Әкімшілік басқару бойынша дәрістер



№ 1. Лекция тақырыбы: Әкімшілік басқару ұғымы.
№ 2. Лекция тақырыбы: Әкімшілік басқару процесінің мазмұны және негізгі сипаттамалары.
№ 3. Лекция тақырыбы: ӘМақсатты анықтау процесі.
№ 5. Лекция тақырыбы: Сыртқы ортаны бағалау және талдау.
№ 8. Лекция тақырыбы: Кадрларды іріктеу және бағалау тәсілдері.
№4 Лекция жоспары: Басқару процесінің типтері
№6 Лекция тақырыбы: Басқару қызметшілерінің құрамы мен құрлымы.
№7Лекция тақырыбы: Басқару кадрларының жұмыс принциптері.
№9 Лекция тақырыбы: Мансапты және қызметте жоғарлауды басқару
№1 Семинар тақырыбы:Әкімшілік басқару ұғымы.
№ 2. Семинар тақырыбы: Әкімшілік басқару процесінің мазмұны және негізгі сипаттамалары.
№ 3. Семинар тақырыбы: ӘМақсатты анықтау процесі.
№ 5. Семинар тақырыбы: Сыртқы ортаны бағалау және талдау.
№ 8. Семинар тақырыбы: Кадрларды іріктеу және бағалау тәсілдері.
№4 Семинар тақырыбы: Басқару процесінің типтері
№6 Семинар тақырыбы: Басқару қызметшілерінің құрамы мен құрлымы.
№7Семинар тақырыбы: Басқару кадрларының жұмыс принциптері.
№9 Семинар тақырыбы: Мансапты және қызметте жоғарлауды басқару
Басқару – адамдардың кәсіптік қызметі. Басқару бұл ұжымдағы адамдарға және жекеленген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету.
Басқару процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында жүзеге асырылады. Кәсіпорындар мен мекемелерде кәсіпорындарды тасымалдау орындарында т.б. Яғни, адамдар еңбек ететін ұжымның барлығында белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып саналады. Басқару процесі мемлекеттік деңгейде де, шаруашылық ұйымында да бірдей жүргізіледі. Стратегиялық және жедел проблемалардың шешкен кезде ол бір мақсатты көздейді, әрине мұндай жағдайда көбінесе «Стратегиялық басқару», «жедел басқару» секілді терминдерді пайдаланады.
2. Әрбір басқару қызметі процесс болып саналады, өйткені, бұлар да өзара байланыста әрекеттер сериясынан турады. Басқару қызметі барлық қызметтің жалпы жиынтығы. Басқару қызметіне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар зор көңіл бөледі. Кезінде А. Файоль тұжырымдаған болатын «Басқару дегеніміз болжалдау және жоспарлау ұйымдастыру жарлық беру үйлестіру және бақылау». Бұл қызмет басқарудың теориялық категориясы ретінде әдебиеттерде кеңінен пайдаланылады, бірақ бір жақты емес.
Функция – көп мәнді термин. Философияда бұл екі объектінің (топтық) қарым-қатынасы, онда біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне түрткі болады, социология да- белгілі бір әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік процесс жоғары деңгейдегі қоғамдық жүйенің қажетін орындайды. Басқару қызметінің өзіндік өзгешілігі, ерекше мазмұны болады әрі дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың кез-келген басқару ортасындағы адамдар қызметінене кездестіруге болады. Шындығында кез-келген салада басқару үшін шешімді әзірлеу және қабылдау оның орындалуын ұйымдастыру оның орындалу барысын үйлестіру, орындалу нәтижесін бақылау және де осы деректердің негізінде келесі шешімді шығару және қабылдау қажет.
1. Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н.,Байжомартов Ч.С., Жүнісов Б.А., Жұмабаев Ж.Ж. Менджмент негіздері. Ақтөбе – Орал., 2005.
2. А.А. Таранов Проблемы организации местного госдарственного управления и самоуправления / Вестник Мин. Юст. РК, 1996.
3. Атаманчук Г.В. Управление: социальная ценность и эффективность.М., 1990.
4. Атаманчук Г.В. Теория государственного управленния: Курс лекций. М.: Юридическая летература, 1997.
5Уваров В.Н. Теория государственного управления: Часть 1. А.,1998.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
9 лекция тезистері

№ 1. Лекция тақырыбы: Әкімшілік басқару ұғымы.

Лекция жоспары:
1. Әкімшілік басқарудың түсінігі.
2. Әкімшілік басқарудың қызметі.

Лекция мақсаты: студенттерге әкімшілік басқару туралы және оның қызметі
туралы түсінік беру.
Лекция мәтіні:
1. Басқару – адамдардың кәсіптік қызметі. Басқару бұл ұжымдағы адамдарға
және жекеленген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесінде
мақсатты жүйелі ықпал ету.
Басқару процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында
жүзеге асырылады. Кәсіпорындар мен мекемелерде кәсіпорындарды тасымалдау
орындарында т.б. Яғни, адамдар еңбек ететін ұжымның барлығында белгілі бір
мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып саналады.
Басқару процесі мемлекеттік деңгейде де, шаруашылық ұйымында да бірдей
жүргізіледі. Стратегиялық және жедел проблемалардың шешкен кезде ол бір
мақсатты көздейді, әрине мұндай жағдайда көбінесе Стратегиялық басқару,
жедел басқару секілді терминдерді пайдаланады.
2. Әрбір басқару қызметі процесс болып саналады, өйткені, бұлар да өзара
байланыста әрекеттер сериясынан турады. Басқару қызметі барлық қызметтің
жалпы жиынтығы. Басқару қызметіне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар
зор көңіл бөледі. Кезінде А. Файоль тұжырымдаған болатын Басқару дегеніміз
болжалдау және жоспарлау ұйымдастыру жарлық беру үйлестіру және бақылау.
Бұл қызмет басқарудың теориялық категориясы ретінде әдебиеттерде кеңінен
пайдаланылады, бірақ бір жақты емес.
Функция – көп мәнді термин. Философияда бұл екі объектінің
(топтық) қарым-қатынасы, онда біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне
түрткі болады, социология да- белгілі бір әлеуметтік институт немесе жеке
әлеуметтік процесс жоғары деңгейдегі қоғамдық жүйенің қажетін орындайды.
Басқару қызметінің өзіндік өзгешілігі, ерекше мазмұны болады әрі дербес
жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың кез-келген басқару ортасындағы адамдар
қызметінене кездестіруге болады. Шындығында кез-келген салада басқару үшін
шешімді әзірлеу және қабылдау оның орындалуын ұйымдастыру оның орындалу
барысын үйлестіру, орындалу нәтижесін бақылау және де осы деректердің
негізінде келесі шешімді шығару және қабылдау қажет.

Әдебиеттер:

1. Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ч.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев
Ж.Ж., Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал, 2005.
2. А.А. Таранов Проблемы организации местного государственного управления и
самоуправления Вестник Мин. Юст. РК, 1996.
3. Атаманчук Г.В. Управление: социальная ценность и эффективность. М. 1990.
4. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления: Курс лекций. М:
Юридическая литература, 1997.
5. Уваров В.Н. Теория государственного управления Часть 1. А, 1998.

№ 2. Лекция тақырыбы: Әкімшілік басқару процесінің мазмұны және негізгі
сипаттамалары.

Лекция жоспары:
1. Жоспарлау.
2. Ұйымдастыру.
3. Мотивация.
4. Бақылау.

Лекция мақсаты: Әкімшілік басқару процесінің мазмұны және негізгі
сипаттамаларын түсіндіру.

Лекция мәтіні:
1. Жоспарлау барлық басқару қызметінің ішіндегі ең елеулісі болып
саналады. Жоспарлау кәсіпорын мен бөлімшенің мақсатын тандап алудан тұрады,
сондай-ақ осы мақсатта жету амалдарың қарастырады. Жоспарлау қызметі
мынадай үш сұраққа жауап береді:
1) Біз қазір қандай жағдайда тұрамыз? Басшылар ұйымының қаржы,
маркетинг,өндіріс,ғылыми зерттеу және іздестіру,еңбек ресурстары секілді
маңызды салалардың кіші және әлсіз жақтарын бағалай білуі тиіс. Мұның
барлығы ұйымның қандай мүмкіндіктері барын анықтау мақсаттында жүзеге
асырылады.
2) Біз кайда бет алуымыз керек? Бәсеке,клиенттер,заңдар,саяси
факторлар,эканомикалық жағдайлар,технология,жабдықтау,әлум еттік және мәдени
өзгерістер секілді сыртқы уйымдардың мүмкіндіктері мен кауіп-каттраерін
сезіне отырып,басшы уйымдакстырудаң мақсаты қандай болу керектігін және осы
мақсатқа жетуде уйымға не бөгет жасайтындығын анықтайды.
3) Біз мұны қалай істеуіміз керек? Басшылар жалпылама және нақты жағдайда
уайым мақсатын орындау тиіс.
2. Ұйымдастыру. Ұйымдастыру-демек нендей бір құрылым құру. Ұйым өзінің
жоспарын орындау,сол арқылы мақсаттына жету үшін констроукциялауға қажетті
көпетеген элементтер болады.
3. Мотивация. Егер кімде кім ұйыға нақты жұмысын орындамаса,онда тіптен
ойдағыдай жасалған жоспардың және ұйымының неғұрлым жетілдірген құрылымының
ешқандай мәні болмайды.Сондықтан мотивацияның міндеті сол,ұйым мүшелері
өздеріне бекіттілген міндеттерді жоспарға сәйкес орындау.
4. Бақылау. Күтпеген жағдайға байланысты өзінің бастапқы,басшы белгілеген
бақыттын өзгертуі мүмкін. Сандықтан да басшының міндеті,ұйымға елеулі зияны
келмей тұрғанда алғашқы белгіленген жоспардың өзгерту себебін тауып анықтау
болуы тиіс.

Әдебиеті:

1. Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ч.С., Жүнісов Б.А., Жұмабаев
Ж.Ж. Менеджмент негіздері. Ақтобе-Орал., 2005.
2 А.А Таранов Проблемы организаций местного государственного управления и
самоуправления Вестник Мин.юст. РК, 1996.
3. Атаманчук Г.В Управление: социальная ценность и эффективность.М., 1990
4. Атаманчук Г.В. Теория госдарственного управления: Курс лекций. М.:
Юридическая летература, 1997.
5. Уваров В.Н. Теория государственного управления Часть 1. А.,1998.

№ 3. Лекция тақырыбы: ӘМақсатты анықтау процесі.

Лекция жоспары:
1. Әкімшілік басқаруда мақсатты анықтау процесінің ұғымы.
2. Әкімшілік басқаруда мақсатты анықтау процесінің сипаттамалары.

Лекция мақсаты:

Лекция мәтіні:
1. Басқарудың бастапқы пункті – басқаруды қалыптастыруы және мақсатты
тандау болып саналады. Мақсаткерлік – басқару жүйесінің басты
қасиетінің бірі. Басқару мақсаты – басқару жүйесі тапсырмасының еңбек
әрекеті нәтижесінде орындалуы, оған қол жеткізу үшін басқару
объектісінің жұмыс істеу.
Басқару шешімдерін ойластырда қолда бар ресурстар мен қоғамдық
қажеттілікке негіздеген мақсат ерекше маңызды рөл атқарды. Мақсатты айқын
тұжырымдаудың психологиялық мәні де бар, өйткені мұның өзі ұжымының өз
ісіне сенімділігін арттырады, өз жетістіктерін салыстыруға мүмкіндік
береді, әрі кейбір мақсаттың орындалунан қанағат алады. Мақсат неғұрлым
биік, мәртебелі болса, эмоуия да соғұрлым әсерлі, мұның өзі түптеп келгенде
мақсатқа тезірек жетуге ықпал етеді. Жануарлар организміндегі барлық
рефлекстерді қарастыракеліп И. П. Павлов былай деп жазады: мақсат
рефлексінің маңызы ерекше зор, өйткені ол әрқайсымыздағы өмірлік энергияның
негізгі нышаны.
2 . Мақсат бірнеше сипаттамаға ие болады. Біріншіден мақсат нақтылы және
өлшемді болуы тиіс. Өз мақсатын нақты өлшемдерде нышандарда белгілей
отырып, басшы келесі шешімге нақты база жасайды және жұмыс барсын
бағалайды.
Тиімді мақсаттың екінші сипаттамасы болжалдаудың нақты горизонты
болып саналады, бұл нәтиже қашан болтындығын айқындайды. Мақсат ұзақ немесе
қысқа уақыт аралықтарында белгіленеді. Ұзақ мерзімдік мақсаттың шамамен бес
жылдай, ал технологиясы озық фирмаларда-кеиде одан да көп жоспарлау
горизонты болады. Қысқа мерзімдік мақсат көпшілік жағдайда ұйым жоспарының
біреуін ғана қарастырады. Оны бір жылда аяқтау көзделген. Орташа мерзімдік
мақсаттық жоспарлау горизонты бір жылдан бес жылға дейін.

Әдебиеттер:

1. Ахметов К. Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ч.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев
Ж.Ж. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал., 2005.
2. А.А. Таранов Проблемы организации местного государственного управления и
самоуправления Вестник Мин. Юст. РК, 1996.
3. Атаманчук Г.В. Управления: социальная ценность и эффективность. М.,1990
4. Атаманчук Г.В. Теория государсвенного управления: Курс лекций. М.:
юридическая литература, 1997.
5. Уварв В.Н. Теория государственного управления Часть 1.А.,1998.

№ 5. Лекция тақырыбы: Сыртқы ортаны бағалау және талдау.

Лекция жоспары:
1.Әкімшілік басқаруда сыртқы ортаны бағалау және талдау түсінігі.

2.Әкімшілік басқаруда сыртқы ортаны бағалау және талдау фокторлары

Лекция мақсаты: студенттерді сыртқы ортаны бағалауды және талдауды.

Лекция мәтіні:
1. Басшы мақсатты айқынгдағангнан кейін стратегиялық жоспарлау
процесінің диагностикалық кезеңін бастайды. Әуелі сыртқы ортаны үш
параметірі бойынша зерттейді.
1.Ағымдағы стратегиясының әр түрлі аспектілеріне ықпал ететін өзгерістерді
бағала
2. Фирманың ағымдағы стратегиясына қандай факторлар қауіп төнетіндігін
анықтау. Бәсекелестер қызметін бақылау басшығакездейсоқ қауып-қатерге әзір
болуына мүмкіндік береді.
3. Жоспарды түзету арқылы жалпы фирмалық мақсатқа жету үшін қандай
факторлардың көбірек мүмкіндік беретіндігін анықтау. Сыртқы ортаны талдау
пройесс болып саналады, сол арқылы стратегиялық жоспарды жасаушылар ұйым
тарапынан тысқары факторларды бақылап, фирмаға төнетін қауіп-қатер
мүмкіндігін анықтайды.
Сыртқы ортаны талдау ұйымға мүмкіндікті болжау уақытына, қауіп-қатер төнген
жағдайда күні бұрын ескерту уақытына және стратегияны белгілеу уақытна
мүмкіндік береді.
2. Экономикалық факторлар.
Бұлардың ішінде инфлятция немесе дефлятция қарқыны,жұмысбастылық деңгейі,
халықаралық төлем балансы, салық ставкасы.Осы факторлардың әрқайсысы
фирмаға қауіп-қатер төндіруі, немесе жаңа мүмкіндіктер беру мүмкін.
Саяси факторлар.
Бизнес пен кәсіпкер фирмалы жетекшілерінің саяси поцеске белсене
қатысуы ұйымүшін мемлекеттік саясаттың маңызды екендігін көрсетеді. Басшы
жергілікті органдардың, үкімет билігінің нормативтік құжаттарын
қаржыландыру үшін ұзақ мерзімге салынған кредиттерін, жұмысшы күшінт жалдау
жөніндегі шектеулерді және сауда алу мүмкіндігін, сондай-ақ басқа елдерге
қарсы бағытталған немесе басқа елдермен жасалған тарифтік және сауда
келісімдерді қадағалау тиіс. Үкімет іскерлік мәселерге тұрақты және
белсенді қатысатындықтан ұйымдар саяси әрекетті мұқият қадағалауы тиіс.

Нарықтық факторлар. Өзгермелі нарықтық, сыртқы орта тұрақты
талдау объектісі болып саналады. Нарықтық сыртқы ортаның фокторлары алуан
тьүрлі, оған жататындар: сыртқы демографиялық жағдайдың өзгеруі, әр түрлі
бұйымдардың өмірлік цикліне нарыққа енудің жеңілдігі, халық табысының
бөлінуі және саладағы бәсеке деңгейі. Әртүрлі нарықтық факторларды талдау
басыға оның стартегиясын айқындауға және бәкелестер бойынша фирма поезиясын
нығайуға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер:

1. Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ч.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев
Ж.Ж. Менеджмент негіздері. Ақтөбе –Орал., 2005.
2. А.А. Таранов Проблемы организаци местного государственного управления и
самоуправления Вестник Мин. Юст. РК, 1996.
3. Атаманчук Г.В. Управление: социальная ценность и эфективность. М., 1990.
4. Аттаманчук Г.В Теория государственного управления: Курс лекций. М.:
Юридическая литература. 1997.
5. 5. Уваров В.Н. Теория государственного управления Часть1. А., 1998.

№ 8. Лекция тақырыбы: Кадрларды іріктеу және бағалау тәсілдері.

Лекция жоспары:
1.Әкімшілік басқаруда кадрларды іріктеу тәсілдері
2. Әкімшілік басқаруда кадрларды бағалау тәсілдері.

Лекция мақсаты: студенттерге кадрларды іріктеу және бағалау тәсілдерін
уйрету.

Лекция мәтіні:
1. Кадрларды дырыс іріктеу әрбір адам- нақты бір орынға және әрбір орын-
нақты бір адамға принципіне негізделуі тиіс.Егер адам өзінің қолынан
келетін,өзінің икемділігіне,қабілетіне,жалпы және арнайы даярлық деңгейіне
сай келетін жұмысты атқаратын болса, оның қайтарымы да соғырлым жоғары
болады.
Басқару кңадрларын іріктеу оларды өзгерту мен алмастыруға,техникалық
прогрестен туындайтын адамдардың жаңа қызмет түрлерінің пайда болуына
байланысты.
Көпшілік басшы қызметкерлер,кадрларды іріктеу кәсіпорын үшін ең қиын
әрі ең жауапты іс деп саналады.
П.М.Керженцев адамдарды саралап таңдай білу басшының
ұйымдастырушылық талантын айқындайтындығын атап көрсетті
Кадрларды іріктеудің мынадай жалпы қағидасы бар:
-қабілетті адамдарды батыл шешіммен емес,ойластырып таңдаған жөн;
-беделін түсірген қызметкерді басқадай басшылық қызметке
орналастырмау;
-басшылық қызмеке өзінде үміткерлер болмаған жағдайда ғана басқа
кәсіпорыннан алу;
-босаған орын болмаған кезде ешкімді де қызметін жоғарылатуға
үміттендірмеу қажет;
-екі үміткер де бірдей дәрежеде болған жағдайда едәуір жасырағын алу.
2. Бағалаудың мынадай тәсілдері болады:
-сандық, санамен өлшенетін белгілі бір сандық мандерді алу үшін
пайдаланылады;
-сипаттамалық (сапалық), бұл құжаттарын және басқадай жазбаша
қағаздарын тексеру, әңгімелесу,сұрақ қою,бақылау,шыққан
бұйрықтарды,кәсіподақ пен өндірістік жиналыстардың материалдарын қарау,
қарамағындағылармен және қоғамдық ұйымдармен қарым- қатынасын,дербес іс-
әрекетін,ұжымда тәрбиелік жұмыстарды жүргізе білуін т.б. білуге
негізделеді.
-құрамалы,мұнда алғашқы екі тәсілдің де жетістіктері ескеріліп, сол
арқылы басшы ретіндегі сандық бағасына сипаттама беріледі.
Тұтастай алғанда, аталған тәсілдердің бағалануы бірдей болған
жағдайда, сандық өлшемге көбірек көңіл бөледі, ал сипаттамалық тәсілді
сандық бағалауға келмейтін твогрчестволық іс- әрекетіне сипаттама беру үшін
қолданылады.Ал,қазіргі кезде негізінен қолданылып жүргені сипаттамалық
тәсіл, мұның өзі адамның басшылық қызметке лайық болуы мүмкін екендігін
айқындағанымен, оған дәл баға бере алмайды.

Әдебиеттер:

1. Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н.,Байжомартов Ч.С., Жүнісов Б.А., Жұмабаев
Ж.Ж. Менджмент негіздері. Ақтөбе – Орал., 2005.
2. А.А. Таранов Проблемы организации местного госдарственного управления и
самоуправления Вестник Мин. Юст. РК, 1996.
3. Атаманчук Г.В. Управление: социальная ценность и эффективность.М., 1990.
4. Атаманчук Г.В. Теория государственного управленния: Курс лекций. М.:
Юридическая летература, 1997.

5Уваров В.Н. Теория государственного управления: Часть 1. А.,1998.

9 Лекция тезистер

№4 Лекция жоспары: Басқару процесінің типтері
Лекция жоспары:
1.Мақсатты басқару.
2.Бағдарламалық басқару.
3.Жағдайға қарай басқару.
Лекция мақсаты
1. Мақсатты басқару.Барлық өндірістік және басқадай басқару міндеттерін
барлық деңгейде шешкен кезде мақсатты басқару шешуші рөл атқарады.
Басқарудың мақсаттылығы – кәсіпорынның жалпы мақсаттық,дербес бөлімшелерін
уйымдастыру үшін жіктеу.Бұл принцепті пайдаланған кезде бөлімшелердің және
ондағы жұмыскерлердің мақсаты айқындалады, әрбір басқарушы қызметкер өзіне
қойылған талап туралы нақтылы түсінік алады,дербес шешім қабылдау
мүмкіндігі ұлғайады және жұмыста табысқа жетуді ынталандырады.Мақсатты
басқару аса ірі бір жолғы щараларды мәселен кәсіпорынды қайтадан
конструкциялау және қайтадан жарақтандыру,жаңа өнімді шығаруға көшу,
жалгерлікті немесе кооперацияны енгізу т.б. шараларды орындау үшін
қолданылады.
2. Бағдарламалық басқару.Мұнда нақты тапсырманы мұқият
ойластыру,бөлімшелердің жүйелі әрекетін және бұл әрекеттердің бір-бірімен
байланысын анықтау көзделеді. Осындай тапсырма мұқият
ойластыру,бөлімшелердің жүйелі әрекетін және бұл әрекеттердің бір бірімен
байланысын анықтау көзделеді. Осындай тапсырма жиынтығы басқару
бағдарламасы болып саналады. Басқару процесінің мұндай типі әдетте
өндірістің күрделі міндеттерін шешкенде қолданылады.
Кәдімгі жоспардан бағдарламаның өзгешілегі- тапсырманы орындауды
басқаруды кідіртпестен қолға алуға, осал тұстарын анықтауға,ресурстарды
қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бағдарламалық басқару күрделі құрылыста,көп
бөлшекті бұйымдар шығаруда, жоспардан тыс және жедел жұмыстарда
қолданылады.
2. Жағдайға қарай басқару. Бұл мақсатты айқындалған әрі сирек
өзгертетін,тұрақтанған,толық меңгерілген өндірісте қолданылады,
Мұндағы басты міндет- туындаған қолайсыз жағдайдан,өндіріс
процесіндегі іркілістен шығудың ең қолайлы жолдарын іздестіру.Ол үшін
пайда болған ауытқуларды тез, әрі аз шығынмен жоюға мүмкіндік
беретіндей шешім қабылданады.
Атап көрсететін жәйт, проктикада басқарудың жоғарыда аталған типтері сол
қалпында қолданыла бермейді. Басқару деңгейі алуан түрлі болып келетін
кез келген кәсіпорында түрлі өндірістік міндеттері шешкен кезде
басқарудың үш типі дербес қолданылуы да, әр түрлі үйлесімде қолданылуы да
мүмкін.
Мұндай үйлесімділікке, соңғы жылдары кең етек алған бағдарламалық,
мақсатты басқару- мақсатты жиынтық бағдарламаны жасау және жүзеге асыру
нақты дәлел болады.Мұнда мақсатты басқарудың да сондай- ақ бағдарламалық-
мақсатты басқарудың да элементтері бар.Бағдарламалық- мақсатты басқару
кәсіпорынның түбегейлі, негізгі міндеттерін шешу үшін қолданылады.

Әдебиеттер:
1.Ақметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ч.С., Жүнісов Б.А.,Жұмабаев
Ж.Ж . Менеджмент негіздері. Ақтобе- Орал., 2005.
2.А.А Таранов Проблемы организации местного государственного управления и
самоуправления Вестник Мин. Юст. РК, 1996.
3.Атаманчук Г.В. Управление: социальная ценность и эффективность. М.,1990.
4.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления: Курс лекций. М.:
Юридическая литература, 1997.
5.Уваров В.Н. Теория государственного управления Часть 1. А., 1998.

9 лекция тезистері
№6 Лекция тақырыбы: Басқару қызметшілерінің құрамы мен құрлымы.
Лекция жоспары ;
1. Әкімшілік басқару қызметшілерінің құрамы.
2. Әкімшілік басқару қызметшілерінің құрылымы.
Лекция мақсаты:
Студенттерге басқару қызметшілердің құрамы мен құрлымын таныстыру.

Басқару кадрларын басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару
қызметін орындайтын немесе соны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскерлер,
яғни басқару процесіне іскерлікпен қатысатын,әрі ибасқару аппаратына енетін
жұмыскерлер жатады.
Басқару кадрларын алуан түрлі бегілері бойынша бағалауға болады:
басқарудеңгейі бойынша-жоғарғы, орташа және төменгі буындар: кәсіптік
құрлымы бойынша-инженерлер, қызмет түрі бойынша-ауыл шаруашылығы,
өнеркәсіп кадрлары; басқару еңбегін мамандандыру түрі бойынша- әкімшілік,
экономикалық;білімі бойынша- жоғары және арнайы орта білімді
адамдар,практиктер; орындайтын жұмысының күрделілігіжәне жауапкершілігі
бойынша.
Басшылардың қызметтегі ролі бойынша мамандар және қосалқы
қызметшілер болып бөлінеді.Басқару жүйесіндегі қызметшілердің , бұл әрбір
категориясы еңбек әрекетінің ерекшеліктеріне, кәсіптік даярлығына және
даярлықтан қайтадан өтуіне қарай сипатталалды.
2.Ұжымға жетекшілік ету сипатына қарай басшыларды сызықтық және қызметтік
деп бөледі. Басшылық қызметі жүзеге асыруды оқшау шаруашылық бөлімшесіне
енетін сызықтық басшылықтың айрықша ролі бар. Олардың әрқайсысы өзіне
бекіттілген басшылық аппараты арқылы қарамағындағы адамдардың жұмысын
үйлестіріп қана қоймай, тиісті әлуметтік экономикалық,ұйымдық,техникалық
және адамгершілік алғы шарттарды қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдап,
өзі басқаратын барлық бөлімшедегі жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді.
Қызметтік басшылық- бұл қызметтік басқарма, қызмет,бөлімдер мен басқарудың
барлық деңгейіндегі басқа да бөлімшелерге (мәселен,бас инженер,жоспарлау
бөлімінің бастығы) басшылық ету. Оның міндетіне басқарылатын объектілердегі
параметрлерді өзгерту үшін линиялық басшылыққа ұсыныс әзірлеу
жатады.Қызметтік басшы өзі басқаратын бөлімшелерге лениялық басшы болып та
саналады.
Мамандар- бұлар,әдетте,өндірістік немесе басқару сипатындағы
жекеленген, нақтылы қызмет мәселелеріне қатысты арнайы шешім варианттарын
әзірлейтін қызметкерлер.
Техникалық қызметшілер- басшылар мен мамандарға қызмет қызмет
көрсететін жұмыскерлер.Олар,әдетте, басқарудың жекелеген операциялары
бойынша жіктеледі.Бұған жататындар- хатшыллар,машинисткалар,
лоборанттар,т.б. жатады.

Әдебиеттер

1. Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н.,Байжомартов Ч.С., Жүнісов Б.А., Жұмабаев
Ж.Ж. Менджмент негіздері. Ақтөбе – Орал., 2005.
2. А.А. Таранов Проблемы организации местного госдарственного управления и
самоуправления Вестник Мин. Юст. РК, 1996.
3. Атаманчук Г.В. Управление: социальная ценность и эффективность.М., 1990.
4. Атаманчук Г.В. Теория государственного управленния: Курс лекций. М.:
Юридическая летература, 1997.

5Уваров В.Н. Теория государственного управления: Часть 1. А.,1998.

9 Лекция тезистері
№7Лекция тақырыбы: Басқару кадрларының жұмыс принциптері.
Лекция жоспары:
1.Әкімшілік басқаруда кадр жұмысының ұғымы.
2.Әкімшілік басқаруда кадр жұмысының принциптері.
Лекция мақсаты:

Кадр саясаты — бұл халық шаруашылығын, ондағы салаларды іскерлік
қаблеті бар қызметшілермен камтамасыз етуге бағытталған маңызды
қағйдалар, принциптер және осылардан туындайтын факторлар, әдістер
жиынтығы.
Өндірістщ барлық жұйесінде, барлық буындарында басқаруды кадрлар жузеге
асырады.
Кадр жұмысы дегеніміз, кадр саясатының мақсаты мен принциптерін жүзеге
асыруды қамтамасыз етудің нышандары, тәсілдері, бағыттары мен шарттары.
Кадрлармен жұмыс істеу жүйесіне кадрларды даярлау,
орналастыру, пайдалану, мамандығын жетілдіру, орын ауысуын
жоспарлау және резерв құру, аттестациялау, іскерлікпен жұмыс
істеуін қамтамасыз ету т.б. жатады. Оны ұйымдастырудын
нышандары мен тәсілдері басқару кадрлары категориясының
ерекшеліктеріне қарай кұрылады.
Кадрларды іріктеу — бұл негізгі қызмет талаптарына сай келетін
адамдарды іздестіру және зерттеу процесі. Кадрларды іріктеу процесі
белгілі бір элементтерден тұрады: бос қызметтердің сипаттамасы (правосы
мен міндеттері, қатар бағынуы, сол қызметке тән қажетті сапаның болуы);
бар кандидаттар туралы мәліметтер жинауы; кандидаттарды іріктеу жүйесін
ойластыру (олардың қолайлы және қолайсыз сапаларын салыстыру); неғұрлым
қолайлы үміткерлерді тандау; кандидаттарды соңғы рет бағалау және тавдау;
кызметке орналасатын кандидатты атау.
2. Кадрлармен жұмыс істеудің принциптері (тәртібі)
- кадрлармен жұмыс істеудегі ғылыми тәсіл;
- кадрлары іріктеу мен орналастыру – басқарудың алғы шарты:
- кадрларды іскерлік және жеке сапасы бойынша іріктеу;
- жоғары мемлекеттік орындарға кадрларды іріктегенде жеке сапасымен
қоса, іскерлігін де ескерудің айрықша маңызы бар;
- басқару кадрларына және олардың жұмыстарына жоғары денгейде талап
қою;
- ең дұрысы саны аз, сапасы жоғары болсын (В.И.Ленин, Мемлекеттік
аппарат туралы);.
- іскер кызметкерлерді іздестіру, басшылық орынға бірнеше
рет сынақтан өткен адамдарды тағайындау;
- басқару объектісінің сипаты мен күйіне қарай кадрларды іріктеу;
- басқаруға түрлі мамандықтағы адамдарды тарту;
- басқару органында біркелкі, әрі өнімді жұмыс істейтін, бірін-бірі
толықтырып отыратын ынтымақты ұжымды қалыптастыру;
- әрбір жұмыскерлердің іскерлік жақтарын барынша тиімді
пайдалану;
- бірлесіп жұмыс істеуді әрбір адамның өзіне бекітілген істі
жауапкершілікпен орындауын үйлестіре білу;

- сенім арта отырып жұмысты бақылау, оның нақты орындалуын тексеру;
- немқұрайдылықпен, төрешілдікпен (бюрократизммен),
берекесіздікпен аянбай күресу;
- белгіленген заңдарды мүлтіксіз орындау;
жұртшылыктың ынта-ықыласы мен белсенділігін қуаттау және көтермелеу;
- адамдарға үнемі қамқорлық жасау, олардың мұқтажы мен өтінішіне
мұқият көңіл бөлу;
- фактілерді тіркеу және тексеру, әкімшілікке әуестенбеу;
- кадрларды 6аулу, мамандығын ұдайы жетіддіру;
- жұмыстағы дәлділік пен мұқияттылық;
- жақсы жұмысы үшін мадақтау, нашар жұмысы үшін жазалау.
Басшы тиімді жұмыс істеуі үшін еңбекті мотивациялаумен шұғылдануы тиіс.
Әдебиеттер

1. Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н.,Байжомартов Ч.С., Жүнісов Б.А., Жұмабаев
Ж.Ж. Менджмент негіздері. Ақтөбе – Орал., 2005.
2. А.А. Таранов Проблемы организации местного госдарственного управления и
самоуправления Вестник Мин. Юст. РК, 1996.
3. Атаманчук Г.В. Управление: социальная ценность и эффективность.М., 1990.
4. Атаманчук Г.В. Теория государственного управленния: Курс лекций. М.:
Юридическая летература, 1997.

5Уваров В.Н. Теория государственного управления: Часть 1. А.,1998.

№9 Лекция тақырыбы: Мансапты және қызметте жоғарлауды басқару
Лекция жоспары:
1.Әкімшілік басқаруда мансаптын түсінігі.
2.Әкімшілік басқаруда мансапты реттеу.

Лекция мақсаты:

1. Басқару аппаратын жинақтау басшы мансабын (карьера) реттеп отыруға
байланысты. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мансап созіи қол жеткен
лауазым, қызмет, атақ, дәреже деп түсіндіреді.
Мансапты басқару ісін қолданатын болсақ— бұл шаруашьшық жүйесінде
жоғарылау, сейтіп, қоғамдық мүддені қанағаттандыру және де сонымен қоса
жеқе адамдардың мұқтажын ескеру.
Мансап пен мансапқорлық арасында елеулі айырмашылык бар. Мансапқорлық

- бұл шенқұмарлық, әкімшілікке үйір болушылық. Егер мансап, ең
алдымен, адамның өз ісіне берілгендігін көрсететін, өз күш-жігерін жүзеге
асыруға тырысатын, әрі коғам үшін пайда келтіруді ойлайтын болса,
мансапқорлық нағыз бақ құмарлык, кара басының қамын ойлаушылық, ондай
адамдар өз қара басына қолайлы болған жағдайда ғана қоғамдық іске көңіл
беледі.
2. Басшы мансабын реттеу кадрлардың орнын ауыстыру арқылы жүзеге
асырылады. Орын ауыстыру — бұл колынан іс келетін адамдарды тиісті басшы
жұмысқа жоғарылатып отыруды жоспарды түрде ұйымдастыру. Кадрларды қызмет
бабында ауыстырудыц мынадай түрлері бар:
- кәсібіне қарай — қызметін темендету, жоғарылату немесе басқа
кәсіптегі жұмысқа ауыстыру;
- социялогиялық – еңбек жағдайы қанағаттандырылмағанда, жұмыс түрі сай
келмегенде қалыптасқан қарым-қатнасы өзгергенде жұмыс перепективасы
болмағанда т.б. жағдайда орын ауыстыру:
- сала аралывқ – басшылардын халық шаруашылығының басқа басқа саласына
ауысуы.
- демографиялық – жасына, ауруына және басқадай себептермен сенеткерлікке
шығыу
- орын ауыстыру объективтік қажеттілігі шаруашылық жүйесіне де, сондай –
ақ басшысынын өз мүддесіне де байланысты
Орын ауыстыру әдістері:
- көлбеу бақытты орын ауыстыру ,біріншіден, алуан түрлі тәжірибе
жинақтау үшін, екіншіден, жұмыскерлердін өз тілегін қанағаттандыру
және жаңа орында өз қаблетін көрсету үшін, үшіншіден, ақы төленетін
жұмыс есебінен өзінің материалдық жағдайың жақсарту үшін жүргізіледі
- тік бағытта орын ауыстыру кобнесі шаруашылық жүйелерінде қолданылады.

Әдебиеттері

9. Семинар сабақтарының әдістемелік нұсқауы

№1 Семинар тақырыбы:Әкімшілік басқару ұғымы.

Семенар жоспары:
3. Әкімшілік басқарудың түсінігі.
4. Әкімшілік басқарудың қызметі.

Семенар мақсаты: студенттерге әкімшілік басқару туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үкіметтің саяси жауапкершілігі тек парламент алдында
Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерге орналастыру.Уақыттың бөлінуі және тәртіп сақтау
Атқарушы билік органдары ұғымы және құқықтық мәртебесі
Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекекттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары
Мемлекеттік қызметкерлердің қызметі өткеруі
Сұйықтық қозғалысының ламинарлық режимі
Әкімшілік процесс және әкімшілік іс жүргізу
Студенттердің сабаққа қатысу және үлгерімін есепке алу ақпараттық жүйесін жобалау
Әкімшілік құқық нормаларының түрлері
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
Пәндер