Интерактивтік технологияларды сабақ барысында тиімді пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Информатика пәнін оқыту

Интерактивтік технологияларды сабақ барысында

тиімді пайдалану

Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде; оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы, зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезеңде, мектепте орта оқу буындарының барлық типтерінде, жоғарғы мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т. с. с.

Біздің жағдайда алдыңғы кезекте қарастыратын мәселеміз, мектеп көлемінде оқытылатын "Информатиканы'" оқыту әдістемесі.

Информатиканы оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзінің алдына келесі негізгі міндеттерді қояды: Информатиканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау, оқыту түрлерін ұсыну; оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдары, программалық құралдар, компьютерлер және т. б. ), мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.

Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрақтар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.

1. Оқытудың мақсаты (Не үшін оқытамыз) .

2. Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз) .

3. Оқытудың әдісі (Қалай оқытамыз) .

4. Оқыту туралы (Неден оқытамыз) .

5. Оқытуды ұйымдастыру жолы. Бұл айтылғандардан басқа екі мәселеге көңіл аудару керек. Олар 1) кімді оқытамыз?, 2) кім оқытады? Соңғы екеуіндегі кімді оқытамыз деген сұрақта: кай жастағы оқушыны қалай оқыту керек. Яғни қай пәнді, оның бөліктерін, қай кластан бастау керек дегенді білдіреді. Информатиканы оқыту әдістемесі жаңадан қалыптасып келе жатқан жас ғалым. Педагогика ғылымының іргелі бөлігі ретінде өзінің дамуында информатиканы оқыту әдістемесі философияға, педагогикаға, психологаяга, информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта мектептің кеңейтілген практикалық тәжірибесін басшылыққа алады.

Жаңа ақпараттық технологиялар енгізу оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып компьютерді де тез игеруге жағдай жасап отыр. Берілген тақырыпты оқытуда төмендегідей оқыту технологияларын қолдану арқылы өткізуге болады.

Атауы: Атауы
Мақсаты: Мақсаты
Мәні: Мәні
Механизмі: Механизмі
Атауы: Даралап оқыту
Мақсаты: Оқушылардың танымдық, шы-ғармашылық ой - өрісін дамыту
Мәні: Оқу -танымдық міндеттерді дәйек-ті және мақсаткер-лікпен ұсыну
Механизмі: Ізденістік әдістер; танымдық міндеттер қою, ой операцияларын жүзеге асыру
Атауы: Модульдік оқыту
Мақсаты: Оқытуды оңтай-ландыру, жеке тұлғаның ойлау деңгейін бейім-деу
Мәні: Оқушының жеке жұмысын ізденім-паздықпен орын-дауы
Механизмі: Мәселелік әдіс, жеке қарқынмен жұмыс
Атауы: Дамыта оқыту
Мақсаты: Жеке тұлғаны және оның қа-сиеттерін, ойлау қабілетін дамыту
Мәні: Білімін, біліктілік-терін шығарма-шылық ойлау қабі-леті арқылы әлеу-метін жетілдіру
Механизмі: Оқушыларды алуан түрлі ой қызметі түріне тарту
Атауы: Саралап оқыту
Мақсаты: Ойлау қабілетін және т. б. қабі-леттерін дамыту-ға оңтайлы жағ-дай туғызу
Мәні: Бағдарламалық материалды әр түрлі жобадағы деңгейде ұсыну, міндетті деңгейден төмен емес
Механизмі: Жеке дара оқыту әдістері
Атауы: Ойын арқылы
Мақсаты: Білімді, білікті, дағдыны игеру-дің тұлғалық - қызметтік сипа-тын қамтамасыз ету
Мәні: Ақпараттар іздеу-ге, өңдеуге, игеру-ге бағытталған өз бетінше атқарыла-тын танымдық қызмет
Механизмі: Шығармашылық қызметке тартатын ойын әдістері

Ойын: Оқушының ішкі, сыртқы, белсенділігін бөле - жара, бір - бірінен ажырата қарауға болмайтыны байқалады. Нақтылап айтсақ, баланың ойы, қабылдауы, дағдысы ең алдымен сырттан болатын әсерлердің негізінде ішкі әсерлерді туғызып, қабылдау белсенділігін арттырады. Егер сыртқы әсер солғын болса, ішкі әсердің де солғын болары сөзсіз. Сондықтан А. Макаренконың «бала ойында қандай болса, өмірде де сондай болады, үлкендердің жұмыстағы, қоғамдық өмірдегі қызметкерлігі, қайраткерлігі баланың ойынымен тең» деген пікірін шындықтан алшақ деп түсіну қиын.

Ойлау қабілетін дамыту - аса маңызды мәселе, себебі, ол болашақ маманның өзін - өзі танытуға, ойлау еркіндігінің ұшқырлығына, қиялдауға, шығармашылық еңбегінің нәтижелі болуына, ізденімпаздығына тікелей әсер етері даусыз.

Дамыта оқыту .

Бірінші деңгейдің тапсырмалары білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сай оқушының жас ерекшелігіне сәйкес болады. Бұл деңгеймен сынып оқушылары толықтай жұмыс жүргізе алады.

Екінші деңгейдің кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойына ойлау, таным, дағдылары қалыптаса бастайды.

Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтерінің айқын көрінуімен, қисынды ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады. Оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық әдістермен жұмыстар жүргізеді.

Төртінші деңгей қабілетті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты. Бұл сатыға сыныптағы өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы оқушылар ғана көтеріле алады.

Соңғы кездегі мектептерде түрлі мекемелерде және жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды.

Осыған орай, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа ақпараттық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет.

Ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi - мектепте компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану: оның мүмкiндiктерiн жаңа материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту (тренинг), Интернет-технологияларды қолдану.

Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ - ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде - оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту үдерісінде интерактивтік әдістерді тиімді пайдалану
Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерді тиімді пайдалану жайлы
Өзін өзі тануда» интерактивті әдіс - тәсілдерді оқыту
ҚАЗАҚ ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУ
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Бейнелеу өнері сабақтарын мектепте оқыту барысында ақпараттық технологияны пайдаланудың теориялық негіздері
Оқыту үрдісінде интерактивті тақтаны пайдалану әдістері
Мультимедиалық технологиялардың оқыту үрдісінде тиімділігінің көрсеткіші
Биологияны интерактивті оқыту
Жаңа ақпараттық технологияны қолданумен өткізілетін сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz