Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қандәулетова Ұлжалғас Мейрамқызы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану

5В041700 - Сәндік өнер мамандығы бойынша

Түркістан-2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Өнер факультеті

«Қорғауға жіберілді»

«Бейнелеу өнері» кафедрасының

меңгерушісі, п. ғ. к., доцент м. а.

Е. Ауелбеков

«» 2016 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану

5В041700 - Сәндік өнер мамандығы бойынша

Орындаған:

ӨКМ-211 тобының студенті Қандәулетова Ұ. М.

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к., доцент м. а. Бейсенбеков Б. Б.

Түркістан-2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ СӘНДІК ҚОЛӨНЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Қазақтың сәндік қолөнері және оның даму сипаты . . . 6

1. 2 Кілем және гобелен тоқу өнерінің сәндік қолөнеріндегі орны . . . 15

2 ГОБЕЛЕН ТОҚУ БАРЫСЫНДА КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ

2. 1 Гобелен тоқу барысында композициялық шешім шығару техникасы . . . 32

2. 2 Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану әдістері . . . 45

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60

ҚОСЫМШАЛАР . . . 62

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы өнер болып табылады. Сонымен бірге, өнер өмірде болған оқиғаларды түрлендіріп, көркем образдарды жасайтын эстетикалық күрделі құбылыс деп танылады. Ал адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де болып табылады. Бұл жерде, өнердің мақсаты қоршаған ортаны, дүниені, адам өмірін көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру болып саналады. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Болашақ ұрпақты өнерге оқытудың, сәндік-қолөнерге баулудың қазіргі технологияларын шығармашылыққа оқыту, үйрету үдерісіне қолдану, оған қызығушылық таныту, ынта қою, оның мақсатын, мазмұнын, болашағын түсініп, іс жүзінде асыра білу белгілі бір мақсатты, жүйелі дайындықтың нәтижесі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» атты стратегиялық даму бағдарламасында, және «Мәңгілік ел» атымен аталатын даму жоспарында келешек ұрпақтың мәдени, тарихи жағынан білімдар бола отырып, әлемдік кеңістікке шығу үшін көп еңбек ету міндеттері межеленген[1] .

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келгендігін және Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отырғандығын нақтылап берді [2] . Өнер өз кезегінде жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, халықтың сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен өнеге алуына, оның эмоционалдық және интеллектуалдық жағынан өсуіне ықпал етеді.

Өнердің мақсаты - дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру болып табылады. Өнер - көркем образдар жүйесі негізінде адамның ішкі сезімін, бүкіл дүниетанымын, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана және адамның жалпы танымының формасы болып есептеледі. Өнер эстетикалық құбылыс болғандықтан, адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасын анықтайды.

Білім беру және ғылым саласында елеулі өзгерістер енгізіліп жатқан қазіргі кезеңде жас ұрпақтың жеке басын дамыту, білім мен тәрбие беру мазмұнын жаңарту, болашақ ұрпақ тәрбиесін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр.

Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып келе жатқан игілікті іс-шаралар келер ұрпаққа қазақ халқының ұлттық мәдениетінің баға жетпес құнды дүниелерін мұра етіп қалдыруды көздеп, адамзат қоғамын жаңа әлемдегі оң өзгерістерге жетелейді. Қазір қазақ халқы өздерінің ұлттық дәстүрі мен ұлттық ерекшелігі негізінде, ұлттық киім үлгілерін одан әрі байыта түсті. Басқа халықтардың озық киім үлгілерін қабылдады. Қазақ халқының жайқалып жатқан өнімді кең жазира даласы, құнары мол кең байтақ жасыл жайлауы. Тас және қола дәуірлерінде осы өңірде өмір сүріп, күн кешкен адамдардың мәдениеті мен тұрмыс және тұрғын жайлары осылай ашылған болатын. Ғалым алғашқы қауым адамдарының пайдаланған тастан жасалған еңбек құралы қол қашауларды жинастыруына мүмкіндік алады.

Тәуелсіз елімізде қазіргі кезеңде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Елбасымыздың Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отырғандығы туралы нұсқаулары осыларға дәлел бола алады [2] .

Қазақтың кең тараған сәндік-қолөнер бұйымдарының бірі бұл кілем тоқу өнері болып табылады. Дегенмен қазіргі таңда сол кілем тоқу өнерінің заманауи тез тараған түрі гобелен тоқу болып саналады. Гобеленнің түстері сан алуан болғандықтан, үйге, қонақ үйлері мен мейманханаларға, кең әрі зәулім сарайларда іліну қазіргі таңда дәстүрге айналған және сол ілінетін жерлер мен орындарды ажарландырып, сұлу көрік беруге пайдаланылады. Кілем тоқуда халықтың тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрлері, ой-армандары мен қиялдары сыр шертеді. Бұл көбінесе тақыр кілем тоқу техникасында орындалатын шағын кілем тоқу өнері ретінде анықталған.

Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің тарихы туралы, оның ерекшеліктері туралы Ә. Марғұлан [3], А. Ақышев [4], Т. К. Басенов [5], С. Қасиманов [6], Ә. Тәжімұратов [7], Қ. Амирғазин [8], Х. Арғынбаев[9] т. б. еңбектерінде қарастырылған.

Қазақ халқының тарихи даму кезеңдерінде пайда болған сәндік-қолданбалы өнерді қолданудың жолдарын қарастыру негізгі талап болып саналады. Бұл талаптар жаңаша ойлайтын, шығармашылық қабілеті дамыған, сапалы да, сәнді туындылар жасайтын келекшек сәндік өнер мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін сапалы қалыптастыруға және оларды арттыруға бағытталады. Бұл тарихи кезеңдердегі туындыларды танып білу және оны шығармашылықпен қолдану қажеттілігінен туындап отыр.

Қазіргі кезде сәндік-қолөнер бұйымдарын жасау, орындау технологиялары жақсарып, заман талаптарына қарай икемделіп отыр. Жүннен және жіптердер тоқылып жасалатын сәндік қолөнер бұйымдары ежелден қазақ қолданбалы сәндік өнерінде маңызды орын алған. Солардың ішінде кілем тоқу, алашалар мен басқұрлар, баулар тоқу өнері кең етек алған. Кілем тоқудың қазіргі кезеңдегі ауқымды таралған түрі гобелен тоқу болып табылады. Қазіргі шеберлер бұйым жасауда өте көп қолөнер материалдарын, атап айтқанда, киіз, тері, тас, ағаш, темір, сүйек, т. б. пайдаланады. Бұл материалдарды көркемдеп өңдеуде, оған әсерлі бейнелер жасауда алуан түрлі техникалық және түрлі көркемдік тәсілдер қолданылып келеді. Олар қажетті қолдану деңгейінен бөлек саналуан көрмелерге қатысуға мүмкіндіктер беретін қолөнер бұйымдарын жасауға септігін тигізіп отыр. Гобелен қазақтың түкті және тықыр кілеміне ұқсас келеді. Кілем әрі жайсаң төсеніш, әрі ілсең үйдің сәнін келтіретін сәндік бұйым болып табылады. Кілем бетінде халықтың тұрмысы, қуанышы мен мұңы, көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігі сұлу бейнеленіп отырған. Кілемнің құндылығы оған салынған еңбек пен идеяның көптігімен бағаланады Ол үйдің жылылығын сақтауға және дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланатын түрлі-түсті, ою-өрнек салып тоқылған бұйым ретінде өте кең пайдаланылған. Шығыс елдерінде кілемді кеңінен қолданылады. Кілемнің халық өмірінің шежіресін көрсететін құнды, әсем қолөнер және сән бұйымы болып табылатындығын ұмытпауымыз керек.

Гобелен тоқу елімізде жаңа технологияларды игеру ретінде кеңінен насихатталып таратылуда. Гобеленнің композициялық шешімінде саналуан тақырыптар мен түстік шешімдер байқалады, бірақ негізгі ерекшелік - тақырыпқа сай түстік және композициялық заңдылықтарға бағыну болып табылады. Әсіресе ұлттық композициялық тақырыптар кең етек алған. Дегенмен ұлттық композициялық шешімдегі туындылармен бірге, дәстүрлі емес тақырыптардағы гобелен тоқымаларының сұранысының коптігі мен оларды жасап тоқу жұмыстарының әлі де азырақ жүргізілуі арасындағы қарама-қайшылықтар біздің зерттеу мәселемізді айқындап берді және дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану» деп таңдап алуымызға ықпал жасады.

Зерттеу мақсаты: Ұлттық сәндік қолөнерін дамуын талқылай отырып, гобелен тоқуда жаңа заман талабына сай композиция орындау әдістерін анықтау.

Зерттеу міндеттері :

- қазақтың сәндік қолөнері және оның дамуына шолу жасау;

- кілем және гобелен тоқу өнерінің сәндік қолөнеріндегі орнын анықтау;

- гобелен тоқу барысында композициялық шешім шығару техникасына. сипаттамалар беру;

- гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану әдістері көрсету.

Зерттеу нысаны : Сәндік-қолданбалы өнерге үйрету үдерісіндегі гобелен тоқу барысы.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-этнографиялық мұражайларындағы қазақ қолөнер мұраларына, бейнелеу өнеріне, көрмелер мен суретшілер шығармаларына, өнертанымдық, педагогикалық, шығармашылық бағыттағы қолөнерге баулу әдебиеттеріне, әдістемелік құралдарға теориялық сараптау жасау, өндірістік іс-тәжірибе барысына, оның нәтижесіне талдаулар жасау.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ СӘНДІК ҚОЛӨНЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Қазақтың сәндік қолөнері және оның даму сипаты

Сәндік-қолданбалы өнердің тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіндіктеріне психолог ғалымдар аса мән берген. Олардың бірқатарының еңбектері (Л. С. Выготский, Б. М. Неменский, Д. Н. Узнадзе және т. б. ) өнерді қабылдау, шығармашылық іс-әрекетке жүйелі көзқарасты қалыптастыру проблемаларын қарастырса [10, 11, 12], С. Л. Рубинштейн, А. Ветлугина, В. И. Кириенко және т. б. ғалымдар жеке тұлғаның бейнелеу қабілеттері мен көркемдік қабілеттерін танып білу мәселесіне [13, 14, 15], А. Н. Леонтьев, Я. А. Пономарев, А. М. Матюшкин және т. б. ғалымдар шығармашылық, шығармашылық ойлау, жеке тұлғаның шығармашылығы проблемаларына баса назар аударған [16, 17, 18] .

Сәндік-қолданбалы өнер ғылыми-педагогикалық еңбектерде жан-жақты зерттелді. Л. Г. Савенкова, В. В. Алексеева, С. С. Булатов, Г. А. Никитин, Т. А. Крючкова, И. М. Раджабов және т. б. ғалымдар сәндік-қолданбалы өнердің тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтап, тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды негіздесе [19, 20, 21], М. С. Подольская, Н. Р. Казанская, В. Ф. Максимовичтің еңбектерінде дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнерді көркемөнер оқу орындарында оқыту мәселесіне мән береді [22, 23, 24] . Д. М. Скильский, Н. А. Горяева, Т. Я. Шпикалова, А. С. Хворостов және т. б. ғалымдар халықтың сәндік-қолданбалы өнерін жалпы білім беретін мектептің бейнелеу өнері мен көркем еңбек сабақтарында пайдалану жолдарын көрсетеді [25, 26, 27, 28] . Қазақ сәндік-қолданбалы өнер мәселелері этнографтар (Ә. Тәжімұратов, Х. Арғынбаев, Ә. Марғұлан, С. Қасиманов, Ө. Жәнiбеков, М. С. Мұқанов, Қ. Ақышев, М. Қадырбаев, А. Оразбаев және т. б), өнертанушылар (Қ. Ибраева, Г. Абдрахманова, С. Садырбаева және т. б. ), философтар (Ж. Әлiбеков, Б. Байжiгiтов, К. Ж. Каракузова, К. Нұрланова, Б. Р. Қазыханова және т. б. ), филологтар (М. Өмiрбекова, Р. Шойбеков және т. б. ), технологтар (С. Ж. Асанова, К. Мұқанов, Д. Шоқпарұлы және т. б. ) еңбектерінде жан-жақты қарастырылады.

Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын - соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа көне түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы. Қазақ халқы кең - байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл үдеріске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Сайып келгенде жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсарту, жаңғыру үстінде болды. Сәндік-қолданбалы өнерге баулу келешек ұрпақтың, жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті - бұл өмір мен өнер құбылыстарындағы сұлулықты немесе көріксіздікті, асқақты немесе төменді, мұңды немесе қуанышты эмоционалдық тұрғыдан қабылдау, ұғыну мен бағалаудағы, сондай-ақ қоршаған ортаны «сұлулық заңымен» қайта өзгертудегі қабілеттері мен іскерліктерін көрсететін кіріктірілген тұлғалық сапаны білдіреді.

«Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті» ұғымы эстетикалық сана, эстетикалық іс-әрекет құрамды бөліктерін қамтиды.

Эстетикалық сана жеке тұлғаның болмысқа және өнерге, оның үйлесімділігі мен кемелденуге сезімдік-эмоционалдық және парасаттылық қарым-қатынасын көрсететін қоғамдық сананың бір формасы. Эстетикалық сананың құрылымы ерекше күрделі. Ол эстетикалық қабылдауды, эстетикалық сезімді, талғамды, қызығушылықты, эстетикалық идеалды, эстетикалық шығармашылық қабілеттерді қамтиды.

Эстетикалық көркемдік іс-әрекет белгілі бір эстетикалық құндылықты, мәселен өнер туындысын жасауға немесе орындауға бағытталған іс-әрекет.

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру - бұл жеке тұлғаның өнердегі және болмыстағы сұлулықты толыққанды қабылдауға және дұрыс түсінуге қабілетін дамытуға мақсатты бағытталған процесс. Ол көркемдік түсініктер, көзқарастар мен сенімдер жүйесін қарастырады, эстетикалық тұрғыдан құнды болып табылатындардан қанағаттануды қамтамасыздандырады. Соның барысында жеткіншектердың тұрмыстың барлық жақтарына сұлулық белгілерін енгізуге, көріксіздікке, реңсіздікке қарсы күресуге ұмтылыстары мен іскерліктері, сондай-ақ өнерде өзін көрсете алуға даярлықтары тәрбиеленеді.

Қазақ қолөнер шеберінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір себебі - олардың басым көпшілігінде керекті заттармен арнайы жабдықталған шеберханалардың болмауы. Әсіресе, ершілер, зергерлер, етікшілер, тағы да басқа кішігірім бұйымдар жасайтын шеберлер, көбінесе, қысы-жазы өзінің тұрғын үйінде немесе жасатушының мекен-жайында жасатып істеткен. Мұндай шеберлердің бұйым жасайтын шикізаты да, құрал-саймандары да көші-қонға қолайлы, шағын әрі ыңғайлы болды. Қазақ халқының қолданбалы өнері қарапайым еңбек құрал-жабдығының көмегімен шикізаттардан әр түрлі дайын бұйымдар жасайтын ұсақ қол өндірісі. Жалпы қолөнер қоғамдық өндіріспен қатар пайда болды. Қазақстанда қолөнер үй кәсібі түрінде дамыды. Көшпелі шаруашылықтың қажетіне байланысты қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, ноқта, жүген, құрық, тұсау, кісен, ер-тұрман әбзелдерін жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан, құмыра, ыдыс - аяқтар, мүйізден, сүйектен, мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты мүліктер, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын жасады. Қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең етек алған. Жалпы қолөнерші дегеніміз - қарапайым еңбек құралдарымен жаңа бұйым жасаушы шебер. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті, оның ішінде қолөнер шеберлерінің дәстүрлі өнері де жан - жақты зерттелуді қажет ететін бағалы мұра. Халық қолөнер дәстүрін мәпелеп сақтау және олардың сан алуан салаларын қазіргі жағдайда шығармашылық түрде дамыту мәселесіне ұдайы көңіл бөліп келеді. Қазақ қолөнерінің бірнеше салалары болды. Біз оның элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсарту, жаңарту, үстіндеміз. Осындай толассыз дамудың нәтижесінде XIX ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді.

Қазақ халқы кең байтақ жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушысы болып табылады. Бұған әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ, Оңтүстік Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғыру үстінде болды. Осындай толассыз дамудың нәтижесінде XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай жоғарғы деңгейге көтерілді деп есептеуімізге болады. Қазақ қолөнер шеберлері, көбінесе, кедейлер әулетінен шықты. Олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізгі күнкөріс көзіне айналатын. Қолөнер шеберлерінің өнерлі еңбегі жете бағаланбады, қолөнерді кәсіп етуші шеберлердің өздері жоқшылық зардабын тартып жүрді. Айтулы шеберлердің өзі малды адамдарға қарыздар болып соны өтеу жолында өмірлері өтетіндігі туралы деректер де көптеп кездеседі.

Қазақ қолөнер шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының
бір себебі - олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы
шеберханалардың болмауы. Әсіресе, ершілер, зергерлер, етікшілер, тағы да
басқа ұсақ-түйек бұйымдар жасайтын шеберлер, көбінесе, қысы-жазы
өзінің тұрғын үйінде немесе жасатушының мекен-жайында жатып
істеді. Мұндай шеберлердің бұйым жасайтын шикізаты да, құрал-саймандары да көшіп қонғанға қолайлы шағын, сыйымды болды. Сондықтан, олар жаздыгүні елмен бірге жайлауға көшіп, өзінің шағын киіз үйінде-ақ істей берді. Ал, енді киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер мен арба - шана, жерағаш сияқты көлемді құралдар мен бұйымдар істейтін шеберлер темір ұсталары тас өңдеушілер, көбінесе, қысқы мекенінен кете алмай жатақта қалады. Сондықтан, бұлардың кейбіреулерінде, әсіресе ұсталарда, арнайы қарапайым дүкендер болды. Алдастан там салып, құлпытас және басқа бұйымдар қашайтын шеберлер мен үйшілердің, арбашылардың жұмыс орны қыстаудағы қора бұрышында, шошалаларда немесе арнайы жасалатын лапас астында орналасты. Мұндай шеберлердің жазда жайлауға көшуіне, бір жағынан, көліксіздік, кедейлік мүмкіндік бермесе, екіншіден, олардың негізгі кәсібінің өзі көші-қонға тым қолайсыздық туғызды. Айталық, ауыр тастарды былай қойғанда, киіз үй сүйегі мен арба-шана, тағы да басқа шаруашылық саймандарын жасайтын шикізаттарды оларды өңдейтін құрал-саймандарды көші-қонның кезінде өзімен бірге ала жүруге мүмкіндік болмады.

С. Қасиманов көркемдік дәстүрге колөнер шеберлерінің көркем бұйымдар жасаудағы белгілі бір көркемдік дәстүрі болатындығына мән беріп колөнер бұйымдарының көркемдік ерекшелігін айқындап берді. Ол жасалған қолөнер туындысына қарап отырып, қандай шебер, кандай дәстүрлі мектептің туындысы екенін айқындауда көркем бұйымның орындалу жасалу манеріне қарап табуға болатындығын көрсетіп анықтап берді. . Осындай таным үлгісі қазақ сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көркемдік ерекшелігін айқындау көрсеткіші ретінде анықтауымызға мүмкіндіктер берді[29] .

Қазақ халқының қолөнерінің салт-дәстүрге қатынасы зор болған. Ұлттық тақырыпта орындалған қолөнер бұйымдары өмір шындығын толығырақ түсінуге үйреніп қана қоймай, салт-дәстүр ерекшеліктерін жете түсінуге де жетелейді. Көркем шығарма көрермен мен автор арасындағы бірлестікке тікелей қатынас жасайтын эстетикалық құрал. Сондықтан қазақ халқының тұрмысында қолданылып келе жатқан әр түрлі бұйымдардың шығу тарихында орындалу тәсілінде, дәстүрлі ерекшеліктерінде талғампаздықпен қарау қажет. Шебер өз шығармасында бейнелейтін құбылысты ерекше сезіммен бояу түстері, композициялық шешімдер шығару арқылы бейнелейді. Қазақ халқының қолөнерінің арнасы өте кең, түрі сан алуан. Бұған мысал ретінде Қазақстанда Қазан төңкерісіне дейін металл өңдеу, сүйек пен мүйіз ұқсату, тері ұқсату мен етікшілік, тас өңдеу, ағаш ұқсату тоқымашылық сияқты салаларының дамып жетілгенін айтуға болады. Осы өнердің туындылары қазақ халқының қоршаған бұйымджары мен заттарын, тұрмыс тіршілігінен сыр шертіп тұрады. Мазмұны анық көрінетін қолөнері қазақ халқының байырғы кәсіпшілігі болғаны белгілі. Ол осы кәсіпшіліктің арқасында өздерінің материалдық және рухани қажеттерін өтеп, жас ұрпаққа оның қыр сырын түсіндіріп, жасалу жолдарын көрсетіп отыруды ұмытпаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГОБЕЛЕН ТОҚУДА ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ (Абылай хан)
Ши тоқуда «гүлдер әлемі» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Көркемдік өлшемінің бір бағыты - композициялық өлшем бірліктері
Гобелен тоқу әдістері
ХХ ғасырдағы өнердің жаңа бағыттары
Жалпы қолданбалы өнердің ұлтымыздың мәдени дамуында алатын орыны
Бейнелеу өнеріндегі көркемдік дәстүр жалғастығы мен жаңа бағыттар
Ши тоқу өнері
Кілем тоқу өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz