Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Қазақ салт.дәстүрлері кешенді тәрбие негізі
1.1. Салт.дәстүр туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2. Салт.дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты жіктеу ... ... ... ... 20
1.3. Қазақ салт.дәстүрлерінің тәрбиелік негіздері ... ... ... ... ... ... ...28
ІІ тарау. Ұлттық салт.дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
2.1. Бастауыш сыныпта ұлттық салт.дәстүр жөніндегі оқу материалдарын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.2. Ұлттық салт.дәстүр материалдарын бастауыш сыныптағы тәрбие сабақтарында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
2.3. Бастауыш сыныпта қазақ салт.дәстүрлері бойынша сыныптан тыс тәрбиелік іс.шаралар ұйымдастыру
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
Әдебиеттер тізімі . . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

Жалпы әр ұлттың өсіп, жетіліп келе жатқан жастардың, жауқазын ұл-қыздарының өз елінің тілін, дінін, әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын, мәдениетін жете меңгерулеріне де бірден-бір атсалысатындар да осы тәлімгерлер.
Жастар - қоғам дамуындағы зор күш. Бұл кезең адамның өмірінің албырт, әрі мөлдір, ізденгіш талапкер кезі. Жастар біздің білімімізді, ғылымымызды дамытушылар.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев: “ХХІ - ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру” – деген өзінің жолдауында еліміздің дамуына, дамыған елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып өтеді.
Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.
Халық тәрбиесі – сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени мұрасы.
Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек” деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде ерекше атап айтады. Халқы-мыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, “бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі” – деген ой түйген болатын.

1. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдеп. –Алматы. Рауан, 1998. 350б.
2. Ахметов Ш. Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрі //Бастауыш мектеп. 2004, N7
3. Аңламасова Г. Жас ұрпақты рухани құндылықтар негізінде әлеуметтендіруде ұлттық мәдениеттің рөлі //Ұлт тағылымы. 2003. N4
4. Әбілова З.Ә. Этнопедагогика. -Алматы., 1987. 340б.
5. Әбілова З., Қалиев С. Этнопедагогика оқулығы. –Алматы., 2004. 391б.
6. Әлімбекова Г. Салт-дәстүрмен байланыстыра //Қазақстан мектебі, 2004. N4,50-56 бб.
7. Дүйісова Ә. Халықтық салт-дәстүрмен // Бастауыш мектеп, 2004. N2, 24б.
8. Жұмабаев М. Педагогика. -Алматы.,1992. 154б.
9. Ералин Қ. Қазақтың бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. –Алматы. Мектеп, 1988. 60б.
10. Ералин Қ. Сынып сағаты мен тәрбие жұмыстары. –Шымкент., 1993. 72б.
11. Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. -Алматы., 1995. 349 б.
12. Исмакова З. Болашақ ұстаздың қазақ салт-дәстүрлерін тәрбиелік-әлеуметтік оқу-тәрбие процесінде пайдалануға даярлау. Этнопсихология және этнопедагогика. –Алматы.,2003. 267б.
13. Исмакова З. Халық педагогикасының тағылымдары. //ұлағат, N2, 2002. 17-19бб.
14. Ищанова Г. Ата-дәстүр салтымыз // Бастауыш мектеп. 2002. N11, 15-17бб.
15. Кенжебаева Р. Халық педагогикасымен сабақтастыру. //Бастауыш мектеп, N8, 2004. 18б.
16. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. -Алматы, Ғылым, 1999. 210б.
17. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. -Алматы. Білім, 2003. 325б.
18. Қалиұлы С., Оразаев М., Смайылов М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. –Алматы., 1994. 195б.
19. Қалиев С. Үлгілі үйдің ұл-қызы. –Алматы., 2002. 315б.
20. Қожабеков Б. Қазақы неке. –Алматы., 1994. 365б.
21. Қырықбаев М. Халық өнерінен //Бастауыш мектеп, 1999. N5, 26-29бб.
22. Қоқымбаев Т.И. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудегі халық педагогикасының рөлі. Этнопсихология және этнопедагогика. –Алматы., 2000. 267б.
23. Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан. –Алматы., 1992. 225б.
24. Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы., 1976,1978. 9-3томдар, 626-622бб.
25. Рүстемов М. Дәстүріңді сақтай біл. –Алматы., 1, 4 кітап, 1991.
26. Сәдуақасұлы Ә. Әдет және ғұрып //Қазақстан мектебі, N2, 2001.
27. Сәлімбеков Т. Дәстүр – кең мағыналы ұғым //Ұлағат, 2003. N6, 42-43бб.
28. Тілеуова С., Әліпбек А. Этнопедагогика. –Шымкент., 2004. 187б.
29. Төлеубеков Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. –Алматы., 1994. 140б.
30. Табылдиев Ә. қазақ этнопедагогикасындағы құқықтық тәрбие. –Алматы., 2003. 121б.
36. Шоғанбекова Д. Ұлттық салт-дәстүрлер //Ұлағат, 2004. N1, 37-38б.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Қазақ салт-дәстүрлері кешенді тәрбие негізі
1. Салт-дәстүр туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2. Салт-дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты жіктеу ... ... ... ... 20
3. Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік негіздері ... ... ... ... ... ... ...28
ІІ тарау. Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын
тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
1. Бастауыш сыныпта ұлттық салт-дәстүр жөніндегі оқу материалдарын
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2. Ұлттық салт-дәстүр материалдарын бастауыш сыныптағы тәрбие
сабақтарында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
2.3. Бастауыш сыныпта қазақ салт-дәстүрлері бойынша сыныптан тыс тәрбиелік
іс-шаралар ұйымдастыру
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5 5
Әдебиеттер тізімі . . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Кіріспе
Жалпы әр ұлттың өсіп, жетіліп келе жатқан жастардың, жауқазын ұл-
қыздарының өз елінің тілін, дінін, әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын,
мәдениетін жете меңгерулеріне де бірден-бір атсалысатындар да осы
тәлімгерлер.
Жастар - қоғам дамуындағы зор күш. Бұл кезең адамның өмірінің албырт,
әрі мөлдір, ізденгіш талапкер кезі. Жастар біздің білімімізді, ғылымымызды
дамытушылар.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев: “ХХІ - ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік
стандарттар деңгейінде білім беру” – деген өзінің жолдауында еліміздің
дамуына, дамыған елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып
өтеді.
Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі
бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның
ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-
саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.
Халық тәрбиесі – сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен,
шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен
тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени
мұрасы.
Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында
ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-
дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек”
деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде ерекше атап айтады.
Халқы-мыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып,
“бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында
тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына
қызмет ететін көкірегі ояу,
салауатты азаматтар болып өседі” – деген ой түйген болатын.
Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ
сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті
келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан,
даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің
басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған.
Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша,
татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-
тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.
Халқымыздың ғасырдан-ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлері өте көп.
Оны бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, қастерлейді, білмесе білуге ұмтыла ма,
“халқын сүйген салтын да сүйеді” демекші, олар ата-салтын мақтаныш тұта ма,
деген сұрақтар төңірегінде ойланғанымыз жөн.
“Қазақтар балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиеле”, - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе
жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді
көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз.
Бүгінгі күні тіліміздің аясы кеңіп, мемлекеттік мәртебе алып
отырған шақта қазақ мектептерінің саны да артып келеді. Алайда ең керегі
оқу орнының сан емес – сапасы екенін естен шығармау керек. Көбінесе
тақырдан басталған халықтық тәрбиенің негізі – орыс мектептеріне арналған
оқулықтар мен оқу құралдарынан, әдістемелерден аударып бағдарламаларға
енгізілді. Ал, бұл тұста атап айтып тұрғандай, біздің ұлтымызға ғана тән
тіліндегі, дініндегі, өмір сүру үрдісіндегі, тұрмыс салты мен әдет-
ғұрпындағы басқа ешбір халықта қайталанбайтын ерекшеліктер ескерілмеді.
Басқасын былай қойғанда жетпіс жыл бойы солақай саясаттың шырмауында, сол
кездегі саясатқа байланысты қазақ мектептерінде, ұлттық мектептерде тәрбие
мүлдем жүргізілмегендігі ешкімге жасырын емес. Бүгінгі таңда
тәуелсіздігіміздің он жылдығын атап өтіп, егемендігіміздің еркіндігінің
есебі өмірдің – сан-саласында қанат жайып, шарықтаған тұста, әлі де ауыз
толтырып, ұртымыз ісіп, мақтанып айта алмайтын күрмеуі шешілмей келе жатқан
мәселелер аз емес.
Жоғарыдағы ойымызды тірілтер болсақ, қазақ тілінде дәріс беретін
көптеген мектептерде "Халық педагогикасы элементтерін оқыту" немесе
"Этнопедагогика" өз дәрежесінде жүргізілмейді.
Осының салдарынан ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыпты аяқ асты ету, үлкенді
кішінің, ата-енені келіннің сыйламауы, ағаның ақылын інінің алмауы,
жастардың еңбекті сүймеуі, жатып ішер жалқаулық, нашақорлық пен
маскүнемдік, пайдакүнемдік т.б. сорақы қылықтар жастар арасында жиі көрініс
беруде.
Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Оған көпшілік қоғам болып жұмылу,
парасаттылық пен байсалдылық керек. Ұрпақ тәрбиесін-дегі ежелден
қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағлымдарын, мәдениет тарихын,
бұрын-соңғы ұлы ойшыл педагогтардың еңбектерін оқып жетік білмей, оны жақсы
меңгермей тұрып келер буынға дұрыс тәрбие-тағлым беру мүмкін емес. Себебі,
өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу, Л.Толстой айтқандай, айсыз
қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп шатасумен пара-пар.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған “Білім туралы” заңының
8 бабында Білім беру жүйесінің міндеттерінде: "Азаматтық пен елжандылыққа,
өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді
құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға қайшы және
қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеп, қазақ халқының
мәдениеті мен дәстүр салтын
оқып-үйрену
үшін жағдай жасау” деп көрсетілген.
Сондықтан да ұлттық салт-дәстүрлерді бала бақшадан бастап жоғары оқу
орындарында дейін кең түрде насихаттау қажет. Бұл мәселемен Республикаға
есімі танымал ғалымдар мен педагогтар, атап айтқанда, Қ.Жарықбаев,
С.Қалиев, С.Ұзақбаев, М.Балтабаев, К.Қожахметова, Ә.Табылдиев, С.Тілеуова,
Қ.Ералин, т.б. сынды зерттеушілер айналысқан.
Қазіргі таңда салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу, тәрбиелік әдіс-
тәсілдерін жетілдіру қажеттігі айқын көрінуде. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік
қажеттілігі мен оның тәрбие процесінде қолданудың арасында қарама-қайшылық
орын алуда. Осы мәселелерді қарастыра келе дипломдық жұмыстың тақырыбын
"Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу" деп
таңдадық.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ салт-дәстүріндегі тәрбие түрлерін
педагогикалық тұрғыдан анықтау және олардың бастауыш сынып оқушыларын
тәрбелеуде пайдалануды мазмұндау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы педагогикалық процесте қазақ салт-
дәстүрлерін пайдалану.
Зерттеу пәні: Ұлттық салт-дәстүрлерді бастауыш сынып оқушыларын
тәрбиелеу ісінде пайдалану барысы.
Зерттеу міндеті:
- зерттеу тақырыбына байланысты педагогикалық, психологиялық,
философиялық, арнайы немесе әдістемелік әдебиеттерді зерделеу;
- ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу;
- бастауыш мектеп оқу процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің пайдалану
барысын айқындау;
- бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде қазақ салт-дәстүрлерінің
тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану жолдарын көрсету.
Зерттеу әдістері: педагогикалық әдістер мен оқулықтарды талдау,
педагогикалық бақылау, талдау, әңгіме, анкета, педагогикалық белгілеу
экспериментін жүргізу, мұғалімдердің құжаттарымен танысу (тәрбие сағаты,
жоспарларды, т.б.).
І тарау. Қазақ салт-дәстүрлері кешенді тәрбие негіз
1.1.Салт-дәстүр туралы түсінік
Тәрбие-жалпы халықтық іс. Бұл ұран емес, өмірдің өз талабы. Мұнсыз
жарқын болашақтың саналы азаматын қалыптастыру мүмкін емес.
Ананың бесік жырынан басталатын тәрбие халықтық тәрбиенің бастау
бұлағы болып табылады, сондықтан да, жас ұрпаққа халқымыздың мазмұны бай
тәжірибесін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін тереңірек қалыптастыру басты
міндетіміз. Осы міндетті жүзеге асыру халықтық педагогикаға негізделген.
Халық педагогикасы дегеніміз тәрбие жөніндегі халықтардың ғасырлар бойы
қалыптасқан педагогикалық білім мен тәлім-тәрбиенің жиынтығы. Ол ата-
бабаларымыздың сан ғасырлар бойы өмірден көргенін, түйгенін, басынан
өткерген істерін, білген білімін, білігін елеп, екшеп керекті түйінді
қағидаларын келер ұрпаққа ата-мұра ретінде қалдырып кетуі.
Әрбір халықтың өз ерекшелігі бар. Сондай ерекшеліктердің бірі – салт-
дәстүрі. Салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытқан халық тарихтан өз орынын таба
алмайды.
Ендеше сол тарихқа көз жіберсек, біздің қазақ халқы екі ғасырдан астам
уақыт отаршылдық саясаттың астында болыпты. Жүздеген жылдар отарлық езгіні
көп ұлттар басынан кешкенімен, тап біз сияқты тіл мен әдет-ғұрпына,
мәдениетіне орны толмас зиян келтірген ел болмаған шығар.
Халқымыз ежелден өз ұрпағын адамгершілікке, инабатты-лыққа, ізгілікке,
имандылыққа тәрбиелеуді ең басты мақсаты санаған. Сондықтан ата-бабамыз
көшіп-қонып жүріп-ақ ұрпақ қамын жеп, оның болашағына жеткілікті мән
берген. Сонау “Жеті жарғыдан” бастап ата-салт, әдет-ғұрпымыз бұған дейінгі
талай ұрпақ үшін теңдесі жоқ, тәрбиелік маңызы зор адамгершілік кодексіміз
болды. Оған айғақ шетел оқымыстылары, ойшылдары біздің салт-дәстүрімізге
ерекше назар аударып, зерттеп тамсана жазғаны.
Әдет-ғұрып пен дәстүрді идеалды форма ретінде түсіндіру Маркстік
философияға дейін үстемдік еткен көзқарас болды. Капитализмнің дамуына
байланысты археология, антропология, этнография, географиялық жорықтар мен
жаңа ашылулар аймақтарында қарқынды зерттеулер жүргізіліп, дәстүр мен әдет-
ғұрып этнографияның, этиканың, лингвистиканың, өнертану, әдебиеттанушы
ғылымдарының зерттеу нысанына айналды.
А.Ампер өзінің “Философиялық ғылымдар тәжірибесі” еңбегінде адамзат
білімін табиғи жіктеуді бере отырып, ұлттың заңы мен әдет-ғұрпын
қарастыратын ғылымды этнодицей деп ұсынады.
1945 жылы Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология,
этнографиялық институттың ашылуына байланысты қазақ ұлтының тарихын,
мәдениетін, тынысын зерттеу дұрыс жолға қойыла бастады. Ол кездегі ғалымдар
Х.Арғынбаев, И.Захаров, М.Мұқанов, Ө.Жәнібеов, С.Ақатаев т.б. қазақ ұлты
туралы этнографиялық білімді кеңейтуге атсалысты. Ал бүгінгі таңда қазақ
мәдениетінің этнографиялық, философиялық, мәдени аспектілері бойынша
Н.Масанов, М.Шаханов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, К.Қожахметова,
С.Ұзақбаева және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады. Бұл
жинақталған білім көздері, зерттеулер, саралаулар ұлт ұрпағын тәрбиелеуде
қолдануды қажет етеді.
Салт ұғымына қазақ Совет энциклопедиясында “Салт – халықтар кәсібіне,
сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып
отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп, өзгеріп
қоғамдық болмыс принципіне бейімделіп отырады. Ал жаңа қоғамдық
қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайға
ілгері дамиды” - деп анықтама берілген.
Ал, дәстүр ұғымына келетін болсақ, бұл көп мағыналы ұғым. Оған әр
түрлі сөздіктердегі анықтамалар дәлел. Сондай-ақ, ол – педагогикалық,
психологиялық, философиялық, этнографиялық зерттеулердің де өзегі.
Қазақ Совет Энциклопедиясында “Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа көшетін,
тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр – қоғамдық
ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің негізі” делінсе,
философиялық сөздікте “Дәстүр – тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң,
мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б. қоғамда, ұлтта немесе
жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік –
мәдени мұра элементтері” делінген.
Кейбір зерттеушілер дәстүрге әр түрлі әрекет формасы арқылы анықтама
беруге тырысады. Е.Попов “дәстүрді сананың спецификалық жағдайы” деп
қарастырса, И.Петров “тарихи дамудың нәтижесінде пайда болған мінез-құлық
нормасын, ой мен әрекет бейнесін белгілеген үлкен қоғамдық құндылық және ол
өскелең ұрпаққа тапсырылуы қажет” - дейді.
Дәстүр – адамзат есіндегілерді және әлеуметтік тарихи тәжіри-бені
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші және жинақтаушы. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың
мәдениеті мен мәдениеттілігінің көптүрлігі және бірлігі жинақталған. Дәстүр
қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып қоғамның әр
деңгейіндегі ақылды, даналықты бейнелейді.
Дәстүр әр қырынан әр түрлі аспектіде қарастырылатындықтан және әр түрлі
ғылымның зерделеу нысаны болғандықтан дәстүр классификациясы да әр алуан.
Мәселен, Д.Зеленин дәстүрді аймақтық (территориялық), ұлттық, отбасылық деп
жүйелесе, Е.Белоусова дәстүрді жалпы әлеуметтік – саяси, діни экономикалық,
халықтық – ұлттық, отбасылық, ұжымдық, мемлекеттік – патриотизмдік,
еңбектік, ерліктік деп жүйелейді.
Сонымен, дәстүр ұғым ретінде мәдениеттің маңызды кате-гориясының бірі
және ол дәстүр оқу-тәрбие процесінің құралы да.
Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам өмірінің
күнделікті тіршілігінде жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас
ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы.
Ал дәстүрдердің өрісі салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр қоғамдық
сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның
қалыптасқан біріңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Дәстүр
идеологияға жақындау да, ал салт қоғамдық психологияға жақын.
Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып
келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрибесінен, мәдени тұрмысы
мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен
бірге өрбіп, о дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын
бесігі іспеттес.
Енді, осы дәстүрлердің бөліктерін қарастырайық, оған жататындар:
А) дәстүрлердің мазмұндарында қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастардың
белгілері болатындығында;
Ә) дәстүрлердің белгілі бір дәуірдің қоғамдық-экономикалық қарым-
қатынасын бейнелейтін идеялардан тұратындығы;
Б) арнайы адамдар тобына ғана тән даралық қасиеттерді (темперамент,
мінез-құлық т.б.) көрсететін дәстүрлердің айырмашылықтары.
Аталған дәстүрлердің элементтерінің мазмұны – салт пен ғұрыптар арқылы
беріледі. Яғни салттар мен ғұрыптар дәстүрлердің нақты іс-әрекеті ретінде
қабылданып, дәстүрлердің құрылымдық түрлерін анықтауға қол жеткізеді.
Дәстүрлердің құрылымдарына тоқталсақ, оларға:
1. Дәстүрлер бірлігін анықтайтын мазмұн.
2. Салттар мен ғұрыптар дәстүрлер элементтерінің түрлерін
жалғастыратындығы.
3. Ішкі сенімнен тұратын мотивке негізделген салт пен ғұрыптардың
қимыл, іс-әрекеті арқылы дәстүрлерден көрініс табуы.
Дәстүрлердің атқаратын жалпы және жеке қызметтерін талдай келе, жеке
қызметінен жалпы қызметтің ерекшелігі – дәстүрлер мәнінің белгілі бір нақты
тарихи жағдайлармен анықталатынды-ғында. Дәстүрлердің жалпы қызметін атап
айтсақ:
- өзгермелі және үнемі даму үстінде болатын қарым-қатынаста
тұрақтылықты қамтамасыз ететіндігі;
- адамдар қарым-қатынасын ретке келтіру қызметі;
- адамдардың біріккен іс-әрекетін ұйымдастыру қызметі;
- әлеуметтік тәжірибені сақтау және келесі ұрпаққа жеткізетін қызметі;
- адамдарды әлеуметтендіру қызметі;
- тәрбиелік қызметі.
Дәстүрлердің қызметін талдай келе олардың қоғам дамуындағы рухани және
материалдық өміріндегі алатын орны, адамның дүниетанымына тигізетін ықпалы
болатындығына көз жеткіземіз.
Бұдан шығатын пікір ұлттық салт-дәстүрлер белгілі бір халықтың
адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлықтарын, рухани және материалдық
болмысын қалыптастыра алады.
Бүгінгі күнге дейін келіп жеткен қазақ салт-дәстүрлерінен өнегелік
қасиеттер, ғұрпы, әдет, жөн, жоралғы т.б. қазақ халқының асқан даналығы мен
ғажайып зердесі, ақыл-парасаты анық көрінеді.
Бұл жөнінде Ш.Уәлиханұлы былай деп жазады: “Далалық орданың тұрғыны –
қазақ өзінің моральдық қасиеті, ақыл-ой қабілеті жөнінен отырықшы татар
немесе түркі шаруаларына қарағанда әлдеқайда жоғары тұр...”.
Олай болса, қазақтың ақыл-ой дамуының деңгейін көрсететін, болмысының
өзіндік бейнесі болатын рухани жеңіл материалдық мұраны өзіне біріктіре
алған қазақ салт-дәстүрлерінің ұлттық дүниетаным қалыптастыруда, ұрпақты
тәрбиелеуде атқаратын қызметі зор екендігі даусыз.
Қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлерін топтауға болады. Кейбір
авторлар, (С.Қалиев және т.б.) оларды үш үлкен топқа бөледі:
- бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
- тұрмыс салт-дәстүрлері;
- әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер.
Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген
күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелік дәстүрлерден (шілдехана, сүйінші,
балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу,
атқа мінгізу, сүндет тойы т.б.) бастап қыз бала мен ұл баланы келешек
отбасы-жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған
азаматтық жөн-жоралғылар кіреді.
Ал тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары,
ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылыққа
қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
Сондай-ақ әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлерге: қазақ ауылы, ауыл
адамдарының туыстық қарым-қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық
музыка аспаптары, қонақ күту, өлікті жөнелту рәсімдері, әдет-ғұрыптары
жатады. Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталсақ.
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлердің мынандай ерекшеліктері
бар. Жұбайлар отбасын құрған соң, олар баласы болуын арман етеді. Себебі,
бала өмірдің жалғасы.
Жас келіннің бойына бала біткенін сезген ене оны өз қамқорлығына алып,
пәле-жаладан, тіл-көзден сақтаудың шарасын істей бастайды. Абысын-ажын,
ауыл әйелдерін жинап, “құрсақ тойын” өткізеді. Оған жиналған әйелдер
шашуларын әкеп шашып, келінге бата-тілектерін білдіріседі.
Дүниеге жаңа келген жас нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-той,
салтанатты жиындар мен рәсімдер көп. Соның ең алғашқысы – жарыс қазан.
Жарыс қазан атанатыны – мұндайда аяу, ірку деген болмайды. Бұл дәм –
перзент ас піскенге дейін немесе астың пісуімен қоса тусын деген ниетпен
жасалған.
Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналатын салт-дәстүрдің бірі –
шілдехана. Оны кей жерде “шілделік күзету” деп те атайды. Бұл жерде ана
аман-есен босанған соң сол күні-ақ ауыл жастарына берілетін той.
Сүйінші. Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы
мүшелеріне үлкен қуаныш әкелген. Жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты
хабарды тез жеткізу үшін сүйінші сұрайтын болған.
Балаға ат қою. Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы
дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады.
Кейде “қырықтың бірі қыдыр” деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызады.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек мақсаттарға орайлас болып
келеді. Айталық: 1) бала бай, қуатты болсын деген тілекпен: Байбол, Дәулет;
2) күшті де батыл, ер жүрек болсын деп: Арыстан, Батырбек, Алпамыс; сұлу
да, көрікті, ажарлы да, әдемі болсын деп: Айсұлу, Нұрсұлу, Әсем, Раушан
т.б. есімдерді таңдап қойған.
Бесік. Қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды. Ағаш бесік көшпелі
өмірге өте қолайлы. Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Бесікке
салғандарға бірнеше білезік, сақина, жүзік үлестіреді.
Бесік той. Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі
ауыл-аймақты жинап, баланың қарын шашын алып, бесікке салу тойын жасайды.
Бесікте бала емшектен шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, еңбектеп жүре
бастаған кезде баланы бесіктен мүлде шығарады.
Бесікті қазақтың құрмет тұтуы сонша, кейде атасы жатқан бесікке
немерелері жатады.
Енді тұсау кесерге келетін болсақ. “Қаз баса ғой қарағым құтты болсын
қадамың өмірге аяқ баса бер, Асулардан аса бер”- деп талай ұрпақтың тұсауы
кесілген.
Тұсау кесетін адамды үй иесі өзі қалап алады. Тұсауға кезінде қойдың
тоқ ішегін пайдаланса, қазірде жіңішке ала жіпті байлап жүр. Тұсау кескен
адамға үй иесі көйлек кигізіп, сый-сияпат жасаған.
Атқа мінгізу тойы. Бала 4,5-5-ке толғанша әке-шешесі ұл балаға арнайы
ат, ертоқым даярлайды.
Ел жиналғаннан кейін баланың өзіне арналған құнанына ер салып, баланы
киіндіріп, атқа отырғызып жетектеген.
Қазақ баласы қаршадайынан атқа мініп шабуды, 5-6 жасынан бастап қозы,
лақ қайыруды үйренген.
Сүндет той. Сүндетке отырғызу (((-(((( ғасырларда араб елдерінен шығып,
бүкіл мұсылман жұртына тараған. Сүндетке отырғызу мұсылмандықтың белгісі
болып саналған. Баланы сүндетке 5, 7 немесе 9 жасында отырғызған.
Балаға ата тегін үйрету. Балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-
туысты, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыру, ата-тегін, руын, ел жұртын
білдіруге ерекше көңіл бөлінген. “Жеті атасын білу” заң болған. Ер жігіттің
үш жұрты бар, оның шығу тарихын, тегін білу әр азаматқа парыз деп ұққан.
Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана
қоймай, олардың қандай адам болғанын, елі-жұрты үшін еткен еңбегі, өнегелі
істері жайын да әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен
деген мақсат көзделген.
Тұрмыс салт-дәстүрлеріне мынадай іс-әрекет нормалары кіреді. Мал баққан
көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез
жығып, түйеге артып жүруге, шапшаң тігуге ыңғайлы.
Қазақтың тұрмыс-салт дәстүрлеріне: зергерлік өнер, дастархан мәзірі,
төрт түлік малды бағу, аң аулау кіреді.
Әлеуметтік – мәдени салт-дәстүрлер мынандай іс-әрекет түрлерімен
ерекшеленеді. Әлеуметтік – мәдени салт-дәстүрлер қоғамдық сана, қоғамдық
болмыспен тығыз байланысты, бір-біріне зор әсерін тигізеді. Әлеуметтік–
мәдени салт дәстүрлерге: шешендік өнер, қазақтың музыкалық аспаптары, үй
болуға байланысты салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар, қонақ күту, мейрамдар,
жерлеу және ас беру рәсімдері жатады.
Философия ғылымының докторы, профессор Н.Сәрсенбаев өзінің “Әдет-ғұрып,
дәстүр және қоғамдық өмір” атты еңбегінде әдет-ғұрып, дәстүрдің қоғамдық
өмірден алатын орнына, атқаратын қызметіне философиялық тұрғыдан талдау
жасап: “Дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен
тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді ”, - дейді.
Дәстүр – тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастың нормада бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ
әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі.
Әдет-ғұрып – рәсім арқылы көрсетілетін әрекет, қимыл. Ол да көпшілікке
ортақ іс-әрекеттен көрініс береді. Ал жол-жоралар, ырымдар - әдет-ғұрыптың
бөлшектері, сонан келіп салт пен дәстүр тоғысып туындайды.
Біздің пікірімізше, ырым, рәсімдер, жол-жоралар салттың құрамдас
бөлшектері болып саналады да, дәстүр осылардың сұрыпталып, өмір өткелінен
өтіп, тұрмыста орын алған синтездік формасы демекпіз. Ал әдет-ғұрыпқа
салттың синонимі деп қарау керек.
Салт-дәстүрлер бір жағынан халықтың тұрмыс-тіршілігімен байланыста
туған этнографиялық құбылыс болып саналса, екінші жағынан ұрпақ тәрбиесінің
ритуалы болып саналады.
Қазақтың салт-дәстүрлерінің құрылымын келетін болсақ. Салт пен дәстүр
ең негізгі басты бөлігі болып табылады. Соның ішінде, салтқа: ырым, жол-
жора, кәделер кіреді. Олардың өзі: баланы күтумен байланысты, құда түсу,
қыз ұзату, келін түсіру, өлікті жөнелту, ұлттық тағамдар дайындаумен, қонақ
күтумен, көшіп-қонумент байланысты.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау мынандай қорытынды жасауға
септігін тигізді:
1. Салт-дәстүр – көп қырлы қоғамдық құбылыс, ол әдетте жеке адам мен
халық адам мен адамзаттың рухани дамуын көрсететін әлеуметтік -
мәдени жетістік ретінде көрінеді. Салт-дәстүр өз дәуірінің айнасы.
Салт-дәстүрдің мәніне қарап, қоғамдық – экономикалық формацияның
саяси, тарихи және рухани өмірін анықтауға, бағалауға болады.
2. Салт-дәстүрлердің түрлері өте көп: бала тәрбиесіне байланысты салт-
дәстүрлер, тұрмыс салт-дәстүрлер, мәдени-әлеуметтік, жаңа салт-дәстүрлер
т.б. салт-дәстүр тіл мен сана секілді тек адамға ғана тән. Олардың
негізгілері көпшіліктің қатысуымен өткізіледі.
3. Салт-дәстүрлер жеке адамға қатысты немесе көпшілікке қатысты болып
келеді.
4. Салт-дәстүрлердің мынандай негізгі сипатына қарап ерекшеленеді.
- олардың сонау көне заманнан күні бүгінге дейін эстафета түрінде
жалғасуы;
- салт-дәстүрлердің өмірдің заңды ритмикалық құбылыстармен байланысты:
табиғат, уақыт, тарих көші, яғни салт-дәстүрлердің тұрақтылығы және мазмұны
мен түрінің өзгерісі.
Салт-дәстүрді өз игілігі деп түсінетін топтың қоғамдастықтың ұжымдық
сипаты. Салт-дәстүрдің мәдени бағалылығын сақтап, қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізілуі.
Салт-дәстүр дегеніміз – ұжымдық символдық іс-қимыл, адамдардың көңіл
қошының көрінісі, оларды ұжымға тартудың бір түрі, белгілі идеялар мен ойын-
сауықтарды символдық түрде ұсыну.
Қорытындылай келе, қазақ салт-дәстүрлері бүгінгі күнде арнайы зерттеуді
қажет ететін мәселе екендігіне көз жеткіземіз. Ол үшін мынандай міндеттерді
шешу қажеттігі туып отыр.
1. Салт-дәстүрлердің тарихын зерттеу, олардың халық педагогикасындағы
алатын орнын анықтау.
2. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мән-мазмұнын зерттеу, ұлттық тәрбие
берудегі қазіргі мектептерде оқу-тәрбие процесіндегі пайдалану
жолдарын көрсету.
Сонымен бірге “дәстүрдің озығы бар, дәурені жеткен тозығы бар”
дегендей, “жылтырағанның бәрі алтын емес”. Қазіргі заман талабына тура
келмейтін, мән-мағынасы өзгерген, ескірген салт-дәстүрлердің кейбіреулеріне
сын көзімен қарап, тәлімдік мәнін жоймаған салт-дәстүрлерді бүгінгі талғамы
мен пікірі жоғары жастардың кәдесіне жарату қажет.
1.2. Салт-дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты жіктеу
Қазіргі кезде республикамыздағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-
тәрбие жұмысының арқауы этнопедагогика. Этнопедагогика ғылым ретінде
анықталған, оның зерттеу объектісі халықтық педагогика болып табылады.
Халықтық педагогика – халықтың өте ертедегі ата-бабаларымыздың өмір
сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан
рухани мұрасының бірі. Халықтық педагогиканың бірнеше түрлері мен бағыттары
бар.
Салт-дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты мынандай топтарға жіктеп
қарастыруға болады:
- отбасындағы салт-дәстүрлер;
- адамгершілік салт-дәстүрлері;
- еңбек салт-дәстүрлері;
- ойын-сауық салт-дәстүрлері;
- әсемдік салт-дәстүрлері;
- өнер салт-дәстүрлері;
- ақыл-ой тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
- дене тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
- ерлік тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер.
Халықтық педагогикадағы тәрбиенің осы түрлеріне жеке-жеке тоқталайық.
Себебі, оның әрқайсысының өзіндік атқаратын рөлі бар.
Отбасындағы салт-дәстүрлер болсын, адамгершілік салт-дәстүрлері, еңбек
салт-дәстүрлері, өнер салт-дәстүрлері, дене тәрбиесіне байланысты салт-
дәстүрлер болсын барлығының да басты атқаратын қызметі жан-жақты жетілген,
өз ойын ашық айта алатын, дені сау, еліміздің болашағын ойлайтын ойлы,
іскер, еңбекқор, білімді азамат етіп тәрбиелеу.
Отбасындағы салт-дәстүрлерге келетін болсақ. Отбасы дегеніміз –
туысқандық байланыста болатын немерелер, ата-ана, ата-әже, балалар.
Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана.
Отбасының қос шынары атасы және аналардың анасы - әже. Ата-береке,
мейірім, даналықтың қайнар көзі, ата салтын алға апарушыларға үлгі беретін
қадірлі қария. Сондықтан да отбасында әке мен ананы, ата менен әжені
сыйлауға, құрметтеуге көп көңіл бөлінеді.
Ата-ананы құрметтеу біздің халқымыздың қанында барлығын дінімізде,
салтымызда, ақынымызда, жырымызда қолдап бірін-бірі толықтырып дәлелдей
түседі деп тілге тиек ете аламыз.
Ендігі жерде отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі – бала.
Сондықтанда қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлері баланың дүниеге
келуімен байланысты туған. Олар: сүйінші, балаға ат қою, бесікке бөлеу,
бесік тойы, тұсау кесу, атқа мінгізу тойы, сүндет тойы, құда түсу, ұрын
келу, ұзату, келін түсіру т.б.
Әрбір отбасы ұлы мен қызына жеті атасын білуге үйретіп, жұртын білуге
баулыған. “Әке көрген оқ жанар, Шеше көрген тон пішер” – дегендей отбасында
ұлын әкесі, қызын шешесі тәрбиелеген.
Тәрбиенің негізгі қағидаларының бірі ретінде “Қазақстан Республикасының
тәлім-тәрбие тұжырымдамасында” әке-ананың отбасындағы рөлін қарастырған.
Онда:
- біріншіден, баланы кішкене кезінен анасының сүт ақысын өтеуге баулу,
бүкіл қоғамда әйелге, анаға ерекше ілтипат қалыптастыру;
- екіншіден, бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігін, тәрбиешілік
мүмкіндіктерін арттыру. Отағасы шаңырақтың қорғаны, асыраушысы,
ақылшысы. Сондықтан қазақ әулетінің ер-азаматты бағалау, пір тұту
дәстүрін одан әрі жалғастыру – деп жанұядағы ата-ана тәрбиесінің
маңыздылығын айқындайды.
Адамгершілік салт-дәстүрлерінің мынандай ерекшеліктері бар.
Адамгершілік қоғамдық өмірдің тарихи - әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес,
адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болатын,
халықтық игі іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты,
әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.
Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы
дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге
баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі әдістеріне түсіндіруді жатқызуға
болады. Оның құралдары ретінде мақал-мәтелдер, әңгімелер мен ертегілер,
аңыздар, халық әндері сезім мен санаға ықпалды әсер ету құралдары болып
табылады.
Халық педагогикасына адамгершілікке тәрбиелеудің аса бай жолдары
белгілі болғанына көз жеткізу үшін келесі әдістер мен құралдарды атап өтуге
болады. Олар: көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну, тиым салу, ант
беру, күшейту, сөгіс беру, кінәлау және т.б.
Адамгершілік қасиеттің негізі имандылық пен ізеттілікте. Ал ол
отбасындағы тәрбиеден басталады. Осыны ұстам тұтқан қазақ халқы жастарды
отбасында кішіпейілдікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші
міндет деп санаған.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық
ұғымында жақсылық және жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиетінің
екі түрлі белгісі ретінде салыстыра суреттелген.
Бала тәрбиесіне ежелден ерекше көңіл бөлген халқымыз өздерінің мақал-
мәтел, нақыл сөздерінде адамгершіліктің асыл белгілері: ар-ұят, ождан
сақтау, сыпайыгершілікті, әдептілікті, үлкенді сыйлауды, достықты уағыздай
отырып, осы тамаша қасиеттерге қарама-қарсы адамды аздыратын өтірік, өсек,
еріншек сияқты жаман әдеттен сақтандырып бақты.
Адамгершіліктің ең жоғары түрі – бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр,
дос тұту, көпшіл болу.
Қазір тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Әрине, бала
тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бірақ бүгінгідей
қоғамның аласапыран шағында исі адам баласын адамгершілік тәрбиеге баулу
өте маңызды мәселе болмақ. Өйткені, тәрбиенің негізгі – іргетасы
адамгершілік тәрбиесіне байланысты.
Ал, еңбек салт-дәстүрлеріне келетін болсақ. “Адамды адам еткен - еңбек”
, - деп Ф.Энгельс айтқандай, еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі.
Еңбексіз өмір жоқ.
Барлық халықтардың ең озат дәстүрлері еңбек саласында орын алды.
Қашанда ең озықты алып жүруші, ең кереметті жасаушы еңбекші халық болды.
Сондықтан алдыңғы қатарлы озық дәстүрлерді зерттеу, ең алдымен халықтық
еңбек дәстүрлерін оқып үйренуді білдіреді.
Қазақ халқы: “Еңбек – адамның екінші анасы”, “Ердің атын еңбек
шығарар” – деген мақал-мәтелдері арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке
тәрбиелесе, “Жалқаудың жаны тәтті”, “Еңбегі аздың өнбегі аз”, “Еңбексіз
өмір – сөнген көмір”, - деген мақалдар арқылы халық еріншектіктің,
жалқаулықтың адамды аздырып-тоздыратынына жастардың көзін жеткізуді мақсат
етті.
Қазақ халқы ежелден ер бала мен қыз баланың тәрбиесін отбасында өзара
бөлісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып
мергендік құруға, қол өнер шеберлігін үйретуге әкелері мен аталары үйретсе,
ал қыз балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, ою-өрнек сияқты
отбасының ішкі жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.
Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну “Аяз би”
ертегісіндегі Аяз бидің, “Керқұла атты Кендебай” ертегісіндегі Кендебайдың
образдары арқылы берілген. Сонымен бірге ұлттық ойындардың да әсері мол.
Халық педагогикасының бұл салаларын тиімді пайдалану ізденуге, ізгі
іске жауапкершілікпен қарауға байланысты.
Салт-дәстүрдің тәрбиеге қатысты тағы да бір түрі – ойын-сауық салт-
дәстүрлері. Ойын – тіршіліктің нышаны, еңбекке бейімделудің белгісі.
Қазақ халқы “ойын баласы” деп, жас баланың ойнауына мүмкіндік туғызып
отырған. Ойынның түрлері өте көп. Әрбір ойынның тәрбиелік мақсаттары
болады. Мысалы, “асық” ойыны бағдарлыққа, дәлдікке, мергендікке үйретеді.
“Ақсерек-Көксерек”, “Ақ сүйек”, “Орамал тастамақ”, “Шілік”, “Арқан
тарту”, “Аударыспақ” сияқты ұлттық ойындары қайрат-жігерді, байқампаздық
пен сезімталдықты, “Тоғыз құмалақ” ойыны ойлау қабілетін арттырады.
Дегенмен де ойынның да орны бар, әркім ойынға, іске, оқуға, тынығуға
уақыт бөлу керек. “Асық ойнаған – азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де мал
баққан озар” деп, халық ойынға шек қоя мақалдайды. Қазіргі кезде ойынды
еңбекпен ұштастырып ұйымдастыру тәсілдері қолданыла бастады. Мысалы,
әртістік ойын, “құрылысшы” т.б. ойындар баланы ойнап, әрі кәсіпке үйретіп,
әрі пайдалы нәтиже шығаруға баулиды.
Ойын – халықтың баланы әдептілікке баулитын тәрбиелік құралы. Сондықтан
әрбір ойынның мазмұнын, мәнін түсініп, қызыға, әдеппен, тәртіппен ойнау
қажет.
Орынсыз ойнай бермей, оқуды да, тұрмыс-тіршілкті де ойлай білу - әрбір
баланың міндеті.
Әсемдік салт-дәстүрлері мынадай іс-әрекет нормалары мен ерекшеленеді.
Әсемдік тәрбиеде халық өнерінің алатын орны ерекше, өйткені өнер халықтікі,
оны тудыратын да, бағалайтын да оның өзі.
Әсемдік тәрбиесі – адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге
үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, жақсы мен жаманды
ажырата білуді қалыптастырып, ұсқынсыз, жағымсыз нәрсені танытады.
Халық педагогикасындағы әсемдік тәрбиесінің негізгі құралы - әдебиет,
өнер. Өнер мен әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әртүрлі құралдар
арқылы баланың санасына әсер етіп қалыптастырады.
“Өнерлі өрге бастырады” - деп халық көркем өнерді жоғары бағалайды да,
“ақын - елдің еркесі”, “күйші – қиялды, биші - зиялы” деп өнер адамдарын
ардақтайды.
Сәндік өнерді үйрету, халық дәстүрінде негізінен, еңбек тәрбиесімен
ұштастырып жүргізіледі. Ішік, тон, шекпен, камзол тігу және оны ою-өрнекпен
безендіріп, тігу өнері - әсемдік тәрбиенің нәтижелерін бейнелейді.
Әсемдік тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың
жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.
Тәрбиеге қатысты қазақ салт-дәстүрлерінің бірі - өнер салт-дәстүрлері.
Қазақ халқы - өнерпаз халық. Ойын-сауық, тойда қалыптасқан дәстүр бойынша
өнер көрсетпеген адам қалмайды.
Халық ұлдары мен қыздарын өнерпаздыққа баулу үшін, түрлі ойындарды
ойлап шығарған. Мысалы, “Алтыбақан” ойыны. “Алтыбақан” ойыны кезінде жастар
жиналып, өнер көрсету жарысын өткізеді. Мұндайда жұмбақ айтып, оны шеше
білу, жаңылтпаштарды жаңылмай айту ескеріледі.
Өнерпаздық дәстүр көбінесе әулеттік дәстүр болып қалыптасады. Бір
отбасындағы барлық адамдар өнерпаз болып, ол дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып отырады.
“Қыз сыны” , “Жігіт сұлтаны” сияқты сымбат пен өнер жарысында
өнерпаздық дәстүрдің ұлттық мәйектері сараланып, өнер үшін баға беріледі.
Қазақ қызы әрі сымбатты, әрі нұрлы, әрі еңбекқор, әрі өнерпаз болу керек.
Қазақ жігіті жігіттің сұлтаны ретінде өнерден де, ептілік пен күштіліктен
де, сымбаты мен сәні жағынан да елді елең еткізетін ерекше жан болуы қажет.
Өнерпаздық дәстүрі бойынша әркім бір ғана өнермен шектеліп қалмауға
тиіс.
Ақыл-ой тәрбиесіне келер болсақ. қазақтың халық педагогикасы баланың
пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгі-өнегелі іс-
әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске
асырады. Ол үшін халық мақал-мәтелдерді, өнегелі өсиет сөздерді, даналық
уағыздарды, шешендік сөздерді пайдаланады.
Жастарға ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой-санасын өрістетуде ауыз
әдебиетінің айтыс жанры, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтыс ерекше роль
атқарған.
Ақыл - ерен еңбектің жемісі. Ақылды адам болу үшін көп үйреніп, көп
білу керек. Білім мен ақыл егіз. “Алтын шірімейді, ақыл ірімейді”, “Ақыл –
дария, алсаң да таусылмас” деп ақылды, есті адамдарды халық үлгі етіп
көрсетіп отырған.
Дене тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер. Қазақ халқының дене
тәрбиесіне лайықталған дәстүрлері өте көп. Оларға: атқа отырғызу, күрес, ат
жарыс, жаяу жарыс, көкпар, аударыспақ, найзаласу, жамбы ату жатады.
Аударыспақ – ер азаматтың атқа шауып, күш сынасудағы артықшылығын
көрсететін халықтық ойын.
Найзаласу, жамбы ату – ер жігіттің күш-қуатын арттырып, ептілігі мен
мергендігін қалыптастырады.
Қыз қуу – жігіттің жігерлілігін, батылдығын, атбегілік еңбегі мен
өнерін сынайтын дәстүрлік ойын.
Ерлік салт-дәстүрлері. Ерлік – кісінің қайрат жігерінің, ақыл-ойының,
ар-намысының ел қорғаудағы және еңбектегі жемісті де, жеңісті көрінісі.
Баланы ерлікке тәрбиелеуде халық ел игілігі болатын еңбекті, ел
қорғайтын батырлықты мадақтап, жоғары бағалады.
Баланы ерлікке тәрбиелеудің сан алуан тәсілдерінің бірі – балалар
сахнасында ерлік өнегесін, насихаттап көрсету.
Қазіргі таңдағы біздің мақсатымыз этнопедагогикадағы тәрбиенің осы
түрлерін дұрыс жүргізе отырып еліміздің болашағы жастарды жастайынан жан-
жақты дамыған, рухани байлығы мол, моральдық жағынан жаны таза, дене
сұлулығы үйлесімді, өнегелі, өнерлі, “сегіз қырлы, бір сырлы” абзал азамат
етіп тәрбиелеу.
1.3. Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік негіздері
Кез келген қоғамдық кезеңдегі адамзат алдында тұратын ұлы міндеттің ең
бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ
тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол
келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми
өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-
пайымды, білімді, мәдениетті, іскер азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы
мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны
бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана
жүзеге асыруға болады.
Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-
дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.
Қазақ елінің де өзге халықтар сияқты, бала тәрбиесі жөнінде атам
заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы
ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін сүюшілік
секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп,
қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен
бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен
іс-әрекеті - салт-дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану
көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі
болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін осы
уақытқа дейін өлең-жырмен насихаттады.
Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін
тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп
отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы
болып отыр.
Өкінішке орай, ұзақ жылдар ұлттық салт-дәстүрді аяқ асты ету, ана тілі
мен ұлт мәдениетіне менсінбей қарайтындардың көбеюі, сонымен қатар кісі
өлтіріп, үй тонап, бас еркінен айрылып, еңбек түзеу колонияларында
отырғандардың көпшілігінің жастар болуы ұлттық тәлім-тәрбиенің мектептер
мен арнайы оқу орындарында пәрменді түрде жүргізілмеуінен туындаған сорақы,
жат көріністер еді.
Осы тәрбиенің дәстүрмен тығыз байланысын тұңғыш қарастырушы
К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерінде тәрбиенің халықтық сипатына және
тәрбиедегі адамгершілік мәселелеріне көңіл бөле отырып “Тәрбие көзі –
халықтық педагогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерінде
жалғастырушы педагог Ы.Алтынсарин. Ол қазақтың қыз ұзату, бесікке салу
дәстүрлерін арнайы зерттей отырып халықтық тәрбиенің өзегі ұлттық салт-
дәстүр екендігін көрсетеді.
Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптарымен байланысты туады.
Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана өткізу, тұсау кесу, атқа
мінгізу тойлары; үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, ұрын
келу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, кәде-ырымдар қазақ халқында ежелден
сақталған. Міне, осының бәрі өміршең ұлттық тәрбие.
Осылардың ішінде бесік жырының тәрбиелік мәніне келер болсақ. Тұрмыс
салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бөбекті жұбату үшін ғана шығарылған
емес. Біріншіден, бесік жырының ырғағы тәрбиесіне сәйкес келетін сабырлы
екпінде айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған
сүйкімді әсер етіп, жан жүйесін жадыратады. Екіншіден, баланың келешегіне
үміт артып, тілек айта отырып, оны жұбатушы ана болашақтың шамшырағымен нұр
сәулесінен қуат алғандай әсер етеді. Үшіншіден, ата-ана жатқа айтқан
әуендерді тілі шыққан балдыр-ғандарда жаттап әрі тілі дамиды, әрі сол
сөздерден тәлім алады.
Бесік жырларын мазмұнына қарай: шілдехана, бесік тойы, жұбату және
тілек айту деп топтауға болады.
Жаңылтпаштардың тәрбиелік мәніне келер болсақ. Халық баланың тілін
ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар
ойлап шығарған.
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау,
сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.
Жаңылтпаштар тек жас балалардың тілін ширату үшін ғана қолданылмайды,
сонымен қатар жаңылтпаш айтысып, тіл ұстартуды үлкендер де салтқа
айналдырған болатын.
Шілдехана рәсімінің әдептілік мәні зор. Шілдехана – нәресте туған
күннен бастап, үш күнге дейін, нәрестені әрі күзетіп, әрі ананы қуаныш-
шаттыққа бөлеп, ойын-сауық өткізу рәсімі.
Жарық дүниеге жаңа келген нәрестенің әсем әуен, күмбір күй, анасының
үні қосылған дабыр арқылы сезім жүйесі ояна түседі.
Халық салтында шілдехана тойында ішімдікке жол беру - әрі обал, әрі
күнә, әрі қылмыс болып табылады.
Балаға ат қою рәсімі, көбінесе, шілдехана ойын-сауық кешінде
орындалады. Ертеде нәрестеге ат қою рәсімін жанұядағы ең үлкен ұлағатты
кісі орындаған. Балаға ат қоюда қазақ халқы, көбінесе, атақты адамдардың
атын қоюды дәстүрге айналдырған. Мысалы: елін сүйген ерлердей болсын деп
халық ұл балаларын: Алпамыс, Төлеген, Бауыржан, Тоқтар десе, қыз балаларын
Мәншүк, Әлия деп атайды, мөлдір махаббат пен асқан сұлулықты қастерлеген
халық қыз балаларын көбінесе: Баян, Жібек, Ақтоты, Қарашаш деп атайды.
Аттың атау кезінде жан жүйеге әсер ететін, әдептілікке бейімдейтін
қасиеттері сол аттың өз мәніне байланысты болады.
Бата, тілек тілеудің тәрбиелік мәні. Бата – адам баласына жақсылық
ойлау, оған тілек айту қазақ халқының дінге байланыссыз алғашқы қауымда
қалыптасқан дәстүрі. Бата мен тілектің мағынасы бірдей, яғни бата дегеніміз
– тілек, тілек дегеніміз – бата. “Үйің құтты болсын”, “Сапарың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz