Әлия Молдағұлова (1925-1944): Кеңес Одағының Батыры және снайпердің өмірі мен мұрасы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Әлия (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбеоблысы, Қобда ауданы, Қаз КСР - 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) - Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор.

1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж. ), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. [1] Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері - Артеккежіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты) . Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербор, Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.

Әлия атындағы ескерткіштер

1. Новосокольники қаласы (авторы М. Айнеков)

2. Ақтөбе (Л. Рапутов, Е. Штамм)

3. Ақтөбедегі Мемориалды кешен (авторы Б. Әбішев)

4. Әліпбайсай ауылы (Б. Әбішев)

5. Алматыдағы “Шығыстың қос жұлдызы” атанған Әлия мен Мәншүкке арналған мемориалдық кешен

6. Мәскеуде ескерткіш (Б. Әбішев)

7. Мемориалдық музейдегі бюсті (О. Шанов) .

Ә. Молдағұлова атындағы көшелер

Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз қалаларында

“Әлия” (С. Әлімбетов), “Мәңгілікке сапар” (А. Ануфриев), “Ауыл Бұлақ” (А. Корват), “Мерген Әлия Молдағұлова” (А. Сапугов), “Мерген Әлия”/күріштен жасалған/ (Ф. Терещенко), “Әлия” (О. Нұржұмаев), “Бұлақтағы Әлияның үйі” (Н. Өтегенов), “Соңғы көктем” (Т. Телеушев) .

Әлия атты музейлер

Облыстық мемориалдық музей /Ақтөбе қаласы/, №891 Мәскеу орта мектебінде, №140 Санкт-Петербург орта мектебінде, Әліпбайсайдағы патриоттық орталығы.

Әлия-ән

“Әлия-Мәншүк” жинағы, “Песнь Праматери Хобды” (А. Утегенов), “Гүл-ғұмыр”поэмасы, ән “Он тоғыз жас” (Е. Ашықбаев), ”Қызғалдақ-ғұмыр Әлия” мен “Сағыныш”әні (Г. Аймаханова), “Әлия”әні (Б. Тәжібаев пен С. Байтереков), “Ару қыз, ержүрек қыз, Әлия қыз” әні (композитор Қ. Қожанбаев), “Әлия”әні (Ә. Садуакасова), “Әлия”деректі повесі (Ә. Оралбай), “Әлия-Мәншүк” поэмасы (Т. Молдағалиев), “Әлияның жүрегі” (Я. Хелемский), “Әлия Молдағұлқызы” повесі (Ж. Жұмақанов), “Әлия” дастаны (С. Жиенбаев), “Шығыс шынары” повесі (Ә. Нұрмаханова), “Әлия” поэмалары (К. Деркаченко, Р. Трофимов), балет “Әлия” (М. Сағатов), “Әлия” атты деректі фильм (режиссер Ю. Пискунов) және «Снайперлер» фильмі (реж. Б. Шәмшиев), “Әлия” спектаклі (Ә. Тарази), “Жарық жұлдыздар” поэмасы (С. Жиенбаев) . Сейдолла Бәйтерековтің “Әлия” әнін орындаған әнші Роза Рымбаева дүниежүзілік байқауда лауреат атанды.

Әлия Молдағұлова Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болды. Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында екі баласы ұлы Бағдат және қызы Әлия қалды. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікенге беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейді. Үй- іші Әлияні өте жақсы көрді. Әубәкірдің әйелі Сән қыздарға көп нәрсені үйретті, оған қыздар үй жұмысында көмектесті, кішкентай бауырларын тәрбиелеп, бақты. Өз құрдастарына қарағанда Әлияның мінезі қисық қатал болатын.

1933 жылы Молдағұловтар отбасы Шалқардан Жамбылға, ол кезде Әулиеата деген кішкентай станцияға көшіп барды. Нағашысы Түркістан-Сібір теміржолының үшінші эксплуатациялық ауданы саяси бөлімінің инструкторы болып қызмет істеді. Үйлері теміржол вокзалының жанында болды. Үйдің жанындағы теміржол мектебіне бірінші сыныбында оқыды.
1935 жылы нағашысы Әубәкір Әскери-көлік Академиясына оқуға түсіп, отбасымен Москваға көшіп, ал соғыстың алдында Академиямен бірге Ленинградқа көшті. Ленинградта Смоленский ауданында Слуцкий көшесінде 2-ші үйде тұрды. Отбасы жағдайына байланысты нағашысы Әлияны Красногвардейский ауданындағы Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйіне тапсырды. Бұл балалар үйінің оқушылары қасында орналасқан Үлкен охта даңғылындағы № 9 мектебінде оқыды, қазір бұл № 140-шы мектеп. 1980жылы Ленсоветтің атқару комитетінің шешімімен Гурдин көшесіне Әлия Молдағұлованың аты берілді.

Әлия Ленинградты шын жүрегімен жақсы көрді. Бұл қала оның екінші отаны болды. Әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. Ол жауқауларды жек көріп, олар бүкіл балалардың алдында сынап, ұрсатын. 6-7-ші сыныпта Әлия староста болған. Үздік оқуы және үлгілі тәртібі үшін Әлияны Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберген. Артекте батырлардың тақтасында атақты Батырлар Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзенің қасында Әлия Молдағұлованың да суреті бар. Әлия оқуда өте зерек, талапты, ынталы болып, кітапты көп оқыды.

Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты) . Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлия Молдағұлова (1924-1944): Қазақтың қаһарман қызы және Кеңес Одағының Батыры
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова: өмірі, ерлігі және тарихи-мәдени мұра
Әлия Молдағұлова: Ұлы Отан соғысының мергені және Кеңес Одағының Батыры
Әлия Молдағұлова (1925-1944): Ұлы Отан соғысындағы мергеннің өнегелі өмірі мен тарихи мұрасы
Әлия Молдағұлова (1924-1944): өмірі, ерлігі және мемориалдық мұрасы
Әлия Молдағұлова (1925-1944): өмірбаяны, соғыстағы ерлігі және тарихи маңызы
Әлия Молдағұлова: өмірі, Ұлы Отан соғысындағы ерлігі және тарихи-мәдени мұрасы
Әлия Молдағұлова: өмірбаяны мен майдандағы ерлігі
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова: өмірбаяны мен соғыс ерлігі
Еліміздің батыр қыздары: Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлова
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz