Шыңғысханның алтын әулеті


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I Кіріспе . . . 3

II Негізгі бөлім:

1. Шыңғысханның алтын әулеті, . . . 5

2. Батысқа Ұлы жорық . . . 6

3. Алтын Орданың саяси тарихы . . . 8

4. Алтын Орда мәдениеті . . . 17

5. Алтын Орданың ыдырауы . . . 20

ІІІ Қорытынды . . . 23

Қолданылған әдебиет . . . 24

Қосымшалар

Кіріспе

Бұл жұмыс XIII - XIVғғ. пайда болған және құрамында батыста Дунайдан, шығысында Алтай мен оңтүстігінде Кавказ бен Хорезмге дейінгі барлық халықтарды біріктірген мемлекет - Алтын Орда мемлекеті тақырыбына арналған. Көптеген мектеп оқушылары тарих пәнінің оқулықтарынан сол кездегі Евразия материгіндегі ең ірі мемлекет туралы мәлімет білгенмен, бүгінгі күнге дейін Алтын Орданың тарихында көптеген ғылымға белгісіз кезеңдер бар.

КСРО кезінде ең алғашқы болып осы мәселені көтерген М. Н. Тихомиров: «Алтын Орда бүкіл Еуропа мен Азия тарихының маңызды бөлігі. Оның құрамында болған халықтардың шежіресінен қалайша ең маңызды кезеңді алып тастауға болады?» 1

Алтын Орда құрамында Еуропа мен Азия кірген ортағасырлық ең ірі мемлекеттерінің бірі болатын. Оның әскери күші әрдайым көршілес мемлекеттерін қорқынышта ұстады да, көптеген жылдар бойы ешкім онымен бәсекеге түспеді. Алыс хандықтар Алтын Ордамен достық қарым-қатынас орнатып оны үзбеуге тырысқан. Үлкен олжаны көздеген саудагерлер Шығыс пен Батыс арасындағы ең ірі сауда-саттық орталығы атанған Алтын Орда астанасына бет алатын. Саудагерлер мен саяхатшылар бүкіл дүниежүзі бойынша Ордада тұратын халықтар, олардың көшпелі өмірінің ерекшеліктері мен салт-дәстүрлері, Орда байлары мен хандарының сансыз малдары мен кең байтақ даласы туралы аңыздарды таратты. Осы аңыз-әнгімелер Алтын Орданың жойылып кеткеннен кейін де көптеген жылдар бойы ауыздан-ауызға таралды.

Бүгінде де Ордаға деген қызығушылық өшкен жоқ. Көптеген мемлекет ғалымдары Алтын Орданың тарихын зерттеуде.

Мысалы, осы тақырыпқа арналған толықтай дерлік мәліметті 1950 жылы А. Ю. Якубовский мен Б. Д. Греков бірігіп дайындаған «Алтын Орда және оның күйреуі» кітабында табуға болады.

Солардың қатарында Қазақстандық ғалымдар да бар. Мысалға, Қайрат Бегалиннің 2007 жылы шыққан кітабы. Бұл кітапта Алтын Орданың тарихы мен билік еткен жетпіске жуық хандардың тізімі жазылған. Ол «Алтын Орда хандары» деп аталады.

Алтын Орданы билеген хандардың тізімін алғаш рет 1798 жылы Жозеф Дегин жасаған. Оның жұмысында алтынордалық 28 ханның есімі аталған болатын.

Тек 1960 жылы ғана тарихшы М. Г. Сафаргалиев жазба деректерге сүйене отырып, Алтын Орданың 38 ханының аты - жөнін, олардың билік құрған жылдарын нақтылауға қол жеткізді. Кейін шыққан зерттеулердің авторлары көбінесе осы жұмысқа сүйенген.

Ал 2001 жылы жарық көрген Ж. Егінбайұлының Жошы хан кешенінің археологиялық зертеулері Алтын Орда кезіндегі жерлеу рәсімі туралы мәлімет береді. Оның арқасында мемлекетте болған сенім - нанымдар туралы тұжырым жасуға болады.

1 «Ежелгі Русь және Ұлы Дала» Л. Н Гумилев 1992 Москва 3-бет

Сонымен қатар, Алтын Орда туралы деректерді Қазақстан - Ресей ғалымдары бірігіп жинады. Ондай жұмыстарға Т. И. Сұлтанов пен С. Г. Кляшторныйдың «История трех тысячалетий» кітабын жатқызуға болады.

Мемлекетті көптеген ғалымдар зерттесе де, зерттеулерде қарама-қарсы көзқарастар кездеседі. Сонымен қатар, Алтын Ордамен байланысты қалыптасқан стереотиптер мен дұрыс емес ойлар да көп. Бұл қарама-қайшылық оның территориясымен және шекараларымен, мемлекет атауымен, қалалардың санымен, мәдениеттің дамуымен, сондай - ақ саяси тарихымен байланысты. Көптеген көзқарастар өткен ғасырларда пайда болған, менің ойымша оған себеп - тарихта маңызы зор бұл мемлекеттің толық зерттелмегені.

Сондықтан болашақта Алтын Орда тарихы толықтай дерлік зерттеліп, бұл мемлекет туралы деректер нақтыланады деп үміттенемін.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты, Ұлы Дала тарихындағы елеулі із қалдырған ортағасырлық ең ірі мемелекет Алтын Орданың тарихын деректер арқылы көрсету.

Курстық жұмыс кіріспеден, бес тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Негізгі бөлім

Шыңғысханның алтын әулеті.

Орыс қалаларының маңында көшпелі ордалардың пайда болуына дейін отыз жыл бұрын, 1206 жылы, Онон өзенінің орталық Азиядағы жағалауында дала ақсүйектерінен жиналған құрылтай өтті. Осы құрылтайда жаңа құрылған Моңғол мемлекетінің қағанын сайлау туралы мәселе көтерілді. Нәтижесінде қаған болып Темучин сайланады, осыған ешкім күмән келтірген жоқ. Өйткені ұзаққа созылған күрестің арқасында Тимучин бір - бірімен соғысып, бөлініп кеткен моңғол руларын біріктіріп, бірыңғай мемлекетке айналдырды. Қаған болып сайланғаннан кейін даланың ең беделді нояндары Тимучинді ақ киізге отырғызып, бұрын сонды болмаған Шыңғысхан деген лауазымды береді.

Біріккен Моңғолияның алғашқы билеушісі мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды. Ол моңғол тайпалары мен руларын араластырып, «ондықтарға», «жүздіктерге», «мыңдықтарға», «түмендерге» (он мыңдық) бөлді. Мемлекетте сауда керуендерін тонау, руаралық қақтығыстар аяқталды.

Сонымен қатар Ұлы хан мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін он мыңдық жеке құраманы құрды. Әскерде қатал тәртіп орнатылды: сәл кінәлі әскери адам өлім жазасына кесілді.

Темучиннің таққа отырғанына бес жыл болмай ол Батысқа қарай жорық ұйымдастырды.

1207 - 1211 жылдар аралығында Шыңғысхан Сібір мен Шығыс Түркістанды мекендеген буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздар мен ұйғырларды бағындырады. 1215 жылы Пекинге басып кірді. Ал 1217 жылы Солтүстік Қытай түгел Шыңғысханның билігіне көшті. 1219 жылы Корея патшалығы Ұлы ханның әскеріне тізе бүгеді.

Қытайды жаулап алғаннан кейін Шыңғысхан әскерінің бір бөлігі 1218 - 1219 жылдары Жетісуды, 1219 - 1221 жылдар аралығында Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алады.

Жаулап алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөліп, ұлдарына үлестіреді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңіздеріне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, Шағатайға Мауреннахр, Жетісу, Қашғария, Үгедейге Батыс Монғолия мен Тарбағатай берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды.

Өзінің билік еткен жылдары Шыңғысхан тек қана Монғолиямен көршілес елдерден ғана емес, сонымен қатар, Қытай, Орта Азия мен Еділ өзенінің батыс жағалауында мекендеген елдерден тұратын империяның территориясының негізін қалады. Ұлы ханның өліміне қарамастан, оның ұрпақтары «моңғол аттарының тұяғы жетер жерде билік орнату» туралы арманын орындауға көп үлес қосты.

Бірақ ішкі тартыстарға байланысты XIII ғасырдың екінші жартысында Моңғол империясы күйрей бастады да, Моңғол империясы құрамында болған Алтын Орда, Юань, Қытай және тағы басқа мемлекеттер бір орталыққа бағынғанмен, дербес өмір сүре бастады. Оларды Шыңғыс әулетінің жеке тармақтары - Шағатай әулеті, Жошы әулеті, Құлағу әулеттерінің ұрпақтары биледі. Мемлекеттің жер көлемін үлкейту мақсатында жүргізілген бірнеше жорықтар күштін жетіспеушілігіне байланысты үлкен табыс әкелмеді.

Батысқа ұлы жорық.

Жағдайды 1235 жылы бүкіл моңғол ақсүйектері бірігіп өткізген құрылтай өзгертті. Осы құрылтайда Шығыс Еуропаны жаулаудағы жорықта Жошы ұлдары Орда - Ежен мен Батуға көмек көрсету туралы мәселе қарастырылды. Олардың әскерлерін моңғол ханзадаларының әскерлерімен күшейту ұйғарылды.

Нәтижесінде, 1236 жылыдың көктемінде моңғол әскері Батысқа аттанды. Оған Шағатайдың, Үгедейдің, Толуйдың балалары қатысты, бірақ бас қолбасшылық Бату ханның қоластында болды.

Бату ең бірінші Жайық пен Еділ аралығындағы бүкіл аймақты бағындырды. Бұлғарлар бір жыл бойы қарсыласты. Бірақ күшті соққыларға шыдамай, 1237 жылы Бұлғарияның астанасы Бұлғар қаласы алынды. Босқындар екі бағытпен қашты: көшпенділер Құтан ханнан пана іздеп, куман даласына қарай кетсе, қалалықтар орыс жеріне барды.

Орыс жылнамаларында қашқан бұлғарлар Владимир князьдігінің шегіне келіп, қоныс тебуге жер сұрағандары айтылады. Бас князь Юрий Всеволодович оларды қалаларға бөліп - бөліп қоныстандыруды тапсырады 2 . Бұл Бату ханның орыс жеріне басып кіруіне себеп болды.

Осы жылдың күзінде Бату әскері Еділден өтіп, екі бағытпен жорыққа аттанды. Мөңкенің түмендері солтүстік Кавказға, ал Бату бастаған екінші жартысы бұлғарлардың ізімен орыс князьдіктеріне бет алады. Жол жөнекей жергілікті халықты жаппай қырып - жойып, бүтіндей бір қалаларды жермен - жексен етті.

Ең бірінші алынған қала Пронск болатын. Келесі алынған қала Разянь болды. Қала Ока өзенінің тік құлама жағалауында орналасқан болатын. Қаланы басқыншылардан құтқару үшін Пронскіден, Муромнан, Коломнадан өз жасақтарымен басқа князьдер де келеді. Бірақ Рязань бар болғаны бес күн ішінде талқындалады.

Әскер Мәскеуге 1238 жылдың басында жетеді. Мәскеу қаласын немістер мен орыстардың біріккен құрама әскері үш айға жуық уақыт бойы берілмейді. Осы соғыста жетпіс мыңдай адам қаза болады. Орыс жылнамаларында қорғаныстың әскербасы Филипп Нянка болғанын айтады 3 .

Осы жеңістен кейін 1238 жылдың ақпан айының басында Бату хан Владимирге жақындайды. Қала қорғанысына князь Всеволод Юрьевич басшылық етті. Бірақ қала қорғанысы көпке созылмады. Небары төрт күнде қала талқыланды. Сол уақытта Суздаль да беріледі.

2 «Алтын Орда хандары», 37-бет 3 «Алтын Орда хандары», 39-бет

Жаулаушы әскер Новгородқа бет алады, жолда Торжок қаласы тізе бүгеді. Ол 1238 жылы наурыздың бесінде беріледі. Оның артынан Тверь қаласы мен ондаған шағын елді мекендер де берілді.

Бірақ Новгородқа жол ашық болғанмен Бату хан оған 65 шақырым қалғанда оңтүстікке оралуға шешім қабылдайды 4 . Заманымыздың зерттеушілері оған себеп болған ауа райы деп жазады. Сонымен қатар, орыс князьдерінің бар байлығы негізінен, жабайы шошқа үйірлерінен тұратын, ал көшпенділер ол хайуанның етін харам деп жемейтін. Сондықтан, Новгородты алу кезінде әскердің аштыққа ұрынуы мүмкін болды, сырттан азық - түлік тасуға жол қолайсыздық тудыратын.

Бату хан 1238 жылдың жазын Еділдің төменгі жағында өткізеді. Осыған дейін Мөңке Солтүстік кумандарды жеңеді. Олар шегініп, екі бағытта, батыс пен оңтүстікке қашады. Жолда кумандар Дербентті шабуылмен алады да, әрі асады. Мөңке қашқындарды қуып, 1239 жылы Грузияға кіреді. Жолда аландар мен шеркестерді бағындырады.

Кумандар ханы Құтан халқының екінші бөлігін ертіп, батысқа қарай ауады. Олардың артынан түскен Бату хан оңтүстік славян князьдіктеріне басып кірді. 1239 жылы наурызда Переяславльді бағындырды. Осыдан кейін Углич халқы өз еріктерімен берілді.

1239 жылы қыста Бату Владимир - Суздаль князьдігінің жеріне қайта оралады. Оған Ярослав қарсы шықпады, екеуі салық төлеп тұруға келісті.

Енді Бату хан Киевке кіруді жоспарлады. Ол жараланғандар емделіп, аттар оңалғанша күтті де, тек 1240 жылдың күзінде Киевке бет алды.

Киев қаласының қорғануы үш айға созылды. Ақыры 1240 жылдың 6 желтоқсанда қала бекінісі құлады.

Киев алынғаннан кейін, Русьқа қарсы соғыс аяқталды. Тек қыстың соңында Бату хан жорықтарды жалғастырды. Ол Киев жерінен Польшаға жетті. 1241 жылы польшаның бірінші жаулап алған қаласы Краков еді. Осы жеңілістен кейін поляктар Силезия герцогынан көмек сұрап, 1241 жылдың көктемінде поляктар мен немістердің біріккен әскері Бату ханға қарсы шықты. Оларды Шағатайдың ұлы Бандар ханзада бастаған алғы шеп құрамасы қарсы алады. Неміс - поляк әскерлерінің қарулары күшті болғанымен, 1240 жылдың сәуір айында олар жеңіліс табады. Осыдан кейін Бандар түмендері Чехия жеріне келіп кірді. Ал Батудың негізгі күші Мажарстанға таяй берді, ортада Карпат таулары ғана қалды.

1241 жылы Бату хан Будапешт қаласын екі ай бойы қоршауда ұстады. Сонда Будапештің королі IV Бела Хорватиядан көмек сұрайды. Хорватиядан Коломанның өз әскерімен келе жатқанын білген Бату жауын ашық алаңға алып шықты. Осында Бату әскерлері мажарлар мен хорваттардың алпыс бес мыңдық әскерін жеңеді. Деректерге қарағанда осы шайқаста елу алты мың сарбаз қайтыс болады 5 . Бірақ IV Бела королі Загреб бекінісіне қарай қашып аман қалады. Осы жеңістен кейін Бату хан Будапештке кіреді. Осы жылдың жазы мен күзін Бату хан осында өткізеді.

4 «Қазақ совет энциклопедиясы» 199-бет

5 «Қазақстан тарихы» 33-бет

1242 жылдың қарашасында Қадан бастаған алғы шеп құрама Дунайдан өтіп, аз уақыт ішінде Словения мен Хорватияны басып алады да, Загребке жетеді. Әскер қаланы қоршауға алады.

Желтоқсан айында Бату әскерінің негізгі күштері де Дунайдан өтіп, Загребке жетеді. 1242 жылдың қысында татар қосындары IV Бела әскерлеріне күйрете соққы бергенімен, король тағы да қашып құтылады. Қадан ханзада оның артынан қуады. Ол әуелі Адриат теңізіндегі Сплит айлағына, содан кейін Кралевац аралына өтеді. Одан кейін Рабе аралына барып, сонда тоқталады. Қаданға Батудан қуғынды тоқтатып, Албания мен Сербияны бағындарсын және одан әрі Болгарияға бұрсын деген бұйрық түскен соң негізгі күшке қосылу керек екені туралы бұйрық түседі 6 . Ал бұл уақытта Бату хан Остргон, Стольни, Белград, Веспрем, Джур, Нейштад секілді қалаларды алып, бүгінгі Австрия жеріне кіреді. Венаға содан кейін Словенияға өтіп, Адриат теңізіне дейін жетеді.

Бату әскерінің негізгі күштері 1242 жылдың көктемінде Сербия жерімен Болгарияға өтіп бара жатқан кезде, Қарақорымнан Ұлы ханның қайтыс болғаны туралы хабар келеді.

Үгедей ханның қазасына байланысты Бату хан жорықтарын тоқтатуға мәжбүр болады. Ол Дешті Қыпшақ даласына қарай бет алады. Болгария мен Галицияны Жошының шөбересі Ноғай ноянға тапсырады.

Әскер 1234 жылы Еділ бойына жетеді. Бату осы жерде Алтын Орда аталған өз империясының қазығын қақты.

Алтын Орданың саяси тарихы.

Жаулап алулармен байланысты барлық мақсаттарға жеткен Бату хан енді, жаулап алған жерлерді басқару жүйесін орнатуға кіріседі. Жаулап алыңған жерлерінде моңғолдар жергілікті әкімдердің жұмысын және жиналатын салықты бақылау үшін әкімшілік аудандарын құрды. Бұл әкімшілікті қоластында қаруланған әскер құрамасы бар «дарұға» басқарған.

Мемлекет көпұлтты болды. Мемлекетті негізінен, қыпшақтар, бұлғарлар, орыстар мекендеді. Сондықтан, Алтын Орданың даму тарихын қарастырғанның алдында оның атауы туралы сұраққа жауап беру керек. Бұл сұрақ қазіргі кездегі белгілі Алтын Орда туралы жазылған ортағасырлық құжаттарда Алтын Орда деген атау кездеспейтініне байланысты тауындайды. Осы мәселені үш жақтан қарастыруға болады: мемлекетті тұрғындар қалай атады, оны көршілес мемлекеттер қалай атады және мемлекет жойылғаннан кейін қандай атты иемденді.

XIII ғасырларда пайда болған моңғолдық мемлекеттер, Шыңғысханнан келе жатқан тектеріне байланысты атауларды пайдаланды. Мемлекет басшысы болса, оған билік етуге тиген жерлерді тек қана ұлыс деп атаған. Осыған мысал, Қыпшақ жерлеріне ие болған Жошы хан алғашында ұлысын Жошы Ұлысы деп атайды.

6 «Қазақстан тарихы», 65-бет

Тек, Тоқтамыс ханның Ұлы Ұлыс деп қойған атауы ғана көпке сақталып қалды. Ұлыстың беделін көрсететін осындай ерекше атуды саяси хат алмасу кезінде басқа хандар да пайдаланды.

Ал ортағасырлық еуропа мен азияның мемлекеттері Жошы Ұлысын түрліше атайтын. Араб көне жазбаларында мемлекет белгілі бір уақыт аралығында билеген ханның атымен аталған, мысалы, «Берке, татарлардың ұлы ханы», «Тоқта хан, татарлардың ханы».

Басқа жағдайларда ханның атымен бірге, оның билік жүргізген жерлері де айтылатын, «Өзбек, солтүстік елдердің басшысы», «Тоқта хан, қыпшақ жерлі мен Сарайдың ханы», «Дешті - Қыпшақ даласының билеушісі - Тоқта». Кейбір кезде, араб пен парсы жылнамаларда Алтын Орда Жошы ұлысы, Бату ұлысы, Берке ұлысы, Өзбек ұлысы деген атпен аталады. Осы атау жиі ханның тек билеген жылдары ғана емес, сонымен қатар оның өлімінен кейін де қолданған, «Өзбек хан, Берке мемлекетінің билеушісі».

Бүкіл Орданы жүріп өткен еуропалық саяхатшылар, П. Каприни мен Г. Рубрук оны атау үшін «Командар мемлекеті» немесе «татрлар державасы» деген ескі терминдерді қолданады. Бенедикт XII өзінің хатында Жошы мемлекетін «Солтүстік татария» деп атаған. Орыс жылнамаларында оңтүстіктегі көршілес мемлекетті атау үшін этникалық атаулар пайдаланады. Тек XIII ғасырдың соңына қарай ғана оған Орда деген атау берілді де, мемлекет жойылып кеткенге дейін бұл атау сақталды.

Ал қазірде сіңіп кеткен «Алтын Орда» деген атауға Бату хан негізін қалаған мемлекеттің ізі қалмаған кезде ғана қолдана бастайды. Бұл атау ең алғашқы рет XVI ғасырдың екінші жартысында жазылған «Қазан жылнамаларында» қолданады. Осы жылнамаларда бұл атау «Алтын Орда» және «Ұлы Алтын Орда» ретінде кездеседі. Бұл атаудың пайда болуына ханның Еділ мен Жайық арасындағы алтынмен әшекейленген ордасы түрткі болған, деген болжамдар бар.

Сонымен, 1234 жылдың қысына қарай, жас мемлекет бірітіндеп дами бастайды, оның ішінде сауда басты орынға шықты. Жаңа құрылғанына қарамастан, мемлекет күшті болады. Даланың алып мемлекетімен көршілес орналасқан ұсақ князьдіктер қарым - қатынас орнатуға асығады. Алғашқылардың бірі болып, Бату ханға князь Ярослав Всеволодович келіп, тыныштық сұрайды, сондай - ақ, алым - салық төлеп тұруға келіседі. Оған Ұлы Владимир - Суздаль жері мен Киев тізгіні табысталып, жарлық шығарады. Бірақ, сол кезде Алтын Орда және басқа да Шыңғыс хан ұрпақтары билік етекен мемлекеттер Моңғол империясының құрамына енетін. Осыған байланысты империяны құрған мемлекеттерде пайда болатын барлық маңызды саяси сұрақтарын Қарақорымдағы орталық шешетін. Ясының бір тармағы жаулап алынған жерлерден алынатын салықтын бір бөлігі Шыңғыс ханға өтетіні туралы айтылған. Сонымен қатар, әр ұлыста Шыңғыс ханның жеке жерлері болатын. Және де тек Қарақорымдағы орталық қана, барлық саяси маңызды шешімдерді қабылдай алатын. Бір - бірімен тығыз байланысты мұндай жүйені құру империяның тәуелсіз мемлекеттерге бөлінуден сақтау керек еді. Сондықтан, Бату ханның жарлығын Ұлы ханның жесірі Туракин хатун бекітуі тиіс еді. Князь Ярослав Қарақорымға аттанады да, рұқсап алып отанына қайтады.

1246 жылы Моңғолияның ханы болып Туракин ханумның баласы Күйікке өтеді. Бірақ оның өлімінен соң, тақ иесіз қалады. 1250 жылы Шағатай ұлысында Ыстықкөл маңында құрылтай өткізілді. Бектер мен нояндар Бату ханды Ұлы хан сайламақ болады, бірақ Бату хан бұдан бас тартып, орнына Мөңкені ұсынады.

Үгедей мен Шағатай ұрпақтары бұл мәселеге келіспей, Жошы мен Төле ұрпақтарына қарсы бірігіп қарсы шығады. Осы бүліктерден кейін, 1251 жылы шілде айында Қарақорымда қайта құрылтай шақырылады. Соңында Ұлы хан болып Мөңке сайланды.

Алайда, Моңғол империясының заңды мұрагері, Үгедейдің немересі Ширамун империяда жаңа бүліктер шығарып, тақты тартып алмақшы болды. Бірақ, Мөңке хан жағдайды кезінде естіп, бүлікті тоқтату үшін Ширамунның қостарын қоршаға алады.

Шағатай мен Үгедей ұлысының жетпіс жеті сұлтан, мырзасы және жесір ханым Огул - Гаймикше өлім жазасына кесіледі. Мөңке хан бүкіл империя бойынша тексеру жүргізеді. Мұның кесірінен, Шағатай мен Үгедей ұлыстарында кей жерлер иесіз қалады. Артынша ол жерлерге жаңа басшылар келе бастады.

Нәтижесінде, Үгедей Ұлысының шекарасы біршама тарылып, Шағатай Ұлысы тарап кетті. Ал Мөңке өзінің жерін оңтүстік - батыста Сырдарияға дейін кеңейтті. Бату хан империясының шегі Жетісудағы Шу өзеніне қарай жақындады. Ол сондай - ақ, Мауреннахр мен Кавказ өңірін өз билігінде ұстады.

Алтын Орда ханы Кавказдың билігін кіші інісі Беркеге табыстады. Мәуреннахрдағы өкілі Масыдбек болады. Ол әйгілі саудагер Махмұд Ялавачтың ұлы деген мәлімет бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыңғыс хан әулеті
Қыпшақ дәуіріндегі Қазақстан
Қыпшақ мемлекетінің саяси-әкімшілік орталығы
Әбілхайыр хандығы тарихы
Шығыс Дешті Қыпшақ территориясында тәуелсіз мемлекет жүйесінің қалыптасуы (ХІІІ ғ. ІІ-жартысы)
Юань империясының әлеуметтік жағдайы
Қимақтар Қазақстан аумағында
Алтын орда мемлекеті. Ақ Орда. Ноғай ордасы
Әмір Темірдің өмірі
XV ғасырдағы тарихи жағдай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz