Денсаулық – зор байлық



Денсаулық — зор байлық. Денсаулық адам өмірінің негізі, тірегі. Денсаулығы нашар адам қоғамға да, отбасына да жайсыз екені белгілі. Денсаулық берген мүмкіндікте ғана адам өз мақсатын жүзеге асыра алады. Дегенмен, әрбір адам өмірінде әдеттегі тіршілікпен өз денсаулығына атүсті қарап, профилактикалық тексеруді кейінге қалдырып, күнделікті маңызды мәселелермен айналысу орын алады. Осы тұрғыда Құран аяттарының денсаулыққа тигізер әсері ерекше. Белгілі бір аяттарды күніне екі мезгіл тыңдаудан адамның көңіл күйі жоғарылайды, есте сақтау кабілеті артып, жаңадан басталып келе жатқан ауруларға қарсы тұру иммунитеті күшейеді. Аяттардың тағы бір маңызы — жүйке жүйесін тыныштандыру арқылы қоршаған адамдармен араласуда тепе-тендік күйге, ал табиғатпен үнемі және екі жаққа тиімді қатынасқа көше бастайды.Туа біткен, тұқым қуалаған және т.с.с. санаулы ауруларды айтпағанда, адам ағзалары оның сезініп, ұғынған ұстанымдарының нәтижесі немесе оның өмір алқабының жемісі іспетті. Ауруға әкелетін басты шарттардың бірі жұмыс орнында немесе отбасында қалыптасатын психологиялық дискомфорт. Бұл шарт адамның денсаулығына деген тиянақтылығын төмендетіп,ауруға бейімділігін арттырады.
Осындай көңіл күйдегі адамның жұқпалы ауруларға қарсы тұру иммунитеті азайып, кеселге ұшырауы мүмкін. Қасиетті кітапты басшылыққа алған адам өзінің өмірлік ұстанымдарымен, салиқалы, сындарлы мінезімен жұмыс орнындағы, отбасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу немесе одан шығу жолдарын терең меңгереді, орны толмас өкінішке әкелетін жайттардан алыс болып, жан-жағына мейірімділік таратады.Қоршаған ортаның денсаулыққа әсері бірер сағатқа созылған шаршампаздық симптомдарынан басталып, катерлі ауруға дейін әкеліп соғуы мүмкін. Ал қасиетті кітап сүрелері қоршаған ортада адамның қонақ екенін санаға сіңіру арқылы ортамен байланысты қалыптастырып, қоршаған ортаның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.Күн сәулесі, қар мен жауын, жел, т.б. қоршаған ортаның тікелей әсерінен қорғайтын бірден-бір тәсіл киген киімнің табиғи құбылыстарға сәйкестігі. Жалпы қай дінде болмасын, әйел адамдардың киім үлгісі ұқсас. Өзінің алдындағы діндерді жоққа шығармайтын халқымыздың діні әйел адам организміндегі ерекшеліктерді есепке ала отырып, оны барлық табиғи құбылыста қорғайтын киім үлгісін негіздеді. Әйел затының терісіне сырт көзге ақпарат түсетіні ғылыми делелденген факт. Үйлесімді тамақтану тұрғысында қасиетті кітапта тағамды шүкіршілікпен қабылдау ғибрат етіледі. Ризашылықпен зарядталған тағамның құрамы адам ағзаларын да ризашылыққа бөлейтіні белгілі. Ал, үнемі басыңқы кеңілде қабылданған тағам ауру әкелетіні және тою сезімін топастандырып, тамақтың дәмін жоятыны белгілі. Ислам дінінде қарынды толтыра тамақ жеуден сақтандыру орын алған. Сенімдегілер үшін қарынның үштен бір бөлігі ғана тамакқа, бір бөлігі су, қалғаны ауаға арналған. Бұл тағамның қорытылуын жеңілдетіп, тоя тамақтанудан пайда болатын жалқаулықтан сақтандырады.
Көп тамақтану денені салбыратып, тез картаюға, тамақ қалдықтарынан ағзалардың тазаруын қиындатып, көптеген ауруларға әкелетіні белгілі. Мұны кешкі мерзімде сыралатып, темекі түтінімен өмірін қысқартумен айналысатын жастар есте ұстауы тиіс.Көп ұйықтау адамның санасын бұлыңғырлап, ағзаның әлсізденуіне, сол арқылы ауруға ұшырауына әкеледі. Сонымен қатар, көп ұйықтаудан денені делсалдық билеп, адам жаман ойларға беріледі. Жүйкенің жұқарып, жүйке ауруларына әкелуіне аз ұйықтаумен қатар, жоғарыда айтып кеткен шүкірліктің болмауы, көрсеқызарлық пен астамшылық та себеп болады. Іштен жегідей жеген құрттай бұл мінездер адамды ауру етіп тынады. Қасиетті дініміз мұндай себептердің алдын алатын ұждан тербиелейді.Нөпсіқұмарлықтың салдарынан қоғамның калыптасқан негізі жойылып, ақ пен қараның арасы араласып кетеді. Нәпсіқұмарлықтың адам денсаулығына әсерінен отбасы ажырасып, ер адамдар жалғыздыққа, әйелдер салқындыққа ұшырауы мүмкін. Қоғамдағы теңсіздікті, әділетсіздікті туындататын басты себепкер нәпсіқұмарлық пен зиянды әдеттерге үйірсектеуді сенімсіз тізгіндеу өте қиын.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Денсаулық – зор байлық.

Денсаулық — зор байлық. Денсаулық адам өмірінің негізі, тірегі.
Денсаулығы нашар адам қоғамға да, отбасына да жайсыз екені белгілі.
Денсаулық берген мүмкіндікте ғана адам өз мақсатын жүзеге асыра алады.
Дегенмен, әрбір адам өмірінде әдеттегі тіршілікпен өз денсаулығына атүсті
қарап, профилактикалық тексеруді кейінге қалдырып, күнделікті маңызды
мәселелермен айналысу орын алады. Осы тұрғыда Құран аяттарының денсаулыққа
тигізер әсері ерекше. Белгілі бір аяттарды күніне екі мезгіл тыңдаудан
адамның көңіл күйі жоғарылайды, есте сақтау кабілеті артып, жаңадан
басталып келе жатқан ауруларға қарсы тұру иммунитеті күшейеді.
Аяттардың тағы бір маңызы — жүйке жүйесін тыныштандыру арқылы қоршаған
адамдармен араласуда тепе-тендік күйге, ал табиғатпен үнемі және екі жаққа
тиімді қатынасқа көше бастайды.Туа біткен, тұқым қуалаған және т.с.с.
санаулы ауруларды айтпағанда, адам ағзалары оның сезініп, ұғынған
ұстанымдарының нәтижесі немесе оның өмір алқабының жемісі іспетті. Ауруға
әкелетін басты шарттардың бірі жұмыс орнында немесе отбасында қалыптасатын
психологиялық дискомфорт. Бұл шарт адамның денсаулығына деген тиянақтылығын
төмендетіп,ауруға бейімділігін арттырады.
Осындай көңіл күйдегі адамның жұқпалы ауруларға қарсы тұру иммунитеті
азайып, кеселге ұшырауы мүмкін. Қасиетті кітапты басшылыққа алған адам
өзінің өмірлік ұстанымдарымен, салиқалы, сындарлы мінезімен жұмыс
орнындағы, отбасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу немесе одан шығу
жолдарын терең меңгереді, орны толмас өкінішке әкелетін жайттардан алыс
болып, жан-жағына мейірімділік таратады.Қоршаған  ортаның денсаулыққа әсері
бірер сағатқа созылған  шаршампаздық симптомдарынан басталып, катерлі
ауруға дейін әкеліп соғуы мүмкін. Ал қасиетті кітап сүрелері қоршаған
ортада адамның қонақ екенін санаға сіңіру арқылы ортамен байланысты
қалыптастырып, қоршаған ортаның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.Күн
сәулесі, қар мен жауын, жел, т.б. қоршаған ортаның тікелей әсерінен
қорғайтын бірден-бір тәсіл киген киімнің табиғи құбылыстарға сәйкестігі.
Жалпы қай дінде болмасын, әйел адамдардың киім үлгісі ұқсас. Өзінің
алдындағы діндерді жоққа шығармайтын халқымыздың діні әйел адам
организміндегі ерекшеліктерді есепке ала отырып, оны барлық табиғи
құбылыста қорғайтын киім үлгісін негіздеді. Әйел затының терісіне сырт
көзге ақпарат түсетіні ғылыми делелденген факт. Үйлесімді тамақтану
тұрғысында қасиетті кітапта тағамды шүкіршілікпен қабылдау ғибрат етіледі.
Ризашылықпен зарядталған тағамның құрамы адам ағзаларын да ризашылыққа
бөлейтіні белгілі. Ал, үнемі басыңқы кеңілде қабылданған тағам ауру
әкелетіні және тою сезімін топастандырып, тамақтың дәмін жоятыны белгілі.
Ислам дінінде қарынды толтыра тамақ жеуден сақтандыру орын алған.
Сенімдегілер үшін қарынның үштен бір бөлігі ғана тамакқа, бір бөлігі су,
қалғаны ауаға арналған. Бұл тағамның қорытылуын жеңілдетіп, тоя
тамақтанудан пайда болатын жалқаулықтан сақтандырады.
Көп тамақтану денені салбыратып, тез картаюға, тамақ қалдықтарынан
ағзалардың тазаруын қиындатып, көптеген ауруларға әкелетіні белгілі. Мұны
кешкі мерзімде сыралатып, темекі түтінімен өмірін  қысқартумен айналысатын
жастар есте ұстауы тиіс.Көп ұйықтау адамның санасын бұлыңғырлап, ағзаның
әлсізденуіне, сол арқылы ауруға ұшырауына әкеледі. Сонымен қатар, көп
ұйықтаудан денені делсалдық билеп, адам жаман ойларға беріледі. Жүйкенің
жұқарып, жүйке ауруларына әкелуіне аз ұйықтаумен қатар, жоғарыда айтып
кеткен шүкірліктің болмауы, көрсеқызарлық пен астамшылық та себеп болады.
Іштен жегідей жеген құрттай бұл мінездер адамды ауру етіп тынады. Қасиетті
дініміз мұндай себептердің алдын алатын ұждан тербиелейді.Нөпсіқұмарлықтың
салдарынан қоғамның калыптасқан негізі жойылып, ақ пен қараның арасы
араласып кетеді. Нәпсіқұмарлықтың адам денсаулығына әсерінен отбасы
ажырасып, ер адамдар жалғыздыққа, әйелдер салқындыққа ұшырауы мүмкін.
Қоғамдағы теңсіздікті, әділетсіздікті туындататын басты себепкер
нәпсіқұмарлық пен зиянды әдеттерге үйірсектеуді сенімсіз тізгіндеу өте
қиын.
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер
жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған
сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа
жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып
санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден
түңіле бастаймыз.
“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса
керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан
бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған
билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл
айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ
тойдық...”
Тәннен жан артық... Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе... кеше,
бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып,
сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән
бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің
үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені
үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін
биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек
қателеспейміз.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік
деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының
бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін
тигізуде.
Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді
басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл
ауқаты” тармағында,“...азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы
және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды
салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз
тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-
жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара
тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын
ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың
болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.
“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және
өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы
қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы
заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас
кеңінен етек алуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша
халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына
қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне
байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар
да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия)
дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының
барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста
күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь
пайдалану, нашақорлық көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір салтын ұстанайық, жастар
Үш байлық
Дені саудың - жаны сау туралы
Жамбыл облысы бойынша экологиялық жағдай
Экономикалық ілгерілеу
Денсаулық — басты байлық туралы ақпарат
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Дені сау азаматтар-мемлекеттің ең бағалы капиталы
Денсаулық және темекі шегу
Денсаулық тәрбиесі - ортақ мәселе
Пәндер