Бағдарламалау тілдері пәнінен жасалған электронды курсқа интерактивтілік кіргізу
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ 5
1.1 Қазақ тілінде электронды оқулықтар мен Web . парақтар дайындау әдістері мен құралдары 6
Оқыту процесінде электронды оқулықты пайдалану 13
1.3 Студенттің өздік жұмысында электрондық оқулықты қолдану 15
2 FRONTPAGE ОРТАСЫ 18
2.1 FrontPage бағдарламасымен жұмыс істеу 19
3 HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ 23
3.1 HTML тілінің атқаратын қызметі 25
3.2 HTML тілінің тәгтері 26
4 ИНТЕРАКТИВТІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 27
4.1 Интерактивтілік түрлері 27
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде өмір деңгейінің үнемі өзгеру жағдайында, Қазақстан Республикасы және басқа да ТМД елдерінде қоғамдық даму мен интеграцияның маңыздылығы әлемдік қатынаста мамандарды даярлауда, ең алдымен жеке тұлғаның ойлау мүмкіндіктерін күшейту құралдарын пайдалануда, жеке тұлғаның интеллектілік даму процестерін арттыруда жаңа талаптар пайда болды. Мұнда белгілі ойлау түрлерінің дамыту процестерін бастауға (көрнекі - бейнелілік, теориялық); есте сақтау, назар аудару, қадағалушылықты дамыту процестерін арттыруға; басқару және ұйымдастыру әрекеттеріне бейім лидердің қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін қазіргі ақпараттық технология құралдарының мүмкіндіктерін пайдалану туралы сөз болады. Қазіргі заман шарттарында зерттеушілер жаңа ақпараттық технологияларға және олардың құралдарына аса маңызды көңіл бөлуде. Сонымен қатар жаңа ақпараттық технология құралдары (ЖАТҚ) ұғымына жинақтау, өнім беру, сақтау, өңдеу, ақпаратты беру операцияларын қамтамасыз ететін қазіргі кезеңдегі құралдар және есептеу техникалық базасында қызмет істейтін бағдарламалық - аппараттық құралдар және құрылғылар түсіндіріледі.
Курстық жұмыстың мақсаты – қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның кеңінен пайдалануға негізделген оқу курстарын дайындау және жүзеге асыру әдістері туралы білімді қалыптастыру болып табылады.
Электрондық оқулық – оқытудың тактикалық мақсатын қамтамассыз ететін бірнеше электронды сабақтардан жинақталған көлемі жағынан үлкенірек ақпараттық бірлік.
Курстық жұмыстың өзектілігі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану сабақты ұйымдастыру дәрежесін көтереді. Сондықтан, электрондық оқулықтар бүгінгі өмірдің өзекті қажеттілігіне, сұранымына айналды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Бәкірова Ш. Электронды оқулықтың маңызы зор /Ш.Бәкірова // Қазақстан мектебі.- 2004.- №11.-С.9-10
2. Әбдікәрімов Б. Ақпараттық технологиялар – білім беру кеңістігінде / Б.Әбдікәрімов // Қазақстан мектебі.- 2006.- №5.- С.10-11
3. Ферсо С.И. Электронные учебные издание как средство повышения квалификации учителей / С.И.Ферсо, С.Г. Шеглов // Вестник КазУМоиМЯ.- 2004.- №9.- С.50-57
4. Ходжаниязов Ж. Оқыту процесінде: Электронды оқулықты қолдану / Ж.Ходжониязов // Білім әлемі.- 2004.- №4.- С.14
5. Аңдасова Б.З. Студенттің өздік жұмысында электрондық оқулықты қолдану /Б.З. Аңдасова // Білім Берудегі Менеджмент.- 2005.- №2.- С.139-143
6. Бакирова Ұ. Электронды оқулықты пайдалану /Ұ.Бакирова //Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.- 2005.- №10.-С.6-7
7. Нұрғалиева Г. Электрондық оқулықтар – мұғалім мен оқушы арасындағы әрекеттестікті гуманизациялау туралы /Г.Нұрғалива //Информатика негіздері.- 2002.- №2.- С.2
8. Сағындықов Ш. Электрондық оқулықпен жұмыс жасаудың тиімділігі /Ш.Сағындықов //Информатика негіздері.- 2002.- №3.- С.24-25
9. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарты. ҚР МС 34.017-2005. «Ақпараттық технологиялар. Электрондық басылым. Электрондық оқу басылымы».

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛДЕРІ пәнінен жасалған электронды курсқа
интерактивтілік кіргізу
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ 5
1.1 Қазақ тілінде электронды оқулықтар мен Web - парақтар дайындау
әдістері мен құралдары 6
Оқыту процесінде электронды оқулықты пайдалану 13
1.3 Студенттің өздік жұмысында электрондық оқулықты қолдану 15
2 FRONTPAGE ОРТАСЫ 18
2.1 FrontPage бағдарламасымен жұмыс істеу 19
3 HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ 23
3.1 HTML тілінің атқаратын қызметі 25
3.2 HTML тілінің тәгтері 26
4 ИНТЕРАКТИВТІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 27
4.1 Интерактивтілік түрлері 27
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде өмір деңгейінің үнемі өзгеру жағдайында, Қазақстан
Республикасы және басқа да ТМД елдерінде қоғамдық даму мен интеграцияның
маңыздылығы әлемдік қатынаста мамандарды даярлауда, ең алдымен жеке
тұлғаның ойлау мүмкіндіктерін күшейту құралдарын пайдалануда, жеке тұлғаның
интеллектілік даму процестерін арттыруда жаңа талаптар пайда болды. Мұнда
белгілі ойлау түрлерінің дамыту процестерін бастауға (көрнекі - бейнелілік,
теориялық); есте сақтау, назар аудару, қадағалушылықты дамыту процестерін
арттыруға; басқару және ұйымдастыру әрекеттеріне бейім лидердің қасиеттерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін қазіргі ақпараттық технология құралдарының
мүмкіндіктерін пайдалану туралы сөз болады. Қазіргі заман шарттарында
зерттеушілер жаңа ақпараттық технологияларға және олардың құралдарына аса
маңызды көңіл бөлуде. Сонымен қатар жаңа ақпараттық технология құралдары
(ЖАТҚ) ұғымына жинақтау, өнім беру, сақтау, өңдеу, ақпаратты беру
операцияларын қамтамасыз ететін қазіргі кезеңдегі құралдар және есептеу
техникалық базасында қызмет істейтін бағдарламалық - аппараттық құралдар
және құрылғылар түсіндіріледі.
Курстық жұмыстың мақсаты – қазіргі ақпараттық және
телекоммуникациялық технологияның кеңінен пайдалануға негізделген оқу
курстарын дайындау және жүзеге асыру әдістері туралы білімді қалыптастыру
болып табылады.
Электрондық оқулық – оқытудың тактикалық мақсатын қамтамассыз ететін
бірнеше электронды сабақтардан жинақталған көлемі жағынан үлкенірек
ақпараттық бірлік.
Курстық жұмыстың өзектілігі – ақпараттық - коммуникациялық
технологияларды қолдану сабақты ұйымдастыру дәрежесін көтереді. Сондықтан,
электрондық оқулықтар бүгінгі өмірдің өзекті қажеттілігіне, сұранымына
айналды.
Курстық жұмыстың жалпы көлемі 35 бет, курстық жұмыс кіріспеден,
негізгі 4 бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымша бөлімдерінен
тұрады. Қосымша бөлімінде жасалған электронды оқулықтың негізгі беттерінен
үзінділер келтірілген.
1 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ
Қазақстан Республикасында қабылданған білімді ақпараттандырудың
мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім
кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру саласын ақпараттық
тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған. Сөз
жоқ, білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үрдіс болып табылады, оның
сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлеуге ғана емес, білім беруді
ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара
байланысына да тәуелді. Бұл ғалымдар мен педагогтардың, психологтар мен
әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық - коммуникациялық
технологиялар саласы мамандарының күш - жігерін жан - жақты жұмылдыру
уақытының келгенін көрсетеді.
Қазақстан Республикасында қабылданған білімді дамыту тұжырымдамасы
2015 жылға дейінгі мемлекеттік білім саясатын дамытуға негізделген және ол
білім жүйесін құруды қайта ұйымдастыруға бағытталып қана қоймай, сонымен
қатар, оның мазмұнын дүниежүзілік білім ортасында интеграциялауды мақсат
етіп отыр.
Білімді ақпараттандыру оқушылардың білім сапасын арттыруға және
болашақ мамандардың кәсіптік білімділігін күшейтуге негізделген. Қазіргі
кездегі компьютерлік технологияның даму деңгейі дәуірдің
телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін,
толыққанды, сапалы және бәсекеге түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін
нақты алғы шарттары болып табылады, оның көпшілік бұқараға барынша кенінен
таралуы өмір бойы білім алу ұстанымынан білім барлығымыз үшін ғұмыр
бойына үзілмейтін ұстанымына нақты ауысады. Осы мүмкіндіктерді іске асыру
үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық-
комуникациялық технологияны дамыту саласында да мамандарды біріктіруге күш
салу қажет. Бұл мақсаттардың жүзеге асуы орта білім беру жүйесін
ақпараттандырудан басталады. Аталған бағытты жүзеге асыруда жаңа буын
оқулықтарын электронды нұсқаға аудару қажеттілігі уақыт сұранысынан туындап
отыр.
Электронды оқулықтың мазмұны оқушының зерделі ойлау қабілетін
дамытуға бағытталуы және оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы өте қажет:
қисынды ойлау жүйесінің қалыптасуы, жинақтылығы, жүйелілігі, эстетикалық
көркемділігі, жылдамдылығы, т.б.
Бұл электронды оқулықтың тиімділігі, ара қашықтықтан оқытуға,
оқушының өздігінен оқып үйренуіне және өзіндік жұмыс қабілетін дамытуға
мүмкіндік береді. Бірыңғай ұлттық тест жүйесінің де өмірге келуі
кездейсоқ құбылыс емес және білімді, әдістемесі мол ұстаздың жаңа
технологияны игеру барысында оқушылардың ерекше дүниетанымдық көзқарастарын
қалыптастыру талабының ақиқаты екендігіне ешкім шүбә келтіре алмайды.
Құрастырылған электронды оқулық шығармашыл ұстаз – уақыт талабы,
нәтижесі – уақыт жеңісі демекші, мұғалімнің оқытуды ұйымдастырудағы
шеберлігі артса, оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушының танымын, қызығуын
арттыра отырып, үй тапсырмасының көлемінің азаюына және оқу материалдарының
есте жақсы сақталуына өте тиімді әсер етеді.
Тәжірибе көрсеткендей, осы технологияны игерген мұғалімдер кез-
келген даярлық деңгейіндегі оқушылардан тұратын сыныптарда оқу үрдісін
нәтижелі, тиімді ұйымдастыра алады.
Сонымен электронды оқулықтың мұғалімге көмекші құрал ретінде де,
баланың өз бетімен білім алуына да мүмкіндік беретін оқыту жұйесі ретінде
маңызы өте зор [7].

әдістері мен құралдары
Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы оқытудың иновациялық әдістері ретінде қашықтан оқыту жүйесі
біртіндеп оқыту процесіне еңгізіліп келеді. Қазақстанда қашықтықтан оқыту
тек 1999 жылы 7 маусымда шыққан Білім туралы заңда арнайы мәңге ие
болғаннан кейін қолға алына бастады. Онда Дистанционное обучение
(оброзование на росстоянии) – одна из форм обучения, целенаправленное и
методически организованное руководство учебно-познавательной деятельностью
и развитием лиц, находящихся в отдалении от организации образования,
посредством электронных и телекоммуникационных средств деп атап
көрсетілген. Осыдан кейін ғана бірқатар жоғары оқу орындары қашықтан оқыту
жүйесін оқыту процесіне еңгізе бастады. Қашықтан оқытудың маңыздылығы тек
өндірістен қол үзбей кез келген уақытта білім ала алатын немесе жоғары оқу
орнының сырттай бөлімдерінде оқитын студенттерге ғана емес, күндізгі бөлім
студенттерінің де аудиториядан тыс жекелей білім алуына негіз бола алады.
Заңда көрсетілгендей қашықтан оқыту телекомуникациялық желілер мен қатар
электрондық оқулықтар арқылы жүзеге асырылады. Қашықтан оқытудың
технологиялық базасының негізі – компьютер, электрондық оқулықтар, ақпарат
таратушы желілер болып табылады. Қазіргі таңда дайындалған электрондық
оқулықтардың көпшілігі білім берудің стандартына сәйкес келмейді.
Электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы
керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай
дидактикалық шарттарды ескеру керек сияқты:
1) белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электронды оқулықтың сол
пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
2) электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға
қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және практикалық
тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама,
библиографиядан тұратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан
тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері
бөлімдерінен қамтуын;
3) электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталауын,
яғни, берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін
ескеру керек;
4) белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық
болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда
экранда пайда болатын он жақ тік, төменгі көлденең жылжыту сызықтарын
электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның
өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары -
төмен, оңға - солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер
етеді;
5) бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі,
материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс
түсетіндей болуы керек;
6) оқулықты шектен тыс иллюсрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу
пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ, кейбір пәндерге, атап
айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге қатысты процестерді
анимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін
MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы
электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін
арттырады.
Қазақстанда зерттеу мекемелері мен Ғылыми Зерттеу институттарында
жалпы - кәсіптік, әлеуметтік - гуманитарлық және жаратылыстану пәндері
бойынша электронды оқулықтар құрылуда. Электронды оқыту бағдарламаларын
құру үрдісі ғылыми - педагогикалық зерттеулермен қатар жүргізіледі. Қазіргі
кезде білім беру жүйесінің оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялар
кеңінен қолданылады. Компьютерлік технологиялардың жетілуіне байланысты
электронды оқу құралдарын құру үрдісін нәтижелі деп санауға болады. Жалпы
электронды оқулықтар жайлы зерттеулерді қарастырсақ, электронды оқулықтарды
құру үрдістерін екі бағытқа бөліп қарастыруға болады: электронды
оқулықтарды анализдеу және оларды құрудың әдістемесі [2].
Электронды оқулық – оқытудың, тексерудің, үлгілеудің және басқа
бағдарламалар кешенінен тұрады, ДЭЕМ магниттік тасығыштарында (қатты және
жұмсақ) орналасады. Онда негізгі оқу пәнінің ғылыми мазмұны бейнеленеді.
Электронды оқулық әдетте кәдімгі оқу құралын толықтырады және ол тиімді
болып саналады, егер:
1) кері байланысты әп - сәтте орындайтын болса;
2) қажет ақпаратты жылдам табуды қамтамасыз етсе, дәстүрлі
оқулықта бұл қиындатылған;
3) гипермәтіндік түсініктерге бірнеше рет қатынауда уақытты
үнемдесе;
4) қысқа мәтіндер арқылы қандай да бір бөлім бойынша білімді
тексеруді тездетсе (Мультимедиа технологиясының көмегімен).
Электронды оқулықтың кемшілігіне ақпаратты қабылдау үшін арналған
дисплейдің физиологиясының төмендігін және оның бағасының кітапқа қарағанда
жоғарылығын жатқызуға болады.
Электронды оқулық құру құралдарының жіктелуі. Электронды оқулықтарды
құру құралдарын топтарға бөліп көрсетуге болады, мысалы: кешенді
қағидаларды қолданып, міндетіне және атқаратын қызметіне қарай, техникалық
жабдықталуы мен қолдану ерекшеліктеріне байланысты. Берілген қағидаларға
байланысты келесі жіктемелерді атап айтуға болады:
1) дәстүрлі алгоритмдік тілдер;
2) жалпыға міндеттелген құралдар;
3) мультимедиа құралдары;
4) гипермәтіндік және гипермедиа құралдары.
Төменде осы ерекшеліктерге қысқаша сипаттамалар келтірілген.
Дәстүрлі алгоритмдік тілдер. Тікелей бағдарламалық құралдардың
көмегімен құрылған электронды оқулықтың мінездемелері:
1) стильдің әртүрлілігі (түстер палитрасы, интерфейс, ЭО құрылымы,
материалды берудің әдістері және т.б.);
2) модификация мен іске асырудың қиындығы;
3) уақыт пен жұмыстың үнемсізідігі;
4) аппараттық шектеудің жоқтығы, яғни электронды оқулықты құруда бар
техникалық қорды қолдану;
Жалпыға міндеттелген құралдар. Жалпыға міндеттелген құралдар
маманданған бағдарламашы болмай-ақ, электронды оқулық құруға мүмкіндік
береді. Электронды оқулықты құруда қолданылатын құралдар ереже бойынша
келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
1) ЭО құрылымын қалыптастыру;
2) Мәтінді енгізу, түзеу және пішімдеу (мәтіндік редактор);
3) ЭО иллюстративті бөлімдерін даярлау;
4) ЭО басқа ортада жасалған бөлімдеріне дайын бөлімдерді тікелей
жолмен қосу мүмкіндігі;
Жалпыға міндеттелген құралдардың ерекшеліктеріне келесілерді
жатқызуға болады:
1) бағдарламаушы болмасаң да, электронды оқулық құрудың
мүмкіншілігі;
2) электронды оқулық құруда уақыт пен жұмыстың қысқарылуы;
3) бағдарламалық жабдықтау мен компьютерлерге талаптардың төмендігі;
Сонымен қатар жалпыға міндеттелген құралдар келесі кемшіліктерге ие:
1) үйлесімді интерфейстің болмауы;
2) мультимедиа және гипермедиа жүйелерімен салыстырғанда кем
мүмкіншіліктер;
3) қашықтан оқыту бағдарламаларын құру мүмкіншілігінің жоқтығы.
Мультимедиа құралдары. Жаңа ақпараттық технологиялар пайда болмай
тұрып, эксперттер әртүрлі зерттеулер жүргізу арқылы, материалды қабылдау
мен біраз уақыт өткеннен кейін қабылданған білімді еске түсіру арасындағы
тәуелділікті зерттеп ашқан болатын. Егер ақпарат дыбыс түрінде берілсе,
онда адам оның көлемінің 14 бөлігін есінде сақтай алады екен. Егер ақпарат
көрнекілік түрде берілсе, онда 13 бөлігін есте сақтайды. Көру және есту
арқылы есте сақтау жартыға дейін көтеріледі, ал егер адам оқыту үрдісінде
белсенді қатысып отырса, онда ақпаратты қабылдау 75 пайызға дейін
көтеріледі.
Сонымен мультимедиа ақпаратты берудің бірнеше тәсілдерінен тұрады –
мәтін, қозғалмайтын әртүрлі бейнелер және дыбыс (цифрлық және MIDI).
Гипермәтін және гипермедиа құралдары. Гипермәтін – мәтіндік
ақпаратты берудің сызықтық емес түрі, сонымен қатар мәтіннің құрамы әртүрлі
белгіленген сөздерден тұрады, олар берілген мәтіннің бөліктерімен қарым -
қатынаста болады. Осы арқылы пайдаланушы тек мәтіннің беттерін ашып қана
қоймай, ақпаратты беру үрдісімен өзі басқару жүргізеді. Гипермедиа
жүйесінде фрагмент түрінде әр түрлі бейнелер алынады, ал ақпарат мәтіннен,
графикадан, видео фрагменттерден және дыбыстан тұруы мүмкін.
Гипермәтіндік технологияның қолданылуы оқулықтарға қойылатын мынадай
талаптарды қанағаттандырады: құрылымдық және қатынау жайлылығы. Қажет
болған жағдайда мұндай оқулықты кез - келген серверге салуға және оны оңай
түзетуге болады.
Қазіргі кезде әртүрлі гипермәтіндік форматтар бар (HTML, DHTML, PHP
және т.б.).
Электронды оқулықпен жұмыс істеу кезеңдері. Электронды оқулықпен
жұмыс істеудің негізгі 3 кезенін бөліп көрсетуге болады:
1) тексерусіз оқыту;
2) тексерумен оқыту (әр параграфтың аяғында оқушыға өз бетімен жауап
беруге сұрақтар беріледі, бұл бізге студенттің немесе оқушының
берілген материалды қабылдау дәрежесін анықтауға мүмкіндік
береді).
3) білімді қорытындылауға тағайындалған тесттік бақылау, соңында баға
қойылады.
Қазіргі кезде электронды оқулықтарға келесі талаптар қойылады:
құрылымдылығы, қатынау мүмкіндіктерінің жайлылығы, берілген материалдың
түсініктілігі. Бұл қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін
гипермәтіндік технологияны қолданған жөн. Оқулықтың электронды түрі бақылау
құралдарынан тұрады, себебі білімді бақылау оқыту мәселесіне айналды. Көп
уақыт бойы білім беру жүйесінде білімді бақылау ауызша түрде жүргізілді. Ал
қазір әртүрлі тесттер арқылы жүргізіледі.
Жоғарыда айтылған электрондық оқулықтың қасиеттерінің – оқу курсына
арналған электрондық оқулықтың құрылымын жасауда маңызы зор. Бұл сапалы
электрондық оқулық құрудың негізгі фундаменті деп те атауға болады [8].
Қазіргі таңда қазақ тілінде электрондық оқулықтар мен Web -парақтар
жасау қиыншылықтар мен кедергілер туғызып отыр. Себебі, қазақ әріптерінің
компьютерлік белгілі бір стандарты болмағандықтан, Microsoft Internet
Explorer, Netscape Navigator бағдарламалық жабдықтары қазақша ақпаратты өз
дайындалған деңгейінде шығара алмай, әріптерді өзгертіп жібереді де, оны
пайдалануға мүмкіндік болмай қалады. Сол себептен де Интернет жүйесінде
қазақ тілінде дайындалған ақпараттар өте аз. Атап айтқанда, мынадай қазақ
тілінде дайындалған сайттарды қарап шығуға болады:
www.kazak.4mg.com – Еуропадағы қазақтар сайты,
www.egroup.comgroupaltayeli - Алтай елі қауымдастығының сайты,
www.kazak.de – Германиядағы қазақтар сайты,
http:abay.cjb.net – ұлы Абайға арналған сайт.
Бұл сайттардың әрқайсысы әртүрлі жолдармен жасалынған және көбінесе
оларды өз деңгейінде пайдалануға қиыншылықтар келтіреді.
Осыған байланысты қазақ тілінде электрондық оқулықтар мен Web -
парақтар дайындаудың бірнеше жолдарын қарастырып көрейік:
1) Қазақ тілінде дайындалған ақпаратты графикалық ақпарат ретінде
GIF, JPEG, BMP типтерінің бірімен сақтау керек. Бұл типтегі сақталған
ақпаратты (тексті) Web браузерлері график ретінде санайды. Бірақ, мұның
кемшілігі, егер ақпаратты өзгертіп, толықтыру керек болса, онда график
-сурет ретінде сақталған ақпаратты толығымен қайта дайындауға тура келеді.
2) Қазақша Web - парақты дайындау кезінде Macromedia Flash
бағдарламасын пайдалану. Бірақ, мұнда ақпаратты толықтай немесе оның
қажетті бөлігін белгілеп, көшіріп алу жұмыстарын орындау мүмкіндігі
болмайды.
3) Транслитерацияны пайдалану. Мұнда қазақ тіліндегі ақпарат латын
алфавитін пайдаланып дайындалады.
4) Қазақша ақпаратты браузерге шығару үшін автоматты түрде
жүктелетін динамикалық қаріп файлын құру керек. Динамикалық қаріп Microsoft
Weft бағдарламасы арқылы құрылады. Сонымен қатар компьютерге Windows 2000
операциялық жүйесі орнатылуы керек [2].
Оқыту процесінде электронды оқулықты пайдалану
Жоғарғы және арнаулы оқу орындарының оқытушыларына тиянақты
теориялық білімді практикалық іс-әрекетте шебер қолдана алуға машықтандыру,
жаңа ақпараттық технологиялардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсету
негізінде нақты жұмыс істеуді үйрету қазіргі уақыт талабы. Жаңа ақпараттық
технологияны жеке қарастырмай, белгілі пәнге оқытуға пайдалану қажет. Жаңа
ақпараттық технологияны оқыту процесінде қолдану бағыттарының бірі –
оқытуды жеңілдететін электронды кітаптар мен әдістемелерінің жасалуы.
Компьютер көмегімен оқыту процесін жүргізуге қойылатын талаптар қандай,
соған тоқталайық. Алдымен әрбір пән үшін біртұтас оқу жүйесі жасалуы керек.
Электрондық оқулықтарға мынадай арнайы талаптар қойылады:
1) Компьютерлік дидактиканың көлемі мен мазмұны пәннің оқу
бағдарламасына сәйкес болуы;
2) пән материалдарын оқыту (үйрету) мүмкіндігі;
3) сабақ өткізу барысында оқытушы жұмысын жетілдіру;
4) ағымдағы және қорытынды бақылауды ұйымдастыру мүмкіндігі;
5) педагогикалық бақылау тақырыптарды таңдау және қолдану тиімділігін
тексертуге негізделген дидактикалық әдістемелік талаптарды
қамтиды;
6) техникалық талаптарға жүйенің тұрақты үздіксіз жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін жағдайлар және ұстаздық тұрғыдан рұқсат
етілмейтін іс-әрекеттерден қорғау мәселелері кіреді;
7) эстетикалық талаптар электрондық оқулықтардың функционалды
белгілері мен олардың эстетикалық көркемдігінің сәйкестігін
реттеуге қойылады және оқыту жүйесіндегі бағдарламалардың
графикалық және бейнелеу жақтарын реттеу де, осы топқа
жатқызылады;
8) мәтін мен суреттердің көркемдігіне, сондай - ақ мультимедиялық
мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар әдістемелік нұсқаулардың
сауатты әрі анық көркемделуіне және ақпаратты студенттердің
қабылдауының өте жақсы түрде жүзеге асуына негізделеді;
9) эргономикалық талаптар студенттердің жас ерекшеліктерін ескере
отырып, олардың білім деңгейін көтеру, ақпараттарды бейнелеу
мәселелері мен жұмыс режимін реттеу жағдайларын қарастырады.
Сонымен, оқыту процесінде электрондық оқулықты пайдаланудағы мақсат
– пәннің оқу материалын түсіндірудің дидактикалық мүмкіндіктерін арттыру
және оқыту әдістемелерін жетілдіру болып табылады. Оқытудың компьютерлік
технологиясының жоғарғы және арнаулы оқу орындарында оқу процесіне кеңінен
енуі студенттердің өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып,
электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға
баулиды. Жоғарғы және колледждерге арналған арнайы пәндер бойынша
шығарылған электронды оқулықтар дәстүрлі оқулықтардың үлгісі емес, ол
кәсіптік оқытудың автоматтты үрдісі болып табылады. Электронды оқулық
шығарылған өнім үрдісін мультимедиалық және бейне үзінділерден мазмұны
толықтыралған өнімнің технологиялық тізбегінің анимация арқылы бейнелі
түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген оқу орындарында
компьютер мүмкіндіктерін толық пайдалануға арналған электрондық оқулықтар
жасалып және рекспублика көлемінде бұл оқулықтарға конкурстар жариялануда.
Оқытушылардың да алдында тұрған басты мәселе – жоғарыда көрсетілген
талаптарға сай келетін электрондық оқулықтар жасау және оларды оқу
процесіне еңгізу. Электронды оулықтарды оқыту процесінде қолдану – сапалы
білім берудің қазіргі таңдағы ең өзекті мәселесі екенін ерекше атауға
болады [4].
1.3 Студенттің өздік жұмысында электрондық оқулықты қолдану
Қоғамдағы ақпараттану үрдісі болашақ мамандардан ұдайы ізденуде,
ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды кәсіби саласында қолдана
білуге машықтануды, қажет ақпаратты ақпарат көздерінен таба білу мен
өндеуді, шығармашылықпен ойлауды және шешім қабылдауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім заңы (8 бап) білім беруде басты
міндеттердің бірі ретінде оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын ендіру,
білімді ақпараттандыру, халықаралық ауқымды коммуникациялық желілерге
шығуды белгіледі. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология
дегеніміз оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқытудағы есептеу
техникасының техникалық құрал-жабдықтары, оқу үрдісіндегі есептеу
техникасының ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесі және оқытушы мен
білім алушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен
әдістері деп анықтауға болады.
Қазіргі педагогикада компьютерлік оқыту және электрондық оқыту деген
ұғымдар бар. Компьютерлік оқыту – техникалық оқыту құралының бірі ретінде
компьютерді қолданатын оқыту жүйесі. Ол оқытудың тиімділігін арттыруға,
дараландыруға және деңгейлік саралауға, оқыту үрдісінде өзара іс -
әрекеттердің жаңа формаларын ұйымдастыруға, білім алушы мен оқытушы іс -
әрекеттерінің сипаты мен мазмұнын өзгертуге, оқу үрдісін басқаруды
жетілдіруге, оны жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік
береді. Компьютерлік оқыту теориялық білім беру, жаттықтыру, және бақылауға
қолданумен қатар білім алушының өздігінен жұмыс істеуіне, өзіндік бақылау
жасауына да толық ықпал етеді.
Ал, қазіргі заманғы электрониканың, оптоэлектрониканың жүйелері,
құралдары, қағазсыз оқыту электрондық деп аталады. Электронды оқыту жүйесі
рецептивті және интерактивті болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе дербес
компьютерді қолдану, бейнемагнитафон, бейне дискілі құрал, теледидар
кешендері негізінде құрылыда, білім алушы мен техника құралдары арасында
екі жақты қарым - қатынас орнайды, көрнекілік пен кері байланысты
қамтамассыз етеді.
Қазіргі кезде оқу пәндері бойынша түрлі сапалы электрондық оқулықтар
жасалуда. Электрондық оқулық – құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің
жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін
арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы деп анықталған. Мультимедиалық
мүмкіндіктерді қолдануына байланысты соңғы кездері электронды оқулық
ұғымының синонимі ретінде мультимедиалық оқулық ұғымы да қолданып жүр.
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда электрондық оқулықтардың
құрамындағы оқыту элементтерін:
1) оқу материалын, сөздіктер мен анықтамаларды жаңа білімді
студенттің өздігінен игеру үшін берілетін теориялық сипаттағы
тапсырмаларды орындауда;
2) орындалатын программаларды, сұрақтар мен жаттығуларды теориялық
білімдерін бекіту, біліктері мен дағдыларын шыңдау үшін
берілетін тапсырмаларды орындауда;
3) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz