Ақпараттық-коммұникациялық технология құралдары арқылы-бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру мазмұны



Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам адамдардың өмір сұруінін әлеуметгік-экономи- саттары мен міндеттерін жүзеге асырып,
калық жағдайларына және ғылыми-техникалық прогрестің қол жеткен жетістіктеріне сәйкес, мектеп оқуының жағдайында жүзеге асатын білім беру мазмұнының жаңа талаптарына сай білім беру жүйесін модернизациялау үдерісінің өзекті ресурстарын міндет етіп қояды. Және оқыту үдерісінде жеке тұлғаның даму, және өзіндік даму қажеттілігіне ерекше назар аударып, оны меңгерудің сипаты мен тәсілдеріне ерекше талап қояды.
Осыған байланысты, оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сәйкес, оқу м пәнінің ерекшелігін ашатын және оқушыларды жан-жақты дамытуға бағьллалған оқу ю материалының мазмұнын таңдау мәселесі педагогика ғылымы мен практикасында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Ол "білім берудің мазмұны және "оқытудың мазмұны" сияқты ұғымдардың мәнін таңдаумен байланысты. Сонымен бірге, әртүрлі пән салаларында, оның барлық деңгейлері мен дәрежелерінде, оқу материалының мазмұнын анықтайтын, соның ішінде бастауыш мектептегі негізгі пәндер бойынша оқу материалының мазмұнын анықтайтын олардың арақатынасымен байланысты болады.
АКТ құралдарын білім беру жүйесіне енгізу білім берудің мазмұнын, оқыту үдерісіндегі жеке тұлғаның білімдік, рухани, мәдени және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыратын, оны дамытудың негізгі құралдары мен факторларын қарастыруға мүмкіндік береді. И. Я. Лернердің пікірі бойынша, "білім берудің мазмұны - бұл меңгepyгe қажет әлеуметтік тәжірибе", ал оқытудың мазмұны білім алушылар мен білім берушілердің білімнің мазмұнын беру және меңгеруі бойынша, ұйымдастырылған өзара іс-әрекет үдерісінің мазмұны.
Білім мазмұны оқыту әрекетінің өзегі болып табылады. Оқытушы мен оқушы өздерінің құралдарын қолдана отырып, мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырып, өзара анықталған қарым-қатынаста болады.
Оқыту үдерісі жөніндегі жасалған түсініктерді жалпылай отырып, төмендегідей деңгейлерді ерекшелеуге болады:
1. Білім беру мазмұнында оқытылатын алғашқы берілетін ұғымның мәнін түсінуге оқушыларды жұмылдыру;
2. Білім беру мазмұнының бағдарламасы негізінде дербестендірілген, біртұтас модельді қалыптастыру;
3. Дербестендірілген модельді білім беру мазмұнының жалпы мәнді формасымен толық сәйкестендіру;
4. Бақылаудың, өзіндік бақылаудын. көмегімен оқытудың нәтижелілігін тексеру.
1. Пидкасистый П.И., Коротяев Б.И. Организация деятельности ученика на уро-ек. М., "Знание", 1985.
2. Гершунский Б.С. Теоретико-методо¬логические основы компьютеризации в сфере образования: прогностический ас¬пект. М.,1995.
3. Ленина И.Я., Лаптев В.В. Развитие познавательных интересов учащихся при использовании компьютеров на уроках физики // Физика в системе современного образования (ФССО-95), Петрозаводск, 1995.
4. Лысенкова С.Н. Когда легко учиться. Минск., Нар.асвета, 1990

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
АҚПАРАТТЫҚ-КОММҰНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ-БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАЗМҰНЫ
Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам адамдардың өмір сұруінін әлеуметгік-
экономи- саттары мен міндеттерін жүзеге асырып,
калық жағдайларына және ғылыми-техникалық прогрестің қол жеткен
жетістіктеріне сәйкес, мектеп оқуының жағдайында жүзеге асатын білім беру
мазмұнының жаңа талаптарына сай білім беру жүйесін модернизациялау
үдерісінің өзекті ресурстарын міндет етіп қояды. Және оқыту үдерісінде жеке
тұлғаның даму, және өзіндік даму қажеттілігіне ерекше назар аударып, оны
меңгерудің сипаты мен тәсілдеріне ерекше талап қояды.
Осыған байланысты, оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сәйкес,
оқу м пәнінің ерекшелігін ашатын және оқушыларды жан-жақты дамытуға
бағьллалған оқу ю материалының мазмұнын таңдау мәселесі педагогика ғылымы
мен практикасында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Ол "білім берудің мазмұны және "оқытудың мазмұны" сияқты ұғымдардың
мәнін таңдаумен байланысты. Сонымен бірге, әртүрлі пән салаларында, оның
барлық деңгейлері мен дәрежелерінде, оқу материалының мазмұнын анықтайтын,
соның ішінде бастауыш мектептегі негізгі пәндер бойынша оқу материалының
мазмұнын анықтайтын олардың арақатынасымен байланысты болады.
АКТ құралдарын білім беру жүйесіне енгізу білім берудің мазмұнын,
оқыту үдерісіндегі жеке тұлғаның білімдік, рухани, мәдени және өмірлік
қажеттіліктерін қанағаттандыратын, оны дамытудың негізгі құралдары мен
факторларын қарастыруға мүмкіндік береді. И. Я. Лернердің пікірі бойынша,
"білім берудің мазмұны - бұл меңгepyгe қажет әлеуметтік тәжірибе", ал
оқытудың мазмұны білім алушылар мен білім берушілердің білімнің мазмұнын
беру және меңгеруі бойынша, ұйымдастырылған өзара іс-әрекет үдерісінің
мазмұны.
Білім мазмұны оқыту әрекетінің өзегі болып табылады. Оқытушы мен оқушы
өздерінің құралдарын қолдана отырып, мақсаттары мен міндеттерін жүзеге
асырып, өзара анықталған қарым-қатынаста болады.
Оқыту үдерісі жөніндегі жасалған түсініктерді жалпылай отырып,
төмендегідей деңгейлерді ерекшелеуге болады:
1. Білім беру мазмұнында оқытылатын алғашқы берілетін ұғымның мәнін
түсінуге оқушыларды жұмылдыру;
2. Білім беру мазмұнының бағдарламасы негізінде дербестендірілген, біртұтас
модельді қалыптастыру;
3. Дербестендірілген модельді білім беру мазмұнының жалпы мәнді формасымен
толық сәйкестендіру;
4. Бақылаудың, өзіндік бақылаудын. көмегімен оқытудың нәтижелілігін
тексеру.
Б.С.Гершунскийдің пайымдауынша, білім беру мазмұны оқу пәнінің
деңгейінде қарастырылуы мүмкін. Бұл деңгейде білім беру мазмұны білім беру
мазмұнының анықталған бөлігі туралы ұғым түрінде бағдарламада анықталады,
яғни орта мектептің оқу жоспарына енетін әрбір пән құрылымы бар, оқыту
мазмұны түрінде қарастырылады. Білім беру мазмұны педагогикалық тұрғыдан
негізделген, жүйеге келтірілген, оқу бағдарламасында мәтінмен берілген
мұғалімнің оқытушылық іс-әрекеті мен оқушының танымдық іс-әрекетінің
мазмұнын анықтайтын ғылыми ақпарат.
Қазіргі педагогикада оқушылардың оқыту үдерісіне танымдық
қызығушылығын қалыптастырудың әртүрлі әдістері қолданылуда, Соның ішінде,
біздің зерттеу жұмысымыз үшін оқу үдерісіне АКТ құралдарын қолдану арқылы
оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға негізделген үш түрін
қолданамыз:
- оқу материалының мазмұны; -оқушының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру;
- оқыту үдерісіндегі оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас.
Танымдық қызығушылықты оқу материалының мазмұны арқылы дамыту:

1. Оқу мазмұнының жаңалығы - бұл оқушының бағдарланушы реакция сын
туғызатын танымдық қызығушылықты қалыптастырудың маңызды шарты. Адамның
белсенді бағдарлану үдерісімен бірге жүретін таң қалу, күтпеген нәрселердің
болуы да бала үшін маңызды болып табылады. Оқу материалының жаңалығы
оқушыларға жағымды эмоция татудырады. Оған жаңа фактілер, мағлұматтар,
теориялар, бұрын оқушылар білмейтін жаңалықтар жатады.
2. Бұрыннан меңгерілген білімді жаңғырту. К.Д.Ушинский қызығудың пайда
болуы үшін пән бір жағынан жаңа біліммен, бір жағынан өткен тақырыптармен
байланысы болуы тиіс. Бала білімді әртүрлі пәндер арқылы алады. Бұл пәндер
бойынша жаңа білім оқушы үшін құнды болады, мазмұнының жаңалығы ғана емес,
сонымен қатар оның өткен материалдармен байланысын да түсіну керек.
3. Оқыту мазмұнымен байланысты танымдық қызығушылықтың маңызды шартының
бірі мектеп пәндерінен білімді меңгертуде тарихи жаңалықтарын да қамту
керек. Танымдық қызығушылық жаңа материалға сүйенетіндіктен, балалар
сабақта өздерінің нені үйреніп жатқандығын саналы түрде сезінеді. Оқу
пәндерінің тарихын қамту бір жағынан оқу үдерісін ғылыми танымға
жақыңдатады.
4. Білімнің өмір үшін практикалық құндылығы, ғылымды практикада қолдану
қажеттілігі. Бастауыш сынып оқушысы үшін компьютердегі практикалық дағдылар
теориядағы кейбір сұрақтарға қарағанда маңыздырақ көрінеді.
5. Оқыту мазмұнымен байланысты оқушыларға қазіргі ғылыми жетістіктерін
көрсету де танымдық қызығушылықты қалыптастыру үшін маңызды шарттың бірі
болып табылады. Ғылымның тарихын оның қазіргі кезеңдегі даму деңгейіне
дейін жеткізу керек, сонда ғана оқушы оның күрделілігін, қарама-қайшылығын,
ізденісті, еңбекті қажет ететіндігін түсінеді. Қазіргі ғылыми жетістіктер
ғылыми білімді саралаудың күрделі үдерісін және жаңалықтарды енгізу үшін
қазіргі таңдағы ғылыми жетістіктерді біріктіру керек. Бұл кезде оқу
тапсырмалары оқушылар үшін қажетті және олардың қызығушылығын туғызады.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын оқушылардың танымдық іс-әрекетімен
байланыстыру.
Барлық оқу материалдары оқушыға қызықты бола бермейді. Сонда танымдық
қызығушылықты қалыптастырудың тағы бір маңызды өзегі - іс-әрекет үдерісі
болып табылады. Бұдан оқушылардың оқу іс-әрекетінің жүру сипаты мен
ұйымдастыру түрінен, танымдық қызығушылықты қалыптастырудың оқытудың
мазмұнынан тәуелділігін анықтаймыз. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының
түрлерінің әралуандығы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына, танымдық
тапсырмаларды шешуге барлық ақыл-ой және ерік күштерін жұмылдьруға ықпалын
тигізеді;
2. Оқушыларға дайын білімді бергеннен гөрі, проблемалық оқыту оқушылардың
қызығушылығын туғызады. Мұндай оқыту ақиқатты табуға және мәселені барлық,
ұжым болып шешуге мүмкіндік береді. Проблемалық оқытуда жалпы пікір
бөлісуге қарама-қайшылығы немесе кездейсоқ элементі бар мәселе қойылады. Ал
сауалдардың туындауы үшін танымдық қызығушылықтың тұрақтауы өте маңызды.
3. Танымдық қызығушылықты дамытуда тaнымдық тaпсыpмaлapдың opны epeкшe. Oқy
материалын орындау арқылы оқушы бірте-бірте жоғары сатыға көтеріле береді.
Оқытудың мұндай үдерісі оқушыдан логикалық ойлаудың күрделі іскерлігін,
қарама-қайшылықты шеше білуін, дәлелдей білуін талап етеді. Таныс, белгілі
трафарет тәсілмен шешуге арналған тапсырманы орындау оқушының ішін
пыстырады. Оқушыға өзіне таныс емес қиындық келтіретін тапсырманы шешуде
қиындық туғызады. Оқушыға білімі мен іскерлігін пайдалануын қажет ететін
тапсырманы шешу де қызықты. Соның ішінде күрделі элементі бар тапсырманы
шешу жағымды эмоция тудырады.
4. Оқушылардың эмоционалдық-еріктік және интеллектуалдық психологиялық
үдерісін белсендіретін, оқушының шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыруға
жағдай жасайтын шығармашылық жұмыстары да танымдық қызығушылықтың маңызды
стимулы болып табылады. Шығармашылық жұмыстарға танымдық тапсырмаларды
шешудің тиімді жолдарын іздестіру ғана емес, сонымен қатар басқалардың
шығармашылық жұмысымен салыстыруға болатындай жұмыстар да жатады.
Оқушылардың шығармашылық жұмысының танымдық қызығушылықты дамытуға
әсері тұлғаның дамуы үшін құндылығында, яғни шығармашылық жұмыс - оны
орындау үдерісі, оның нәтижесі - тұлғаның барлық күштерін жұмылдыруды
талап етеді. Соның ішінде шығармашылық тапсырмалар: сөзжұмбақ құрастыру,
оқушылардың баяндамасы, суреттері және т.б. Кез келген шығармашылық
тапсырманы оқушыға оны орындайтындай білім қалыптаспаса, оқыту үдерісіне
енгізуге болмайды. Тапсырманы орындауға және оны қабылдауға уақыт керек.
Тек осындай жағдайда шығармашылық тапсырманы орындау танымдық қызығушылықты
дамытудың стимулына айналады.
Танымдық қызығушылықты қалыптастыру - оқу үдерісінде қатысушыларға
тәуелді.
Танымдық қызығушылықты қалыпастыру оқу үдерісіндегі оқытушы мен оқушы
қарым-қатынасына тәуелді:
— сабақ үстіндегі оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас оқушының іс-
әрекетіндегі эмоционалдық көңіл-күйі арқылы пайда болады. Бұл эмоционалдық
көңіл-күй көптеген факторларға тәуелді, атап айтқанда:
- мұғалімнің эмоционалдық көңіл-күйі оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін
құруда үлкен рөл атқарады.
- педагогикалық тиімділік те оқушының танымдық қызығушылығының қалыптасуына
ықпалын тигізеді. Оқушыға, оның танымдық күштеріне және мүмкіндіктеріне
сену - оның оқуға деген қызығушылығын қалыптастырудың қозғаушы күші.
- мұғалім мен оқушының оқыту үдерісіне өзара қарым-қатынасы, оқыту табиғаты
бойынша белгілі нәрсе.
- жарысу - оқушылардың арасындағы қарым-қатынаспен байланысты танымдық
қызығушылықтың қозғаушы күші ретінде қарастыруға болады.
- мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаспен байланысты танымдық
қызығушылықты қалыптастырудың қозғаушы күштерінің ішінде әртүрлі сыныпта
және мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынаста мұғалім тарапынан көп
қолданылатын мадақтаудың орны ерекше. Жағымды бағалар және оқытушы мен
жолдастарының қолдаушы жағымды эмоциялары да оқушыға ықпалын тигізеді.
Сабақта оқушылардың АКТ құралдары арқылы танымдық қызығушылығын
қалыптастыру үшін түрлі әдістер де қолданылады. Оларға толығырақ
тоқталайық.
Алгоритмдік немесе программалау әдістерін жүргізудің негізгі мақсаты
-оқушыларды өз ойын жүйелеуге, салыстыра білуге, тиянақтылыққа,
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдістің теориялық мақсаты білім берудің мақсатына негізделеді де, әр
түрлі жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу арқылы жүзеге асады. Осы үдерісте
төмендегідей оқу дағдылары: нысандарды талдау; талданған нысандарды
түсіндіру; нысандарды дәлелдеу; нысандардың өзіндік белгілерін санап
көрсету; программаны құру барысында қатесін түзету; әр түрлі типтегі
есептерге программаны құрып, оны оқушылардың өзіндік талдауы арқылы
қалыптастырады. Білім мен дағдының өзара бірігуі арқылы мұғалім теориялық
және практикалық әдістерді саралап пайдалануға жаттығады. Соның нәтижесінде
АКТ құралдарын қолдану арқылы оқыту әдістері жүйеленіп берілсе, білім
берудің сапасы артады.
АКТ құралдарын оқу үдерісіне қолдану әдістері сан алуан. Осы әдістерді
жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін
білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі
артады, үшіншіден, компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің
атқаратын қызметі жеңілдейді. Әрине, оқыту әдістерін таңдап қолдану оны
өтілетін материалға байланысты сұрыптап алу ең қиын маселелердің бірі.
Сондықтан оқушыларға берілетін білім көлемін сұрыптап алу оқыту әдістерінің
іске асырылуын жеңілдетеді. Оқыту әдістерін іске асыруда оларды топтастыру
мен жіктеу қажетті мәселелердің бірі болып табылады.
М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер оқушының танымдық іс-әрекетінің ерекшелігіне
байланысты оқыту әдістерін: а) иллюстративтік түсіндіру; ә) репродуктивтік;
б) проблемалық; в) дербес ізденіс, яғни оқушының қосымша материалдармен
жұмысы мен басқа пәндер бойынша жазылған сценарийге байланысты құрған
программалары; г) бақылау, яғни мұғалімнің оқушылардың тесті көмегімен
компьютер арқылы білімдерін бақылау және оқыту әдісіне байланысты таңдап
алынған әдіс-тәсілдері және т.б. бөледі.
Сонымен, танымдық қызығушылықты дамыту бұл білімге және өздігінен
білім алуға қажеттілік туғызатын тұрақты қызығушылықты қалыптастырудың
бастапқы сатысы ғана. Қызығудың кең мағынасы - барлық жаңаны білу,
іскерліктерді меңгеру, әртүрлі дағдыны қалыптастыру болып табылады. Білімге
деген қызығушылық немесе танымдық қызығушылық баланың бір немесе бірнеше
пәннен түрлі білім аясындағы білуге деген ұмтылысы, бағыттылығы болып
есептелінеді. Орыс тілінің және әдебиеттің, ана тілі мен қазақ тілінің,
математика және т.б. пәндердің мұғалімі өзінің пәні бойынша балалардың
қызығуын туғызғысы келеді. Ал бастауыш мектеп мұғалімі барлық пәндерден өзі
беретін болғандықтан, барлық оқушылардың кез келген пән бойынша білім аясын
кеңейтіп қызығушылығын арттыруға ұмтылады. АКТ құралдары арқылы
ұйымдастырылған сабақта мұғалім оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу
іскерлігін кеңейтеді. Ал ақпарат адамға қоршаған орта туралы барлық
мағлұматты береді. Балалардың білім қорын дамытуға жағдай жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Пидкасистый П.И., Коротяев Б.И. Организация деятельности ученика на уро-
ек. М., "Знание", 1985.
2. Гершунский Б.С. Теоретико-методологические основы компьютеризации в
сфере образования: прогностический аспект. М.,1995.
3. Ленина И.Я., Лаптев В.В. Развитие познавательных интересов учащихся при
использовании компьютеров на уроках физики Физика в системе современного
образования (ФССО-95), Петрозаводск, 1995.
4. Лысенкова С.Н. Когда легко учиться. Минск., Нар.асвета, 1990

Мұғалімнің кәсіби – жеке тұлғалық өзін-өзі дамытуы
Педагогика мен психологияда кәсіби өзін-өзі дамыту мәселен қарастыру
кәсіби қалыптасу, кәсіби шеберлік, жарамдылық психологиясы жөніндегі
жұмыстарда жақсы көрсетілген. Ресейлік зерттеулердің көпшілігінің бастапқы
тезисі жеке тұлғаның дамуын іс-әрекетпен детерминизациялау идеясы
болғандықтан, адам өзінің мамандыққа сәйкестік және соған сай жұмыс атқара
алу қабілеті тұрғысынан қарастырылады.
Г.А.Цукерман мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
Математикадан логикалық есептер жинағы
Ақпараттық технологияларды қолдану
Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Ақпараттық технология құрал ретінде бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру»
Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру
Бастауыш сыныптағы математика пәнінде оқушыларды ынталандыру құралы ретінде интерактивті тақтаны қолдану
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеттері
Пәндер