың орамаларын бұзумен байланысты болмаса, кедендік бақылау мақсаттары үшін тауарларды, жеке тұлғалардың багажын, көлік құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды, кедендік пломбалардың, мөрлердің және өзге де тауарларды бірдейлендіру құралдарының бар-жоқтығын сырттай көзбен тексеру. Кедендік бақылау аймағында тауарлар мен көлік құралдарын тексеру декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері тексеру кезінде қатысуға тілек білдіретін жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін. Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру нәтижелері бойынша кеден органдарының лауазымды адамдары, егер мұндай тексерудің нәтижелері кедендік мақсаттарда пайдаланылатын болса, белгіленген нысан бойынша акт жасайды. Кеден органының лауазымды адамдары тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамның талабы бойынша акт жасауға міндетті. Кедендік қарау жүргізілгендігі туралы актінің екінші данасы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамға тапсырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау дегеніміз - кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлік құралының жүк тиелетін бөліктерін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлік құралдарына қатысты іс-әрекеті. Кедендік тексеріп қарау тауарларды кедендік мақсаттар үшін бірдейлендіру, мәлімделетін мәліметтердің дұрыстығын анықтау не Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзу туралы ақпарат болған кезде мұндай ақпаратты тексеру, сондай-ақ іріктеп тексерудің негізінде кедендік бақылау жүргізу мақсатында жасалады. Кеден Кодексінің 447-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері өздерінің бастамасы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға құқылы. Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттігі бар декларант немесе өзге тұлғалар және олардың өкілдері кеден органы лауазымды адамдарының талабы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын тексеріп қарау кезінде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажетті жәрдем көрсетуге міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілеттік берген өкіл болмаған жағдайда, көлік құралын басқаратын жеке тұлға осы міндетті атқарушы болып табылады. Кеден органы декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері болмаған кезде, мынадай жағдайларда:
1) аталған адамдар тауарлар мен көлік құралдары тапсырылғаннан кейін он күн өткен соң келмеген жағдайда;
2) ұлттық қауіпсіздікке, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасы халықтарының мәдени игілігін сақтауға қауіп болған жағдайда және кейінге қалдыруға болмайтын өзге де жағдайларда;
3) тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберген кезде;
4) тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағында кедендік режимді бұза отырып қалдырған жағдайда тауарлар мен көлік құралдарына кедендік тексеріп қарау жүргізуге құқылы [6, 116] .
Аталған жағдайларда тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кедендік тексеріп қарау актісі ресімделеді. Егер кедендік декларацияда көрсетілген тауарлардың бір бөлігі бір атаудағы тауарлар ретінде кедендік тексеріп қарауға ұшыраған болса, онда мұндай тексеріп қараудың нәтижелері кедендік декларацияда көрсетілген осындай барлық тауарларға қолданылады. Кедендік тексеріп қараудың нәтижелері бойынша екі дана етіп акт жасалады. Кедендік тексеріп қарау жүргізілгендігі туралы актіде мынадай мәліметтер:
1) кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды тұлғалары мен оны жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер;
2) декларанттың, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамның қатысуынсыз кедендік тексеріп қарау жүргізудің себептері;
3) кедендік тексеріп қараудың нәтижелері көрсетіледі.
Актінің екінші данасы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамға не оның өкіліне тапсырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz