Емдеу-сауықтыру мекемелерінің негізгі түрлері. Олардьің жұмыс істеу қағидалары


ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
ОЛАРДЬІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Біздің мемлекетімізде халыққа медициналық көмекті әртүрлі амбулаториялық - емханалар, ауруханалар, санаторлы-курорттық мекемелер, жедел жәрдем мекемелері, аналарды және балаларды қорғау ұйымдары және т. б. орындары береді. Медициналық көмекті науқас өзінің жергілікті тұратын жерінде (шекаралық ауруханалар мен емханалар) немесе жұмыс орнында (ұйым және кәсіпорындардың емдеу мекемелерінде) алады, ол аймақтық принцип бойынша салынады.
Амбулаторлық (яғни ауруханалардан тыс) көмекті қала емханаларында, диспансердің емхана бөлімдерінде (арнайы емдеу-сауықтыру мекемелерінде емдеу шараларын ұйымдастырады және белгілі бір профильдегі науқастардың-кардиоревматологиялық, онкологиялық, дерматовенерология-
лық және т. б. белсенді түрде диспансерлі бақылау жүргізеді) береді.
Ауылдық жерлерде көмекті фельдшер-акушерлік бөлімдер, аудан, облыс және республика ауруханаларының амбулаториялық және емхана бөлімдері жүргізеді, ал өндірісте - медицико-санитарлы бөлімдер және денсаулық пункттерінде жүзеге асырады.
Амбулаторлық-емханалық емдеу мекемелері науқастарға жоспарлы немесе жедел түрде ауруханаға жатуды қажет етпейтін медициналық көмекті (сонымен қатар, мамандандырылған - хирургиядан, неврологиядан, офтальмологиядан және т. б. ) көрсетеді. Науқасты тексеру және емдеу емханада жүргізіледі; қажет болған жағдайда науқасқа үй жағдайында да аймақтық дәрігер жәрдем көрсетеді. Амбулаторлық-емхана мекемелері, сонымен қатар, диспансеризация жүргізеді, яғни белгілі контингенттегі тұрғындарды белсенді түрде бақылайды. Соңғы кезде медицина, ғылыми-зерттеу және дәрігерлердің білімін жетілдіру институттарының қарамағында науқастарды зерттейтін және емдейтін жоғары дәрежелі амбулаторияларда көп салалы ірі ауруханалар негізінде клиникалар құрған кеңестік-диагностика орталықтары кеңінен дамып жатыр.
Стационарлық дәрігерлік көмекті жүйелі түрде бақылауды, өзінің жалпы жағдайына байланысты, күрделі диагностикалық және емдік шараларды қажет ететін науқастарға көмек көрсетеді. Аймақтық, аудандық, қалалық, облыстық және республикалык ауруханаларда, медико-санитарлық бөлімдерде, дирпансердің стационар бөлімдерінде, әскери ауруханаларда (мысалы, Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған), медицина институтының оқу және ғылыми-зерттеу клиникаларында стационарлы емдеу жүргізіледі. Науқасты ауруханаға жатқызуды амбулаториялы-емханалық дәрігер шешеді, ал төтенше жағдайларда жедел көмек көрсететін дәрігер немесе аурухананың қабылдау бөлімінің дәрігері шешеді.
Емдеу-сауықтыру мекемелерінің жеке тобын жедел және шұғыл көмек көрсететін (станция, ауруханалар немесе жедел және шұғыл көмек көрсету бөлімшелері) мекемелер, акушерлік-гинеконологиялық (әйелдерге арналған кеңес орындары, босануға арналған мекемелер, аурухананың босануға және гинекологияға арналған бөлімшелері) көмек көрсететін мекемелер, педиатрия көмегін көрсететін мекемелер (балаларға арналған емханалар мен ауруханалар), санаториялар және санаторлы-сауықтыру мекемелері құрайды.
Әртүрлі емдеу-сауықтыру мекемелерінің құрылысы мен жұмыс істеуі туралы арнайы курстарда оқытылады (әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру, акушерлік және гинекология, педиатрия және т. б. ) .
Алуан-түрлі емдеу-сауықтыру мекемелерінің саны біздің мемлекетімізде күннен күнге көбейіп жатыр.
Стационардың (аурухананың) жұмысын ұйымдастыру.
Қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру
Науқасты ауруханаға жатқызу кезінде, олар бірінші стационардың қабылдау бөліміне түседі. Ол жерде науқас қабылданады және тіркеуден өтеді. Сонымен қатар, арнайы медицина құжаттары толтырылады, аурудың сипатын және ауыртпалығын анықтайтын дәрігерлік бақылау жүргізіледі. Науқасты қандай бөлімге жіберуді де осында анықтайды және қажет болған жағдайда жедел жәрдем көрсетеді, санитарлық тазарту жүргізіледі.
Ауруханаларда (әсіресе, үлкен емес) көбінесе бір қабылдау бөлімі ұйымдастырылады; кейбір ауруханалардың корпустарында (жұқпалы аурулар, босану және т. б. ) жеке дара қабылдау бөлімдері ұйымдастырылады.
Ірі көп салалы ауруханаларда мамандандырылған блоктар мен корпустарды (терапиялық, хирургиялық және т. б. ) жабдықталған бірнеше қабылдау бөлімшелері болады. Жоспарлы түрде жатқызу кезінде науқастар қабылдау бөлімшесіне түседі. Олардың қолдарында емделуге жатуға арналған жолдама және амбулаторлық кітапшасының көшірмесі болуы керек.
Сонымен қатар, кездейсоқ жағдайда науқастар жедел жәрдем көлігімен демалып келінуі мүмкін. Кейбір жағдайларда, кенет нашар сезінген науқастар, өздері келуі мүмкін.
Стационарға түскен әрбір науқасқа сырқатнама (стационарлық аурудың кітапшасы) ашылады. Бұл сырқатнама ауруханада негізгі және алғашкы медициналық құжат болып табылады. Қабылдау бөлімінде сырқатнаманың бастапқы бетін толтырады, оған науқас туралы қажетті мәліметтер жазылады: тегі, аты-жөні, туған жылы, мекен жайы, төл құжаттың нөмірі мен сериясы, жұмыс істейтін жері және қызметі, үй және жұмыс орнындағы байланыс нөмірлерін (кейбір жағдайда туыстарының байланыс нөмірлері), түскен уақыты (науқас ауыр жағдайда өте қажет болады), жіберген мекеменің диагнозы. Егер науқас ауыр халде болса, онда оған алдымен бірінші медициналық жәрдем көрсетеді, содан соң оны тіркейді. Егер науқас ес-түсін білмей жатса, онда ол туралы мәліметтерді жанында еріп жүрген адамдар береді. Сырқатнамадан басқа, тіркеу журналына да мәліметтерді жазады.
Қабылдау бөлімінде науқастың дене қызуын өлшейді, тері жабындысын қарап тексереді және педикулезге де (биттің бар жоғын) тексеру жүргізіледі. Алынған мәліметтерді сырқатнамаға тіркейді.
Келесі кезеңде қабылдау бөлімінің дәрігері арнайы қабылдау бөлмесінде науқасты тексереді. Үлкен емес ауруханаларда, сонымен қатар, науқасты жедел жатқызу кезінде қабылдау бөлімінің дәрігері ғана емес, кезекші дәрігер де орындай алады. Диагнозды анықтау барысында қабылдау бөлімінің дәрігері қажетті мамандардан кенес алуына болады. Керек болса. лабараториялық және инструментальді тексеру әдістерін (мысалы, қан, зәр талдауларын, электрокардиограмма, рентгенологиялық зерттеу) жүргізуіне болады.
Ірі көп салалы ауруханаларда арнайы диагностикалық бөлмелер мен изоляторлары бар. Мұнда науқастарды бірнеше күн бақылайды, аурудың мінездемесін анықтау үшін кішігірім операциялар жүргізу үшін және хирургиялык араласу және оны қадағалауды қажет ететін жаратаңу орындары, реанимациялық бөлмелері бар. Тексеріп болған соң, дәрігер сырқатнаманы толтырып, науқастың түскен кездегі диагнозын қояды, кажетті санитарлы өңдеуді белгілейді, науқасты қандай бөлімге жатқызу керектігін анықтайды және ол жерге қалай жеткізуге болатындығын көрсетеді. Егер тексеру барысында стационарлық емнің керек емес екені анықталса, онда қажетті медициналық көмекті көрсеткеннен соң, науқасты үйіне жібереді. Оған қажетті анықтама мен амбулаторлы емнің нұсқауын береді. Осындай науқастар туралы мәлімет арнайы кітапшаға жазылады (науқастарды қабылдау және жатқызуға қарсылық кітапшасы) .
Науқас стационарға түскен кезде антропометрия (грек, сөзінен anthropos -адам, metre-өлшеу) жүргізіледі - конституциональді сипатгамаларын өлшеу, яғни науқастың дене бітімінің ерекшеліктерін анықтау. Антропорметриялық зерттеуге, мысалы, кеуде торын өлшеу, бөксе өлшемдерін де анықтау және т. б. жатады, бұл акушерлерге керек мәліметтер.
Ауруханаға түскен бүкіл науқастардың бойын анықтау қажет. Оны науқастың жағдайына сәйкес отырғызып немесе тұрғызып арнайы ағаш бой өлшегішпен анықтайды.
Түскен науқастардың барлығының, ең алдымен, бойы мен салмағын өлшейді. Оған арнайы таразылар қолданылады. Антропометриялық зерттеудің нәтижелері, бірінші кезекте бойы мен салмағы, клиникалык тәжірибеде үлкен маңызы бар. Әсіресе, ол семіздікті, алиментарлы дистрофияны (жеткіліксіз тамақтанғаннан болатын жүдеулік), гипофиздің қызметінің бұзылыстарын және басқа да ауруларды анықтауда көмегі зор.
Кеуде торын өлшеу (қапыпты демалу, терең тыныс алу және шығару кезінде) өкпе ауруларының диагностикасында қажет болады. Науқастың салмағын уақытылы өлшеп отыру, ісінуді бақылаудың сенімді әдісі болып табылады.
Емдеу және алдын алу мекемелері.
Емдеу және алдын алу мекемелері 2-ге бөлінеді: амбулаториялық және стационарлық типті мекемелер.
Амбулаториялық типті емдеу мекемелеріне жатады:
1. Емхана
2. Амбулатория
3. Мед-сан білім
4. Емдік пункттер
5. ФАП
6. Диспансер
7. Әйелдер консультациясы
8. Жедел жәрдем станциясы жатады
Стационарлық типті емдеу мекемелеріне:
1. Аурухана
2. Клиника
3. Госпиталь
4. Санаторий мен курорттар
5. мед-сан бөлім жатады.
Амбулатория деп - халыққа мед көмекті мекемеде де науқастың үйінде де көрсететін мед мекеме. Емханадан амбулаторияның айырмашылығы ондағы қызметкерлердің саны аз және жүргізілетін тексерудің көлемі аз.
Амбулатория аудандық емханаларға қарасты болады. Амбулаториялық дәрігерлер ФАП-тың жұмысын бақылайды. (Амбулаториялық дәрігерлер ФАП-тың жұмысын бақылайды. Амбулатория ауруларды емдейді, тексереді алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Науқастарға үйінде де ем жүргізіледі. Амбулаториядағы фельдшер мен акушерка дәрігерге қабылдау кезінде көмек көрсетеді, науқастарды үйінде патронаж жасайды, дәрігерлік манипуляцияларды орындайды. Алдын алу шараларын жүргізеді.
Емхана деп - өздігінен жұмыс істейтін немесе аурухана қарамағында жұмыс істейтін емдеу және алдын алу мекемесін айтамыз. Емханада лабораториялық және диагностикалық кабинеттер бар. Емханада барлық мамандық бойынша дәрігерлік қабылдаулар жүргізіледі. Емханада лабораториялық, рентгенологиялық және функционалды тексеру тәсілдері жүргізіледі. Процедура бөлмелерінде емдік процедуралар жүргізіледі.
Емханаларды диспансерлік тізімге науқастарды алады, алдын алу тексерулері жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz