Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеудің құқықтық мәселелері


(МАЗМҰНЫ:

ТАҚЫРЫБЫ: АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНАН АЙЫРЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мамандығы 6М030100

Құқық магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

КІРІСПЕ . . . 6

1. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНАН АЙЫРЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ… . . . 13

1. 1 Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алудың

заңдық процедурасы . . . 13

1. 2 Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды

орналастырудың заңдық тәртібі . . . 17

2. БАЛА (ҚЫЗ) АСЫРАП АЛУ . . . 22

2. 1 Бала асырап алудың түсінігі мен тәртібі. 22

2. 2 Бала (қыз) асырап алған субъектілерінің құқықтық жауапкершілігі . . . 39

2. 3 Бала (қыз) асырап алудың құқықтық салдары. Бала (қыз)

асырап алудың шетел элементімен құқықтық реттелуі. . . . 50

2. 4 Бала (қыз) асырап алуды жарамсыз деп тану. 60

3. БАЛАЛАРҒА ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ПЕН ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ЖАСАУ . . . 66

3. 1 Қорғаншылық пен қамқоршылық белгілеудің тәртібі . . . 66

3. 2Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері…. 71

3. 3 Қорғаншылық (қамқоршылық) тағайындалған балалардың

құқықтары . . . 74

3. 4 Қорғаншылық пен қамқоршылықтың тоқтатылуының заңды

сипаты… . . . 77

3. 5 Тәрбиелеу, емдеу мекемелеріндегі балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық белгілеудің тәртібі. Патронат (пайда болуы, тоқтатылуы, құқықтық салдары) . . . 79

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . 94

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 101

ПРЕЗЕНТАЦИЯЛЫҚ СЛАЙД (салыстырмалы талдау) …… . . . 105

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасындағы ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеудің құқықтық мәселелеріне арналады. Диссертация жұмысында негізінен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың құқықтарының қазіргі дамушы елдер соның ішінде Ресей Федерациясындағы осындай өзектіліктің шешілу тұстарымен салыстырылады.

Диссертациялық жұмыстың негізгі мәселесіне ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеудегі отбасылық құқықтық қарым-қатынастарды саралауға нақты құқықтық, теориялық және тәжірибелік мәні бар ұсыныстар мен автордың өзіндік көзқарастары тұжырымдалған.

Зерттеу нәтижесінде нақты негіздемелер, оларды реттеудің тәртіптері қамтылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1997 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауында «Барлық қазақстандықтардың, дамуына және жағдайының толық жақсаруына» бағытталған Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін даму Стратегиясы ұсынылған «Қазақстан - 2030». Осы ұзақ мерзімді Стратегияның алғашқы бастауларына «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейін дамуға» бағытталған стратегиялық жоспарлауды, 2001 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілді.

Ал 2010 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлауының дамуы 2020 жылға бағытталды. Бұл «Қазақстан - 2030» Стратегиялық жоспарлаудың 2010 мен 2020 жылдарға арналған жоспарлау болды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында, «Қазақстанның бәсекелестікке қабілетті елу дамыған елдер қатарына қосылуымыздың Стратегиясын» ұсынды [1] .

Сондықтан біріншіден, қазіргі нарықтық-экономикалық қатынаста, еліміздің 50 дамыған ел қатарына қосылуына орай, ҚР Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында (2010 жылы) біздің ішкі және сыртқы саясатымыз 30 басты бағытқа арналып, жиырма жетінші бағыты кәмелетке толмаған балаларымыздың дұрыс тәрбиеленуіне назар аударуымыз керектігін айтқан. Сол себепті, еліміздегі «Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларымыздың» бөтен шет мемлекеттерімен асырауға алынуына жол беру не бермеуінің негізі себебін ашып дәлелдеп беруіміз қажет.

Екіншіден, Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы» Заңының 12-тарауы «Бала асырап алу» тиісті түрде, заңның 16-тарауы «Патронат» бөлімімен ауыстырылуы қажеттігін түсіндіру, себебін анықтап, Қазақстан Республикасының «Отбасы құқығы» негізінен отбасылық қатынастарды қамтуына қарай, оның толық процессуалдық талабының орындалуы үшін «Неке және отбасы» туралы реттеуші заңы - Кодекс қабылдануының қажеттігін жеткізе білгеніміз жөн.

Үшіншіден, «Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды» асырап алу кезінде дамыған елдер мысалында тәжірибелік сыннан өткен «Аккредиттелген агенттіктер» қызметінің елімізде қолға алынып, олардың функциялары заңдастырылуы қажеттігін айтуға тиістіміз.

Төртіншіден, Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы» Заңында реттелмеген қатынас «Суррогат ана» шартының еліміздің «Қазақ» ұлтына, менталитетімізге мүлде сай келмеуінің тұстарын ашып көрсету.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Осы тақырып аясында қазақстандық мына ғалымдар жұмыс жасады: Абдуллин З. К., Басин Ю. Г., Диденко А. Г., Базарбаев Б. Б. Сонымен қатар, отбасылық құқықтық аспектісінің дамуының деңгейі мына авторларда кездеседі: Зиманов С. З., Кенжалиев З. Ж., Созакбаев С. У.

Ал, Ресей Федерациясының отбасы құқығының белгілі авторлары: Антокольская М. В., Анисимов В., Кузнецова Л. М., Нечаева А. М., Пчелинцева Л. М.

Осы белгілі авторлар еңбектерімен автор, отбасылық құқықтық қарым-қатынастың кәмелетке толмаған, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға қатысты тиісті құзырлы комиссияның, жетім балаларға қатысты білім беру мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің (интернат үйлері, еншілес мектеп-интернат, балалар үйі), денсаулық сақтаудың жергілікті өкілді органдарының және тағы басқаларының баланың құқықтарына нұқсан келтіретін, тұрмыс жағдайын нашарлататын фактілерді алдын алу бойынша ұсыныстар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауда, орналастыруда, оларды асырап алу кезіндегі (шетел азаматтарын қоса алғанда) тәртібіне тоқталған. Отбасы қатынастарындағы «Патронат» түсінігі мен тәртібіне, балаларды патронат тәрбиесіне берудің қазіргі кездегі маңыздылығына, қорғаншылық пен қамқоршылықтың тағайындалуыдың негізгі тәртібіне жеке ұсыныстарын беруде. Сондай-ақ бала асырап алудағы шетел элементінің рөлін түсіндіруде.

Зерттеу объектісі - әр түрлі себептермен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды орналастыру, шет елдік отбасылардың қамқорлығына алынғандардың жалпы тізімін алып, олардың болашақ тағдырына алаңдау, жағдайының жақсы екеніне көз жеткізу.

Зерттеудің пәні (заты) ретінде - ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың құқықтары мен бостандықтарының отбасылық құқықтық қарым-қатынастарда реттелуінің заңдық тәртібі. Сонымен бірге, қазіргі кездегі ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды анықтау мен орналастырудың жүйесі. Оларға жауапкершіліктің белгіленуі бойынша, тиісті құзырлы органдар мен азаматтардың негізгі міндеттері.

Диссертацияның мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсатына, «Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеудің» кешенді зерттелуіне, олардың Қазақстан Республикасындағы отбасылық құқықтық қарым-қатынастардың толық сақталуына мүмкіндіктер жасалуын міндеттейді.

Тақырыптың өзектілігін талдау үшін келесідей мақсат қойылды:

- кәмелетке толмаған, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген ұйымдардың: «Қорғаншы және қамқоршы» органдарының жалпы құзіретіне тоқталу, олардың басқа елдермен айырмашылығына талдаулар жасау.

- тақырыптың негізгі өзектілігін ашудағы басымдылықтардың жүйесіне толық талдау жасау.

- аталған мәселенің өзектілігін шешу бойынша ата-аналық жауаптылықтың күшейтілуін толық жеткізу.

- Қазақстан Республикасынан баланы (қызды) асырап алушылардың басты кемшіліктері мен тиімділігінің тұстарын дәлелдеу.

- негізгі реттеуші заңның қабылдануының басты жетістігін қарастыру.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер белгіленеді:

- біріншіден, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды дер кезінде анықтаудың жалпыға бірдей міндеттілігін түсіндіру;

- екіншіден, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың анықталуынан кейінгі оларды нақты орналастырудың тәртібін талдау;

- үшіншіден, қазіргі кездегі қорғаншылық және қамқоршылық белгілеудің туындайтын қиындықтарына тоқталу;

- төртіншіден, баланы (қызды) асырап алудың жетістіктері мен кемшіліктерін (шетел азаматтарының, агенттіктерінің қатыстырылуының құқықтық салдарын) жеткізу;

- бесіншіден, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған мемлекеттік мектеп-интернат, балалар үйінің «Патронат» тәрбиешілерінің құқықтық жауаптылығына толық тоқталу;

- алтыншыдан, отбасылық құқықтық қарым-қатынастың: «Балаларды асырап алудың, қорғаншылық пен қамқоршылықтың берілуінің, патронат тәрбиешілердің міндетінің» Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, шетелдік мемлекеттеріндегі реттелу жолына тоқталу.

Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негіздері. Аталған міндеттерді орындау барысында ғылыми зерттеудің танымдық негізі ретінде материалистік диалектиканың заңдары мен құқықтық реттелуінің әдістері және негізгі қағидалары пайдаланылған. Зерттеуде сондай-ақ, нақты салыстырмалы құқықтық, тарихи-құқықтық, формальды логиканың ережелері, статистикалық әдістемеліктер қолданылады.

Зерттеудің теориялық негіздері. Зерттеу барысында С. Созақбаев, Х. Арғынбаев, М. Б. Құдайбергенов, С. А. Ынтымақов, Т. Д. Карпушкина, Ғ. Төлеуғалиев, Л. М. Романова, Е. О. Егембердиев сияқты қазақстандық ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.

Тақырыптың теориялық негізін толық зерттеуде Ресей Федерациясының отбасы құқығының белгілі авторлары: М. В. Антокольская, В. А. Тарахов, В. М. Шумилов, Л. М. Пчелинцева, А. М. Нечаева, В. И. Бошко, В. А. Рясенцев, В. В. Кустова, В. Н. Садиков және басқалары пайдаланылды.

Зерттеудің нормативтік базасына Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы» Заңы, «Ювенальды сот» істерінің сараптамалары, Азаматтық заң актілері, Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Халықаралық нормативтік құжаттар, сонымен бірге, бұрынғы Кеңестер Одағы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің нормативтік-құқықтық актілері, ғылыми құқықтық журналдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдары және көрсетілімдерінен алынған мәліметтер, Ресей Федерациясының «Отбасы құқығы», «Неке және отбасы» туралы Кодексі, шетел мемлекеттерінің салыстырмалы сараптамалық нормативтік базасын құрайды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертация жұмысын зертеудегі ғылыми жаңалығына, автордың тақырыпты терең ашудағы берілген тәжірибелік ұсыныстары мен жеке талдаулары.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы нақты келесідей элементтерден тұрады:

- «Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды» анықтаудың, орналастырудың тәртібіне автордың бұрынғы және қазіргі кездегі құқықтық мәселесіне кезеңмен талдау беруі;

- тақырыптың өзектілін жеткізуде отбасылық құқықтық қарым-қатынастардың жаңа әрі жоғарғы заңдық құзіреттігіне ие заңның, «Неке және отбасы» Кодексінің құрылымына талдау жасаған;

- бала асырап алудың мәселесі бойынша, әсіресе еліміздегі шетелдіктерге қызмет етуші «Агенттіктердің» заң органдары тарапынан тиісті атқарушы органға бағыныстылығын рәсімдеудің кейбір тұжырымдарын ұсынуы;

- автордың Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Үздіксіз білім алу жүйесін құруға» арналған 2011 жылғы халыққа жолдауына сәйкес, «Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға» байланысты берілетін жоғары білім алу гранттарына бірқатар талдау жасаған;

- әрекет етуші «Неке және отбасы» Заңының нақты баптарына өзгеріс енгізу қажеттігін атап өткен.

Зерттеудің қорғауға ұсынылатын ғылыми негізгі нәтижелері мен тұжырымдары:

«Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеудің құқықтық мәселелері» бойынша алдымен:

1. Жоғарғы заңдық күші бар, отбасылық қатынастарды, балаларды асырап алу тұрғысында реттеуші негізгі Заңды қажет етеді. Бұл орайда «Неке және отбасы» Заңы қосымша ретінде қатыстырылып, басты реттеуші «Неке және отбасы» Кодексін қабылдауымыз қажеттігі;

2. Қоғамымыздағы «Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды», «Тастанды балалар» статусынан бөлектеп қарасытыруымыз қажет. Яғни, «Тастанды балалар» белгілі мемлекеттік жәрдемақылар түрі мен жеңілдіктерге «Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардан» кем емес дәрежеде қамтылуын қамтамасыз етуіміз қажет;

3. Балалардың өлу оқиғаларының орын алуы асырап алушылардың психологиялық деңгейінің төмендігінен деген пікір жиі айтылады. Сондықтан бала асырап алуға үміткерлердің бәрі психологиялық тексеруден және баланы отбасыға тәрбиеге алу жөніндегі арнайы дайындықтан өтуге тиіс. Ал Қазақстан Республикасының жетім балаларының құқықтарын қорғау үшін, бала асырап алу қызметімен айналысатын «Халықаралық агенттіктерді» балалардың жаңа отбасыларда қалай тұрып жатқаны жайлы есеп беріп отыруға міндеттеу қажет болып отыр. Сонда әуелі әке-шешесі бар балалар екінші рет тастандыға айналмай, сұрауы болғасын, қадір-қасиетін де жоймас. Бұл үшін Қазақстан, «Балаларды қорғау және халықаралық асырап алуға қатысты ынтымақтастық» жөніндегі «Гаага Конвенциясына» қосылуға тиіс;

4. Тағы бір атап өтетін жайт, шетелдіктер көбіне орталық жүйкесі зақымдалған және басқа да аурулары бар балаларды асырап алады. Ал, шет мемлекеттерде жүргізілген медициналық тексеру нәтижесінде олардың дені сау екендігі анықталған жағдайлар да бар. Заң бойынша шетелдік азаматтардың асырауына берілген балаларға Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері бақылау жасап отырады. Бақылау нәтижесінде асырауға берілген балалардың саны туралы мәліметтердің әртүрлі болатындығы мәлім болып отыр. Адам құқықтары жөніндегі өкілдерді алаңдатып отырған да осы мәселе. Бұның бірден-бір себебі бала асырап алғысы келетін адамдарға жетім балаларды тауып беру және асырап алуды заңдастыру бойынша делдал болып табылатын әртүрлі халықаралық ұйымдардың қызметі деп айтылады. Баланы асырап алғаннан кейін жаңа ата-ана не делдалдар оларды консулдық есепке қоймайтын жәйттер де кездеседі;

5. Бала (қыз) асырап алуға байланысты рұқсат беруге, ҚР Үкіметі тарапынан жекелеген жеңіл түрдегі аурулар тізімінің толықтырылуы қажет деп санаймын. Себебі, еліміздегі туберкулезге қарсы неше түрлі нана технологиясындағы егу шаралары жүргізіліп жатыр. Соларға байланысты, туберкулез ауруының екінші қайталанбайтын сатысында, азаматтардың балалар асырап алу құқығына ие болуы қажеттігін заңдастыру. Сол сияқты, басқа да бірқатар аурулар қатарын қайта қарастыру қажеттігі туындайды;

6. Бақылап, қадағалаушы органның құзіретіне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мұрагерлікпен, не өсиетпен қалдырылған мүлкіне де бақылау міндетін қоса атқаруы керек. Ол болған жағдайда, олардың бақылау аясы күшейтілген түрде жүргізілуі тиіс. Себебі, көптеген жағдайларда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың материалдық, өзіне тиесілі мүліктен айырылуы салдарларынан жеке мүліктік құқықтары бұзылып жатыр;

7. ҚР «Неке және отбасы» Заңының 80-бабы, 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, сот арқылы ата-аналық құқықтан айырылғандар, кейіннен бала (қыз) асырап алуына жол берілмейтіні аталған. Сондықтан осы мәселе төңірегінде біздің жеке ұсынысымыз тиісті бейтарап үшінші тарап ретінде мемлекеттік атқарушы органның құзырына осындай ата-аналық құқықтарынан айырылған не шектелген азаматтардың біріңғай базасының ашылуына құзырлы болуы тиіс;

8. ҚР АІЖК-нің 317-5-бабына сәйкес АХАЖ органына заңды күшіне енген шешімнің толық нұсқасы жіберіледі деп көрсетілген. Бұл жерде кодекстің күші заңнан басым түседі, бірақ АХАЖ органына шешімнің толық нұсқасы жіберілген кезде баланы (қызды) асырап алу құпиясы бұзылады. Осыған орай, АХАЖ бөліміне шешімнен үзіндіні ғана жіберген дұрыс деп санаймын;

9. Бала (қыз) асырап алудың жолдарына, біз отбасы заңдылығына түбегейлі өзгерістер енгізуіміз қажет. Ол дегеніміз «Асырап алынғандар» мен отбасылық қарым-қатынастарды, «Туыстық жолмен асырап алынғандар» қатарындағы санатына ұқсас етуіміз қажет;

10. ҚР отбасы заңында бала (қыз) асырап алу кезінде жас ерекшеліктеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болсақ, онда біздің де жасөспірімдеріміздің психологиялық жағынан дұрыс дамуына жол ашылары сөзсіз.

Диссертацияның сыннан өтуі (апробация) . Жұмыстың негізгі теориялық қағидалары мен тәжірибелік ұсыныстары диссертация негізінде жарияланған мақалаларда зерттеліп, тақырыптың қазіргі кездегі өзекті тұстары қорғау барысында толық баяндалады. Диссертация тақырыбы бойынша «Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеудің құқықтық аспектісі» («А. Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы», №4-5 (72-73), қыркүйек-қазан, 2010 жыл (240-244 беттер) және «Проблемы теории и практики усыновления (удочерения) в Респулике Казахстан и зарубежных странах» («А. Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы», №1 (74), қаңтар-ақпан, 2011 жыл (327-331-беттер) атты ғылыми мақалалар баспасөз бетінде жарияланды.

Диссертацияның теориялық және тәжірибелік маңыздылығын жеткізу барысында, А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Азаматтық құқық және іс жүргізу» кафедрасында «Отбасы құқығы» курсының семинар сабақтарында талдаулар жасалынды.

Диссертациялық зерттеу бойынша жасалған тұжырымдар автордың А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің заң факультетінің «Азаматтық құқық және іс-жүргізу» кафедрасында өтілген оқу-өндірістік іс-тәжірибесі мерзімдерінде, студенттерімен өткізілген дәрістік және тәжірибелік курстарында іскерлік ойындарында көрініс тапты.

Жұмыс құрылымы мен көлемі.

Магистрлік диссертация жұмысының мақсаты мен тәртібі оның құрылымын анықтады. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, он бір бөлімшеден, қорытындыдан, слайдтық-презентациядан, пайдаланылған дереккөздер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНАН АЙЫРЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ

1. 1Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алудың заңдық процедурасы

Деректер мен дәлелдемелерге сүйенетін болсақ, елімізде әр жыл сайын 30 (отыз) мыңдай отбасы ажырасады екен. Соның салдарынан 100 (жүз) мыңның үстінде бейкүнә сәби тірі жетімдердің қатарына қосылуда.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және орналастыру «Неке және отбасы» туралы Заңының 13-тарауында, 100-бабында: «Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау», 101-бабы: «Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу», 102-бабы: «Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру» құқықтық қатынастарымен реттеледі.

Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы» туралы Заңының 101-бабына сәйкес «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алуды» білім беру, жалпы білім беру, емдеу және басқа да мекемелердің лауазымды жауапты тұлғалары және өзге де азаматтар осындай балалар туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерін хабарлауға міндетті [6] .

Сонымен қатар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу және басқа да мекемелердің басшылары баланы отбасы тәрбиесіне беру мүмкін екендігі белгілі болған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде бұл туралы мекеменің орналасқан жері бойынша қорғаншы немесе қамқоршы органына хабарласуға міндетті.

Ал, өз кезегінде қорғаншы және қамқоршы орган осындай мәліметтер алған күннен бастап үш күн ішінде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жасап, ата-аналарының немесе оның туыстарының қамқорлығы жоқ екендігі фактісі анықталған кезде баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Қорғаншы және қамқоршы органы осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап, бір ай мерзім ішінде баланы орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Егер, баланы отбасы тәрбиесіне беруге мүмкіндік болмаған кезде, орталықтандырылған есепке алу үшін және кейінгі жағдайында баланы ҚР аумағында тұрақты тұратын отбасының тәрбиесіне беру үшін ақпаратты әкімшілік-аумақтық бөліністің білім беру басқармасының органына жібереді.

Осындай балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеп отырады.

Кәмелетке толмаған балалардың түрлі себептерге байланысты ата- анасының қамқорлығынсыз қалуы мүмкін:

  1. Ата-анасының баладан бас тартуының;
  2. Өзінің ата-аналық жауапкершілігін орындамауының;
  3. Ауыр науқастануына немесе ұзақ уақыт бойы ата-анасының баламен бірге болмауынан;
  4. Ата-анасының бас бостандығынан шектелуіне байланысты соттылығы;
  5. Ата-аналық құқығынан айырылуы;
  6. Ата-анасының қайтыс болуынан;
  7. Перзентханадан және сол сияқты заңды мекемелерден балаларын алудан бас тартуына себеп болып жатады.

Елдегі тұрақсыздықтар, атап айтқанда: «Аппакриттердің» (ешқандай тұрақты тұратын, тіркелген жері, азаматтығы жоқ адамдар) салдарынан, жастар арасында қылмыстың өсуінен, ата-аналардың құқықтары мен міндеттеріне ат үсті қарауынан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тағдыры қатты алаңдатып отыр. Сонымен бірге, дер кезінде мұндай жағдайдың алдын-алу, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау қазіргі кездің өзекті мәселе болып тұр.

Осы орайда, айта кететін жәйт, Ресей Федерациясы отбасы кодексіне еліміздің «Неке және отбасы» туралы Заңы сәйкестендіріліп заңдастырылғанын атап өтуге болады. Яғни, балалардың ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандығы расталғаннан кейінгі, оларды орналастыру процедурасының (тәртібінің) біркелкілігін салыстырмалы түрде айтуға болады. Оған, Ресей Федерациясының отбасы кодексінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәліметі «Мемлекеттік банк базасы» бойынша, «Қорғаншылық және қамқоршылық» Федеральды заңдарымен реттеліп отыратынын атап өту қажет. Осындай балаларды анықтау және орналастыру қорғаншы және қамқоршы органдарына жүктеледі. Оларға атқарушы органдарын жатқызамыз. Ал, қорғаншы және қамқоршы органдарына Ресейдің жергілікті өзін-өзі басқарушы органдары жатады.

Балаларды отбасына орналастырудың принциптеріне, ата-ананың, отбасының қамқорлығы жатады. Сонымен қатар балаларды орналастыруда, тәрбиелеуде, оларды асырап алуға беруді жүзеге асырушы тек ғана қорғаншы, қамқоршы органдары болып табылады. Мұндай іс-әрекеттерді тек қорғаншы, қамқоршы органдары жүзеге асырады, басқадай құқық қорғау органдарына заңмен жол берілмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларының психологиялық қабілетін айқындау
Жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетудегі өзекті мәселелер
Балалық шақ адамның бастапқы өмірінің белгілі бір бөлігі
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЖЕТІМ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІCТEМECІ
Көше балаларының пайда болуы және олардың құқығын қорғау
Баланы асырап алу тәртібі
ПАТРОНАТ ОТБАСЫЛАРЫНА ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ТӘЖІРИБЕСІ
Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмысы
Жетім балаларды әлеуметтік қорғау
Жетімдік. Жетім балаларды асырап алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz