Бауыржан Момышұлы жайында



1 Кіріспе.
2 Қорытынды
3 Әдебиеттер
Қазіргі қоғам алдында тұрған негізгі міндет – бабаларымыз негізін салған ұлттың ерлік дәстүрлерге ғылыми түрде шынайы бағасын бере отырып, асыл мұралар арқылы бүгінгі жас ұрпақтың адами құндылықтарын, қазақстандық отансүйгіштігін қалыптастыру болып табылады. Ердің іс әрекеті бейбіт кезде де, соғыс кезінде де таныла береді. Ерлік – жаугершілік уақытта да, күнделікті өмірде де ел – жер мүддесі үшін қауіп қатерлі істерге, ерекше қимылдарға бару іс - әрекеті.
Қазақтың жауынгерлік дәстүрін қазақ халқының көшпелі тіршілігіне, қоғамдық құрылым ерекшелігіне байланысты қарастыратын болсақ, жауынгерлік дәстүр – тұтас қазақ қолының жауынгерлік сипаттағы әзірлігін үзбей ұстауы. Сол себепті қолына қару ұстауға жарайтын азамат кез – келген уақытта қазақ әскерінің жауынгері бағыт табылатын.
Ұлттық жауынгерлік дәстүрдің ерекшеліктері:
- Шағын ауыл, рудан бастап, сатылай отырып белгілі жүзді, одан үш жүзді біріктіретін қазақ халқының тұтас қолын құрайды.
- Қолына қару алып, соғыса алатын әрбір ер – азаматтың әскери міндеттілігі. Бозбала шақтан қартан кезге дейінгі жас аралықты қамтиді. (Қабанбай 13 ж, Абылай 17 ж, ал Қожаберген 60 жасында ерлікпен соғысқан, 90 ж асқан Жанқожа отаршылдыққа қарлы күрескен)
- Әскери лауазымға тағайындауда оның шыққан тегі, әлеуметтік ортасы ескерілмеді.
- Қазақ әскері тек атты әскер санатында жалаң талған. Сол себепті батырлардың соғыста мінетін аттарына ерекше маңыз берілген.
- Қол өз туын көтеріп, өз ұраны шақырған әруақты батырлардың аттары ұранға айналып отырған.
1. Бауыржан Момышұлы
2. Бауыржан Момышұлы шығармалар
3. Бауыржан Момышұлы шығармалары (екі томдық) Алматы, 1968
4. Соғыс және жеңіс. Алматы «Балауса» 1995 ж 25-бет – 27-бет
5. Ақиқат Ұлттық қоғамдық – саяси жұрнал. 2003 ж №11 9-бет – 12-бет

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Қазіргі қоғам алдында тұрған негізгі міндет – бабаларымыз негізін
салған ұлттың ерлік дәстүрлерге ғылыми түрде шынайы бағасын бере отырып,
асыл мұралар арқылы бүгінгі жас ұрпақтың адами құндылықтарын, қазақстандық
отансүйгіштігін қалыптастыру болып табылады. Ердің іс әрекеті бейбіт кезде
де, соғыс кезінде де таныла береді. Ерлік – жаугершілік уақытта да,
күнделікті өмірде де ел – жер мүддесі үшін қауіп қатерлі істерге, ерекше
қимылдарға бару іс - әрекеті.
Қазақтың жауынгерлік дәстүрін қазақ халқының көшпелі тіршілігіне,
қоғамдық құрылым ерекшелігіне байланысты қарастыратын болсақ, жауынгерлік
дәстүр – тұтас қазақ қолының жауынгерлік сипаттағы әзірлігін үзбей ұстауы.
Сол себепті қолына қару ұстауға жарайтын азамат кез – келген уақытта қазақ
әскерінің жауынгері бағыт табылатын.
Ұлттық жауынгерлік дәстүрдің ерекшеліктері:
- Шағын ауыл, рудан бастап, сатылай отырып белгілі жүзді, одан үш
жүзді біріктіретін қазақ халқының тұтас қолын құрайды.
- Қолына қару алып, соғыса алатын әрбір ер – азаматтың әскери
міндеттілігі. Бозбала шақтан қартан кезге дейінгі жас аралықты
қамтиді. (Қабанбай 13 ж, Абылай 17 ж, ал Қожаберген 60 жасында
ерлікпен соғысқан, 90 ж асқан Жанқожа отаршылдыққа қарлы
күрескен)
- Әскери лауазымға тағайындауда оның шыққан тегі, әлеуметтік
ортасы ескерілмеді.
- Қазақ әскері тек атты әскер санатында жалаң талған. Сол себепті
батырлардың соғыста мінетін аттарына ерекше маңыз берілген.
- Қол өз туын көтеріп, өз ұраны шақырған әруақты батырлардың
аттары ұранға айналып отырған.
- Бүкіл халық басына күн туған қан құйлы соғыс кездерінде
қазақтың кез – келешектері де қол құрап, майданға араласқан
(Томирис, Умай ана, Тауһар, Назын т.б.)
Қазақта жеті атасын білмеген ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмеген ел
жетесіз десе, қазіргі тәуілсіз, демократиялы Қазақстанда басқарып отырған
Елбасы да: Мен қазақ болғандықтан, халқымның бес ғасырлықтарихын білуге
тиіспін деп ағынан жарылып айтқан сөзін, мен өзім ешқашан есімнен
шығармаймын.
Халқымыз талый дүбірлі, дүрмекті кезеңді бастан өткізді. Баланы туа
саласымен ерлік рухта тәрбиелеу, еңбекке елін, жерін, ана тілін сүюге баулу
бесік жырынан басталған. Отанды сүю – отбасынан басталады деген ата
бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне, бүкіл әулет тәрбиесіне аса мән берген. Б.
Момышұлының да тәрбиесін, жеке тұлға болып қалыптасуына да себепкер болған
әжесі Қызтумас Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам дегендей, әжесі
Бауыржанға да кішкентайынан ертегілер, аңыз - әңгімелерді айтып отырған.
Сондықтан Қазақ патриотизмі халықтың болмыстан бойға дарып, ой сананы
жетілдіретін құблыс. Ал осы отансүйгіштікті сақтай білу, қазақ
мемлекеттілігін нығайту жолындағы үрдіспен оны үйлестіруге үлес қосу әрбір
алаш азаматының парызына айналуға тиіс.
Қазақтың батыр ұлы, жазушы Б. Момышұлының ұлт руханиятының асыл
арналарына қатысты жазылған өзекті толғаныстары бүгінгі тәуелсіз
мемлекетіміздің алар асуына, шығар биігіне бағыт – бағдар беретін құндылық
Қанмен жазылған кітабы (1991) жаңа толқын жас ұрпақты ата дістүрін
қастерлеп, Отан сүю рухында тәрбиелеудің рухани құралы деп жазған
М.Мырзахметов. ал ақын Олжас Сүлейменов Менің бақытыма қолыма Александр
Бектің Волоколом тас жолы романы түсті. Оның тас түйіні Бауыржаны менің
аяулы кейіпкерлі болды. Өткір, такабар, әділ, батыл да дана Бауыржан бір
мені ғана емес, талайды қазақты қадірлеуге үйретті. Бауыржанның қазақ
болғаны мен үшін бақыт еді деп жазған еді. Сондықтан әркім патриот бауы
үшін өзінің ана тілінің қадір қасиетін білу керек. Б. Момышұлы ана тілін
ардақтап, қазақ тілін құрметтегенін, оны дамыту мен өркендету, қолдану
аясын кеңейту мақсатын көздеген М.Әбідхалықовқа арналғанхаттан айқын
аңғарылады.
Ежелден, атам заманнан тіл – елдің мәдениет, әдебиеті өсіп - өніп,
отбасындағы ірі тіршілігінен бастап, қоғам, халық, ел құралы – ғылымның
атаулы саласы екендігі даусыз. Тілсіз-алуан дейді. Тілі кедей елді –
мәдениетсіз, анайы, надан халық деп санайды.
Тілдің көмегімен өнер білімге, мәдениет – ғылымға жетіп, өткен –
кеткенмен әлемді танытып, өзімізді жұртқа, желеге танытамыз, сөйлейміз,
оқимыз, жазамыз, өз басымызды, үй – ішімізде, қоғам – халықты ел – жұртты,
мемлекетті меңгереміз, сондықтан, өнер алды – қызыл тіл дегендей адам
баласының байлығында тілден артық не бар жуырда қыркүйек айында Алматы
қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтың тікелей өзі ұиытқы болуымен тіл
мәселелеріне байланысты кеңесі түйінді мәселелерді шешсе деп тілеймін. Іс
қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру біраз облыстарда
(оңт.Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Атырау) жүзеге асырып отыр. Әлі де
мемлекеттік тілге көше алмай отырған облыстарымыз да бар шылық. Онсыз
қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың бір факторы саналатынана
тіліміздің қоғамдағы орнынбиікке көтеру мүмкін емес. Ұлттық рухымыз биік
болуға тиіс. Ұлттық рух туралы тарихта мысал көп. Рейхефгорер Г.Гимлер
хатында (1940 ж) Шығыс халқынжаулап алғанда олар тек 500 – ге дейін ғана
санауды білу керек дегенде, оған жауапретінде А.Гиитлер: Тағы ең қажетті
саналатын нәрсе олардың ұлттық рухын жоғалтуымыз керек. Егер біз қателік
жіберіп, босаңдық көрсетсек, олар өз тарихын оқып, ата – бабаларының рухы
жігер беруімүмкін - дейді. Бұл жерде Гитлер нені меңзейді? Мүмкін, бір
кездегі Европаның үрейін ұшырған ғұндарды айтып отырған шығар. Сондықтан
ұлттық саналы оянған, өзіндік қасиеті мен намысы бар халық құлдықта ұстау
мүмкін емес. Оған біздің ата – бабаларымыздың ерлігі, тарихымыз күә.Қазақ
халқының 10 буын ұрпағы азаттық туын қисайтпай, көтірп келген. Қазақстан
халқы енді 30 жылдан кейін 25 млн болады дейді. Қазақ қүлға
сіңгендейжоғалып кетпес үшін, ілгері ұмтылуымыз үшін не істеуіміз керек?
Ең алдымен, егеменді еліміздің болашағы – жас ұрпақтыңойы оралады,
саналы жоғары, тәрбиелі болып ау қажет. Егемен еліміздің бейбітшілігі мен
бірілігін сақтайтын жас ұрпақтың санасына жастайтын ата –бабаларымыз
негізін салғанрухты өндіру.
Осы мақсатта Елбасы Әрбір азамат тарих қайнауына ойша тереңдеу
арқылыөзінің ата - бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты
мұрагері болуға тиіс - деп халыққа нақтылап айтты. Елбасның жүрегі Отаным
деп сайрап тұрса, бұл тұнып тұрғанпатриотизм емес пе?
Б. Момышұлының еңбек мұраларында өмір тұрмыстан туындаған, уақыттың
талап таразысынан, ақыл-парасат жемісіне айналған нақыл сөздері көп. Б.
Момышұлының мақал-мәтелдерінде адалдық, әділдік, елдік пен ерлік, отан,
өмір мен өлім, дос, дұшпан, жақсы мен жаман, тәртіп туралы өмір
тәжірибесінен туған көзқарас, жағымды түін-тұжырымдар мол. тұрады. 20-22
жастағы жас жігіттің Біреулерге, Омарбекке деген өлеңдерінде 1930 жылғы
асыра сілтеумен ашаршылықтың себепкері ұр да жық надан белсенділердің
сотқарлық қылығын:
Қалды ма айыр тұяқ елде малдан,
Жалғыз сиыр қалмады ет планнан.
Ел етсіз, бала сүтсіз қалып кетті,
Барып ең уәкіл боп сен ауданнан, -
деп қазақ жұртын қайғылы қасіретке ұрындырған қара бұлттың қоюланып
келе жатқан қалпын дәл суреттеген. Менің пікірімше, осы арқылы зорлықа
өзінің іштей қарсылық рухын да лирикалық кейіпкер арқылы жеткізе отырып,
заман шындығы, қанды майдан үстіндегі жауынгердің ішкі рухын таныту арқылы
жастарды елік, жерін сүюге деген махаббат сезімін оятуда таптырмайтын өмір
оқулығындай әсерде қолданып отырады. Бауыржан Голощекиннің жасанды аштығына
қарсыласып Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаев сияқты зиялылармен тектес
наразылығы мен оның еліне, жеріне деген махаббатын, оның нағыз патриот
деуіме ешкімнің дау болмас. Себебі, қазақ даласында ақындар көп, бірақ
соның ішінде шындықты бетке айта алатын ақындарымыз санаулы болған. Оны біз
мына өлең жолдарынан көре аламыз.
Басқаның жамылған соң көлеңкесін,
Жатақтап өлетіндей кетеді екенсің.
Жүрексіз қоян сынды сендейлер ғой,
Халықтың қашыратын берекесін
Бейшара, жаңа білдім, кем екенсің,
Қурайға іші қуыс тең екенсің,
Айтушы еді марқұм әкем қызық өлең,
Сондағы нысанасы сен екенсің.

Бауыржан Момышұлы Алматы Қазақстан Қанмен жазылған кітап 1991 ж
Бұл өлең жолдарында Бауыржанның батылдығы, қайраттығы, қазақтың ер
жігітiне сай мінезін көріп тұрмын. Ол өзінен үлкен ақындарды, басшыларды,
асыра сілтеушілердi елінің патриоты емес, іші қуыс қурайға теңеп тұр.
Шынында да, өкіметке ұнамақшы болған, беттері жылтыр, арты қуыс асыра
сілтеушілер кесірінен халықтың берексі кетіп, ұйқысы қашып кетеді.
Бауыржан Момышұлының Әбдіқалықов жолдасқа деген хатында, Қазақстан
жазушыларына, журналистеріне, баспагерлеріне арнап жазған:
Жеке өзімнің көз қарасым тұрғысынан алғанда, жауынгерлердің әділетті
талабы. Сіздердің бәріңізге жеткізу үшін жазып отырмын, сыпай да әдепті,
саралап сөйлеу деп шығыңқырап кеткен мені кендік жасап кешіре алатын
Сіздердің кішіпейілдіктеріңізге үміт арта отырып, төменде солдат тілінде
қаталдау, дөрекілеу, арсын-гүрсіндеу жазылған болмашы ғана кірбінді жайға
Сіздер әдебиетші деген атқа лайықсалқынқандылықпен, іскерлік тұрғыда құлақ
асады деп сенемін. Сірә, бұл үшін уақыт керек (онсыз да уақыт жетпей
тұрғанда), дөрекілеу болса да, атқарылып жатқан іс жөнінде, әскери қызмет
хақында қысқаша жазбақпын, өзіміз бастан өткізіп отырған Ұлы Отан соғысының
каһарлы күндері халқымыз, советтік тыл, Қызыл армия жауынгеріне майдан үшін
және жеңіс үшін қажеттің бәрін беріп отыр.
Бұл хаттың бастамасында Бауыржанның тағы да қаталдық мінезін, оның
майдан төріндегі жауынгрлеріне көзқарасы және оның халқына деген
жанышырлығын көруімізге болады. Себебі ұрыс барысында қару-жарақ сияқты
әскери киім-кешек те тозады, жауынгерлердің табанынан сыз өтпеуден, жауын-
шашын мен желден қорғайтын былғары мен мақта-мата материялдары халыққа,
соғыс ісіне үлкен пайда келтіретіндей әсер етеді. Сондықтанда күндіз-түні
жұмыс істейтін халқымды-жұртымды азаптай бермеңдер, олар мен және басқа
солдаттар сияқты соғысып жүр дегендей ой білдіреді.
Мен хатты оқи отырып мына жолдарында, Бауыржанның қанды майданда қаза
тапқан қанды көйлек майдандас достары мен солдатқа деген көзқарасын
байқадым:
Күресте біздің жауынгерлермен командирлердің рухы граниттей берік.
Олардың әрбірінің жүрегінде қас дұшпанға деген ыза-кек қайнайды. Бірақ
жауынгердің жаны да қажиды, солдат қатып қалған тас емес, шыны емес, адам,
адамға тәр барлық адамгршілік қасиеттері бар, сергектік тіпті осалдықта жат
емес, адам. Иә шынында да, адам ержүректілік, ерлік, қаһармандық көрсетіп
қана қоймай сонымен қатар жаны күйзелген сәттерде, жігерсіздік те, ынжықтық
та танытады. Батырлық ол - өз бойындағы қорқынышты жеңу деп ойлаймын.
Көпшілігі өзін билеген әлсіздікті жеңіп, өзін-өзі қолға алады.
Екіншілеріне жолдастары қол ұшын береді.
Үшіншілерін командир мен саяси жетекшілері жігерлендіріп, бір сөзбен
айтқанда, ертеңгі күнгі шайқасқа жауынгер қылыштың жүзі, найзаның ұшындай
қайралады.
Жауынгер де сүйек-еттен жаралған. Ол да өмір, махаббат туралы ойланып
толғанады, сүйіктісінің іңкәр сезімі мен ерке назын, кішкентай
қарадомалағының былдырлаған бал даусын, бұйра шашты бүлдіршін қызын
сағынады, өйткені ол – ер азамат, ол әке!
Оның жүрегін жауынгерлік ерлік қуанышы, махаббат қуанышы, әкелік сезім
қуанышы кернейді, оны әсем табиғат тамсандырады. Бұл өмір ғой, ол тірі
адам емес пе? Мен қатардағы жауынгер емеспін, бірақ та солдатпын, мұның
бәрін өз басымнан кештім, көріп, есіттім, - дейді Бауекең. Бұл сөзі оның
тек елінің ғана патриоты емес, жақсы капитан, сенімді дос екенін көрсетеді.
Бауыржан 10-15 минуттық демалу кезінде блиндажға кiреді. Сонда
солдаттар киім-кешек салатын қапшығынан кітабын алып, мазмұнын оқи
бастайды. Біраз уақыт өткеннен кейін саяси жетекші газет әкеліп береді.
Жауынгер қолына Социолистік Қазақстанды алады. Әлде бір нәрселерді ынтыға
іздеп, газет беттерін толық сүзіп, ренжіп кері қайтарып былай депті:
- Тағыда майданға көмек пе?! Бүкіл газеттің бетіне басыпты. Әрине,
мен бұған қарсы емеспін, мұны сөзсіз басу да қажет шығар, бірақ барлық төрт
бетке бірдей берудің керегі бар ма еді... Ауыр күрсініп, одан да адамның
жан дүниесіне әсер ететін материалдар баспай ма?! – деді. Әттеген ай!
Редактор, редактор, сенде жүрек жоқ екн ғой, бауырым. Құдды менің пулеметім
сияқты: сақ, сақ, сақ етіп қайта-қайта бас-аяғы жоқ, соғыс, соғыс,
соғыс деп сарпайсың... Әрине, соғысты мен тіреске шығарып тұрған жоқпын.
Факт бір жарым жылдан бері көз алдымызда тұрған жоқ па. Қара бидайдың
кепкен нанындай қатып қалғансың, бауырым, өкінішке орай, соғыс жайлы аз
білесің.
- Мә... Красная звезданы,- саяси жетекші орын басары газетті
ұсынады.
- Әкелші, қандай жақсы хабар жазады екен,- газетті қолына алып оқи
бастады...- деп жазады Бауыржан Әбдіхалықовқа.
Әй, шынында қазақ жерінде басылып шыққан газет Красная звезданы оза
алмады. Сонда, Бауыржанның айтқысы келгені (әскери сөзбен айтқанда) баспа
сөз соғыс туралы атасының басы біледі. Ол қызықсыз Қазақ жеріне басылып
шықты дегенге ұят. Бұл, хатта Бауыржанның Отанының абыройын редактор да
басқа ел алдында көтере алады дегені.
Хат соңында Бауыржан былай дейді:
Енді аздап өз атымнан айтайын.
Ұлы Отан соғысы майданында шайқасып жүрген кемінде жүз мыңдаған
жауынгер қазақ бар. Олардың басым көпшілігі орыс тілін білмейді. Сіздерден,
жауынгерлер мен командирлерден (өкінішке орай, соғыс және еңбек майданында
бір сапта бола алмағандармен) мен мынаны сұрамақпын:
1. Сіздердің қайсыңыз әдебиет майданының қандай бөлімі мен қандай қару
түріне (поэзия, проза, драматургия және т.б.) жатасыз? Бұл неғылған бөлім
мен қару түрі, және сіз солдат ретінде соғыс және еңбек майданында не істеп
жатырсыз?
16-сұрақпен аяқтай келіп, Бауекең былай дейді:
16. Сіздерге жүздеген мың жауынгерлерді (орысша түсінбейтін немесе
нашар түсінетін) – қазақтарды өз ана тілінде шығатын газет пен әдебиетсіз,
ескерусіз (мүлдем) қалдыруға кім құқық берді?
Мен солдат ретінде осы сұрақтың бәріне жауап талап етемін.
Тағыда біраз нәрселер айтайын деп едім, бірақ уақытым тапшы болды.
Қаламым шындықты жазып отырғандықтан да хатымды қайталап кешірім сұраймын
деген сөзбен аяқтағым келмеидi.
Бұл жолдар шындықты айта білетін, қазақ әдебиетінің, тілінің болашағын
ойлайтын азаматтың сөзi десек қателеспейміз. Бұл жолдар талдамай ақ
түсінікті.
Бауыржан атамыз патриот болғандықтан өз тілін өте қатты құрметтеп,
алдыңғы салаға қойған. Ол Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-
санасының негізгі өнеге, нағыз белгісі емес пе? деп бекер айтпаған.
Себебі, ана тілінен бірнеше жағдайлар болып ажыраған ел азғын ел атанып,
аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап құмға сіңген асудай дерексіз жоғалып
кеткенін, тарихтан кездестіруге болады. Ондай сортаңдай ел, бұрыңғы кезде
аз болмағандығына тарихта дәлел бар. Бауыржан ата тілді сортаң, ол қазақ
елінің намысын сақтаумен теңеген. Намысы жоқ елдің патриоттық, батырлық,
батылдық сезімі болмайды. Бауыржан Момышұлы өзінің патриоттық сезіміне,
еліне, жеріне деген сүйіспеншілігіне, батырлық сезіміне түрткі болған, осы
қазақ тілі екенін айтып өткен Тамыр шымырлатып, жан-жүйеңді жандырып,
құлақ құрышын қандырып, керегінде жанға тиіп, ашындырып өтін сыртқа
шығарып, қайрап, егеп Сөз тапқанға қолқа жоқ дегендеи ерге, елге медет
болып, ер намысын, ел намысын, адамгершілік арын, қан майданда, қырғын
соғыста қасиетті тудай жоғары көтеріп, текті сезім оятып-туғызып, адам
түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын
тіл. Иә, Бауыржан Момышұлын біз патриот, ел намысын қорғаған ерлігіне шек
болмас ағамыз, бізді қатты болсын, бірақ игілік үшін тәрбиелеген сөзі бізді
шынықтырды десек, Бауыржанның өзін осы қарапайым қара қазақ тілі бүркіттің
балапанындай қайратты етіп тәрбие етті десек, қателеспейміз.
Патриоттық сезім ерлік – бұл табиғат сыйы емес, ең алдымен өзіңнің ар-
намысыңды және азаматтық қасиетті абыройын опасыздық, масқара болу, ұят
сезімнен қорғай отырып, Отан алдындағы парызды орындау үшін өзіңді саналы
түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі. Бауыржан ата былай
деген: Егер адамның бойында ұят сезім болмаса, онда ерлік те ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлы: тарихи тұлға және көркем образ
Бауыржан Момышұлы шағармасының зерттелуі
Ұлт тағлымы
Бауыржан Момышұлының соғыс өнері
Бауыржан Момышұлының шығармашылық қызметі
Ақиқат пен аңыз - повест
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы ерлік пен елдік
Естелік жайлы шығармалардың табиғаты мен ерекшеліктері
Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982)
Пәндер