Бейбітшілік пен келісім елі



Бейбітшілік пен келісім елі.
Декларация
Сабырлық пен ізгілік діні.
Ислам адамгершілік пен ізгіліктің уағыздаушысы
Пайдаланылған әдебиеттер:
Елордадағы бүгін ашылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезіне дүние жүзінің көптеген елдерінен делегациялар қатысады. Сондай-ақ Қазақстан астанасын халықаралық беделді ұйымдардан өкілдер қоса келіп отыр.
Бүгінгі таңда жұртшылық өз жүрек қалауымен мешітке, шіркеуге, костелге немесе синагогаға еш жасқаншақтамай еркін бара алады. Осыған байланысты соңғы уақыттарда елімізде көптеген мешіттер мен шіркеулер тұрғызылды. Қазіргі кезде республикамызда 40-тан астам конфессияға қарасты 3,5 мыңдай діни бірлестік жұмыс істейді.
Қазір Қазақстанда діни конфессиялар мен бірлестіктер халықтар достығы мен ел бірлігі үшін қызмет етеді. Түрлі конфессиялардың жетекшілері ғана емес, олардың ғибадат етушілері де бір-біріне түсіністікпен қарап, сыйластық танытады. Мына әлеуметтік зерттеулерге назар аударайық: Қазақстанда тұрғындардың 11,9 пайызы өздерін дінге сенетіндерміз деп есептесе, 41,4 пайызы діни өмірге қатыспағанымен, өздерін дінге сенушілер ретінде санайды. Исламды ұтанатындар дінге сенетіндердің 53,9 пайызын құраса, православиенің үлесіне – 19,3, протестанттыққа – 1,65. катоицизмге -1,2, ал дәстүрлі емес діни нанымдарға – 1,7 пайыз тиеді екен.
Әрине мұның барлығы бір сәтте пайда бола қалған жәйт емес. Бұл үшін қоғамның діни конфессияларға төзімділігі қажет еді. Сонымен бірге әрі ең бастысы – саяси тұрақтылық пен экономикалық өсім мүмкіндік туғызады. Елбасы Н.Назарбаевтың срабдал саясатының нәтижесінде түрлі діндердің бейбіт қатар өмір сүруіне жағдай жасалды. Бүгінгі таңда еліміз конфессияаралық үнқатысудың ерекше үлгісін көрсетіп отыр. Барлық діннің өмір сүруіне құқықтық негіз беретін қажетті заңнама түзілеті. Онда экстремизмның таралуына кедергі болатын арнайы баптар қарастырылған.
Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің тұңғыш съезін шақыруға бастамашы болғаны белгілі. Соның нәтижесінде осыдан үш жыл бұрын Астанада І съезд өтті. Ал бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі ашылады. Осы мақсатта арнайы ғимарат – Бейбітшілік және келісім сарайы тұрғызылды. Оны салу идеясын Мемлекет басшысы І съезде көтерген болатын. Ол толықтай іс жүзіне асырылды. Сонымен қазіргі кеззде тұрақтылық өмір салтымызға айналғаны тамыры тереңде жатқан достық Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстар ұлықтап, қадір тұтатын қағидамыз болып қалыптасқаны айшықтай түсіп отыр. Мұның айқын айғағы – Астанадағы съезге әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің, сонымен қатар көрнекті қоғам қайраткерлерінің келуі болса керек.
1. Ақназаров Х.З. Ислам діні және өмір шындығы , Алматы, Қазақстан, 1977, 8б.
2. Кішібаев Д. Қазақ менталитеті, кеше, бүгін, ертең. Алматы, Ғылым, 1999, 160 бет.
3. Ислам әліппесі, - Азбука Ислама ЖШС Фараби – энцеклопедист. Алматы, 2000, 3 б.
4. Бес ғасыр жырлайды: екі томдық. Алматы 1989, том 1, 93-97 б.
5. Назарбаев Н.Ә. «Сындарлы он жыл», Алматы, 2003, 110б

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Бейбітшілік пен келісім елі.
Елордадағы бүгін ашылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ
съезіне дүние жүзінің көптеген елдерінен делегациялар қатысады. Сондай-ақ
Қазақстан астанасын халықаралық беделді ұйымдардан өкілдер қоса келіп отыр.

Бүгінгі таңда жұртшылық өз жүрек қалауымен мешітке, шіркеуге, костелге
немесе синагогаға еш жасқаншақтамай еркін бара алады. Осыған байланысты
соңғы уақыттарда елімізде көптеген мешіттер мен шіркеулер тұрғызылды.
Қазіргі кезде республикамызда 40-тан астам конфессияға қарасты 3,5 мыңдай
діни бірлестік жұмыс істейді.
Қазір Қазақстанда діни конфессиялар мен бірлестіктер халықтар достығы
мен ел бірлігі үшін қызмет етеді. Түрлі конфессиялардың жетекшілері ғана
емес, олардың ғибадат етушілері де бір-біріне түсіністікпен қарап,
сыйластық танытады. Мына әлеуметтік зерттеулерге назар аударайық:
Қазақстанда тұрғындардың 11,9 пайызы өздерін дінге сенетіндерміз деп
есептесе, 41,4 пайызы діни өмірге қатыспағанымен, өздерін дінге сенушілер
ретінде санайды. Исламды ұтанатындар дінге сенетіндердің 53,9 пайызын
құраса, православиенің үлесіне – 19,3, протестанттыққа – 1,65. катоицизмге
-1,2, ал дәстүрлі емес діни нанымдарға – 1,7 пайыз тиеді екен.
Әрине мұның барлығы бір сәтте пайда бола қалған жәйт емес. Бұл үшін
қоғамның діни конфессияларға төзімділігі қажет еді. Сонымен бірге әрі ең
бастысы – саяси тұрақтылық пен экономикалық өсім мүмкіндік туғызады. Елбасы
Н.Назарбаевтың срабдал саясатының нәтижесінде түрлі діндердің бейбіт қатар
өмір сүруіне жағдай жасалды. Бүгінгі таңда еліміз конфессияаралық
үнқатысудың ерекше үлгісін көрсетіп отыр. Барлық діннің өмір сүруіне
құқықтық негіз беретін қажетті заңнама түзілеті. Онда экстремизмның
таралуына кедергі болатын арнайы баптар қарастырылған.
Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің тұңғыш съезін
шақыруға бастамашы болғаны белгілі. Соның нәтижесінде осыдан үш жыл бұрын
Астанада І съезд өтті. Ал бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлерінің ІІ съезі ашылады. Осы мақсатта арнайы ғимарат – Бейбітшілік
және келісім сарайы тұрғызылды. Оны салу идеясын Мемлекет басшысы І съезде
көтерген болатын. Ол толықтай іс жүзіне асырылды. Сонымен қазіргі кеззде
тұрақтылық өмір салтымызға айналғаны тамыры тереңде жатқан достық
Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстар ұлықтап, қадір тұтатын
қағидамыз болып қалыптасқаны айшықтай түсіп отыр. Мұның айқын айғағы –
Астанадағы съезге әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің, сонымен қатар
көрнекті қоғам қайраткерлерінің келуі болса керек.

Декларация
Біз әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері, Қазақстанның елордасы
Астанада Екінші съезде бас қосып:
- 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте Астанада өтіп, дінаралық үнқатысудың
маңызды бастамасына әлемнің танымал діни лидерлерін тартқан бірінші съездің
табысын дамыта отырып:
- әлемдік өркениеттің өзекті негіздерін білдіретін әлемдік
мәдениеттердің, діндердің және этностық топтардың өзара ықпалдастығына үлес
қосуға тілек білдіріп, мәдени және діни айырмашылықтар негізіндегі
жанжалдарға жол бермеуге ұмтыла отыры;
- дін адам өмірі мен қоғамның аса маңызды қыры ретінде жаңа
мыңжылдықтың басында жасампаздық пен бейбітшілікті сақтауда сапалық жаңа
ролге ие болғанын негізге ала отырып;
- діни лидерлердің қазіргі және болашақ ұрпақтардың рухани тәрбиесі мен
тәлімі үшін зор жауапкершілігін, олардың өзара құрмет рухын орнықтырудағы,
осы заманғы жаңа сынақтардың алдында басқаларды түсіну мен қабылдаудағы
маңызды ролін түйсіне отырып;
- әрбір дін мен мәдениеттің бірегей сипатын қуаттап, мәдени және діни
әрқилылықты адамдар қоғамының аса маңызды белгісі ретінде қарастыра отырып;
- бейкүнә құрбандықтарға соқтыратын күш қолдануды ақтау үшін
пайдаланылатын діни және ұлттық айырмашылықтарды саудаға салушылық
шиеленістің өсуіне алаңдаушылық білдіре отырып;
- дінді шынайы түсінушіліктің және күш қолдануды жоққа шығарып, басқа
халықтарды және басқа діндерді ұстанушыларды құрметтеуге және бейбіт қатар
өмір сүруге шақыратын барлық діндерді танудың экстремизммен және
фанатизммен шқандай қатыс жоқ екенін атап көрсете отырып;
- дінаралық және мәдениетаралық қатынастардағы қиындықтарды халықаралық
саясаттағы, экономикадағы, әлеуметтік, гуманитарлық және ақпараттық
ортадағы тепе-теңдіктің елеулі бұзылуы, сондай-ақ дінді саяси мақсаттарда
пайдалану туындатады деп санай отырып;
- жоғарыда аталған проблемалар бойынша съездің Дін, қоғам және
халықаралық қауіпсіздік атты негізгі тақырыбы аясында:
І. Діни наным еркіндігі және басқа діндерді ұстаншыларды құрметтеу;
ІІ. Діни лидерлердің халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы ролі деген
екі арнаулы топтама бойынша талқылап, пікір алмаса отырып, планетадағы
барлық діндердің және ізгі ниет адамдарына қайырыламыз және:
- оларды өзара жауласудан, ұрыс-керістен, жеккөрушіліктен бас тартуға
және өзара құрмет, шынайылық және мәдени, діни және өркениеттік
саналуандылықты тану ахуалында өмір сүруге шақырамыз;
- діндерді не бөлетініне емес, оларды не біріктіретініне айрықша назар
аудара отырып, соқыр нанымды, басқа діни дәстүрлерді елемеушілік пен
бұрмалап түсіндірушілікті еңсеру үшін бірлескен күш-жігер қолдануға деген
өз табандылығымызды жариялаймыз;
- барлық формадағы лаңкестікті айыптаймыз, өйткені, әділдікті қорқыныш
пен адам қаны арқылы тұрғызуға болмайды, ал мұндай құралдарды дін
мақсатында пайдалану ізгілік пен үнқатысуға шақыратын кез келген діннің
қағыдаларынан ауытқушылықты білдіреді:
- діннің агрессияшыл болмысы туралы барлық жалған ойлар мен
қасаңдықтарды, сондай ақ қандай да бір дінді лаңкесшілікпен байланыстыру
әрекетін қабылдамаймыз:
- бүкіл діндерді азаматтың аман саулығын, қадір-қасиеті мен бірлігін
уағыздай отырып, лаңкесшілдіктің барлық себептерін жою жолында бірлесе
еңбектенуге шақырамыз;
- бір дінді ұстанушыларды екіншісіне айналдыруға бағытталған қандай да
бір қысым көрсету мен күштеу әрекеттерін өзіміздің қабылдамайтынымыз туралы
мәлімдейміз;
- өзара түсіністікке, ынтымақтастық пен әлеуметтік үйлесімге қол
жеткізу ісіндегі білім берудің, жастар саясаты мен ортақ мәдениетке
тәрбиелеудің өзекті ролін қуаттаймыз.
Біз сондай-ақ халықаралық қоғамдастыққа, халықаралық және өңірлік
ұйымдарға, бүкіл әлемдегі мемлекеттер мен үкіметтерге мынадай мәселелермен
қайырыламыз:
- өркениеттер үнқатысуының үрдісіне белсенді қолдау білдіріп, тұрақты
түрде бейбітшілік мәдениетін нығайтуға, оның қағыидаттарын халықаралық
саясаттың және барлық адамдар өмірінің берік негізі ретінде орнықтыруға
бағытталған күш-жігер қолдану;
- әділ дүниенің орнауына, халықаралық заңдылықтың нығаюына, БҰҰ
қарарлары мен халықаралық шарттардың орындалуына, сондай-ақ бүкіл әлемде
бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнауы үшін тиімді шараларды әзірлеуге
жәрдемдесу;
- езіп-жаншу мен лаңкесшілдік құрбандарының үніне құлақ түріп, күш
қолдануды туғызатын наразылықты жою мақсатымен орын алып отырған
жанжалдардың әділ шешімін іздестіру үшін барлық құралдарды пайдалану;
- жаппай қырып-жою қаруын әзірлеуден, өндіру мен ие болудан толық бас
тартып, жаппай қырып-жою қаруының таралмау режимін нығайтуға жәрдемдесу;
- діни киелі нәрселер мен нышандарды құрметтеу және қорғау, сондай-ақ
бұл үшін тиісті шаралар қолдану.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Біз әлемдік және дәстүрлі
діндер лидерлері, былай деп шештік:
- бірлескен кездесулер, семинарлар өткізу, БАҚ-та материалдар жариялау,
Интернетті және басқа құралдарды пайдалану жолымен дінаралық қатынастарды
оң қабылдау мен көрсетуді ынталандыру бойынша бірлескен нақты шаралар
қабылдау керек;
- жастар арасында дінаралық төзімділіктің таралуына және оның
жалпыадамзаттық құндылықтарды серпінді қабылдауына жағдай жасау керек;
- жас адамдарға діни және мәдени айырмашылықтарды құрметтеуі мен
өшпенділіксіз қабылдауына көмектесу үшін өркениеттер мен діндер арасындағы
үнқатысу практикасын барлық білім беру деңгейлерінің оқу жоспарларына
кіріктіру керек;
- өзіміздің рухани ықпалымызды, біздің діни бірлестіктердің билігі мен
ресурстарын бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ
түрлі діни қоғамдастықтар арасындағы проблемаларды болдырмауға және шешуге
бірлескен үлесімізді қосу үшін байланыстарды нығайту керек;
- шиеленісті бәсеңдетуге жәрдемдесу және қажет болған жағдайда олармен
келіссөздер жүргізуге бірлескен делегациялар құру үшін біздің тәжірибеміз
бен күш-жігерімізді жанжалдарға тартылған үкіметтерге, халықтарға, түрлі
топтар мен күштерге ұсыну керек;
- осы делегацияда жарияланған мақсаттарды тарату мен іске асыру үшін
күш-жігер жұмсау және съездің хатшылығына бұл ұсыныстарды барынша
тиімділікпен жүзеге асыру үшін жоспар әзірлеуді тапсыру керек;
- діни лидерлердің форумын тұрақты негізде өткізіп, әлемдік және
дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезін 2009 жылы өткізу керек;
- съездің өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы үнқатысуды
ілгерілетудегі тұғырнамалық және практикалық роліне және оның дінаралық
өзара түсіністікті жолға қоюдағы елеулі жетістіктері менсъездің бұдан
былайғы қызметіне қолдау білдіруге БҰҰ бас ассамблеясының назарын аудару
керек.

Сабырлық пен ізгілік діні.
Көп ұлтты қоғамдағы рухани келісім, ұлыстардың өзаралық қарым-қатынасы,
достығы бүгінгі күннің мәселесі. Себебі, олардың ұлттық және діни ынтымағы
қоғамдағы басты проблема. Діни экстремизмның бүгінгі күні тудырып отырған
кертартпа әрекеттері этносаралық кикілжің тудырып отыр. Бұл шиеленістер
бүкіл дүниежүзі халықтары үшін, бақытсыздық тудырады. Сол себепті алдын
алып тосқауыл қоя білуіміз қажет. Біздің көп ұлтты мемлекетіміз үшін ұлттық
салт-дәстүрді және діни сенімді тарату басты мәселе.
Елімізде барлық ұлт үшін біотұтас принцип, заң жұмыс істейді, ұлттардың
тыныштығын, қауіпсіздігін, бейбітшілігін, бірлігін сақтау туралы қаулы бар.
Бүгінгі күні 3000 діни ұйым, 40 конфессия, 100 этнос немесе этникалық
топтар бар, олардың әртүрлі діни ұйымдары жұмыс істеп жатыр. Бұл діни
ұйымдар өз діндерін насихаттап әртүрлі діни кітаптар таратады. Ал еліміздің
алға қойған мақсаты: ұлт арасындағы тыныштықты, әр ұрпақтың арасындағы
келіспеушілікті жою, бір-бірімен ынтымақты қарым-қатынасты жақсарту,
сақтау, кертартпалыққа жол бермеу. Қоғамымыздағы халықтардың құндылықтарын
өркениеттік дәрежеде көтеру.
Қазақстанда 1652 мұсылман ұйым, 1523 мешіт бар. Орыстардың да
православиясында 3 епархия, 280 приход, 8 монастірлері жұмыс істейді. 1991
жылы 31 қаңтарда қасиетті синод Қазақстан жерінде 3 епархиялық
православиелік шіркеу ашты. Олар Мәскеудегі патриархқа бағынады. Орыс
православие шіркеуі Қазақстандағы өзінің баспаханаларын ұстайды, ай сайын
газет шығарады. Римдік католик шіркеуі бойынша Қазақстандағы төрт
апосталдық басқармалары, 75 шіркеулік мекемелері бар. 1994 жылдан бастап
Алматыда дипломатиялық өкілдер Ватикандық – апостолдар келді. Қазақстанда
30 діни газет және журналдар шығарылады.
... Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға
ислам дінінің кері әсері болмай қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды
жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін
қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың
талап тілегін, мақсат мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса
халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын
мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ
тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін ата баба аруағын
қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді.
Қауіпсіздік пен бейбітшілік жолындағы күреске әлемдік діндердің күш-
жігерін жұмылдыру, түрлі конфессиялар арасында жүфелі диалогты жолға қою
мақсатында өткен жылдың қыркүйек айында Астанада президент Н.Назарбаевтың
бастамасымен әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші съезі
өтті. Оған Еуропаның, Азияның, Таяу Шығыстың және Американың 17 елінен ірі
діни бірлестіктердің басшылары қатысты. Қабылданған декларацияда съезге
қатысушылар діни айырмашылықтарды жеккөрушілік пен керісушілікті тұтандыру
үшін пайдалануға жол бермеуге, адамзатты діндер мен мәдениеттер
қақтығыстарынан сақтандыруға, адамдардың діни сезімдерін халықаралық
лаңкестік ұйымдарының пайдалануына қарсы тұруға дайын екендіктерін
білдірді.
Сонымен қатар, қазіргі заманның жаңа сынақтары мен қатерлерін
объективті және жан-жақты талдау лаңкесшілікпен күресте байқап
отырғанымыздай, асыра сілтеу жағдайларына жол бермес еді. Мысалы,
экстремизм үшін айыпталған діни ұйымдармен күрес астарында- соғыс пен
жанжалды емес, бейбітшілік пен келісімге шақыратын ислам дінін айыптауға
жол беріліп жатады.
Қазақстанда экстремизм мүлдем жат дәстүрлі исламның беделі, біздің
қоғамымыздағы ішкі саяси байыптылықты, діни төзімді және өзара
түсініспеушілікті сақтауға әрі нығайтуға қызмет ете алады және солай болуы
да тиіс. Ол ішкі және сыртқы саясаттың сындарлы факторы ретінде
қарастырылуы қажет.
Қазақ философиясы қоғамдық ой мәдениетінің вербалды түрлерінде
айқындалған. Оның тарихи дамуында қазақ философиясы менталитетінің
қалыптасуына ислам әсер етті. Оған бірқатар жағдайлар итермеледі, белсенді
ролді мұсылмандылыққа сенушілер алды. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін
ислам қазақ даласына кеңірек тарай бастады. Ислам қазақ философиясының
дамуына бір мағыналы әсер етпеді. Мазмұны былай анықталды, бір жағынан
ақсүйек діни қорғаушылар исламды тұрақты оқытуға айналдыруға тырысты,
екінші жағынан халықтың өзінен шыққан ойшылдары мен олардың көзқарастарын
жақтайтын сауатты және білімді, оқыған өкілдері мен оның мүдделерін
қорғайтындардың мұсылмандыққа деген көзқарастары мен өзіндік философиялық
тұжырымдамалары болды.
Қазақтың рухани мәдениеті соның ішінде ізгілікті істері, ділі, тілі,
оның ойлау құрылымы және әлеуметтік-мәдени мүдделері біртіндеп жалпы
мұсылмандық типті көрсете бастады. Осылай мұсылмандардың адамгершілік,
инабаттылық бетбұрыстары қалыптаса бастады. Имандылыққа қайта бет бұрғалы
халқымыздың ислами еңбектерге деген көзқарастары да артып отыр. Бұл – Ислам
дінінің жыл өткен сайын халық жүрегінен тереңірек орын алып келе жатқандығы
мен қазақ қоғамының мұсылманшылықпен имандылыққа бетбұрысы.
Х.З.Ақназаровтың ойы мынадай: Ислам діні өз сипатына қарай өзіндік
ерекшелігі бар. Жаңа тарихи жағдайларға байланысты арабтардың өзіне тән
тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, дәстүрлерін ескереді. Бір жағынан осылардың
негізінде қалыптасқан, екінші жағынан арабтардың ескі нанымларын бойына
сіңіре отырып дамыған.
Қазақ халқының ұлттық дәстүрінің ғасырлар бойы ислам дінімен жымдасып,
бірігіп ажырағысыз жағдайға түскенін, ұлттық дәстүрді діннен айналып өтіп,
дамытудың мүмкін еместігінде айта кету аса маңызды. Соңғы жылдардағы
еліміздегі ислам дінінің ықпалының өсуі республикада қазақ лингвистикалық
фонетикасының күшеюіне әсер етті. Қазақстанда тығыз топталып, орналасқан
өзбек, ұйғыр, түріктер, қазақ тілінің маңызын терең түсініп, оның қолдану
аясын кеңейтіп жатыр, түркі тілдестер тілдері қазақ тіліне жақын болған соң
балаларын қазақ мектептеріне беруде. Орыс тілі түркі тілдестер тығыз
орналасқан аудандарда ұлтаралық функциядан айырылып, орнын қазақ тілі
басуда.
Қазақ халқының ділін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі – ол тәрбиелік
қасиеті. Қазақ халқының бүкіл салт-санасы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар және уақыт «Астана - жастар қаласы»
Қазақстан Халқы Ассамблиясына 20 жыл
Қазақстан Республикасының және НАТО
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
Ел ордасы - Астана туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы және НАТО
Әлемдік саясатта мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Чжоу Эньлайдың революциялық қызметі
Астана - әсем қала
Көпұлтты мектептегі патриоттық тәрбие
Пәндер