Ипотекалық несие тәуекелін бағалау және кепілдендіру әдістері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ипотекалық несие тәуекелі және оны кепілдендірудің маңызды аспектілері.

Ипотекалық несие банктің (қаржылық ұйымның) тұтынушыларға ұсынатын несиелерінің бір түрі болып табылады. Ипотека сонау ерте заманда б. з. д. VІ ғасырда Грецияда алғаш рет дами бастаған, кейін келе Рим империясында дами түсіп, біздің заманымызға дейін келген. Қазіргі кезде ипотекалық несиені банктер тұтынушыларға ұсынып, тұрғын үй мәселесін шешудің бір жолы ретінде кең танылуда. Алайда банк осы несиені ұсыну барысында кейбір келеңсіздіктермен соқтығысуда. Бұл несие тәуекелі деген ұғыммен ұштасады.

Банктер ақша қаражаттарын беру барысында делдал болып табылады, сондықтан ол өзіне несие тәуекелдігін қабылдайды. Несиенің өз уақытында қайтарылмауы банктің зиян шегуіне немесе банкроттыққа алып келеді. Несиелік тәуекел - бұл қарыз алушының қаржылық жағдайының төмендеуімен немесе банкроттылығымен және несиенің толық немесе бір бөлігін, олар бойынша пайыздар сомасын қайтара алмаумен байланысты тәуекел. Ол ішкі ортаның әсеріне қатысты болады. банк қызметкерлерінің клиент нәтижелерін: қаржылық және нарықтық көрсеткіштерін және қызметінің болашағын дұрыс бағаламау салдарынан потенциялды несие қабылеттіліг жоқ клентке несие беру себебінен туындайды. Осының бәрі несиенің бір түрі болғандықтан, ипотекалық несиеге де қатысты жағдайлар. Ипотекалық несие тәуекелі өте жоғары болып келеді, өйткені онда көп сомада қаражат беріледі және оның пайызы да жоғары болады. ал ең негізгісі, несиенің бұл түрі ұзақ мерзімге берілгендіктен қайтарымдылығы тәуекелді талдау ақпараттарының алғышарттарының бірі сәйкестендіру. Банк әртүрлі ақпараттар алуға қажетті шығындарға да көңіл бөле отырып, өзінің барып отырған тәуекелін анықтауы керек.

2. Тәуекел мөлшерін анықтау. Тәуекелді сәйкестендіру мен тәуекел мөлшерін өлшеу әдісі тығыз байланысты. Тәуекел көлемін сандық сипатта анықтау нақты тәуекел мөлшерін қалыптастыруға және потенциалды шығындар көлемін бағалауға көмектеседі.

3. Несиелік тәуекелді басқару. Тәуелдің мөлшерін анықтағаннан кейін оны басқару стратегиясын және әдістемесін дайындау керек. Бұл несиелік тәуекелдің лпайда болуын ескеруге және банктің өтімділігі мен табыстылығына әсер ететін несиелік тәуекел салдарын алдын алуға бағытталады.

4. Несиелік тәуекелді басқару бойынша жүргізілетін шаралардың нәтижесін әрдайым бақылап, болжамдалған көрсеткіштерден тәуекелдің ауытқуы себебін табуға және талдауға көмектеседі. Бақылау клиенттің несиелік қабілетінің нашарлауын және бағасын, кепілін анықтауға көмек береді.

Несиелік тәуелді басқарудың тиімді жүйелерінің бірі - несиелік тәуекелді бағалау. Сондықтан несиелік тәуекелвді бағалау өзара байланысты факторлар жиынтығынан тұрады (2-сурет) .

Несиелік тәуекелді бағащлауға әсер ететін критерийлерді толық түрде ашып көрсетсек, олар келесідей:

1. Несиенің қамтамасыз етілуі клиенттің ссудалық қарызын жабу деңгейі. Бұл фактормен байланысты критерий қамтамасыз етілудің өтімділігі, жеткіліктілігі, сақтандырылуы. Бұл банктің қамтамасыз етуді қалай жүзеге асырылатындығын көрсетеді.

2. Несие мәмілесінің сипаттамасы несие келісімінің негізділігі және нақтылығы сипаттарынан көрінеді. Бұл өз кезегінде несиенің мақсатқа сәйкес болуымен, оның мерзімділігімен, қайтарымдылық және өтеу шартымен сипатталады.

3. «Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығы» клиенттің қаржылық жағдайын бағалау, яғни уақытылы банкроттықтан сақтануға көмек береді. Мұның негізі несиелік қабілет, капитал жеткіліктілігі, репутация басқару сапасы болып табылады.

Екінші деңгейлі банктер мен ипотекалық компаниялар үшін өз несиелік тәуекелдерін төмендету ипотекалық несиелердің болашақ дамуын анықтайтын фактор болып табылады. Өйткені несие берудің мерзімін ұзарту жәхне алғашқы жарна көлемін төмендету несие алушылардың тәуекелін төмендетусіз мүмкін емес. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалауы бойыншаж, несие тәуекелі жалпы көлемде алғанда несие бойынша мирнималді мөлшерлеме құрылымында компонет болып табылады. Эал ол өз кезегінде несие алушының табыс алмай шығындарды ұлттық валютада 49, 2%-бен шетелдік валютада 59, 8%-бен жабуға мүмкіндік береді [2] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие тәуекелін анықтау және сандық бағалау әдістері
Несие тәуекелін басқаруда қарыз алушының несие қабілеттігін бағалау және жетілдіру (БТА Банк мысалында)
Коммерциялық банктің несие тәуекелін басқару жүйесіндегі несие алушының несие қабілеттілігін бағалау: теориялық-әдістемелік және практикалық аспектілер
Банктік несие алушының несие қабілеттілігін бағалау әдістері
Ипотекалық несие беру мақсатында жылжымайтын мүлікті кепілдік бағалау: құқықтық-әдістемелік негіздер және екі бөлмелі пәтерді бағалау
Қазақстандағы ипотекалық несие жүйесі: коммерциялық банктер мен Қазақстан Ипотекалық Компаниясының тәжірибесі
Қаржы тәуекелін басқару: теория, бағалау әдістері және Қазақтелеком АҚ филиалы мысалы
Несие тәуекелін басқаруда қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың теориясы мен әдістемесі
Қазақстан Республикасындағы банктердің ипотекалық несие беру қызметін дамыту бағыттары
Қазақстандағы ипотекалық несие: ұғымы, жүйесі және даму перспективалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz