Ибн Синаның Аллаһ түсінігі


ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫ БİЛİМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИCТPЛİГİ
Қoжa Axмeт Яcaуи aтындaғы Xaлықapaлық қaзaқ-түpiк унивepcитeтi
Ануашбеков Уалихан Қалдыбекұлы
Тaқыpыбы: «Ибн Синаның Аллаһ түсінігі»
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC
5В021100-«Теология» мaмaндығы
Түpкicтaн 2016
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«___» 2016 ж.
кафедра меңгерушісі,
профессор И. Шенгүл
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Ибн Синаның Аллаһ түсінігі»
5В021100-«Теология» мамандығы
Орындаған: У. Ануашбеков
Ғылыми жетекшісі, Қ. Дауренқұлов
Аға оқытушы
Түркістан 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
АННОТАЦИЯ . . . 6
1 Ислам философиясы және Ибн Сина
1. 1 Ислам философиясының мәні мен анықтамасы . . . 7
1. 2 Ибн - Синаның өмірі мен философиялық еңбектері . . . 15
1. 3 Ислам философиясында Ибн Синаның алатын орны . . . 20
2 Ибн Синаның Тәңір түсінігі
2. 1 Әл - Фараби мен Ибн Синаның «Алғашқы себеп» түсінігі . . . 27
2. 2 Болмыс және оның түрлері . . . 35
2. 3 Ибн - Синаның рух түсінігі . . . 46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Бұл зерттеу жұмысымызда Ибн - Синадағы Аллах (Тәңір) қолға алдық. Зерттеулерге қарағанда Ибн - Сина Фарабидің көзқарастарын жалғастырушы болып табылады. Ибн - Синаның негізгі көзқарасын ортаға қою үшін Фарабиді жақсы білу және түсіну керек. Ал ол үшін де әл-Фарабидің діни түсініктерін де қарастыру қажетті болып табылады.
Фараби және Ибн Синаның болмыс көзқарасын өз сөздері мен түсініктеріне сүйеніп, білуді мақсат еттік. Шығыс және Батыс ойшылдарының шығармалары негізгі тақырыпты түсінуде бізге көмек болғандықтан оларға белгі қалдырдық. Қазіргі таңдағы философиялық ағымдар сыртқы әлемнің жаратылысымен байланысты көзқарастарға сүйенген астрономиялық зерттеулерде де болмыс тартысылатын бір тақырып болып табылады. Ислам философиясы дегенімізде, Фараби мен Ибн - Сина болғандықтан бұл тақырыпта олардың пікірін түсіну өте маңызды болды.
Философтарымыздың болмыс көзқарасын түсіндіру үшін алдымен олардың болмыс туралы пікірлерін зерттедік. Бұл бізді олардың философияға ие болған «мүмкін» және «уажибул вужуд» болмысы терминдерін зерттеуге жетеледі. Осылайша ортаға шыққан бұл түр болмыс арасындағы қатынастың уақытын білдіру үшін «уақытты» да қарастырдық. Осыдан кейін Фараби және Ибн - Синаның Тәңір - әлем байланысының «себепшілік» және оған сүйенген, шығу теориясы белгілі болғандықтан болмыс пен байланыстарсын тереңірек көрсету үшін оларды да қарастыруды мақсат еттік. Фараби мен Ибн - Синаның Ислам дүниесіндегі орны мен оның танымдық көзқарастарының қырларын зерттеп, келешек ұрпаққа ұсынудың маңызы зор.
Біз Фараби және Ибн - Сина ілімі мен еңбектерін не үшін зерттеуді мақсат етіп отырмыз? және олардың дүниетанымын зерделеп, оны жастарымызға танытуға тырысамыз? өйткені, бұл біздің тарихымыз, өткеніміз және бүгініміз. Біз одан қол үзіп кете алмайтынымыздың ақиқаты Адамзат әлемінде өз болмысын таныта алмаған - ата - бабамыздың ізденістері мен еңбектеріне құрмет көрсетпеген ұлт болып табылады. Демек, біз әлемге ұлттық ерекшеліктерімізді, өз мәдениетіміз бен тарихи жетістіктерімізді сол тұлғаларды зерттеп таныту мен көрсете аламыз.
Зерттеу объектісі:
Ибн - Синаның діни - философиялық мұрасы.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Егер Ибн - Синаның Тәңір туралы көзқарасын барша ерекшеліктері, маңыздылықтарын назарға ала отырып, оны кейінгі ұрпақтың рухани имандылық жан дүниесі Ибн - Синаның еңбектеріндегі рухани құндылықтар арқылы кеңейтіліп, маңызды орын алса; халыққа соның ішінде жас ұрпаққа Ибн - Синаның рухани адамгершілік және имандылық тәрбие мұрасын меңгеру қиынға соқпайтын еді және халықтың рухани баюына үлкен үлесін қосқан болар еді.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Ибн - Синаның Тәңір туралы көзқарасына діни - философиялық сараптама
жасау, оның қазіргі таңда жас ұрпаққа беретін пайдасын және ислам философиясына қосқан үлесін танып білу болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Ұлы дана Ибн Синаның Тәңір туралы көзқарасының мазмұны мен қағидаларын анықтау.
Ибн Синаның ислам философиясындағы алатын орнын анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Мен бұл зерттеу жұмысында ұлы дана Ибн Синаның тәңір туралы ой - тұжырымдарын барша ерекшеліктерімен қоса қарастырдым. Бұл жұмысқа түрікше, қазақша және орысша Тәңірге қатысты уажибул - ужуд (бар болуы міндетті болмыс), мумкинул - вужуд (бар болуы мүмкін болмыс), ассабабул - аууал (алғашқы себеп), мухарракатул - аууал (алғашқы әрекет жасатушы) және т. б терминдер келтірілді. Сонымен қатар бұл жұмысымыздың ғылыми жаңалығы ретінде мынаны айтуға болады: Ибн Синаны көптеген еңбектерде материалистік көзқарастары бар деп жазған. Әсіресе Газзали Фараби мен Ибн Синаға иман мәселесінде тым ауыр сөздер айтқан. Бірақ, менің ойымша Фараби мен Ибн Сина нағыз шынайы мұсылман болып, ислам дініне деген қызметі өте зор болған. Себебі, Фараби де Ибн Сина да тоғыз жасында исламның қайнар көзі құранды жатқа біліп, исламның қағидаларын жақсы білген. Жастайынан діни тәрбие алып өскен адамның Құдайға қарсы бір нәрсе айтуы мүмкін бе? Әрине мүмкін емес, тек қана Фараби Тәңірді философиялық тұрғыдан түсіндіруге тырысқан. Ал Ибн - Сина соны дәлелдей, ашықтай түскен.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе бөлім, екі тараудан, әрбір тарау үш тармақшадан тұрады. Соңында қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.
Аннотация
Дипломная работа направлена на исследование философских взглядов великого мыслителя Ибн Сины, в том числе рассматривается понятие Бога (Аллаха) . Для того чтобы полностью понять философские взгляды Ибн Сины надо рассмматривать связь его взглядов с философскими взглядами Аль Фараби. Дипломная работа направлена на исследование данных проблем.
Özet
Bu tezi çalışması İslam felsefesinin büyük şahısların biri İbn Sina’nın felsefi düşüncelerin ve Tanrı düşüncenin detayla incelemek hedeflendi. Inb Sina’nın felsefi fikirlerin tam olarak anlamak için ve islami felsefecilerin, ayrıca Farabı’nin felsefesyile bağlantısı ve benzerlikleri araştırılmıştır. Tezi çalışması bu konu üzerinde yazıldı.
Annotation
Diploma work is sent to research of philosophical looks of great thinker Ibn Sina, the concept of God (Allah) is including examined. In order that fully to understand the philosophical looks of Ibn Sina connection of his looks is necessary with philosophical looks Al’ Farabi. Diploma work is sent to research of these problems.
1. ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ИБН СИНА
- Ислам философиясының мәні мен анықтамасы
Ислам философиясы - жалқы және жалпы алғанда мұсылман ойшылдарының философиялық мұраларына берілген атау. Ислам философиясы философиялық ойлау жүйесі тұрғысынан басқа философиялармен ортақ. Басқа философиялардан тақырыбы мен әдіснамалық жағынан да айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Дегенмен, әрбір философия, кеңістік пен уақыттың саяси, географиялық, діни, әлеуметтік ой-өрісінің ерекшеліктерін өз ішіне қамтитындықтан басқа философиялардан оқшауланып тұратын өзіне тән табиғаты болады. Сол сияқты ислам философиясы ислам діні, мәдениеті шеңберінде, ислам жеріндегі мұсылман ойшылдарының жасаған философиясын білдіреді: Бұл тіркесті бұрыс түсіндірушілер "ислам" сөзін дін, яғни ислам дінімен тең деп ойлайды. Бұдан олар Құран мен Сүннетті философия деп қабылдайды. Бұл түбірімен қате пікір. Ислам философиясы тіркесінен "ислам дінінің" философия екендігі мақсат етілмеуі тиіс. Әлбетте, ислам дін ретінде философия емес, өйткені, дін адам ойының жемісі емес. Сондықтан ислам философиясы тіркесіндегі "ислам" сөзі "философия" сезінің анықтамасы, яғни бұл жерде ислам сөзі дінге емес, сол діннің өзі қалыптастырған өркениеті мен мәдениетіне қатысты айтыльш тұр. Мысалы, ал-Кинди, ибн Али Усайбиа, Байхақи, Шахристани және т. б. алғашқы мұсылман ойшылдары, философияны анықтау үшін емес, философтарды таныту мақсатында "ал-фаласифат-ул исламиуун" немесе "фаласифат-ул-ислам", яғни "ислам фило-софтары" мағынасында қолданған. Бұдан "мұсылмандардың философиясы" немесе "ислам философиясы" тіркесінің нені білдіретінін аңғаруға болады. Сонымен ислам философиясына хикмет, калам, сопылық, фикх, риторика, мораль, этика, саясат, экономика, тарих және т. б, салаларындағы теориялық, логикалық және жүйелі ойлау қабілетіне ие ойшылдардың философиясын жатқызуға болады [1, 58-59 б. ] .
Ислам философиясының пайда болуына, қалыптасуына ықпал еткен екі негізгі арна бар. Біріншісі, Құран мен Сүннет. Құран Кәрім, негізінен, діни мәтін болып табылады. Бірақ діннің философияның барлық мәселелеріне қатысы бар. Дін де, философия да Алла, әлем, адамның рухы мен осылардың өзара қарым-қатынасына, жақсылық пен жамандыққа, таңдау еркіндігі мен ерік, өлімнен кейінгі өмірге байланысты мәселелерді қарастырады. Осы мәселелерді карастырған кезде бұған қоса әлем, шындық, болмыс пен олардың қасиеттері, адамның пайда болуы мен тағдыры, дұрыс пен бұрыс, уақыт пен кеңістік, қозғалыс пен тұрақтылық, өткінші өмір секілді мәселелерді де анықтайды. Құран осы мәселелерге қатысты әмбебаптық шындықтарды баяндайды. Құран мазмұны адамдарға түсінікті болу үшін оқиғаларды, теңеулерді, бейнелеулерді пайдаланады. Ол хикмет толы кітап (Жүніс, 1), оның кейбір бөлімдері төрелік айту аяттары болып табылады және діни қағидаларға негізделеді. Оларды бүге-шігесіне дейін түсіндіреді. Ал басқа бөлімдер болса аллегориялық (муташабих) тұрғыдан талданатын мәселелерге байланысты. Алладан басқа ешкім құпия мағыналарды білмейтіндіктен, аллегориялық (муташабих) аяттар туралы пікірталасу және мухкам (ашық) аяттарды назардан тыс қалдыру бос әурешілік (Али Имран, 7) . Осы томның "Түсініктемелер" бөлімінде Құрандағы діни-философиялық мәселелер төңірегінде қысқаша талдау жасалынады [2, 62 б. ] .
Екіншісі, ислам дінінің таралуы негізінде өзара ықпалдасу арқылы енген басқа, бөтен ойлау жүйелеріне тән қалыптар: олар ежелгі грек және эллиндік дәуір философиясы, сасандық иран философиясы. Алғашқы исламдағы философия дәстүрлі шииа мен мутазила каламының үлгісінде және грек-эллиндік философияның синтезі арқылы басталды. Олардың өкілдері -Жабир ибн Хайан (776 ө. ), Кинди (886 ө. ), ас-Сарахси (899 е. ) және ибн Рауанди (910 ө. ) . Осылайша, ислам философиясы тарихында VIII-IX ғ. акиқатты арнайы әдістер мен дүниетаным арқылы іздеушілер тобы пайда болды. Осы дәуір философтары туралы имам Ғазали былай дейді: "Алла тағаланың парасаты мен құты мені күмәнданудан арылтқасын, ақиқатты іздеушілердін төрт сыныпқа бөлінгендігін байқадым: 1. Қалам ғұламалары - бұлар ақыл-ой мен дәлел әдістерін қолданғандар; 2. Батынилер - ақиқатты
"Саф сияқты киелі имамнан" үйренгендер; 3. Философтар- логикамен құжат иелері; 4. Суфилер - бұлар да Алланы ішкі көз, сыр, даналық арқылы танитындар. (Gazali, el-Mьnkьz mined-Delal, A. S. Furat termicimesi, Istanbul 1972. 5. 31) . Ислам философиясы тарихы, негізінен, "Ғазалиге дейінгі" және "Ғазалиден кейінгі" дәуір болып екіге бөлініп қарастырылады. Ал, "Ғазалиге дейінгі" дәуірді де "Қалыптасу" және "Даму" дәуірі деп екіге бөлуге болады. Сонымен ҮІІІ-ІХ ғ. аралығы ислам философиясының қалыптасу дәуірі болып саналады. Бұл дәуірде "заманшылардың" (даһриуун) ақиқаты -"заман мен материя". Олар үшін дін, пайғамбар, метафизика қажетсіз. Замандықтар үшін сыртқы сезім танудың ең маңызды құралы (хиссиуун) . Рух пен Алланы жоққа шығарады (Мулхидтер) . Өкілі - ибн Рауанди (910 ө. ) . Бұл туралы Фараби (Рауандидің пікіріне қарсы ой кітабы) "Китабу-р рард ала-р-Рауанди" деген еңбек жазған [3, 74 б. ] .
Ислам философиясы дін (ислам), құқық (фикһ) және теориялық ғылымдармен тығыз байланыста қалыптасып, дамыды. Олардын құрамына жаратылыстану, медицина, математика, филология (грамматикадан бастап риторика мен поэтикаға дейін қамтитын тіл туралы білімдер жинағы), практикалық ғылымдар (этика, саясат) енеді. Ислам философиясының айрықша ерекшелігі - оның пікірталастық сипаты. Әуел бастан сұхбаттық философияның дискурсқа баруына, оның жалпыға бірдей міндетті қағидадан азаттығы түрткі болды. Идеология және таза ұйымдық шектеулердің жоқтығы көптеген бағыттардың пайда болуына мүмкіндік туғызды жоне діни философия ой-пікірдің еркін дамуына жол ашты. Христиандық діни ой-пікірден айырмашылығы, бұл бағыттарды сектанттық-еретиктік деп атауға болмайды. Ислам мемлекеттері мен олардың идеологиясының дамуы ислам қоғамында метафизика мәселелеріне қызығушылық туғызды. Бұл жағдай ислам философиясының дамуына жаңа дем берді. Мәселен, сенім мәселесін шешудегі пікір ерекшеліктерімен - ислам философиясының харижиттер, муржиттер, мутазилиттер және т. б. ағымдар; Алланың мәні мен сипаттары мәселесін шешудегі танымдық әдістерімен - сопылар және т. б. ; қоғамды құқықтық реттеу мәселелеріндегі мәдени, дүниетанымдық ерекшеліктері арқылы ханафиттер, ханбалиттер, шафииттер, маликиттер көзге түседі. Осындай ерекшеліктердің салдары VIII ғасырдың өзінде-ақ кем дегенде бес ағымның пайда болуына әкеп соқтырды (сунниттер, шииттер, хариджийалар, мутазилалар, муржиалар) .
Исламның дүниетанымдық көп қырлылығы, әсіресе, адамгершілік мәселелері исламның қазақ даласына енген алғашқы әрі одан кейінгі кезеңдерінде Даланың ұлы дана ойшылдарының философиялық тұжырымдарынан да көрініс тапты. Біздің ойымшызша, исламның ерекше мәдени жетістігін және оның диалог пен түсіністікке негізделген әлем мәдениетінің айнасы атанған қағидаттарын түсінген атақты жерлес бабамыз, оз заманында ғылымға жан-жақты ойшылдығымен танылған Әбу Насыр әл-Фараби; оның ізбасары, энциклопедиялық білімдар және де "ғылым кақпасын ашқан" ибн Сина [4, 68 б. ] .
Өтпелі кезеңнің рухани жағдайындағы өзгерістер әл-Фараби мұрасы сияқты мәдени құбылыстың құндылығын терең түсінуге мұрша бермеді. Дүниетанымдық бағдар мен мақсаттардың өзгеруі, марксистік догмалар мен стереотиптерден бас тартқанымыз ислам философиясы феноменін қайта қарауымызға жол ашты. Кеңестік кезеңде әл-Фарабиді материалист, тіпті, атеист етуге барынша тырысқанымызбен, ол исламдық мәдениет пен руханият идеясын көрсетіп, дін мен ғылымның адамды Жаратушыға апаратын жол екендігін түсіндіріп кетті
А) Ислам философиясының мәні және анықтамасы
Мұсылман халықтарының барлығында дерлік қолданылатын «фәлсәфә» сөзі араб тіліндегі «фәлсәфә» (көпше түрде «фәлсәфиат») сөзінен туындаған. Кинди, Хорезми және Шахристани сияқты мұсылман философтарының пікіріне қарағанда «фәлсәфә» сөзі грек тілінен бастау алады және ол грекше «философия» сөзінің арабтың тілінде бұрмалаған түрі болып табылады. Ол гректің «филос» және «софия» деген екі сөзінінің қосындысынан пайда болған. Алғаш мәрте Пифагор қолданған деп есептелетін «философия» сөзі «сүю» деген мағынаны білдіретін «фило» мен «даналық» мәнін білдіретін «софия» сөзінен құралады. Демек толықтырып айтар болсақ, қазақ тілінде «даналықты сүю» болып шығады.
Философияның анықтамасына келер болсақ, ортағасырлық мұсылман философтары мынандай қорытынды жасағанын байқаймыз.
Кинди: «философия - адамның қол жеткізген қабілетіне қарай нәрселердің мәндері мен себебтерін тану».
Ибн Сина: «Адамның өз күшіне қарай нәрселердің ақиқатын теориялық түрде ойлауы және мойындауы».
Кинди: «Философия өнері - адамнің қабілеті негізінде құбылыстар мен нәрселердің ақиқатын анықтайтын ілім».
Кинди: «Философия - адамның өзін тануы».
Фараби: «Хикмет (философия) - «бизатиһи уаджиби уджуд» болған (өздігінен бар болуы міндетті) Хаққтың болмысын болмыс ретінде тану».
Ибн Рушд: «философия - өнер туындысы ретіндегі болмыстарды зерделеу және оның жаратушысын тану» [5, 59 б. ] .
Ә) Философия-хикмет ілімі
«Философия» мен «хикмет» сөздері ислам ойлау жүйесі тарихында көбінесе бір мәнде қолданылған. Ислам философтарының көпшілігі әсіресе ІХ ғасырдың соңынан бастап, философия сөзінің орнына хикметті көптеп қолданған. Мысалы, ІХ ғасырда Кинди еңбегін «Рисала фи Фалсафату-л-Ула» деп атап еңбегін философия терминін қолданса, ибн Сина «Уйун әл-Хикмат» және «Хикмату-л-Машриқия» деп атаған. Оның себебіне үңілер болсақ, ерте кезден басталған философия қарсыластары «философия» сөзінің орнына Құранда жиі орын алатын «хикмет» сөзін қолдану немесе философияны ислами атаумен атау мақсатында аталған терминді қолданысқа енгізген болса керек. Сонымен қатар, философия сөзінің ішкі мәніне үңілер болсақ та оның даналықты, яғни хикметті сүюден туындайтыны белгілі [6, 69 б. ] .
Кейбір мұсылман ойшылдары хикмет сөзінің ара жігін философиядан ажырата отырып, басқа мәндерде де қолданған және хикметке философиядан да бағалы маңыз берген. Мысалы Кинди хикметтің ең жоғары өнегелік мен ізгілік ретінде қарастырады.
Б) Ислам философиясының қайнарлары
1) Жергілікті қайнарлар
Ислам
Ислам философясының қалыптасуына негізгі қайнарлар - исламның негізін құрайтын Құран мен Сүннет.
Баршамызға белгілі болғаны сияқты Құран тек сенім мен ғибадатқа тән мәлімет беретін діни кітап қана емес. Осы мәселелермен қатар ол - адамға, қоғамға және адамзат тарихына қатысты құнды мағлұматтар беретін кітап. Түрлі тақырыптарды өз ішіне қамтитын аталған мағлұматтармен қатар аталған қасиетті кітап адамның ойлануын, жаратылысқа ой жүгіртуін ұсынады. Адамның санасымен ойлануын және ақиқатты ақылымен табуын дәріптейтін көптеген аяттарды Құраннан кездестіруге болады.
Ардақты пайғамбардың сүннеті де Құранның түсіндірмешісі және пайғамбардың алуан түрлі тақырыптарға, мәселелерге қатысты өзіндік пікірлері мен ұйғарымдары ретінде исламдық ойлау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына түрткі болған.
Мұсылман философтарынан бастап, теологтарға, суфилерге және құқықшыларға дейін тікелей анық түрде, жанама түрде мәселлерді саналық қуатпен шешкенде Құран мен Сүннетке жүгінгені анық. Міне мұсылман ойшалдарының барлығы дерлік дін мен философияны, басқаша айтар болсақ, уахи мен ақылдың үйлесімділігін дәлелдегені, ал сәйкессіздіктер болса, үндестіруге тырысқандығы анық.
Мұсылман халықтарының ежелгі мәдениеттері.
Ислам ойлау жүйесінің қалыптасуында және олардың түрлі мектеп болып
қалыптасуында екінші деңгейдегі жергілікі қайнарлар - арабтар, түркілер және парсылар сияқты исламды алғаш болып қабылдаған халықтардың исламға дейінгі мәдени мұралары. Исламдық ойлау жүйесінде олардың оң және теріс ықпалдары болған. Жаһилия арабтарындағы рушылдық пен парсылар арасындағы ұлтшылдық мұсылмандардың саяси және әлеуметтік ойлау жүйесіне әсер еткендігі байқалады. Исламның алғашқы дәуірінен бастап, пайда болған халифалық мәселесіндегі тартыстарда және осы мәселеге байланысты қалыптасқан бөлшектенуде осы әсерлер анық байқалады. Айта кетер болсақ шиизмнің қалыптасуында парсы мәдениетінің, зороастризмның ықпалын негіздесек жеткілікті [7, 47 б. ] .
2) Шет қайнарлар
Антикалық грек философиясы
Ислам философиясының басты шет қайнарын антикалық грек, эллинистік философия құрайды. Антикалық грек философиясы б. д. д. ҮІ ғасырдан, яғни, Фалес заманынан Аристотельдің дүниеден қайтқан б. д. д. 324 жылына дейін аралықты қамтиды. Аталған философияның қалыптасуында Анатолиялық мәдениеттер, финикилер, ежелгі Мысыр, Месопотамия және үнді философиясының ықпалы орасан зор.
Осы дәуірдің философтарын Сократқа дейінгі және Сократтан кейінгі деп екі топқа бөліп қарастыруға болады. Фалестен Пифагор мен Эмпетоклге дейінгі Сократқа дейінгі философтар материямен айналысқанына байланысты «физиктер» деп те атайды. Ал Сократ арқылы грек философтары материядан адам философиясына (антропология) назар аудара бастады. Сократ және оның дәуірінде, яғни, Б. д. д. ІҮ жасырда пайда болған және өздерін «софистер» деп атаған бір топ ойшылдар философияның негізгі заңдылығы ретінде адамды қарастырды. Сократтан кейінгі философтардың басында Платон мен Аристотель келеді. Олар философияның негізгі тақырыбын табиғат, құдай, адам және қоғам деп өрісін кеңейткен [8, 84 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz